2ƒчебное... · web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы...

392
ҚАЗАҚТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы ЭКОНОМИКА ІЛІМДЕРІНІҢ ТАРИХЫ Барлық мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған дистанциондық оқу – тәжірибе құралы Жанагулов А.Ш.

Upload: others

Post on 06-Mar-2020

8 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ҚАЗАҚТҰТЫНУОДАҒЫҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

ЭКОНОМИКА ІЛІМДЕРІНІҢТАРИХЫ

Барлық мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған дистанциондық

оқу – тәжірибе құралы

Жанагулов А.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Ускенбаева А.Р. Cтепаницкая О.А.

Page 2: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

КАРАҒАНДЫ 2004Пікір жазғандар: ҚҒТУ «экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор А.Д. Дүйсембаев; ҚЭУ э.ғ.к., доцент Шумеков З.Ш.

ББ-65.02. я 7

Э 40

ISBN 9965-508-84-4

(Бас. ред. э.ғ.к. профессор Жанагулов А.Ш.) Авторлар коллективі: Жанагулов А.Ш. (1 тақ., 3 тақ., 4 тақ., 5 тақ, 7 тақ., 8 тақ.), Степаницкая О.А., Ж.С. Сүйіндіковпен бірге (2 тақ.), Сүйіндіков Ж.С. (6 тақ.), Ускенбаева А.Р. (9 тақ. жазды).

Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіптік білім беретін стандартының бағдарламалық талаптарына сәйкес қазақ тілінде жазылған.

Оқу құралы мүмкіндік болғанша жалпы нарықтық экономиканың даму жолдарына, өндірістің ұлғайюына, әлемдік экономикалық теориялардың өзгеру эволюциясына тоқталған.

Мемлекетік тілде жазылған оқу құралы студенттерге, аспиранттарға, мұғалімдерге, экономикалық теорияны білем деген қалың бұқараға көмектесуге тиіс.

Авторлар ұжымы Жанагулов А.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Ускенбаева А.Р. Cтепаницкая О.А.

U 060300000 Қарағанды 00 (05) –02 экономикалық

ISBN 9965-508-84-4 университеті

2

Page 3: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................31 ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКА ІЛІМІ ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ МЕН МЕТОДЫ. ЕРТЕ ӘЛЕМДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАР , ПІКІРЛЕР, КӨЗҚАРАСТАР......................................................................3

1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде..............................................................................31.2 Методология және курсты кезең – кезеңге бөлу................................................................31.3 Ежелгі әлемде экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия)...............................................................................31.4 Ерте дүниедегі Греция мен Ежелгі Римдегі экономикалық көзқарастар..........3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер.....................................................3Практикум.....................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:....................................................3§2 Қайталау үшін сұрақтар..................................3§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер..............................................................................3

2 ТАҚЫРЫП: ФЕОДАЛИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМІ........................................................................................3

2.1 Шығыс және Батыс Европа елдеріндегі феодализмнің экономикалық идеяларының ерекшеліктері..............................................................32.2 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі.......................................................3

3

Page 4: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2.3 Меркантилизмнің даму ерекшеліктері мен кезеңдері..........................32.4 Утопиялық социализм және оның дамуындағы эволюцияның жалпы сипаттамасы.................................................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер.....................................................3Практикум.....................................................................3§ 1 Енді Сіз білесіз:...................................................3§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:................................3§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:............................................................................3

3 ТАҚЫРЫП: АНГЛИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ДАМУЫ................................3

3.1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы................................................33.2 У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы.......33.3 А. Смит шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы.33.4 Д. Рикардоның методологиясы..............3және оның еңбек құн теориясы....................33.5 Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузиандистер..................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер.....................................................3Практикум.....................................................................3§ 1 Енді Сіз білесіз:...................................................3§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:................................3§ 3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер.............................................................................3

4

Page 5: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

4 ТАҚЫРЫП: ФРАНЦИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ....................................................................................3

4.1 Францияның классикалық саяси экономиясының..........................................................3ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі.......................................................................34.2 Пьер Буагильбер– францияның классикалық.................................................................3саяси экономия мектебінің негізін салушы.............................................................................34.3 Франсуа Кенэнің физиократизміне......3сипаттама және оның «Экономикалық кестесі»............................................................................34.4 С. Сисмонди – экономикалық романтизмнің өкілі.................................................34.5 П.Ж. Прудон және оның әдісінін сипаттамасы.................................................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер:....................................................3Практикум:...................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:....................................................3§2 Қайталау үшін сұрақтар:.................................3§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:............................................................................3

5 ТАҚЫРЫП: САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ГЕРМАНИЯДА ДАМУЫ......................................................3

5.1 “Ескі” және “Жаңа” тарихи мектептердің................................................................3пайда болуы.................................................................35.2 Маркстік саяси экономияның...................3қалыптасуы мен дамуы........................................35.3 К.Маркстің методологиясы және..........3“Капиталды” жазуы...............................................3

5

Page 6: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5.4 “Капиталдың” үш томының құрылымы......................................................................35.5 Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі..................................................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер:....................................................3Практикум.....................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:.....................................................3§2 Қайталау үшін сұрақтар:................................3§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:............................................................................3

6 ТАҚЫРЫП: РЕСЕЙДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.........3ОЙ-ПІКІРЛЕР.........................................................................3

6.1 ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-пікірлер.................................36.2 Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық идеяларының дамуы.......36.3 Социализмнің экономикалық негіздерін жасаушы................................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер.....................................................3Практикум.....................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:.....................................................3

7 ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.........................................................................3

7.1 Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.............................................................37.2 Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы..............................................................37.3 Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” - заң ескерткіші.......................3

6

Page 7: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

7.4 ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының....................................................3әлеуметті –экономикалық көзқарастары.37.5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезендегі экономикалық ғылымның дамуы................................................................................3

8 ТАҚЫРЫП. КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ...........................3

8.1 Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы.........................................................38.2 Дж М. Кейнс – сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің макроэкономикалық...............................................3теориясының негізін қалаушы........................38.3 Неокенсиандық және кейнсиандық....3дамудың екі үрдес.................................................38.4 Кейнсиандықтың эволюциясы және...3поскейнсиандықтың пайда болуы..............3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер.....................................................3Практикум.....................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:....................................................3§2 Қайталау үшін сұрақтар..................................3§3 Біліміді өзіндік тексеруге арналған тестер:............................................................................3

9 ТАҚЫРЫП: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.............................................3

9.1 Экономикалық ойдың неокласикалық................................................................................................3бағытының генезисі................................................39.2 Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері........3

7

Page 8: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

9.3 Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі............................................................................39.4 Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.......................................................................3

ТҮЙІН................................................................................3Негізгі терминдер:....................................................3Практикум.....................................................................3§1 Енді Сіз білесіз:.....................................................3§2 Қайталау үшін сұрақтар:.................................3§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:............................................................................3

ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................... ..........263

8

Page 9: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

КІРІСПЕ

«Экономикалық ілімдер тарихы» бойынша оқырмандар назарына ұсынылып отырған оқу құралы КЭУ-дің экономика теориясы және халықаралық экономика кафедраның әр-түрлі уақыттарда, әр-түрлі авторлар мен баспаларда аталмыш пән бойынша жарық көрген көптеген оқулықтар мен құралдарындағы аса молматериалдарды керекті жүйеге келтіріп, оны стундеттердің пайдалануын женілдету үшін жасалған алғашқы талпыныс.

«Экономикалық ілімдер тарихы» соншылықты өзінің мазмұнымен емес, көлемімен қиын да күрделі де. Сондықтан студенттер экономикалық ойлар пәнімен алғашқы рет бетпе-бет кездескенде, оның шегі жоқ сияқты, көп көлемді шым-шытырық, кейде бір-біріне ұқсас, қайссы негізгі, басты, қайссы екінші маңызды материал деп таң әсерге қалады. Осы орайда студенттердің еңбегін жеңілдетіп, оларға оқу материалдарын игеруге көмектесу мақсатында кәсіптік жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын талаптары мен оқу- әдістемелік бөлімінің ұсындамлараына сәйкес авторлар ұжымы 9 тақырып көлемінде оқу материалдарын әзірледі.

Курс көлемі құлдық дәуірмен феодализм кезіндегі экономикалық ойлардың пайда болуы мен дамуынан бастап, капитализм мен социализм уақытындағы экономикалық ойлардың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін тексере келіп, осы замаңғы неолиберализммен, неоклассикалық доктринаның ауыспалы нарықтық қатнастарымен аяқталады.

Бұл пән стундттердің экономиканың дамуы мен оның негізгі ұғымдары категориялары заңдары бойынша жүйелі көзқарастарын қалыптастырады, өзінше ой қортып, жауапты шешім қабылдай алатын білімді мамандарды төрбиелеуге көмектеседі.

9

Page 10: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1 ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКА ІЛІМІ ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ МЕН МЕТОДЫ. ЕРТЕ ӘЛЕМДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАР , ПІКІРЛЕР,

КӨЗҚАРАСТАР

1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде.

1.2 Методология және курсты кезең – кезеңге бөлу.

1.3 Ежелгі әлемдегі, экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия).

1.4 Ерте дүниедегі Греция мен Римдегі экономикалық көзқарастар.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

– Экономикалық ілімдер тарихы дегеніміз не, бұл ғылым несімен пайдалы?

– Экономикалық ғылымдар жүйесінде Хамурапи патшаның алатын орнын;

– Экономистердің көзқарастары мен тұжырымдамалары қандай факторлардың әсерінен өзгеретіндігін;

– Ерте дүниедегі экономикалық ойлардың ерекшеліктерін.

1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде

Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу

10

Page 11: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады.Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді.

Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.

Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады.

Оның тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай

11

Page 12: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік – экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық – экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.

Әлем тарихының қандай бір уақыт үзігінде формациялардың қайсысы үстемдік етуші болып саналатындығына қатымысты. Тарихи дәуірлер бөлініп көрсетіледі, мысалы, кұлиелену дәуірі немесе капитализм дәуірі.

Қандай бір формациялар шегінде таптардың мүделері мен олардың идеаларының (ғылымдарының) экономикалық көзқарастары – қалыптасу, толысу немесе пайда болу сатыларына қатысты өзгеретін құбылыс (факті) экономикалық ілімді кезең – кезеңге бөлу айрықша маңызға ие болады. Таптар күресінің кең құлаш сермеуі мен бағыты, қоғам мүшелерінің мүдделерін қорғаудың прогрессивтілігі немесе керітарушылығы (реакционность), тура осыған қатысты болады.

Саяси экономияда классикалық мектептерінің пайда болуы, оның “жас” буржуазияның саяси үстемдігін жүргізу үшін феодализімнің ескілік қалдықтарына қарсы күресімен байланысты айрықша ғылым ретінде қалыптасуын аса құрметпен атап көрсетіледі.

Дәуірлер бойынша, қоғамдық – экономикалық формациялар мен олардың сатылары бойынша экономикалық ойларды кезең - кезеңге бөлу шеңберінде таптық

12

Page 13: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бағыттарды (мысалы, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық), ал олардың шеңберінде – теориялық ағымдарды, ілімдерді, жекелеген мектептерді бөліп көрсету қажет.

Қазіргі жағдайда ғылыми талдау жасаудың басты міндеттері әртүрлі экономикалық ағымдар мен мектептерді зерттеу, сынау, мүлде жоққа шығару емес, олардағы бөлініп көрінетін, тарихи тәжиребеге қарама-қайшы келетін және теріске шығаратын дәлелдер мен нақты аспектілерді ерекшелеп көрсететін ғылыми талдау болып саналады.

Көптеген елдердің үкіметтері реформаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ұсыныстарының белгілі бір тәжиребелік мәні, қазіргі батыстың экономикалық теориясында кезең - кезеңге жүйелі түрде бөлудің дұрыс, ұтымды элементтерінің бар екендінігінің айқын дәлелі болып саналады. Тура осы тәжиребелік мәнді, экономикалық теорияларды қазіргі дамыған мемлекеттерде пайдаланады. Белгілі бір шекте бұл ұтымды аспектілер, ұсыныстар ТМД – ның бүкіл елдері үшін қызығушылықтар туғызады. Әсіресе нарық проблемалары, банк - қаржы жүйесі, инвестиция мәселелері, интеграциялар және т,б,

ХХ ғасырдың 50-60 –шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.

13

Page 14: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік етуге негізделген аралас экономикалық жүйелер тұжырымдамасының жиынтығын білдіреді. Олардың арасында терең алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.

Жоғарыда айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі батыс экономика теориясындағы бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.

Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан, А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды. Еркін бәсекелестік осы элементерді нақты нарықтық бағаларға, табыстарға трансформациялайды. Экономикалық субъектілерге мұндай бағдарланыс шынайы (сенімді) шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндіктер береді.

14

Page 15: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Дәл осы неоклассиктер, “кәсіпкерлік еркіндік” доктринасының жақтастыры, монетаристер (М. Фридмен), ұсыныстар теориясының (М. Фельдстайн), ұтымдылықты күтушілік мектептерінің (Р. Лукас) өкілдері нарықтық экономика тұрақты динамикалы тепе – теңдіктің тұрақты ішкі тетіктеріне ие, мемлекет тарапынан көмекті қажетсінбейді деп болжам жасады. Егер үкімет ақша – несие және бюджет аясында ақпаратқа, инфляцияға қарсы қатаң бағыт жүргізетін болса, неоклассиктер айтқандай, қалған проблемаларды нарық дербестік жағдайда өзі шешеді.Тәжиребеде, неоклассиктердің тұжырымдамалары әлемнің көптеген елдерінің үкімет шеңберінде кең түрде қолдау табуда.

Мәселен, әлеуметтік мұқтаждарды бюджеттік қаржыландыруды ең жоғары көлемде қысқарту және шаруашылық жүргізудің мемлекеттік секторын қолдай отырып кейбір экономистер - неоклассиктердің оңшыл үкіметтерінің (М. Фримен – М. Тетчердің, Р. Рейганның және т.б.) кеңесшілеріне айналды.

Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа өзін - өзі реттеуді беру керек деді.

Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға

15

Page 16: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қарсы саясатты жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т.б.) қолдау саясаты үшін күресті.

Германиалық неолиберализм “Жалпыға бірдей байлық әкелуші мемлекет”, өзіндік үлгі (күшті және қуатты адамдар бәсекелестікте жоғары табыстарға қол жеткізеді, ал әлсіздер – мемлекеттен көмек алады) жобасы бойынша неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы аралық жағдайды қолдады. Кейнсиандық батыс экономика теориясы әлеуметтік мектептердің ортасында болды. Олардың пікірі бойынша капиталистік экономиканың негізгі проблемасы экономикалық сұраныстың тапшылығы, осыдан мемлекеттік бюджет шығыстары мен белсенді несие – ақша саясаты есебінен оны қолдау қажеттілігін шығарды.

Егер 40-70 – ші жылдары кейнсианизм батыс экономистері мен саясатшылар арасында үстемдік құрса кейінгі жылдары, ол рейгономиканың, тэтчеризмнің экономикалық саясатының негізін құраған, неоконсервативтік теориялар мен жарыста оған жол беруіне тура келді.

Бил Клинтон үкіметінің экономикалық саясаты экономикалық дамудың жаңа бұтағында (витки) өзіндік кейнсиандық - монетаристік синтезге сүйенетіндігін көрсетті.

Сонымен, экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдардың даму эволюциясының жалпы бағытын, оның басты бағыттарының трансформа-циялануын, стратегиялық және жедел шешімдер

16

Page 17: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қабылдаумен экономикалық саясаттың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

1.2 Методология және курсты кезең – кезеңге бөлу.

Экономика ғылымдарының күрделі жүйесінде “Экономикалық ілімдер тарихы”оның әрбір түрінің жетістіктерін теориялық түрде ой елегінен өткізіп, оны қорытуда үлкен маңызды орын алды.

Диалектикалық материализм экономикалық ілімдер тарихын зерттеу методологиясының негізіне жатады. Идеологиялық процестердің салыстырмалы түрдегі дербестігі, тіпті, олардың базиске белсенді ықпал ету мүмкіндігін мойындай отырып, қоғамдағы идеялар мен теориялық ойлардың пайда болу, олардың әлеуметті – экономикалық дамуын анықтаушы рөліне жеке көңіл аударуға болады.

Жинақталған және өзара байланысты факторлар байланысы қоғамның ішкі логикасының экономикалық дамуының негізгі қарама-қайшылықтарын анықтайды және топтар мен таптар мүдделерінің қақтығысу бағыттарын зерттейді. Күрделігіне және қымбаттығына қарамастан, тұтастай экономикалық жүйенің және оның жекелей алғанда құрамды бөліктерінің тәртібін салыстырып және эксперименттік әдісті пайдалану экономикалық ілімдер тарихының зерттеу тәсілінің бірінші негізгі әдісі болып саналады.

17

Page 18: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Болжамның (гипотетиканың) екінші әдісі – микро және макроэкономикадағы жекелеген экономикалық процестер мен құбылыстардың талдауымен болжамдардың үйлесімдігін тексеру және оны алға жылжытуға негізделген дидуктивті әдіс.

Үшінші статистикалық – уақытша талдау әдісі – кейбір түбегейлі, ережелері бірыңғай, жаппай экономикалық құбылыстар мен объектілерді жиынтық түрде зерттеу.

Төртінші, тарихи – моралдық келіс – тарихи контексте қызметтік (функционалдық) тұрғыда қайталанатын, зерттелетін, үлгілер (моделдер) түріндегі экономикалық процесстермен танысу.

Бесінші, математикалық белгілер мен символдардың (айшықты белгілердің) көмегі мен экономкакалық құбылыстарды математикалық сипаттаудың әдісі.

Алтыншы, абстракциялау әдісі – экономикалық құбылыстарды зертеу негізінде, кездейсоқтық құбылыстарды жоққа шығару.

1.3 Ежелгі әлемде экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай,

Индия)Ежелгі әлемде экономикалық

пайымдаулар ойшылардың еңбектерінде айтылды, ал жазбаларда, трактаттарда шаруашылықты жүргізу әдістері мен ұйымдастыру бойынша тәжиребелік ұсыныстар мен кеңестер жазылды. Алғашқы экономикалық трактаттардан біз Ертедегі Шығыста натуралды өндіріспен қатар тауарлы

18

Page 19: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

және ақша – несие қатынастарының жеткілікті түрде дамығандығын анықаттаймыз.

Моисейдің Библиясының өзінде – ақ Т-А-Т формасы бойынша қалыпты тауар - ақша қатынастары сипатталады. Ақша түрінде күміс қатысты, оған құлдарды, жерді, нанды және басқа тауарларды сатып алды.

Жаңа Вавилон патшалығындағы (VII-VI б.д.д. жылдар) құжаттарда жалгерлік контрактылар, көпес қол хаттары, жүк құжаттары, сонымен бірге сол уақыттағы бухгалтерлік есептер, векселдер кездеседі. Сол дәуірде монеттер болмасада құндылығын салмағымен өлшенетін, олардың рөлін күміс құймалар атқарды. Отты, дөңгелекті және банкті бейнелеуде айтылған үш жаңалық – адамзаттың ұлы жасампаздығы болып саналады деп рас айтылған.

Жаңа Вавилон – патшалығының өзінде, барлық банк операциялары жүргізілген; салымдар қабылдаған, несиелер берген, вексельдердің есебін, чектерді төлеуді жүзеге асырылған, аударымдар арқылы есеп айрысуды жүргізген, яғни нағыз банктер, “іскер үйлер” өмір сүрген.

Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 1780 жылдары жазылған патша Хаммурапидің (1792-1750 ж. б.д.д.) кодексінде, мемлекет, заң актілерінің көмегімен, ескі вавилон патшалығындағы өзбетімен, жеке өндірушілерді таратуды тоқтатуға тырысқан.

Хаммурапи кодексінің негізгі мазмұны – “күштілер әлсіздерді ығыстырмас үшін” жағдай жасау болып табылады. Мәселен,

19

Page 20: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

патша әскерлерімен және басқада шынайы берілген вавилондықтардың қарыздар үшін жер иеленуші бөлімдерін (неделдерін) сатуға, оқшаулауға тыйым салынған; борыштың сомасына қарамастан олардың арасында құлдық борышқа жол берілмеген, растовщиктік қанауға (20 % - ақшалай, 33% натуралды ссуданы) шектеу қойлған. Кодекс, жеке тұлғаны құқықтық қорғаумен қатар, құл иеленушілердің құлдарға жеке меншік құқын, патшаға қызмет етушілердің мүдделерін қорғауды кіргізді. Патша Хаммурапи кодексі, Вавилондағы тауарлы – ақша қатынастарын дамытудағы құқықтық нормалар жүйесінің көмегімен, ел экономикасын басқарудың алғашқы мысалдарының бірі еді.

Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших) ру басшыларының мүдделерін қорғады.

Қытайдың әлеуметті – экономикалық құрылысын тұрақтандыру үшін, Конфуций адамды моральдық жетілдіру бағдарламасын ұсынды. Үлкендерге құрмет көрсету, оларға еш уақытта қарсы шықпау, Ұлы ойшының басты моральдық (адамгершілік) қасиеттері

20

Page 21: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

еді. Ол перзенттік парызын өтеу және ағайындармен дос болу – мемлекетті басқару дегеніміз осы деп үйретті, Мемлекетті үлкен үй, ал басқарушыны “халық әкесі” ретінде санады Байлықты неғұрлым теңдеп бөлуді, салықтарды жеңілдетуді ұсынды жалпы аграрлық реформаны жүргізді, қоғамдық мүдделерге шешу жолын, қауымдық жерге жеке белгілер жоспарын ұсынды.

Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер – Цзы – Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер – логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының нығаюымен байланысты.

Ежелгі қытай идеалогиясының тарихында – даосизм, легизмнің негізін қалаған Конфуцийдың замандасы – Лао –Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.

“Артхашастра” трактаты – Ертедегі Индияның (сөзбе- сөз айтқанда – “өмірге іс

21

Page 22: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жүзінде пайда келтіру туралы ғылым”) қоғамдық ойларының аса ірі ескерткіші, бұл мемлекетті басқару мәселелері бойынша өсиеттердің жинағы. Патша Чандрагунттың кеңесшісі - Кауталье, трактаттың авторы болып саналады.

“Артхашастра” – елдің шаруашылық өмірінде ертедегі Индия мемлекетінің рөлін көрсетеді. Трактатта, айқын салық және саяси жүйесі бар ең жақсы мемлекет сипатталады. Материалдық өндірістің жетекші аясы – ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік, мемлекеттің қарауындағы суландыру (арық) құрылыстары ерекше көрсетілген. Мемлекет, өнеркәсіптің дамуын, сауданы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға тиісті болды. Трактат авторының пікір бойынша шығыстар мен кірістердің қатаң құжаттық есебін жүргізу, тіпті, шиновниктердің қазынаға қолсұғушылығын тоқтату мәселері қаралған.

Тұтастай алғанда, трактат қоғамдық қатынастар туралы, Ертедегі Индияның экономика және саяси институттары туралы мәліметтердің маңызды көздері болып саналады.

1.4 Ерте дүниедегі Греция мен Ежелгі Римдегі экономикалық көзқарастарЕжелгі Грецияның қоғамдық

экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық проблемалар Грецияның ұлы

22

Page 23: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.

Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады.

Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.

Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айырықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді. Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.

Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан

23

Page 24: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол.

Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады.

Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.

Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды.

Платонның негізгі идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін

24

Page 25: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.

Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.

Аристотельдің айтуынша,, тек гректер құл емес, құл барлық құзғындар, яғни “құзғындар немесе құлдар бір ұғым”. Ол құлиеланүшілік жеке меншікті өндіріс қатынасының негізі ден санады.

Қоғамдық байлықтың көздерін іздестіру Аристотельден басталады. Экономикаға этикалық көзқарас тұрғысынан келе отырып, ол байлықтың екі формасын анықтады; адамгершілікті – экономика және адамгершілікке жатпайтын хрематистика. Экономика ол өмір үшін үй шаруашылығы және мемлекет үшін қажетті, тұтыну құқына иелік ету деп түсіндірді.

Хрематистика (грек сөзі “мүлік”, “байлық”) – сауда жасау жолымен ақшалы болу өнері. “Байлыққа ие болу жағдайында ешқашанда оған жету мақсатында шек болмайды”, ал ақшаға ие болу мақсаты бұл байлықтың табиғи көзі емес болып саналады. Осыдан Аристотель былай деп мәлімдеді, экономика “мақтауға лайық”, ал хрематия “әділеттілік бойынша

25

Page 26: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ұялтуды (порицание) шақырады”. Бұл жерде ол тұтыну және айырбас (меновой) құндар ретінде тауардың қарама – қайшылығын көрсетті.

Құн формаларына талдау жасау арқылы, Аристотель экономика ғылымына үлкен үлес қосты. Заттың қажеттілікті қанағаттандыру және айырбастау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін атап өтті, Айырбасты талдай отырып, ол өте маңызды ой айтты: “айырбассыз өз ара байланыс болмаған болар еді, сол сияқты тең дәстүрсіз – айырбас болмас еді”.

Бірақ ол, әртүрлі тауарларды салыстыруға мүмкіндік беретін жалпы субстанцияны (құнды) таба алмады.

Дегенмен, Аристотельдің пікірі бойынша, “барлығын” бірге байланыстыратын қажеттілік” және “жалпы келісім бойынша пайда болған монета, тауарлардың бір тұтас өлшемі болып саналады. Монета - сөзбе – сөз өлшем (құн); заттарды өлшенетіндей жасады, теңестіреді. Маркстың сөзі бойынша, Аристотель құн формаларын талдауды аяғына дейін жеткізе алмады, себебі, құнды түсінбей мұны түсіну мүмкін емес, яғни тауар формасы еңбек өнімінің жалпыға бірдей форма.

Аристотельдің аса маңызды идеясы: адам қоғамнан және мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, сондықтан мемлекет отбасы мен жеке адамнан (тұлғадан) жоғары тұрады. Азаматтар, мемлекеттік тәртіпке үйреніп, бірдей тәрбие алуға тиіс.

Біздің дәуірімізге дейін үш жүз жылдан астам Афинада өмір сүрген Аристотель,

26

Page 27: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономика ғылымының бастауларында тұрса да қазіргі экономикалық жүйенін табиғи түрін жасай алмады деуіміз мүмкін. Шының айтса ол кезде қазіргі экономикалық терминдер болмаған. Дегенмен ол барлық кезеңдерде өмір сүрген экономистердің назарларында болған проблемаларды байқап, оларға назар аудара білді.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Римдік, құлиеленушілер Катон Старший (б.д.д. 234-149), ағайында Тиберий (б.д.д. 162-133), Гай Гракхи (б.д.д. 153-121 ж.) және Варрон (б.д.д. 116-27) және т.б. құлдықтан құтқару және дағдарыстан шығу үшін күресті.

Ірі жер иеленуші Катон Старший “Жериеленуші” атты өзінің еңбегінде құл иеленушіліктің ежелгі Рим формаларын, ірі жериелену шаруашылықтарын жүргізу әдістерін негіздеді. Натуралды шаруашылықты өзіндік қажеттіліктермен қамтамасыз ету оның

27

Page 28: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

идеалары болды. Катон құлдарды бағындыру, олардың еңбегің пайдалану, оларды қанау әдістері бойынша кеңестер берді. Ол құлдарды өндіріс құралдарына жатқызды, олар қайтарымды болу үшін, қатал ұстауға кеңес берді. Оларды иесіне (қожайынына) берілгендік рухында тәрбиелеу мақсатында құлдарды жас кезінде сатып алып, тәрбиелеген дұрыс деп санады. Ол сонымен бірге құлдар ортасында дау, жанжал отын жағып, сөйтіп бірін – біріне қарсы қойып, оны өз мақсаттарына пайдаланып, жарамсыз, кәрі, аурулардан мезгілінде құтылып, ірі құлиеленушілік шаруашылықтарды ұтымды жүргізуге кеңес берді. Катон, сондай-ақ, құлдарды тамақтандыру, киім, тұрғын жайы “сөйлеуші құралдардың” жағдайына сәйкес келуіне шейін ақыл берді.

Ірі жериенушілер, Рим ғалымдары, агрономдар Варрон.) және Коллумелла “Ауыл шаруашылығы туралы” деген өздерінің еңбектерінде (олардың шығармалары осылай деп аталды) құлиеленуші ауыл шаруашылығының артықшылығының негізі деді. Варрон өзінің трактаттында құлиеленушілік шаруашылықтың құлдыраған дағдыры туралы дабыл қақты.

Ол бай құлиеленуші римдіктер “қалаларға қоныстап”, қолдары мен далбаларында жүзбақшаларын өсірудің орнына театрларға барып, еңбектен қашып, шаруашылықты басқару жұмыстарын меңгерушілерге беретіндігін, сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығын теңеуге қарсылығын білдірді.

28

Page 29: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Өйткені, оның сөзі бойынша “қандай бір жағдайда іргетас – мал болып саналды”. Ол құлдарды ауылшаруашылық құралдарының үш түрінің біріне жатқызды – сөйлеушіге, ал құралдардың қалған екі түрі – бұл мылқаулар (қару сайман) және дыбыс шығарушылар (жұмыс малы).

Колумелл 12 томнан тұратын “Ауыл шаруашылығы туралы” трактатында құлиелену дағдарысы туралы жазды, онда құлдар еңбегінің аса төмен өнімділігі, олардың егін алқаптарына, құрал сайманға, жұмыс малдарына зиян әкелетіндігі туралы жазды. Дағдарыстан шығу жолы ретінде, Рим ғалымдары артықшылықты - өнімді еркін еңбекке берді.

Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жәй Италия шаруаларын - плебейлерді жерсіз қалуында болды. Жерсіз қалған, ұсақ жериеленуші - шаруаларды қорғаған ағайынды Тиберий мен Гай Гракхилар болды Италиядағы аграрлық мәселелерді шешу мақсатында Гракхилар б.д.д. 133 жылы жер заңын қабылдауды ұсынды. Бұл заң бойынша әр – бір Рим азаматтары 500 югерден (125 га) аспайтын мемлекеттік жыртылған жерді жалға алу құқына ие болды, бірақ бір отбасы 1000 югерден артық жерді жалға алуға қақысы болмады. Қалған жерді мемлекет, салық төлеу арқылы, мұрагерлік иелік ету жағдайында, шаруалар арасында 30 югардан бөліп берді.

29

Page 30: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Тиберий Гракхтың жобасы жартылай жүзеге асырылды, бірнеше ондаған мың шаруалар жер алды, ал Тиберийдың өлімінен кейін оның ісін інісі Гай қостады. Гай Гракхи шаруаларға жер бөлуді жалғастырды, мемлекеттің сақтық қорынан төмен бағалар бойынша кедейлерге астық сату туралы заң қабылдады. Ағайынды Гракхилардың ісі барынша берік болды және тіпті Гайдың өлімінен кейін де консерваторлар жер туралы заңды ұзақ уақыт бойы алып тастай алмады. Тұтастай алғанда Гракхилардың реформасы ұсақ шаруа жериеленушілерінің позицияларын нығайтуға және Рим халқын пролетаризатсалануын жоюға бағытталады.

Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама - қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.

Римдік құлиеленушілік қоғамның бұрқыраған дәуірінің соңында саяси қайраткер, жазушы, ұлы шешен Марк Тулий Цицерон өмір сүрді. Ол жеке меншікті, ірі құлиеленуші Латифундистердің отарларды қанауды күшейтуді жақтаушы болды.

Цицерон ірі жериелену мен ірі сауданың қорғаушысы болды, ұсақ саудаға қарсы болды,

30

Page 31: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

плебейлерге жек көруімен қарады. Саудаға деген Цицеронның көзқарастарын да ежелгі Римдегі натуралды және тауарлы шаруашылық арасындағы қарама - қайшылықтар көрініс тапты. Бұл Рим империясының экономикалық базисінің кең ауқымды феодализмін куәландірді. Езілгендердің қозғалысы, яғни құлдардың, кедейлердің және кұқысы жоқ халықтардың діні ретінде, христианство, дәл осы кезеңде кең тарап өріс алды.

Ертеректегі шаруа қауымдастықтарында меншік ортақ болды, қанау жоқ болатын. Қуғынға қарамастан, христиан діні мемлекеттік Рим империясының діни (325 ж.) мәртебесін алды, ол құлдарды міндеттілікте ұстап тұруға көмектесті. Христиан империясы дәуірінде христиан діні қалыптасқан болашақ феодалдық қоғамның идеалогиясына айналды.

ТҮЙІНЭкономикалық ілімдер тарихы ғылым

ретінде экономикалық көзқарастардың, теориялардың, мектептердің қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттеді, оларға талдау жасады, аса көрнекті ойшыл экономистердің көзқарастарын жүйеледі.

Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдар дамуының жалпы эволюциясын, оның басты бағыттарының трансформациялануын түсінуге көмектеседі.

Экономикалық ілімдер тарихының мәні диалектикалық материализм негізінде, экономикалық ілімдер тарихын кезең - кезеңге бөліп идеологтар мен ғалымдардың қоғамдық

31

Page 32: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

дамудың өзгеру сатыларына ғылыми көзқарастардың қалыптасуын жүйелейді.

“Экономикалық ілімдер тарихы” оқу курсы ретінде зерттейтін әдістерді ғана емес, сонымен бірге Ежелгі Шығыстағы (Вавилон, Қытай, Индия) құлиеленушілік қоғамдағы экономикалық ой, пікір, көзқарастардың, Ежелгі Греция, Рим өкілдерінің экономикалық көзқарастарының қалыптасу ерекшеліктерін қарайды.

Негізгі терминдерЭкономикалық тұжырымдамалар.Экономикалық көзқарастар.Курсты кезең – кезеңге бөлі.Классикалық мектептер.Неоклассикалық бағыттар.Неолиберализм.Кейнсиандық.Монетаризм.Экономикалық трактаттар.Құлиеленуші демократия.Жақсы қоғам.Жақсы мемлекет.Экономика және хрематистика.Сөйлеуші жұмыс күші.

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

1. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің анықтамасын;

32

Page 33: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2. Экономика ғылымындағы экономикалық ілімдер тарихының орны мен маңызын;

3. Экономикалық ілімдер тарихы курсын кезең – кезеңге бөлуін;

4. Ежелгі, әлемдегі құл иеленушілік қоғамдарында экономикалық көзқарастардың қалыптасу ерекшеліктерін;

5. Ежелгі әлем өкілдері Ксенофонт, Платон, Аристотель, Катон, Гракхилардың және Цицеронның экономикалық көзқарастарының пайда болуын, дамуын және жойылу тарихын.

33

Page 34: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

§2 Қайталау үшін сұрақтар.1. “Экономикалық ілімдер тарихы” курсы

қандай пән?2. Экономикалық тұжырымдамаларды

зерттеуге неменелер көмектеседі?3. Экономикалық мектептер мен

экономикалық теориялардың түрінде айырмашылық бар ма?

4. Экономистердің көзқарастары қандай факторлардың әсерімен трансформацияланады?

5. Патша Хамураппи кодексінің мәні неде? Қытай экономиясының дамуындағы Конфуцидің және оның конфуциялық мектебінің рөлі.

6. Ежелгі Греция мен Римнің көне экономикалық ойларының негізгі өкілдерін атап өтіңдер.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер

1. “Экономикалық ілімдер тарихы” курсының идеяларына жататындар.a) Қоғамның шаруашылық өміріндегі

өзгерістер мен қарама қайшылықтар;b) Әлеуметтік топтар мен таптар

мүдделерінің өзара байланысы мен күресі;

c) Экономикалық ғылымдардың өз ішіндегі қарама қайшылықтар;

d) Экономикалық көзқарастар мен теориялар арасындағы қарама қайшылықтар;

34

Page 35: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

e) Білімдердің аралас (жақын) салаларындағы жетістіктер арасындағы қарама қайшылықтар;

2. “Экономикалық ілімдер тарих” курсын кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі болып саналатындар.a) Қоғамдық – экономикалық жүйенің

ауысуы туралы ілім;b) Қоғамның таптық құрылымы және оның

күресі;c) Саяси қондырмалар;d) Үстемдік етуші формациялар

идеологтарының экономикалық көзқарастары;

3 Экономикалық ойларды кезең – кезеңге бөлу категориялрына кіретіндер:

a) Тарихи дәуірлер;b) Қоғамдық – экономиалық формациялар;c) Экономикалық жүйелер;d) Таптық бағыттаушылық;e) Теориялық ағымдар, көзқарастар,

ілімдер, жекелеген мектептер;4. Ежелгі экономикалық пайымдауларды

біз қандай мәлметтерден аламыз:

a) Бізге дейін жеткен құжатты археогиялық мәліметтерінен;

b) Көне Шығыстың діни трактаттарынан;c) Иуда, христиан, мүсүлмандық канондық

мәтіндерден;d) Патша Хаммурапи кодексінен,

Конфуцийдің, “Архашмастра” трактатынан;

35

Page 36: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

e) Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының экономикалық еңбектерінен.

5. Қытайдың әлеуметтік – экономикалық құрылысын тұрақтандыру мақсатында б.д.д. V-IV ғасырлардың өзінде Конфуций моральдық жетілдіру бағдарламасын ұсынды. Төменгі келтірілгендердің қайсысын қазіргі жағдайға қолдануға келмейді деп санайсыз немесе сіз қайсысын жақтар едіңіз?a) Үлкенсе деген құрмет – басты

адамгершілік қасиет, ол жоғары тұрғандарға қарсы шығуға мүмкіндік бермейді;

b) Перзенттік парыздың көрінуі;c) Ағайындар арасындағы татулық –

мемлекеттік басқарудың негізі ретінде;d) Мемлекет – бұл үлкен отбасы, ал –

басқарушы – “Халық әкесі” ретінде;e) Байлықты теңдеп бөлу;

6. Аристотель қоғамдық байлық көзіне мынадай анықтама берді:

a) Адамгершілікті – экономика;b) Адамгершілікке жат – хрематистика;c) Экономика – тұтыну құнын береді;d) Хрематистика – сауда жасау жолымен

ақша береді;e) Тауардың қарама қайшылығы неден

көрінеді;

36

Page 37: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2 ТАҚЫРЫП: ФЕОДАЛИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМІ

2.1 Батыс Европа және шығыс елдеріндегі феодализмнің экономикалық идеяларының ерекшеліктері;

2.2 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі.2.3 Меркантилизмнің даму кезеңдері мен ерекшеліктері2.4 Утопиялық социализмнің жалпы сипаттамасы және

оның даму эволюциясы.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

- феодализм кезеңдегі экономикалық ойлардың құрылуы мен даму ерекшеліктерін;

37

Page 38: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- ортағасырлық Шығыс және феодалдық Европаның экономикалық идеяларына қатысты өзіндік белгілерді;

- экономика теориясының алғашқы мектебі-меркантилизмнің пайда болуының алғы шарттарын;

- әлемдік экономика теориясы мен практикасының дамуына меркантилистердің қосқан үлесін;

- утопиялық социализм теориясын және оның даму эволюциясын.

2.1 Шығыс және Батыс Европа елдеріндегі феодализмнің экономикалық

идеяларының ерекшеліктеріАрабтық Шығыстың көрнекті ойшысы Ибн-Хальдун

(1332-1406 жж) мемлекет пайдаланатын жердің үлкен қорын қарамағына жинап, оны сақтауын және қазынаны толықтыруға жол беретін салықтардың ежелгі дәстүрлеріне, жаңа діни идеология – исламның негізінде VIII ғасырдың басында дүниеге келген Құранның аяттары да қосылғанын атап көрсетті. Құран Құдай атымен таптарды мәңгілік етті. Құран саудаға көп көңіл бөлді, бірақ артық өсім алушылыққа қарсы шықты.

Ибн-Хальдун тұжырымдамаларында сауданың тиімділігін және ислам жариялағандай еңбекке жоғары көңіл бөлу, сараңдықты көпшілік алдында айыптауда шақырылған.

Оның негізгі жетістіктері қарапайымдылықтан “өркениеттікке” дейінгі қоғам эволюцияларының сараланда сипаттамасы болып табылады.

Ойшылдың пікірі бойынша, экономиканың барлық салаларында табыстың дамуы – жалпыға бірдей әлеуметтік және мүліктік теңдіктің болуына кепілдік бермегенмен, молшылықты әрбір адамның игілік етуіне, халық байлығын бірнеше мәрте көбейтуге жол берді.

38

Page 39: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ибн-Хальдун байлыққа тауар ретінде көңіл бөліп, “құн ретіне көрініс беретін еңбек”, ол өнімде өндіріледі деген тезисті ұсынды.

Бұл оған еңбек өнімі “құн бойынша тең айырбас жолымен” алынатыны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Ибн-Хальдун алтын мен күміс “адам өз еңбегімен жасаған барлық құнын іске асуына қызмет етеді” деп оқытты және нарық бағасын құннан ажыратты.

Ибн-Хальдун ақшаның рөлін алла жаратқан екі металл монет – алтын мен күміс атқарсын деп, оны шаруашылық өмірдің маңызды элементі ретінде санады. Ол “еңбек құнын” яғни еңбекақыны сипаттауда бір неше сипаттама берді, оның көлемі біріншіден адамның еңбек мөлшеріне”, екіншіден “оның басқа еңбектер арасындағы орнына” және үшіншіден, “оған адамдардың қажеттілігіне” байланысты деп түсіндірді.

Тауар-ақша қатынасының дамуы туралы қам жесе де, Ибн-Хальдун феодалдық құрылысты сақтауға ұмтылды, әрі “қоғамдық өмірдің гүлденуіне қол жеткізудің” бірден- бір құралы- салықтың көлемін азайту деп білді.

Ежелгі ортағасыр кезеңіндегі Батыс Европа феодализмнің экономикалық идеялары егін шаруашылығымен байланысты болды. Құл иеленушілік және феодализмнің пайда болу кезеңінде сословияға бөліну әлі тумаған еді. Біздің дәуіріміздің І-ІІ ғғ. пайда болған, кейіннен қоғам дамуында басты орын алған христиан діні бұл уақыттарда арнаулы экономикалық теорияларды әлі құрмады. Алайда, ол ұрлық пен байлықты айыптауды, мақсат етті. «Байлық жұмақтан орын алғанша, түйе иненің жүзімен өтіп кетеді», “Егер мейлінше жетілем десең, өз үйіңді сатып алған ақшанды жарлыға таратып бер” деген аңыз қалған. Ертедегі орта ғасыр қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының ерекшелігін осындай пайымдаулар сипаттайды.

39

Page 40: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Құл иеленушілік қатынастардың ыдырауына, феодализмнің туындауы тұсындағы жәдігерлік Франктер Корольдігінде құралған «Сали шындығы» (481-511) болып табылады.

Ол деревнялық қуымның және онда тұратын еркін шаруа –қауымының қауымдық меншігін қорғады.Сонымен бірге «Сали шындығы» жеке үй шаруашылықтарында жекелену процесінің тууын көрсете отырып, жеке меншікті қорғауға тырысты.

Ертедегі ортағасыр соңында феодалдық қатынастар бекітілді және феодалдық меншік пен крепостнойлықты қорғайтын «Вилла туралы Капитулярий» ( Жер туралы заң) пайда болды.

Ертедегі ортағасыр кезеңінде экономикалық ойлардың өкілдерінің бірі болып канондықтардың католиктік мектебі шықты.

Канондықтардың экономикалық идеялары сауда кірісі мен өсім қор процентін айырбастың дұрыс емес нәтижесінде және басқаның еңбегін иелену ретінде, яғни осыны күнә ретінде сипаттай отырып, үзілді-кесілді айыптады. Эквиваленттік және пропорционалдық айырбас «әділ бағаны» белгілеу жағдайында ғана мүмкін деп есептеді. «Әділ баға» деп еңбек шығынына тең бағаны айтты. Шіркеу заңдарының авторлары дене еңбегіне қайшы қатынастағы антикалық әлемнің өзіндік идеологтарына, сол сияқты көптеген халықтың шығынына байланысты жеке адамдар байлығының ерекше құқығына қарсы шықты. Ірі саудаға, қарыз операцияларына, күнәhарлық құбылыс ретінде тікелей тыйым салды. Ерте канондық мектептің негізін салушылардың бірі - Августин Блаженный (Әулие Августин) (353-430 жж) болды. IV ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында эпископ болып, экономикалық мәселелерге діни-этикалық көзқарастағы сәуегейлік қағидаларын білдірді. Бұл қағидалар V-ХШ

40

Page 41: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ғасырлар бойы берік сақталған. Блаженный Августиннің басты еңбектері – “Құдайдың қаласы туралы” және «Күнәдан арылу» (Исповедь).

Кейінгі орта ғаырдың дәуірлеу кезеңінде (қоғамда сословиялық саралау күшейгенде, қалалардың экономикалық қуаты мен саны өскенде, қолөнер кәсіпшілікпен, сауда өсімі өркендегенде, яғни ақша – тауар қатынастары күшейгенде), кейінгі канондықтар экономикалық мәселелер мен әлеуметтік теңсіздік себептерін “түсіндіретін” дәлелдер шеңберін кеңейтті. Кейінгі канондықтың ірі өкілі 1879 жылғы католик шіркеуіндегі әулиелерлеріне жататын Фома Аквинский (1225-1274 жж) болды. Оның “Теология сумасы” трактатында ортағасырдағы Батыс Европа елдерінде көптеген экономикалық мәселелері көрініс тапты.

Фома Аквинский “дәлелдемелерінде” қоғамның сословиялық бөліну себебтерін “анықтайды”. Сондықтан ол былай деп жазады. “Адамдардың әртүрлі кәсіп бойынша бөлінуі біріншіден, оларды сословия бойынша бөлген Құдайдың құдіретіне;

Екіншіден, әр түрлі адамдардың түрлі кәсіпкерлікке бейімділігіне орай анықтаған табиғи себептер негізі.

Екіжақты және келісу позициясын бұрынғы канондықтармен салыстыруда, Фома Аквинский “Теология суммасы” атты еңбегінде әділ баға, сауда кірісі, өсімқор, процент сияқты әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді пайымдау арқылы қарастырады.

Канондықтар іліміне “құн”, “нарықтық баға” санаттарын ауыстыратын “әділ баға” термині ертедегі канондық сияқты, кейінгілерінің де негізгі санаты болып табылады. Алайды, ертедегі канондықтар “әділ бағаны” анықтауда, өндіріс процесіндегі материалдық және еңбек шығындарына сүйенсе, Фома Аквинский “әділ бағаны” тағайындауында, шығындарсыз толық сипаттама

41

Page 42: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жеткіліксіз деп санады. Осыған орай, оның ойларынан, сатуда “затты өз құнынан қымбат сату құқығында” қосымша құн пайда болады дегенді аңғарамыз. Жаңа замандағы экономикалық көзқарастардың негізі ретінде Ж. Кальвиннің (1509-1546 жж) жазбалары болды. Оның айтқандары діни сипатта болғанына қарамастан, олар толығымен нақты экономикалық мазмұнға ие болды. «Әлемді Құдайдың болжамдары басқарады (біреуді Құдай мәңгілік рахатта, ал біреулерді мәңгілік азапта болуын болжаған), алайды әр адам мұны білмей, өзін Алланың таңдаулысымын деп ойлап, оны қызметімен дәлелдеді. Оған куә ретінде ақшалай табысымен қызмет етеді. Адам баласы ұқыпты, есепшіл, қайраткер және адал болу керек, бұл-Құдай алдындағы парыз».

Калвиннің доктринасы (жалпы протестантизм) Голландияда, Англияда, содан соң АҚШ-та тапқырлық және ұқыптылық рухының қалыптасуына көмектесті.

Қарыз проценті қалыпты құбылыс ретінде, ал байлыққа ұмтылыс – адам үшін табиғи болып есептелінді. «Заңдар әрбір адамға өзінің қабілеті мен жағдайын пайдалануды өзі қалай қажетті деп санаса, соған рұқсат беруі керек». Жеке меншік және жеке өмір қасиетіне әлі қол сұғылмағандай.

“Венециандық есеп”, яғни бухгалтерия, барлық кіріс пен шығынды ретімен салыстырып кең таралымға ие болды. Мұның барлығы несие мен банк ісінің дамуына әсер етті.

Орта ғасырдағы экономикалық ойды сипаттай отырып, байлық тұтастай табиғи- заттай қалыпта қарастырылғанын ескеру қажет.

42

Page 43: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2.2 Меркантилизм – саяси экономияның алғашқы мектебі

Европада ұлттық мемлекеттер мен сауданың даму жетістіктері пайда болған кезде алтын мен күміске сұраныс көтерілді, ақша және оның шаруашылық өмірдегі рөлі туралы көптеген трактаттар пайда болды. Осылайша, ұлы табиғи зерттеуші Николай Коперник “Монетаны соғу тәсілдері туралы”деген еңбегінде мемлекеттің құлдырауының төрт себебін көрсетті: жанжал, өнім, жердің өнімсіздігі және ақшаның құнсыздануы. Ол құнсызданған ақшаның сауданы қысқартатынын және өмірлік құралдардың қымбаттауын ескертті.

Кароль кеңесшілері алтын туралы, импортты ұснудың пайдасы жөнінде және экспортты қолдау туралы еңбектерін жаза бастады. Бірте-бірте меркантилистер мектебі пайда болды, оның құрылуы ең алғашқы жүйеленген экономикалық көзқарастардың пайда болуын білдірді.

“Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.

Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша,

43

Page 44: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады. Меркантилизмнің негізгі жолдары:- үйрену пәні ретінде өндіріс аумағынан қол үзген

жағдайда қарым-қатынас айналасындағы мәселелерді қарастыруды ескереді;

- экономиканың барлық аясында керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін болдырмауды және экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолданды;

- ақшаның пайда болуын адамзаттың жасында ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен байланыстырады;

- құнның шығуын алтын мен күмістің “табиғи жаратылысына” байланысты және олардың әлемдегі мөлшерімен сипаттады;

- еңбек ұсынысының көтерілуін еңбекақының жоғары емес төменгі қажетімен, байланыстырды;

- экономикалық өсуді елдің ақшалай байлығының көбеюі ретінде, сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуі және сыртқы сауданың сальдосына дұрыс қол жеткізу арқылы байланыстыра қарастырды.

