«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара...

76
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 4(27), желтоқсан 2015 1 «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! Құрметті жоғары сынып оқушылары! Математика, басқа да мектеп пәндерімен бірге, дәлдік, қатаңдық, дұрыстық, уақтылылық сындарлы- лық, серпінділік және т.б. сипаттайтын ғылыми ойлаудың қалыптасуына көмектеседі. Заманының ұлы математиктерінің бірі, РҒА академигі Александр Дани- лович Александров (1912-1999 жж.) былай деген: «Мате- матика өзінің қиындығымен пайдалы. Математикада қорытындының нақтылығы мен дәлдігі адамға сұрақтың төңірегінде ғана жауап беруге мүмкіндік бермейді». Қымбатты оқушылар, «Математика» деген үлкен ғылымды оқыңыздар, меңгеріңіздер! «Математика» бөлімінде сіздер үшін есептер мен олардың шығары- луының толық көрсетілуі, теориялық сипаттағы кейбір математикалық мәселелердің дәлелдеулері, мектеп курсындағы математикада тереңдеп оқытылмайтын тақырыптар мен есептер, атақты математиктердің өмірбаяндары, жоғары сынып оқушыларына арналған ҰБТ тапсырмалары және олардың шешуі қамтылған ауқымды материалдар беріледі. Берілген тақырыптардың көпжақтылығы және бөлімнің мазмұны оқушыларға, мұғалімдерге және барлық қызығушылық танытқан қауымға пайдалы болады деген үміттеміз. Құрметті түлектер, сіздерге табыс тілейміз! Өздеріңізді қызықтырып жүрген сауалдар болса, кеңес қажет жағдайда мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады: 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, жоғары математика кафедрасы; электрондық мекенжай: [email protected] «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ Логарифмдік функция, логарифм .................................................................. 2 Фракталды геометрия .................................................................................... 5 ҰБТ-ға дайындық ........................................................................................... 7 МҰРА Али Иванович Кокорин ғылыми мектептің негізін қалаушы ......................10 АЛҒЫРЛАР ҮШІН Қызықты есептер ..........................................................................................11 КОНКУРС «Жас талап-KZ» көшбасшысы ......................................................................12 ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған қызықты есептердің жауаптары ...................................................................13 Жеңісгүл Рахметуллина, жоғары математика кафедрасының доценті

Upload: others

Post on 30-Aug-2019

35 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

1

«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті жоғары сынып оқушылары! Математика, басқа да мектеп пәндерімен бірге,

дәлдік, қатаңдық, дұрыстық, уақтылылық сындарлы-лық, серпінділік және т.б. сипаттайтын ғылыми ойлаудың қалыптасуына көмектеседі. Заманының ұлы математиктерінің бірі, РҒА академигі Александр Дани-лович Александров (1912-1999 жж.) былай деген: «Мате-матика өзінің қиындығымен пайдалы. Математикада қорытындының нақтылығы мен дәлдігі адамға сұрақтың төңірегінде ғана жауап беруге мүмкіндік бермейді».

Қымбатты оқушылар, «Математика» деген үлкен ғылымды оқыңыздар, меңгеріңіздер! «Математика» бөлімінде сіздер үшін есептер мен олардың шығары-луының толық көрсетілуі, теориялық сипаттағы кейбір математикалық мәселелердің дәлелдеулері, мектеп курсындағы математикада тереңдеп оқытылмайтын тақырыптар мен есептер, атақты математиктердің өмірбаяндары, жоғары сынып оқушыларына арналған ҰБТ тапсырмалары және олардың шешуі қамтылған ауқымды материалдар беріледі.

Берілген тақырыптардың көпжақтылығы және бөлімнің мазмұны оқушыларға, мұғалімдерге және барлық қызығушылық танытқан қауымға пайдалы болады деген үміттеміз.

Құрметті түлектер, сіздерге табыс тілейміз! Өздеріңізді қызықтырып жүрген сауалдар болса, кеңес қажет жағдайда мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады:

070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, жоғары математика кафедрасы; электрондық мекенжай: [email protected]

«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ

Логарифмдік функция, логарифм .................................................................. 2 Фракталды геометрия .................................................................................... 5 ҰБТ-ға дайындық ........................................................................................... 7

МҰРА Али Иванович Кокорин – ғылыми мектептің негізін қалаушы ......................10

АЛҒЫРЛАР ҮШІН Қызықты есептер ..........................................................................................11

КОНКУРС «Жас талап-KZ» көшбасшысы ......................................................................12

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған қызықты есептердің жауаптары ...................................................................13

Жеңісгүл Рахметуллина,

жоғары математика кафедрасының доценті

Page 2: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

2

# ОҚУ ҮРДІСІ

ЛОГАРИФМДІК ФУНКЦИЯ, ЛОГАРИФМ

Материалды дайындағандар: Валентина Белослюдова, философия ғылымдарының кандидаты, жоғары математика кафедрасының доценті;

Жанар Әскербекова, жоғары математика кафедрасының оқытушысы

1. Кері функция. Үзіліссіз және бірсарынды (қатаң өспелі не қатаң кемімелі) функция берілсін.