- Осыған орай, осы және басқа да ұстанымдар экономикалық әдебиеттегі меркантилистік мектептердің дамуының “ертедегі және кейінгі” екі кезеңін дәстүрін сипаттайды

2.3 Меркантилизмнің даму ерекшеліктері мен кезеңдері

Ертедегі меркантилизм (монетаризм) Ұлы географиялық ашылуларға дейін пайда болды және ХVІ ғасырдың ортасына дейін өзекті болды. Оның маңызды

44

Page 45: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өкілдері У.Стаффорд (Англия), Г.Скаруффи (Италия) және басқалар. Сол кезеңде елдер арасында сауда байланыстары әлсіз дамыды, эпизодтық сипатқа ие болды. Бұл уақытта қатал мемлекеттік саясат арқылы мәселелерді әкімшілік тұрғыда шешуге үлкен үміт артқан.

Европалық билеушілер декреттер мен полициялық шаралар көмегімен алтынды мемлекеттен шығаруды шектеді және колониядан ақшалай материалдың әкелінуін реттеді. Осыған орай, ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы заңды жолмен ақшалай байлықтың өсуіне бағытталған, саясатқа сүйенген “ақшалай баланс” теориясымен анықталуы мүмкін. Кейінгі меркантилизм ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықты қамтиды, дегенмен оның жеке элементтері ХVІІІ ғасырда да өзін көрсетуін жалғастырды. Оның басты өкілдері – Томас Мен (Англия), А. Серра (Италия), А. Монкретьен (Франция) және басқалар. Бұл кезеңде мемлекеттер арасындағы сауда байланыстары дамыған және реттелген сипат алады, яғни көпшілік жағдайда ұлттық өндіріс пен мемлекет арасындағы сауданың дамуын қолдауымен шарттасты.

Сондықтан кейінгі меркантилизмнің орталық пункті болып “сауда балансының жүйесі” танылды, осыған орай мемлекеттен шығарылған және әкелінген тауарлар (белсенді сауда балансы) құны арасындағы айырмашылығы көп болса, соғұрлым бай болады деп есептелді. Бұл айырмашылықты екі тәсілмен қамтамасыз етуді көздеді: біріншіден, өз мемлекетінен дайын өнімді шығару және қымбат заттардың әкелінуіне тыйым салу есебінен; екіншіден, делдалдық сауда көмегімен, шекарадан ақша шығару рұқсат етілуімен байланысты. Бұл арқылы бір мемлекеттен арзанға сатып алу және басқаға қымбатқа сату принципі жүргізілді. Белсенді сауда балансын сақтап және сыртқы нарықты бақылау

45

Page 46: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мақсатында кейінгі меркантилистер протекционизм саясатын ұстап, шетел тауарларына жоғарғы баж салығын салып сыртқа тауар шығаруды қолдады Осыған орай, “саяси экономия” терминнің шығуы осы кейінгі меркантилизмен байланысты болды. Оны 1615 жылы “Саяси экономия трактаты” атты кітабын шығарған француз меркантилисі А. Монкретьен еңгізді.

Кейінгі меркантилистер саяси экономияны сауда балансы туралы ғылым ретінде қарастырды, ал оның негізгі міндеті – “көп сату – аз сатып алу” болды.

Ертедегі және кейінгі меркантилизм экономикалық теорияның көптеген сұрақтарын түсіндіру мен ажыратылады. Мысалы, ертедегі меркантилистер байлық деп алтын мен күмісті зат ретінде қарастырды. Олар сауда мен ақша қатынасының арасындағы тығыз байланысты күнгірт түсінді. Кейінгі меркантилистер байлық деп - мемлекет сұранысын қанағаттандырғаннан кейін, қалған тауарды ол міндетті түрде сыртқы нарықта ақшаға айналу арқылы түсетін артық өнім деп түсінді.

Байлықты ақшамен теңестіруде меркантилистер тауар құны мәселесін ескермеді және оны ақшалай формаға ауыстырды. Сондықтан олар ақшаның құнын түсіндіре алмады және оны алтын мен күмістің табиғи құрамында қарастырды. Бұл ертедегі меркантилистердің номиналистік көзқарасы болды. Кейінгі меркантилистер ақшаны тауар деп түсінді, бірақ оларды негізгі қиындықтары-тауардың қалай және неге ақшаға айналатынын түсіндіруді білмеді және ақшаның металдық теориясының негізін салушылар шыққанын білмеді. Осымен бірге, кейінгі меркантилистер ақшаның сандық теориясының бастамасын қалыптастырды. Ақшаның сандық теориясының пайда болуы ХVІ ғасырда Европаға Жаңа Дүниеден құйылған алтын мен күмістің себебінен тұған «баға революциясына» қарсы табиғый реакция және ақша саны мен тауар

46

Page 47: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бағасының өзгеріс себептері көрсетті. Кейінгі меркантилистер тұжырымдамаулары бойынша, ақшаның құндылығы оның санының кері тәуелділігінде болып, ал тауардың баға деңгейі ақша санына тура пропорционалды болды.

Егер ертедегі меркантилистер ақшаның жетіспеуіне байланысты оны жинақтау құралдарына әкелсе, онда кейінгі меркантилизм өкілдері белсенді сауда балансын қолдап, ақшадан тек жинақтау құралдарын ғана емес, сонымен қоса қарым-қатынас құралын байқады делдалдық сауданы қорғай отырып, олар, негізінен ақшаның капитал ретіндегі қызметін мойндады.

Әр елдегі меркантилизм ұлттық бояуымен ажырататын жалпы белгілеріне ие болды. Осылайша, Англияда меркантилизм бір уақытта өндіріс капитализм мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті. Бұл ХVІІ ғасырда елдің сауда мен өндіріс аумағында протекционистік саясаттың негізгі жетістігі болды. Ост-Инд компаниясының көшбастыларының бірі Томас Мен (1571-1641 жж) есімімен байланысты сол сияқты англияда меркантилизм мен идеологиялық күрес нәтижесінде А.Смит, Д.Рикардо және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан классикалық саяси экономияның құндылықтарын теориялық қорытуға қол жеткізулер болды. Англия ХІХ ғасырдың ортасында ішкі және сыртқы саудада толық бостандық саясатының сөзсіз жолын қуғаны туралы мәлімдеп, антимеркантилистік ұстанымды практикада іске асыруды бастады.

Францияда меркантилистік саясаттың белсенді жол бастаушысы, кольбертизм атағын алған, біржақты сипат беріп, үкімет мүшесі болған – Жан Батист Кольбер (1619-1683 жж). Ауыл шаруашылығының феодалдық қатынастармен шырмалуында, Кольбер, белсенді сауда балансын қамтамасыз етуге ұмтылып, өнеркәсіптің дамуын

47

Page 48: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

барынша көтермеледі, бірақ ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін ескермеді. Ол ауыл шаруашылық тауарларын шеттен әкелуге рұқсат беріп, ауыл шаруашылық өнімдерін шетке шығаруды қиындатты.

Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты.

Меркантилистердің тұжырымдамалары айналым аясында толығымен шаруашылық өмірдің тәжиребесіне арналды. Бұл сонымен бірге, оларға ғылыми айналымға көптеген экономикалық санаттарды еңгізуге, сауда қарыз операциялары мен ақша айналымы аумақтарында маңызды заңдылықтарды айқындауға жол берді. Бірақ олар экономиканың басқа аяларына әсері әрқашан бірдей болмады.

Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не “азғандық” деп санады.

Меркантилизм дамыған Европа елдерінде, ең алдымен Англия мен Францияда оның классикалық саяси экономиясын алмастыратын нарықтық экономикалық қатынастар мен ерекшеліктердің қалыптасу өзгешілігі мен байланысты.

Меркантилистер тұтыну құны емес, айырбас байлық деп жариялады.

Меркантилизмнің экономикалық саясаты алғашқы капиталдың жиналуына көмектесті.

48

Page 49: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Алайда, меркантилизмді саяси экономияның туу кезеңі мен байланыстыра ретінде бағалай отырып Й.Шумпетер оның жағдайы өз алдына практикалық маңызын сақтай отырып соншалық ғылыми бағыт бермей және одан туындаған әдебиеттер тек ғылымның бастамасы деп ескертті.

2.4 Утопиялық социализм және оның дамуындағы эволюцияның жалпы

сипаттамасы.Социализм – негізінде теңдік (материалдық игілік,

құқық және міндеттемелер көлемі) және меншік бірлігі теория. Бұл социалистік ағым қоғамда бақытты және әділ өмірге қол жеткізуді мақсат қойды.

Социалистік доктрина – бақытты өмір туралы адам арманының ажырамас элементі. Бірден бір алғашқы ұғымдар негізделген социалистік идеялар Платон философияында да айтылған. Содан бері көптеген идеялар пайда болды және жоғалды.

Утопиялық социализм – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында туған және қоғамдағы қанауға қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм еркін еңбекке негізделген және ғылым мен техниканың жетістігін жоспарлы түрде пайдаланатын, ірі қоғамдық өндірістер құрудағы қоғамдық өзгерістердің алғашқы міндетін байқады. Ол қоғамның болашағын адам қажеттілігін қанағатандыруды қамтамас ететін молшылық қоғамы ретінде бейнеледі.

Бұл ағым үшін гипотетикалық әдісті қолдану тән, яғни гипотез ұсыну – “не болар еді, егер”,”осылай ұйғарамыз” т.б.

Утопиялық социализмнің даму эволюциясы Платоннан бастап Т.Мордың, Т. Кампанельдің және басқалардың шығармаларында адамгершілік тұрғыда жеке

49

Page 50: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

меншікті сынау туралы болды. Олардың утопиялық тұжырымдамалары шындығынан тұтыну теңдігі мен қабілеттік теңдігі принциптерінде қоғамдық құрылымның қарапайым идеялары тартылу көрінді.

Алайда ХІХ ғасырдың бірінші жартысында классикалық саяси экономия өкілдерінің еңбегінің әсерімен социалист-утопистер доктриналары елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырады. Утопиялық социализм үшін өнеркәсіп өзгерістерінің бітуімен байланысты, бұл кезен осы экономикалық идеялар мектептерінің Англиядағы Р.Оуэн, Франциядағы К. Сен-Симон мен Ш. Фурье сынды жаңа экономикалық шындықты ұғыну талдау мен әйгілі.

Осы авторлар мен олардың ізбасарлары өз идеяларын ХІХ ғасыр басындағы экономикалық шарттармен және сондағы саяси экономияның үстемдік еткен принциптерімен орайласты. Жекелей алғанда олар техникалық ойлап табу мен ғылыми жаңалықтарды және қоғамдық өндірістің барынша өсуін одан әрі экономикалық саясаттың басты мақсаты деп санап, соны жақтады. Олар табиғи тәртіптегі тұжырымдаманы ұстады, яғни қоғам мен әрбір адамның мінсіз әлеуметтік құрылымының үлгісін ұсынды.

Осы тұрғыда социалист – утопистердің классиктерден айырмашылығы-олардың өнеркәсіп өзгерісі кезеңін қабылдамайтынын (Р.Оуэн), немесе жеке меншік институтын сынайтынын (К.Сен-Симон және Ш.Фурье), сол сияқты адамды адам қанау себебін ғана емес, шаруашылық өмірдің және экономикалық дағдарыстың шарасыз монополиялығын көре отырып, экономиканың идеясы мен тәжиребесінде бәсекелестіктің шексіз бостандық алуын айыптайтыны жайында болды.

Осыдан кейін негіз ретінде, олар әркім өзі үшін өз еңбегінің толық өнімін сақтайтын, еңбектерін ұсынып ассоцианистивтік білім аясында, өндірістің бостандығы

50

Page 51: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мен сұрауын сақтауда, антогонистік таптар мен бәсекені жоюдағы мақсатқа жетуге бағытталған, жаппай үгіт-насихат жүргізу міндетін ұсынды.

Жаңа буынның социалист - утопистер бір жағынан оның негізін салушылардай эволюциялық саяси-экономикалық өзгерудің жақсылыққа әкелуі сияқты “қанаушы” қоғамның өзгерістерін күштеуді, төңкерісті «қажет» ететуін де теріске шығарады. Бірақ екінші жағынан, олардың социализмге қатысты әлеуметтік - әділеттік идеяларын үгіттеу мен насихаттауды тірек ететін доктриналарына орай, табиғи жағдайда барлық әлем қазіргі әділетсіздіктен бірден бас тартады деп сенім білдірсек – бұл доктриналар тіршілікті тек утопияға ғана қарсы емес, нарыққа да қарсы деп табады.

Ақырында, ХІХ ғ. бірінші жартысындағы утопиялық социализмнің нарыққа қарсы доктриналарының мазмұнындағы жинақталған айырмашылықтарды көрсету маңызды. Осыдан, бұл мектептің авторларының өздері көрсеткеніндей, біріншіден-индивидуализмді коллективизммен алмастыру механизмі, екіншіден-ұжымдық ұйымдарға еңбешілерді біріктіру қағидасы ескеріледі. Осы жағдайларға көңіл қоя отырып Ш.Жид және Ш.Рист мысалға төмендегідей тұжырымдар жасады.

К.Сен-Симон және оның пікірлестері “ұлттардың барлық мүшелерін ұжымдық ұйымдарға алуға” және мұндай бірігуді жоғарыдан, яғни саяси үкіметті “ауыстыру” “экономикалық үкіметтің” басқа әрекеттері мен және “мемлекет мүлкіне айналдырудың” құралы ретінде болжап, қанша тырысқанымен ”ұжымдастырудың нағыз жаршысы” болып табылмайды;

Р.Оуэн мен Ш. Фурье және олардың ізбасарлары – “социалист-ассоцианистердің”, «әсем-симондықтардан» айырмашылығы – “индивидтердің көпшілікте жоғалмауын” қалайды және «оның көмегімен шағын

51

Page 52: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жекелеген топтар ұйымдарын сақтауды қолдайды», яғни “бірігу... жоғарыдан емес, төменнен келеді” деп болжайды.

Жоғарыда айтылған әйгілі социалист-утопистердің көзқарастарын қарастырайық.

Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825 жж) – францияның социалист-утописті, социалистік идея үшін, өзінің саяси сенімі негізінде дворяндық атақ пен графтық титулдан бас тартқан, осы бағыттағы экономикалық ойлардың көрнекті авторларының бірі. Оның қаламынан “Женеваны мекендеушілердің замандастарына хаты” (1803) “Өнеркәсіп жүйесі туралы” (1821), “Өнеркәсіп қожаларының катехизисы” сияқты маңызды ғылыми еңбектер туды.

Сен-Симон үшін экономикада еркін бәсекесі бар әлеуметтік жүйе – бұл өтіп бара жатқан феодализмен әлі жетпеген, екі қоғамдар арасындағы өтпелі жәй кезеңдер ғана емес, бұл өнеркәсіптік теңдікке ”төңкеріссіз бейбіт және барынша тез көшу” үшін, «индустриалды тең» “әлеуметтік әділет қоғамы”.

Өзінің талқылауларында ол ескіден жаңа әділ өнеркәсіптік қоғам құруға көшу тарихи шарасыздық деп жариялады, сондықтан басқа социалист-утопистер сынақты ол “антигонистік таптар жойылып, үкімет саяси биліктің орнына экономикалық үкімге ие болады деп болжады.

Утопиялық социализмнің басқа өкілдерінен К.Сен-Симонның айырмашылығы –“меншік пен оны пайдалануды реттейтін заңның” қажет екенін және “тек осы институт қоғамдық мекеменің негізі болып қызмет ететінін” айта келіп, социализмде жеке меншікті жоққа шығармады.

Оның пікірі бойынша болашақ ірі өнеркәсіптік өндіріске және өнеркәсіптік топтарға (кәсіпкерлер, жұмысшылар мен ғалымдар одағына) жатады деді. Ірі

52

Page 53: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өнеркәсіп бір орталықтан, бір жоспармен басқарылады, бәсекені ассоциация алмастырады деді. Қоғамда еңбектенуге бәрі міндетті, ал еңбек “әрқайсысының – икемділігі бойынша, әрқайсысына – оның ісі бойынша” деген қағидамен бағалады. Мұндай әділ қоғамды құру үшін өмірдің тек материалдық шарттарын өзгерту жеткіліксіз, адамдарды рухани қайта тәрбиелеу де.

Шарль Фурье (1772-1832 жж) – францияның социалист-утописі, өзінің замандасы К. Сен-Симоннан болашақтың “әділ” әлеуметтік құрылымы туралы үлгіні аз айтпады. Бұл ғалымның маңызды еңбектері – “Төрт қозғалыстың және жалпы тағдыр теориясы” (1808), “Жаңа шаруашылық және социетар әлемі немесе ескі серияда бөлінген қызғылықты және табиғатқа тән еңбек тәсідерін ашу” (1829), “Үш сыртқы бірлік туралы” (қайта болғаннан кейін, 1845) және т.б.

Көпес отбасынан шыққан Ш.Фурье өз еңбектерінде классикалық саяси экономияны және еркін бәсеке экономикасын, оны мақтан тұтатын өкілдерімен бірге ызалана сынады. Ол содырлы қанау жүйесін жойып, ассоциативтік білім – “фалангстерлердің” жетістіктерін ерте сезініп (үгіт –насихат және жеке мысалдың арқасында), жаңа “социетарлық әлемге” көшуді ұсынады. Оның ойынша жалдамалы еңбекке орын болмайды, ал жұмысшы акционер болып, кіріске қатыса алады және басқару қызметінің қалаулысы болады. Меншік ортақтастырылады, бірақ бүкіл қоғам аумағында емес, 1-2 мың адамнан тұратын еңбек ұжымдары бірге тұратын, жұмыс істейтін және демалатын еңбек серіктісстіктері аумағында болады. Түскен кіріс бірен-сарандап әрқайсысың еңбек акциясына бөлінеді және солай тұтынудың қоғамдық қорына түседі.

Фалангтарда, жұмыскерлер жұмыс түрін күніне бірнеше рет ауыстыратындықтан адамға белгілі еңбек

53

Page 54: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

түрін бекіту жойылады. Бәсекеде біреу ұтып, қалғандар ұтылса оның орнына, бәрі ұтатын жарыс келеді. Дене және ой еңбегі арасындағы қайшылықтар біртіндеп жоғалады деді. Ш.Фурьенің ойынша фаланг ұйымы үшін керекті қажет жабдықтарды капиталистердің өздері беру керек. Фаланг мүшелері болып, олар оның акционері болады. Фалангте өндірілген өнім еңбек акционерлік капитал мен білім аралығында 5:4:3 қатысына қарай бөлінеді. Фурьеде мемлекеттің рөлі тіпті елеусіз қалады, сондықтан оны анархизмнің негізін салушы деп жиі атайды.

Осы пікірлерден кейін Ш.Фурье төмендегідей қорытынды жасайды: ерікті бәсеке экономикасы өзіне “барлық негізгі таптарды... тіпті үкіметті де” бағындыра отырып “арамтамақ” және “қосалқы тап” өкілдері болатын “саудагерлер және сауда агенттері” қатарын сөзсіз кеңейтеді.

Фурье саяси төңкеріс идеясын (ол қасқүнемдерді байыту үшін ғана байларды тоңайды) қолдамады, бірақ барлық социалистерге тән нарыққа жиіркене қарады.

Оның пікірінше, жеке меншік анархияны, бәсекені тудырады, байлықты бөлуде теңсіздікті және ресурстар ысырапшылдығын болдырады. Сауда бәсеке арқылы монополияға және “сауда феодализміне” апарады. Жұмысшыларды қанауды ол алдымен олардың тұтынушы болып алдануынан байқады. Қоғам экономикалық дағдарысқа шарасыздықтан баратын байлар мен кедейлерге бөлінеді. Фурье мен Сен-Симонның “утопиялар” тек қана таза ой жору болды, сондықтан ештеңе қабылдамай-ақ оны жүзеге асу деңгейі туралы шексіз дауласуға болатын. Дауды таза практикалық тұрғыда аударуға үшінші ұлы утопист Роберт Оуэн ұмтылты.

Роберт Оуэн (1771-1858 жж)-ағылшын социалист-утописі, “Адам мінезінің білімі туралы” (1813-1814), “Нью-

54

Page 55: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ланарк графствосына баяндама” (1820), “Жаңа адамгершілік әлемі туралы кітап” (1836-1844), сияқты бірқатар еңбектердің авторы.

Оның құн теориясы классиктерге, әсіресе Д.Рикардо жақын. Ол олардың құнның еңбек теориясын алғанымен, тауардың бағасы өзіне кірісті де қосады деген ережені болдырмаумен ерекшеленеді. Оның көзқарасынша кірістің пайда болу әділетсіздігінен жұмыскерлерді үлестен құр қалуы экономикалық дағдарыстар себебінен болады деді.

Р.Оуэн мальтусовтық халық өсу теориясын қабыл дамиды бөлген жоқ. Ол “дене еңбегін дұрыс басқару елдің барлық тұрғындар үшін тиімді халық санының шексіз өсуіне болдыратын керекті тәсілдер, тиімді заттар ұсына алады” деп ойлады. Болашақ социалист ретінде Оуэн барлығына зиянды, соның ішінде дүние құмарларға зиянды қоғамдағы жеке меншіктің негізін жатуды аңғарды. Жеке меншіктің және жеке қажетіліктің орнына қоғамдық меншік, жалпы еңбек, құқықтар мен міндеттемелердегі теңдігі керек деді. Ақшаны қанау құралы ретінде алып тастады. Олардың орнына жұмыскер тауарды дайындауға қандай мөлшерде еңбек жұмсағанын куәландаратын квитанциялар кіргізу керек деді. Қоғамдық қоймадан алынған квитанция бойынша олар еңбек мөлшеріне тең, өзіне қажетті тауарды ала алады деді.

Р. Оуэн өз идеяларын тәжиребеде жүзеге асыруға ұмтылды. Ол 1800 жылы Нью-Ленарктегі (Шотландия) шағын кәсіпорнының меңгеруішісі және менеджері болды.

Екі жылдан соң кәсіпорын тұрақты кіріс әкелді, ал жұмысшылары тазалыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа кітапханасы мен мәдени орталық, санитарлық қадағалау, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру қызметтері, тұтыну кооперациясын құрды.

Тәртіпті қолдау бойынша халықтық жасақ жұмыс істей бастады. Қылмыстық жаза қолданылмады.

55

Page 56: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Таза коммерциялық кәсіпорын жоспарда өркендеді және Оуэн мақта дағдарысынан тұрып қалған кезең де барлық жұмыскерлерге толық еңбекақы төлей алды. Жұмыскерлердің санасына өзгеріс енді, олардың еңбек және әлеуметтік белсенділіктері арта түсті. Ұрлық, ішкілікке салыну, төбелестер жойылды. Ауыл әдемі және күтілген болды. Басқа кәсіпорындарға қарағанда шынайы кіріс әлдеқайда жоғары болды. Жұмыс күні сол кезендегі 16 сағаттың орнына небәрі 10,5 сағатты құрады. Оуэн сол сияқты 10 жастан төмен балалардың еңбегін пайдаланудан бас тартты және сол кезде үйреншілікті болған айып-пұлдарды жойылды.

Алайда бұл бір поселкенің аясында шектелген мұндай жетістік басқарушының өзінің жекебасының кемшілігінен бүтіндей кіріптар болды. Басқалармен тартыстан соң Оуэн Нью-Ленаркты тастап кетуге мәжбүр болғанда бәрі құлдырады, Оуэннің тамаша эксперименті сәтсіз аяқталды.

Р. Оуэн, классиктерге қарамастан қарапайым көптеген мәселерді болжай білді.

“Әділетсіз қоғам құрылысының “ алмасу “ғылыми бастамаларды іске асыру жағдайында біртіндеп бейбіт және ақылмен” жүзеге асады деп ойлады ол. Мысал үшін, жерді біртіндеп “сатқысы келетіндерден нарықтық бағамен сатып алып, болашақта қоғамдық меншікті мемлекеттік кірістің қайнар көзіне айналдыру” және т.б. ұсынды.

500-3000 адамнан тұратын Оуэндік ассоциативтік “дербес поселкелерді” құру үшін сәйкес “ақылды жағдайлар” қажет. Р. Оуэн оларды рационалды конституция деп аталатын 26 заңда төмендегідей жүйеледі:- ассоциаияларда түрлі аяда, үй шаруашылығын қоса

қол еңбегін ауыстыру үшін машиналарды кеңінен қолдану;

- еңбекті құндылықтың өлшеміне айналдыру;

56

Page 57: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- өзінің жеке сыртқы бағасын ақшамен табуда, оның “темір мен болаттың құнынан барынша төмен” болуы;

- адамзат металл ақшаларды жойып, оларды еңбек бонасына, яғни “ұлттық ақшаға” ауыстырған соң, мол байлықты қамтамасыз ету;

- халықты ағартуда, әсіресе, кезеңдік таңба құралын пайдалануда түрлі әдістерді қолдану;

- “пайдасыз жеке меншікті” жою, соған сәйкес делдалсыз өндірушілер байланысы арқасындағы кіріс үшіл де болдырмау.т.б.

ТҮЙІНОрта ғасырдағы экономикалық көзқарастар

(феодалдық қоғамдағы) айқын діни сипатқа ие болды. Бұл кезеңнің рухани идеологтарының ғылыми мұралары, оның ішінде шаруашылық саясаты аумағында қоғамның сословиялық сипаты мен иерархиялық құрылымы, ақсүйек және шіркеу феодалдарында саяси билік пен экономикалық құдіреттілік күшінің өсуін айқындайтын схаластика, софистік талқылау, діни-этикалық нормалар толықтырады. Олардың доктриналарына экономика тауарының аумағын кеңейтуге қажетті екі ойлы түрткілер, нарықтық қатынастардың негізгі қағидаларында шаруашылыққа қабылданбайтын басқа белгілер мен өсім алушылық тән.

Феодализм кезеңінде саяси экономияның алғашқы мектебі меркантилизмнен қалыптасқан ғылыми теорияда жекелеген экономикалық идеяларды дайындау басталды.

Меркантилизмді дамытудың бірінші кезеңі-ақшалай байлықты таза заңдық жолмен арттыруға бағытталған саясаты орнықтыратындай, “ақша балансы” теориясын анықтаған-ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы болды.

57

Page 58: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Кейінгі меркантилизмнің орталық пункті-шығарылған және әкелінген тауарлардың құн арасында үлкен айырмашылық болған сайын, мемлекет те бай түседі деп саналатын – “сауда балансы жүйесі” болды.

Меркантилизм сауданың белең алуы мен өндірістің шектелуін бағдарлай отырып, кемшіліктерден де құр қалмады, бірақ келешектегі экономикалық ойлардың да белгілі прогрессивтік роль болды.

Утопиялық социализм-ХІХ ғаырдың бірінші жартысында пайда болған және қоғамдағы қанаушылыққа қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм бірінші кезекте ғылым мен техниканың жетістіктерін жоспарлы пайдаланып, еркін еңбекке негізделген ірі қоғамдық өндірісті құрудағы қоғамдық өзгерістердің міндетін аңғарды.

Ол адам қажеттері мен жеке бастың өркендеуін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін молшылық қоғамның болашағын елестетті.

Негізгі терминдерҚұранның аяттары.Сали шындығы.Канондықтар.Венециандық есеп.Меркантилизм.Тракттатар.Саяси экономия.Утопиялық социализм.

Практикум§ 1 Енді Сіз білесіз:

1. Феодализм кезеңіндегі экономикалық ойлардың дамуындағы өзгешілікті түсіндіру, оның орта

58

Page 59: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ғасырдағы Европа және Азия елдерінде дамуын жалпы және ерекше белгілерін айыруды;

2. Меркантилизм тұжырымдамасының мәнін түсіндіруді, бұл ағымның басқа экономикалық көзқарастардың негізін салушылардың ерекшелінетін анықтауды;

3. Меркантилизмнің кезеңдерін нақты ажыратып, оның дамуындағы эволюциялық «сатыны» құруды;

4. Прогрессивтік және шектелу жақтарын айқындай отырып, экономика тарихындағы меркантиолистердің үлесін анықтауды;

5. Бүкіл социалистік доктриналардың бөлігі ретінде утопиялық социализмге мінездеме беруді;

§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Феодализм кезеніндегі экономикалық көзқарастардың

жалпы белгілерін сипаттаныз;2. Конондықтарға берілген «әділ бағаның» анықтамасын

берініз;3. Ж. Кальвин доктринасының мәнісін түсіндірініз;4. «Мекрантилизм» дегеніміз не және бұл түсінік қалай

пайда болды?5. Экономикалық саясатты жүргізуді меркантилистер

басшылыққа алып, ұсынған жалпы принциптерді атаныз;

6. Ертедегі және кейінгі меркантилизм ұстанымдарының айырмашылығы неде

7. Ертедегі және кейінгі меркантилизмнің өкілдерін атаңыз

8. Меркантилистер ілімнің шектелугіне көзқарастар немен ерекшеленеді?

9. Сіздің пікірініз бойнаша утопиялық теорияны тәжиребеге мейлінші жақындатқан социалис-утопист кім?

59

Page 60: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

10. Утопиялық социализм идеяларының шынайы шаруашылық өмірдегі қолданылу ережесін анықтаңыз.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. Құранда қандай ережелер көрініс тапты?a) Сарандық пен ашкөздкті көпшілік алдында бетіне

басу;b) Ысырапшылдықты бетіне басу;c) Өсуге ақша беруді тыйым салу;d) Еңбекке жоғары көңіл бөлу;e) Бүкіл жауап дұрыс.

2. Канондықтардың, феодалдық құрылыс идеологтарының, соның ішінде Фома Аквинскийдің орталық экономикалық идеялары.

a) Белсенді ақша балансы;b) Құдай белгілеген «әділ баға»;c) Дұрыс сауда балансы;d) Экономикалық либерализм;e) Құл иеленушілік қатынастарды қорғау.

3. Меркантилистер іліміндегі ерекшелікa) Мемлекеттік билік көмегімен жиналған ақшаны

байлықпен теңестіру;b) Өндірістік қатынастар аясындағы түбегейлі

зерттеулер;c) «Әділ ақшаны» анықтаудың негізгі белгісі;d) Экономикадағы ауыл шаруашылығының жетекші

рөлін мойындау;e) экономикалық іс жүргізудегі мемлекеттің араласу

қажеттілігін теріске шығару.4. Кейінгі меркантилизмнің ең маңызды белгілері:

a) Белсенді сауда балансының саясаты;

60

Page 61: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

b) Ақшаны елден шығаруға үзілді – кесілді тыйым салу;

c) Ауыл шаруашылық өндірісін марапаттау;d) Еркін сауда саясаты

5. «Саяси эконмия» деген терминің авторы кім?a) Аристотель;b) Ф. Аквинский;c) А. Монкретьен;d) А Смит;e) К. Маркс.

6. Меркантилизмнің негізгі пәніa) Айырбастағы қатнас;b) Өндірістегі қатнас;c) Өндіріс пен айырбастауда пайдаболатын қатнас;d) Еркін сауда саясаты.

61

Page 62: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3 ТАҚЫРЫП: АНГЛИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ДАМУЫ

3.1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы.

3.2 У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономияның негізін салушы.

3.3 А. Смиттің шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы.

3.4 Д. Рикардоның методологиясы және оның құн теориясы.

3.5 Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузиандықтар.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

- Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихи жағдайларын;

- Классикалық саяси экономияның жалпы сипаттамаларын;

- Классикалық саяси экономияның әрбір өкілінің (У. Петтидің, А. Смиттің, Д. Рикардоның) экономика ғылымын дамытудағы қосқан үлестерін;

- Экономика ғылымының алғашқы дамыған кезде алуан түрлі экономикалық мектептердің тууы, дегенмен, олардың өз бетімен экономикалық заңдарды талдауға қабілеттерінің болмағандығын.

62

Page 63: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3.1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы

сипаттамасы.Англиядағы классикалық саяси экономия

капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген, бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау жасау арқылы, меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.

Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған

63

Page 64: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

проблемаларды шешуге кірісті (1 үлгіні қараңыз)

Атамыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.

3.2 У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы.

Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трактат» (1662 ж); «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672 ж);

1 үлгіXVIIІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың

басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.

64

Өнеркәсіп революциясы кезеңіндегі Англияның

экономикалық дамуының ерекшеліктері

Мануфактуралықтан индустриялды

өндіріске, ірі жер пайдалануға көшу

Жұмыссыздықтың жаппай сипаты және адамдар арасындағы

теңсіздіктің өсуі

Англия мен Франция арасындағы соғыс

нәтіжесінде тауарларға бағаның өсуі, инфляция

Білімсіз еңбекті пайдалану еңбектің

интенсивтілігінің өсуі, еңбек ақының

төмендеуі

Экономикалық дамудың жоғары қарқыны, ауыл

халқының есебінен қала халқының

санының өсуі

Капиталистер мен жериеленушілер

арасындағы қайшылықтардың өсуі

Page 65: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

65

Page 66: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

«Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж);

У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын көрсетті.

Петтидің көзқарасы меркантилизмнен классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. Оның ілімінде әлі бірегей және біртұтас теориялық көзқарастар жүйесі болмағанымен, өзі негізін салған еңбек құны теориясын пайдалана отырып, тауар бағасы, еңбек ақы, жер бағасы және т.б. сол сияқты экономикалық құбылыстарды түсіндіруге талпыныс жасады. Оның теориясы бойынша, құн-еңбек шығындарымен анықталады. Бірақ Петти еңбектің қосарлы сипатын білмеді, тұтыну құнын құнменен араластырды. У Петти сондай-ақ еңбекпен қатар, табиғатта құн көзі болып саналады деп болжады. «Еңбек-әке және байлықтың белсенді мақсаты, ал жер-оның анасы» деген нақал сөз дәл сол Петтиге жатады.

У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің бағасы деді. Оның мөлшері – бұл жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал

66

Page 67: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өндірісте жасалған құнның басқа бөлігін капитал иелері пайдаланады.

У. Петтидің рента туралы ілімі, сондай ақ, оның еңбек құны теориясына сүйенеді. Рента оның көзқарасынша, бұл өндіріс шығындарын алып тастағандағы егіншіліктен алынатын өнімдердің құны, яғни рента еңбекақының үстінде жасалған артық құн ретінде немесе қосымша еңбек өнімі. Петти іліміндегі дәл осы рента, қосымша құнның негізгі формасы ретінде қатысады. Петти рынокқа салыстырмалы түрде алғанда жердің әртүрлі орналасу жағдайымен байланысты дифференциалды рентаны еске салады. К. Маркс атап өткендей, “Петти А. Смитке қарағанда дифференциалды рентаға жақсы түсінік берді”.

У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

Пайданы экономикалық жүйеде дербес категория ретінде У. Петти қарастырмаған. Жердің бағасы туралы Петтидің ілімі, капиталданған (қорланған) жер рентасы, жердің баға түсінігі, оның осы категорияға неғұрлым жақын келгендігін көрсетеді. Бірақ

67

Page 68: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жер бағасының проблемаларын дұрыс шеше алмады. Ол бар болғаны жер бағасының бірде - бір фактордан – жер рентасына тәуелді екендігін анықтады. Сондай ақ жер бағасы жер рентасы емес, ссудалық проценттің капиталданған деңгейі деді. Тұтастай алғанда, У. Петтидің ілімін бағалай отырып, сол кездегі барлық маңызды деген экономикалық еңбектер оның көзқарастарымен байланысты- дұрыс немесе қате деген түрде қабылданғанын атап өту керек.

3.3 А. Смит шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы.

Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы болды. Бұл еңбегінде автор саяси экономияның пәнін, методологиялық және жалпы негіздерін айрыша ілім саласы ретінде анықтады. Кітап 5 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі, өндіріс процесі мен оны бөлуге арналған және негізгі таптардың табыстары мен олардың пайдасы туралы ілімнен тұрады; екінші бөлім, капитал және оның функционалды формаларын қарастырады. Үшінші бөлімде капитализмнің даму тарихының жағдайлары көрсетілген. Төртінші бөлімде бұрынғы өткен экономикалық ілімдерге (меркантилизм және физиократизм) талдаулар берілген. Бесінші бөлім мемлекеттің қаржы мәселелеріне арналған.

68

Page 69: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:

1.объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау;

2.фирмалардың және мемлекеттің экономикалық саясаттарды жүргізу, ұсыныстарын әзірлеу.

Бұл экономика ғылымына қосылған маңызды үлес болды. Ол ел байлығы мен оның қуатын арттыру жолын анықтайтын ғылым ретінде саяси экономияның міндетін айқындады.

А. Смит логикалық абстаркция әдістері арқылы экономикадағы заңды, анықтаушы процестерді және кездейсоқтықтан абстаркциялауды; сыртқы көрністен ішкі заңдылықтарды анықтау әдістерін жасады.

А. Смит методологиясы экономикалық либерализм тұжырымдама негізі ретінде мына жайлардан қөрінеді:- жекелеген тұлғалардың мүдделері

қоғамның мүддесімен сәйкес келеді;- «экономикалық адам», эгоизммен

(менмендікпен) бөлінген және байлықты көбірек жинауға ұмтылатын тұлға.

- еркін бәсекелестік экономикалық заңдардың әрекет етуінің өзгермейтін жағдайы болып саналады;

- пайда үшін күрес және еркін сауда, бүкіл қоғамға пайдалы қызмет ретінде бағаланды;

- рынокта, еркін бәсеке адамдардың мүдделері арқылы, олардың іс-әрекетін

69

Page 70: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

басқарып тұтастай алғанда бүкіл қоғамға жоғары пайдалы проблемаларды шешетін «көзге көрінбейтін қол» іс-қимыл жасайды.А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі

идеялары:- материалдық өндіріс өнімі, өнімді еңбекпен

айналысатын халықтың үлесіне қатысты ұлттық байлық болып саналады;

- еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы – бұл еңбек бөлінісі (мамандану), ол жұмыс уақытын үнемдейді, еңбек дағдыларын жетілдіреді, өндіріс құралдарын дамытады, қол еңбегін жойып, оны жеңілдетеді.А. Смит, экономикалық құбылыстар

өздігінен стихиялық және объективті заңдармен анықталады деп санады. Ол экономиканың табиғи еркіндігің, шаруашылық күштерінің еркін айналымын жақтады. А. Смит адамзат қоғамын қоғам дамуының кезеңдерінде тәуелсіз адамдардың айырбас (меновой) одағы деп санады, өйткені айырбасқа бейімділік-бұл тарихтан тыс процесстер. Бұл классикалық мектептің көзқарастарының негізі болды.

А. Смит, еңбек бөлінісі мен айырбастық ұлғайып өсуі бірін-бірі итермелей отырып қатар жүреді және қоғамдық өндіріс процесінің нәтижесінде стихиялы (өздігінен) тауарлық әлемінен бөлініп шыққан ақшаның маңызды рөлін көрсетті. Ақша функциясының ішінен ол айналым құралдарының функциясын айрықша атап көрсетті. Ол ақшаны айналым процесін жеңілдету үшін техникалық құрал

70

Page 71: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

деп санауға тоқталды. Оның өлшеусіз еңбегі, ол ақша мен несиені өндірістен шығарды және бұлардың бағынышты ролін көрсетті. Дегенмен А. Смит ақша несие факторларының дербестігін және олардың өндіріске кері әсерін жете бағаламады.. Смиттің экономикалық көзқарастарынын негізгі құн теориясы оның көзқарастарының қарама - қайшылығын айқын көрсетеді . Мәселен, ол құнның үш анықтамасын берді:- құн еңбек шығындарымен анықталады;- құн сатып алынатын еңбекпен, яғни

аталмыш тауарды алуға жұмсалған, еңбек көлемімен анықталады. Бұл ереже қарапайым тауар өндірісі үшін дұрыс болып есептегенімен, капиталистік өндіріс жағдайында ол дұрыс емес, өйткені тауар өндіруші еңбекақыны өндірістен гөрі айырбас кезінде көбірек алады. Осы жерде Смит, капиталистермен жұмысшылар арасындағы қатынаста құн заңының бұзылатын қайшылығын көреді, осы себептен ол құнның басқа, үшінші теориясын жасады;

- тауар құны табыстармен: еңбекақымен, пайдамен және рентамен анықталады. Бұл жерде ол жай ғана пайда емес, капиталдан түсетін орта пайданы айтып отыр. Смит өндіріс бағаларының категориясын құрастырды. Бұл анықтама «Смит догмасы» деген атақ алды және өндіріс факторларының теориялық негізін құрды.

71

Page 72: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

А. Смит, қоғамда өмір сүретін үш таптың: жер иеленушілердің, капиталистердің және жұмысшылардың бар екендігін ескере отырып жоғарыдағы теорияны негіздеді. Жер иеленушілер – өндіріс құралдарының меншікті иелері болғандықтан жалгерлік ақы ретінде рентадан табыс алады.

Капиталистер – өндірістің негізгі құралдарының иегерлері және жұмыс күшін жалдаушылар болғандықтан табысты пайда түрінде алады. Егер ол жерді жалға алып және тау-кен өндіру өнеркәсібін құратын болса, онда пайданың бір бөлігін жер рентасы түрінде жер иесіне береді, сонымен ол өндіріс капиталисттерінің ауыл – шаруашылық капиталистерінен айырмашылығының жоқтығын көрсетеді. Бұл оның үлкен ғылыми жетістігі.

Смит сондай-ақ, ешқандай меншікке ие емес және өзінің еңбегін еңбекақыға жалданбалы жұмысшылар табын ерекше көрсетті.

А. Смиттің негізгі қателігі оның үнемі еңбекті сату деп айта беретіндігінен тұрды, ал Маркс одан кейінірек, шындығында сатып алу - сату (заты) еңбекті емес, жұмыс күшін, яғни еңбекке жарайтын қабілет екендігін түсіндірді. Капиталист еңбекті сатып алып отырып, оны еңбек процесінде пайдалану құқығын иеленеді, сөйтіп жұмысшы капиталист үшін қосымша құн жасайды.

Смит одан әрі еңбектің қандай түрлері ұлт байлығының өсуіне әсер ететіндігін зерттеді. Осы жерде ол еңбектің екі түрін - өнімді және

72

Page 73: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өнімсіз еңбекті қарастырды. Бірінші – қосымша құн жасаушы, ал екінші – осы байлықты тұтынушы. Ол былай деп жазды: «Мәселен, мануфактурадағы жұмыскер еңбегімен, өзі өңдейтін заттардың құнын өсіреді яғни оны өзіне керекті және шаруашылық иесінің пайдасын көбейтеді». Өнімді еңбек туралы пікірі Смитке кезінде өзіндік ең батыл ескерткіш жасауға мүмкіндік берді. Мәселен, ол былай деп жазды: «Кейбір ең құрметті деген қоғам сословиялары үй қызметшілерінің еңбегіне ұқсас, ешқандай құн өндірмейді... Мысалы, мемлекет басшысы (государь) өзінің бүкіл сот шенеуніктері, бүкіл әскері мен флоты өнімсіз (өндіріссіз) жұмысшылардан тұрады. Сол, бір тапқа кейбір ең маңызды, сол сияқты жеңіл ойлы кәсіпкерлер – ақсүйектер, дәрігерлер, барлық тектегі жазушылар, актерлер, музыканттар, опера әншілері және басқалар жатқызылуы тиіс». Осылай ол қоғамда өнімсіз жұмысшылардың үлесі неғұрлым аз болса, қоғамның байлығы соғұрлым тез өседі деген идеяны алдыға салды. Бұл-мемлекеттік билікпен белгілі бір дәрежеде оппозицияда болған, бірақ қолдарында дворяндық үкімет бар, прогрессивті таптың позициясы еді.

А. Смит ілімінің әлемдегі экономикалық ойды дамытуға үлкен ықпалы болды. XVIII ғасырдың соңында – XIX ғасырдың басында оның идеялары Ұлыбританияда, Францияда және басқа елдерде, оның ішінде Ресейде кең таралды, крепостнойлық пен патшаға қарсы күресте пайдаланылды.

73

Page 74: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3.4 Д. Рикардоның методологиясыжәне оның еңбек құн теориясы.

Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.

Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.

Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын.

Смит сияқты, Рикардо мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы болды, сыртқы сауданың еркіндігі үшін күресті. Қоғам мен шаруашылықтың дамуына деген тарихи көзқарастың жоқ болуы Рикардо үшін, сол сияқты бүкіл классикалық саяси экономияға тән болды. Капитализмді ол бірден-бір мүмкін және табиғи құрылыс деп, ал оның экономикалық заңдары – жалпыға бірдей және мәңгілік деп санады. Оның ілімінің шектеулілігі осыдан тұрады. К.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи

74

Page 75: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің экономикалық қатынастарын еңбек құны теориясының позициясынан зерттеуге талпынуы мен өндірісте капиталистік тәсілдің ішкі заңдылықтар жүйесін ашуға ұмтылысынан тұратындығын көрсетіп берді. Құн тек алғашқы қауымдық қоғамда ғана еңбекпен анықталады деген Смиттің ережесін теріске шығара отырып, Рикардо жұмысшы еңбегі капиталистік қоғамның барлық таптар табыстарының (еңбекақының, пайданың, проценттің, жер рентасының), бірден-бір көзі деді. Рикардо мынандай қорытындыға келді, капиталистің пайдасы – жұмысшының төленбеген еңбегі, дегенмен ол құн заңының тұрғысына байланысты пайданың пайда болуын, қосымша құн заңын ашып көрсете алмады. Рикардо, сондай-ақ, еңбектің қосарлы сипатына түсінбегендіктен саяси экономияның басты қарама-қайшылығын шеше алмады.

Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады. (2 үлгіні қараңыз).

Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Абстракциялы ғылыми әдісті қолдана отырып Рикардо, капиталистік шаруашылықты ең ортақ реттеуші принципі ретінде еңбек құны

75

Page 76: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

заңын жасады және ол саяси экономияның бастапқы ережелерінің бірі болып саналды.

76

Page 77: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2 үлгіД. Рикардо идеясына сәйкес саяси экономияның басты

міндеті

77

Таптар арасындағы өнімдерді бөлуді басқарушы заңдарды анықтау

Экономика теориясын зерттеуде үлгі әдістердің негізін жасау

«Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817)

Саяси экономия жүйесі құн заңына бағынған бірлік ретінде берілген.

Абстракциялық методтар әдістер бойынша кездейсоқ

құбылыстарды жоққа шығару арқылы

заңдылықтарды айқындау.

Экономикалық заңдылықтарға сандық

көзқарас, яғни құн категориясы, еңбекақы,

пайда, рента арасындағы арақатынас.

Адамның еркіне тәуелсіз объективті экономикалық

заңдарды тану.

Page 78: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Рикардо экономикада объективті және стихиялы, бірақ танымдық заңдар әрекет етеді деп санады. Олардың танымдық әрекеттерімен қатар ол қоғамдағы өндіріс күштерінің өсуіне әсер етуші экономикалық саясатты жасау саяси экономияның міндеті деп санады (3 үлгіні қараңыз).

3 үлгі

Рикардоның экономикалық көзқарастары

Еңбек құны теориясында Д. Рикардо мынандай анықтамалар берді;- тұтыну және айырбас құндарында айырбас

құны жұмсалған еңбекпен, сондай-ақ жұмсалған капиталдың көлемі және уақытының ұзақтығымен анықталады;

78

Д. Рикардоның экономикалық көзқарастары.

Рента туралы ілімЕңбек құны теориясы

Ақша теориясыЕңбекақы туралы ілім

Пайда туралы ілім Салыстырмалы басымдық теориясы

Page 79: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- қысқа мерзімдік кезеңдегі тауар бағасы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады, ал ұзақ мерзімдік кезеңде – өндіріс шығындарымен анықталады;

- жұмысшылардың еңбекақысының өсуі тауарға деген бағаның өзгеруіне емес, кәсіпкердің пайдасының өзгеруіне әкеледі;

- тауар ретінде ақша құнының төмендеуі еңбекақының және тауарлар бағасының өсуіне әкеледі.Д. Рикардо еңбекақы туралы ілімінде,

жалдамалы жұмыскердің табысы, оның еңбегі үшін төленген ақы деп анықтады:- жұмыс қолының ұсынысы неғұрлым көп

болса, солғұрлым жұмысшының еңбек ақысы төмен яғни керісінше;

- еңбекақының «темір заңы» бойынша, енбекақыны ең төменгі күн көру деңгейінде ұстау халық санының табиғат заңымен негізделген, яғни еңбекақыны көтерген жағдайда туу көрсеткішті өсіп, еңбек рыногында ұсыныс өседі.Экономиканың жалпы өсуіне қарамастан,

ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуімен байланысты жұмысшы табының жағдайы нашарлай түседі. Еңбекақының төмендеу үрдісі тек қана мемлекет тарапынан бақылау орнатылған кезде ғана тоқтауы мүмкін.

Рикардо пайданы былайша белгіледі:- еңбек ақыдан құнның артық болуы;- жұмысшыға төленбеген еңбегінің бөлімі;- пайданың көбею тәсілі – еңбек өнімділігінің

өсуі;

79

Page 80: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуі тамақ өнімдері бағасының өсуіне және еңбекақының ең төменгі мөлшеріне әкеледі, одан әрі, пайда нормасы төмендеп, «пайда нормасының төмендеу» заңы әрекетін бастайды.Рента алуды негізі етіп Рикардо жерге

деген меншікті анықтады. Жердің құнарлылығы, ондағы өнімдерді өткізу үшін рынокқа жақын орналасуы, рентаны құрушы факторлар деді. Дифференциалды рентаны ең жақсы және ең нашар жерлердегі ауылшаруашылық өнімдері құнының арасындағы айырмашылығы деді. «Жердің құнарлылығынан айырылу» заңын мойындап, рентаны «жердің әр түрлі құнарлылығы мен орналасу есебінен құралатын орта пайдадан жоғары артық құн»деп анықтады.

Д. Рикардо рента (таза өнім) табиғаттың сыйы деген физиократтардың заңсыз (қисық) көзқарастарын, сондай – ақ егіншіліктен алынатын табыс табиғатқа байланысты деген Смиттің қателігін көрсетті. Табиғат рентаны жасауға қатыспайды және баға деңгейін анықтамайды деп дәлелдеді Рикардо. Рентаның көзі жердің құнарлылығы емес, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі деді. Ауылшаруашылық өнімдерінің құны нашар жерге жұмсалған еңбек шығындарымен анықталады. Бұл - реттеуші баға. Жақсы және нашар жерлерден алынатын бірдей сападағы өнімдер осы баға бойынша сатылады. Тек қана өте құнарлы жерлерде ғана артық өнімдер

80

Page 81: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

пайда болып жер иелерінің нарықтық пайдасының көзін құрайды.

Нашар жерлердің иелері рента ала алмайды, бұл жерлердегі өндіріс бағасы шығындармен сәйкес келеді. Рента – өндіріс факторынын ақысы (бұл тегін өзіндік еңбексіз алынған табыс). Жердің меншік иесі болмаса, онда рентаны фермер алады.