[ ] [ ],; ,; ),( dcybaxxfy ∈∈= мұндағы

. )( ,)( dbfcaf == x пен оған сәйкес келетін у арасында өзара бірмәнді сәйкестік қойылсын. у-ті аргументтің

мәні, ал x-ті функцияның мәні деп қарастырып, у-тен тәуелді х функциясын аламыз: )(yx ϕ=

Ол )(xfy = функциясына кері функция деп аталады. Осыдан көрініп тұрғандай, )(xfy = функциясы )(yx ϕ= функциясына кері болады, яғни

)(xfy = және )(yx ϕ= өзара кері функциялар. 1-анықтама. Егер [ ] [ ]dcybaxxfy ; ,; ),( ∈∈= функциясы (1)

үзіліссіз және бірсарынды болса, онда оған кері функция бар болады. ),(yx ϕ= [ ] [ ]baxdcy ; ,; ∈∈ (2)

[ ],; ,))(( dcyyyf ∈∀=ϕ [ ]baxxxf ; ,))(( ∈∀=ϕ болатыны анық.

Мынаны дәлелдеуге болады: егер (1) функциясы үзіліссіз және қатаң өспелі (қатаң кемімелі) болса, онда (2) кері функциясы да үзіліссіз және қатаң өспелі (қатаң кемімелі) болады.

Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады. Бірақ кері функцияның аргументін х, ал функциясын у деп белгілесек және бір координаталық жазықтыққа салсақ, бұл функциялардың графиктері xy = түзуіне қатысты симметриялы болады

[ ] [ ][ ] [ ].; ,; ),(

,; ,; ),(baydcxxydcybaxxfy

∈∈=∈∈=

ϕ (3)

2. Логарифмдік функция. Көрсеткіштік функция берілген

010 >∈≠>= R, y, x, a, aay x (4) үзіліссіз және бірсарынды:

10 << a болғанда функция қатаң кемімелі, 1>a болғанда функция қатаң өспелі,

мұндағы а – негізі, х – көрсеткіш. Жоғарыда айтылғандай, оған сәйкес кері функция табылады.

.010log R, x, y, ay, ax a ∈>≠>= (3)-ті ескере отырып, мына 2-анықтаманы беруге болады: 2-анықтама. R,, y, x, ax, ay a ∈>≠>= 010log (5)

функциясы (4) көрсеткіштік функциясына кері функцияны а негізі бойынша логарифмдік функция деп айтады.

Page 3: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

3

xay = және xy alog= функцияларының графиктері xy = функциясына қатысты симмет-риялы болады.

Графиктерден көргендей: 1. xya alog ,10 =<< – кемімелі: а) 0log ,10 ><< xx a , б) 0log ,1 <> xx a . 2. xya alog ,1 => – өспелі: а) 0log ,10 <<< xx a , б) 0log ,1 >> xx a . 3-анықтама. х, 0>x саны шығу үшін, 1 ,0 ≠> aa негізі шығарылатын у дәреже

көрсеткішін х санының а негізі бойынша логарифмі деп айтады. . log y

a axyx =⇒= (6) Бұдан логарифмнің негізгі теңдігі шығады:

.log ba ba = (6) теңдігінен шығатын кілт сөздер:

логарифм – бұл көрсеткіш b

a axbx =⇒= log , ал көрсеткіш – бұл логарифм

bxba ax log =⇒= .

3. Логарифмнің негізгі қасиеттері:

барлық жағдайда 100010 ≠>∈>>≠> , bR, b, α, y, x, aa болады. 3.1. ,01log =a 3.2. ,1log =aa

3.3. ,logloglog yxxy aaa +=

3.4. ,logloglog yxyx

aaa −=

3.5. xx aa

a loglog ⋅= α . Осы қасиеттерді ескере отырып, мына қасиеттерді дәлелдеуге болады:

3.6. ,0log ,logloglog ≠= a

axx b

b

ba 0log ,

log1log ≠= b

bx x

xb .

3.7. 0 ,loglog ≠= ββα

β xx aa

a.

Page 4: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

4

3.8. );0()0;(, , ,log 2log 2 +∞∪−∞∈∈∈⋅= хNnRxxnx an

a .

3.9. .loglog log nn a

aaaa xxx ==

1-мысал. Есепте: 78log1

56log1

4625 + . Шешуі. 3.6 қасиетті қолданып,

.10867575 22287log265log87log265log2 =+=+=+

2-мысал. Есепте: .2loglog 422

Шешуі. 3.5 және 3.2 қасиеттерді қолданып,

312log2log81log2loglog 3

22281

22 =⋅−=⋅−=− − .

3-мысал. Есепте: 183log23 − . Шешуі. Негізгі логарифмдік теңдікті қолданып,

.21

189

333 183log

2183log2 ===−

4-мысал. Функцияның анықталу облысын тап: )32(log 2

3,0 −−= xxy . Шешуі. Логарифмдік функцияның анықтамасы бойынша

,0322 >−− xx 31032 22

2 =−=⇒=−− , x x xx .

);3()1;( +∞∪−−∞∈x .