Ақша теориясы белгілегендей:- тұрақты ақша айналымы экономиканың

өсуінің басты жағдайы;- ақша жүйесінің ең жақсы базасы (негізі)-

алтын;- алтынның қағаз ақшаға айырбасталуы

мүмкін, бұл үшін қатаң курс бойынша олардың құндылығын қамтамасыз ету керек;Салыстырмалы басымдық теориясы арқылы

Д.Рикардо, салыстырмалы шығындарды салыстыру мен еңбекті халықаралық реттеу негізінде халықаралық сауданың пайдалы екендігін дәлелдеді. Сыртқы сауда, әлемдік рынок, валюталық ілімінде маңызды орын алады. Ғылыми позиция тұрғысынан төлем баланстарын стихиалы түрде теңестіруді, әр түрлі елдердегі бағаның салыстырмалы деңгейіне әсерін тигізуші алтынның халықаралық қозғалысының әсерін түсіндіруге тырысты. Сонымен бірге, оның көзқарасы (жол табушылығы) ақшаның сандық теориясына және төлем баланстарын тексерудің дағдарыстық сәттерін жете бағалауға, артық өндірудің ортақ белгілерінің мүмкіндіктерін жоққа шығаруға негізделді. Соған қарамастан,

81

Page 82: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Рикардо XIX ғасырдың аяғына дейінгі ағылшын классикалық саяси экономияның дамуына ықпалы шексіз болды. Рикардо ілімі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын утопиялық социализімнің экономикалық идеяларының және марксизмнің негізі болды. Рикардоның экономикалық ілімі өнеркәсіп төңкерісі дәуіріндегі капитализмнің даму проблемалары мен қарама-қайшылықтарын көрсетті. Ол капиталистік өндіріс тәсілінің прогрессивтігін, оның өндіргіс күштерінің дамуына аса зор мүмкіндіктерін көрсетті.

Бірақ Рикардоның ілімі кеңінен белгілі болып, экономика ғылымының дамуына үлкен әсерін тигізгенімен, оның ілімін тікелей жалғастырушылар болмады.

Рикардоның классикалық саяси экономиясының маңызын түсінуге мына негіздер көмектеседі:1. Логикалық абстракция әдісінің көмегімен

Рикардоның саяси экономиясына экономикалық құбылыстар мен процестерді тереңдеп көру тән болды. Ол шынайы болмысты үлкен белсенділікпен және құлшыныспен талдады.

2. Адамның еркіне тәуелсіз объективті экономикалық заңдардың өмір сүру түсінгі классиктер ойларының негізі болды. Бұл заңдар, экономикалық жүйелердің табиғи дамуын, олардың өзін - өзі реттеу әдістеріне тән екендігін көрсетті. Осыдан мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу керектігі туындады.

82

Page 83: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3. Барлық классикалық ілім еңбек құн теориясының және бүкіл пайданың болуынан құралған.

4. Классикалық саяси экономия буржуазиялық қоғамның таптық құрылымына талдау жасады. Қосымша еңбек, жалданбалы еңбекті қанау капиталистер мен жер иеленушілердің пайдаларының көздері деген қорытынды жасады.

5. Классикалық саяси экономия қоғамдық капиталдың ұдайы өндіріс механизмін, капиталдың жинақталуын зерттеп, экономикалық дағдарыстардың болмай қоймайтындығын көрсетті.

3.5 Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер.

Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.

Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір

83

Page 84: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.

Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.

Мальтустың пікірі бойынша табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді.

Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.

Т. Мальтус кедейлерге мемлекеттік қолдау көрсетуге қарсы күресті, ол мұны еңбек

84

Page 85: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

сүйетін азаматтардан салық арқылы жалқауларға демеу көрсету деп түсіндірді.

Мальтустың көзқарасы бойынша халықтықтың өсуі- тек қана тамақ өнімдерінің жетіспеушілігімен, аштық үрейімен шектеледі. Ал әлемдік тәжірибе бұны басқаша көрсетеді, өмір деңгейінің өсуі демографиялық ахуалдың өзгеруіне, туудың кемуіне, отбасы санын сапалы жоспарлауға әкеліп соғады.

Мұндай ойларды айта отырып, мынаны да байқауға болады, Мальтустың бір кезде айтқан проблемасы, өзінің өзектілігін бүгінгі күн де сақтауда. Өмірдің төмен деңгейінің сақталуы тек қана «үшінші әлем» елдерімен ғана байланысты емес. Экономикалық процестерді жаһандандыру (глобализация) демографиялық үрдістерге талдау жасауда кең-ауқымда жол табушылықты талап етеді.

Соңғы 10-15 жылда әлемдік өндіріс динамикасында жаңа әдістер пайда болды, бірсыпыра себептерге байланысты жер шарында жан басына шаққанда негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қысқаруда. Демографтардың болжамдарына сәйкес, планета халқы 2030-шы жылдары 6-дан 9 млрд. дейін көбейеді. Сол кезде азық-түлік ресурстарының тапшылығы пайда болу мүмкін, дегенмен бұлардың барлығы Мальтус теориясының дұрыстығын әлі де дәлелдемейді.

ТҮЙІНАталмыш тақырып классикалық саяси

экономияның пайда болу мен дамуына

85

Page 86: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

арналған еркін, жеке кәсіпкерлік проблемаларын шешуге арналған. Ол еңбек құны теориясында негізделген.

Англиядағы классикалық саяси экономия бастауында У. Петти тұрды, бұл ілімнің дамуы А. Смитпен, оның ізбасары Д. Рикардомен байланысты.

Д. Рикардоның еңбектері классикалық саяси экономияның шыңы болып саналады. Оның пікірі бойынша, еңбекақыға, пайдаға, процент пен рентаға негізделген жұмысшы еңбегі қандай да бір байлықтың көзі болып саналады.

Классикалық мектеп, капиталистің бас мақсаты – ең жоғары пайда табу деді, байлықты көбейту факторы – капиталды жинақтау, ал ақша тауарлар айырбасының процесін жеңілдетуші құрал (қару) деген анықтама берді.

Мальтус, халықтың өсуіндегі геометриялық прогресті, тамақ ресурстары қорларының арифметикалық өсуімен салыстыру бойынша халық санының теориясын жасады. Сондықтан ол өмір сүру жабықтарын шектеу жолымен халық санының өсуін қатаң шектеуді ұсынды, яғни жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық қорлармен (запастармен) байланысты деген идея қалдырды.

Негізгі терминдерКлассикалық саяси экономия.Методология ілімі.Еңбек құны теориясы.

86

Page 87: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Дифференциалды жер рентасы.Жердің бағасы.Ссудалық процент.Экономикалық Адам.«Көрінбейтін қол».Еңбек бөлінісі.Ақша теориясы.Мемлекеттің экономикалық саясаты.Пайда туралы ілім.Еңбекақы туралы ілім.Капитал туралы ілім.

Практикум§ 1 Енді Сіз білесіз:

1. Классикалық саяси экономияның тарихи пайда болу жағдайын;

2. У. Петтидің экономикалық ілімінің негізгі ережесін;

3. А. Смиттің саяси экономия мен оның методологиясын дамытудағы экономикалық либерализм тұжырымдамасын жасаудағы еңбегін.

4. А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі мазмұнын;

5. Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшеліктерін;

6. Д. Рикардоның басты экономикалық көзқарастарын;

7. Т. Мальтустың халық саны теориясының негізгі.

§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Негізінде табиғи баға (құн) бар, еңбек құны

теориясының бірінші авторы кім?

87

Page 88: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2. Байлықтың құрылуы материалдық өндіріс аясында, ал оның еңбек арқылы пайда болады деген анықтаманы берген кім?

3. А. Смит бойынша «Экономикалық адам» анықтамасының мазмұны.

4. «Смит догмасының» мәні неде?5. Д. Рикардоның басты еңбегі және оның мәні.6. Д. Рикардоның экономикалық көзқарастары.7. Т. Мальтус қандай еңбегінде халық саны

теориясын және оның мазмұнын берді?

§ 3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер.

1. «Дифференциалды жер рентасы» түсінігін бірінші болып енгізген кім?

a) Француа Кенэ;b) Пьер Буагильбер;c) Адам Смит;d) Давид Рикардо;e) Карл Маркс;f) Уильям Петти;

2. Классикалық саяси экономия ілімінің негізі:

a) Еңбекақы;b) Ақша айналымы;c) Жалдамалы еңбекті пайдалану;d) Еңбек құн теориясы;e) Жер рентасы;

3. Материалдық өндіріс өнімі ұлттық байлықтың негізі деген анықтаманы берген кім?a) Ф. Кенэ;b) П. Буагильбер;c) У. Петти;

88

Page 89: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

d) А. Смит;e) Д. Рикардо;

4. Еңбек құн теориясының бірінші авторы:

a) П. Буагильбер;b) Ф. Кенэ;c) Ж. Б. Сэй;d) К. Маркс;e) У. Петти;

5. Төмендегі берілген еңбекақы анықтамасының қайсысы шынайы болып саналады?

a) Бұл жалдамалы жұмысшының табысы;b) Бұл «еңбек өнімі»;c) Бұл «еңбекке ақы»;d) Бұл «еңбек үшін сыйлық»;e) Барлық жауаптар шынайы.

6. Экономия теориясын зерттеудің «модельдік әдісі» теориясының авторы кім?

a) А. Смит;b) Ф. Кенэ;c) Д. Рикардо;d) Ж. Тюрго;e) К. Маркс.

89

Page 90: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

4 ТАҚЫРЫП: ФРАНЦИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН

ДАМУЫ

4.1 Францияның классикалық саяси экономиясының ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі.

4.2 Пьер Буагильбер– Францияның классикалық саяси экономия мектебінің негізін салушы.

4.3 Франсуа Кенэнің физиократизміне сипаттама және оның «Экономикалық кестесі».

4.4 С. Сисмонди – экономикалық романтизм өкілі.

П. Ж. Прудон және оның әдістеріне сипаттама.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

- Францияның классикалық саяси экономиясының ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігін;

- Франция мектебінің ауыл шаруашылық өндіріс кәсібін идеяландыруын;

- Пьер Буагильбердің экономикалық көзқарастарын;

- Физиократизм мектебін құрушы Ф. Кенэ және оның «Экономикалық кестесін».

- Ұлттық табыс, капитал, өндіріс және тұтыну туралы С. Сисмондидің ілімін;

- Ұсақ буржуазияның өкілі П. Прудоның теориясын;

90

Page 91: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

4.1 Францияның классикалық саяси экономиясының

ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі.Францияның классикалық мектебінің

ағылшын мектебінен өзгешелігі мыналар; меркантилизм саясатымен аяусыз күрес жүргізді және ұлттардың түбегейлі байлығын сауданы дамытудан және ақшаны жинақтаудан емес, «жердегіні өндіру» арқылы молшылық жасаудан іздеді. Тек егіншілікпен айналысатын еңбек қана өнімді еңбек деп санады, өйткені онда табиғат пен жер жұмыс істейді деген идеяны уағыздады, қозғады.

Францияның классикалық мектебінің өкілі П. Буагильбер ауыл шаруашылық өндірісін идеаландырып, соны қолдаса, ағылшын мектебінің өкілі У. Петти өнеркәсіпті дамытудың жақтаушысы болды.

Францияның классикалық мектебінің өкілі П. Буагильбер ақша, тауарлар арасындағы әділетті айырбастың бұзылуына себепкері деді, ағылшын У. Петти ақша экономиканың дамуын қозғаушы күш деп санады.

Сонымен Франция мектебі шағын кәсіпкерлердің мүдделерін білдірсе, ағылшын мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғады.

Физиократтардың Франция мектебі (грекше «табиғат билігі») франциядағы классикалық саяси экономия ағымына дамудың негізгі рөлін ауыл шаруашылық өндірісіне беріп, ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады, ал ағылшын классикалық мектебі – өнеркәсіп

91

Page 92: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

капиталистерінің мүдделерін білдірді. Физиократтар үшін «ақша капиталы» деген ұғым болмады, олар ақшаның өзінен-өзі жеміссіз екендігін дәлелдей келіп, оның тек қана айналым құралы ретіндегі бір ғана қызметін мойындады. Ақшаның жинақталуы қауіпті деп санады, өйткені айналымдағы ақша қорға жиналса, онда оның бар пайдалы жұмысы – тауарлар айырбасындағы негізгі қызметінен айырылады деді.

Сондықтан Францияның классикалық мектебі мынандай қорытынды жасады, өндірудің мақсаты – тұтыну деп санады, сондықтан да тұтыну құнын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ағылшын саяси мектебі өндіргіш күштерді дамытуда капитализмнің басты мақсаты – тауар шығару, сондықтан бағалауға және талдауға негіз етіп айырбас құнын алды.

Физиократтардың «таза өнім» доктринасы тек қана ауыл-шаруашылық өндірісінде пайда болады және салықты белгілі бір кезеңде тек жер иеленушілер ғана төлеуге тиісті деген ұғымдары Францияда капитализмнің дамуын тежеді.

4.2 Пьер Буагильбер– францияның классикалық

саяси экономия мектебінің негізін салушы.Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж)

негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын

92

Page 93: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты байлықтың көзі ретінде негіздеу.

П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның ойынша ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген пікірі- Францияның экономикалық идеясында XVIII ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. Осы кезде П. Буагильбердің ойы мен танысқан король Людвиг XIV мануфактураны ұлғайтуға мемлекеттік протекция (қолдау) көрсетіп француз тауарларын экспортқа шығаруды қолдады, сыртқы – импортты тежеп, ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары салық салуды заңдастырды. Бұл өнеркәсіп өндірісінің дамуын тежеп, ұлттық шаруашылыққа үлкен зиян келтірді.

Фермерлік ауыл шаруашылық экономикалық қатынас қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйымда салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады.

П. Буагильбер , У. Петти сияқты меркантилистерге қарсы қоғамдық “байлықтың” өзіндік концепциясын берді.

93

Page 94: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Оның пікірі бойынша ақшаның байлығы оның жиналған массасында ғана емес, сонымен бірге қажеттілікті қамтамасыз ететін заттарды – тауарларды (нан, ет, сүт, шарап, киім-кешектер және т.б).. жатқызды. Мұндай “байшылық” жер иеленушілердің жақсылығынан, ақшаның көптігінен емес, жерді өңдеп, оны уақытында дайындап егін егіп, еңбек сіңіріп, өнім алу керектігін, онсыз өмір сүру мүмкін еместігін дәлелдеді.

Жалпы П. Буагильбер бойынша экономика ғылымының басты міндеті тек қана ақшаны көбейту ғана емес, сонымен бірге тамақ пен киімді көп өндіру, яғни У. Петти сияқты саяси экономия пәні өндіріс саласын талдап, айналым саласына қарағанда оның қоғам дамуына, байлықтың өсуіне маңызы жоғары екендігін мойындады. Буагильбердің өндіріс пен айналыс қатынастарын зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі:- Шектелмеген еркін бәсеке жағдайында

экономиканың тепе-теңдігіне сену;- Ұлттық экономика үшін жеке-дара мүддені

(жеке меншік), қоғамдық мүддеден жоғары санау;

- Шаруашылық өмірінде ақшаның маңызы мен ерекшелігін бағаламау;

- өнеркәсіп пен сауданың маңызын жоққа шығару.Англиядағы Петти сияқты Буагильбергеде

еңбек құны теориясын негіздеуші деген (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді. Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді.

94

Page 95: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Пьер Буагильбер ауылшаруашылық өндірісі францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті бір жақты көтермелеуге қарсы күресті.

Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді.

Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады деді. Француз экономист-социологтары С.Сисмонди мен П.Прудон жүз жыл өткеннен кейін, классикалық мектептің көп ережелерін (теорияларын) жоққа шығарып, өздерінің реформаторлық бағдарламаларында П.Буагильбердің идеяларын қолдады. Мысалы С.Сисмонди халықтың қал жағдайын жақсартуды үкіметтен күтті, утопиялық

95

Page 96: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тілектер мен ғылыми- техникалық прогресс сәйкес келмейтіндігін түсінбеді.

П.Прудон ақшаны жоюды қолдады, утопия мен анархияға толы реформаторлық идеяларды да мойындады.

Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады.

4.3 Франсуа Кенэнің физиократизмінесипаттама және оның «Экономикалық

кестесі».Франсуа Кенэ (1646-1714 жж) –

физиократизмнің негізін салушы және оның басшысы, буржуазия идеологы. Басты шығармасы – «Экономикалық кесте» (1758).

Кенэ жасаған физиократтардың экономикалық үлгісі – бұл капиталистік өндірісті жүйеге келтірген алғашқы тұжырымдама. Физиократтар айналым саласын талдаудан өндіріс саласын талдауға күрт бұрылыс жасап, меркантилизмді сынады. Өндіріс саласын тек ауыл шыруашылығымен шектеді. Физиократтардың басты ғылыми жетістігі – қосымша өнім айналым саласында емес, өндіріс саласында жасалатын мойындауда.

Франсуа Кенэ теңдей үлкен құндарды айырбастау себептерін дұрыс түсіндіре алмады, өйткені құн теориясы жеткілікті түрде жасалмады және ол құнды өндіріс шығындарымен байланыстырды.

96

Page 97: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Физиократтардың экономикалық жүйесінде қоғамдық жиынтық өнім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылық ретінде «таза өнім туралы» ілім айрықша орын алды. Кенэ былай деп санады: ««таза өнім» тек егіншілікте ғана жасалады, табиғаттың әсерімен тұтыну құнының көлемі көбейеді, ал өнеркәсіпте «таза өнім» жасалмайды, егіншілікте жасалған заттың пішіні мен түрін өзгертеді».

Физиократтарды тұтыну құны арқылы алынған артық мөлшердің сандық жағы ғана қызықтырды.

Физиократтардың қосымша құнды түсінуінде қарама-қайшылықтың сипаттамасы болды. Олар оны бірінші табиғаттың сыйы, екінші жермен айналысушылардың қосымша еңбегінің нәтижесі деп санады. Мұндай екі ұдай пікірдің болу себептері – құнның қоғамдық табиғатын түсінбеушілік және құнды тұтыну құнымен араластырып жіберумен байланысты.

Меркантилистерден физиократтардың өзгешелігі, олар «таза өнімді» өндіруші өнімді еңбек – яғни бұл еңбек, қосымша құн жасайтын еңбек деп бекітті. Бұл өнімді еңбектің табиғаты туралы дұрыс айтылған ой. Дегенмен, олардың пікірі бойынша, тек егіншілікте ғана өнімді, еңбек бар ал өндірістің өзге салаларындағы еңбек – «жеміс бермейді», яғни өнімсіз еңбек деп түсіндірді. Бұл – шындыққа жанаспайды. Өндіріс салаларына қатысты, еңбектің барлық түрі қосымша құн жасайды, яғни бұдан шығатын қорытынды,

97

Page 98: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

еңбектің бар түрі өнімді еңбек болып саналады. Өзінің «таза өнім» көзқарасына сәйкес Кенэ қоғамды үш тапқа, қласқа бөлді (класс деген терминді бірінші Кенэ қолданды):

1). Өндіруші тап (фермерлер),2). Жер иеленуші тап (королдар, шіркеулер),3). «жеміс бермейтін» тап (қол өнершілер, жұмысшылар).

Кенэнің таптық құрылымында жұмысшылармен капиталистер біріккен, дербес тапқа бөлінбеген. Дегенмен олардың ұдайы өндіріс процесіне қатысуын ескере отырып, қоғамды таптарға бөлудің экономикалық белгілері мен экономикалық негіздерін айқындауға талпыныс жасаудың өзі үлкен ғылыми жетістік болып саналады.

Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы нобайын (үлгісін) ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген.

Франсуа Кенэнің «ұдайы өндіріске талдау жасауының» бастапқы сәті – жылдық астық және өндіріс тауарларын өндірушілер (фермерлер мен жалдамалы жұмыс күші); жер иеленушілер (жалгерлік ақы алушылар); қолөнершілер («жеміс бермейтін» тап) арасында жүзеге асырылып заттай және ақшадай айырбас болып саналады.

Франсуа Кенэ «қыйсығының» күрделі жүйесін түсінуді жеңілдету үшін оның

98

Page 99: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кестесінің нобайын беруге болады. (1 үлгіге қараңыз). Кестеден көрініп тұрғандай, айналым қозғалысы 2 млрд. ливрді фермерлер, жер рентасы ретінде, жер иеленуші табына төлеуден басталады, (тауар айналымы әлі жоқ), бұл 1 акт. Ал, жалпы айналымға фермерлердің ауыл шаруашылық өнімдерінің 5 млрд. ливр мен жеміс бермейтін таптар, қолөнершілердің 2 млрд. ливр, тұрақты өндіріс тауарлары яғни барлығы 7 млрд. ливр тауарлар кіреді. 5 млрд. ливр ауылшаруашылық тауарларынан фермерлер, 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қор қалдырады. Сонымен айналымға 3 млрд. ливр ауыл шаруашылық тауарлары мен 2 млрд. ливр қолөнершілердің өндіріс тауарлары кіреді.- 2 акт, жер иеленушілер табы фермерлерден

алған 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливрді фермерлерге қайтарады;

- 3 акт, жер иеленушілер табы қалған 1 млрд. ливрге қол өнеркәсіпшілерден керекті киім -кешек және сән - салтанат заттарын сатып алады, қол өнер кәсіпшілер табы 1 млрд. ливр «тірі ақшаға ие болады»;

- 4 акт, қолөнер кәсіпшілері қолма қол 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық тамақ өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливерді фермерлерге қайтарады;

- 5 акт, фермерлер табы қолөнер кәсіпшілер табынан өндіріс құрал жабдықтары

99

Page 100: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мен еңбек құралдарын, саймандарды сатып алады;

- 6 акт, қолөнер кәсіпшілері табы 1 млрд. ливрге фермерлер табынан келесі жылы өндіріске керекті шикізат түрінде ауыл шаруашылық өнімдерін, қосымша материалдарды сатып алады.

Қоғамдық өнімді өткізу осылайша аяқталады. Фермерлер келесі жылы жер иеленушілерге рента түрінде төлейтін 2 млрд. ливр алды, және 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қоры бар.

Тұтастай алғанда, Кенэ үлгісі қарапайым ұдайы өндірістің, жыл ішіндегі ұлттық шаруашылық деңгейіндегі өндірілген тауар және ақша ағындарын сипаттайды. Осы арқылы ол ұдайы өндірістің барлық жағдайлары мен сәйкестіктерін көрсетіп, тарихта бірінші рет экономика ғылымының макроэкономикалық үлгісін жасады.

Ең бастысы, Кенэ кестесінде өнімдер мен ақша ағындарының қозғалысын кескіндейтін арифметикалық есептер емес, өндіріс пен айырбастың кейбір актілері зигзаг үлгісінің, кестелері беріліп, өндірістің жалпы қозғалу жағдайының кескінді түрлеріне талдау берілгендігінде. («зигзагтар» - бір таптан (кластан) екінші тапқа тауарлар мен ақшалардың ағылуы).

Кестеде, кірістер қайдан пайда болады, жиынтық және таза өнім қалай жасалады, олар қалай бөлінеді, өндіріс шығындарының орны қалай толтырылады, осылардың бәрі

100

Page 101: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

көрсетілген. Кенэнің еңбегі мынада: бүкіл қоғам ауқымында жылдық айналым түрінде өнімдер қозғалысының кестесін бере отырып, үш негізгі таптың (кластың) өзара байланысының алғашқы макроэкономикалық сынын жасады. Оның идеясы қоғамдық ұдайы даму өнімді есептеуде, халық шаруашылығы балансының үлгілерінде пайдаланылады.

1 үлгіФ.Кенэ кестесі (“қыйсығы”)

101

І акт, ( 2 млрд. ливр

жер рентасы төленді)

ІІ акт фермерлерден 1

млрд. ливрге жер иелері азық-түлік

сатып алды

ІІІ акт 1 млрд. ливрге

жериелері киім кешек, әсем

қымбат заттарды сатып

алады

Өндіруші тап (класс)

(фермерлерде, жер рентасы

нтөлейтін 2 млрд. ливрлер бар)

Жер иеленуші тап (король,

шіркеу иелері, рента алушылар)

“Жеміс бермейтін” тап

(ремесленниктер, жұмыскерлер, капиталистер)

ІV акт 1 млрд. ливерге

ремеслениктер азық – түлік сатып алады

V акт 1 млрд. ливрге фермерлер

киім - кешек, өндірістік құрал-

сайман сатып алады.

VІ акт 1 млрд. ливрге

ремеслениктер өндіріске керек

шикі заттар сатып алады

Page 102: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1. Бірінші сызық ақша (ливрдің) айналымыЕкінші сызық тауар айналымы

2. 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры

4.4 С. Сисмонди – экономикалық романтизмнің өкілі.

Экономикалық романтизм – ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіретін экономикалық ойлар ағыны. Ол ұсақ қол өнер кәсіпшілері мен шаруалардың кедейленуінің себебінен, жұмыссыздардың үлкен армиясының пайда болуының себебінен өнеркәсіп төңкерісі мен буржуазиялық революцияның экономикалық романтизмнің пайда болуының бір түрі еді.

Швейцариялық экономист Сисмонд де Сисмонди (1773-1842 жж) Франциядағы классикалық мектептің аяқтаушысы және экономикалық романтизмнің негізін салушы болып саналады.

Сисмонди өзінің басты еңбегі «Саяси экономияның жаңа бастауында» классикалық мектептің экономикалық көзқарастарына сын

102

Page 103: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тұрғыдан баға берді. Ол былай деп санады: саяси экономия – бұл адамгершілікті ғылым, адам факторы (сезім, қажеттілік және т.б.) алынған оның негізі етіп абстрактылы категориялар (еркіндік, теңдік, бақыт және т.б.) абстрактылы түсіндіктерінен тұрады, осыған сәйкес тарихты оқып-үйрену де адамдар тәжірибе сабақтарын алуға тиіс. Ол байқағандай өмірде сұраныс ұсынысқа өздігінен бейімделуінен, артық өндіруден болатын дағдарысты жоққа шығарды. Ол қоғамның барлық зұлымды, қас жауы деп еркін бәсекелестік тәртібін өткір айыптады. Экономикалық бостандық емес, мемлекеттің экономикаға араласуы Сисмондидің талабына айналды. Еркін бәсекелестік тәртібін айыптай отырып, ол фабрикалық өндіріс пен фермерлік шаруашылыққа қарсы қолөнер кәсіпшілерінің, цехтық құрылысы пен патриархалдық шаруа қожалықтарын қарама қарсы қойды.

Сисмонди былай деп тұжырым жасады: жұмысшылар жұмыстарынан айырылады, көшеге лақтырылып тасталады; жұмысшылардың еңбекақылары төмендейді; өндірілген өнімдерге деген олардың сұранысы мен тұтыну қажеттілігі төмендейді; экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды. Дағдарыстардың себептері өткізілген өнімдер құнының қоғамның табысымен сәйкес келмеуінде, жинақтау процесінің себебінен тауарлардың толық тұтынылмауында. Сисмондидің дағдарыстар теориясындағы қателігі, қоғамдағы өндірістік және жеке тұтынуды шектемеуінде болды, яғни ол

103

Page 104: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

станоктар мен машиналар нарығы тұтыну тауарлар нарығынан тәуелсіз, айырықша нарық жасалатындығын түсінбеді.

Сисмонди ең жақсы экономикалық жүйе деп ұсақ тауар өндірісін санады; өндірістің цехтық жұмыс тәртібін қорғады, ал бәсекелестік пен жалдамалы еңбекті теңсіздіктің себептері деп қарады. Оның пікірі бойынша еркін бәсекелестік тауар өндірушілер мүдделерін қақтығыстырады, сондықтан да оны мемлекеттің араласпау қағидаларын заңды түрде жойып, байлықты шоғырландыру мөлшерін белгілеп, қалғанын ұсақ кәсіпкерлер арасында бөлінсін деді. Ол жұмысшы табының экономикалық жағдайын жақсарту реформасының әлеуметтік бағдарламасын жасады.

Дегенмен, Сисмондидің ұдайы өндіріс пен дағдарыстар теориясындағы негізгі қателігі, оның капиталистік өндірістің мақсаты – тұтынуды қамтамасыз ету емес, қосымша құн өндіру екендігін түсінбеуінен тұрады. Міне, сондықтан да, ол ішкі нарықтың пайда болу процесін, капитализмнің ұсақ тауар өндірушілерді кедейлендіретінін капиталистік өндіріс қатынастарынан пайда болатындығын сезбеді.

Сисмондидің экономикалық көзқарастарын қорытындылай келіп, былай деп айтуға болады: ол өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама қайшылықты тұтас түрде қарастырды, сонымен ол капитализмнің өзіндік қарама қайшылықтарының негізгі формаларының бірі болып саналатындығын көрмеді. Ол ірі машина

104

Page 105: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өндірісінің прогрестік рөлін жете бағаламады, капиталистік мемлекет ірі өндірістің дамуын тежейді деп жалған болжам жасап, мемлекеттің таптық сипатын жоққа шығарды.

4.5 П.Ж. Прудон және оның әдісінін сипаттамасы.

Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Сондықтан да ол «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қарама қайшылықтар жүйесі немесе кедейлік философиясы» деген еңбектерінде жеке меншікке қарсы шықпастан, ірі өнеркәсіп орындары, темір жол көліктері жұмысшылар мен қызметкерлер ассоциацияларының қолына өтуін ұсынды.

Прудон, ұсақ меншік иелерінің акционерлік кәсіпорындарын құру мақсатымен тауар өндірушілерге «жұмыс квитанцияларын» беретін халық банкесін құру жолымен айырбасты қайта құру жобасын алға жылжытты. Прудонның жоспары бойынша «жұмыс ақшасын» енгізу арқылы нақты ақшаны жойып еңбексіз табыстарды, капитал мен қанауды жою мүмкіндіктерін көрсетті. Прудоның мұндай қате пікірлері оның капиталдың негізі пайдамен және пайызды түсінбеуінен болды.

Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі

105

Page 106: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық) банкесін ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды.

Прудонның әдістерінің (методтарын) қателігі мынада: ол экономикалық құбылыстарды заңдық көзқарас тұрғымен түсіндірді, ал мемлекет заңдарынан туындайтын «бұйрықтарды» кез келген өзгерте алады деді. Прудон ұсақ жеке меншікті мәңгілік етуді армандады.

ТҮЙІНФранцияның классикалық саяси

экономиясы байлықтың көзі айналым емес, өндіріс болып саналады деп, меркантилизмге қарсы күресті. Франциядағы классикалық саяси экономия ағымы экономикада негізгі рөлді ауыл шаруашылық өндірісіне беру физиократтардан басталды және олар ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады.

П. Буагильбер Франциядағы классикалық мектептің негізін, еңбек құны теориясын құрушы болып саналады. Оның пікірі бойынша, құнның шамасы еңбек шығындарымен анықталды. Ол «барлық байлық» ұғымына

106

Page 107: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ақшаны ғана емес, сонымен бірге дүние мен заттардың бүкіл алуан түрлерін қосты.

Франсуа Кенэ – өзінің басты еңбегі «Экономикалық кестеде» ұдайы өндіріс теориясын жасады, яғни жылдық жиынтық өнімді таптар - кластар арасында бөлімдеді.

Ұсақ буржуазияның саяси экономиясының өкілдері С. Сисмонди мен П.Ж. Прудон ұсақ тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, оны мәңгілік етуді армандады.

Негізгі терминдер:Классикалық мектеп.Меркантилизм.Ұсақ тауар өндіруші.Физиократтар.Құн теориясы.Табиғи тәртіп.Экономикалық кесте.Экономикалық романтизм.Әлеуметтік реформа.

Практикум:§1 Енді Сіз білесіз:

1 ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Францияның экономикалық даму ерекшеліктерін дұрыс атап көрсету;

2 П. Буагильбердің экономикалық көзқарастарын сипаттап бере білу;

3 «Физиократизмдік» экономикалық ағым дегеніміз не деген сұраққа жауап бере білу;

4 Кенэнің экономикалық көзқарастарын айтып бере білу;

107

Page 108: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5 Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесінің» маңызы қандай екендігіне жауап бере білу;

6 Франциядағы ұсақ буржуазиялық экономикалық ағымның пайда болу себептерін түсіндіре білу;

§2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Франциядағы классикалық саяси

экономияның пайда болу себептерін түсіндірініз.

2. П.Буагильбердің – классикалық саяси экономияда алатын орны.

3. Ф.Кенэнің «экономикалық кестесінің» негізгі идеялары.

4. Кім бірінші саяси экономияға «тап» (класс), «ұдайы өндіріс» деген терминді енгізді.

5. Физиократтар өкілдерінің экономикалық көзқарастарын түсіндіріп берініз.

6. С. Сисмонди мен П. Прудоның францияның саяси экономиясындағы рөлі.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. Францияның классикалық саяси экономиясының ерекшелігі ... көрінеді:a) Франция ХVІІІ ғасырда дворяндар мен

монарх үстемдік еткен феодалдық ел болуынан;

b) Ауыл шаруашылығының артта қалушылығынан;

c) Өнеркәсіптің нашар дамуынан;d) Сыртқы сауданың дамымаушылығынан;

2. Франциядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы?

108

Page 109: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

a) Монкратьен;b) У. Петти;c) Ф. Кенэ;d) П. Буагильбер;

3. Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесінің» маңызы ...

a) Ұлттық шаруашылық ауқымында тауарлар мен ақшаның айналымын көрсетуіде;

b) Ұдайы өндірістің жалпы жағдайына кескінді талдау жасауда;

c) Шығындарды ақша формасында негізгі және айналым капиталына бөлінуде;

d) Кірістердің пайда болуын, жиынтық және таза өнімдерді жасауды зерттеуде;

e) Техникаға, жалгерлік ақыға, жерді жақсартуға, тұқымға және т.б. жұмсалатын шығындарды өтуге талдау жасауда;

4. С. Сисмондидің экономикалық көзқарастары ...

a) Өнімдерді өткізу проблемасын шешу жолымен өндірісті ұлғайтуда;

b) Классикалық мектеп көзқарастарына қарсы шығудан;

c) Жұртшылықтың жеткілікті тұтынбауынан, сұраныстың төмендеуіне байлықты артық өндіруден болатын дағдарыстың сөзсіздігінде;

d) Капиталды жинақтауға қарсы тұрудан;e) Меншікті бөлуге мемлекеттің

араласқандығында;

109

Page 110: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5. Байлықтың көзі ауыл шаруашылық деп, ал қол өнер кәсібің жеміс бермейтін шаруашылық деп қай экономикалық теория санады:

a) Меркантилистер;b) Классиктер;c) Неоклассиктер;d) Кейнсиандықтар;e) Марксистер;f) Физиократтар;

6. «Таза өнім» түсінігін кім бірінші пайдаланды?

a) П. Буагильбер;b) А. Смит;c) К. Маркс;d) Д. Рикардо;e) Ф. Кенэ; f) С. Сисмонди.

110

Page 111: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5 ТАҚЫРЫП: САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ГЕРМАНИЯДА ДАМУЫ

5.1 “Ескі” және “жаңа” тарихи мектептердің пайда болуы.5.2 Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы.5.3 К.Маркстің методологиясы және “Капиталды” жазуы.5.4 “Капиталдың” үш томының құрылымы.5.5 Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі.

Аталмыш тақырыппен танысып, Сіз мыналарды білесіз:

- неоклассикалық ойларға қарсы болған экономикалық тарихи мектептерді;

- Марксизмнің пайда болуының тарихи жағдайын;

- К. Маркс пен Ф. Энгельстің экономикалық көзқарастарының эволюциясын;

- “Капиталдың” үш томының құрылымын;

5.1 “Ескі” және “Жаңа” тарихи мектептердің пайда болуы.

“Ескі” және “жаңа” тарихи мектеп неоклассицизм мен марксизмге қарсы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Германияда пайда болды. Экономикалық ойлардың “Ескі” мектебінің өкілдері Ф.Лист, В.Ромер, Л. Бретано, В.Зомберг, және т.б. саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарастырды.

111

Page 112: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық зерттеулер бағдармасында жаңа өзгерістер пайда болды. Маржиналдық революциядан кейін туған шекті пайдалылық тұжырымдама өкілдерімен еңбек құн теориясы жақтастарының күресі экономист-теоретиктердің негізгі назарын өзіне аударды. Экономикалық теорияның аса “жемісті тармақтары” пайда болды. Олардың кейбірі әлі күнге дейін даму үстінде. Осы тармақтарға “ескі” және “жаңа” тарихи мектептер, бағыттары әлеуметтік мектептер, институционализмдер және т.б. жатады.

Осы мектеп өкілдерінің көзқарастары саяси экономияның белгілі “магистралды” (күретамыр) бағыттарымен тоғыспауы, олардың классиктер мен марксизмді және маржинализмді сынауы, яғни теориядағы кез келген ортадоксальдыққа қарсы шығуы, бұл мектептер мен бағыттардың барлығына ортақ болып саналады. Осы ортодоксальдық емес бағыттардың өкілдері қандайда бір елдің экономикаға ықпал етуінің экономикалық емес факторлармен түсіндіріп, оны саяси экономия пәнінің тәжірибесіне енгізді.

Шын мәнінде, барлық экономикалық құбылыс пен процестерді ішкі экономикалық қатынастар негізіне ғана, микроэкономика немесе ұлттық және әлемдік шаруашылық жүйесі арқылы түсіндіруге болмайды. Белгілі ортодоксальдық бақыт өкілдері осындай бір факторларды әртүрлі, кейде қарама қайшы көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Түсіндіре алмаған теориялық абстракцияларды

112

Page 113: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикалық ғылымның әр түрлі дамуымен байланыстырады. Осындай даму әр елдерде пайда болады. Кейбір неміс оқымыстылары мұндай дамудан ағылшын экономистерінің ұлттық пайдакүнемдігін көрді.

Бірінші болып неміс экономистері оны тарихи бағыт (мектеп) деп атады (“ескі” және “жаңа” мектептер).

Ф.Лист (1789-1846 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі және оның негізін қалаушы болып саналады. Оның негізгі еңбегі – “Саяси экономияның ұлттық жүйесі” (1841). Оның экономикалық көзқарастарынша: “Әрбір елге өзіндік ұлттық саяси экономия тән, сондықтан да жекелеген елдердің экономиясы өзіндік заңдары бойынша дамиды” деген. Сондықтан да Лист: “Герман мемлекеті, біртұтас жалпы ұлттық нарық құру және ұлттық экономиканы шетелдіктер тарапынан, ең алдымен ағылшын кәсіпкерлері тарапынан болатын бәсекелестіктен қорғау мақсатымен, экономикаға белсенді араласуы тиіс” – деп бекітті.

Экономист – тарихшылар бірте-бірте саяси экономияны экономикалық тарих пен экономикалық саясатпен алмастыра отырып, өз тұжырымдамаларын осы рухта әзірледі. Саяси экономияны, ұлттық ғылым ретінде ғана емес, сонымен бірге, табиғи даму ерекшеліктерімен, халықтың сипатымен, оның мекемелері мен институттары арқылы айқындалатын, ұлттық шаруашылықты зерттеп-үйренуге шақыратын ғылымға тән болды.

113

Page 114: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Лист ұлттық саяси экономиканың міндеті, ұлттық өндіргіш күштерінің дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды айқындаудан тұрады деп санады. Оның түсінігі бойынша ұлттық байлық оның өндіргіш күштерінен тұрады.

Өндіргіш күштердің дамуына талдау жасау негізінде ол өндіріс дамуының үш сатысын: егіншілік, егіншілік - өнеркәсіптік және өнеркәсіп сатыларын бөліп көрсетті. Классикалық және неоклассикалық бағыттарға қарсы ара салмақ ретінде ол протекционистік мемлекет саясатын қорғады.

Әлемдік сауданың маңызын қарастыра отырып, ол әлемдік нарықта, бәсекеге қабілеті жетпейтін экономика салаларын дамыту қажет деп санады.

В.Рошер (1817-1894 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі. Оның басты еңбегі – “Тарихи әдіс көзқарасы тұрғысынан негізгі экономия курсының сыны”. Оның экономикалық көзқарасынша, саяси экономия – бұл әлеуметтік шаруашылық туралы ғылым. Саяси экономияны оқып үйренуге ол тілді, дінді, өнерді, ұлттық құқықты, мемлекет құрылысын және өндірістің дамуы саясатының әртүрлі қорларын кең білу керек деп санады.

В.Рошер өндіріс процесіндегі адам факторын жоғары санап және ол қоғамның салты мен дәстүрлеріне сүйене отырып, адамның әділдікке ұмтылатындығын атап өтті.

Бұл бағыттың екінші тармағы – ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары Германияда пайда болған “жас” тарихи мектеп (тез арада ол

114

Page 115: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

басқа елдерде кең тарау алды). Оның өкілдері – Г.Шмоллер, Л.Брентано, В.Зомбарт, М.Вебер және тағы басқалар. Бұлар жаңа жағдайларда “ескі” тарихи мектеп әдістерін дамытты. Германия осы кезде біртұтас ұлттық мемлекет болды, алайда ұлтшылдық мотивтері мен мемлекетке табынушылық (культ государства). Германияның сыртқы экономикалық басқыншылығына дем беретін дәстүрлі белгілер болып қалды. Марксизм мен пікір таластырудың идеологиялық қажеттілігі аса маңызды роль атқарды.

“Жаңа” тарихи мектеп өкілдерінің еңбектерінде эмпиризм аналогиясы (ұқсастығы) марксистік теорияға тікелей қарсы көзқарастармен үйлесті. Шмоллердің берген бағаларына сәйкес, К.Маркс “дәл эмпирикалық зерттеулердің осы заманға талаптарынан бәрінен көбірек кейін шегініс жасай отырып, әлемдік және адамды білусіз спекулятивтік классикалық оқымысты типін білдірді”. Осындай мінездемені өзінің шығармасы “Монблан факторларында” жазған Шмоллердің ойы бойынша, шындығында К.Маркстің қорытындылары “абстрактылы ұғым мен жалпы тарихи – философиялық бейнелер”, адамзаттың революциялық тәжірибесімен расталады дейді.

Жаңа тарихи мектеп өкілдерінің еңбектерінде капитализмнің теориялық проблемалары – құн, қосымша құн, капиталдың негізі, капиталистік жинақтаудын тарихи дәстүрлері нақтысында алынып тасталды,

115

Page 116: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикалық заң идеясының өзі қалай болса солай үшінші есепке шығарылады.

“Жаңа” кезенде экономист – тарихшылардың еңбектерінде жаңа сюжеттер пайда болады. Еуропаның барлық елдерінде жаңа әлеуметтік және таптық қақтығыстар мен егестер туындады. Әлеуметтік тұрғыдағы солшыл ұйымдар проблемаларды революциялық әдіспен шешуге ұмтылды. Либералдық буржуазия, революциялық қарсы тұрулардың жеміс бермейтіндігін көре отырып, және олардың жолын куушылар қақтығыстық ахуалдардан шығудың реформаторлық жолдарын іздеді. Еріксіз бірсыпыра елдерде, ең алдымен Германияның өзінде, мемлекет, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға ұмтылды (Бисмарктың жүзеге асырғанындай). Ендігі жерде ғалымдардың өздері әлеуметтік процестер мен құқықты – яғни жұмысшылар мәселелерімен шұғылданды. Мәселен, егер оңшыл Т.Шмоллер жұмыс күнін заңды тұрғыда шектеуге, кәсіподақ қозғалысының заңдылығын тануға қарсы шығып, кәсіпкерлер одақтарының ұйымын құруға, локауттар мен “қара тізімдерді” қолдануға шақырса, Бретоно либералдық буржуазия мүдделерін қорғай отырып, пролетариаты революцияландыруға қарсы пәрменді құрал ретінде реформаторлық саясатты қолдады.

Брентано “экономикалық процестер мен құбылыстар әрқашанда ұлттық қатынастар және олармен байланысты салттар және құқықтық негіздер мен реттеледі” деп санады. Немесе, оның ойын одан да нақтырақ айтсақ,

116

Page 117: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кәсіподақтар, кооперация, фабрика заңдары, әлеуметтік сақтандыру шаралары, жұмысшы табының жағдайын түбегейлі түрде жақсарта отырып, осы негізде қоғамдық таптық татулықты қамтамасыз ете алады деді. “Әлеуметтік – экономикалық реформаларды” тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін ол “жаңа” тарихи мектептің өкілдерімен бірге 1872 жылы “Әлеуметтік саяси одағын” құрды. 1873 жылы осы одақтың қатысуымен жұмысшыларды кәсіпкерлердің қысымынан қорғау және “мемлекеттік социализм идеясын дамыту мақсатында бірнеше заңдар қабылданғанына қарамастан, саяси одақтың сынаушылары, оны тек қана саяси жоба, қатедер - социализмі (кафедралық социализм) деп, оның Германияда үлкен болашағы жоқ деп түсіндірді.

Бретано экономикалық процестерге математикалық зерттеулер жүргізуді, мойындамады, өйткені “экономикаға қатысты адам психикасы аса күрделі, есепке келмейді” деді.

Тарихи зерттеу мектебінде В.Зомберттің (1863-1941 жж) орны айрықша. Зомберт марксизмнен фашизмге дейін өтті. Ол өзінің ғылыми карьерасын “Неміс социализм” деген кітабымен аяқтап, герман тоталитаризмінің ерлік рухын еврейлердің “Капиталистік” рухына қарсы қоюды насихаттады.

Тарихи және әлеуметтік мектептерді қалай сынамаса да, мынаны мойындау қажет. Тура осы мектептің өкілдері толық экономикалық өмірді көрсете отырып, “таза

117

Page 118: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

микроэкономистер”, әсіресе саяси экономияда математикалық бағыттың “институционализм” деп аталушы жақтастарына қарағанда қондырма мен базистік қатынастар арасындағы кері байланыстарға алғашқы рет талдау жасады. Бұл үлкен ғылыми жетістік.

5.2 Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы.

Марксистік саяси экономияның ХІХ ғасырда пайда болуы, әлемдік экономика ойларында аса маңызды оқиға болды. Марксизмнің негізін салушылар экономикалық ойларды зерттеуге, оның пәні мен әдісін түсінуге, капитализмнің категорияларын, оның әлеуметтік табиғаты мен тарихи тағдырын түсіндіруде түбірлі революциялық төңкеріс жасады.

Марксизмнің қалыптасуы, соншалықты маңызды тарихи дамудың негізгі шарттарының бүкіл барысымен әзірленді. Ол шарттар алуан түрлі болды және әртүрлі факторлардың әсерімен пісіп-жетілді.

Федолизмнің күйреуі мен капитализмнің нығаюы ажырағысыз байланыстардын тарихи жағдайының зор маңызы болды. Марксизмнің негізін салушылар сол дәуірдің замандастары еді. ХІХ ғасырдың басында алғашқы бетте Англияда болған өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндірісті экономиканың негізіне айналуға әкелді. Машиналық өндірістің дамуы жұмысшы табының жағдайының нашарлауға, (Франциядағы (1831-1834) Лиондық тігіншілердің, Англиядағы - Чартистік

118

Page 119: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қозғалыстың (30-40-ші жылдар); Германиядағы Силезия тоқманшылардың (1844) бас көтерулері), пролитарият пен буржуазия арасындағы қарама-қайшылықтардың, асқынуын туғызды. А. Смит пен Д.Рикардо уақытына қарағанда басқадай экономикалық ахуал пайда болды. Капитализмді терең және жан-жақты талдау үшін қажетті алғы шарттар қалыптасты.

ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған марксизм сол уақыттағы әлеуметтік – экономикалық қозғалыстардың тәжірибесін, теориялық жинақтап қорыту болып саналады.

Англияда өнеркәсіп төнкерісінің зардаптарына баға беру Маркс пен Энгельстің экономикалық зерттеулерінің маңызды тақырыбына айналды. Англияның фабрикалық жүйесі, өндіргіш күштердің бұрын болып көрмеген дамуын туғызды. Капитализмнің прогрестік рөлі шындыққа айналды, капиталистік қоғамды дамыту, ең алдымен өндірістік қатынастарды, сондай – ақ таптық құрылымдарды, саяси жүйені, идеологиялық қондырмаларды дамыту үшін өндіргіш күштердің маңызын айқындайтың көрсеткіштер пайда болды.

Капиталистік негіздегі экономикалық прогресс халықтың зардап шегулерімен төленетің өнеркәсіп төңкерестерінің әлеуметтік зардаптардың шыни тұрғыдан зерттеу, марксизмді қалыптастыру үшін айрықша маңызға ие болды. Капиталистік бәсекелестіктің ықпалы мен ұсақ буржуазия жаппай кедейшілікке ұшырауы байқалды. Қол

119

Page 120: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өнершілер, шаруалар мен ұсақ саудагерлер, жұмыссыздар пауперлер қатарына қосылды

Техникалық прогресс еңбекті интенсивтендіруді және оған қатты бақылау жасауды күшейтті Осындай жағдайларда әйел және бала еңбегін қанау күшейе түсті. Еңбек күні ұзарып, еңбекақы төмендеді, фабрика жұмысшылары аяушылық жағдайда өмір сүрді.

1825 жылдан басталған экономикалық дағдарыстар капитализм экономикасына мерзімді сілкініс жасай отырып, жаппай жұмыссыздықты тудырды. Сондықтан да, капитализмді сынау, оның дамуының әлеуметтік зардаптарын көрсету марксизмнің маңызды міндеттеріне айналды.

Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуы, әдетте таптық күрестің жайшылықтағыдан тыс асқыну нәтижесінде туындайтын, революциялық төңкерістермен ілеспелі болатын. Капитализмнің пайда болу кезінде осындай тарихи даму жолы орын алды. Бұған ұлы француз революциясы айқын мысал. Бұл революция жалпы европалық маңызға ие болды, ол Франциядағы сеньордар тәртібін күйретіп қана қойған жоқ, сонымен бірге басқа елдерде де сілкініс туғызды, жұмысшылар саны аса тез қарқынмен өсті, өнеркәсіп төңкерістері барысында пролетариаттың қалыптасуы Марксизм генезисінің әлеуметтік базасы болып саналды. Оның ұлғая түсуі капиталистік қанау аясының кеңеюі фабриканттар мен зауытшылар пайдаларының

120

Page 121: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

екі еседен артық өсуіне әкелді. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі қала халқының тез өсуін туғызды. Өнеркәсіп төңкерістері уақытындағы азап пен кедейшілік жағдайында социализм үшін күрес бүкіл әлемдік тарихи маңызға ие болады. Осы маңызды ролді ашып көрсету марксизм үшін басты мақсат болды.