5-мысал. Сандарды салыстыр: а) 3log 2,0 және 1,2log 2,0 ; б) 10log3 және 17log3 ; в) 6log3 және 70log5 . Шешуі. а) 10 ,log <<= axy a – кемімелі функция,

;1,2log3log 1,23 2,02,0 <⇒> б) 1 ,log >= axy a – өспелі функция,

;17log10log 1710 33 <⇒< в) a=3 негізі бойынша 6-ға жақын сан таңдаймыз:

,963 << содан кейін теңсіздіктің екі жағын да 3 негізі бойынша логарифмдейміз:

26log1 3log 6log3log 32

333 <<⇒<< . 70 санына да осылай жасаймыз:

1257052 << , яғни

32 5705 << теңдіктің екі жағын да 5 негізі бойынша логарифмдейміз де,

.370log2 5log 07log5log 53

552

5 <<⇒<< 6log3 және 70log5 мәндерін салыстырып, мына теңсіздікті аламыз:

Page 5: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

5

.70log6log 53 <

6-мысал. Есепте: .10 2lg452lg + Шешуі.

=== ++−+−+

2lg42)2(lg2lg212lg42)2lg10(lg

2lg42)2

10(lg

101010

.2021010101010 lg2lg2lg12)2(lg2lg21 =⋅=

==⋅=== +++

ba ba

ФРАКТАЛДЫ ГЕОМЕТРИЯ

Материалды дайындағандар: Ирина Дронсейка, жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы

Жеңісгүл Рахметуллина, жоғары математика кафедрасының доценті

Фракталды геометрияның тарихы өз бастауын XIX ғасырдың соңынан алады, яғни

математик Вейерштрасс тапқан үзіліссіз дифференциалданбайтын функция туралы белгілі болған кезден бастап. Кейіннен бұл мәселемен Кох, Пеано, Хаусдорф, Серпинский, Жюлиа және т.б. көптеген ғалымдар айналысты. Бенуа Мандельброт өз еңбектерінде фракталды геометрияның танымал теория болуына үлкен үлес қосты.

Фракталды геометрия фракталдар деп аталатын регулярлы емес жиындарды қарастырады. Математик Лаверье фракталдың келесі анықтамасын ұсынды: фрактал – масштабты азайтқан сайын бір бөлік қайталана беретін геометриялық фигура (бүтіннің формасы бір немесе бірнеше бөліктің формасындай). Бірақ бұл анықтама тек қана конструктивті немесе геометриялық фракталдарға лайық, өйткені динамикалық фракталдар бұл принциппен құрылмайды. Сондықтан француз ғалымы Бенуа Мандельброт енгізген анықтама дұрыс болып есептеледі. Оның анықтамасы бойынша, фрактал –топологиялықтан үлкен фракталды (Хаусдорф-Безикович) өлшемі бар жиындар.

Фракталды өлшемді анықтау үшін топологиялық өлшем формуласын қолданамыз: d

uN

=1 ,

мұндағы N – элементтер саны, u – элементтер өлшемі, d – топологиялық өлшем. Фракталдардың геометриялық, алгебралық және стохастикалық деп бөлінуі жалпы

қабылданған классификациялардың бірі болып табылады. Фракталдардың әрбір тобына жеке-жеке тоқталайық.

Геометриялық (конструктивті) фракталдар – олар әрбір нүктесінде туындысы болмайтын функциялар. Аталған фракталдар кез келген бөлікте өзіне ұқсастық қасиетімен сипатталады. Оларды құрастыру үшін негізі мен масштабты азайтқан сайын қайталана беретін бір бөліктің берілуі жеткілікті.

Конструктивті фракталдардың мысалдары Кох қисығы (1-сурет), Минковский фракталы, Леви фракталы, «айдаһар» қисығы, Пифагор ағашы, Гильберта қисығы, папоротник бұтағы және т.б. болып табылады.

Фракталдардың екінші үлкен тобы – алгебралық. Оларды қарапайым алгебралық формулаларды қолданып, n-өлшемді кеңістіктегі сызықты емес үрдістердің көмегімен алуға болады. Сызықты емес динамикалық жүйелердің бірнеше орнықсыз жағдайлары бар екені белгілі. Кейбір итерация санынан динамикалық жүйенің жағдайы бастапқы шарттарға тәуелді. Сондықтан әрбір орнықты жағдай (аттрактор) жүйе қарастырған ақырғы жағдайларға міндетті түрде көшетін бастапқы жағдайлардың кейбір облысына ие болады. Осылай фазалық кеңістік аттракторлардың тартылу облысына бөлінеді.

Алгебралық фракталдардың ең белгілі мысалдары ретінде Жюлиа мен Мандельброт жиындарын қарастыруға болады. Бұл жиындар қарапайым итерациялық формулалармен құрастырылған.

Page 6: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

6

,2 CZZ +=′ мұндағы Z және С – комплекс сандар.

Егер біз С-ны бекітіп, ал Z-ті өзгертетін болсақ, онда Жюлиа жиынын аламыз, ал Z-ті бекітіп, С-ны өзгертетін болсақ, Мандельброт жиынын аламыз (2-сурет).