Марксизм философиясында социологияда, саяси экономияда тарихи зерттеулер пролетарлық бағыт ретінде қалыптасты. Пролетариаттың қалыптасуы мен марксизм генезисі арасында тығыз және тікелей байланыс болды. Пролетариат, буржуазияның таптық антогенизісі ретінде өнеркәсіп төңкерістері арқылы пайда болды. Оның міндеттері мен тарихи рөлін марксизм тамаша шеше білді.

Маркс пен Энгельстің алғашқы бірлесіп жазған еңбегі «Қасиетті тек немесе сыни сынға сын» (1844).

Философиядағы субъективтік иедализм позициясынан дәйекті түрде ұстанған жас гегельдіктердің көзқарастарын сыни тұрғыдан талқылады, әсіресе өзіндік тұлғадағы «сыни сын» тарихындағы жеке тұлғалардың маңызын асыра көрсетті.

Өндіріске деген меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің іргетасының негізі болатын. Соған сәйкес өндіріс құралдарына меншік қатынасы кез келген экономикалық жүйенің басты мәселесінің негізіне жататын жайлардын бас ережелері болып саналады. Еңбек өнімі бөтеннің өнімі ретінде қатысады, пролетарит өз еңбегімен

121

Page 122: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

басқаның байлығын құрайды. Маркс пен Энгельс еңбек ақы мен пайда арасындағы кері тәуекелділікті түсіндірді. Пролетариат пен байлық тұтастықтың қарама-қарсы екі жағын құрайды, осыған орай капиталистер оны сақтауға мүдделі, пролетариат бұл тұтастықты жоюға еріксіз мүдделі. Пролетариат пен байлықтың тұтастығын жою Маркс пен Энгельстің пікірі бойынша жеке меншікті жоюды, сонымен бірге пролетариаттың өзін жоюды білдіреді.

«Қасиеттік тек» еңбегінде құн теоиясын жасау маңызды орын алады. Өндірістің үш факторлы теориясын сынай отырып, Маркс пен Энгельс бәсекелестікті назарға алмайтын болсақ деді, онда айырбас келістігінің пропорциясы біріншіден қандай да бір затты өндіруге жұмсалған шығындармен (өндіріс шығындарымен), екінші жағынан оның пайдалылығымен анықталады деп жазды.

Маркс пен Энгельстің келесі бірлесіп жазған еңбегі – «Неміс идеологиясы» (1845-1846 жылдары жазылған), негізінен «Қасиетті тек» кітабының жалғасы болып саналады. Бұл еңбек, сол кезеңде Германиядағы негізгі философиялық ағымдарды сыни тұрғыдан талдауды білдірді.

Мұнда марксизм саяси экономиясының одан әрі дамуына негіз болып саналатын, қалыптасқан тарихи материалдық түсінік көрсетілген.

«Неміс идеологиясының» негізгі тезисі материалдық өндіріс ірге тасы кез келген идеологиялық қондырманың базисін

122

Page 123: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

құрайтындығынан тұрады. Өндіріс дамуының деңгейі еңбек бөлінісі жүйесімен айқындалады. Еңбек бөлінісі жүйесін дамыту бірнеше кезеңдерден: алдымен өнеркәсіп пен сауданың егіншіліктен бөлінуі, одан әрі сауданың өнеркәсіптен бөлінуі, ең соңында ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі арқылы өтеді.

Еңбек бөлінісінің дамуы сауда мен мануфактураның, өз кезегінде, ірі буржуазияның пайда болуына әкеледі. Осыған орай капитализмнің дамуы мануфактуралық сатыда экономикалық саясаттағы протекционизіміне сәйкес келді. Машиналы өндірістің және әлімдік нарықтың дамуы, осылармен бірге капитализмнің ақша жүйесінде (ақшамен сауда жасаудың, банктердің пайда болуы) әмбебап үлгілі еркін бәсекелестігін туғызды.

Өндірісте, одан туындайтын барлық зардаптармен бірге, ірі өнеркәсіп капиталының үстемдік ету дәуірі басталады.

1847 жылы К. Маркстің «Философия жұтаңдығы» еңбегі жарық көрді, бұл П. Прудоның «Экономикалық қарама-қайшылықтар жүйесі немесе философияның жұтауы» еңбегіне пікірталас ретінде берілген жауап болатын. Онда философиялық және экономикалық ой-пікір, көзқарасқа сыни талдау берілген. Сондай-ақ, оның теориялық жүйесін құру әдісі – тауардың тұтыну құны молшылық пен ұсынысты, ал айырбас құны – сиректік пен сұранысты білдіреді. Оны өндіруге жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарымен анықталатын яғни бір өнімді

123

Page 124: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

екіншісіне айырбастау пропорциясы Рикардоның осы екі қарама-қарсы құнының синтезі болып саналады деді. Осыған орай Прудон өнім құны мен еңбек ақыны теңестірді, жұмыс істеушінің еңбегі толық төленеді деп санады.

«Философия жұтаңдығында» Маркс капиталдың сала аралық құйылуы (ағыны) нәтижесіндегі салалар пайдасының нормаларының жіктелу проблемаларын қарады. Сондай-ақ қоғамдық еңбек бөлінісі мен еңбек құралдарының проблемаларын зерттеді; дифференциалды жер рентасын, жер бағасын, жалгерлік ақыны талдады. Мұнда ауыл шаруашылығындағы жалгерлік қатынастардың толық қалыптасып үлгерген көзқарастарымен таныстырды. Дифференциалды рента Маркстің пікірі бойынша, өндіріс шығындарының қатынасының жоғары еңбек шығындарымен реттелетін ауылшаруашылық өнімдерінің артық бағаға тең. Жердің бағасы рентаны ссудалық пайыз деңгейімен өлшеу арқылы анықталады. Ал жалгерлік бағаға жерге салынған басқа да капиталдың пайыздары кіреді.

5.3 К.Маркстің методологиясы және “Капиталды” жазуы.

Карл Маркс (1818-1883 жж) неміс экономисі, философ, марксизмнің негізін қалаушы. Өзінің ғылымдағы жолын заңгер және философ болып бастады. Маркс экономикалық проблемалармен «Рейін

124

Page 125: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

газетінің» редакторы болып жүрген кезінде бетпе-бет кездесті және жерге жеке меншік мәселелерімен айналысты. 1842 жылы Маркс Фридрих Энгельспен (1820-1895 жж) танысты, оның Маркске қарағанда өзгешелігі арнайы экономикалық білімінің жоқтығы болды. Энгельс өздігінен білім алумен көп айналысты, әсіресе тарихи және философия саласы бойынша терең ізденді, сөйтіп уақыт өте келе тамаша экономист-теоретик болып шықты.

К. Маркстің бірінші саяси экономия бойынша еңбегі – «1844 жылғы экономика-философиялық қолжазбалары». Бірінші бөлімінде – кірістің негіздері: еңбек ақы, капиталға пайда, жер рентасын қарады. Маркс шын мәнісінде еңбек ақыны жұмысшының өмірі мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті байлықтар мен қызметтердің жиынтық құны түрінде түсінсе де, еңбек ақыны еңбек үшін ақы деп атайды. Оның анықтамасы бойынша капиталға пайда – жинақталған басқа біреудің еңбегі. Маркс жер рентасын ауыл шаруашылылығындағы басқаның төленбеген еңбегін пайдалану нәтижесі ретінде қарады.

Маркс бұл логикалық пайымдаудың тізбегінде, капитализм эволюциясының алғашқы сатыларында, капиталистік өндіріс қатынастарының дамуын көрсетті. Қазіргі заманғы капиталистік қатыстық, әлеуметтік кепілдіктерінің жеткілікті түрде дамыған жүйесін жасады. Алғашқы экономикалық еңбегінде Маркстің алдына қойған сұрақтары әлі күнге дейін актуалды, олар адамның өзін-

125

Page 126: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өзі жатырқауын жою туралы сұрақ, бұл капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры және өндіріс құралдарына меншік негізінде қоғамның болашағы мен дамуы туралы түсініктерінің тұтастай жүйесі. Ол теориялық жүйе ретінде үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады және оның ілімінің методологиялық негізін құрайды (1 үлгіні қараңыз).

1 үлгі

Сонымен, Маркс ілімі ХІХ ғасырда адамзаттың ең қымбат ойы неміс

126

К. Маркс ілімінің методологиясы

А. Смит пенД.

Рикардоның классикалық

саяси экономиясы жеке еңбек

құн теориясы, өнімді еңбек

және т.б.Немістің классикалық философиясы – диалектика

және материализм

Утопиялық социализмнің

әлеуметтік аспектілер,

таптық күрес түсінігі;

Мар

ксиз

мні

ң д

ерек

көз

дер

і

К. М

аркс

мет

одол

огия

сы

К. Маркстің методологи

ясының ерекшелігі

– бизнес және

қондырма идеясы:

адамдардың жиынтық өндірістік қатынасы; қоғамның

экономикалық

құрылымы – одан

жоғары орналасқан

базис

Page 127: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

философиясының, ағылшын саяси экономиясының, францияның утопиялық социализмінің заңды жалғасы болып саналады. Бұл марксизмнің үш методологиялық негізі, XVII-XVIII ғасырдағы философтардың материалистік идеялары. Ол мұны неміс классикалық философиясымен, әсіресе, өз кезенде Фейрбахтың материализмінің негізіне құрған, Гегельдің диалектикалық жүйесімен байытты. Мұның ең маңызы – диалектика, яғни біржақтылықтан, неғұрлым толық, терең және еркін түрде дамуы туралы ілім, мәңгілік дамушы материяның көрінуін беретін, адам білімінің салыстырмалығы турал ілім. Философиялық материализмді тереңдете және дамыта отырып, Маркс оны аяғына дейін жеткізді, оның табиғат танымын адамзат қоғамының танымына таратты. «Капиталды» жазу кезінде методологияға айналған Маркстің тарихи материализмі ғылыми ойлардың аса ұлы жетістігі болды. Маркс, А. Смитпен Д. Рикардо негізін құрған еңбек құны теориясын дамытты, Маркс бұл теорияны капитализмді талдаудың негізгі теориясы етті (2 үлгіні қараңыз).

Марксизм классикалық саяси экономияның бірқатар ережелерін өзіне мұра етіп алды. К. Маркс «Капиталға» даярлық барысында, өзінің ізбасарларына қосымша құн теориясын түсіндіретін («Капиталдың» ІҮ томының негізі) тұтастай том жазды. Алайда, бұл оның алдындағы тұжырымдамаларды жанжақты сынаумен қосарлана жүрді. Сын Маркс пен Энгельстің теориялық сындары, олардың

127

Page 128: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

еңбектерінің негізгі элементі болды. Аса даналы зерттеу «Капиталдың» өзін Маркс капитализм мен буржуазиялық саяси экономиясы ретінде жазды.

Утопиялық социализм - негізгі дерек көздерінің бірі болды. Ұлы утопист – социалистер капитализмге өткір сын айтты, алайда ол теориялық шектеуліктен зардап шекті, өйткені ғылыми негізге ие болмады және басым түрде эмоциалдық сипатқа ауысты. Маркс пен Энгельс капитализм сынын ғылыми негіздеді, ішкі қайшылықтар мен капиталистік жүйенін экономикалық заңдарын ашып көрсетті. Сен-Симон мен Р. Оуэн социалистік жобаларды алға жылжыта отырып, болашақ қоғамның көптеген белгілеріне өз көзқарастарын білдірді. Алайда, олар пролетариаттың дамымаған, таптық күресінің пісіп-жетілмеген кезеңінде өмір сүрді. Ұлы социалист-утопистер пролетариаттың тарихи міндеттерін көрмеді, ал олардың социалистік жоспарлары, нақты өмірден алшақ, фантастикалық (қиял-ғажайып) болды. Маркс пен Энгельс олардың утопиялық идеяларын сынға алып ғылыми социализм теориясын жасады.

2 үлгі

128

К. Маркстің құн теориясы

Құн заңы:

Интенсивтіліктің орташа деңгейі кезінде өндіруге жұмсала

тын қоғамды

қ қажетті еңбек

шығындарының көлемінен пайда болатын

құн

Құнның түрлері Қосымша құн

жұмысшының

еңбегіне төленбеге

н өнім құны. Бұл түсінікті

енгізу, құн заңын

бұзбай, жұмысшы

өз еңбегіне төленетін ақының

бір бөлігін ғана

алуын көрсетуге мүмкіндік

берді. Ғалымның айтқанындай, нақты

еңбек ақы, еңбектің өндіргіш

күштерінің көбейуінд

ей ешқашанда өспейді, яғни қанау белгілері көрінеді.

Тұт

ыну

құн

ы,

қаж

етті

лікт

і қа

наға

ттан

дыра

тын

тауа

рды

ң қа

біле

ті

Айы

рбас

құн

ы

өзге

тау

арға

ай

ырб

аста

луға

за

тты

ң қ

абіл

еті

Қанау нормасы – қосымша

құнның жұмыс күші ақысына сәйкес келетін

өзгермелі капитал

мөлшеріне қатынасы

Page 129: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5.4 “Капиталдың” үш томының құрылымы.

«Капитал» - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары «Капиталдың» тұңғыш нұсқасы, алғашқы жобасы – «Саяси экономия сыны» қолжазбасы жарық көрді. Онда алғашқы рет тауар арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі, абсолютті және

129

Page 130: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, «қосымша құн» және «пайда» категорияларының арқатынасы қарастырылды. 1859 жылы алғашқы рет және жалғыз басылым – «Саяси экономия сыны» жарыққа шықты, осыдан кейін Маркс зерттеушілік қызметпен және үлкен біртұтас туынды «Капиталды» жарыққа шығару жұмыстарымен айналысты.

Маркстің «Капиталының» бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылық категориялардан бастап және нақты экономика туралы тұтастай түсініктермен аяқталды (3үлгіні қараңыз).

Қорытындысында К. Маркс капиталзмнің табиғи түрде құруы және жұмысшы табының жеңісі туралы идеяға келеді.

Бірінші томдағы зерттеу пәні қосымша құн өндіру мен капиталды жинақтау процесін құрайды. Талдау, тауарлық өндірістің неғұрлым абстрактылы категориясы – тауар категориясынан басталады. Маркс тауардың ішкі қарама қайшылықтарының дамуын құн формасының дамуы: кездейсоқтықтан толық ақшалай арқылы дамуын қарастырады. «Капиталдың» бірінші томының бірінші тарауында «құн» және «айырбас құны» түсінігінің айырмашылығы айқын түрде ажыратылады.

3 үлгі«Капиталдың» негізгі идеиялары

130

Бірінші том (жеті бөлім мен

жиырма бес тараудан тұрады)

Зерттеу пәні – қосымша құн өндіру

мен капиталды жинақтау процесі

Бірінші бөлім -тауар және оның қасиеттерін талдауға арналған

Екінші бөлімде ақшаның капиталға айналуын талдайды. Маркс жұмыс күші ретінде тауар

түсінігін енгізеді. Автор, жұмыс күшін капиталға айырбастау эквивалентті

болатынын дәлелдеп, оқырманды қосымша құн түсінігіне, яғнй жұмыс күшін өз құнынан

көп құн жасайтынын дәлелдейді. Үшінші - бесінші бөлімдер қосымша құн теориясына арналған. Мұнда автор буржуазия

мен пролетариат мүдделерінің қақтығыс себептерін ашып көрсетеді. Бұл бөлімдерде

Маркс капиталға таптық терия ретінде өз анықтамасын береді.

Алтыншы бөлімде еңбек ақының құн формасын және оның жұмыс күшінің

бағасына айналғанын көрсетеді. Жетінші бөлім капиталды жинақтау процесі заңына арналған: капиталдың жинақталуы –

бәсекелестік күрес пен жұмыссыздықтың абсолюттік шамасының өсуі барысында

кәсіпорындар көлемінің ұлғаюына әкелді .

Page 131: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Бұл тауардың арнайы бөлімі тауар фетишизмін сипаттауға арналған. Бірінші томның екінші бөлімінде ақшаның капиталға айналу процесі қаралады және өзіндік сипатты тауар «жұмыс күшін» сату, сатып-алумен байланысты капиталдың жалпыға бірдей формуласындағы қарама қайшылық қалай шешілетіні көрсетілген (4 үлгіні қараңыз).

4 үлгі

131

К. Маркстің ақша және капитал теориясы

Ақша – бұл стихиялы түрде тауарлардың

барлық түрінен бөлініп шыққан және жалпыға

бірдей эквивалент ролін атқаратын,

барлық тауарлардың

құнын білдіретін тауар. К. Маркс бойынша, ақша жалпыға бірдей

төлем және сатып алу құралы болып

саналады, дегенмен олар

тауар айырбасы жоқ болған кезде

өмір сүре алмайды. К.

Маркс ақшаны капиталдың өмір

сүру формасы деп санады.

Капитал – ақша,

қосымша құн әкелуші яғни

өзінен-өзі өсетін құн

Өнеркәсіп

капиталы –

айналымда бір

мезгілде үш

формада (ақша,

өндірістік және

тауарлық)

қатысатын

капитал

Капиталдың үздіксіз

айналымда болатын

сатылары

Бірінші сатыда -ақша формасынан өндіріс

құралы мен жұмыс күшін құрайтынформаға өтеді.Екінші сатыда өндірістік

капитал тауар формасына өте отырып, өндіріс

процесіне қатысады тауар шығарады . Үшінші өнімдерді өткізу

жолымен капиталдың тауарлық формасы ақша формасына айналады.

Page 132: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Тауар – «жұмыс күшін» көрсету, алғашқы рет еңбек құн теория тұрғысынан, қосымша құнның өмір сүретінін түсіндіруге мүмкіндік берді, Маркс капиталистік өндіріс процесінің екі жақтылық сипатын көрсетті, тұрақты және өзгермелі капиталды, қосымша құнның екі формасы – абсолюті және салыстырмалы формаларды, олардың қарапайым кооперация,

132

Page 133: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мануфактура және фабрика жағдайларында дамуының жалғастық кезеңдерін сипаттады.

«Капиталдың» бірінші томында құн формасының жұмыс күшінің бағасына айналуы ретінде қатысатын – кесімді және мерзімді еңбекақының негізгі екі формасы зерттеледі. Маркс капиталистік жинақтау процесі: капитал құрылымы, жинақтау үлгілері, жинақтау процесінің жұмысшы табының жағдайына тигізетін әсерін талдауға үлкен көңіл бөлді. «Капиталдың» бірінші томы капиталистік жинақтаудың тарихи үрдістерін зерттеумен аяқталады.

«Капиталдың» бірінші томы жарияланғаннан соң Маркс екінші томның қолжазбасымен жұмыс жасады, алайда өкінішке қарай оның мезгілсіз қазасы, бұл істі аяқтауға мүмкіндік бермеді. Екінші томның материалдарын өңдеуде оны жарыққа шығаруда Ф. Энгельс өлшеусіз үлкен жұмыс атқарды.

«Капиталдың» екніші томы 1885 жылы жарыққа шықты. Ол алдымен жеке, содан соң қоғамдық капиталға қолданылатын, өндіріс пен айналымның біртұтастығы ретінде ұдайы өндіріс процесін зерттеуге арналған (5 үлгеге қараңыз).

Маркс капиталдың ақшалай, өндірістік және тауарлық үш функционалдық формасының айналымын талдады. Осы томда негізгі және айналым капиталы, сондай-ақ айналым шығындары категорияларын енгізді. Өндірістік капиталдың екі жақты сипатын қарастыра отырып, Маркс мерзімді

133

Page 134: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикалық циклдер ретінде нақты айналымды атап көрсетеді.

Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін зерттей отырып, осыған орай Ф. Кэненің «Экономикалық кестесіне» («қисық сызықтары») сүйену арқылы, Маркс қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс схемасын құрды. Онда қоғамдық өндірістің екі бөлімі: өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбастың қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

5 үлгі

134

«Капиталдың» екінші томынын идеяы

Екінші том (үш бөлімнен тұрады)

Зерттеу пәні – капиталдың үздіксіз айналымындағы өндіріс пен айналымның

біртұтастығы ретіндегі ұдайы өндіріс процесі

Бірінші бөлімде автор капитал түсінігіне сипаттама береді. К. Маркс капиталың таптық

өндірістік қатынастарының формасын айқындайды.

Екінші бөлім – капитал айналымының жылдамдық мәселелерін қозғайды. Маркс

бойынша, капиталдың негізгі және айналымдыққа бөлуінің негізгі себебі еңбектің

екі жақтылық сипаты болып саналады. Капиталдың құрамды элементтері өз құнын

бірцикл ішінде толық ауыстырса – бұл айналым капиталы, ал, бірнеше өндірістік циклдерге

қатысып құнын бөліп, ауыстырса, бұл – негізгі капиталҮшінші бөлім ұдайы өндіріс процесіне арналған.

Қарапайым ұдайы өндіріс процесі кезінде (құндық көріну) бір бөлімдегі өндірілген өндіріс

құралдарының саны екінші бөлімдегі тұтыну көлемімен сәйкес келу тиіс. Кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде (құндық көрінуде) бірінші бөлім

өндірісінің көлемі екінші бөлімнің тұтыну көлемінен көп болуы тиіс.

Page 135: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

«Капиталдың» үшінші томын баспаға даярлау Энгельстен, екінші томға қарағанда, әзірлікті әлде қайда көп талап етті. Қолжазба материалдары қайта терең өңдеу негізінде бірдей болып шықпады. Кейбір бөлімдері, одан әрі жұмыс істеу үшін ескертпелер түрінде нұсқа ғана болды. Көптеген сұрақтар экономиканың өзгерістерімен байланысты, түзетулер мен нұсқаулар енгізуді талап етті. Сауда капиталы мен несиеге арналған қолжазба бөлімдері маңызды түрде жетілдіруді тіледі. Жекелеген тарауларға Энгельс, капитализмнің даму жаңа сатыдан өткендігін атап отырып, акционерлік компаниялар шеңберінде өндірісті қоғамдастырудың неғұрлым жоғары формаларын атап көрсетті. Төртінші тарауды Энгельс толықтырып өзі жазып шықты, бұл тарау пайда нормасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Энгельстің «Құн заңы мен пайда нормасы» және «Биржа» тақырыптары каитализм экономикасындағы жаңа құбылыстарды сипаттайтын мақалалар. Бұл «Капиталдың» үшінші томына толықтыру болып саналады. Сөйтіп, Энгельсті «Капиталдың» екінші және, ерекше түрде, үшінші томдардың тең авторы деп айтуға болады.

135

Page 136: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

«Капиталдың» үшінші томы 1894 жылы басылып шықты. Онда капиталистік өндіріс, барлық күрделілігімен, оның үстіртін экономикалық формалары мен күнделікті экономикалық өмір қандай болса, сол түрде зерттелді (6 үлгіні қараңыз).

Ең алдымен, мұнда қосымша құнның өндіріс бағасына айналу процесі көрсетілген. Содан соң сауда және сауда капиталы, олардың өнеркәсіп капиталымен байланысы және соларға сәйкес кірістер – сауда пайдасы мен ссудалық пайыз егжей-тегжейлі талданды. Ауыл шаруашылығында және кен өндіруші өнеркәсіптегі ренталық қатынастардың дамуына «Капиталдың» үшінші томында ерекше назар аударылған.

6 үлгі

136

«Капиталдың» үшінші томының негізгі идеялары

Үшінші томның Пән – капиталистік өндіріс процесі

Пайда нормасының төмендеу үрдісі түсіндірілген, Капиталдың өсуі қосымша құн жасайтын өзгермелі капитал үлесінің

төмендеуіне әкеледі. Қосымша құн нормасының төмендеуі пайда нормасын

қысқартады.

Қосымша құн: кәсіпкердің кірісі, саудадан алынған пайда, пайыз және рента

формаларында қатысады.

Page 137: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Дифференциалдық және абсолюттік рентаны талдай отырып, Маркс еңбек құны теориясының негізінде (абсолюттік) рентаның өмір сүруін түсіндірді. Сөйтіп, «Капиталдың» бірінші, екінші және үшінші томдарында неғұрлым қарапайым абстрактылық категориялар мен анықтамалардан нақты экономикалық өмірдегі олардың көрінісі мен өзара байланысын талдауға дейінгі қозғалыс нәтижелерін білдіретін тұтастай теориялық экономикалық жұмыс баяндалды.

«Капиталда» Маркс буржуазиялық саяси экономияның классикалық мектебінің бетпе-бет келген қайшылықтарын шешуге және сол арқылы оның шеңберінде басталған зерттеулерді аяқтауына мүмкіндік туды. Экономикалық ілімдер тарихында «Капитал» сан мыңдаған жалдамалы жұмыскерлер табының экономикалық мүдделерін білдіретін тұтас теория ретінде ғана емес, сонымен бірге экономика саласындағы іргелі (фундаменталды) зерттеу үлгісі ретінде айрықша маңызды орын алады.

«Капиталдың» төртінші томын («Қосымша құн теориясы») Маркс 1863 жылы жазып бітсе де, ол тұңғыш рет К. Каутскийдің көмегімен 1905 жылы неміс тілінде басылып шықты. Кітапта, меркантилистер мен физиократтардың ілімінен бастап қосымша құн жасау мен оның көрінуінің әртүрлі формаларына салыстырмалы түрде реформалық буржуазялық саяси экономия өкілдерінің көзқарастарымен аяқталатын

137

Page 138: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикалық теорияның тарихи-сын очерктері берілген. Маркс, классикалық буржуазиялық саяси экономия қалай пайда болды, ол қалай дамыды және оның шыңы –Д. Рикардоның экономикалық теориясына қалай қол жеткізілгенін баяндайды. Содан кейін барып рикардолықтардың қалай ыдырағаны, сондай-ақ буржуазиялық экономиялық теорияның реформалануын көрсетті. Ол экономикалық теория сынымен қатар, негізінен, жалпы өндіріс пен капиталистік өндіріс процесі үшін, капиталистік экономикадағы циклдар, экономикалық дағдарыстар мен олардың мерзімділігінің материалдық негіздері үшін өнімді және өнімсіз еңбек категорияларына қатысты өзіндік ой-пікір, көзқарастарын дамытқан. Бұл көзқарастар үшінші томда кеңінен баяндалған, мұнда Маркстің абсолюттік рента мәселесі көрініс тапты.

5.5 Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі.

Экономист-марксист ретінде Ф. Энгельстің негізгі экономикалық еңбектерінің қатарына, оның алғашқы саяси экономия жөніндегі еңбегі – «Саяси экономия сынына нұсқалар» мен қатар «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» (бұл еңбек «Капиталды» жазу кезінде маңызды түрде пайдаланылған), «Анти-Дюринг», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

138

Page 139: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Саяси экономия сынының нұсқасында автор белгілі саяси мектептердің алғашқы жүйеленуін береді, сондай-ақ құн мен баға проблемасына қатысты өзінің көзқарастарын тұжырымдайды. Энгельс саяси экономия сауданы дамытудың табиғи себептері ретінде пайда болды деп жазды. Меркантализм – саяси экономияның бірінші мектебі болды. Одан соң маркентализмнің орынына либералдық саяси экономия келді, жеке меншік және еркін бәсекелестік заңдарын әзірлеуде соның үлесіне тиді. Энгельс либералдық саяси экономия өкілдеріне Смитті, Рикардоны, Мак-Куллахты, Сэиді және т.б. жатқызды.

Энгельстің пікірі бойынша, құн өзіне екі факторды жатқызады, яғни енгізеді, олар құн өндірісінің шығындарымен пайдалылық қатынасы. Қандайда бір затты жасау мәселесін шешу кезінде, әр кезде оның пайдалылығын және өндірісте жұмсалатын шығындардың көлемін салмақтап көру болады. Өндіріс құралдарына жеке меншік кезінде мұндай салмақтау бәскелестік арқылы жүзеге асырылады. Жеке меншіктің жойылуы жағдайында құн айрықша түрде өндіріс аясында анықталатын болады.

Құнның мазмұны туралы мәселеге Энгельс өзінің ойы әбден толысқан шақта жазған еңбектерінде әлденеше қайыра оралып соғады. Мәселен, қандай да бір өнім мен оны өндіруге жұмсалған еңбек шығындарының пайдалылық әсерін салмақтап көру проблемасы «Анти-Дюрингтің» үшінші бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырылады.

139

Page 140: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

«Анти-Дюрингті» жазуға себеп болған неміс философы Евгений Дюрингтің философияда, саяси экономияда және социализм теориясында жасаған төңкерісіне деген көзқарасын сынай айтып, Энгельс кең ауқымды мәселелер бойынша өз ойын, «пікір таласта диалектикалық әдіс пен коммунистік дүние танымының өзара байланысын баяндады». Жұмыс кіріспеден және үш ірі бөлімдерден: «Философиядан», «Саяси экономиядан» және «Социализмнен» тұрады.

«Философия» бөлім негізгі сын объектісі – Дюрингтің субъективтік идеализмі. Мұнда, сондай-ақ экономикамен байланысты жекелеген мәселелер де қаралады.

Екінші бөлім – «Саяси экономия» - зерттеу пәнін анықтаудан басталады. Саяси экономияға Энгельс аса кең мағынада, өндірістік және адамзат қоғамындағы материалдық өмірлік, байлықтарды айырбастауды басқаратын заңдар ғылым ретінде анықтама берді. Бөлу, өндіріске тәуелдігіне қарамастан оған кері әсерін тигізетінін жазды.

Дюрингтің теориялық жүйесінде күш көрсету теориясы маңызды орын алды. Энгельс, саяси «күш көрсетудің» себептерін, сол дәуірдің экономикасынан іздеу керек деді. Капиталистік экономикадағы бүкіл теңсіздікті, оның өркендеуі мен құлдырауларын қоса алғанда, капиталистік экономиканың дамуының бүкіл барысын күш көрсетумен емес, құндарды өзара айырбастау фактілерімен түсіндіруге болады деді.

140

Page 141: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Үшінші бөлім – «Социализм» - Энгельс тарихты материалистік тұрғыдан түсінудің егжей-тегжейін баяндады. Бұлайша түсіну, өндірістің қоғамдық құрылыстың іргетасын құрайтындығына негізделген. Өндіріс – бөлу тәсіліне үстемдік етеді және қоғамның таптарға бөлінуінің себебі. Капитализм өндірісті жоспарлы ұйымдастыру жағдайларында, жекелеген кәсіпорындардың қызметі түрінде адамдарды жаппай пайдаланып, өндіріс құралдарын қоғамдық деңгейге көтереді.

Өндірісті ұйымдастырудың жаңа формалары – акционерлік компаниялар, мемлекеттік меншіктің пайда болуы. Ірі өнеркәсіппен бірге пайда болған және ұйымдасқан пролетариат саяси төңкеріс жасайды, соның барысында ол, ең алдымен өндіріс құралдарын мемлекеттік меншікке айналдырады.

Мемлекеттік формада пайда болған қоғамдық меншік тауарлық өндірісті жояды. Өндіріс анархиясы қоғамдық шаруашылықты саналы, жоспарлы түрде ұйымдастырумен алмастырылады. Әрбір жеке тұлғаның еңбегі тікелей қоғамдық еңбекке айналады, оның қоғамдық сипатын құн түрінде куәландыру қажеттілігі жоғалады. Қоғам, әртүрлі өнімдерді тұтынудан алынған пайдалылық әсерлер мен оны өндіруге қажетті еңбек шығындарын шамамен білуі және салыстыра алуы тиіс.

Ф. Энгельстің «Анти-Дюринг» кітабының соңғы ережелері қазіргі уақытта үш негізгі

141

Page 142: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бағыт бойынша түбегейлі түрде қайта қарауға жатады. Ең алдымен осы заманғы капитализмнен ХІХ ғасырдағы капитализмнің ерекшелігі. Әлеуметтік қорғалушылықтың дамыған жүйесі, тап ретінде жалпы пролетариаттың ұлттық шекарасының жойылуы, өндірісті ұйымдастырудың жаңа формалары (пайдаға қатысу жүйесі, ұжымдық меншік формалары), кәсіподақ қозғалысының әлсіреуі, пролетариаттың социалистік саяси төңкеріс жасау қажеттігі туралы тезисті күдікке шығарылды. Одан әрі қарай, мемлекеттік меншік қоғамдық меншік формасы болып саналмайды.

Мемлекеттік меншік өндірістің негізгі құралдарын, демократиялық бақылаудың дамыған формаларын мемлекеттің билік жүргізу функциясын күшейтеді, оны қоғамнан жоғары қояды, мемлекет және қоғам мүдделерінің межеленіп бөлінуіне әкеледі. Ең соңында, тауарлы өндіріс пен айырбас кез келген дамыған экономикалық жүйенің теңдей шаруашылық механизмін білдіреді. Тауарлы емес айырбас қарапайым үлгідегі экономикаға ғана тән болып саналады.

Ұдайы өндірістің бүкіл пропорцияларының есебін бір орталықтан жүргізу негізінде экономиканың тиімді қызмет істеуі мүмкін емес.

Ф. Энгельстің «Отбасының, жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуы» деп аталатын еңбегінде , адамзат қоғамына қатысты мәселелерді қозғауда, оқымыстының

142

Page 143: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

әрі философ, әрі аса білімдарлығына паш етуге болады.

Ақша жүйесінің дамуы, өсімқорлықтың пайда болуы – үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен, адамзат қоғамының басты міндеті және сауданың қолөнершілік пен егіншіліктен бөлінуімен байланысты деді.

ТҮЙІНАталмыш тақырып Германияда

классикалық маркстік саяси экономияның пайда болуы мен дамуына, сондай-ақ Германиядағы неоклассицизм мен меркентализмге қарсы күш түрінде, саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарайтын «ескі» және «жаңа» тарихи мектептердің пайда болуына арналған.

Маркстік саяси экономияның пайда болуы, ХІХ ғасырдаң әлемдік экономикалық ойлар тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Марксизмді қалыптастыру тарихи дамудың бүкіл барысы әзірлеп даярлады. Мәселен, Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндіріс пен жаңадан пайда болған тап – пролетариаттың экономикалық негізге айналуына алып келді.

Марксизм – философияда, социологияда, саяси экономикада және тарихи зерттеулерде пролетарлық бағыт ретінде қалыптасты.

Марксизм – бұл ағылшынның класикалық саяси экономиясы, немістің классикалық философиясы және францияның утопиялық социализмінің үш өзара байланысты бөлімдерінен тұратын капиталистік өндіріс

143

Page 144: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тәсілінің негізі мен тағдыры туралы тұтас жүйе.

К. Маркс методологиясы – базис және қондырма идеясы; адамдардың өндірістік қатынастарының жиынтығы мен қоғамның экономикалық құрылымы – жоғары орналасқан базис.

«Капитал» - К. Маркстің 4 томнан тұратын негізгі шығармасы. Бірінші томның зерттеу пәні – қосымша құн өндіру және капиталды жинақтау процесі. Екінші том – ұдайы өндіріс процесін өндіріс пен үздіксіз айналымның тұтастығы ретінде зерттеу.

Үшінші том пайда нормасының төмендеу үрдісін талдайды, бұл қосымша құн нормаларының азаюына әкеледі және пайда нормасын қысқартады. Төртінші том экономикалық теорияның даму тарихына арналған.

Марксизм ілімін қалыптастыру мен дамытуда Ф. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы», «Анти-Дюринг», «Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» және т.б.с.с. өзінің еңбектерімен өлшеусіз үлес қосты.

Негізгі терминдер:Тарихи мектептер.Мемлекетке табынушылық.Монблан факторлар.Әлеуметтік саясат одағы.Таза микроэкономистер.Өнеркәсіп төңкерісі.Конституцияланған құн.

144

Page 145: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Қосымша құн.Пайда.Марксизм.К Маркстің методолгиясы.Құн теориясы.«Капитал» құрылымы .Зерттеу пәні.

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

1. «Ескі» және «жаңа» тарихи мектеп дегеніміз не?

2. «Жаңа» және «ескі» мектептерді салыстырғанда экономикалық көзқарастарының өзгешелігін?

3. Марксизм ілімінің пайда болу және даму себептерін;

4. Еңбектің нақты және абстрактылыққа бөлінуінің маңызың;

5. К Маркстің «Капиталының» зерттеу пәнін;6. Марксизмнің дамуына зор үлес қосқан

экономист-марксист Ф. Энгельстің еңбектері.

§2 Қайталау үшін сұрақтар:1. «Ескі» тарихи мектептің экономикалық

көзқарастары;2. «Жаңа» тарихи мектептің «ескі»

мектеппен салыстырғандағы айырмашылығы;

3. Марксизм ілімінің пайда болу және даму себептері;

4. Еңбекті нақты және абстракты түрде бөлудің тарихи маңызы;

145

Page 146: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5. «Капиталдың» І томының зерттеу пәні;6. Ф. Энгельстің марксизмді дамытудағы

негізгі еңбектері. §3 Білімді өзіндік тексеруге арналған

тестер:1. «Жаңа» тарихи мектептің өкілдері:

a) Ф. Лист, К. Маркс, Л.Мизец;b) В. Рошер, Б. Гильбранд, Дж. Кейнс;c) К. Блохер, Л. Бретана, Г. Шмоллер;d) М. Вебкр, В. Зомбарт;e) Р. Штамблер, Р. Штальцман.

2. «Ескі» тарихи мектептің өкілдері:a) Ф. Лист, К. Маркс, Л.Мизец;b) В. Рошер, Б. Гильбранд, К. Книс;c) К. Блохер, Л. Бретана, Г. Шмоллер;d) М. Вебкр, В. Зомбарт;e) Р. Штамблер, Р. Штальцман.

3. К. Маркс теориясындағы «Капитал» түсінігі:

a) ақша; b) материалдық игіліктер;c) таптық өндірістік қатынастардың көріну

формасы;d) капиталистер арасындағы өндірістік

қатынас;e) өндіріс құралдары.

4. «Капиталдың» төртінші томы зерттеуге арналған:

a) экономикалық теорияның даму тарихына; b) капиталды жинақтау процесіне;c) капиталдың айналым процесіне;d) капиталистік өндіріс процесіне;

146

Page 147: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

e) дұрыс жауабы жоқ.5. Капиталды жинақтау процесі К.

Маркстің қай еңбегінде зерттеледі:a) «Капиталдың» 1 томында; b) «Капиталдың» 2 томында;c) «Капиталдың» 3 томында;d) «Капиталдың» 4 томында;e) мүлде зерттелмейді.

6. К. Маркс бойынша айналым капиталы бұл:

a) өндірістік цикл ішінде толық, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элементтері;

b) бірнеше өндірістік циклдерге қатыса отырып, толықтай, нақты еңбекпен өз құнын тауарға ауыстыратын капиталдың құрамды элеметтері;

c) авансыланған капитал;d) белгіленген капитал;e) барлық жауаптар дұрыс.

7. К. Маркс методологиясының көздері болып:

a) классикалық саяси экономия, классикалық философия, утопиялық социализм;

b) классикалық саяси экономия, әдеби романтизм;

c) неміс классикалық философиясы. физиократизм;

d) утопиялық социализм, тарихи мектеп, лениндік экономикалық идеялар;

e) дұрыс жауабы жоқ.8. К. Маркс методолгиясының дара ерекшелігі:

147

Page 148: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

a) базис және қондырма идеяларын қолдану;

b) зерттеудің абстрактылық-логикалық әдісін қолдану;

c) зерттеудің нақты-тарихи әдісін қолдану;d) ғылыми абстракция әдісін қолдану;e) зерттеудің дедуктивтік әдісін қолдану.

148

Page 149: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

6 ТАҚЫРЫП: РЕСЕЙДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР

6.1. ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-пікірлер.

6.2. Ресейдегі марксизмнің экономикалық идеяларының дамуы.

6.3. Социализмнің экономикалық негіздерін жасау.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

- Ресейдегі реформа кезеңіндегі буржуазиялық саяси экономияның дамуын;

- Ресейдегі экономикалық ой-пікірлердің ерекшеліктерін;

- Ресейдегі аграрлық қайта құрудың проблемаларын;

- әлемдік экономикалық ой-пікірлерге әсер еткен ресейлік экономистер өкілдерін;

- Ресейдегі марксизмнің экономикалық идеяларының таралуын;

- В. И. Ленин еңбектеріндегі экономикалық мәселелрді;

- Социализмнің экономикалық негіздерін жасауды.

149

Page 150: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

6.1 ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-

пікірлер.Ресейдегі феодалдық формацияның

капиталистік құрылысқа жол беруі реформа кезеңдеріндегі буржуазиялық саяси экономиканың дамуына тарихи өзіндік іздер қалдырды.

1861 жылғы реформа капитализмнің дамуын жеделдеткенімен елдегі крепостнойлықтың сан-салалы қалдықтары Ресейдегі буржуазиялық үрдісдерді тежей түсті. Бұл орыс буржуазиясының патша мен крепостнойлы помещиктерге қарсы оппозиция тудыруға әкеп соқты. Ол кезде Ресейдегі еңбек пен капитал арасындағы келіспес қайшылық (антогонистік) ХІХ ғасырдың ортасындағы Батыс Еуропа тұрпайындай бужуазиялық саяси өктемдік жүргізу дәрежесіне жете қойған жоқ еді. Оның есесіне, 1861 жылғы реформадан кейін орыстың буржуазиялық саяси экономиясында ерекшелік туып, классикалық буржуазиялық саяси экономия идеяларына жақынырақ сыни (критика) көзқарастар пайда болды. Тіпті 1905 жылғы революцияға дейін орыс буржуазиялық саяси экономиясы жалпы алғанда тұрпайы-апологетикалық сипатқа ие болды. Тұрпайы элементтер іс жүзінде буржуазиялық саяси экономияның кез келген жүйесінде өзіне тән ерекшеліктерімен кездесетіні белгілі.

Орыстың сын мектебінің таңдаулы деген өкілдері (И. В. Вернадский, М. Бакунин, Н. А. Каблуков, О. Струве, А. Чупров, Ю. Япсон

150

Page 151: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

және басқалар) өздерінің еңбектерінде классикалық буржуазиялық саяси экономиканың жекелеген ережелерін және марксизмнің экономикалық теорияларының кейбір идеяларын пайдаланды. Бұл орыстың буржуазиялық саяси экономиясының крепостнойлыққа қарсы бағытталғаны және марксизм теориясындағы крепостнойлық тәртіпті сынау үшін маңызды идеялардың орын алғандығымен түсіндіріледі.

Негізінде, орыс оқымыстылары Маркске сыйластықпен қарап, оны ғылыми социализмді нақты баяндап бермесе де классикалық мектептің жолын қуушы деп санады. Орыс буржуазиялық әдебиеттерінде оның осы бағыттағы жақтастары мен қолдаушыларының көп екендігін А. Чупровтың Маркстің қазасына жазған қазанамазынан да (некролог) байқап білуге болады. Онда К. Маркс – еңбегі ғылым әлемінде әйгілі орын алған, экокномикалық ғылымның көрнекті өкілі екені айтылған.

Сөз жоқ, осы жоғарыда аталған экономистердің еңбек жолы саяси экономияның негізгі ерекшеліктерін көрсету арқылы қанағат алатындықтарынмен көріне білді.

Классикалық мектеп Ресейде математикалық экономияның қалыптасуына айтарлықтай әсер етті. Оның бастауын қоғамдық ғылымдар заңдылықтары мен табиғаттану заңдылықтарын теңдестіруге ұмтылған американдық экономист Д. Кэриді өткір сынға алған А. Чупров болатын.

151

Page 152: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Орыстың либералдық буржуазиясының идеологиясы ретінде «ресми марксизм» ХІХ ғасырдың аяғында Ресейде орын алған орыс буржуазиясының таптың әлеуметтік күштерінің өзіндік бір ережелерінің айнасы болды. Бұл әрине, халықшылдардың капитализмге қарсы уағызы орыс буржуазиясына сай келмеді. Сонымен қатар елде өрбіп, қанаты қатайып келе жатқан жұмысшылар қозғалысы мен марксизм идеяларының тез таралуы буржуазияның қауіптенуіне негіз болды.

Өздерінің «халықшылдарға» қарсы күресінде К. Маркстің тарихи материализмі мен экономикалық ілімінің негізгі жекелеген ережелеріне, феодализмге қарағанда капитализмнің тарихи үрдісі туралы қорытындыларына арқа сүйеніп П. Струве, М. Туган-Барановский С. Булгаков және басқа да «ресми марксистер» марксизмнің революциялық мазмұнының маңызын жоюға тырысты. Марксистік диалектиканы неокантиандықпен алмастырып, ал Маркстің революциялық тұжырымдары «ағымды» деп жарияланып және оны Р. Штамлердің, В. Зомбарттың, сондай-ақ ревизионизмнің негізін салушы Э. Бернштейннің буржуазиялық-апологеттік ережелерімен алмастырды. Эклектиздік көзқарас осы ағымның ерекше түрінің біріне айналды. Мәселен, П. Струве 1894 жылы әлі «ресми марксистер» марксизммен бүркемеленіп жүрген кезде ол өзінің «ешқандай ортодоксияға шалдықпағанын», өзін «қайсыбір

152

Page 153: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

доктриналарында әрпі мен кодексіне мойын ұсынбай» марксизмге тек «кейбір негізгі деген мәселелер бойынша» ғана қосылатындығын мәлімдеген болатын.

Әрине, «ресми марксистердің» халықшылдардың субъективті-идеалистік пікрлеріне қарсы күресі, олардың Ресейді капиталистік емес жолмен де дамытуға болады деген болжамдарына, сондай-ақ капитализмді нарықсыз-ақ дамытуға болады деген дәлелдеріне қарсы шығуы негізінен дұрыс еді. Осыған байланысты Ресейдегі революциялық марксистер белгілі бір мерзім аралығанда «ресми марксистердің» апологеттік ағымдарына сыни көзқарастарын сақтай отырып, олар мен қарым-қатынаста болу дұрыс деп санады.

Әлемдік экономиканың ой-пікірлеріне айырықша әсер еткен Ресей экономистері өкілдерінің бірі М. Туган-Барановский (1865-1919 жж) болып саналды. Ол Петербург университетін бітіріп, Киевте қызмет етті. Оны «ресми марксист» деп атаған. Оның еңбектерін белгілі бір мектеппен ғана байланыстырған дұрыс болмаған болар еді. Әсіресе, оның жан-жақтылығына, өрісінің кеңдігіне және экономикалық жүйедегі көзқарасының маңызына назар аударған жөн.

Оның «Саяси экономия негіздері» деген оқулығының мазмұнында экономикалық ғылымының ережелерін негізге алған терең трактовакалар аз емес.

Атап айтқанда, шектеулі пайда теориясы мен құнның еңбек теориясының өзара

153

Page 154: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

байланыстары туралы тұжырымды ережелерінің әдістемелік ерекше маңызың берді. Бұл екі теорияның, деп жазады ғалым, «қарама-қарсы екендігіне сөз жоқ бірақ ,мүлдем сондай қайшылық емес. Рикарда мен Менгер өздерінің басты назарларын белгілі бір үрдестің әрқилы жақтарына аудара білген. Рикардоның теориясы бағаның объективті факторларын атап өтсе, Менгердің теориясы бағаның субъективті факторларын қарастырады. Рикардоның теориясы шектеулі пайданы жоққа шығармай, қайта оны толықтыра түседі.

М. Туган-Барановский – негізінен қоғамдық еңбек өнімділігі мен әлеуметтік қатынастар жүйесі сияқты екі фактордан тұратын әлеуметтік бөлу теориясының авторы. Еңбек өнімділігінің артуына байланысты қоғамдық өнім мен табыстың жалпы сомасы өседі, «осыған байланысты қоғамдық табыстың бәрі бір мезгілде өндіріс құралдарын қысқаруы есебінен артуы мүмкін». Әртүрлі әлеуметтік топтардың тиісті табыстарының комбинацияларына келетін болсақ, олар қоғамдық еңбектің өнімділігіне; сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесіне байланысты болады.

Туган-Барановский циклдер мен дағдарыстар теориясына да айтарлықтай үлес қосқан ғалым. Циклдік даму, оның ойынша, толқын сияқты (секртпелі емес) сипатталып, бірде көтеріліп, бірде төмендеп отырады. Циклділіктің себептерін капитал қозғаласының ерекшелегінен, өндіргіш және ақша капиталы

154

Page 155: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қорының динамикасының үзінділерінен іздестірген жөн. Ғалымның еңбектерінде циклдер теориясының инвестициялық трактовкасының алғашқы ережелері негізделген, кейіннен «мультипликация және акселерация» деген атаққа ие болған функционалдық өзара байланыстар қалыптастырылған.

Туган-Барановский халықшылдармен пікірталас сайысына қатыса отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі мен ерекшеліктерін айқындап беруге ұмтылыс жасады.

Өзінің еңбектерінде ол мемлекеттік социализм жүйесін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде көрсетіп, оның берік және осал жақтарын айырып бере білді. Оның айтуынша, әлеуметтік идеал, әлеуметтік бостандық, «адамзаттың тарихи прогресі» болып табылады.

Ресейдегі экономикалық көзқарастың дамуына өзге елдердегі ғылымының жаппай қозғаласы тығыз себеп болып қана қоймай, өмірдің өз тәжірибесінің маңызы үлкен әсеретті. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық ой-пікірлердің дамуы өндірістің даму деңгейінің тура және тікелей айнасы емес.

Белгілі ресейлік ғалымдардың еңбектері мен зерттеу-болжамдары әдетте маңызды олардың көпеген қорытындылары мен негіздемелері ұлттық қана емес, одан да кең, әлемдік мән-маңызға ие болып келеді.

Ресейдегі экономикалық ой-пікірлердің ерекшеліктерінің бірі – теориялық талдаулар

155

Page 156: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мен шын мәніндегі өндіргіш күштерді дамытуды, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реформалаудың мейілінше келелі де өткір проблемалары арасындағы органикалық байланыстардың болуы. Бұл жөнінде И. Посошковтың (1652-1726 жж) «Тапшылық пен байлық туралы кітабы», П. Пестельдің (1793-1826 жж) «Революциялық қайта құру бағдарламасы», Н. Чернышевскийдің (1828-1889 жж) «Еңбекшілердің саяси экономия теориясы» ерекше орын алады.

Ұзақ уақыт бойы ресейлік экономистердің басты назарларында шаруалар мәселесі, аграрлық қайта құру проблемалары болды. Пікірталастар әсіресе, общиналық жер иеленушілік проблемалары, ауыл шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін арттыру, селолық жерлерге нарықтық қатынас жүйесін енгізудің жолдары төңірегінде өрбіді. Крепоснойлық құқықты мүлдем жою туралы мәселе көтерген А.Радищевтің (1749-1802 жж) көзқарасы мен крепостнойлық тәуелділікті біраз жеңілдету жөніндегі М.Сперанскийдің (1772-1839 жж) ұсынысы арасындағы қарама-қайшылық. Қайта құрудың батыстық жолдарын қолдаушылар мен өз еліндегі төл тәжірибеге бас июшілер күресі, П.Столыпиннің (1862-1911 жж) аграрлық реформасын жақтаушылар мен қарсыластар арасындағы күрестер жаңа көзқарастар туғызды.