1-сурет

Алгебралық фракталдардың ерекшелігі оларда геометриялық фракталдар сияқты

толықтай өзіне ұқсастық жоқ, бірақ фракталдың кез келген бөлігін үлкейтіп, фракталдың қиындығы азаймағанын, үлкейген сайын фрактал құрылысының жаңа қасиеттері пайда болғанын аңғаруға болады.

2-сурет Итерациялық жүйеде кездейсоқ түрде құрылысында кейбір параметрлер өзгеретін

фракталдар стохастикалық деп аталады. «Стохастикалық» термині «ұйғарым» мағынасын-дағы грек сөзінен алынған. Компьютердің көмегімен мұндай үрдістерді жасау қиын емес, ол кездейсоқ сандар тізбегін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл фракталдар жер бедері және теңіз бетін, электролиз үрдісін модельдеуде қолданылады.

Стохастикалық фракталдар броундық қозғалыс, стохастикалық ағаш түрінде болады (3-сурет). Барлық стохастикалық фракталдар қандай да бір параметрге кездейсоқ санды қосқанмен құрылады.

Фракталдарды зерттеушілер олардың бәрінің кейбір жағдайда аз, кейде көп мөлшерде өзіне ұқсастық қасиеті бар екенін бұрыннан аңғарды және табиғатта көбі осындай қасиетке ие. Түрлі табиғи нысандардың өзіне ұқсастығы мен бөлшектенуіне байланысты табиғи нысандарды фракталдар жиындары көмегімен салыстыруға немесе сипаттауға болатыны туралы ұйғарым жасалды.

Тұрғызудың бастапқы параметрлерін аздап өзгерткеннің өзінде фракталдар өзінің формасын түбегейлі өзгерту қасиетіне ие. Сондықтан фракталдардың бір-біріне ұқсамайтын шексіз санын тұрғызуға болады.

Page 7: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

7

3 сурет Бүгінде фракталдар теориясы дизайнда, талдауда және экономикалық көрсеткіштерді

болжауда, ауыл шаруашылығында, медицинада және көптеген қызмет салаларында қолда-нылады; фракталдарды география, биология, химия және физика пәндерінде кездестіруге болады. Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен аз уақыт ішінде қиындығы әртүрлі фрактал-дарды салуға болады. Бұл фракталды шығармашылықтың дамуына жол ашады.

Материалды дайындағандар: Роза Мұқашева, Жеңісгүл Рахметуллина, жоғары математика кафедрасының доценттері

Логарифмдік теңдеулерді шешу

Айнымалысы логарифм белгісімен берілген теңдеулер логарифмдік теңдеулер деп аталады.

Логарифмдік теңдеулердің қарапайым түрі bxa =log , мұндағы 1,0 ≠> aa , bax = тең-деуіне мәндес.

)(log)(log xgxf aa = түріндегі логарифмдік теңдеуі:

=>

)()(,0)(xgxf

xf немесе

=>

)()(,0)(xgxf

xg теңдеулер жүйесінің сәйкесінше әрқайсысына мәндес.

)(log)(log xgxf aa = теңдеуін )()( xgxf = түріндегі теңдеуге келтіру бөтен түбірлерге әкеле-ді. Бұл бөтен түбірлерді берілген теңдеуге қоя отырып немесе

>>

0)(,0)(

xgxf

жүйесімен көрсетілген анықталу облысын табудың көмегімен тексеруге болады. Логарифмдік теңдеулерді шешудің жиі қолданылатын әдістерін қарастырайық. 1. Логарифм анықтамасына негізделген теңдеулерді шешу Логарифмнің анықтамасына сәйкес bxa =log теңдеуі bax = теңдеуге мәндес. Бұл әдістің

қолданылуын келесі мысалмен көрсетейік: 1-мысал. 27130log )6(log

3 =− −xx теңдеуін шешіңдер.

Шешуі. Логарифмнің анықтамасына сәйкес 97130 )6(log =− −xx .

Page 8: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

8

Теңдеудің екі жағын квадраттап: 817130 )6(log =− −xx немесе 497 )6(log =−xx теңдеулерін аламыз, одан 2)6(log =− xx шығады.

Соңғы теңдеу

≠>>−=−

.1,0

,06,6 2

xx

xxx

Аралас теңдеулер жүйесіне эквивалент екендігінен 062 =−+ xx теңдеуін шешіп, 2,3 21 =−= xx түбірлерін аламыз.

Екі түбірдің ішінен 2=x ғана жүйенің басқа шарттарын қанағаттандырады. Ендеше, 2=x – берілген теңдеудің шешімі.

Жауабы: .2=x

2. Потенциалдау арқылы теңдеуді шешу Потенциалдау – логарифмдік теңдеуді немесе теңсіздікті шешу барысында логарифм

белгісінен құтылуға мүмкіндік беретін логарифмдеуге кері амал. 2-мысал. 1)72(log)12(log 77 =−+− xx теңдеуін шешіңдер. Шешуі. Берілген теңдеудің анықталу облысы

>−>−

.072,012

x

x

теңдеулер жүйесіне эквивалент. Одан 72 >x шығады.

Логарифмнің қасиетін қолданып, берілген теңдеуді төмендегідей түрде жазайық: 1)72()12(log7 =−⋅− xx , соңғы теңдеуді потенциалдай отырып, 7)72()12( =−⋅− xx теңдеуін

немесе ықшамдай келе, 028)2( 2 =⋅− xx , 0)82(2 =−xx аламыз. 02 >x болғандықтан, 82 =x аламыз. Бұдан 3=x тек қана 72 >x шартын қанағаттанды-

рады. Ендеше, 3=x – теңдеудің шешімі. Жауабы: .3=x

3. Негізгі логарифмдік теңдікті қолдану Негізгі логарифмдік теңдіктің түрі:

ba ba =log ( ).1,0,0 ≠>> aab Бұл теңдікті қолдануға мысал қарастырайық.

3-мысал. 42log44 22log =x теңдеуін шешіңдер.

Шешуі. Берілген теңдеудің анықталу облысы кез келген Rx ∈ үшін 024 >x болады. Негізгі логарифмдік теңдіктен 42 42log = . Онда 42log 4

4 =x , 44 42 =x немесе 424 )2(2 =x , 84 22 =x , 84 =x , 2=x – теңдеудің түбірі.

Жауабы: 2=x .

4. Логарифмдеу Логарифмдеу – айнымалылармен берілген өрнектің логарифмін қосындының немесе

айырманың логарифміне келтіретіндей түрлендіру жасау. Аталған әдістің қолданылуына мысал қарастырайық.

4-мысал. 726lg6lg =+ xx теңдеуді шешіңдер. Шешуі. Берілген теңдеудің анықталу облысы: .1,0 ≠> xx

xx lg6lg 6= екендігін ескерейік. Теңдіктің екі жағын 10 негізі бойынша логарифмдеп, оған оңай көз жеткізуге болады: xx lg6lg 6lglg = , яғни 6lglglg6lg ⋅=⋅ xx . Бұдан, берілген теңдеуді

7262 lg =⋅ x немесе 366lg =x түрінде жазуға болады 2lg 66 =x , 2lg =x . Ендеше, 100102 ==x .

Page 9: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

9

Алынған шешім теңдеудің анықталу облысын қанағаттандырады. Сонымен, 100=x – берілген теңдеудің түбірі.

Жауабы: .100=x

5. Айнымалыны ауыстыру Теңдеуді қарапайым немесе элементар түрге келтіретіндей жаңа айнымалы енгізу кез

келген теңдеуді шешудің негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Аталған әдістің қолданылуына мысал қарастырайық.

5-мысал. xx 3

3

log34log216

=−+

теңдеуін шешіңдер.

Шешуі. Теңдеудің анықталу облысы: 0>x . Ауыстыру жасайық: tx =+ 3log2 , мұндағы 0≠t , онда 2log3 −= tx . Берілгеніне қоя отырып,

)2(3422

16−=−

−+t

t немесе 2316

−= tt

, 02316=+− t

t теңдеулерін аламыз. Теңдеудің екі

жағын t -ға көбейтсек, онда 01623 2 =−− tt квадраттық теңдеуін аламыз. Оны шешсек,

.2 ,38

21 −== tt

Жасаған ауыстыруды ескерсек,

1) 238log3 −=x немесе

32log3 =x , бұдан ;93 33

2

==x

2) 22log3 −−=x немесе 4log3 −=x , бұдан 8113 4 == −x .

Жауабы: 811,9 2

31 == xx .

6. Басқа негізге көшу Басқа негізге көшу берілген теңдеуді қарапайым түрге келтіруге мүмкіндік береді. Басқа

негізге көшу abb

c

ca log

loglog = формуласына негізделген.

6-мысал. 0log40log14log 43

162

5,0 =+− xxx xxx теңдеуін шешіңдер. Шешуі. Анықталу облысы 0>x , сондай-ақ 15,0 ≠x немесе 2≠x . Барлық логарифм-

дерде 2 негізіне көшейік:

,04log

log4016log

log145,0log

log2

4

2

32

2

22 =+−

xx

xx

xx x

.02log

log204log

log421log

log2

2

2

2

2

2

2 =+

++

−− x

xx

xx

x

0>x болғандықтан, xx = , онда xx 22 loglog = . tx =2log ауыстыруын жасайтын болсақ,

02

204

421

2=

++

+−

− tt

tt

tt теңдеуін аламыз. Оны шеше отырып, 2 ,

21 ,0 321 =−== ttt түбірлерін

табамыз. Жасалған ауыстыруды ескерсек, онда

0log2 =x , бұдан ;1=x

21log2 −=x , бұдан ;

21

=x

2log2 =x , бұдан .4=x Алынған түбірлердің барлығы берілген теңдеуді қанағаттандырады.