Жаңа идеялар мен ұсынуды негіздеуде кәсіби экономистер ғана белсене қатысып

156

Page 157: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қойған жоқ, ғылымның өзге де салаларының өкілдері, публицистер, практиктер де белсене араласты. Экономикалық қайта құру жоспарын жасауда, ақша реформасын жүргізуде мемлекеттік қайраткерлер мен ғалымдар көріне білді. Солардың бірі С.Витте (1849-1915 жж) қаржы министрі ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге көптеген теориялық еңбектердің авторы бола білді. Ол экономикалық саясаттағы жаңалықтардың, рубльді «алтын» негізіне аударудың, шарап монополиясын енгізудің бастамашысы және алға апарушысы. Д. Менделеев (1834-1907 жж) өзінің «Құнды ойлар» деген еңбегінде алдағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, өзге де экономикалық өмір мен басқаруда біртіндеп өзгерістер болатындығы туралы жазды.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аралығында Ресейдегі буржуазиялық саяси экономия өзінің көрнекті өкілдері арқасында әлемдік ғылымның алғы шебінен көріне білді.

6.2 Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық

идеяларының дамуы.Марксизмнің негізін қалаушылардың

экономикалық шығармалары Ресейде ХІХ ғасырдың 40-жылдарында белгілі бола бастады. Ресейдің азаттық қозғалысына қатысушы алдыңғы шептегі азаматтары қоғамдық дамудың, әлеуметтік проблемаларың шешу жолдарын нұсқайтын теориялар мен идеяларды революциялық

157

Page 158: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

табандылықпен талмай іздестірді. Ф. Энгельстің ертедегі еңбектері А. Герценнің үйірмесіне осы кезде белгілі болды. В. Белинскийдің өзінің жеке кітапханасында 1844 жылы Германияда жарық көрген «Неміс-француз жылнамасы» болды. Оған әсіресе, К. Маркстің «Гегельдік философия құқықтығына сын» және Ф. Энгельстің «Саяси экономия сынының очерктері деген» мақалалары қатты әсер қалдырғандығы жөнінде 1845 жылы А. Герценге хат жазған болатын. Ф. Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» және К. Маркстің «Философия қайыршылығы» атты еңбектерімен М. Петрашевский үйірмесінің мүшелері таныс болды. П. Анненков К. Маркспен хат алмасуы арқасында тарихты материалистік тұрғыдан танудың мазмұнын, марксистік сын арқасында Пурдонның көзқарасын терең түсіне білді. 1846 жылдың 28-желтоқсанында К. Маркстің Анненковқа жазған белгілі хаты шын мәнінде «Философия қайыршылығын» жазғаннан кейін туындады. Бұл кітаптың Ресейдің алдыңғы қатардағы жұртшылығына кеңінен белгілі болғаны жөнінде К. Маркстің өзі 1868 жылғы 12-қазандағы К. Кугельманға жазған хатында атап өткен болатын.

Ф. Энгельстің еңбектерінің әсерімен Н. Флеровский (В. В. Берви) өзінің «Ресейдегі жұмысшы табының жағдайы» деген зерттеуін жарыққа шығарды. Онда алғашқы рет крепостнойлық құқық жойылғаннан кейінгі елдің экономикалық жағдайына талдау жасалған. К. Маркс Н. Флерковскийдің кітабы

158

Page 159: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ресейдің еңбекші бұқараның экономикалық және әлеуметтік жағдайына шындықпен сипаттама бергенін, Ф. Энгельстің кітабынан кейін дүниеге келген кітаптардың ең таңдаулысы деп бағалаған.

Елдегі таптық күрестің шиеленісе түсуіне, 1859-1861 жылдар аралығындағы революциялық жағдайларға байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельстің шығармаларына деген сұраныс пен қызғушылық, әсіресе революциялық-демократиялық қозғалысқа қатысушылар арасында жалғаса түсті. Бұған Ресейде «Коммунистік партия манифесінің» және марксизм негізін қалаушылардың жасаған басқа да жұмыстары кепіл бола алды. «Коммунистік партия манифесі» М. Бакуниннің орыс тіліне аударуымен алғаш рет 1869 жылы жарық көрді. Алайда, аударма сапасы онша қанағаттанарлықтай болмады, сондықтан болар оның бірініші басылымы Ресейде көп сұранысқа ие бола алмады. 1882 жылы «Манифест» Г. В. Плехановтың аударуымен жаңадан жарық көрді.

К. Маркстің ең басты еңбегінің дүниеге келуін Ресейдің алдыңғы қатарлы адамдары ыстық ықыласпен қабыл алды. Патшалық цензураның «Капиталдың» жаппай оқырмандардың қолына тиюі күрделі, ірі қиындықтар тұғызады деген болжамы қате болып шықты. «Капиталдың» І-томының жарыққа шығуы Германиядағы буржуазиялық баспасөздерінің үнсіздігімен қабылданса, Ресейде ол әсерлі жаңғырық туғызды. К. Маркс өзінің кітабына дұрыс баға бергендігі және

159

Page 160: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

оның әдістерің мазмұны жақсы баяндалғандығы жөнінде «Еуропа хабаршысы» атты журналындағы (1872, №5) И. Кауфманның пікірін ерекше атап өтті.

Ресейде «Капитал» төңірегінде өткір де татымды да пікірталастар туындады. Прогрессивті экономистер «Капиталды» жоққа шығаруға және К. Маркстың беделін түсіруге ұмтылған ресми ғылым өкілдеріне шешімді тойтарыс бере білді. Негіздеп айтқанда «Капитал» идеясы кең құлаш жая түсті, университет курстарына енгізілді, оны жоғары қостаушылар саны молая түсті. Бұл орайда прогессивті оқымыстылар – Н. Зибер, А. Чупров, И. Иванюков және басқалар айталықтай рөл атқарды.

К. Маркстың «Капиталын» алғашқы шолушылар мен насихаттаушылардың бірі болған Н. Зибер – ХІХ ғасырдың 70-80-жылдары талантты да дарынды орыс экономисі еді. Оның есімі 1871 жылы Киев университетінде қорғаған «Д. Рикардаоның кешіктірілген толықтырулары мен түсіндірмелеріне байланысты баға мен капитал теориясы» деген тақырыптағы магистрлік диссертация басылып шыққаннан кейін замандастары арасында белгілі болды: 1875 жылдан бастап он жылдай Н. Зибер Ресейден тысқары Швейцарияда тұрып, өзінің шығармаларының көбісін сонда жазды. Сол жерден ауыр науқасқа ұшырап, 1884 жылы еліне оралды.

Өзінің қысқа өміріне қарамастан Н. Зибер артына мол әдеби мұра қалдырды. Оның

160

Page 161: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ғылыми танымы мейлінше кең болды. Солардың басты бөлігі саяси экономияға арналған. Сонымен бірге Зибер өзінің еңбектерін реформалық Ресейдің экономикалық жағдайының мәліметтері мен талдауларына арнады.

Н. Зибер К. Маркстың экономикалық теориясын қолдап және насихаттап қана қойған жоқ, ол тұрпайы экономистердің орынсыз мін тағуына бел шешіне қорғай білді. 70-жылдардың орта шенінде Ресейде «Капиталдың» І-томына байланысты пікірталастар өрби түсті, Зибер «Отечественные записки» және «Слово» журналдарының беттерінде Ю. Жуковский мен Б. Чичериннің бірігіп Маркске қарсы шыққанда ол оның қосымша құн туралы теориясын қорғауға белсене араласты.

Н. Зибер Ресейдегі реформаға байланысты ақиқатқа сыни көзқараспен қарады, патшалық үкіметтің реакциялық саясатын айыптады, оның күні ертең сөзсіз күйрейтінін айта білді. Ол халықшылдардың елді шаруа қауымдастығы негізінде капиталистік емес жолмен даму жөніндегі ой-қиялдарына қосылмады. Капитализм Ресейде де өтетін қоғамдық дамудың заңды кезеңі деп есептеді. Сонымен бірге ол капитализмді қанаушы құрылыс деп санап, оның халыққа зардап әкелетін әректтеріне қарсы тұруға шақырды. Капиталдың орнын жаңа бір мейілінше прогрессивті қоғамдық құрылыс басатынына сенімді болды, бірақ оның қандай жолмен келетіндігі жөніндегі ойы бұлыңғырлау, әрі

161

Page 162: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

белгісіз болды. Зибер революционер болған жоқ.

Н. Зибер ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарында Ресейде марксизмнің кең қанат жаюы ісінде ерекше рөл атқарумен көзге түсе білді. Ұзақ уақыт бойы, цензураның өте қатаң жағдайында оның еңбектері револцияшыл жастардың К. Маркс пен Ф. Энгельстің экономикалық ілім жөніндегі мағлұматтарды сарқып алатын бірден-бір қайнар-көз болды. Н. Зибер шығармаларының орасан зор әсері туралы Д. Благоев және тұңғыш орыс марксистері (Н. Федосеев, А. Гурвич, П. Аксельрод және басқалар) жазған болатын. Н. Зибердің қызметі Ресей елінде Г. В. Плехановтың бастауымен құралған «Еңбекті азат ету» атты маркстік ұйымның өмірге келіп, марксизмнің кең таралуына, жаңа кезең туғызуға объективті түрде себеп болды.

Г. Плеханов (1856-1918 жж) – энциклопедиялық білімді ғалым, революциялық қозғалыстың белсенді мүшесі. Оған ғылымға деген жан-жақты, әрі сан-қырлы ғажайып қызығушылық, революциялық іс-тәжірибелерді пайдалану нәтижесіндегі әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне деген терең көзқарастар тән болды.

Оның экономикалық ой-пікірлерін сипаттай отырып, ол туралы мыналарды атап өтуге болады.

Плеханов экономикалық ғылым саласында тек қана «таза» теоретик қана болып қойған жоқ, Ресейде өтіп жатқан әлеуметтік және экономикалық үрдістердің ірі әрі беделді

162

Page 163: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

талдаушысы бола білді. Оны Ресейдегі, әсіресе реформа кезеңіндегі шаруа қауымдастығының эволюциясы қызықтырды. Плехановтың еңбектері қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасуына елеулі әсер етті.

Плехановтың эволюциялық көзқарасына тән ерекшелік – елдің экономикалық даму барысына, әлеуметтік қайта құру келешегіне тиісті дәрежелелерде оң әсер етті. Бастапқыда (ХІХ ғасырдың 80-жылдарының басында) ол халықшылдық көзқараста болып, халықшылдар қозғалысына белсене қатысты. Ресей экономикалық дамудың капиталистік кезеңін айналып өте алады, онда өндіріліген тауарлық өнімдерді өткізуге арналған ішкі рыногы мейілінше тар деп санады.

ХІХ - ғасырдың 80-90-жылдарында Плеханов халықшылдардан қол үзіп, марксизм көзқарасына көшеді. Оның Ресейдегі капитализмнің «кездейсоқ құбылыс» емес екендігіне көзі жетеді. Ресейлік экономиканың ерекшелігіне тым табан тірей беруге болмайды, өйткені ол жалпы заңдылықты танып-білуге кедергісін тигізеді. Деревняларда жіктелу пайда болды. Қоғамдық дамуда ресей пролетариаты маңызды орын ала бастады.

Кейіннен (90-жылдардың басында) Плеханов солқылдақ, белгілі бір дәрежеде ымырашылдық көзқарасқа мойын бұрды. Пролетариаттың аздығынан, сенімді одақтастардың жоқтығына байланысты үкіметті ұстап тұру мүмкін емес деген қорытындыға келеді. Елдің экономикалық

163

Page 164: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мешеулігіне орай әлеуметтік революция жеңіліске бейім деп санады.

Плехановтың экономикалық көзқарастары пікірталастыру арқылы, оппоненттермен сөз қағыстыру барысында қалыптасты. Ол халықшылдарды, тарихи мектептің экономистерін, Бернштейннің ревизионистік көзқарастарын сынайтын басты сыншылардың бірі ретінде белгілі болды. Лениннің «Апрель тезистері» деген бағдарламалық құжатын Плеханов анархистік көзқарас деп сипаттады, оның түсінігі бойынша лениннің социалистік революцияға шақыру белгілі бір елдің экономикалық даму деңгейін ескермей, марксизммен ажырасып, анархизм позициясына көшу деп тапты. Тауарлы шаруашылық жағдайдында қоғамдық еңбек бөлісі, тауар өндірушілердің бір-бірінен тәуелділігінің және олардың өзара байланыс жасаудың бір ғана жолы рынокты делдал етудің мәні мен ерекшеліктерін аша отырып, Плеханов құн тауар өндірісіңің қоғамдық қатынастарын іске асырушысы деп көрсетті. Плеханов К. Маркстың құн еңбек теориясын жалған дегендерді әшкерелеп, құн көздерін тауардың заттық қасиетімен, сұраныс пен ұсыныстың немесе өндіріс шығындарымен байланыстыруға тырысқан буржуазиялық тұрпайы экономистерді сынға алды.

Сонымен бірге, Плехановтың құн теориясын түсіндіруде дұрыс емес жерлері де кездеседі. Мәселен, ол құнды алғашқы қауымдық адамдардың шақты шаруашылық ісіндегі анайы құралы деген тарихи қағиданы

164

Page 165: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кейде қолдай бермеді. Көбінесе кұн заңының әрекеті қарапайым товарлы өндірісті ыдыратын және оны капиталистікке айналдыратын процесіндегі ролін көлеңкеде қалдырып келді.

Жалпы алғанда, Г. Плеханов өзінің еңбегінің марксистік кезеңінде (1883-1903) Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің революциялық теорияларын тарату мен оны халықшылдардың, тұрпайы экономистердің, ревизионистердің талқысынан қорғауда айтарлықтай еңбек сіңірді. В. Ленин, Г. Плехановтың теориялық жұмыстарының, «ең бастысы халықшылдар мен оппортунистерді сынауы – бүкіл Ресей бойынша осы күнге дейін нықты қол жеткен табыс болып қала береді, және «нақты ақыл-ойы бар» адам ешқанда да, оның қай бір «фракциялығына» қарамастан өз көзін жұмғанша оның табыстарын ұмытып жоққа шығара алмайды» деп жазған болатын.

6.3 Социализмнің экономикалық негіздерін

жасаушыВладимир Ильич Ульянов (Ленин) (1870-1924 жж)

– саяси қайраткер, Ресейдегі Қазан төңкерісін басқарушы, КСРО-ны құрушы. Ол Маркстің эконоикалық теориясын империализм теориясымен және пролетариаты аз елде социалистік революция мүмкін деген теориямен толықтырған. Ленин социализм кезінде барлық өндіріс бір үлкен фабриканы құрайды дегенге шынайы сенді.

В.И. Ленинің социализм туралы ой-пікірлері, теориялары оның «Совет үкіметінің кезектегі міндеттері», «Мемлекет және революция», «Азық түлік салығы» т.б. еңбектерінде берілген. Ол социалистік құрылыста тауар-

165

Page 166: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ақша қатынастары мен рынокты, мемлекеттік капитализмді пайдалануды ұсынды. Ленин «Жаңа экономикалық саясатың» (ЖЭС-тің) негізін қалауға тырысты. Өндірісті қоғамдастыруға «әскери коммунизмен» азық-түлік саясатын, қала мен деревня арасында ақша-тауар қатнастарын пайдалануды ұсынды, тіпті социализмге өту-бірнеше ғасырға созылуы мүмкін деген пікір айтты.

В.И.Ленин марксизімді тереңдетті, оның экономикалық теориясы социализмді құруды тәжиребеге асырды. Оның жоспарлы экономика, шаруашылық механизмі, есеп тәсілі, азық-түлік салығы туралы, идеялары социализм теориясының негізі болды.

Ресей экономикасындағы рыноктік қатынастарда тауарлы өндіс пен капиталистік элменттердің барлығын теория жөнінде дәлелдеді. В. Ленин мемлекеттік капитализм теориясын, сыртқы сауда саясаты мен ішкі кәсіпорындарында тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, сыртқы сауда монополиясын ұсынды. Ол «азиатша сауданың» орнына «европаша сауда» жасауға шақырды.

Лениннің экономикалық ой-пікірлері, көзқарастары әсіресе партия сьездерінде, конфернцияларда идеологиялық таластарда қызу талқыланды Мысалы, 1918 жылы РКП (б) VII төтенше съезінде Ленин: «біздер , Рессейдің капитализмнен социализмге өтудің бастапқы сатысында тұрмыз, қанша саты, қанша кезең болатынын білмейміз, білуімізде мүмкін емес» деп ескерткен еді.

Лениннің көзқарасын үш кезеңге бөлуге болады: 1917 жылғы революцияға дейін (абстрактілі теорияландыру кезеңі); 2) 1917 жылдан 1921 жылдың наурызына дейін (соғыс коммунизмі кезеңі); 3) 1921 жылдың наурызынан 1924 жылдың қаңтарына дейін.

Абстрактілі теорияландыру кезеңінде Ленин капитализмнің тарихи дағдарысқа

166

Page 167: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

душар болуы туралы марксистік доктринаның мызғымас жақтасы болды. Оған белгілі социал-демократтар Р. Гильфердинг пен К.Каутскийдің көқарастары үлкен әсер етті.

Экономикада ірі монополияның жоспарлы бастауна көңіл бөлген Гильфердинг пен Каутскийге қарағанда, Ленин капитализмнің империализм сатысындағы ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарының шиеленісуіне ерекше көңіл аударды. Бұл сатыда өнеркәсібі дамыған елдер капиталдың еңбекті негізгі қанауды объектілерін қайта бөлісу күрестін бастайды. «Артта қалған елдерде, – деп жазады Ленин, – әдетте капиталдың тапшылығынан пайда табу мүмкіндігі жоғары, жерге деген баға да бірсыпыра төмен, ал шикізат болса ол да арзанға түседі».

Сондықтан капиталды экспортқа шығару мүмкіндігі халықаралық капиталистік қатынасқа артта қалған елдердің кіруі үлкен әсер етті. Ең бастысы теміржолдар қай жерде салынса немесе салынып жатса сол жерде, өнеркәсіптің дамуы үшін қарапайым жағдайдың бәрі қарастырылған. Капиталды экспортқа шығару қажеттігі ленинше мыналардың нәтижесі: аздаған елдерде каптиализм «өте жетіліген» (ауыл шаруашылығының мешеулігінен және бұқараның қайыршылануынан) капитал өзінің салынатын (вложения) «пайдалы» орнын іздейді, бірақ таба алмайды».

Дегенмен, бұл пікірге қарамастан, капиталдан түсетін кіріс дамушы елдерге қарағанда, дамыған, экономикасы әлдеқайда

167

Page 168: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жоғары, инфрақұрылым бар елдерде қосымша пайда табуға жақсы мүмкіндік туғызады. Ленин британ капиталының көбірек орналасатын жері, британ отарлары екені туралы сол кезде жазған Британияның сыртқа шығарылған активтері империядан тысқары, әсіресе ең басты атары АҚШ-та болатын. Бүгінде мұндай ағым күшейе түсүде, және шамамен алғанда әлемдегі тура инвестицияның үштен екісі дамығын елдердің үлесіне тиеді.

Тағы бір аңызға айналған Лениннің пайымдауы, империализм капиталды мейлінше шоғырландыруға жетелейді. Шынында да ХХ ғасырда нарықтық экономикада өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ орта және кіші бизнестіің өркендеуіне байланысты мұндай ағым нық орын алуда.

Соған қарамастан, көптеген марксистердің күшімен құрылған империализмнің мифологиялық үйлесімі Лениннің теориялық құрылымы үшін ең кемдегенде екі түрлі жағдайда ыңғайлы объекті болып шықты. Біріншіден, әлемде дамыған елдерде еңбекшілердің көпшілігі, капиталдың дұшпанына айналады, мұның өзі тіпті пролетариат күреске біршама аз қатысса да, әлемде (немесе капитализмның жекелеген «осал буындарында») пролетарлық әлемдік революция мүмкіндеген мәселені қойды. Екіншіден, ол ойлағандай, империализм өндірісті аяғына дейін (үлкен бір фабрика деңгейінде) қоғамдастыра алмады, сондықтан социалистік революция үлесіне жеке

168

Page 169: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

меншіктенушікті жою оның орнына мемлекет түрінде «жаңа типті» менштік иесі – пролетариат диктатурасын құрды.

Бүгінде біз, Лениннің бейнелеген көрінісі іс жүзінде мүмкін болғанын көргенмен. ол экономика жағынан тұрақты болмады. Сондықтан ол Маркс айтқандай «пролетариат диктатурасын» онша үлкен емес, бірақ жақсы ұйымдасқан шағын саяси топтардың экономикалық және саяси күші арқылы сақталуы мүмкін деді. Марксті көп қолдауға көңіл аударған Шумпетер, Ленинге Марксизім идеясынша жұмысшыларды азат ету сол жұмысшылардың өздерінің шаруасы емес, «қараңғы бұқараға үстемдік жүргізе алатын жекелеген бандалардың» ісі деп, кінә қойды.

Партия диктатурасы негізінде большевиктер Ресейде соғыс коммунизмі саясатын жүргізе бастады. Осындай жаппай күш көрсету қатал шындыққа айналған соң азаматтық соғыспен жауап беруге тура келді. Бұл жерде сонау Руссодан келе жатқан: күш көрсетіп (егер «үлгілі теориямен» және билікке ие болса) адамды зорлықпен бақытты етуге болады деген мақалды еске түсірсе болды.

Алайда, бұл саясат сәтті болмай шықты. 1917 жылдан кейін 1921 жылы аштықтан, зорлықтан халықтың көпшілігі большевиктерге қарсы болып шықты. Мұны көрген көсем, «таза социалистік нысанға, таза социалистік бөлісуге тікелей көшу біздің күшімізден мүмкіндігімізден асып түседі» деп өкінішпен атап өтті. Және Ленин әуелі іс жүзінде, содан соң теория жүзінде мынадай қорытындыға

169

Page 170: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

келді: өндіріс пен өнімдерді бөлудің көп жыл алға нақтыланып жасалған жоспарын пайдалануда мемлектеттің рөлін шамадан тыс көтеріп жіберу, әсіресе соғыстың салдарынан тоқыраған шаруалар елінде экономикалық жағынан тиімсіз деді.

Лениннің өмірінде ЖЭС-ка өту негізіне байланысты үшінші, мейілінше түп тамыры терең, әрі қайғылы кезең басталды. «Жаңа экономикалық саясаттың» мәні мынада... ұсақ өндірісшілер үшін сауда бостандығын және ... ірі капитал үшін өндіріс құралдарына байланысты мәселелерді шешше, онда капиталистік экономика сияқты «мемлекттік капитализм» бірқатар қағидалар қолданады». Ленин өз қолдастарының назарларын аударып «егер социализмнің бөлу тәсілін («әркімге еңбегіне қарай») қолдансақ тауар алмасуы формальды болады, онда социализмде тауар-ақша қатынасын пайдалануда ешқандай айтарлықтай қарсылық, шектелулік болмайды» деді.

Осындай қиын-қыстау кезеңде, Ленин - егер мемлекеттегі билік большевиктердің қолында болатын болса, мемлекеттік капитализм арқылы да коммунизмге өтуге болады деп түсіндірді. «Мемлекеттік капитализм – бұл өзіміз шектей алатын, шектен асуды тоқтата алатын капитализм. Бұл мемлекеттік капитализм, мемлекетпен тығыз байланысты, ал мемлекет – ол ... біз. Және осы мемлекеттік капитализмнің қандай болатыны бізге байланысты» деді.

170

Page 171: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Келесі қадам – шаруаларды кооперациялау және өнеркәсіпті индустрияландыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қазіргі заманғы ірі өндіріс орындарын ашу. Ол «қандайда болмасын аз қаржының өзін біздің ірі машина жасау индустриясын дамыту үшін қол жеткізу» деп міндет жүктеді.

КСРО-дағы социализмнің кезекті эволюциясын түсіну үшін ЖЭС-ын кейбір қорытындыларына қарап өту керек. Тура шаруашылық тұрғысынан алғанда ол әжептәуір көңіл толтындырды. Еліміздің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қаржы-қаражаты нығайды. Мемлекттік, кооперативтік және меншіктің жеке түрі белсенділікті таныта түсті.

ХІХ ғасырдың 20 жылдары жалдамалы еңбекті, шетелдік капиталистік кәсіпорындар (консессия) пайдалану арқылы кооперативтерге, жеке кәсіпорындарға ерік берілгенде жалпы өнеркәсіптік өнімдегі капиталдың үлес салмағы 4 пайызды, ал жеке меншік-қол өнершілер мен бірге 24 пайызды құрды, саудада жеке секторлардың үлес салмағы 44 пайызға жетті. Сонымен ЖЭС-тын экономикалық механизмін жетілдіру қажет екендігі белгілі болды. Бірақ, бір жағынан – соғыста қирап-бүлінгенді шаруашылықты қалпына келтіру айтарлықтай берекесіз қйын іс, екінші жағынан- Лениннің арманы, заманға сай ауыр индустрияны құрып, өзінің экономикалық деңгейіне қарай дамыған елдермен қатарласу еді. Сондықтан ол ауыр

171

Page 172: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

индустрияны құру мындеттерін орындаудың екі жолы бар деп санады.

Бірінші жолы – ЖЭС-ты жалғастыру, мемлекеттің экономикалық рөлі мен еркін рыноктың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, аралас мемлекеттік-меншіктік негізінде ауыр өнеркәсіпті дамыту. Мұндай тепе-теңдіктің беріктігі елдегі мемлекеттік құрылысты мейлінше демократизациаландыру, халықтың экономикалық және саяси қызметіне бостандық беру керек еді. Бірақ большевиктер бұл жағдайда өздерінің билігін басқалармен бөлісуге мәжбүр болатын болды.

Осы бағыттың идеологтарының бірі Н. И. Бухарин (1888-1938 жж) жаппай коллективтендіруден кейін КСРО-дағы рынок мүлдем өзгерді. Мемлекеттік кәсіпорындармен, колхоздар және ауыл шаруашылықтық кооперативтер арасындағы тауар айналымы рыноктік стихия болудан қалды деді.

Бухарин 1920 жылы өзінің «Өтпелі кезең экономикасы» деген еңбегінде мынандай теориялық мәселелрге тоқталып, социалистік экономиканы құрудың мынадай негіздеріне көңіл аударды олар: Трансформациялық үрдестердің жалпы

теориялары; Коммунистік құрылыстың алғы шарттары; Қоғамдық трансформациялық үрдестірдегі

қала мен ауыл қатнасы; Өндіргіш күштерінің төңкерісінің

шығындары мен техниканың орны;

172

Page 173: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Пролетариат диктатурасы кезеңіндегі өндірісті басқару жолдары;

Өтпелі кезенде экономикадан тыс күш көрсету;

Әлемдік революция үрдісі т.б..Екінші жол – елдің барлық экономикасы

мен саясатының негізгі параметрін большевиктік партия белгілейтін «бірыңғай жоспар» бойынша ұйымдастыру. Бұл жолдың артықшылығы «лениншілдерге» марксистік идеалдың сақталуымен ғана көрінген жоқ. Бастысы, мұндай жағдайда осындай қиыншылықпен қолға тиген билікті ешкіммен бөлсудің қажеттігі болмады. Сондықтан екінші жолдың пайдалы деген жағдайлары таңдалынып алынды.

Большевиктік партия И.Сталиннің басқаруымен өзінің үстемдігін мынанндай айаусыз күрес арқылы орнатты: Паразиттік топтармен (помещиктер,

буржуазия т.б.); Сауда капиталистерімен, алып

сатарлармен, банкирлермен; Буржуазиялық кәсіпкерлермен ( трест,

синдикат); Ресми маман бюрократтарымен (әскери,

және мемлекет апаратарымен; Техникалық интелегенциямен (инженер,

агроном, журналистер); Орта және ірі шаруалармен (кулактар); Орта, ұсақ қала буржуазиясымен.

Жалпы, өтпелі кезеңде И.Сталин социализмді құрудың мынандай жолдарын көрсетті:

173

Page 174: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1930 ж. – «кімді-кім» жеңеді деген сұрақ, социализмнің пайдасына шешілді,

1932 ж. – социализмнің ірге тасы қаланды қала мен ауылдың мәселері ленинше шешілді;

1936-1937 жж. – социалистік экономикаға тиісті үкіметтік қондырмалар құрылды. Партияның ХVIII съезі ССР-да 2-ші бесжылдық жоспар орындалды деп, коммунизімнің бірінші фазасы – социализм жүзеге асты деп жариалады.Былайша қарағанда, Совет үкіметі

дамыған капиталистік елдерден қалыспайтын, барша халықтың патриоттық ауыр еңбегі мен нағыз ірі өнеркәсіп салып Ұлы отан соғысында жеңіп шықты. Өз үстемдігін осылай орнатқан партия басшылары кейін, өзара қандай қанды таласқа түсетінін біле қоймады және социалситік жоспарлы шаруашылық бірте-бірте, ондаған жылдардан кейін жоққа шығатын кемістігі бар екендігін көрмеді.

Біріншіден, кремльдік кабинеттерде құрастырылған ұзақ мерзімді жоспар тұтынушылардың соңғы тұтыну сұранысын (тамақ, киім) ескере алмайтындығына куә болдық. Ол негізінен өндірістің ең алдымен өзіне өзі қызмет көрсетуден бастап (ұдайы даму), екінші сұранысты -тұтынуды артқы бағдарда ұстады. Осының нәтижесінде өндіріс неғұрлым ұдайы дамыған сайын тұтынушы солғұрлым кедейлене түсті. Осындай біршама кедейліктің өсуі үкімет басшыларының берген үәдесін орындалмайтындығынан шыққан қарсылықтар қатал репрессиямен басылып

174

Page 175: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тасталұы әлеуметтік наразылық тудырып отырды.

Екіншіден, жоспар бойынша құрылған экономика, күткеніндей ғылыми техникалық прогреске сай келмей жатты. Ақшалай бағалау тәуелділігінен айырылған экономика өзін-өзі реттеу қасиетін жоғалтып, өзінің өлшем көлемін немесе есепті ақша бірлігіне айналдырылған «орташа жұмыс уақытының сағатына» бағытталды.

Сондай-ақ, отбасылық шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық копперацияларын зерттеумен айналысқан А.Чаянов (1888-1937 жж) отбасылық шаруа қожалықтары онша пайдаға иек артпайды, табыс пен еңбектің ауыртпашылықтарының бір-біріне деген сәйкестілігін көздейді деген қорытындығы келеді. Бұл тіпті ең жаман деген экономикалық шамада күн көруге жағдай жасайды. «Ішкі тепе-теңдіктің шарттары капиталистік шаруашылықтырды сөзсіз күйреуге душар ететін жағдайды өмір сүруге мүмкіндік беретін еңбекке ақы төлеу бірлігінің төмен деңгейін қолайлы етеді».

Чаянов, ірі ауыл шаруашылық өндірістерді ұсақ шаруашылықтармен салыстырғанда біршама артықшылығы болатынын мойындады. Алайда, Ресейде американдық үлгідегі фермерлік қожалықтарды дамытуға мүмкіншіліктер жоқ еді. Сондықтанда өзіндік өнімдерді қайта өңдеу, тасымалдау мен өткізу, шаруа қожалықтарын несиелеу міндеттерін алатын ірі ауыл шаруашылық

175

Page 176: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кооперативтерімен бірлескен отбасылық шаруа қожалықтарының болғаны пайдалы деді.

Кеңес үкіметі кезінде Чаянов теңестірілген жер пайдаланушылыққа қарсы шығып, оны бірыңғай ауыл шаруашылық салығын енгізу қажеттігіне негіздеп, суармалы жер өңдеу аймақтары үшін су рентасының тұжырымдамасын ұсынды. Кондратьев сияқты ол да индустризацияны шаруалардың есебінен жүргізілуіне қарсы болды. 1937 жылы репрессияға ұшырап, ату жазасына сотталды.

ХХ жүзжылдықтың әйгілі экономистерінің бірі – Н.Кондартьев (1892-1938 жж), американдық әлеуметтік ғылымдар академиясының, американдық экономикалық ассоциациясының, американдық және лондондық мәліметтік қоғамының, американдық ауыл шаруашылығы мәселесі жөніндегі ассоциацияның академигі. Қазан төңкерісінен кейін Москва ауыл шаруашылық академиясының профессоры, Наркомфин жанындағы Конъюктуралық институттың директоры (1920-1928), РСФСР Наркомземнің ауыл шаруашылығы экономикасы мен жоспарлау басқармасының бастығы болды. Кондратьевтің басшылық жасауымен 1923-1928 жылдарда КСРО ауыл және орман шаруашылықтарын дамытудың алғашқы перспективалық жоспары жасалды. Жоспарлау және бағаның құрылуы мәселелеріне арналған «Аграрлық мәселе» (1917), «Астық рыногы және оны соғыс пен төңкеріс кезінде реттеу» (1922), «Деревняларды бөлу туралы мәселелер» (1927) деген еңбектері жарық

176

Page 177: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

көрді. Реттелуші нарықтық экономиканы жоспарлау теориясы «Алдын ала болжау мәселесі» (1926), «Жоспар және алдын ала болжау» (1927) деген және басқа да еңбектерінде қарастырылды.

Кондратьев – қоғамының шаруашылық өміріне сапалы өзгерістер енгізуге байланысты көлемді конъюктуралік циклдердің авторы. Ол, саясаттандырылған кеңестік экономикалық өмірде «кулак» атанған ауқатты шаруалардың шаруашылық бастамашылығын басып тастауға бағытталған (кейіннен «кулактық идеология» деп аталған) үлкен қателіктер жасады, деп саналды. Кондратьев 1930 жылы тұтқындалып, негізсіз репрессияға ұшырады. Өлгеннен кейін ақталды.

Кондратьев теориясының, ең бастысы алайда кооперация теориясы емес, оның созылмалы толқын немесе ұзақ мерзімді экономикалық динамика болып саналады.

Оның созылмалы толқын теориясы мейлініше үлкен тербеліс (жарты ғасырға жуық) болды. Іскерлік циклдегі тербеліске қарағанда тікелей көрінетін созылмалы толқынның тиімділігі мәліметтік деректерді белгілі бір өңдеуден өткізгеннен кейін ғана белгілі деді. Мұның өзі созылмалы толқынның шындыққа жақындығын қосымша тексеру мәселесін көтерді.

Өзінің еңбектерінде Кондратьев Огюст Конттың «Алдын ала болжау үшін білу керек, басқару үшін алдын ала болжау керек» деген мақылын басшылыққа алды.

177

Page 178: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

80-жылдардың аяғында социализм әскери, идеологиялық, экономикалық және әлеуметтік қатынастар бойынша капитализмнен ұтыла бастағаны байқалды. М. Горбачевтің сауатсыз өткізген «қайта құруы» реформасы түбінен шіріп тұрған құрылысты төбесінен соққылап құртты. Бұрынғы КСРО-нің құлаған үйіндісінің орнында бой көтерген жаңа мемлекеттердің нарықтың жай ғана экономика қозғалысындағы өзара күмәндары басталды.

Болшевизм билігі кезеңінде Ресейдің экономикалық ой-пікірлері біртіндеп дербестік сипатын жоғалтып алды. Кондратьев пен Бухариннің ашықтан-ашық жәбірленуге душар болуы нағыз «асаулардың» өзін жуасытып тастады. Біреулер шетелге кетіп қалды, енді басқалары Маркс пен Лениннің еңбектеріне шолушы ғана болды; үшіншілері коммунистік идеологтардың санасына кірмейтін абстрактілі мәселелермен айналысты.

Экономикалық теориядағы кейбір дұрыс алға жылжушылық тек қана 1953 жылы И. Сталиннің өлімінен кейін жүзеге аса бастады. Олар негізінен социализм кезінде тауарлық қатынастардың айтарлықтай рөлін тану мен білумен тынды. Кеңес экономистері колхоз меншігіне өндіріс құралдарын сатуды, өндіріс құралдарының көтерме саудасының элементтерін ақтайтының мойындады. Пайда, социалистік шаруашылықты жүргізудің ынталандырушысы болып саналды. Рентабельдылыктың нормасы деп аталатын пайда нормасы қайтадан өндіріс тиімділігін көрсеткіші саналатын болды. Алайда,

178

Page 179: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

орталықтандырылған жоспарлы экономиканың тұжырымдамасының негізгі шарттары мызғымайтын болды.

Дүниежүзілік өлшем бойынша кеңестік экономика ғылымында математикалық-экономикалық бағыт қана нағыз табысты болды. Осы бағыттың құзар шыңы кеңес дәуірінде экономика бойынша жалғыз ғана Нобель сыйлығының лауреаты, КСРО азаматы

Л. Канторовичтің (1912-1986 жж) шығармашылығы болып табылды. Ол бөлісудің кез келген экономикалық проблемалары нақты бір шектеуде белгілі бір бірлікті максимзациялаудың міндеті ретінде қарастырылуы мүмкін деп көрсетті. Ол экономикалық үрдістердегі салалық және салааралық оптимизациялау міндеттерін шешу үшін, экономикадағы сандық есептің көптеген түрлері үшін қолайлы тізбекті бағдарламау әдістемесін құрды.

Канторович сонымен бірге, тізбекті бағдарламалау моделіндегі туындап қалатын коэффициенттердің (көбейткіштерді анықтайтын) экономикалық мәнін түсіндіріп берді. Олар шектеуші факторлардың шектеулі құнын (пайдалылығын) көрсетті. Сондықтанда олардың сандық мәні бесекелестік нарықтың жағдайындағы факторлық бағасына тең.

Ол тізбекті бағдарламалау міндеттеріндегі қосарланған бағалаудің болатындығын көрсете білді. Бір мезгілде шығынды кемітуге және нәтижені арттыруға болмайды, осының тек біріне ғана қол жеткізуге болады деді.

179

Page 180: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Экономикалық заңдылықтарды талдауда В.Новожилов (1892-1970 жж) айтарлықтай нәтижеге жетті. Орталықтандырылған жоспарлы экономиканың тапшылық мәселелерін қарастырған ол, тұтынушылар мен өндіріс ресурстарының тапшылығы социализм дәуіріндегі неғұрлым төлемге қабілетті сұраныстар өсе түссе, соғұрлым социалистік кәсіпорындардың шығындармен санаспауынң нәтижесі деген қорытындыға келді.

ТҮЙІНБұл тақырыпта өздерінің еңбектерінде

классикалық буржуазиялық саяси экономияның жекелеген ережелерін және марксизмнің экономикалық теориясының кейбір идеяларын пайдаланған И. Вернадский, И. Бабет, Н. Каблуков, П. Струве, М. Туган-Барановский, Н. Чернышевский, С. Булгаков және т.б. ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында Ресейде дамыған экономикалық ой-пікірлердің маңызы көрсетілген. Бұлардың негізгі ерекшеліктері, ол орыстың буржуазиялық саяси экономиясының марксизм теориясындай Ресейдегі крепостнойлық қатнасқа қарсы бағытталғандылығы. Осылай Ресейдің саяси ой-пікірі өздерінің белгілі өкілдерінің арқасында әлемдік экономиялық ғылымның алдыығы қатарында болды.

К. Маркстың басты еңбегі «Капитал» Ресейде кең тарап оның алғашқы шолушылары және насихаттаушылары Н..

180

Page 181: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Зибер, Г. Плеханов, В. Ленин және басқалар болды.

Жалпы алғанда, марксистің революциялық теориясының кеңінен таралуы Ресей үшін дұрыс та және теріс те рөл атқарды. Революциядан кейні ауыр қиыншылықпен барлық халықтың қатысуымен ірі өнеркәсіп қалыптасты, алайда жоспарлы шаруашылықтар социализмның ішкі жасырын пиғылына ие болды.

Мұндай кемшіліктерді Н. Бухарин, А. Чаянов, Н. Кондратьев және басқалар өз еңбектерінде көрсете білді. Осы кемшіліктер жоспарлы экономияны, оны құрған Совет үкіметінің таратылуына әкеп соқты.

Негізгі терминдер Реформалық кезең.Орыстың сын мектебі.Ресейдегі математикалық экономикалық реформалау.«Ресми марксистер».Ресейде марксизмнің экономикалық идеясының таралуы.Социалистік жоспарлы экономика. Ресейдегі «Соғыс коммунизмінің» саясаты.Аралас меншік негізі. Тепе-теңдік

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

1. Ресейдегі реформалық кезеңдегі буржуазиялық саяси эконоиканың дамуын;

2. Орыстың сын мектебінің өкілдерін;

181

Page 182: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3. Ресейдегі марксизмнің экономикалық идеясын таратушыларды;

4. Социализмнің экономикалық негіздерін; 5. В. И. Лениннің негізгі теориялық

еңбектерін;6. Ресейдегі «Соғыс коммунизмі» негіздерін;7. Л. В. Канторович пен В. В. Новожиловтың

негізгі идеяларын.

§2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Рессейдегі ХХ ғ. басындағы реформа

қандай экономикалық мәселелрді шешті?2. Рессейдегі «ресми марксизмнің» қандай

өкілдерін білесіз?3. К.Маркстің «Капиталының» І томын

Рессейде алғашқы насихаттаушылар кім?4. Г. Плехановтың негізгі экономикалық

идеяларын атыңыз:5. В. Ленинің социализмді құру

теорияларында қандай қателіктер болды?6. А.Чаяновтың, Н. Кондратьевтің негізгі

еңбектері.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. М. Туган-Барановский:a) «Ресми-марксист»;b) Шектеулі пайда теориясы мен құның

еңбек теория сының өзара байланыстар туралы тұжырым құрды;

c) Негізгі қоғамдық еңбек өнімділігі мен әлеуметтік қатнастар жүйесін құрушы;

d) еңбек өнімділігінің артуы мен қоғамдық өнім мен табыс өсеуін;

182

Page 183: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

e) барлық жауаптар шынайы.2. «Рессейдегі жұмысшы табының

жағдайы» атты революциялық зерттеу еңбектің авторы кім?

a) К.Кугельман;b) А. Герцен;c) М. Бакунин;d) М. Петрашевский;e) Н. Флеровский,

3. «Жаңа экономикалық саясатың» (ЖЭС) шешуі:

a) ұсақ өндірушілерге сауда бостандығын;b) ірі капиталға өндіріс құралдарын

пайдалануды;c) «мемлекеттік капитализмді» құрып, оның

негізгі қағидаларын қолдану;d) социализмнің принципі «әркімге еңбегіне

қарай» бөлу тауар алмасуын формалды етеді;

e) мемлекеттік билікті большевиктер ұстап «мемлекеттік капитализм» арқылы коммунизмге өтуі;

4. Революция айақталғаннан кейін бар кедейлер үкіметтің иждевениясына көшіп, меншіктілер бар байлығынан айырылып, елде жалпы қайыршылық басталып ел қайтадан ескі қоғамға қайрлады деп өткен ғасырдың қай экономиясы айтты:

a) В.Ленин;b) П.Прудон;c) К.Маркс;d) И.Сталин;e) Дж. Кейнс.

183

Page 184: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5. ТМД елдерінде өткізілген Е. Гайдардың «Шоковая терапиясы» қазіргі қай экономиялық теорияға сүйенді.

a) Кейнсианствоға;b) Қоғамдық таңдау теориясына;c) Құнды күту теорисына;d) Монетаризмге;e) Неолиберализмге;f) Фискалдық теорияға.

7 ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

МЕН ДАМУЫ.

7.1. Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.

7.2. Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы.

184

Page 185: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

7.3. Әл – Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” – заң ескерткіші.

7.4. ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының әлеуметті – экономикалық көзқарастары.

7.5. Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезеніндегі экономикалық ғылымның дамуы.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

- Номадизм мен ренесанс түсініктерін;- Фольклордың – экономикалық ойларды

туғызыуы мен дамытуын;- Әл-Фарабидің тарихтағы орнын, Тәуке

ханның “Жеті жарғы” - заңының тарих маңызын;

- ХІХ ғасырдағы Қазақстанның ағартушы –демократтарының рөлін;

- ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық ғылымның дамуын.

7.1 Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері.

Кәзіргі Қазақ халқы мен оның көне ата – бабаларының тарихы әлемдік өркениет тарихының органикалық құрамды бөлігі. Бүгінгі күні Қазақстан – дербес, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ендігі уақытта экономикалық, саяси және мәдени өмірі нарықтық қатынастарға байланысты. Қазақстан әлемдік шаруашылық жүйесінің субъектісі болып саналады.

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі

185

Page 186: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің шаруашылық жүргізу тәсілі – номадтардың тұрмысына ұқсас құрылған. К. Маркстің “азаттық өндіріс әдісі” деген термині – бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігінің сипатын, меншік иелеуінің объектісі мен субъектісін қамтиды.

Сондықтан көшпелі халық – номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс.

Жалпы “Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан – малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына өтумен байланысты - номадизм Еуразия таулы – далалық тайпаларының ортасында біздің дәуірімізге дейінге екінші мың жылдықтың соңы мен бірінші мың жылдықтың басында пайда болып, Орталық және Батыс Азияның бірсыпыра елдерінде сақталды.

Қазақстанның экономикасындағы номадизмінің ерекшелігі мұнда қалыптасуы және дамуы бүкіл көп ғасырлық тарихы мал шаруашылығына, көшпелі өмір салтына негізделінгенінен тұрады. Мал шаруашылығы, басты тіршілік арқауына айналған, бүкіл Қазақ қоғамының даму шыңының тарихи тәжирбесі Қазақстанның экономикалық ойларының негізгі бастау көздерінің бірі болып саналатын,

186

Page 187: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қазақ фольклорындағы деректер, осыны толық растайды.

Ғасырлар бойы біздің ата - бабаларымыз бір – бірімен кездескен сәтте, алдымен “мал – жан аман ба?” деп саулық сұрасқан. Малды бірінші кезекке, содан кейін барып жанды, денсаулықты қойған. Бұл мысал – Қазақстан малшыларының көшпелі өмір-салты экономикасында номадизмінің басым болғандығының дәлелі.

Номадизм ерекшелігін ұғуы үшін ұлттық “менталитет” түсінігін білу керек, яғни біреуді силау, толғанып ойлау тәсілі, әлемді түсіне білу, Қазақ халқының менталитетіне оның ашықтығы, қонақ жайлылығы, мейман достығы жатады.

Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша: Қазақ халқының генетикалық сипатының ашықтығын, жан мейірмандылығын, қажет кезінде барымен бөлісе білуін жатқызады. Ешқашан және ешкімге ол жеккөрушілік сезімді көрсетпей, ешқашан халықаралық конфликтінің қайнары болып көрмеген дейді.

Қазақтардың көшіп - қону дәуірінде, Ұлы даланың қатаң жағдайлары, бір жануяға – жеке өмір сүруге мүмкіндік бермей, халықты өзара көмек көрсетуге үйретті. Көшпенділердің мінез – құлқына, өзара қолдау, қайғыда жан ашу және бір – біріне көмектесу қасиеттерін жатқызуға болады. Осының барлығы Қазақ ұлтының нығаюына, өсуіне әкелді. “Ашық көңіл үйдің тарлығын білдірмейді”, “От қайдан болса, сол жақтан жылу келеді” деген мәтел де осыны көрсетеді.

187

Page 188: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Осындай қазақ халқының ерекшелігі, оның жақсы қасиеттері демократиялық қоғамды құруға көмектесуге тиіс. Оның фундаменті болып ұлтаралық келісім, бір-бірін түсінушілік болып табылады.

Бірақта, алғашында империялық, кейіннен кеңестік – коммунистік идеологияның ықпалында қалған қазақ мәдениеті, ғылымы, халқының басынан кешкен экономикалық, мәдени оқиғалары, құбылыстары тарихи зерттеулерден шеттетілгендігін айту керек. Мұндай жағдай “колониалдық жүйеге кірмейтін шағын халықтардың өзіндік тарихы болмайды” деген концепцияның нәтижесі болды. Осыған байланысты жазбалы документалды тарихын қалдыруға құқықтарынан айрылған Қазақ халқы өз құндылықтарын халықаралық деңгейде толық түрде көрсете алмады.

Егемендікті, тәуелсіздікті алғаннан кейін әлемдік жұртшылықпен жан-жақты қарым-қатынас жасауға, олардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде алынған баға деңгейімен танысуға мүмкіндік туды. ЮНЕСКО –ның 1995 жылды – Абай жылы, 1996 жылды –Жамбыл жылы, 1997 жылды - Әуезов жылы деп атауы осындай процестерге жаңа бір күш беруде. Осымен байланысты номадизм дәуірінен өткен, ренесансқа жеткен Қазақтар, ренесанс дәуірінен өттіме, жоқ па деген сұрақ ғалымдар, тарихшылар, әдебиетшілер ойларын туғызуда.

188

Page 189: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Егер “Ренесанс” түсінігі – жаңару, прогресс, гүлдеу дегенді білдірсе онда еліміздің өткен тарихына көзжіберіп дамыған, қалыптасқан саяси – экономиялық дәуірлерімізді еске алсақ, бір кезде “артта қалған” деген атақ алған, қазақ халқы ренесансты бастан кешіре алды деген шешуді ашық айтуға болады. Егер біз белгілі бір тарихи кезеңдегі бір мәдени-рухани әлеуеметті анықтауды бұрынғы әдістемелік сілтемелермен, қоғам дамуын жалған заңдылықтармен қарастырсақ, онда біз тағы да қатаң қателіктерде қаламыз. Осындай әдістің қателігі талай рет дәлелденген.

Әлемдік тарихи процесс мынаны көрсетеді, бір жағынан әлеуметік саяси өмір мен екінші жағынан мәдени-рухани шыншылдықтың арасында тұрақты сәйкестік әр қашанда бола бермейді. Мұны келесі мысалдардан байқауға болады. Ежелгі гректерде кұлиеленушілік қоғам үстемдік еткенде классикалық мәдениеттің гүлденген кезі болды.Ал ортағасырлық діни Мистицизмі кезінде Еуропада ренесанс жақсы дами бастады. Наполеон әскері Германияны жеңген кезде классикалық неміс философиясы мен мәдениеті өркендеген болатын. Басыбайлы крепоснойлы Ресей ХІХ ғасырды мәдениет пен әдебиеттің “алтын ғасыры” деп атады.

Әлеуметтік саяси және дамудың мәдени-рухани деңгейі арасындағы сәйкессіздікті өз уақытында ұлы Гегель “тарихтың жалған бет пердесі” деген.