Жауабы: .4 ,22,1 321 === xxx

Page 10: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

10

# МҰРА

АЛИ ИВАНОВИЧ КОКОРИН – ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Материалды дайындағандар: Сәуле Тыныбекова, педагогика ғылымдарының докторы,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор; Назгүл Оспанова, математика мамандығының 2 курс магистранты

Ғылыми мектепті құра білу – өте маңызды және сирек

кездесетін қабілет. «Сыни салмақ» ұғымының ғылымда үлкен мәні бар. Үлкен ғылыми ұжымда жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Егер ұжым кішкентай болса, онда барлығы көшбасшының энергетикалық қуатына арқа сүйейді. Али Иванович Кокорин сондай энергетикалық күш-қуаттың көзі болды. Оның бойында математиканы дамытуда және шәкірттерінің зерттеулерін бағыттайтын жаңа жолды тура табуға мүмкіндік беретін мықты түйсік бар еді. Али Иванович Кокорин Свердловск қаласында 1929 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Әскери училищені бітіргеннен кейін, Қиыр Шығыста Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1954 жылы әскери қызметтен босаған соң, Уралмашта жұмыс істеп, Уральск университетінде физика-математика факультетінде сырттай білім алды. 1960 жылы университетті бітірген соң, А.И. Кокорин Свердловск университетінде жоғары математика кафедрасында ассистент, кейінен аға оқытушы қызметін атқарады. Ол 1964 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, Новосибирск мемлекеттік

университетінде алгебра және математикалық логика кафедрасына байқау арқылы өтіп, аға оқытушы (1965 жылдан доцент) болып жұмыс істеді. Бұл жай жазбаның өзі Алидің соншалықты ерекше тағдырынан сыр шертіп, оның қандай адам болғанын аңғартады: байырғы офицер, жұмысшы, шахмат бапкері, математика мұғалімі. 30 жасында университет бітіріп, 34 жасында ғылым кандидаты атанды. 1969 жылы Кокорин Иркутск университетінде өмірінің соңына дейін жетекшілік еткен алгебра және логика кафедрасының негізін қалады. Ол батыл әрі үлкен ерік иесі болды. Ол күш-қуатын алып, азапқа салған ауыр дертіне қарамастан, өмірінің соңғы күніне дейін аспиранттармен жүмыс істеп, дәрістер оқыды.1987 жылы 22 қазанда Али Иванович дүниеден озды. А.И. Кокориннің 60-қа жуық ғылыми еңбегі жарық көрді. Соның ішінде негізгі түйінді үш жұмысында Кокориннің ғылыми зерттеу мектебінің басты бағыттары айтылған. Біріншісі – В.М Копытовпен бірлесіп жазылған «Сызықты реттелген топтар» кітабы, 1972 жылы «Қазіргі алгебра» нөмірінде, ал 1974 жылы шетелде ағылшын тілінде жарық көрген. Екінші жұмысы – «Кеңейтілген теориялардың шешілімді сұрақтарына» шолу, оны А. Пинуспен бірге жазған және «Математикалық ғылымның жетістіктері» журналында жарияланды. В.В. Блудовпен бірлесіп жазылған «Алгебрадағы белгілі мәселелерді шешуде ЭЕМ қолдану» атты соңғы мақаласы алгебра мен логиканы компьютермен байланыстырған, зерттеудің жаңа бағытына бастау болды. Али Иванович соңғы жылдары Ресей тарихымен, дін мәселесімен айналысты. Тарихтың ішінен көп құдайға табынушылықтан (политеизм) бір құдайға табынушылықтың (монотеизмге) математикалық үлгісін тұрғызуы үлкен қызығушылық туғызды.

Алайда Али Ивановичтің жетістіктері оның шәкірттері үшін де қаншалықты маңызды бол-ғанымен, маңыздысы Кокориннің бізге әсер қалдыруы. Али Иванович көптеген шәкірттері үшін өз бетімен ойлай білуге және өзінің ғылыми-зерттеулерінде (өмірде) тек өзінің күші мен біліміне, қабілетіне арқа сүйеуге үйреткен өмір мектебі болды. Кокоринді ерекшелеген қасиет – көп жұмыс істеу. Ол ылғи да дарынды, талапты адамдарды іздеді, мейлі ол поэзиямен айналыссын, мейлі математикамен айналыссын, бәрібір. Адамдардың туа біткен қабілетін бағалай білді. Жалғыз ерекшелік, егер ол адам математикаға қабілеттілігін көрсеткен болса,

Page 11: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

11

онда Али Иванович қатал талап қоятын. Ия, оның сұрау әдісі өте қатаң болды. Оған бәрі бірдей шыдай бермеді. Бірақ айналасындағылар оның қатыгез келбетінен адамдарға және олардың жетістіктеріне деген шынайы қызығушылықтың жасырынғанын байқайтын. Оның қолы ашық еді, ешқашан байлық жинаған емес. Керісінше, ол кімде-кімнің тарығып жүргенін байқаса, қолындағы соңғысын беруге әзір болды.

Математик Кокориннің жұмыс істей білуі мен шәкірттерінің жетістіктеріне деген қызығушылық қасиеті оған әрдайым студенттер мен жас әріптестерін тартатын, соның ішінде біздің де жерлестеріміз болды.

Құрметті жоғары сынып оқушыларына – біздің журнал оқырмандарына да осындай тәлімгерді кезіктіруді тілейміз!

# АЛҒЫРЛАР ҮШІН

Материалды дайындаған Жанар Әскербекова, жоғары математика кафедрасының оқытушысы

1. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табу керек

,05555 = ,19313 = ,38193 = ,58096 = ,68806 =

?2581=

2. Сан тізбегі. Тізбектің келесі мүшесін анықтау керек: 1, 10, 3, 9, 5, 8, 7, 7, ... 3. Таңғы ас. Асханадан таңғы ас ішкен кезде Ерік мынаны аңғарды: жеңіл тамақты 7 мен

8 аралығында сағаттың тілі 6 санынан бірдей қашықтыққа жылжыған уақытта әкеледі, ал кофені сағат тілі минут тілін қуып жеткен уақытта алып келеді. Ерікке таңғы ас ішуге қанша уақыт кетеді (немесе, анығырақ айтсақ, кофеге дейінгі жеңіл тамақты ішуге)?

4. Жабайы қаздар. Еріктің фермасында жабайы қаздар бар. Оларды бір-бірден бөліп

ұстау үшін суреттегі қоршауды екі шаршының көмегімен қалай бөлу керек?

Page 12: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

12

# КОНКУРС

Материалды дайындағандар: Раушан Мұхамедова, Владимир Сидоренко, жоғары математика кафедрасының аға оқытушылары;

Жеңісгүл Рахметуллина, жоғары математика кафедрасының доценті; Назгүл Оспанова, математика мамандығының 2 курс магистранты

ІІ тур

1. Қуаттары бірдей екі іштей жану қозғалтқышының (двигатель) үнемділігін сынау кезінде

біреуі 600 г бензин жұмсағаны, ал екіншісі 2 сағат аз жұмыс істеп, 384 г бензин жұмсағаны анықталды. Егер бірінші қозғалтқыш бензинді сағатына екіншісі жұмсағандай, екіншісі біріншісіндей жұмсаса, онда сол уақыттағы жұмыста екі қозғалтқыш та бірдей бензин жұмсар еді. Әр қозғалтқыш сағатына қанша бензин жұмсайды?

(6 ұпай) 2. Табан ауданы S-ке тең, шарға іштей сызылған призманың толық бетін анықтаңыз.

(5 ұпай)

3. Теңдеуді шешіңіз 41

sincos

cossin

2

8

2

8

=+xx

xx .

(8 ұпай)

4. Теңcіздікті шешіңіз ( ) .43

1613log13log

414 ≤

−⋅−

xx

(3 ұпай) 3:5:5:: 1

111

1 =−++

+=

mn

mn

тn ССС белгілі, m және n мәндерін табу керек.

(3 ұпай)

ІІІ тур

1. Екі концентрлік шеңберден құрастырылған жазық сақинаға жеті өзара жанасатын тең дискілер салынған (суретті қара).

Сақинаның ауданы жеті дискінің аудандарының қосындысына тең. Сақинаның ені бір

дискінің радиусына тең екенін дәлелдеу керек. (5 ұпай)

2. Ауданы S-ке тең АВС үшбұрышының BD медианасында DE = 0,25BD болатындай

Е нүктесі алынған. Е нүктесі арқылы ВС қабырғасын F нүктесінде қиятын АЕ түзуі жүргізілген. AFC үшбұрышының ауданын табыңыздар.

(5 ұпай)

3. Теңдеуді шешіңіздер 5,0213log 23 =

+−−+ xxx .

(5 ұпай) 4. Теңсіздікті шешіңіздер 3cos2x∙sinx – sin3x < 0,5.

(5 ұпай)

Page 13: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

13

5. f(x) = 0,5(x2 – cosx) функциясы берілген. Функцияның үзіліссіздігінен f(x) = 7,8 және( ) 8,7=′ xf теңдеулерінің [2π, 3π] аралығында тым болмағанда бір шешімі бар ма, анықтаңыз.

(5 ұпай)

# ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында

жарияланған қызықты есептердің жауаптары

1.

2. 32 3. 208=16, 1002=4, 1516=21. Қабырғалары 16, 4, 21 болатын үшбұрыш болмайды, себебі 21416 <+ 4. Ә+Ұ=38; А+Ұ=64; Ә+А=84; Ұ=38–Ә; А+38-Ә=64; А=26+Ә; Ә+26+Ә=84; 2Ә=58; Ә=29; Ұ=38-29=9; А=26+29=55; Ұлы – 9, әкесі – 29, атасы – 55 жаста. 5. 150 м. 6. 8694. 7. 7 3 0, 7 0 3, 4 3 3, 4 0 6, 1 3 6, 1 2 7, 8 0 2, 5 3 2, 5 0 5, 8. 333∙3+3:3 = 1000. 9. 4 оқушы. 10. 12 минуттан кейін №2 автобус келеді, №1 – 12-10, 12-38, 13-06 т.с.с. 28 минут интервалмен, №2 – 12-04, 12-18, 12-32 т.с.с. 14 минут интервалмен.

Page 14: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

14

«ФИЗИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті журнал оқырмандары! Міне, қыс мезгілі де әп-сәтте келіп жетті. Күні

кеше ғана жаңа оқу жылы басталып, достармен, сыныптастармен көрісіп мәз болысып жатқан едіңіз-дер, қалай қыс мезгілінің келіп жеткенін де байқамай қалған боларсыздар. Бұл дегеніміз, балалар, уақыттың өте жылдам өтетініне назарларыңызды аудару керек екендігін білдіреді. Сондықтан, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін, уақыт деген өте қымбат.