189

Page 190: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Егер еуропалық ренесанс Данте мен Джоттодан бастама алып, Байронмен аяқталса, онда қазақ ренесансы Шоқан мен Құрманғазыдан басталып Абаймен аяқталады деген ойды айтуға болады. Бұл тек жәй салыстыру емес, бұл жан-жақты, терең талдау мен зерттеуді талап ететін болашақ. Уақыт өте тарихи тұлғалар бейнелері, ұлттық мәдениеттің әлемдік мәні, оның ертедегі тамырлары жаң-жақты ашыла бастайды. Сонда ғана қазіргі және болашақ ұрпақты ХІХ ғасырда туған Абай және басқада ақын, сазгер, ғалым мен ағартушылар қатарымен таңқалдыруға болмайды. Керісінше, қазақ халқының мәдени-рухани жаңаруы ХІХ ғасырда әлемге Абай, Құрманғазы, Шоқан, Ыбырай сияқты алып тұлғаларды сыйламай қоймады.

7.2 Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы

Фольклор мен әдебиет – әр халықтың сөз өнерінің екі түрі. Дегенмен, фольклор бұл тек сөз өнері емес, сонымен бірге халықтың тұрмыс-салтының құрамды бөлігі. Сөз өнері ретінде – фольклор әдебиеттен өзгешелең. Бұл айырмашылық тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде мызғымас болып қалмайды.

Әдебиет – жеке адамдар жасайтын өнер, ал фольклор – ұжымдық болып саналады. Әдебиет – жаңашылдықтың, ал – фольклор дәстүрдің алдыңғы негізгі соқпақ жолдары.

Фольклор тарихы, адамзат дамуының көне дәуірлерінен бастау алады. Фольклор еңбек

190

Page 191: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

процессінде туады, адамдардың көңілді және еркін өсуі үшін әрқашанда олардың көзқарастары мен мүдделерін білдіреді.

Әдебиет жазба түрде өмір сүрсе, фольклор ауызша тілде шығарылады және халықтың жадында сақталады. Әрбір халықтың фольклоры, оның тарихы, салттары мен мәдениеті сияқты қайталанбас өнер туындысы.

Фольклорлық ең қысқа шығармалар – мақалдар мен мәтелдер, әрбір халықтың сол бір ойын өзінше білдіреді.

Қазақ фольклоры – экономикалық ойлардың қайнар көзі. Қазақтың бүкіл мәдениеті, сандаған дәстүрі мен мал бағу, тұрмыс жағдайлары қазақ фольклорінде жинақталған.

“Асыл тастан – ақыл жастан”. Абайдың бұл таңғажайып сөзі орыс тілінде де жағымды үндестікте естіледі: “Драгоценность в камнях – ум у молодежи”;

“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”; “Көз қорқақ – қол батыр”; “Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” т.б.;

Мақал мен мәтелдер – қазақтың ауызша халық шығармашылығының жанры, фольклордың құрама бөлігі. Мақал аяқталған жеке ойды білдіреді. Мәтел толық ойдың мәтінінде берілетін аяқталмаған сөйлем болып табылады.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің маңызы аңшылық, малшылық, жер өңдеу, қол өнері тағы басқа да шаруашылық қатарды сипаттайды. Олар адамдарда батылдық, әділеттік, еңбекке деген сыйлық, білім, өнер,

191

Page 192: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

туған жер мен халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу құралы болып саналады.

Көптеген ғасырлар бойы мақал –мәтелдер жаттауға ыңғайлы түрде құралып, экономикалық ойдың таңқаларлық жиындары болып, малшы өмірін көрсететін фольклорде, номадизмде шоғырланған.

Қазақ даналылық адамға үш абырой әкеледі дейді. Олар шөл далада қазылған құдық, өзен үстінен салынған көпір, жол шетінде отырғызылған ағаш. Осыны дәлелдеу үшін тек бірнеше мақалдар келтіруге болады;

Еңбек қасіретін көрмей, ешқашан да жетістікке жетпейсің;Еңбек өмірдің сәні;Білімсіз жұмыстың көркемі жоқ;Жұмыссыз адам тоқ болмас;Еңбек көзін тапқан-байлықты да табады;Тек біліммен ғана адам бай болады, тек біліммен ғана ғасыр алға жылжиды;

7.3 Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” –

заң ескерткіші.Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса

көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл – Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл – Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл – ойы мен тұрмысының

192

Page 193: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл – Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т.б.) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл – Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән – маңызы, сезім мен ақыл – ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл – Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика – ұлы ойшыл өзінің терең ақыл – ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.

Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке,

193

Page 194: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті.

Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстанның жерімен өтуі мал шаруашылығының дамуымен қатар, қалалардың өсуіне, басқа елдермен сауда-саттықтың ұлғаюына, елімізде жаңа экономикалық ой-сананың қалыптасуына, жаңа халықаралық қарым-қатынастардың орнауына, үлкен әсері тиді. Экономика ілім тарихы осы «Жібек Жолмен» қандай тауарлар тасылды, олардың түрлері мен бағалары, айырбастау құны мен әділетті сауда-жүргізуді т.б. теориялық проблемалардың ғылыми ізденістерді жүргізуде.

Қазақстанның экономикалық тарихында және халық шаруашылығын қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билері қазақ хандылығының институттарың дамытушы. Мысалы, “Қасым ханның қасқа жолының”, “Есім ханның ескі жолының” қосындысы ретінде Тәуке ханның (1680-1718) “Жеті жарғы” - әлеуметтік-экономикалық және құқылық энциклопедиясы туды. Ол хан заманындағы экономикалық ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Бұған қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастары, мінез-құлықтағы кемшіліктері, құқық бұзғандары экономикалық жазалау тәсілдері кірген. Олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Бұл маңызы жағынан Египеттегі Хаммурапи патшаның заңынан кем емес. Қазір отандық экономикалық ғылымның

194

Page 195: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

міндеті – осыларды теориялық жағынан негіздеп, қазақтың көшпелі шаруашылығында меркантилистік, классикалық, институцианалистік экономикалық теориялар белгілерінің бар екендігін дәлелдеу.

Бір жорамал бойынша Тәуке хан кеңесу үшін қазақтың үш Төбе билері: Ұлы жүзден – Төле бидің, Орта жүзден – Қазыбек бидің, Кіші жүзден - Әйтеке бидің бастарын қосып, заң сипатында неғұрлым жиі кездесетін мәселелерді талдайды. Олар заң жасап және заң ережелерін бекітіп «Жеті Жарғыны» дүниеге әкелді.

“Жеті жарғыда ” орта ғасырдағы қазақ қоғамының негізгі құқық принциптері мен нормалары бекітілген. “Жеті жарғы” келесі 7 заңнан тұрады:1. жер заңы, жайылымдар мен суаттар

туралы дауларды келістіру шешімдері;2. отбасы – неке заңы;3. әскери заң;4. сот процессі туралы ереже, сот

талқылауларының тәртібі;5. қылмыс заңы. Әртүрлі қылмыс түрлеріне

берілетін жазаларға қосымша түсініктер;6. құн туралы заң. Өлім және ауыр дене

жарақатын салғаны үшін жазалар белгілері;

7. жесірлер туралы заң. Жесірлер мен жетімдердің мүлік және құқықтардың тәртібін белгіледі.“Жеті жарғы бойынша, ең жоғарғы билік

хан қолында болуы тиіс. Заңдардың жекелеген тармақтарына қарағанда, хан жоғарғы сот

195

Page 196: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қызметін де атқарып, қылмыс пен теріс қылық жасағандарды жазалап, соттай алатын, салық салу тәртібін жариялайтын болды. Хан мен билер пайдасы үшін жиналатын алым-салықтар да заңдастырылды. Заңдардың бір ережесінде былай делінген: “Сұлтандардан басқа, қару алып жүретін әрбір адам ханға және халықты билеушілерге жыл сайын салық ретінде өз мүлкінің 20-дан бір бөлігін беруі тиіс”.

Бұл заң жинақтарында қылмыстық құқық нормаларына ерекше орын берілген. Қылмыстық іс-әрекеттер тізіміне мыналар жатқызылған: кісі өлтіру, біреуді жарымжан ету, зорлау, тіл тигізу, балалық ізеттілік ережелерін сақтамау, ұрлық, зинақорлық (ерлі – зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы) және т.б. Бұл қылмыстар үшін жазаның түрлері мынандай: құн төлеу, өлім жазасы, мүлкін тәркілеу (конфискация), аластау, құғындау, көпшілік алдында масқаралау, т.б.

Азаматтық қатынастар: семьялық – некелік құқықтар және мұрагерлік мәселелері бұл заңдарда толық жетілдірілмеген. Мұның себебі, адамдар арасындағы қарым қатынастардың көпшілігі белгілі, дәстүрлі құқықтарды реттеп отыруымен байланысты болса керек. Тәуке заңдарының негізгі мақсаты – қазақ феодалдарының билігін, саяси үстемдігін, феодалдық меншігін қорғап, мұсылман дінін қолдау болды.

“Жеті жарғы” – қазақ хандығының тарихи жазба ескерткіштері, заңдылық пен тәртіпті нығайта отырып, қазақ хандығының бүкіл

196

Page 197: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

аумағында қолданылды. “Жеті жарғының” тұпнұсқасының бірі, Қазақстанның ХVІІ ғасырдағы тарихи құжаты ретінде, былғары тыспен қапталған Италияның тарихи Мұражайында сақталуда.

7.4 ХІХ ғасырдағы Қазақ – демократтарының

әлеуметті –экономикалық көзқарастары.ХІХ ғасырдың екінші жартысында

қазақтың тарихи деңгейне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен қатар туған жеріне қызмет ету деген мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шыға бастады. Олардың ойынша қазақ халқының алдында бір ғана жол жатыр, ол-өнерді, мәдениеті, ғылым мен жаңа дәуір білімдерін тек қана орыс тілін игеру арқылы үйрену деді.

Бұл жерде ең алдымен Омбы Кадет корпусын бітірген, Абылай ханның ұрпағы, офицер, ғалым және саяхатшы Шоқан Шынғысұлы Уалихановты (1835-1865 жж) атап айту қажет.

Шоқан ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің ең жақын досы болған, сонымен қатар Петербор университетінің ректоры, ботаника профессоры А.Н. Бекетовпен, ғалым саяхатшылар П.П. Семенов - Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, ақын және жазушылар А.Н. Майков, Л.Н. Полонский, В.В. Крестовский сияқты сол уақыттағы прогресивті қайраткерлермен достық қарым – қатынаста болған. Шоқан сол уақыттағы орыс қоғамына Шығыс Түркістанды,

197

Page 198: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ыстық қөлді зерттеушісі, география ғылымына үлкен жаңалық енгізген ұлы саяхатшы ретінде танымал болды. Сол үшін ол 22 жасында Имераторлық географиялық қоғамның мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар оның аты қазақ халқының рухани мәдениетінің дарынды өкілі, ұлттың ашық болашағының кепілі ретінде де шықты, ол - “Манас” эпосының тарауларын бірінші қағаз бетіне түсіріп, қазақ эпосының керемет шығармасы “Едігені” жазған бірінші ғалым. Шоқан қырғыз және қазақ халықтарының экономикалық қатынастары, мәдениеті мен әдебиеті, этнографиясы мен тарихына арналған көптеген зерттеулер қалдырды.

“Сіз-еуропалық білім алған, өз ортаңыздың бірінші адамысыз... Бұл сізді көп нәрсеге міндеттейді”, - деген Достоевский Шоқанға жазған хаттарының бірінде.

Шынында да, Ш.Уалиханов тек қазақ халқының ортасынан ғана емес, сонымен қатар барлық Түркістан ортасынан шыққан жаңа типті ғалымдардың бірі еді және ол тағдырмен жүктелген ұлы мәселелердің биігінде, шыңында өз орнын тапты. Өзінің қысқа ғұмырында Шоқан бес томды құрайтын үлкен ғылыми мұра қалдырды.

Оның шығармаларына кіріспе сөзінде, жас ғалым өмірінің кілт үзілгеніне өкініш білдіре отырып, профессор Н.И. Весельевский былай деп жазды: “Шоқан Шынғысұлы Уәлиханов құйрықты жарық жұлдыз секілді шығыстану аспанынан ағып түсті. Орыс оқымыстылары

198

Page 199: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

әлемде оны феноменалды құбылыс деп таныды және одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және аса маңызды жаңалықтар ашуын күтті”.

Ш. Уалихановтың экономикалық ойларының толысып, жетілуі, ең алдымен, оның өмірі мен қызметі өткен объективті жағдайлар негізінде қалыптасты. Бұл кезең, патшаның отаршылдық саясатынан туындаған, қазақтардың малшаруашылығының құлдырауын бастан кешіп жатқан кез болатын.

Күшейтілген бекіністер салу үшін мал жайылымдарының маңызды бөлігін патша әскерлерінің басып алуы, көшпелі шаруашылықтардың жаппай кедейленуіне әкелді. Қоғамның одан әріқарай экономикалық даму қажеттілігі, көшпелі өмір салтымен байланысты емес, шағын учаскелер жағдайында табысты түрде дами алатынын, шаруашылықты жүргізудің өзгеде формаларын дәлелдеушы теориялар туды. Қазақ қоғамының өндіріс күштерінің дамуына қойылған заңсыз талаптар Ш. Уалихановтың экономикалық пайымдауларында өз көрінісін тапты.

Орыс революционер – демократтарының экономикалық шығармалары Ш. Уәлихановтың экономикалық көзқарастарының қалыптасуына орасан зор әсерін тигізді. Әсіресе ол Н.Г. Чернышевскийдің “Современник” журналында басылған, “Капитал және еңбек” мақаласының “Еңбекшілердің экономикалық теориясы” мен “Джон Стюарт Миллдің саяси экономия негіздеріне ескертпе” деген бөлігінен өзінің

199

Page 200: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

“Қырғыз Сібір ведомствасының сот реформасы туралы жазбалары” деген жұмысында сілтеме жасады. Орыс демократтарының экономикалық шығармаларымен танысу, Уәлихановқа Қазақстанның шаруашылық дамуының жай – күйі мен болашағын терең зерттеп – үйрену мен талдауды ғана емес, сонымен бірге Орта Азияның өзге мемлекеттерінің қызметін талдауға және өзінің экономикалық ойларының қалыптасуына көмектесті:

Уәлиханов халық шаруашылығының жекелеген салаларын экономикалық талдау жасауға аса назар аударды, көшпелі халықтар шаруашылығын жүргізу формалары мен әдістері бойынша практикалық кеңестер беруге тырысты.

Шоқан Уәлихановтың экономикалық пайымдаулары, негізінен, мал бағу, көшпелі өмірдің рөлі, егіншіліктің маңызы, өнеркәсіп, сауда, мемлекеттің салық саясаты, халықтың қоныстану жағдайы және қазақ қоғамының экономикалық, саяси, мәдени өмірінің мәселелері сияқты проблемаларына бағытталды.

Шоқанның алға жылжытқан демократиялық идеяларын қазақтың өзге де ағартушы – демократтары Ыбрай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев одан әрі дамытты.

Ыбрай Алтынсарин (1841-1889 жж) - қазақтың ағартушы – педагогі, фольклоршысы, жазушысы, этнографы. Қазақтың алғашқы мұғалімі, қазақ балалар

200

Page 201: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

үшін ана тіліндегі және орыс тіліндегі оқулықтардың авторы.

Ыбрай Алтынсариннің экономикалық көзқарастары оның шығармаларында баяндалған, сондай-ақ патша әкімшілігінің атына жазған ресми баяндама жазбаларында көрініс тапқан. Алтынсарин халықтың еңбек ететін қабілетін тек ағартуға ғана шақырып қойған жоқ, сонымен бірге экономикалық жағдайларын жақсартуға да шақырды. Ол мұндай дәреже барлық қазақтардың көшпелі салт өмірден отырықшылыққа көшуі нәтижесінде ғана болады деп санады. Алтынсарин Қазақстанда кәсіптік – техникалық білім беруді дамытуға үлкен үмітпен қарады. Оның пікірі бойынша, бір ғана жалпы білім беру салыстырмалы түрде экономикалық өмірге аз пайда әкеледі, сондықтанда халыққа қолданбалы білім қажет. Алтынсариннің өтініш хаты бойынша Торғай қаласында бірінші рет, қазақ даласында балалар мен қыз балаларға училищесі ашылды, онда қыздар жалпы біліммен қол өнерін оқыды.

Оның ағарту – педагогикалық көзқарастары К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой және т.б. орыс мәдениетінің қайраткерлерінің ықпалымен қалыптасты Ы.Алтынсарин мектептерінде оқу процестері діни негізінде емес, ізетті бағытында жүргізіліп, содан барып қатысушылар жоғарыдағы билікте емес, халық қажеттеріне қызмет етуіне көп күш жұмсады. Осы деңгейде ол қазақ балаларын үнемі орыс тілін тереңдеп оқуға, орыс мәдениетінің жетістіктерін игеруге, содан соң европалық

201

Page 202: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өркениетке “терезе ашуға” шақырды. Осы жолда ұлы педагог ағартушылық қызметіндегі беделін ғана емес, сонымен қатар ғылыми және әдеби дарынын пайдаланды. Оның әдеби мұрасы орыс графикасы негізінде баспасөзден шыққан “Қазақ хрестоматиясы” жазылған. Ағартушы – педагог өзінің әдеби шығармаларында ең басты байлық – қой немесе басқа байлықтар емес, басты байлық-білім деді . Білім ғана жоғарыға өсуге, материалдық және рухани дамуға мүмкіндік береді деген ойды айрықша айтқан. Сондықтан, әлемдік бірлестіктің ішінде жемісті еңбек етіп, өсіп даму үшін қазақтар еңбек пен ғылымның биік шыңдарын да жете білу керек деген.

ХІХ ғ. Ренесанс дәуіріне дейінгі қазақ даласының рухани өмірінің ерекшеліктерінің бірі, оның тұйықтылығы мен оқшаулығы болды. Оның поэзиясы мен өнері негізінен ескі дәстүрлер маңызында өзін-өзі байыту жолымен дамыған болатын. Енді қазақтың ойшылдары мен ағартушылары, уақыт талабына сай, Батыс өнері, ғылымы, мәдениеті мен әдебиетіне бағдарлама бастады. Ұлттық тамырларды жоғалтпай, еуропалық өркениетке бұра бастады. Осының нәтижесінде, аз уақыт ішінде, Қазақстанның экономикасы, әдебиеті мен мәденитеті, ұлттың рухани өмірі алға жылжып, жаңа сапа мен мазмұнға ие болды.

Осы рухани төңкеріс Абай Құнанбаевтан (1845-1904 жж) басталды.

Беделді халықаралық ұйымның бастауымен 1995 жылы Абайдың 150 жылдығын тойлау –

202

Page 203: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

барлық қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш болды.

Абайдың мерейтойы Париж, Лондон, Пекин, Стамбул - әлемінің 80 елінде тойланды. Абай – ұлы дарын ғана емес, ол данышпан кемеңгер. Атақты Кант “дарын” мен “данышпан” түсініктерін беріп – “Данышпан” өнер, ғылым, жалпы қоғам дамуында жаңа бағытты қалыптастырады десе, Томас Манн “данышпан адамзатты дамудың жаңа сапалы сатысына көтереді” деді. Сондықтан данышпандық кең ұғымды категория. Абайдың, қазақ ұлтының, атақты қайраткерлері Бұқар жыраудан, Төле биден, Қазыбек биден, Әйтеке биден және басқа ойлылардан айырмашылығы, ол өзінен -өзі жалпы қазақ өмірінің дәуірі болып табылады.

Абай қазақтарға ойлау мен таңдаудың жаңа жүйесін әкеліп, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпір болып, қазақ өміріне араб, орыс, парсі, неміс, поляк, венгр мен ағылшындардың рухани жетістіктерін жеткізген тұлға. Абай әлемі осы екі мәдениеттің қоймасын танытады.

Абай ақын, классик және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен бірге ғылымның әртүрлі саласында, оның ішінде экономикалық мәселелер, әсіресе көшпелі ауылдың экономикасы туралы көптеген ойлар айтқан, мұра қалдырған ұлы ойшыл.

А. Кунанбаевтың дүниетанымы мен қызметінің қалыптасуы, қазақ ауылына тауар – ақша қатынастарының салдары -

203

Page 204: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

патриархалды – феодалдық құрылыс дағдарысының кең етек алған жағдайында өтті. Бұл кезең, сондай – ақ, аймақтағы патша отаршылдығының күшеюі мен сипатталды.

1886 жылы Абай Семей статистикалық комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Облыс әкімшілігінің жанындағы бұрынғы ресми орган, статкомитет өзінің тікелей міндеттерінен тысқары, аса маңызды ғылыми зерттеу жұмыстарында жүргізді. Орыс зерттеушілерінің еңбектеріне назар аударған Абай, экономика, статистика және социология мен бір мезгілде орыс зерттеушілерінің көшпелі шаруашылық экономикасының ерекшеліктерімен, әдеттегі құқықтарымен қазақ халқының тарихымен танысты.

Қоғамдық істерге би және болыс басқарушысы болып, Абай көшпелі шаруашылық экономикасын, оның мұқтаждарын өте жақсы білді. Сондықтанда, ағартушы – демократ ретінде, Абай, өзінің шығармаларында Қазақ халқының алдында тұрған экономикалық проблемаларды көрсетті.

Қазақ ағартушысы Абай бүкіл шығармасының арқауы ретінде патриархалды – феодалдық құрылыстың ру аралық тартысын, феодалдық езгіні, жұмыссыздықты, байлардың кедейлерді қанауын, көшпенділік және т.б. сол сияқты өзекті мәселелерінің көрінісін берді.

Ол өзінің “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай” өлеңінде ауылдағы әлеуметтік қатынасты неғұрлым дәл ашып суреттейді. Мұнда Абай көшпелі – кедейлердің тағдырымен бірге, сондай – ақ, олар мен байлардың арасындағы

204

Page 205: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

таптық қарама қайшылықтарды көрсетті. Қазақ ауылы екі жікке жарылды. Бір жағында – кедейлер, олардың үлесіне ауыр еңбек пен тұрмыс қиындығы тиген. Екінші жағында – байлар, олар көшпелі – кедей көпшіктерін қанау есебінен байыған, сараң және тас жүрек адамдар. Сонымен бірге, ол байларды кедейлердің ауыр еңбегін жеңілдетуге көмектесуге, өмірді жақсартуға шақырады. Дәл осы көзқарасында Абайдың әлеуметтік – экономикалық ойларындағы қайшылықтар көрінеді.

Абай өз кезеңінде Ыбрай Алтынсарин шығармаларының тақырып өзегі ретінде өнімді еңбекті алса, ол да осыны өзіне тақырып етіп алды. Абай қоғамды дамытудағы еңбектің рөлі туралы Алтынсарин ойларын одан әрі дамытты. Ол адамдары жалпы еңбекке, мал шаруашылығымен, егіншілікпен және қолөнер кәсіпшілігімен айналысуға ғана шақырып қоймай, еңбек жағдайы үшін жаңа өріс іздейді: кедейлерді жалдануға шақырады, патриархалды – феодалдық қанаудан құтылудың бір құралы осы деп білді.

Абайдың пікірі бойынша, еңбек қана адамды көтереді және оның әл – ауқатын жақсартады.

Сол кездегі қоғамның таптық құрамын Абай, А. Добролюбов сияқты адамдарды “еңбекшілерге” және “жатып ішер арамтамақтарға” бөлді. Абай еңбек, қайраткерлігін сүйді. Ол үшін адамдарға молшылық әкелетін қызмет формаларының барлығы жақсы. Абай жатып ішер арамтамақтардың барлығын бірдей жек көрді,

205

Page 206: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бұл адамдар ештеңемен айналыспайтын немесе өз ісіне салдыр - салақ қарайтын немесе қалада, өз еңбегін сату есебінен өмір сүрудің орнына, байдың қызметшісі болудан аспайтын, кедейленген батырақтарды сынады.

Абай әрекетсіздікті, жұмыссыздықты көптеген керексіздіктердің көзі деп санады. Абай өз шығармаларында қазақ халқының экономикалық деңгейін көрші халықтардың деңгейімен салыстырды. Ол, қазақтардың көршілері - өзбектер, татарлар мен орыстардың – шаруашылық дамуының салалры мен мәдениетін айқындап алға дамығанындығын көрсетті. Бұл құбылыстың себебін ағартушылықтан, көрші халықтардың шаруашылықты жүргізудің неғұрлым прогресивті формаларымен байланысты екендігін көрсетті. Сондықтан да, ағартушы өзінің шығармаларында қазақ халқын үнемі өнімді, пайдалы еңбекпен айналысуға, шаруашылық жүргізудің алдынғы қатарлы формаларын қабылдауға, шақырды.

Абай еңбек пен жерді байлықтың көзі деп санады. Ол өзінің ауыл – аймағымен бірге отырықшылыққа көшуді және оның артықшылығын көрсету үшін егіншілікпен айналысуға шақырды. Ол облыс басшылығынан көшпелі халықтың қалың ортасында орналасатын екі ауыл шаруашылық мектебін ашуды сұрайды. Бұл егіншілік тәжирбесін тез қабылдауға және отырықшылыққа көшуді жеңілдетуге көмектеседі дейді.

206

Page 207: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Абай “Қара сөздерінің” “Отыз үшінші сөзінде: “Молшылық болуы үшін, кәсіпкерлікке үйрену қажет” дейді. Ол қолөнершілік кәсібімен айналысатындар қазақтардың ішінде дұрыс іспен айналысушылары деп санады. Өйткені, олар өз еңбегінің өнімдерімен өмір сүреді:

Ағартушы қоғам дамуына, экономикалық прогреске, саудаға үлкен орын берді. Ол өзінің шығармаларында феодалдық тұйықтықты жою ісіне, ауылдар арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту ісіне сауданың прогрессивтік ролін дұрыс сипаттады.

Абай өзінің шығармаларында адамдардың мүліктік теңсіздік себептеріне, біреулердің бай, біреулердің кедей болуына тоқталды. Ол адамдар туысымен барлығы тең, мүліктік және әлеуметтік айырмашылықтар Құдайдың бергені, жаратқанның ісі емес, адамдардың өзінен, олардың еңбекке деген ұмтылушылығы мен ынталануына байланысты деді.

Абай шығыс тәртібіне сынмен қарады, уақытты бос өткізумен шарапқа мойын сұнуды сынап, бірінші болып қазақ даласында өмірлік деңгейге ағарту мен білім мағнасын көтерді. Қоғамдық даму принциптері басқа елдерде бар екендігін айтып “Оян қазақ” деп ұран тастаған алғашқы қазақ қайраткері.

Абай өмір мен еңбек мағынасына жаңа мазмұн берген данышпан. Оның айтуынша, тек еңбек қана – барлық байлықтың түп тамыры, адамға – қанағат әкеледі. Оның “Сенде бір кірпіш болып дүниеде, кетігін тап та, бар, қалан” деген афоризмі қазақ өмірінің жаңа

207

Page 208: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мазмұнын көрсетеді. Абай халқына еңбекке негізделінген жаңа мұрат-идеал әкелді “Адам байлығының ерекшелігі малының көптігінде емес, білім мен еңбек қорлығында”, яғни “байлықты еңбексіз жинай алмайсын”, “Маған жас еңбекқор қадірлі, өзінің сақалын саудалап сатқан шалдан гөрі”, - деген ол.

Абай-өте қайғылы тұлға. Оның тағдыры гректерге жаңа дүние танымын әкелген Сократтың өміріне ұқсайды. Виктор Гюго айтқандай “жаңашылдық бұрынғы дәстүрлерді жоққа шығарады” дегендей, халық әрбір жаңашылыққа күмәнділікпен, сенбеушілікпен қарайды. Гректер өз уақытында Сократты “ол жаңа ұрпақты дұрыс өмірлік бақыттан тайдырды деп” – сот алдында жауапқа тартты. Тек жүздеген жылдар өткеннен кейін ғана отандастары Сократты данышпан деп таныды. Абай тағдыры осы ұлы данышпанның тағдырынан айырмашылығы жоқ. Томас Манның айтқанындай “данышпан өмірі үнемі қайғылы” – дегендей Абай халқын жаңа биікке көтеруге тырысты, бірақ өкінішке қарай, оны түсінбеді. Міне, бізде оның қайтыс болғанына 100 жыл өткеннен кейін ғана оны тануды бастадық. Бұл Платон, Кант, Достоевскийді тану сияқты ұзақ өмірлік процесс.

Егер Абай шығармаларын ұқыпты көңіл бөліп оқысақ, онда оның шығармалары арқылы, қызыл жіппен тіккендей шеттету, қоғамды жоққа шығару мәселелері талданған. Бұл мәслені өз уақытында Гегель, Маркс, Сартр, Камю да көтерген болатын. Абайда былай деген «мұндай қоғамда барлығы

208

Page 209: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

керісінше құрылған, оған қарсы шаралар регреске әкеледі».

Абай өз халқына сын көзбен қарап, өз патриотизмін қазақтардың ұлттық кемшіліктерінің сынына тоғыстырған. Осыдан, Абай гректерді сынаған Сократтың, Ресейді сынаған Лермонтовтың, “Горе от ума” авторы Грибоедовтың пікірлесі болып табылады.

Абай ұлы философ. Оның “қара сөздері” мың жыл бұрын өмір сүрген біздің данышпанымыз Әл-Фарабидің шығармалары деңгейіндегі философиялық трактат болып табылады. Мысалға , “Жиырма жетінші қара сөзінің” мазмұны, оны Абай, Сократ, Платон, Аристотель, шығармаларымен таныс бола отырып жазды деген ойды тудырады. Оның үлгісі мен сөз байланысы Монтен, Лорошфуко, Авиценаның шығармаларын елестетеді.

1993 ж. “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған күнтізбеде (дневник) Абай портреті мен Мухаммед Пайғамбар суреті қатар орналасқан. Күнтізбені құраушылар осымен осы екі ұлы ойшылдардың әлемге әсер еткен рухани ықпалын ерекше көрсеткілері келген шығар.

VІІ ғасырда өмір сүрген Мухаммед пайғамбардың ілімдері қазіргі адамгершілікке әсері аз емес.“Абайды тану арқылы-біз ғасырға жуық Маркске, Ленинге табыну нені бергенін білдік. Сондықтан да Абайға табынушылық емес, оның мұрасын зерттеу қажеттілігін түсіндік.

Зерттеушілердің ойлары бойынша, қазақ даласында ренесанстік даму кезеңдерінде,

209

Page 210: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

саяси, идеологиялық және экономикалық жүйелер қалыптасты. Осы жаңарудың әсерін біз қазіргі рухани өмірдің барлық бағыттарынан сеземіз.

Абай көшпелі халықты ағартып, патриархалды – феодалдық қоғам сарқыншақтарын жойып, қазақ халқына еркіндік және теңдік әперуге көмектесуші болды.

Абай Қазақстанның экономикалық дамуының болашағы бойынша дұрыс ойлар айтқан үздік білгір. Оның әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөнінде айтқан пікірлері– қазақ халқының экономикалық ойларына өлшеусіз үлес қосты және ұлттық сана – сезімді оятуда белгілі роль атқарды.

7.5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту

кезендегі экономикалық ғылымның дамуы.

ХІХ ғасырда Қазақ даласында қанат жайып, әлеуметті- экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық құлдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары ХХ ғасырдың басында елі үшін, патшаның колониалдық саясатына қарсы күрескен, көптеген демократ-зиягерлерді әкелді. Солардың алдыңғы қатарында Мыржақып Дулатұлы болды

Мыржақып Дулатов (1885-1935 жж) Қазақ ақыны, публицист және аудармашы. Қазіргі Қостанай облысының Сарықопа өңірінде, дүниеге келген

210

Page 211: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1905 жылғы революциялық дүмпу күндерінде ол Қарқаралыда, демонстранттар қатарында болды. Кейіннен Оралдағы қазақтардың конституциялық – демократиялық партиясы съезінің жұмысына қатысты (1906ж.), осы съезд делегаттарының құрамында Петербургке барды.

1907 жылы “Серке” газетінің алғашқы нөмеріне жарияланған “Жастарға” атты өлеңінде ақынның бірінші орыс революциялық баскөтеруінде басынан кешірген сезімдері суреттелген. М. Дулатұлының ұлттық өлкелердегі патша саясатының сұрқиялығын әшкерелеген “Біздің міндеттеріміз” атты мақаласы “Серкенің” екінші номерінде жарияланды. Сол себептен бұл газетті шығаруға тыйым салынды.

М. Дулатұлының “Оян қазақ” атты тұңғыш жыр жинағы 1909 жылы жарық көрді. Кітап сол кездегі жастардың манифесіне айналды. Жандарма қуғындау бастады. Ақын бір жарым жылын Семей түрмесінде өткізді. Жинақ негізінен отаршылыққа қарсы өлеңдерден тұрды.

1910 жылы М. Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты романы, ал 1913жылы “Азамат” өлеңдер жинағы жарық көрді. 1915 жылы ақын “Терме” деп аталатын әдеби- публицистикалық кітабын жариялады.

М. Дулатұлының Ш. Уәлиханов, А. Кунанбаев, А. Байтұрсынұлы туралы мақалалары, екі бөліктен тұратын “Қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткіші”,

211

Page 212: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

т.б. туындылары нәзік эстетикалық талғамымен және тереңдігімен ерекшеленеді.

1913 жылдан Орынборда шығатын “Қазақ” атты газетінде Мыржақып А. Байтурсынұлымен бірге белсенді еңбек етті. М. Дулатұлы “Алаш” партиясының бағдарламасын түзеушілердің бірі болды. “Қазақ” газетін басқарды, “Алашорда” үкіметінің Әскери Кеңесінің мүшесі болды, Кеңес үкіметіне қарсы соғысқа қатысты.

1919 жылы Мыржақып көптеген алашордалық қозғалыс қайраткерлерімен бірге Кеңес үкіметі жағына шықты.

20-30 жылдары М. Дулатұлы “Ақ жол”, “Еңбекші қазақ” газеттерінің, “Қызыл Қазақстан” журналының редакцияларында еңбек етті, аудармашылық қызметпен айналысты.

Қазақ зиялыларына қуғындау басталған кезде М. Дулатұлы да тұтқындалды, 1930 жылы ату жазасына кесілді. Бірақ бұл жаза 10 жыл түрмеге отырғызумен ауыстырылды. М. Дулатұлы Соловецк лагерінде 1935 жылы 5 қазанда көз жұмды. 1988 жылдың қарашасында ақталды.

М. Дулатұлы соңына асыл мұра қалдырды. Ол әдеби тілдің кемеңгер білгірі болды. Оның шығармалары азаматтық пафоспен қатар, көркемдік шеберлігінің қуатымен де ерекшеленеді. М. Дулатұлы – халықтың саяси санасын оятқан үркердей шоғырдың жарық жұлдыздарының бірі.

Тұрар Рысқұлов (1885-1938 жж.), мемлекет қайраткері, Қазақстанның

212

Page 213: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономикасының қалыптасуы мен дамуына, ұлттық дәстүрлері мен салттарды ескере отырып, ол мәдениет пен тұрмысты қайта құру, жаңа экономикалық саясат негізінде өлкенің экономикасын қайта түлеу шараларын тез және тиімді жүзеге асырды. Жер – су, салық реформалары жедел жүргізілді, соның арқасында орта – кедей шаруалардың қыстақтардағы тұрғындарының экономикалық жағдайлары жақсарды.

Т. Рысқулов, ЖЭС саясатын тұтастай қолдай отырып, өзінің жеке ойларын айтты. Ол ЖЭС жағдайында ұлт мәселесінің барынша өткір сипатқа ие болатынын білді, өйткені өнеркәсіп пролетариаты жоқ, тек артта қалған басым көпшілік шаруалардан тұратын, шалғай аймақтардың көптігін көрсетті. Сондықтан да ол өндіріс құралдарына шикізаттарды ауыстырудың жақтасы болып қатысты.

“Біз өзіміздің теориялық ұсыныстарымызды айттық деп атап өтті ол – кеңестік биліктің патшалық үкіметтен өзгешелігі, патша кезінде патша капиталы болады, нақтылай алғанда, орталық тоқыма өнеркәсібі шет аймақтарды басты шикізат көздеріне айналдырды, жергілікті өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік бермеді, біздің тапқан табыстарымызға бақылау да, есеп те жоқ. Осыған қарсы шаралар қолдану талап етіледі және республиканың бүкіл құндылықтарын есепке алу керек. Олар орталықтан басқарылсын, ал олардың бір бөлігін Түркістанға беру қажет. Ішкі заем ол да

213

Page 214: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

маңызды мәселе. (“Түркістан” газеті, 1992, 12 желтоқсан).

Бұл тезис біздің қазіргі өмір сүріп жатқан кезеңге де көкейкесті болып саналады. Ол шығындарды қысқарту, оларды кірістерге сәйкестендіру, республика мен аймақтардың бюджеттік өзара қатынастарын күшейту.

Т. Рысқұлов Монголиядан (1924) оралғаннан соң, ауылдағы әлеуметтік – экономикалық процестер туралы пікір таласқа белсенді түрде кірісті. Ол қазақ қоғамының көшпелі және жартылай көшпелі сатыдан жоғары индустриалды қоғамға секіріс жасауына қарсы тұрды, себебі мұндай шешім шаруаларға қысым жасауға, зорлық – зомбылық жасауға, ауыр салық салуға, ауылдың кедейленуіне әкетінін көрді. Т. Рысқұловтың осы түсінігі қазіргі уақытта, күштеп ұжымдастырудың нәтижелерінің қандай болғандығын дәлелдеді.

Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың аса қиын нәтижелеріне жаны күйзеліп, тебірене отырып, алған бағыты өзгертудің қажеттігі туралы Сталин мен оның төңірегенділерді сендіруге тырысты, бірақ та ол нәтиже бермеді. Ол, 1926 жылдың өзінде былай деп жазды: “Қазақ халқы тұтастай түрде отырықшылыққа, егіншілік жағдайына көшуге тиіс деп кім белгіледі және қандай негізде? Бұл жаққа қарай даму үрдісі, жақын арада аяқтала қоймайды және әзірге табиғи жағдай қалыптасып отыр деп және мүмкіндіктер біршама өзгерген арақатынасын

214

Page 215: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

білдірмейді” (Т. Рысқұлов Таңдамалы шығармалары .. 125-б).

Тұрардың қызметі мен шығармашылық мұрасын зерттеу, бұл жеке тұлғаның тағы да бір ерекше қорын салмақтауға мүмкіндік береді. Бұл – оның экономикалық мұралары, халық шаруашылығын дамыту жөніндегі тәжіребелік қызметі.

Қазақстан экономикасының қалыптасуы мен дамуына Т.Рысқұловтың қосқан үлесі, оның экономикалық проблемаларға көзқарастары, оларды мұқият ой елегінен өткізген жағдайлары, қазір егеменді мемлекеттің негізі қаланып, оның экономикалық базасы қалыптасып жатқан кезеңде өз пайдасын беруі мүмкін.

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж) Қазақстан тарихының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ жастар қозғалысының көсемдерінің бірі, Батыс Сібір мен Қазақстандағы кооперативтік қозғалыс белсендісі, экономист, оратор, жазушы. Омбы ауыл шаруашылық училищесінің студенті (1916-1918) Сәдуақасов жасырын “Бірлік” жастар қоғамының жұмысына, одан кейін “Жас азамат” жастар ұйымының жұмыстарына белсене қатысты. Ол “Өмір үшін күрес” деген мақаласында қазақ жастарын, саясатпен ғана айналыспай, өз шаруашылықтарын тиімді жүргізуге шақырды.

Он сегіз жасар Смағұл Германиядағы өмір құрылымына сол кездің өзінде таңқалғанын білдіріп, қазақтар мен немістердің шаруашылық жүргізу нәтижелерін салыстыра

215

Page 216: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

отырып, қазақтардың артта қалышулығын жою үшін ол, саяси еркіндікке қол жеткізіп шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен жолдарын іздестірді. Сәдуақасов мұндай қиын жағдайдан шығудың жолы халыққа төмен баға мен киім, шай, ыдыс – аяқ сату үшін лавкалар ұйымдастыру, өте қажетісінушілерге ссудалар беру үшін несие серіктестіктерін құруды, халықтың мал тұқымы мен егіншілікті жақсартуға, сондай – ақ тері, жүн, май, малдың басқа да өнімдерін тиімді жағдайларда айырбастауға көмектесу үшін ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды көздеді.

Бұл қазіргі жағдаймен үйлесімдік тауып тұр деумізге болады.

Батыс Сібірдің “Центрсибирь” Кооперативтік бірлестік Одағының аппаратында жұмыс істеген кезде Смағұл былай деп жазды: “Өз өмірімді, күшім мен білім қуатыма қарай өзімнің туған халқым жолында қызмет етуге арнаймын”. Халқының тағдыры оны әрқашанда толғандырды. Өз халқының мүддесін қорғауға әрқашанда дайын екендігі, оның болашағы мен әділеттік үшін күресі – Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл саналы ғұмырының айрықша белгілері болып қалды.

Көрнекті жазушы С. Мұқановтың растауы бойынша, Қазақстанды сол кезде (1925 ж.) Қазақ Өлкелік Комитеті бюросының екі мүшесі Сүлтанбек Қожанов пен Смағұл Сәдуақасов басқарды дейді. Бірақта, осы кезде билікке келген Ф. Голощекин (1925 жылдың жазынан бастап Өлкелік Комитеттің бірінші хатшысы)

216

Page 217: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бұған төзе алмады. Сондықтан ол Қожановты Мәскеуге оқуға жіберіп, оны Өлкелік Комитеттің екінші хатшылығы міндетінен босатты.

Көшпелі халықтың өмірінің ерекшеліктерін, оның тұрмысы мен салтын білмейтін Голощекиннің халық мүддесін ескерусіз қалдырып, өз саясатын жүргізетіндігіне түсінген принципті, өткір тілді Сәдуақасов экономикалық мәселелер бойынша ғана емес, Қазақстандағы ұлт саясатын жүргізудегі идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша да қарамақайшы өз пайымдауларын да жиі айтып отырды.

Голощекиннің Қазақстанда “Кіші Октябрь” саясатын жүргізу идеясына қарсы шыққан Сәдуақасовқа ол мынадай анықтама берді: “Сәдуақасовшылдық – бұл партияның ықпалынан сытылып шыққан, ұсақ буржуазиялық идеологтардың ағымымен жүретін кеңестік аппарат, сәдуақасовшылдық – бұл демократия шеңберіндегі “өзін - өзі айқындау”, бұл - өзін - өзі басқарушы, КСРО – дан бөлінуші Қазақстан”. (Бүкіл қазақстандық партконференцияның өлкелік комитетінің есебі. Голощекиннің баяндамасы мен қорытынды сөзі. Қызыл – Орда,1982 ж.).

Әрине, Голощекин мен оның жақтастарына қарсы қазақ халқының ұлттық мүдделерін табанды қорғаушылар аянбай күресті, бірақ кейін толық жеңіліспен аяқталды.

Голощекиндік “Кіші Октябрь” саясатының ауыр зардаптары, ауыр қалдықтары бәрімізге мәлім.

217

Page 218: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1928 жылы Қызыл – Ордадан, Ташкентке қуылған С.Сәдуақасов Мәскеу көлік инженерлері институтында оқыды, оны аяқтағаннан кейін Мәскеу – Донбасс темір жолы құрылысында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1933 жылы күзде жұмбақ жағдайда өндірісте “уланып”, Кремль ауруханасында жатып қайтыс болды.

Ондаған жылдар бойы С. Сәдуақасов есімі ұмыт болды, ал егер еске алынса Қазақстандағы социалистік құрылыс пен партия бағытына қарсы шыққан ұлтшыл ретінде ғана аталды.

Сәдуақасов есімін атағаны үшін газет редакторы мен оның орынбасары, белгілі ақын – майдангерлер С. Мәуленов, Ж. Молдағалиевтармен бірге өзге көрнекті әдебиетшілер де қуғындауға ұшырады.

Оқымыстылардың, қоғам қайраткерлерінің, журналистердің С.Садуакасов атын орнына келтіруге бағытталған жұмыстарына қарамастан оның аты әлі айтылмай келді.

Тек қана 2003 жылдың қантарында, осы алаш ардасы – Смағұл Садуақасыпқа Солтүстік Қазақстан обылысы, Ақжар ауданының орталығы Таушық кентінде, фермер Аманжол Атығожин өз қаржысына Омбы қаласында жасатқан ескерткішті халық болып обылыс, аудан әкімдерінің қатысумен ашты.

Аудан орталығының ажарын кіргізген ескерткішті ашу рәсімі «Қазақтың дара ұлы Смағұл» атты, 105 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға ұласып,

218

Page 219: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

онда Садвокасов туралы баяндамаларда оның рухани мұрасы әр қырының талқыланды.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жж)Үлкен ағартушы, ірі ғалым – лингвист, қоғам

қайраткері. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училишесінде оқыды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады.

Патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы күресті тым ерте бастаған Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы Семей түрмесіне қамалды. Кейін қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, ұзақ жылдар бойы “саяси сенімсіз” адам ретінде патшалық күзет қызметінің бақылауында болды.

“Қазақ” атты апталық газет ұйымдастырып, ол қазақ мемлекетін ұйымдастыру үшін күрескен “Алаш” партиясы көсемдерінің бірі болды. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін А. Байтұрсынұлы бірқатар ғалым-зиялылармен бірге Кеңес үкіметіне қызмет істеді. Ол қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитеттің (ВРК) мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жж. Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланады, Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитетінің Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті “Ақ жолда” еңбек етті.

219

Page 220: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді, оның көпке белгілі “Қырық мысал” және “Маса” жинақтары жарияланды . Ол халықтық көркем сөз өнерінің қорын жинаушы, зерттеп, бастарушы ретінде де көптерген құнды жұмыстар істеді. “Ер Сайын” атты эпостық жырының кіріспе мақаласын және түсіндірмесін жазды, сондай-ақ “Жоқтау” деп аталатын жинақ (1926), “Әдебиет танытқыш” деп аталатың оқу құралын шығарды. Бұл еңбек - әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш көлемді, толымды еңбек.

Байтұрсынұлы қазақ балаларын ана тілінде оқыту ісіне арнап тұңғыш оқулықтар жазды: “Оқу құралы” (1912), “Тіл құралы” (1914), “Әліпби” (1914), “Жаңа әліппе” (1926-1928) және “Баяншы” (1926) деп аталатын әдістемелік оқу құралдары балаларды оқыту барысында маңызды рөл атқарды. Бүкіл бір халықтың ұлттық тілін түрлеп, әдебиетін жасап, ғылымын жетілдіріп қоғамдық санасын қалыптастырып, ойын оятқан Ахмет секілді алып тұлғалар сирек.

ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялыларын жаппай қуғындаудың басталған кезінде Сталиндік жазалау машинасының қармағына іліккендердің ішінде А.Байтұрсынұлы да болды. 1938 жылы ол әуелі тұтқындалып, кейіннен атылды, 1988 жылы ақталды.

Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үркердей

220

Page 221: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жарқыраған жарқын шоғырының келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі өз халқына деген, ел жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген айнымас махаббаттың айқын үлгісі.

Әлихан Бөкейханұлы (1866-1937 жж), көрнекті қазақ оқымыстысы және қоғам қайраткері. Ол толымды, сапалы білім алды: Омбы техникалық училищесін және Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономикалық факультетің бітіріп, Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушы болып қызмет істеді, ғылыми жұмыстарымен айналысты. Ол кең көлемді 18 томдық “Ресей. Біздің Отанымыздың жалпы жағрапиалық жазбасы” атты еңбектің авторларының бірі болды. Бөкейханұлы Ресей шаруаларын Қазақстанға жаппай көшіруге әзірлік жұмыстарымен айналысқан Ф.А. Щербинин экспедициясына қатысты (1904 ж.).

Бөкейханұлы Қарқаралыдағы отаршылдыққа қарсы бұқаралық қозғалысқа белсене қатысты және саяси талаптар қойған петицияны (14500 адам қол қойған) құрастырушылардың бірі болды. Отаршылыққа қарсы әрекеті үшін ол Семейде және Павлодарда түрмеге де жабылды.

1905 жылы Семей облысының қазақ тұрғындарынан І Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Ол Мемлекеттік Думаны тарату туралы патша жарлығына қарсы бағытталған Выборг шақыруын құрастырды.

1905-1907 жж. Ә. Бөкейханұлы кадет партиясының Омбы губерниялық комитетінің

221

Page 222: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мүшесі бола жүріп “Ертіс” (Иртыш), “Омбылық” (“Омич”), “Дала үні” (Голос степи”) газеттеріне редактор болды.

Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлына қосылып “Қазақ” газетін шығарып оның беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту, хақына көптеген құнды дүниелер туралы еңбектер жарық көрді.

1916 жылы Бөкейханұлы Бүкілресейлік Жер одағының (Всеросийский Земский союз) жұмысына қатысты. 1917 жылдың 7 көкегінде Уақытша үкімет құрған Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Ә. Бөкейханұлы Торғай облыстық комиссары болып тағайындалды. Осы жылдың шілде айында кадет партиясынан шығып “Алаш” партиясының атқару комитетіне кіріп “Алаш” партиясының бағдарламасының авторларының бірі болды. “Алаш” партиясының екінші съезінде Бөкейханұлы “Алашорда” үкіметінің төрағасы болып сайланып аумақтық автономия жариялап, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес бастады. Бірақ бұл әрекет екі жылдан кейін “Алашорда” үкіметін таратуы мен түйінделді.

Бұрынғы алашордашыларды Кеңес үкіметі органдарының жұмысына тарту туралы БОАК қаулысынан кейін Ә. Бөкейханұлы 1920 жылы Халықтық жер комитетінің (Наркомзем) құрамына кірді. 1922 және 1926 жж. Бөкейханұлы контрреволюциялық іс- әрекеттері үшін айыпаталды, бірақ дәлел болмағандықтан, қамаудан босатылды. 1937 жылы ол тағы да қамауға алынды, осы

222

Page 223: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жылдың қырқүйек айында ату жазасына кесілді Ә.Бөкейханұлы 1989 жылы ақталды.

Аса көрнекті саяси және қоғам қайраткері бүкіл өмірін өз халқын отаршылдықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұрттына білім беруге, оны гүлдендіруге арнады.

Сақтаған Бәйішев (1909-1988 жж), көрнекті экономист, тарихшы, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА акдемигі, Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

Ақтөбе облысының Байғани ауданындағы Ақжар ауылында туған. 1927 жылы Темір орыс – қазақ жетіжылдық мектебін бітіріп, Қарсақпайда жас пионерлер аудандық бюросының төрағасы, ал 1930 жылы Түркістан қаласында БЛКЖО аудандық комитетінің хатшысы болып істейді. Осы жұмыстарда жүргенде-ақ Сақтаған Бәйішев экономикалық зерттеулермен шұғылдана бастайды. Журналистикаға деген құштарлық жас жігітті республикалық жастар газеті – “Лениншіл жасқа” алып келеді. Мұнда ол алғашқыда бөлім менгерушісі, сосын редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Содан кейін Қызыл Армия қатарына шақырылады, одан оралған соң Алматыдағы Марксизм – ленинизм институтына оқуға түседі.

С. Бәйішев 1937-1941 жылдары бірқатар жоғары оқу орындарында сабақ берді, Қазақтың Марксизм-ленинизм ғылыми – зерттеу институтының директоры (1937-1938), “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы (1938-1941), ал 1941-1945 жылдары

223

Page 224: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Совет Армиясы қатарында - әскери құраманың комиссары, саяси бөлім бастығы, Совет Армиясының Саяси Басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды. 1946-1956 жж. КПСС ОК жанындағы Марксиз-ленинизм институты Қазақ филиалының, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры, 1956-1968 жж. Қазақ КСР ҒА-ның вице-призиденті болды. Ол алпысқа жуық кандидаттар мен докторларына ғылыми жетекші болды.

С. Бәйішев Карл Маркс “Капиталының” І – томының тарауларын, В.И. Лениннің “Рессейде капитализмнің дамуы”, “Империализм – капитализмнің жоғары сатысы” деген күрделі еңбектерді тұңғыш рет қазақ тіліне аударды. Ғалым 1959 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Ғылыми және қоғамдық қызметі кезінде 300-ден астам зерделі зерттеулер, соның ішінде 7 монография жариялады.

Өмірінің соңғы жылдарын академик Сақтаған Бәйішев оқутышылық жұмысқа арнап, ғылыми кадрлар мен экономистердің жаңа ұрпағын даярлау саласында ұланғайыр іс тындырды.

1988 жылы дүние салғаннан кейін, Қазақ КСР ҒА академигі С. Бәйішевті мәңгі есте қалдыру жөнінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қаулы қабылдады.

Қаныш Сатпаев (1899-1964 жж.) - геолог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА ұйымдастырушысы және оның бірінші Президенті, геология-минерология

224

Page 225: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951), қазіргі Баянауыл өңірінде туған.

1926-1929 жж. “Атбасцветмет” тресінің геологиялық бөлімін басқарған, 1929-1941 жж. – Қарсақпай комбинатының геология-барлау бөлімінің бастығы және бас геологі, 1941-1964 жылдары – Қазақ КСР Геология ғылымдары институтының директоры (1946 жылға дейін КСРО ҚазҒАФ), КСРО ҚАЗҒАФ (1941-46) Президиумының Төрағасының орынбасары, Төрағасы, Қазақ КСРҒА Президенті (1946-1952 және1955-1964). Геологияның көкейкесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан метталогендік мектебін құрушы. Өзінің ғылыми ізденістерінің көпшілігін ол Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Ғылыми мұраларының ішінде Жезқазған кен орындарын зерттеудегі және Орталық Қазақстанның болжау металлогендік картасын жасауға арналған еңбектері жоғары бағалы болып табылады. Сәтбаев Жезқазған кен орнының осы типтегі әлемдегі ең ірілер разрядына жататындығын дәлелдеді. 1923-1931 жылдары Жезқазған, Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның болашағын қайта қарауға мүмкіндік берген кеңейтілген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленді. Геология – барлау қызметін озық

225

Page 226: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

теориямен қаруландырды, іздеу – барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.

30-жылдары Жезқазғанда мыс кенінің түзілуінің нақты өлшеуішін ұсынды, ол түгелімен тәжиребеде нақтыланған болатын және кен орнындағы қалыпқа түсірілген кешенді геология бақылау жұмысының негізіне сүйеленген. Қаныш Орталық Қазақстандағы геологиялық дамудың, сондай-ақ осы аймақтағы әрбір алты геотектоникалық сатыларының мерзімдеріндегі геологиялық құрылым мен металлогендік ерекшеліктің басты белгілерін сипаттайтын негізгі құрылымдық элементтерді анықтады. Көмекші палеогеографиялық металлогендік және басқа карталардың кешені жасалды.

Өзінің зертеулерінің келесі сатысын ғалым жекелеген пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық - құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жағын анықтады. 50 металлогендік формацияны бөліп ала отырып, Орталық Қазақстанның әрбір металдық тобы үшін жеке болжамдық картасын жасады, оны еңгізудің нәтижесінде 1954-1958 жылдары әртүрлі металдардың жаңа кен орындары мен кен түзілулері ашылды. Қаныш Имантайұлы басшылығымен осы карталарды жасағаны үшін бір топ ғылымдар Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958) болды, І Бүкілодақтық маталогения

226

Page 227: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

мәжілісіңде Қазақстан геологиясы мектебінің көш бастап тұрған рөлі мойындалды.

Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ертіс - Қарағанды, Манғыстаудағы, Мұғалжар, Торғайдағы табиғи байлықтарды ашу жөніндегі ірі зертеулерді ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, Кенді Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жоспарлық сессиясын өткізудің қозғаушысы болды.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942), Қаныш Сәтбаев төрт Ленин орденімен, Отан соғысының орденімен және көптеген медалдармен марапаталған. Жоңғар Алатауындағы мұздық пен пик жоталарына, Қазақ КСР ҒА Геология институтына, Жезқазғандағы таукен – металлургия комбинатына, республикамыздағы қалалар мен селолардағы көптеген көшелер мен мектептерге ұлы ғалымның есімі берілген. Оның есімін нөмірі 2402 шағын ғаламшары алып жүр (1929 жылғы 31 шілдеде). Белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан осы ғаламшарды ашқан еді. Шағын ғаламшар Жерге әрбір бір жыл бес айда жақын келеді. Бұл ғаламшар оны ашушы Н. Черныхтың ұсынысымен «Сәтбаев»-деп аталған.

227

Page 228: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығы бұл есімді бекіткен.

Дінмұхамед Қонаев (1912-1993 жж). Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері, 1952 жылдан Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, ал 1968 жылдан техника ғылымының докторы.

1936 ж. Мәскеудегі түсті металдар мен алтын институтын бітіріп, “Прибалхашстройда”, бұрғылау станогінің машинисінен бастап Қоңырат руднигінің директорына дейінгі жолдардан өтеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Алтай полиметалл” комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ Лениногор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болады. 1942 жылдан 1952 жылға дейінгі аралықта Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 1952 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті болып сайланады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып екі рет тағайындалған (1955-1960 және 1962-1964 жж.) 1960-1962 жж. және 1964-1986 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 20 жылдан аса уақыт – СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 25 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 27 жыл бойы - Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, СОКП ХІХ – ХХVІІ съездерінің делегаты, 3-ден 11 – ге дейін шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің

228

Page 229: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

депутаты, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаты болды.

Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Қонаевтың қайраткерлік мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған таукен-металургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, металлургия инститтутары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы интенсивті жұмыстар басталды, орта азиялық әскери округ, әскери-инженерлік база құрылды. Алматыдағы құрылыс пен жағдайластыруда да ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, “Медеу” спорт көшені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет Сарайы, Республик алаңы, “Қазақстан”, “Жетісу”, “Алматы”, “Алатау” мейманханалары, цирк, аэровокзал, аэропорт және көптеген басқалары Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды.

Қонаев республика мәдениетінде бағалады және қолдады. Ол Е. Серкебаевтың, Б. Төлегенованың таланттарын көтерді, О. Сүлейменовтың “АЗ и Я” атты зерттеуінің философиялық мәнін түсінді, оны “орталықтың” жаласынан қорғай білді.

229

Page 230: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжиребесінің маңызды мәселелеріне арналған.1948 ж. кандидаттық, ал 1968 ж. докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан – Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.

1992 ж. оның “Өтті дәурен осылай” атты естелік кітабы жарық көрді, 1994 жылы ол “Сталиннен Горбачевка дейін” деген атпен қайта басылды. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Қонаев 8 Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Дінмухаммед Ахметұлы Қонаевтың есімімен колледж, таукен ісі институты, көше аталды. 1978 ж. Алматыда бюстісі орнатылды. Д.А. Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.

Қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде және экономикалық дамудың заңдылықтарын ғылыми жинақтап қорытуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін айқандауда Қазақстан Республикасының ғалым экономистері Ж. Әубакиров, Т. Әшімбаев, А. Кошанов, Н. Мамыров, Д. Қабдиев, С. Сатубалдин Ө. Шеденов, Р. Елемесов С. Досмагамбетов, Т. Абдразаков, Е. Аймагамбетов және т.б. өлшеусіз үлес қосты және қосып келеді.

ХХ ғасырдың 90 жылдары көпшілік қазақстандықтар біздің рРеспубликамыз тарих дәурлік шебінде тұрғандығына күмән келтірген жоқ болатын. Посткеңестік өндірісті

230

Page 231: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қайта құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық – түлік және өнеркәсіп тауарларының тапшылығын халық. бастарынан кешірді.

Соған қарамастан, көптеген қазақстандықтардың жүрегінде жақсы болашаққа деген сенім болды – және тәуелсіз, егеменді даму жолымен дербес жүру үшін күрес бастады.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев, елде, экономиканың барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлік пен мәлімдеді.

Өмір үнемі даму үстінде. Қазақстандағы реформалауды одан әрі ұлғайту және тереңдету үшін, мәдениетті және өркениетті диалог қажет. Осылардың бәрінде экономика саласындағы идеологияның негізгі принциптерін ескеру және қисымдай білу мыналарға бағытталған:– әлеуметтік – бағдарланған аралас

нарықтық экономика жасау;– тікелей материалдық игіліктер өндіретін

салаларда жеке кәсіпкерлікке басымдық бере отырып, оның барлық формаларында жеке меншікті кәсіпкерлікке қолдау көрсету;

– өндірісті құрылымдық тұрғыда қайта құру;– мемлекет аралық байланыстарды

экономикалық – саяси әріптестерді таңдаудағы прагматизм;

231

Page 232: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Мұндай тәжірибе елде де оны басқарушыларыңда да болмады. Осындай саяси – экономикалық ауыр жағдайда еліміздің Бірінші Президенті Н.Назарбаев жекешелендіру туралы әдейі Президенттің заңы мен ұлттық бағдарлама қабылдады. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үш кезеңге бөлінді:

1 кезең – 1992-1993 жылдар;2 кезең – 1994-1995 жыдар;3 кезең – 1996-1998 жылдар.Осы уақыттар ішінде жекешелендіру

процессінің тәсілдері мен механизмдері анықталды.

Жалпы рынокке өтуде республикаға шетелдердің, Әлемдік халықаралық ұйымдардың, әсіресе, Әлемдік банк, Европалық даму және реконструкция банктердің ықпалы өте үлкен болды. Халықаралық Валюта қорынан және басқалардың қаржы алу үшін, олардын тілектерін орындап, әуелі экономикалық тұрақтылық, бағаны либерализациялау (ырықтандыру), инфляцияны ауыздықтау, және т.б шарттарды орындауға тиіс болдық.

Осылардың ішінде, ең қыйыны, ол біз таңдаған рыноктық экономика үлгісі англо-американдық-монетарлық (Фридмен) теориясына ұқсас болды. Сөйтіп, “бәрін ақша шешеді”, “экономикалық дағдарыстан да монетарлық теория шығу жолын көрсетеді” дегенге сендік. Осындай жағдайда, тағыда Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиялық дамуы рынок экономикасына өту

232

Page 233: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

теориясын туындады. Онда, шетел инвестициясын келтіру, әлемдік рынокқа шығуы проблемаларының бағыттары анықталды. Елімізде рыноктық экономиканың өмірге келгенін Батыс Еуропа елдері, АҚШ мойындады. Бұл Қазақстанның – тәуелсіздігінің он жылдығының маңызды жетістігі еді.

Қазақстанның әлеуметтік экономикалық өсуінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Н. Назарбаев мынадай қорытынды жасады: “Біз - өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық елміз. Сондықтанда біздің модель ешкімге де ұқсамайтын болады. Ол өзіне әртүрлі өркениеттің жетістіктерін жинақтайтын болады. Біздің модель қоғамдық дамудың әртүрлі моделдерінің конвергенциясын көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік нарықтық экономика құрудамыз. Бізге қажеті де, міне осы”. (“Қазақстан – 2030” Н. Ә. Назарбаев бағдарламасы).

Қазақ зиялыларыда орыс және шетел ғалымдарының шығармалары негізінде жалпы тарихымызды, оның ішіне экономикалық өміріміздің бұрынғысы мен бүгінгісі, болашағы туралы ғылыми қорытындылар, көзқарастар, теориялық тракттатар ұсынуда.

Н.Ә.Назарбаев “Тарих толқынында” (1999) деген еңбегінде бұдан 1300-1100 жылдар бұрын қазақ халқының шаруашылық өмірін, тіршілікті түзеудің жолын, мақсатын мойындап, Күлтегі абыз бабамыздың сөзін келтіреді: “Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, аз

233

Page 234: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

халықты көп қылдым”. Осындай өсиет экономика ілімінің тарихын оқып білу арқасында қандайды болмасын барлық саясаткерлерге, экономистерге ақыл-кеңестер бола алады.

ССРО тарап, жоспарлы экономика тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алып (1991) елімізде экономикалық реформа жедел жүргізіліп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. Рынокты экономикаға көшуде шет елдің, әлемдік институттарының қаржылық техникалық көмектерінде пайдаландық.

Трансформациялық көшу барысында әлеуметтік – экономикалық дағадрыс қатар жүрсе де, рыноктық инфрақұрылым дамыды. Осының арқасында, қысқа мерзімде экономиканы тұрақтындырып, инфляцияны ауыздықтап, дұрыс инвестициялық саясат ұстап, шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстарды ұлғайтып біріккен кәсіпорындарын құрдық. Сонда да, рынок экномиясына өтуі адамдардың ой-санасына, мінез – құлқына, көзқарастарына терең өзгерістер енгізді. Енді адамдар өз өміріне өздері тікелей жауапты: тез байып кетуге де, тез кедей болып, құрып кетуге де экономикалық жол ашық.

Өтпелі кезең экономиясы мен оның аралас экономикалық проблемалар-казіргі теориялық тәжиребелік зертеу мәселелерінде. Себебі, Қазақстанның рыноктық экономикаға көшуінде трансформациялық қозғалыс пен

234

Page 235: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

институционалдық реформалардың ойдағыдай жүргізіліуінде әсіресе, жекешелендіру процессінің көптеген қиыншылықтарына Елбасы Н. Назарбаев аса үлкен көңіл аударды, Осы реформадан халықтың күтетін нәтижелері: экономикалық реформаға көзқарас; жаңа экономикалық саясатқа; рыноктық экономиканың жаңа жолдарына; шағын бизнеске; Қазақстанның ХХІ ғасырда әлеуметтік экономикалық даму болжамы.

Қазақстанда рынок қатынастарын қалыптастыру кәсіпкерлікті, шағын бизнесті, агробизнесті дамыту арқылы жүзеге асуда Н. Назарбаевтің еңбектері мен қаулылары, парламент пен үкіметтің заңдары кәсіпкерлікке жол ашып, салық саясатын ұтымды жүргізуге бағытталды. Бұл проблемалардың теориясы мен тәжірибесіне арналған бірнеше регионалдық, республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар өткізіліп, кәсіпкерліктің теориялық негіздері тарихы, шетелдердің тәжірибелері терең зерттелді. Осындай глобалды ғылыми зерттеу жүргізудің негізгі себебі ол экономикалық реформаның бас шарты мемлекеттік социализмді жойып, жоспарлы экономикадан бас тартып, әміршілік әкімшілік басқарудан шығып тәуелсіз ел болу үшін керек еді.

Рыноктық экономикалық қатынастар Қазақстан Республикасы тұрғындарының тұрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстүрлі әкімшілік басқару орнына рыноктағы сұраныс пен ұсыныс және баға

235

Page 236: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

келді, енді өз күнін өзі көріп, өз күшіне, өз қабілетіне, еңбегіне сену сынақты жаңа менталиттетер қалыптасты.

Бұрынғы қазақтар кездескенде “мал - жан аман ба?” деген сұрақтың қазір мал сөзі азайтылып, жан сақтаудың амалын көп сөз қылатын болуда. Себебі, нарық заңы қатал, мемлекет “түнгі күзетші” болумен қатар рыноктық қатынастарды кеңейтті. Атақты Баласағүн айтқандай “іс айлаға жүреді, сауда пайдаға жүреді» дегендей, нарық «қолының ебі, аяғының желі бар» адамдардың заманы болды. Сондықтан баға, сұраныс, ұсыныс, акция, бәсеке және т.б. рынок категорияларын терең біліп, күресу, әркімнің міндеті болды.

Жинақтап айтқанда, қазіргі отандық экономиканы, оның ғылыми - экономикалық қатынастарын классикалық, неоклассикалық, синтез тәсілдерімен бағалап, инфрақұрылымдарына қарай оны реформалап, құқылық заңдарын қабылдау сатысындамыз.

ТҮЙІН

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, шаруашылық жүргізу тәсілі- номадтар дәуірінен басталып, ренессанстан өтіп, қазіргі егеменді, бостандығы дамыған тарихи ел болдық.

Қазақ халқының экономикалық дамуы, оның мәдениеті, дәстүрі, әдебиеті, фольклоры, мақал-мәтелдері осыған ашық куә. Қазақ

236

Page 237: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

фольклоры - экономикалық ойлардың қайнар көзі.

Шығыстың атақты оқымысты, аса көрнекті философы Әл-Фараби, Қазақстанның мәдени дамуының дәлелі, бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл-ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашты, қоғамды құру жолдарын көрсетті.

Қазақстанның экономикалық тарихында шаруашылықты қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билері қазақ хандығының институтарын дамытуда үлкен орын алды. Дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолының» қосындысы Тәуке ханның «Жеті жарғы» - әлеуметтік – экономикалық және құқылық энциклопедия.

ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың тарихи деңгейіне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен қатар туған жеріне қызымет етуді мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шықты. Олар оқымысты, ағартушы Шоқан, Ыбрай, Абай рухани төңкеріс жасады. Абай – ақын, классик және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпірі болды.

Қазақ даласында қанат жойып, әлеуметтік экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық қалдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары, ел үшін патшалық колониалдық саясатқа қарсы күресті. Көптеген демократ – зиягерлер М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы т.б. саяси және

237

Page 238: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

қоғам қайраткерлері, бүкіл өмірлерін өз халқын отаршылықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұртына білім беруге жұмсады.

Совет дәуірінде, қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде және экономикалық дамудың заңдылықтарын ғылыми жинақтап қортуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін айқындаған көрнекті мемлекет және саяси характерлер, ғалымдар, академиктер Сақтаған Бәйішев, Қаныш Сәтпаев, Дінмұхамед Қонаев т.б. ерекше орын алады.

Өмір үнемі даму үстінде. Посткеңестік құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының өндірістің ыдырауы инфляцияның күшейген кезінде де, елімізде жүріп жатқан Қазақстандағы реформаларды одан әрі ұлғаюда және тереңделуде, рыноктыққа көшуде Президент Н. Назарбаевтың еңбегін, оның қайраткерлігін жеке бағалау керек. Президенттің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жобасы рынокқа өту теориясын туындап, халыққа жағдай жасауда.

Негізгі терминдерНомадизм;Ренессанс;Фольклор;Мақал-Мәтел;«Жеті – жарғы»;Ағартушы;ЖЭС;Алаш теориясы;

238

Page 239: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Әліпби;Өлшеуші.

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

1. Номадизмнің ерекшелігін;2. Ренессанс деген не?3. Әл-Фарабидің ілімін;4. Тәуке ханның “Жеті – жарғы» заң

ескерткішін;5. ХІХ ғасырдағы Қазақ-демократтарының

көзқарастарын;6. ХХ ғасырдағы Қазақстанның демократ-

зиягерлердің отаршылық қарсы күрестерін;

7. Совет дәуіріндегі қазақтың экономикалық дамуына қосқан мемлекеттік, қоғамдық саяси қайраткерлерінің еңбектерін;

8. Экономикалық реформаларды жүргізіп, Қазақ халқына саяси экономикалық бостандық алудағы Бірінші Президент Н. Назарбаевтың еңбегін;

§2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Номадизм мен ренессанстың қазақ

халқының дамуында алатын орындары;2. Экономикалық ойлардың туына, дамуына

фольклордің тигізген әсері;3. Әл-Фарабидің әлеуметтік экономикалық

ойлардың дамуындағы еңбегі4. “Жеті жарғы” - занының қоғамдық – құқық

қатынастарының дамуындағы орны.

239

Page 240: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

5. Шоқан Уәлихановтың көшпелі халықтар шаруашылықтарын жүргізу туралы берген кеңестері.

6. Қоғам, мемлекет қайраткерлері, профессор, академиктер С.Бәйішев, Қ.Сатбаев, Д. Қонаевтардың Қазақстан Республикасының дамуына қосқан негізгі үлестері.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. Қазақстан экономикасындағы номадизмнің ерекшеліктері:

a) көп ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысу;

b) көшпелі өмір салты;c) егін егу шаруашылығымен айналысу;d) өндірісті дамыту.e) А,Б, жауабы шынайы.f) В,Г, жауабы шынайы.

2. Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстан үшін мал шаруашылығының дамуы мен қатар.

a) Қалалардың өсуімен бірге басқа елдермен сауда –салттықтын өсуіне әкелді;

b) елімізде жаңа экономикалық ой-сана қалыптасты, халықараылқ қарым – қатынас пайда болды;

c) экономикалық ілім тарихы дамыды;d) хандар мен олардың ақылшы, кеңесші

билерінің институттарын дамыды;e) барлық жауаптар шынайы.

240

Page 241: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3. “Жеті жарғы” – Қазақ құқы принциптеріқандай толықзаңдардан тұрады:a) Жер заңы, жайылымдар мен суаттар

заңы;b) отбасы – неке заңы, әскер заңы;c) сот процессі туралы ереже, қылмыс

түрлеріне берілетін жазалар заңы, құн туралы заң, өлім, ауыр жарақаттар үшін жазалар;

d) жесірлер туралы заң, олардың мүлік;e) а,б,с жауабы шынайы;f) бар жауаптар шынайы.

4. ХІХ ғасырдағы патшаның колониалдық саясатына қарсы күрескен Қазақтың ағартушы – демократтары:

a) Шоқан Уаиханов;b) Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев;c) Ыбрай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов ;d) Абай Құнанбаев, Ыбрай Алтынсарин;e) Абай Құнанбаев;

5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақтың қай саясый демократтары “Алаш” партиясына мүше болып, артынан Қеңес одағына қызмет етті?a) Міржақып Дұлатұлы, Ахмет

Байтурсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы;b) Ахмет Байтурсынұлы, Смағұл

Садуакасов;c) Әлихан Бөкейханұлы, Тұрар Рысқұлов;d) Смағұл Садуакасов, Тұрар Рысқұлов;e) Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дұлатұлы ;

241

Page 242: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

8 ТАҚЫРЫП. КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

8.1. Кейнсиандықтын пайда болуының тарихи жағдайы;

242

Page 243: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

8.2. Дж. М. Кейнс – сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің макроэкономикалық теориясының негізін қалаушы;

8.3. Неокенсиандық және кейнсиандық дамуының екі үрдісі (тенденциясы);

8.4. Кейнсиандықтың даму эволюциясы және посткейнсиандықтың пайда болуы.

Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

– ұлы оқымысты Дж.М. Кейнстің экономика теориясына сіңірген еңбегін;

– оның “Экономикалық сұраныс” ілімінің мазмұнын;

– шаруашылықты экономикалық реттеудегі мемлекеттің ролін;

– кейнсиандық және неокейнсиандық теориялардың мазмұнын;

– “неоклассикалық синтездің” мазмұнын;– солшыл кейнсиандықтың дамуын;– кәзіргі жағдайда кейнсиандықтың даму

эволюциясын.

8.1 Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы.

1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен

243

Page 244: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.

Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.

Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.

Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды. Оның бастамасы бойынша бір елдің тауарларын өткізуден түскен ақшаны, кез - келген басқа елдің тауарларын сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекетаралық клирынгелікті одақ құрылды. Бұл халықаралық

244

Page 245: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

квазивалюта құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын жою үшін, одақтас - елдердің барлық Орталық банкілеріне есеп- шоттар ашуды қамтамасыз етті.

Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті.

Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.

Кейнс жаңа экономикалық категория – “инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында,

245

Page 246: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.

Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:– қысқа мерзімдік макроэкономикалық

талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;

– экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу.

– экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы;

– экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді;

– капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді.

246

Page 247: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

8.2 Дж М. Кейнс – сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің

макроэкономикалықтеориясының негізін қалаушы.

Жиынтық аграгирленген (бір тұтас көрсеткішке бірігу) экономикалық параметрлерді талдау негізінде, Кейнс экономикалық ғылымға жаңа ынталардың бастауын ұсынды. Сұранысты, ұсынысты, бағаны жекелеген фирмалармен тұтынушылардың деңгейінде, яғни микродеңгейінде қараған Маршаллмен салыстырғанда, Кейнс макроденгейінде функционалдық байланысты құру қажеттілігінің тұжырымдасын ұсынды. Ол бүкіл рыноктың өзара байланысты екендігін, сол себепті оларды біртұтас бөлінбейтін жүйе ретінде зертеудің қажеттігін көрсетіп берді.

Кейнс тағы да былай деді, сұраныс моделі өз - өзінен ұсыныстың соңынан жүрмейді. Сұраныс, табыстардың деңгейімен анықталып, табыстар динамикасынан артта қалып отырды. Егер сұраныс өндірілетін өнімнен (ұсыныстан) төмен болатын болса, онда өнімдердің бір бөлігі өткізілмей қалады. Ортақ өндіру төмендейді.

Неокласиктерден Кейнстің өзгешелігі, бағалардың нарықтық шаруашылықтарда икемді реттеуші болып саналмайтындығында, қайта олардың керітарпашыл (консервативный) болатындығын бекіту болып табылады. Рыноктағы жағдайды бағалар динамикасы бойынша емес, тауар қорларының болушылығы, тұтыну сұранысының

247

Page 248: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

динамикасы бойынша түсіндірді. Енбек рыногында бағалар (нақты еңбек ақы) жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын реттеуші рөлін мүлде нашар атқарады деді.

Кейнстің пікірі бойынша жинақтардың өсуі инвестициялардың өсуіне мүлде тең емес, тіпті белгілі бір жағдайларда, жинақтардың өсуі инвестициялардың көлемін көбейтуге емес, азайтуға әкелуі мүмкін. Осының нәтижесінде, рынок “автоматизмі”, А. Смиттін “көрінбейтін қолдың” жұмыс істемейтіндігін, тепе – теңдік қалпына келтірмейтіндігін анықтады. Осыдан шығарған оның басты тұжырымы: рыноктың негізгі параметрлері арасындағы сәйкестікке қол жеткізу үшін сыртқы факторлардың қатысуы яғни мемлекеттің араласуы қажет деді. Ол жұмыспен қамту мен өндірісті реттеудің жаңа теориясын жасады, мемлекеттік макрореттеудің көмегімен рыноктық механизімді түзеудің тәсілдерін болжап берді.

Ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың деңгейі өзара тәуелді өзгермелі екендігі Кейнстің ілімінен туындайды. Ұлттық табыстың өсуі жұмыспен қамтудың өсе түсуіне және керісінше әсерін тигізеді. Көзделгендей, ұлттық табыс тұтынушылықтың өсу факторы ретінде қатысады және өз кезегінде, ұлттық табыстың өсуі инвестицияларға тәуелді болады. Ол бүкіл тұтыну және инвестициялық шығындардың жиынып қалыптасуының бүкіл қоғамдық (жиынтық) сұраныс – тұтынуын және инвестициялық тауарларға сұраныстың дамуын анықтау әдістерін – жасады.

248

Page 249: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Кейнсиандық теорияда “сұраныс тимділігі” деп аталған тұтыну шығындары мен инвестициялар саласы, маңызды орын алады. Яғни ұлттық табыс өндіру динамикасы мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын өсіруді қамтамасыз етуші сұраныс факторларымен анықталады. Тұтынудың, инвестициялар мен мемлекеттік шығындардан тұратын жиынтық сұраныстарын дамытып және жетілдірілдіре отырып, тұтынушылық бейімділігін, капитал жұмсаудаң күтілетің кіріс келтірілушілікті, және өтімділікті (ликвидтілікті) арттырады, бұл жайлар 1- үлгіден анық көрінеді.

1 үлгіДж. М. Кейнс жүйесіндегі негізгі

байланыстар

249

Жұмыспен қамтушылық (N)

Ұлттық табыс (Y )

Тұтыну сұранысы (C)

Инвестициялық сұраныс (I)

Табыстар (D)

Тұтынуға бейімдеушілік

(C/Y)

Шекті тиімділік (%)

(P’)

Процент нормасы

(R)

Өтімділікке артықшылық

беру (L)

Айналымдағы ақша көлемі

(M)

Page 250: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Бұл кестеден мыналарды түсінуге болады, тұтыну мен табыстар арасындағы тәуелділіктен көрінетін психологиялық заң әрекет ете бастаған кездегі тұтынуға жұмсалатын шығындар тұтынушылық бейімділікпен (С/Ү) анықталады. Дегенмен, табыстың өсумен тұтынуға орташа бейімділігі тұтынуға деген (ΔС/ΔҮ) шекті бейімділіктің әсерінен төмен түседі.

Инвестициялық сұраныс деңгейі (I) капитал жұмсаунан (P’) күтілетін тиімділігі мен проценттік (пайыздық) ставка мөлшеріне (R) тәуелді болады. Проценттік ставка немесе процент нормасы (R) – бұл өтімділіктен ликвидтіктен айырылған үшін төлем.

Кейнс теориясының басты идеясы – жиынтық сұраныс көлемінің жеткіліксіз жағдайында, экономикаға мемлекет арқылы ықпал ету болып саналады. Сондықтан ол ұлттық табыспен, жинақтармен, инвестициялармен және жиынтық сұраныстармен арадағы экономикалық сәйкестіктерге қол жеткізу міндетін алға қойды.

Экономикалық тепе - теңдік - Кейнсше сұраныс пен қорланудың тепе - теңдігі мен белгіленеді. Қазіргі экономиканың басты кемшілігі ол сұраныстың тиімділігінің жетіспеушілігі деді, оның себебі, тұтынуды прогрессивті тежелеу, капиталдың

250

Page 251: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

тиімділігінің шектен тыс төмендеуі. Осындай жағдайда, Кейнстің ойынша, экономикалық дағдарыстан тек-қана мемлекеттің араласуы шығарады.

Атап айтқанда, мемлекеттің инвестицияға кең қатысу, әртүрлі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы (зауыттар салу, жол қатынасын жақсарту, жаңа экономикалық аудандарды игеру т.с.с), инвестициялардың формаларын бақылау, экономикалық жағынан аз қамтылған халық топтарын қорғау (зейнет ақыны көбейту, әлеуметтік төлемдер мен стипендияны молайту т.с.с) инвестицияның көбеюіне әсер етіп, халықтың сұраныс көрсеткішінің өсуіне жағдай жасайды.

Кейнстің ұсыныстарын іске асыру үшін ХХ ғ. 30- шы жылдары Англияда “Елді экономикалық дамытудың ұлттық кеңесі құрылды”. Мақсаты, экономикалық және әлеуметтік бағдарлама жасап, қандай өндіріс салалары мемлекеттік қолдауды керек етеді деген сұраққа жауап беру, 1944 жылы Англияда “Жұмыс пен қамту саясатының Ақ кітабы”- жарық көрді. Осы еңбек шығысы мен Батыс елдердің көп үкімет басшылары еңбекпен ұзақ, толық қамту үкіметтің міндеті деді. Мемлекеттің осындай бағытта іске араласуы экономиканың шынында дағдарыстан шығудың нағыз революциялық жолы еді.

Экономиканы мемелкеттік реттеу құралына Кейнс ивестицияны өсіру жолымен жиынтық сұранысының ұлғайуын, несие – ақша және бюджеттік саясатты жатқызды. Оның

251

Page 252: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

анықтауы бойынша еңбек ақыны төмендету жұмыспен қамтуды өсірмейді, қайта, нақты еңбек ақыны кеміту арқылы табыстарды кәсіпкерлердің пайдасына қайта бөлуге әкеледі, ал осыған қарай жұмыскерлер жұмыстарын тастап кетпейді және жұмыс күшін ұсыну қысқармайды.

Экономикалық теорияны дамытудағы Кейнс еңбектерінің үлесі: - бағаны талдаудан нақты өнімді

(продуктыны) практикалық талдауға көшу;- өндіріс көлемімен табыс деңгейінің

өзгеруіне қарағанда, пайыз нормасының, жинақтаумен инвестицияға әсерінің тіпті аздығынан пайыз нормасына жаңа көзқарас;

- инвенстиция мультиплиаторының идеялары;

- қазірғі капиталистік экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіндігін, әсіресе жұмыспен қамтудың жоқтық тезисін кіргізуі;

- тұтыну бейімділігінің түсінігін еңгізіп және өнімділікті (ликвидтілікті) қолдауы;

- экономикалық саясаттың революциялық мүмкіндігінің тууына себеп болыуы.

8.3 Неокенсиандық және кейнсиандық дамудың екі үрдес.

Дж. М. Кейнстің “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы” атты басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый - экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай – ақ әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық

252

Page 253: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ағындарды туғызды. Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт – неокейнсиандық жүйе қалыптасты.

Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.

Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.

253

Page 254: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

“Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.

Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.

“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе

254

Page 255: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

(встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.

Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды кейнсиандық”, яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз тұған” кейнсиандық деп атады.

Сонымен, неоклассикалық синтездің негізі:– Самуэльсонның атымен байланысты, оның

еңбегі “Экономикста” берілген қысқартылған немесе кесілген Кейнс үлгісі, ұлттық табысты анықтаудың принциптерін дәл және айқын түрде береді, сондықтан оны ортодоксалды кейнсиандықтар Кейнс тұжырымдамасының өзегі, негізідеп санайды.;

– Дж. Хикс ұсынып, кейінірек Э. Хансен жетілдірген ақша параметрлері үлгісі (модельге) Хикс – Хансенның “кірістер – шығыстар” схемасын (кестесін) туғызды. Бұл кесте Кейнс теориясын жалпы тепе – теңдік тұжырымдамасын жеке оқиға түрінде - білдіреді, сондықтан да “неоклассикалық синтездің” квитесенцнсі болып саналады;

– Толық жұмыспен қамтылушылыққа өздігінен қол жеткізудің мүмкін еместік себептерін көрсетіп, одан әрі қарай,

255

Page 256: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

неоклассикалық мектеп өзінің теориялық манызың сақтай отырып, В. Леонтьев айтқандай “кейнсиандық ұпайларға” қажетісінеді, ал капиталистік экономка – реттеудің кейнсиандық доктринасын іздейді.

– Жалпы, “неоклассикалық синтез” үш блоктан тұрады:

– Кейнстің қысқартылған (ықшамдалған) немесе кесілген үлгісінен;

– Хикс – Хансенің “кірістер - шығыстар” схемасынан (кестелігінен);

– Толық жұмыспен қамтылмаудың себептерін түсіндіруден;Кейнстің бірінші қысқртылған

(ықшамдалған) үлгісіндегі жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға (І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық табыстың (Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе – теңдік мына теңдеумен сипатталады:

Ү=E=C+I

Екінші блокта “кірістер – шығыстар” сызбасын (кестелерінің) авторлары инвестициялау тек, капиталдың шекті тиімділігі проценттік (пайыздың) мөлшерінен асып кеткенде ғана: І < І (R) мағынасы бар деп есептеді. Процентің (пайыздың) мөлшері неғұрлым төмен болса, соғұрлым басқадан тең жағдайларда қосымша капитал салымдарын жасау пайдалы, яғни керісінше.

256

Page 257: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Жалпы алғанда Хикс – Хансен сызбасын (кестесін) жасаумен неоклассикалық мектеп ертеден айналысып, жалпы экономикалық тепе – теңдік тұжырымдамасының көптеген үрлігін көрсетті, сондықтан да Кейнсиандық теория оған жекелеген жағдай құқығында кіреді.

Үшінші блок – белгілі бір деңгейден төмен түспетіндігіне қарамастан, еңбек ақының икемсіздігі толық жұмыспен қамтылмаушылық себептерін түсіндіреді. Бұл еңбек нарығындағы өздігінен реттеу механизмінің - әрекетіне тосқауыл қояды. Бағаның өсуімен ақшаға деген сұраныста өседі, демек, ликвидттен (өтімділіктен) айырылғаны үшін - төлем проценті көбейеді, соның салдарынаң инвестициялар қысқарады, ұлттық табыс пен жұмыспен қамтылушылық деңгейі төмендейді. Мұндай құбылыстардан “өтімділік қақпаны” туындайды.

“Өтімділік қақпан” – бұл, процент нормасының ең төменгі деңгейде болған кездегі, экономиканың жағдайы. Оның одан арғы жерде төмен түсуі, ұлттық табыстың инвестициялық өсуі және жұмыспен қамтылушылық мүмкін еместігін көрсетеді.

Мұндай құбылыстар, өтімділіктен айырылу төлемнің аздығы, сондықтан, ақша көлемінің бүкіл өсімін неғұрлым ақшаға тиімді деген алыпсатарлық сұраныстарға жұмсалғаның пайдалағын түсіндіреді.

Кейнс теорияның бұл үш айрықша жағдайларының маңызы - олардың “ неоклассикалық синтезге” кіру жағдайлары.

257

Page 258: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Шын мәнісінде экономика тепе – теңдікке икем, дегенмен үш ықтимал жағдайда өзін - өзі реттеу механизмі іске қосылмайды, толық жұмыспен қамтымаушылықпен және ресурстарды пайдасыз шығындаумен сипатталады.

Көптеген теориялық талқылауларың нәтижесінде, ғылыми еңбектердің әсерімен Кейнс теориясының неоклассикалық жүйеге сыйымдық проблемасы шын мәнісінде шешілді. Неоклассиктер микроэкономика теориясының басымдық жағдайларын сақтап қалды, ал кейнсиандықтар макроэкономиканың тәжиребелі рецептерінін, артықшылығын сақтады. Бірақ муқият қарағанда “синтезді” жақтаушылар, капиталистік экономиканың тұрақтылығы жайлы неоклассикалық синтезді кейнсиандық тұрақсыздық пен күресуді ұштастыра алмағанын, көруге болады. Ортодоксалды экономистер өз - өздерімен үнемі қайшылықа кіріп отырды: өз теорияларын микроэкономикалық бөлігін қорғай отырып кейнсиандық доктринаны жоққа шығарады және керісінше, мемлееттің экономикаға араласуы туралы айтқанда, неоклассикалық теорияның принциптерін тағы да жоққа шығарып отырды.

Осылай, “неоклассикалық синтез”- бағаның икемді еместігін Cамуэльсонның айтуынша “ірі корпорациялардың бағаға әкімшілік ететін олигополиялардың пайда болуымен” түсіндіреді. Бағаның икемсіздігі туралы тезис кейнсиандық бағдарламаның қажеттілігінің басты дәлелі. Бұл жағдайлар

258

Page 259: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

“баға белгілеудің неоклассикалық принциптерінің” әділеттілігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен микро - және макро – теориялар екеуі де бір экономиканы талдайды, сондықтан бағаны әкімшілікпен белгілеуі және жетілдірмеген бәсеке туралы пайымдаудың ешқандай мағынасы жоқ. Сондықтан экономикалық проблемаларға жаңа жол табушылықтарды іздестіру қажетті болды.

Құбылыстарға жаңа жол табушылық идеясын ағылшын экономисі Рой Харрод (1990 –1978 жж.) іске асырды. Оның монографиясы “Экономикалық динамика теориясы” (1948) Харродты әлемге аты белгілі оқымысты, соғыстан кейінгі кейнсиандықтардың көсемі, неокейнсиандық динамика теориясын жасаушысы етті. Харрод өзінің еңбектерінде ақша, банктер, халықаралық сауда, жетілдірілмеген бәсекелестік, шығындарының ауытқуы, сауда циклі және т.б. проблемаларды қарастырды.

Харродтың методологиясы Кейнс методологиясына жақын – агрегирленген макроэкономикалық көрсеткіштер – жиынтық сұраныс пен табысты, жиынтық жинақтар, инвестициялар және тағы басқаларды зерттеді. Оның еңбектеріңде, бәрінен бұрын, капиталистік ұдайы өндірістің сандық түрлерін көрсету мен бірге олардың сапалық айқындамалары мен әлеуметтік салаларын еске алуы. Ол ұзақ мерзімдік жоспардағы динамикалық процесстерге талдау жасады. Ұзақ мерзімдік өсу проблемаларының ішінен Харрод инфляциялық бұмның қауіптілігіне

259

Page 260: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

назар аударды, жұмыссыздық пен өнеркәсіп цикілінің проблемаларын бөліп көрсете отырып, дағдарыс пен жұмыссыздықты бірінші орынға қойды.

Харрод тәжиребелік бағдарламада шаруашылықтың екі тобын қарастырды: 1. қысқа мерзімдік жоспардағы антициклдік саясат; 2. жаппай жұмыссыздықты алдын – ала ескерту мақсатында – экономикалық даму қарқын ұзақ уақытқа ынтыландыру саясаты.

Неокейнсиандықтар Харродтың экономикалық динамика аясындағы еңбектерін, өсудің (Дж. Робинсон, Н. Калдора және басқалар), неғұрлым күрделі үлгілерінің тұтастай класын туғызған, пионерлік зерттеулер деп атады. А. Эйхердің айтуы бойынша Дж. Кейнстің “Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы” тұжырымдасын талдаған Харродтың зерттеуі, оны алға дамытуда алғашқы талпыныс болды.

Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.

Оның үлгілерін қазіргі кезеңде көптеген нарықтық мемлекеттер мен ТМД елдерінің экономикаларының даму әдістерінен кездестіруге болады.

Посткейнсиандық мектептер үшін Харродтың капитализм жағдайындағы экономикалық өсу “табиғи” берік еместігі мен ішкі тұрақсыздығы туралы негізгі тезисі

260

Page 261: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

айрықша маңызға ие. Харрод теоретиктігі мен ғана қызықты емес, ол сонымен бірге тарихшы – экономист, Дж. М. Кейнстің өмірлік қызметі мен негізгі еңбектерін зертеуші ретінде де ынталандырмай қоймайды.

Неоклассикалық мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард университетің болашақ профессоры, жас американ экономисі Э. Хансен өзі үшін Дж. Кейнс бейнесінде жаңа доктринамен және пайғамбар тапты. Хансен сенімді кейнсиандық және оның жаңа тұжырымдамаларына берілген қорғаушысы ретінде “америкалық Кейнс” атағын алды.

Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Тобин былай деді: “АҚШ – тың макроэкономикалық саясатын қайта бағдарлауда Хансендай маңызды роль атқарған, басқа американдық экономисті табу мүмкін емес».

Хансен 20 жыл бойы Гарвордта, жоғары әкімдер мен көрнекті ғалымдардың нағыз мектебі болған, аспиранттардың теориялық семинарын жүргізді. Семинарға болашақ Нобель сыйлығының лауреаттары Самуэльсон, Тобин, экономикалық динамика теоретиктері Е. Домар, Дж. Гэльбрейт қатысты. Осы семинарда П. Самуэльсон бірінші рет мультипликатор мен акселераторды біріктіру принципінің үлгісі (моделі) туралы баяндамамен, ал Домар өсудің новаторлық үлгілердің авторы ретінде қатысты.

“Америкалық Кейнс” – Хансен алтыдан аса монографиясында (“Салық саясаты және экономикалық циклдар”, “Ақша теориясы және қаржы саясаты” және т.б.) Кейнстің

261

Page 262: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ілімімен байланысты жаңа теориялық доктринаны кеңінен танымал етті. Оның тілі – фактілердің, кескіндердің, кестелердің тілі болды, сол арқылы оқырмандарын қажетті қорытындылар жасай білуге үйретті. Хансеннің еңбегі арқасында, Кейнс отаны Ұлыбританиға қарағанда, АҚШ-ты “неғұрлым кейнсиандық елге” айналдырды деп тұжырымдайды . Ол Рузвельт өкіметінің аса көрнекті теоретигі болды, “Толық жұмыспен қамтылушлық күресін” басқарды, соның нәтижесінде “Жұмыспен қамту туралы акт” (1946) қабылданды, сөйтіп АҚШ үкіметі жұмыссыздықа қарсы күресті бірінші кезекті міндетке айналдырды. Жалпы былай деп айтуға болады, Д. Эйзенхауер, Дж. Кеннеди, Л. Джонсон сияқты АҚШ президенттері әкімшілігінің экономикалық саясаты – кейнсианды-хансендік болды.

Хансен кейнсиандықты аса ірі таратушысы ретінде “Кейнс бойынша жолсерік” (1953) еңбегінде “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясына” толық түсінік берді. Бірмезгілде, ол аса көрнекті теоретик - экономимст ретінде, белсенді макроэкономикалық саясатты жалғаушысы болып саналды.

Самуэльсон айтқандай, Хансен табыстарды анықтау теориясы мен тұтастай макроэкономикаға бірдей үлес қосты.

Кейнсиандық циклдің тұжырымдамасының авторы ретінде, оның “Экономикалық цикл және ұлттық табыс” (1957) атты іргелі

262

Page 263: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

монографиясы Э. Хансенге әлемдік атақ әкелді.

Хансен циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды деді, ол қазіргі динамикалық экономикаға шын берілген деді. Циклдардың ноклассикалық теориясы осыдан мынадай тұжырым жасады: қаншалықты цикл капиталистік экономиканы іштей дамытушы болмасын, бірақ енді оны реттеу үшін бір ғана рыноктың “көрінбейтін қолы” жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттік саясаттың антициклдық бағдарламасы қажет деді.

Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады. Осыған дейінгі тәжиребелерді ескере отырып, Хансен өзінің антициклдық бағдарламасының үш бағытын берді:1. Икемді құрылған механизмдер (құрылған

тұрақтандырғыштар);2. Өзіндігінен әрекет етуші, өтеу жасайтын

(компенсирующие) қарсы шаралар;3. Өтем жасауды басқаратын бағдарламалар;

Тұтастай алғанда Э. Хансен өзінің еңбектерінде ағымдағы реттеу бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарына арналған бағдарламаларды да берді. Ол толық теңдікке жету мүмкін емес деп санады, сонымен бірге “әлемдегі үлкен теңсіздіктерді элементтеу аса қажетті” деп болжам жасады.

263

Page 264: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Кейнс сияқты, Хансен жеке меншік инвестициялары, экономикалық өсудің басты ынталандырушы құралы деп санады, болашақ экономикада “толық жұмыспен қамтылушылық” пән жоғары қоғамдық және жеке меншіктік тұтыну сәйкес келіп, онын әлеуметтік салада рөлін ерекше көрсетті.

“Неоклассикалық синтез” идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (1915) ашты. “Синтездің” мәні - теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардын бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестңдіру болды.

Самуэльсонның теориялық өндеулеріндегі ең бастысты экономикалық процестерді талдауда әр түрлі ынталарды біріктіру. Мәселен, батыс экономистерінің басым көпшілігі тиімді ақша-несие және фискалды саясат жолымен А. Смит пен А. Маршалдың классикалық микроэкономикасын, Кейнс бойынша табыс деңгейінің қазіргі экономикалық анықтауын біріктіргілері келді.

Сонымен, Самуэльсон бойынша “синтез” – бұл еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының келісімі. Бұл микро - және макро деңгейлеріндегі статистиканы зерттеу оған талдау жасау және тепе – теңдік шығару динамикасын зерттеп, оны ажырату, бағдарлау және дискретті даму. Математикалық үлгілер мен есептеулерді қолдана отырып, ол логикалық негіздеулерді шығарып өзара функционалды байланыстарды анықтады.

264

Page 265: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

“Неоклассикалық синтез” әртүрлі күресуші тұжырымдамалар мен мектептердің арасында өзара қолданылатын келісім жолдарын іздестіруге бағытталған. “Синтез” – бұл америкалық экономикалық ойлардың дамуындағы жалпы үрдестер мен дәстүрлер. Сонымен бірге, позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым әртүрлі жағдайларды ескере отырып ұлттық формаларда дамиды.

Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.

Самуэльсонның табыс деңгейі жинақтар мен инвестициялар арақатынасымен немесе жиынтық қоғамдық сұраныспен анықталатынын, сол сияқты бұл деңгейде фискалдық саясаттың әсерімен өзгеретіндігін көрсетті. Ағымдағы тұтынудан (капиталдан) өндіріске тартылатын ресурстар жұмсалады деп жазды автор, бірақ болашақта олар қайтарым береді, яғни экономика болашаққа қызмет етеді.

265

Page 266: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Ұлттық өнім мен ұлттық табыс динамикасы циклдық ауытқұларды көрсетеді, Самуэльсон оның төрт сатысын (фазасын) бөліп көрсетеді: қысу, жандану, экспансия және жоғары саты.

Самуэльсонның пікірі бойынша қазіргі даму кезеңіндегі сұраныс пен ұсыныс, мемлекет пен банктердің ақылды саясатының арқасында бір – біріне пара - пар болады. Ол ұсыныстың сұранысқа бейімделу кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігінің әртүрлі үлгілерін (типтерін) қарастырды.

Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.

8.4 Кейнсиандықтың эволюциясы жәнепоскейнсиандықтың пайда болуы.70-ші жылдардағы құрылымдық және

циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-75 жылдардағы дағдарыс және созылмалы сипаттағы инфляция экономикалық саясатты дағдарысқа алып келді. Тура осы кезеңде стандартты антициклдық кейнсиандық схемалар әрекет етуін тоқтатты. Егер, бұрын инфляция экономиканың көтерілу сатысымен

266

Page 267: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

сәйкес келіп және сұранысты шектей отырып, оны ұстап тұруға тырысса, ендігі жерде үкімет алдында тіпті көтерілу сатысы кезеңінің өзінде экономикалық қиындықтарды қалай шешуге болады деген мәселелер аса өткір түрде тұрды.

Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы – мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі қарсыластары – неоклассиктер тұрғысынан ғана емес, Кейнс теориясына берілгендедердің өздері - посткейнсианстар мен монетаристер тарпынандада сынға ұшырады.

Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған реттеу өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ГТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді қиындата түсті, нарықтық реттеу арқылы басқарудың объективті өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге сұраққа берілер жауап. 80-90 жылдардағы

267

Page 268: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

КСРО және шығыс Европа елдеріндегі орталықтанған жоспарлаудың марксистік тұжырымда-маларының құлауы осыған ұқсас дағдарыспен түсіндіруге болады.

Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл кейнсиандықтар, ал екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.

Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.

Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты.

268

Page 269: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.

Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора, П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.

80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.

Кембридж мектебінің мүшелері, Дж. Кейнстің шәкірттері мен серіктері – Дж.Робинсон, Н. Колдор, П. Сраффа және

269

Page 270: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

басқалар ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарының өзінде, Кейнс теориясын сындық тұрғыдан қайта бағалау жөнінде сөз көтерді, олар оның теориялық зерттеулеріңің дамуына басқа ағымдардың синтез базасы мен байланыстыруға дамытуға талпыныс жасады. Оларды, “классиктерді” – бәрінен бұрын Д. Рикардо мен К. Маркстің идеялары мен методологиясын жақтаушылары ретінде жиі “солшыл кейнсиандықтар” деп атады. Олар тиімді сұраныстың өсуі үшін, монополияны шектейтін және әлеуметтік реформалары жүргізу факторлары ретінде, еңбек ақының өсу проблемаларын зертеді.

Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден бас тарту.

Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп,

270

Page 271: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.

Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:1. инвестициялық тауарлар секторы (І);2. тұтыну заттар секторы (ІІ);

Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.

І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2Жинақтардың заңдылықтарын анықтау

үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:

– экономикаға мемлекеттің араласуының жоқтығы;

– тек қана екі таптың болуы – жұмысшы және кәсіпкерлердің;

– тұтастай капиталды жинақтауға жұмсалатын пайдалардан түсетін тұтынудың жоқтығы.

Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл

271

Page 272: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.

Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.

Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.

Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар

272

Page 273: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.

Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.

Кембридж мектебі өзінің экономикалық саяси дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар. Оның тиімді сұраныс пен сырттан және іштен экономиканы тұрақтандыру, экономикалық өсуді ынталандыру, мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы еңбектерінің аса үлкен маңызы болды, және ғылымның маңызың, оның рөлін жеке көтерді

ТҮЙІНХХ ғасырда экономикалық теорияны

дамытуда Дж. Кейнстің жұмыстары терең із қалдырды. Ол А. Смит, Д. Рикардо және К. Маркспен қатар, экономикалық ойлардың

273

Page 274: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

дамуына шешуші әсер еткен, ұлы зерттеушілердің бірі болып саналады.

Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегіне жататындар: баға талдауын нақты өнімге ауыстыру; процент нормасына жаңа келіс (көзқарас); инвестициялық мультипликатор идеясы; қазіргі капиталистік экономиканы өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы ереже; “тұтынуға бейімділік” және “өтімділікте ликвидке артықшылық беру” түсіндіктерін енгізу және т.б.

Тиімді сұраныстың тапшылығы, оны қоректендірудің (бюджет үшің шығыс есебін қолдау, мемлекеттің белсенді несие-ақша саясаты) қажеттілігінің неден шығарылатындығын кейнсиандықтар капиталистік экономиканың негізгі проблемалары деп санады.

50-60-шы жылдардағы кейнсиандықтың бөлінуі, Кейнстің макроэкономиасы мен неоклассиктердің микротеориясын біріктіруге ұмтылыс, ортодоксалды кейнсиандықтардың (Э. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хинс, П. Самуэльсон және басқалар) пайда болуына әкелді. Мұндай ыдыраудың нәтижесінде “неоклассикалық синтез” – тұжырымдамасы микро деңгейіндегі ең жоғары көлемдегі жеке меншік инвестицияларының дамуымен мемлекеттің экономиканы қолдау тұжырымдамасы қалыптасты.

Негізгі терминдерШынай ұсынылатын сұраныс

274

Page 275: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Макроэкономикалық тепе – теңдікТрансакциялық себепАлдын – алу (сақтық) себебіТиімді сұранысЖинақ жасауға бейімділікӨтімділікке артықшылық беруЖұмыссыздықтың табиғи деңгейіЖанжақты тұрақтандарғышЖетілмеген бәсекелестік

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

– Дж. Кейнс ілімінің пайда болуының тарихи жағдайы;

– экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегі;

– толық жұмыспен қамтылушылықты Кейнс қалай түсінді;

– экономиалық өсу үшін тұтынуға бейімділіктің қандай маңызы бар;

– тиімді сұранысты ынтыландыру да мемлекеттің қызметі;

– хансенның, Харродтың, Хикстің, Робинсонның және т.б. экономистердің ілімінің мәні;

– “Неоклассикалық синтездің” ортодоксалды теориясы дегеніміз не;

– кембридж мектебінің өкілдері;– Посткейнсиандықтың мәні;

§2 Қайталау үшін сұрақтар1. Қазіргі Қазақстан экономикасының

жағдайында Дж. Кейнстің ұсыныстарын пайдалану мүмкін бе?

275

Page 276: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

2. Макроэкономика теориясын дамытудағы Кейнстің негізгі сіңірген еңбегі қандай?

3. “Ловушка ликвидности” “Ликвидтік қақпан”дегеніміз не?

4. Сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеу теориясының негізі.

5. Дж. Кейнс ілімін дамытудағы Харродтың сіңірген еңбегі қандай?

6. Жетілдірілген және жетілдірілмеген бәсекеле-стіктердің ерекшеліктері неде?

§3 Біліміді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. Атағын шығарған “Қамтылу, процент және сұраныстың жалпы теориясы” атты еңбегінде Дж. Кейнс, қандай негізгі мәселелрді қарастырды?a) 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқырау

(дағдарыс) b) зардаптарына үн қатты;c) Тиімді сұраныс пен оның өсу

проблемаларын неғұрлым d) толық зерттеді;e) Тиімді сұранысына, тұтыну табысы мен

инвестицияға анықтама берді;f)Макроэкономикалық тепе- теңдік;g) Мемлекеттің несие-ақша саясатын

анықтада.2. Экономика теориясын дамытудағы

Кейнстің сөзсіз сіңірген еңбегіне не жатады?a) Бағаны талдаудан нақты өнімді талдауға

ауысу;

276

Page 277: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

b) Өндіріс пен табыстар деңгейінің ауытқуына қарағанда, жинақтар мен инвестициялардың деңгейіне аз әсер ететін процент нормасына жаңа көз қарас;

c) Қазіргі капиталистік экономиканың өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы;

d) “Тұтынуға бейімділік” және “өтімділікке артықшылық беру” түсінігін енгізу;

e) Инвестициялық мультипликатор идеясы;

3. Кембридж мектебінің өзіндік ерекшелігі неде?

a) Неоклассикалық теориядан, шекті өнімділік пен шекті пайдалылықты алшақтуда;

b) Капиталды жинақтаудың жаңа теориясын әзірлеуде;

c) Экономикалық өсуді және өнімдерді бөлуді талдауда;

d) Рикардиандықты қайта жаңартуға негізделген құн теориясынын жаңа келістімін дамыту әдістерінде;

e) Жетілмеген бәсекелістік шаруашылықта;f) Жүйесінің бұзылуы мен жалдамалы

еңбекті қанауды көрсетуде.4. Ортодоксалды кейнсиандық теорияны

жасағандар:a) Р. Харрод, Е. Домар;b) Н. Калдор, Дж. Робинсон;c) П. Сраффа, П. Самуэльсон;d) А. Филлипс, Дж . Хикс;

277

Page 278: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

e) П. Дэвидсон, Х. Минекки.5. “Неоклассикалық синтез” қандай

блоктардаң тұрады?a) Кейнстің қысқартылғн немесе кесілген

үлгілерінен;b) Хикс – Хансеннің “кірістер – шығыстар”

схемаларынан;c) Толық жұмыспен қамтылушылықтың

себептерін түсіндіруден;d) «Синтезден» - еңбек құн теориясы мен

шекті пайдалық теорияның келісімінен;e) Барлық жауаптар шынайы емес.

6. Робинсон бойынша жетілдірілмеген бәсекелестіктің сипаттамасы:a) Монополиялардың қассиетері;b) Сұраныстың аз қолдануы;c) Еркін бәсекелестік үшін жағдайдын

жоқтығы;d) Жалдамалы еңбекті қанау.

9 ТАҚЫРЫП: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР.

9.1 Экономикалық ойдың неоклассикалық бағыттың генезисі;

9.2 “Маржинализімнің” австрия мектебі. Кембридж мектебінің ерешелігі;

9.3 Экономикалық теорияның институционалды әлеуметтік бағытының генезисы;

9.4 Осы заманғы консерватизмінің негізгі ағымдары.Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

278

Page 279: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- экономикалық ойдың неокласикалық бағытының генезисін;

- австриялық және Кембридж мектептерінің ойларын;

- Лозан мектебі және шекті пайда теориясының ағылшын вариантын;

- экономикалық теорияның институционал – әлеуметтік бағытындағы генезисін;

- қазіргі кездегі консерватизімнің негізгі бағытын.

9.1 Экономикалық ойдың неокласикалықбағытының генезисі.

Қазіргі заманғы батыс экономикалық ойлар әр түрлі ағыстар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Мұнда үш негізгі бағыты бар: неоклассицизм, кейнсиандық және әлеуметтік – институционалдық бағыттар. Бұлар барлық құрылымдарды тамамдамайды, тек қана оған жалпы көрініс береді.

Кейнсиандық теория алдынғы бөлімде қарастырғандықтан. Мұнда неоклассицизм мен әлеуметтік – институционалдық бағыттың негізгі алғашқы пайымдарына тоқталамыз.

Неоклассицизмді жақтаушылар әлі күнге дейін мемлекеттің экономикаға араласпауын тілейді. Бұған қарамастан капитализм рыноктық механизмінің арқасындағы сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен өндіру арасындағы динамикалық тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып экономикалық процестерді реттейді. Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, тең мүмкіндікті, нарық күшінің еркін болуын, экономиканың өзін-өзі реттеу формаларын

279

Page 280: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жақтаушылар. Олар бірінші орынға инфляциямен күресу, бәсекелестікті, өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерің қояды.

Неоклассицизмнің теориктері жаңа міндеттердің іске асырылуының негізгі шарты деп әлемдік ҒТП кеңеюін есептейді. Маржиналдық экономикалық теория «Классикалық мектептің» құндылықтарын қайта бағалау арқылы экономикаға «маржиналдық революция» ретінде кірді.

Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу.

Маржиналдық теорияның өзгешелігі:- болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін

шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;

- маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;

- маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;

- маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.Қазіргі заманғы экономикалық

әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ

280

Page 281: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

«маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі.

Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.

Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән.

Қазіргі кездегі неоклассикадан бірнеше мектептер тарайды:- Австриялық мектеп – шекті пайда

теориясы. Оның негізін салушылар К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк;

- А. Маршалдың басқаруымен Кембридж мектебі;

- А. Вальрастың басқаруымен Лозан мектебі.Қазіргі кездегі батыс экономикалық

ойлардың бағыттарының бірі. ХІХ-ХХ ғ. арасында АҚШ-та пайда болған

281

Page 282: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

институционализм. Институционализмнің негізін қалаушы Тростейн Веблен. «Институционализм» терминінің негізінде «институт» мағынасының бір ұғымы жатыр. Соңғысын институционалистер экономикадағы және одан тыс қоғамдағы қозғаушы күштің бастапқы элементі ретінде қарастырады. Институттарға институционализмінің ойшылдары әртүрлі категориялар мен құбылыстарды жатқызады. Мысалы: мемлекет, отбасы, кәсіпкерлік, монополия, жеке меншік, кәсіподақтар, және т.б. әдет – ғұрыпты, әдеп, құқықтық шешімдер, қоғамдық психологияны, ең бастысы – экономиканың өрістеуі. Неоклассиктерге қарағанда, институционалистер экономиканың қозғаушы күші ретінде материалдық фактормен бірге, рухани, адамгершілік, құқықтық және тарихи факторларды санайды. Осыған байланысты институционализм өзінің талдауының негізі ретінде әлеуметтік – экономикалық дамудың экономикалық және де экономикалық емес мәселелерін алға қояды.9.2 Маржинализмнің Австрия мектебі мен

Кембридж мектебінің ерекшеліктері.Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда

болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.

282

Page 283: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.

Оның позициясының негізі:- экономикалық талдауда математикалық

әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

- базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;

- классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.

Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді,

283

Page 284: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес.

Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.

Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).

О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді.

Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;

284

Page 285: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- 1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;

- 2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;

- 3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;

- 4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;- 5-ші – қап тоты құстарына кетеді.

Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.

О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген.

О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім

285

Page 286: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.

Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.). Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.

Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.

Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.

Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:

286

Page 287: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.

2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін

(мотивін) зерттеуімен байланысты.4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек

шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.

5. Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді.

Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) еңбектеріндегі маржиналдық субъективтік ойлар, біріншіден, аз күш жұмсап тұтынуды максималды қанағаттандыру, оның ойынша саяси, моральдық факторлармен байланысты емес, тек қана, экономикалық мәселе болып саналады. Екіншіден, функционалды байланыс бойынша тиімділікпен құндылықты қарастыра отырып, тауар бағасы шекті тиімділікпен анықталады деп есептеген. Бұл оның А. Маршалл мен В. Парето жасаған, шығындар мен шекті тиімділіктің өзіндік мағынасын мойындамағаның көрсетеді.

Үшіншіден, У. Джевонс сатушы мен сатып алушының бір-біріне толық байланысты және толық өзара ақпаратқа ие болуына мүмкіндік беретін жетілген бәсеке туралы классиктердің ережесін мойындағаны. Оны маржинализмді бастаушылардың бірі деп есептеуге негіз берді.

287

Page 288: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

У.Джевонс психологиялық категорияларды кейінен қолданып, игіліктерді тұтынуымен байланысты оң тиімділік түсінігін және игіліктерді құру бойынша еңбек күшінің нәтижесінде туындайтын теріс тиімділік түсініктерін енгізеді. Ғалымның ойынша, еңбек -ләззаттануға тікелей қайшы, бұл минус белгісі бар тиімділік, ал тұтынуды қамтамасыз етудегі еңбек шығындары - еңбек ауыртпашылықтары.

Оның ойынша, құн, осы еңбекпен игілікке оң әсер беретін еңбектің соңғы бірлігінің теріс әсерін өлшеуден тұрады. Өнімнің қосымша саны қосымша күштердің шығындарын қайтармайтындығын әрі жалғастыруға тиімсіз екендігін дәлелдеді.

Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің «Экономика принциптері» еңбегінде «Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады, ол игі жағдайдың материалдық негіздерін құрумен байланысты болып, қоғамдық іс-әрекеттерінің жеке салаларын тексереді», деген ойын айтты.

А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, «сұраныс икемділігі» деген ұғымды енгізді.

Оның зерттеулерінде маңызды орынды нарықта еркін баға белгілеу мәселелері алды. Ғалымның ойынша , баға екі фактормен

288

Page 289: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

анықталады: шекті пайдалылықпен және өндіріс шығындарымен.

Маршалл бойынша нарықтық баға - бұл шекті пайдалылықпен анықталатын сұраныс бағасы мен шекті шығындармен анықталатын ұсыныс бағасының қосылу нәтижесі. А.Маршалдың маңызды еңбектерінің бірі, оның баға, сұраныс және ұсыныс сияқты нарық механизімін құраушылар өзара әсерлерін көрсете білуі болды.

Жекелей алғанда, ол бағаның төмендеуімен сұраныстың өсуін, ал бағаның жоғарлауымен сұраныстың төмендеуін көрсетті. А.Маршалл тұрақты немесе тепе-тең баға деп сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін белгілеген бағаны есептеді. Маршалдың болжамы бойынша, егер нарықта баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан артады, баға төмендей бастайды, және керісінше.

Осылармен қатар А.Маршалл «сұраныс икемділігі» туралы тұжырымдаманы ұсынды. А.Маршалл сұраныс пен ұсыныс әрекеттеріне үлкен әсерді уақытша факторлар беретіндігін көрсетті. Экономикалық талдауды А.Маршалл графиктер,формулалар көмегімен іске асырды. Осымен қатар А.Маршалл «өндірістің шекті шығындары»мен «репрезентативті фирма» тұжырымдамаларын жасады.

«Өндірістің шекті шығындары» теориясының дамуына А.Маршалл орташа фирманың көп түрлігі ретінде «репрезентативті фирма» түсінігін енгізді.Соңғысы үшін өндірістің жиынтық

289

Page 290: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

көлемі ұлғаюы жағдайында көп табыс алу тән. Осыдан ғалым екі экономиаклық заңдардың әрекет ету қорытындысына келді: ұлғаймалы қайтарым және тұрақты қайтарым.

Маржинализмнің американдық мектебінің негізін салушы Джон Бейтс Кларк (1847-1938 жж.) болды. Оның көрнекті еңбектері: «Байлықтың философиясы» (1886), «Байлықты бөлу» (1899). Оның ғылыми жетістіктерінің бірі өндіріс факторларының шекті өніділік теориясы болып табылады.

Кларктың зерттеу негізі үш принципке негізделген.

1. Пайдалылықтың кему принципі: қордағы әрбір қосымша зат аз тиімділікке ие.

2. Шекті өнімділік принципі : өндірістің әр факторы ерекше өнімділікке ие. Бірақ факторладың әр түрі әр түрлі өнімділікке ие.

3. Еркін бәсекелестік принципі : егерде баға үкіметпен реттелмесе, монополиямен кемітілмесе, онда баға әділ, ол баға шындыққа жақын.

Кларктың ойынша, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы өнім мөлшеріне сәйкес келеді. Жұмысшыларды жалдағанда кәсіпкер қосымша табыс әкелмейтін жұмысшы санын өсірмейді Яғни шекті өнім шекті табысқа тең болады. Еңбек ақы қоры жұмысшылар санына көбейтілген шекті өнімді түсіндіреді. Кәсіпкердің кірісі - еңбек ақы қоры мен жасалған өнім шамасы арасындағы айырмашылық. Егерде еңбек ақы шекті еңбек

290

Page 291: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өнімділігімен анықталса, онда кәсіпкердің кірісі – капиталдың шекті өнімділігімен анықталады. Кларктың концепциясы бойынша, кәсіпкерлердің кірісі, өндіріс құралдарына жұмсалған капиталдың проценті.

Пайда - капитал иесінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Кларктың бөлу концепциясының ерекшелігі мынада: ол шығындар принципіне сүйенбейді, ол өндіріс факторларының нәтижелік принципіне негізделеді.

Артур Пигу (1877-1959 жж.) – А.Маршаллдың оқушысы.Оның ойы бойынша ұлттық дивидент, бұл «адамдар ақшалай табыстарына сатып алатын байлық», бұл қоғамдық игі жағдайдың көрсеткішісі. Қоғамның игі жағдайының өсуі мүмкін, егер табыстар қоғам мүшелерінің арасында тең бөлінсе. Табыстарды қайта бөлу кемімелі пайдаллылық приципіне сәйкес келеді.Қайта бөлуден қоғам мүшелерінің табыстары, байлардың шығындарынан көбірек болады.

А.Пигу, ойынша қоғамдық игіні нарық қамтамасыздандыра алмайды сондықтан қай жағдайларда бағаны реттеу пайдалы? Аса төмен льготалық бағалар өндірістің кеңеюіне, яғни игі жағдайдың өсуіне жағдай жасайды. Басқа жағдайларда субсидияны, салық салудың прогрессивтік жүйесін қолдануды ұсынды. «Сыртқы эффектіні» өтеу үшін мемлекет бюджеттік механизмді қолдануы керек, яғни «эффекттен» зардап шеккендерге субсидия төлеуі қажет. А.Пигу ұлттық табысты бөлу теориясында негізін салды, жеке

291

Page 292: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

меншіктің фирманың, қоғамның экономикалық проблемаларымен санасуды тіледі..

Лозан мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Леон Вальрас (1834-1910 жж.) – швейцарлық экономист – математик. Жалпы экономикалық тепе-теңдік мәселесін дәлелдеген. Оны үш сұраққа жинақтауға болады:- Іс жүзінде нарықтық тепе-теңдікке жету

мүмкін бе?- бұл тепе-теңдік тұрақты болып табылама?- тепе-теңдік тұрақтылығының жағдайлары

қандай?Бұл сұрақтарға Вальрастың ойынша, тек-қана математика ғана жауап бере алады деді.

Барлық экономикалық өмірді Вальрас ең үлкен екі топқа бөлді: фирмалар мен үй шаруашылығына. Тауар өндірушілерінің барлық шығындары үй шаруашылығының табыстарына айналады, ал үй шаруашылығының барлық шығындары – өндірушілер табыстарына. Факторлар бағасы өндіріс көлемі, сұраныс, өндіру ігілігі тауарлар бағаларына тәуелді. Негізінде, тауарларға деген бағалар факторлары бағаларға тәуелді.

Жүйенің дұрыс қызметі сұраныс пен ұсыныс (факторлар мен тауарлар) арасындағы сәйкестік пен бекітеді. Фактор бағасы фирманың шығындарына, ал фирма табысы үй шаруашылығының шығындарына сай болуы керек.

Тепе-теңдік жағдайы үш шартты қарастырады:

292

Page 293: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- өндіріс факторларының сұранысы мен ұсынысы тең; оларға тұрақты және орнықты баға белгіленеді.

- тауар және ұсыныс қызметті сұранысқа тең және олар тұрақты баға негізінде жүзеге сатылады.

- тауарлар бағасы өндіріс шығындарына сәйкес қатысты.

Алғашқы екі шарттар айырбас пропорция теңдігін қарастырады. Үшінші шарт өндіріс сферасындағы тепе-теңдікті білдіреді.

Тепе-теңдік орнықты болып табылады, немесе нарықта ауытқуларды түзейтін және тепе-теңдікті қайта келтіретін күштер бар. Ол еркін бәсекенің даму жағдайы.

Вальрас моделі – тұйық математикалық модель, онда барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді: өндіріс факторларының иелері және кәсіпкерлер. Әр қатысушы өзінде бар факторларынан максимум пайданы алуға тырысады.

Вальрас моделінен келесі қортындылар шығады:- тек қана тауарлар нарығында ғана емес,

басқа да нарықтарда бағалар реттеу инструменттері ретінде өзара байланысы және өзара шарттары бар.

- барлық нарықтарда тепе-тең бағалардың болу мүмкіндігі математикалы дәлелденген. Бұл тепе-теңдікке нарықтық экономика «талпынады». Бірақ бұл «идеал» тек қана теорияда бар. Толық тепе-теңдік - бұл теориялық абстракция.

293

Page 294: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- теориялық жетілген экономикалық «теңдіктен» нарықтық қатынастар жүйесінің шартты тұрақтылығы туралы қортынды шығады.

9.3 Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының

генезисі.Институционализм – қазіргі батыстың

экономикалық ойлардың көрнекті ағындарының бірі. Оның ерекшеліктері:- институционалистер экономика пәнін кең

түрде қарастырады. Олар шаруашылық қызметке әсер ететін факторлар мен жағдайлардың барлық түрлерін есепке алуды қажет етеді.

- «экономикалық» адам деген қатынастан туатын экономикалық қатынастарды талдаудан бас тарту қажет.

Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі.

Институтционализм ХІХ ғ. аяғында пайда болып үш бағытта тарады.

Олар: әлеуметтік-психологиялық институционализм; әлеуметті-құқықтық және эмперикалық (коньюнктура-статистикалық) болып.

Бұлардын барлығы жалпы фундаменталды жағдайларың бірлігіне қарамастан, олар бір-бірінен талдау тәсілдері мен әдістерімен, экономикалық құбылыстардың салаларын және себептерін талқылаумен, қоғам

294

Page 295: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өміріндегі жеке институттардың мәні мен рөлі бойынша ерекшеленеді.

«Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:1. «Ескі» институтционалистер құқық пен

саясаттан экономикаға жүрген, басқа қоғамдық ғылым әдістерінің көмегімен, экономикалық процесті талдауға ауысты. Неоинститутционалистер, керісінше, саяси, құқықтық және көптеген басқа проблемаларды қоғамдық ғылымдардың неокласикалық экономикалық теория тәсілдерінің көмегімен әсіресе қазіргі микорэкономика аппаратары және ойымен теорияны қолданып талдауға кірісіті.

2. «Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.

3. «Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға

295

Page 296: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді.

Әлеуметтік-психологиялық институционализм ағымын тұрған Торетейн. Б. Веблен (1857-1929 жж.), американың экономисті және социологы. Ол экономикалық дамудың психологиялық теориясын қалыптастырды.Оның ең маңызды еңбектері: «Теория праздного класса» (1899), «Қазіргі заманға сай өркендеудегі ғылымның орны және басқа очерктер» (1919), «Қазіргі заманға өзгеретін жүйелердің очерктері» (1934). Веблен экономикалық құбылыстарды бекітілген дәстүр ретінде қарастырған. Ғалым ойынша, адамның еңбекке деген уәжін (мотив) қоздырушы мыналар: «аналық» инстинкті, ата-аналарды балаларын асырауына мәжбүр етеді және «білуге құмарлық» инстинкті, яғни адамдардың қоршаған ортаны және әлемді білуге ұмтылады.

Вебленнің айтуынша, қоғамдық-экономикалық құрылымының эволюциясы биологиялық процеспен табиғи таңдаумен заңдалынған.

Веблен барлық қазіргі заманға сай индустриялық Технологиялық тұжырымдамалардың негізін салушы болған.

Ол «бизнес» және «индустрия» әлемін бөліп көрсеткен. Біріншісі – қатынас сферасымен, ал екіншісі – өндіріс сферасымен айналысады.

Ғалымның айтуынша, менеджер, басқарушы, финансистер бизнес сферасын көрсетеді. Бизнес Вебленнің айтуынша, өзіне

296

Page 297: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

кері әсер тигізе отырып ұлттылықты діни дөрекілікті және меншікті тудырады. Веблен былай ойлаған, индустрия әлемі бизнес әлеміне басым жағдай жасауы керек. Оның айтуынша саяси билік инженерлер мен техниктердің «генералдық штабына» берілуі қажет. Вебленнің техникалық идеялары оның ізбасарларының еңбектерінде дамыды.

Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс (1862-1945 жж.) табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.

Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.

297

Page 298: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Эмперистік немесе коньюнктуралық статистикалық институционализмнің басты шеңінде У. Митчелл (1874-1948 жж.). Т. Вебленнің оқытушысы тұрған автордың «Экономикалық теорияның түрлері туралы дәріс» (1935).

Митчелдың зерттеуіндегі басты орын адамдардың қоғамдағы жүріс – тұрыстарына жүгінген. Ғалымның айтуынша, адамдардың психологиясы, олардың әдеп-ғұрыптары экономикалық дамудың ең басты факторы болып табылады. Соған қарамастан Митчелл индивидке емес қоғамдық психологияға артықшылық берген.

Митчелл басты көңілді экономикадағы құбылыстарға ақша айналысының мәселелеріне аударған.Оны ойландырар жағдай: қай фактор экономикаға ең көп әсер етеді, ал оның ішінде әсіресе – қаржы, ақша және несиеге.Митчелдің айтуынша, осы сфералар басты болып саналып осыларды дұрыс реттеу дағдарысты болдырмауына әкеледі. Митчелдің методолиялық тәсілінің ерекшелігі мынада: үлкен статистикалық материалдарға сандық талдау әдістерін белсенді қолданды.

У.Митчелл экономикадағы циклдік құбылысты экономикалық зерттеудің Ұлттық бюросын қалыптастырды. Ол «үлкен» және «кішігірім» циклдің ұзақтығын есептеді, экономикалық дамудын дағдарыссыз моделін құрастырды.

Митчелл арнайы мемлекеттік жоспарлау органдарын дамытуды жақтады. Жоспарлау

298

Page 299: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

бұл жерде директивті емес, ұсынысты түрінде болуға тиіс.

Қазіргі инстиционализм немесе неоинституционализм өзінің алғашқы түрінен көп ерекшеленеді яғни, ерте немесе ескі институционалзммен салыстырғанда.

Неоинституционализмнің ең жарқын өкілдері болып Дж. Гелбрейт, Г. Мюрдаль, Я. Хейлбронер, Д. Белл, О. Тоффлеп, және т.б саналынады.

Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).

Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.

299

Page 300: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).

Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.

Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.

Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша»

300

Page 301: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.

1986 жылы институционалдық зерттеулердің танудың ерекше жылы болды. Осы жылы американдық экономист Дж. Бьюкеннен, «Қоғамдық таңдау теориясын» қалаушы, Нобель сыйлығына ие болды. Сонан кейін 1991 жылы, Р. Коуз, 1993 жылы Д. Корт Нобель лауреаттары атанды.

Дж. Бьюкеннің қоғамдық таңдау теориясының негізгі постулаты мынада, адамдар саяси салада әрекет жасай отырып өздерінің жеке мүдделерін ойлайды, және бизнес пен саясат арасында ажырамас қыр жоқ. Бұл теория дәйекті түрде мемлекетте қоғамдық мүддеден басқа ешқандай басқа мақсат жоқ деген мифті әшкерлейді. Қоғамдық таңдау теориясы – бұл ғылымның ерекше саласы, ол адамдардың өздерінің жеке мүдделері үшін үкіметтік мекемелерді қалай пайдаланатын әдістер мен тәсілдерді зерттейді: «Рационалды саясаткерлер» алдымен өздерінің олардың беделің көтеруге көмектесетін және келесі сайлауда олардың жеңіске жету мүмкіндіктерін беретін бағдарламаларды қолдайды. Сөйтіп, қоғамдық таңдау теориясы қоғамда индивидуализм принципі әрекет ететіндігін дәйекті түрде дәлелдеуге тырысады, ол мемлекеттік қызметпен қоса барлық қызмет түрлерінде қамтиды. Осы зерттеулердің пафосы экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен мүмкіндіктерінің кейнсиандық

301

Page 302: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

теорияға, сондай-ақ Гелбрейттің негізгі идеяларынада қарсы бағытталғаны анық.

Рональд Коуз, институционалистік әдістемені пайдалана отырып, фирмалардың пайда болу себебін анықтауды мақсат етті. Фирманың ішкі қызметі, нарықтық негіздерде өтпейді – мұнда тікелей басқару шеңбері бойынша берілетін бұйрықтар мен олардың орындалуыың рөлі орасаң зор. Сонымен бірге фирманың тыс қызметі еркін нарықтық бағаны ескере отырып, нарықтық принциптерді жүзеге асырады. Неліктен фирманың ішкі түрлі буындары арасында нарықтың қатынастар қалыптаса алмайды. Коуздың зерттеулері мынаны көрсетеді, егер барлық қарым-қатынастар нарықтық негіздерде құралса, онда трансакциялық шығындар күрт көтеріледі. Егер тікелей директивалық басқару трансакциялық шығындарды үнемдейтін болса, онда жаңа фирма пайда болады. Бірақ бүкіл ұлттық экономиканы бір фирма түрінде ұсыну мүмкін емес, өйткені ірі ұтымды бір орталықтан басқару да шығындардың өсуіне әкеліп соғады, басқаруды қыйындатады. Сондықта кәсіпорынның едәуір өсуіне оның оптималды көлемін анықтаудың қажеттігі туындайды, мұнда нарықтық үйлестіру шығындары орталықтандырылған бақылау шығындарына тең болуы керек.

Дуглас Норт, «тарихи оқиғаларды зерттеуге экономикалық теория мен сандық (количественной) әдістерді қолданғаны үшін» Нобель сыйлығына ие болған. АҚЩ пен басқа да елдердің экономикалық тарихын зерттей

302

Page 303: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

келе, ол нарықтық экономика құрылымы мен онда өтіп жатқан процестер елдің әлеуметтік және саяси институттары мен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді. Норттың пікірі бойынша нарық адамзатқа шексіз ауыртпалық әкелуі мүмкін, егер «алдын алатын қарсы шаралар» осы бір өзін өзі бүлдіретін механизмнің әсерін бәсендетпесе. Түрлі саяси және құқықтың институттардың көмегі мен «қоғам өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйеге тән қателерден өзін қорғай алады».

9.4 Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.

Экономикалық ойлардың тарихында неоконсерватизмнің монетаризм және ұсыныс экономикасы сияқты екі аса көрнекті теориялық мектебі ерекшеленеді.

Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті

303

Page 304: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.)

Монетаризмнің басқа да ықпалды фигураларына Р. Барро, И. Фишер, К. Брунер, А. Мельтцер және т.б. жатқызуға болады. Олар Фридменның көз қарастарын дамытып түрлендірді.

Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.

Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.

Модификацияланған сандық ақша теориясы негізінде монетаристер кейнсышылармен «макроэкономика-ақша» бағытында мынадай үш деңгейде қарсы шықты:

304

Page 305: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Деңгейлер Кейнсианшылар

Монетаристер

Жалпы алғышарттар

Нарықтың тұрақсыздығы және мемлекеттің белсенді араласуы

Еркін нарық жүйесінің ұзақ мерзімді тепе - теңдігі

Экономикалық саясаттың басым бағыттары

Бюджеттік (жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындар)

Несиелі – ақшалық бюджеттік жүйелер сонша роль атқармайды, бюджеттік кіріс жағын қараса да жеткілікті

Ақша – несиелік саясатының беру механизмі

Проценттік ставкаға әсері арқылы белсенді дискрециялық сипат

Ақша ұсынысының баяу өсуін қолдау.

Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі.

Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан

305

Page 306: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:1) Нарықтық экономикада, сұраныс пен

ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;

2) Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;

3) Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен

306

Page 307: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс.

Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр.

Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс.

Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не.

Монетарлық теорияға сәйкес инфляцияның негізгі себебі ақша массасының артылуына байланысты – «ақша көп-тауар аз».

Осы артылу әдетте жиынтық сұранысты ақшамен ынталандыру саясатын жүргізгенде пайда болады. Нәтижесінде ақша нарықтың реттеуші құралы рөлін атқармай қалады.

Инфляцияны тудыратын арналарды бітеу үшін монетаристер мыналарды ұсынады:

307

Page 308: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

- Ақша айналысының өсімін қатаң қадағалау;

- Қатаң ақша - несие саясатын жүргізу, ақша массасының біртектілік өсу ережесін пайдалану;

- Тұрақты фискалды саясат жүргізу;- Бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджет дефицтын жою, өйткені ол инфляцияның пайда болу көзі және мемлекеттің нарықтық мехнизмге ақталмайтындай араласуын көзі болып қызмет етеді;

- Кейбір жағдайларда экономиканың күтпеген әсер ету әдістерін пайдалану (мәселен «шок-терапиясы» әдісі).

Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.

Экономикалық ұсыныс теорияның авторлары А. Лаффер, Р. Барроу, П. Эвнс және т.б. 1970-1980ж.ж. АҚШ пен Англияда макро анализ мектебі құрды.

Ұсыныс экономикасының теориктері (монетаристермен қатар) кейнсиандықтарды мына негізгі пунктер бойынша сынады:

308

Page 309: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1. Кейнсиандық теория стаганфляцияға ие бола алмайды, себебі олар ортаға жиынтық сұранысты қояды;

2. Мемлекеттің экономикаға араласуы салық мөлшерінің артуын тудырды – абсолюттік және салыстырмалы түрініс (ұлттық табысқа қарағанда);

3. Шынында да бұл құбылысты кейнсиандық түсіндіруі дұрыс емес, өйткені салықтардың басым бөлігі ерте ме кешпе кәсіпкерлердің шығындарына айналып, тұтынушыларға жоғарлаған баға ретінде қайта салынады;

4. Жоғары салықтар және мемлекеттік трансферттер еңбекке деген ынтаны жойып, кәсіпкерлік тәуекелділікті азайтады;

5. Мемлекеттің құрылымдық реттеу саясаты көбіне бәсекеге қабілетсіз фирмаларды қорғайды, бұл еңбек өнімділігіне залалын тигізеді;

6. Үкіметтік «жалпы әлеуметтік» реттеу саясаты қоршаған ортаны қорғау өнім сапасын жақсарту, еңбек қорғау және қауіпсіздікті өсіру бизнесті жүргізу шығын арттырды, бұл кәсіпкерлік инициативаны төмендетті.

Ұсыныс экономикасының теоретигі А. Лаффер салық салу деңгейінің төмендеуі инфляциялық дефицитті тудырмайды деп санайды. Оның салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы тәуелділікті бейнелейтін пікір қазір Лаффердің қисық сызығы ретінде белгілі.

309

Page 310: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Мұның мәні, салық салу деңгейі салық түсімдер белгілі бір деңгейге дейін өседі. Сосын ол төмендейді өйткені салықтың жоғарғы ставкасы экономикалық белсендікті ұстап тұрады, бұл ұлттық табыс өндірістін төмендеуіне әкеледі. Лаффердің пікірі бойынша төмен салық ставкалары кәсіпкерлікті жандандырып қор жинауын және инвестициялар мен инновацияларды жүзеге асыруға ынталандырады.

Бюджет дефицитінің қысқаруы жолдары: - салықтарды жасыру және төлемеу мөлшері қысқарады; - салық салу деңгейінің төмендеуі өндірісті ынталандырып, жұмыспен қамтуды өсіріп үкіметіне трансферттік төлемдерін қысқартады. Салық жоғарғы ставкасы салық түсімдерін арттырады, бірақ оның салықтық антиынталандыруды экономикалық белсенділікті төмендтеді. Керісінше салықтарды төмендету мемлекеттің табыстарының көрсету қысқа мерзімде төмендеуіне әкеледі, бірақ ұзақ мерзімде жұмысқа ынта тудыру, қаржы жинау, инвестициялардың, өсіуі кәсіпкерлік тәуекел және өндірістің ұлғайтуын артырады. Ұтымды күту теориясы – бұл экономикаға қатысушылардын конъюктуралық өзгерісіне, экономикалық саясат тигізетін әсерілерін қарастыратын теория. Адаптивтікке қарағанда ұтымды теориясы күту тек өткен тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, келешекте болжауға, болар оқиғаларға бара беруге дейін сүйенеді. Бұл теорияны жақтаушылар «экономикалық субьектілер» экономикалық бағыттың

310

Page 311: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

өзгерістерін жайбырақаттанып тосып отырмайды. Кеңейтілген ақпаратқа сүйене отырып, олар ақша - несиелік және қаржы – бюджетттік саясатының ықтимал салдарларын болжап отырады, мемлекеттік құрылымдардың іс әрекетін теңдестіруге көмектесетін ұтымды шешімдер қабылдайды. Кәсіпкерлер мен халық процестермен үрдістерді байқап қана қоймай экономиканы реттеуді кім жүзеге асыратындығының мәні мен логикасын игеруге тырысады.

Ұтымды күту теориясын жақтаушылар монетаристердің тұжырымна ұқсас пікірді ұстайды. Мемлекеттің экономикалық өмірге араласуы тек ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді тұрғығада қолайлы емес. Олардың пікірінше, ірі фирмаларда тиісті дәрежеде толық ақпарат болады да, «жоғарыдан» қабылданатын шешімдерге жылдам бет бұрады. Фирмалар экономикалық ауа райын болжап қоймай, басқарушылар тобының ықтимал іс-әрекетін алдын-ала көре білуі керек. Сұранысқа ақшаны «айдау» өндірістің артуына емес, бағаның инфляциялық жарқырауына әкеледі.

Фридмен сияқты Роберт Лукас та (ұтымды күтулердің таңдаулы теориктерінің бірі, Нобель сыйлығының лауреаты, 1995ж.) және оның жақтаушылары нарықтық экономика бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілетті деп санайды. Бағалар икемді және қозғалмалы, оның ауытқу фирмалардың деңгейінде болады. Макродеңгейінде баға

311

Page 312: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

теңеседі. Мемлекеттің араласуы тек нарықтың өзін-өзі реттеу процессін бұзады.

Экономикалық агенттердің экономикалық саясаттағы өзгерістерге сену реакцияны қамтамасыз ету үшін, оларды алдын-ала өзгерістер туралы хабарлап және оларды мемлекеттік құрылымдардың болжаулары мен бағаларына сенуге үйрету керек.

ТҮЙІННеоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, бірдей

мүмкіндікті, нарықтық күштердің еркіндігін, экономиканың өзін-өзі реттеуін жақтаушылар. Осы мағынада неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары.

Осы заманғы неоклассикалық бағыт біркелкі емес. Онда бірнеше мектеп аңғарылады: Австрия мектебі – шекті пайдалық теориясы (оның негізін қалаушы К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк); А.Маршалл бастаған Кембрижд мектебі; А.Вальрас бастаған Лозан мектебі.

ХІХ ғ. соңғы 30жыл ішінде классикалық саяси экономияның орның маржиналдық экономикалық теория басты. Маржинализмнің негізгі идеясы – шекті экономикалық шамалардың фирма, сала, бүкіл халық шаруашылық масштабында экономикалық жүйенің өзара байланысты құбылысы ретінде зерттеу.

Институционализм – осы заманғы батыс экономикалық теорияның аса көрнекті және маңызды бағытының бірі (Т. Веблен, Дж.Коллинс және У. Митчелл). Институционализмді ғылыми мектеп ретінде

312

Page 313: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

1970 ж. соңында басталды: Ал шынында ХХ ғ. 30 жылдары институционализм идеялары тарихшылар, экономист және социологтар арасында кейінен тарай бастады.

Биліктің негізі нарық заңдары емес – техника деп айқындаушы рөлді тұтынушы емес өнім шығарушы атқарады деген ойды, экономикалық қатынастарда «экономикалық адам» деп аталатын позициясын талдаудан керек пе жоқ па, мемлекет өз қарамағына экологияны, білімді, медицинаны алса жеткілікті емес деген сұрақтар қойылуда. Бұларға анық жауап керек.

Экономикалық теория тарихында неоконсерватизмнің екі ең жарқын теориялық мектебі бар: монетаризм және ұсыныстар экономикасы. Монетаризм – кейнсиандыққа қарсы шыққан, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпауы» идеяларын қолдайтын бағыт, ол ең бастсы деп ақша теориясы мәселесін қойды.

Ұтымды күту теориясы – бұл экономикалық қызметке қатысушының конъюнктураның экономикалық саясат шараларының өзгерістеріне реагциясын қарайтын теория. Бейімделгенге қарағанда ұтымды ұсыныстар тең өткен тәжірибесіне ғана емес, алдынғы оқиғаларды болжауға, бағалауға сүйенеді.

Негізгі терминдер:Маржинализм;Маржиналдық революция;Шекті пайдалылық;Жалпы экономикалық тепе-теңдік;Тұрақты фискалды саясат;

313

Page 314: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Өкілетті фирма;Монетаризм;Лаффер қисық сызығы;Технологиялық құрылым;Эконоикалық ұсыныс теориясы;Ұтымды күту теориясы.

Практикум§1 Енді Сіз білесіз:

1. Маржинализм және маржиналдық революция дегенді?

2. «Бірінші толқындағы» маржиналистер математиканы пайдалана отырып экономиканың қандай теориялық проблемаларын қарады?

3. «Маржиналдық революцияның» екінші толқынында қандай жаңа теориялық мектептер пайда болды?

4. Институционализм дегеніміз не және оның экономикалық ойдың неокласикалық бағытынан айырмашылықтары қандай?

5. Монетаризм дегеніміз не, оның негізгі идеялары қандай? Ұсыныс теориясын жақтаушылардың негізгі постулаттары?

6. Ұтымды күту теориясының негізгі идеялары қандай?

§2 Қайталау үшін сұрақтар:1. Австриялық мектептің экономикалық

процестерді талдауға көз қарасы қандай принципке негізделген?

2. У. Джевонстың қандай қағидалары оны маржинализмнің негізін қалаушыларын бірі деп айтуға мүмкіндік береді?

314

Page 315: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

3. А.Маршаллдың «баға», «сұраныс», «ұсыныс» факторларының функционалдықи өзара байланыс туралы пікір қандай?

4. В. Паретонның «Оптимум Парето» қоғамдық пайдалылығы туралы тұжырымдарының мәні мен мақсатын мазмұндаңыз.

5. М. Фридменнің монетарлық ережесі неге негізделген? «Лаффер қисық сызығы» практикалық қолданыста бар ма? Ұтымды күту дегеніміз не?

6. Институционализмінің негізгі бағыттарын атап, олардың ерекшеліктерін көрсетіндер?

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

1. Шекті пайдалылық тұжырымдамасының негізгі қағидаларына жатпайтындар:

a) Тұтыну сұранысын талдау;b) Өндіріс құралдарының құндылығы еңбек

шығындарымен анықталады;c) Игіліктерді алмастыру «тепе-теңдік »

приципі негізінде өтеді;d) Екі жаққа да қолайлы баға шекті

пайдалылық тепе-теңдігін көрсетеді;2. А.Маршалл экономистердің күшін

құнның жанындағы теориялық даудан мына проблемаларды зерттеуге аударды:

a) Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс қимылы;b) Инвестициялар;

315

Page 316: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

c) Ақша-несиелік қатынастар;d) Ел экономикасындағы институттардың

рөлі.3. Л.Вальрас моделінің негізгі

қорытындыларына мыналар жатпайды:

a) Барлық нарықтарда бағалардың өзара байланысы мен өзара келісуі бар;

b) Тең бағалар барлық нарықтарда өзара іс-қимыл нәтижесінде қалыптасады;

c) Тең бағалардың бір мезгілде барлық нарықтарда болу мүмкіндігі математикалық тұрғыда дәлелденеді;

d) Тұтыну тауарларына бағалар өндіріс факторларының бағаларына тәуелді.

4. Қоғамның экономикалық құрылымының эволюциясы қай ғалымның пікіріне сәйкес, биологиялық процестер сияқты табиғи таңдауға түседі?

a) Ф.Визер;b) А.Маршалл;c) Т.Веблен;d) Дж.Кейнс;e) М.Фридмен.

5. Кейнсиандыққа қарсы шығып, «еркін нарық » идеясын қуаттаушы, басты мәселені ақша теориясына аударатын бағыт қайсы?

a) Монетаризм;b) Неоинституционализм;c) Ұтымды күту теориясы;d) Маржинализм.

316

Page 317: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

6. Мына төмендегі келтіргендердің қайсысы дұрыс емес:

a) Баяғы институционалистер құқықпен саясаттан экономикаға қарай жылжыды;

b) Баяғы институционалистер дедуктивті әдісті қолданды;

c) Баяғы институционализм индивидтің мүддесін қорғау жөніндегі ұжым әрекетінен назар аударды;

d) Неоинституционалистер политологиялық құқықты, неоклассикалық экономика көмегімен, осы заманғы ойындар теориясын пайдаланып зерттеді.

317

Page 318: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

ҮСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет

ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуір, 1992.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазакстан-2030. Алматы, 1997. 3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамүра,

1999. 4. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические

идеи в России до марксизма. М., 1990. 5. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ

в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2000. 6. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к

рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.

7. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999.

8. Бұгыбаева Р.О., Жанагулов А.Ш., Жетпісбаева М.К., Сүіндіков Ж.С. Макроэкономика. Барлық мамандыққа арналған оқу-тәжеребе құралы. Караганды, 2002.

9. Всемирная история экономической мысли. М.: «Мысль» 1т., 1987, 2т., 1988, 3т., 1989.

10. Доскалиев С. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары. Алматы: Қазақ университеті, 1997.

11. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы. Қазақ университеті, 1998.

12. Жанагулов А.Ш. Макроэкономика. Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей. Караганды, 2001.

13. Жанагулов А.Ш., Сүіндіков Ж.С. Нарықтық экономиканын казіргі терминологиялық түсіндірме сөздігі. Караганды: КЭУ баспасы, 2003.

318

Page 319: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

14. Жатканбаев Е. Средневековые мыслители Центральной Азии о государстве и государственном управлении //Вестник КазГУ. Серия экономики, 1998. № 10

15. История экономических учений. М.: ИНФРА-М., 1999.16. История экономических учений. Полный курс в

кратком изложении. М. 2002.17. История экономических учений. Пособие для

подготовки к экзаменам конспект лекции в схемах. М. 2000.

18. История экономическихучений. Часть I. МГУ, 1989.19. Кабдиев Д. К. Развитие экономической мысли в

Казахстане (конец ХІХ-начало XX века) Алма-Ата: Казахстан, 1978.

20. Казахстан на пути к рынку. Алма-Ата. АН КазССР.-1991.

21. Костюк В.Н. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.

22. Мальтус Т. Опыт о законе народонаселения. М. 1993.23. Марк Блауг. Экономическая мысль в ретроспективе.

М.: Дело ЛТД, 1994.24. Муканов М.С. Из исторического прошлого. Алматы:

«Казахстан». 1998.25. Назарбаева Д.Н. Содружество Евроазии. М.: ЗАО

«Бизнес-школа «Интер-Синтез». 2000.26. Национальная программа разгосударствления и

приватизации собственности в Республике Казахстан. Алматы: Ғылым, 1993.

27. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов. т.1 (1917-1939г.г.). Алматы: «Санат». 1998.

28. Нурпеисов К., Аяганов Б., Жаксылыков Н., История Казахстана. Алматы: «Мектеп», 2003.Нурсултан Назарбаев Президент Республики Казахстан. Анкара, 1995.

319

Page 320: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

29. Нұрсултан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

30. Очерки экономической истории /Под ред. академика С.Б.Баишева. Алма-Ата, 1974.

31. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. /Под ред. проф. С. Д. Асфендиярова. 2-е издание. Алматы: «Казахстан». 1998.

32. Теоретическая экономика: Учебник. /Под ред. д.э.н. проф. У. К. Шеденова. Алматы-Актюбинск. 1999.

33. Титова Н.Е. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.

34. Толыбеков С. Е. Кочевое хозйство казахов в XVIII- начале XX века. Алма-Ата: Наука, 1971.

35. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің үлгі бағдарламасы. Алматы: Қазақ университеті, 1999.

36. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 1997.

37. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия. М.: Советская энциклопедия, 1972-1980. Т. 1-4.

38. Энтони Б. Аткинсон, Джозеф Э. Стиглиц. Лекции по экономической теории государственного сектора. М.: Аспект Пресс, 1995.

39. Юность науки. Жизнь и идеи мыслителей экономистов до Маркса. М., 1985.

40. Ядгаров Я.С. История экономическихучений. М.: ИНФРА-М., 1997.

320

Page 321: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

Редакторы: Семқұл Б.М.

Компьютермен терген: Карыбаева Д.А.-Қ.

Басуға қол қойылды ________________

Көлемі б.т.

Тапсырыс ___________ Таралымы _______ дана

Қарағанды экономикалық университетінің

баспаханасында басылған

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9

Тел. 44-17-29

321

Page 322: 2ƒчебное... · Web viewК.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің

322