Ия, түлектер, сіздердің мектеп қабырғасын тастап, жоғарғы оқу орнының студенттері атануларыңыз ертең-ақ. Біздің журналымыз сіздердің сабақтан тыс уақыттағы нағыз жанашыр достарыңыз. Себебі бұдан сіздер ШҚМТУ туралы толық мәліметтермен, ондағы негізгі пәндер туралы алғашқы ұғымдармен, ойды сергітетін қызықты тапсырмалар жиынтығымен, әртүрлі сөзжұмбақтармен, ойлау қабілетін дамыта-тын есептер жинақтарымен, ұлы ғалымдардың еңбек жолдарымен, тәжірибелермен және т.б. жаңа-лықтармен танысасыздар. Сонымен қатар осы журнал арқылы олимпиада есептерін шығарып, соның жеңімпазы атанып, университет грантын жеңіп алуға болады.

Құрметті мектеп бітірушілер! Біздің энергетика және техникалық физика кафедрасына келіңіздер, мұнда сіздер үш сатылы жүйе: бакалавр-магистр-доктор PhD негізінде білім алып шығасыздар.

Университет ұстаздары сіздерге сәттілік тілейміз! Өз тілектеріңіз бен сұрақтарыңызды мына мекенжайға жіберулеріңізге болады:

070010 Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі 19, ШҚМТУ, энергетика және техникалық физика кафедрасы, телефон: 8-7232-540-043, электронды мекенжай: [email protected]

«ФИЗИКА» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ

ҰБТ-ға дайындық .......................................................................................... 15 МҰРА

Әл-Бируни, Абу ар-Райхан Мухаммед Ибн Ахмед ...................................... 18 Абу Али Мохамед Ибн әл-Хасан Ибн әл-Хайсам......................................... 20

ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ КҮРДЕЛІ Күн туралы қызықты деректер ..................................................................... 21 Қызықты тәжірибелер ................................................................................... 22 1. Сөзжұмбақ ................................................................................................. 23 2. Сөзжұмбақ ................................................................................................. 25

ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ БЕТІ Физиктер әзілдейді ....................................................................................... 26

КОНКУРС «Жас талап-KZ көшбасшысы»..................................................................... 27

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған интеллектуалды ойын тапсырмаларының жауаптары ................................ 28

Барчагүл Нүркенова,

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға

оқытушысы

Page 15: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 15

☼ОҚУ ҮРДІСІ

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1-есеп. Батарея бес тізбектей қосылған элементтен тұрады. Әр элементтің ЭҚК 1,4 В,

әрқайсысының ішкі кедергісі – 0,3 Ом. Ток қандай болғанда пайдалы қуат 8 Вт болады? Батареяның ең үлкен пайдалы қуатын анықтаңдар.

Берілгені:

N=5 ri=0,3 εi=1,4 В Рn=8 Вт

Шешуі. Батареяның пайдалы қуаты: Рn = I 2 R, (1)

мұндағы R – тізбектің сыртқы кедергісі , I – тізбектегі ток күші. I толық тізбек үшін Ом заңы арқылы анықталады

I = Rr +

ε =Rnr

n

i

i

+ε , (2)

I-? Pn max-? мұндағы nεi – батареяның ЭҚК, nri – n тізбектей жалғанған элементтердің ішкі кедергісі.

(1) өрнектен R-ді табамыз: R = .2IРn

Алынған өрнекті (2) өрнекке қойып алатынымыз:

I =2I

Рnr

nn

i

i

+

ε (3)

немесе I = nεi. (4)

(4)-ті түрлендіре отырып, токқа I қатысты қвадрат теңдеу аламыз: nriI2-nεi I+Pn=0.

I1,2 = i

niii

nrPnrnn

2422 −± εε

.

Өлшем бірліктерін тексереміз:

[I] = =⋅−±

ОмВтОмВВ 2

12 )( A.

Сан мәндерін қоя отырып алатынымыз:

I1=3,052

83,0544,154,15 22

⋅⋅⋅⋅⋅−⋅+⋅ =2,66 А;

I2=3,052

83,0544,154,15 22

⋅⋅⋅⋅⋅−⋅−⋅ =2 А.

Пайдалы қуаттың ең үлкен мәнін табу үшін, оның сыртқы кедергіге тәуелділігін анықтай-мыз. (1) өрнекке (2) өрнектің мәнін қоямыз:

Рn = 2

22

)( RnrRn

i

i

+ε . (5)

Бұл өрнектен көріп отырғанымыздай, εi және ri тұрақты шамаларда қуат бір айнымалы,

яғни сыртқы кедергі R-дің функциясы болады. Егер dRdPn =0 болса, бұл функция максимум

болады. Олай болса,

dRdPn = 3

2222

)(2)(

i

iii

nrRRnnrRn

+−+ εε =0,

немесе n2 εi

2 ( R + n ri ) – 2 n2 εi2 R = 0. (6)

Page 16: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

16

Олай болса, есеп сыртқы тізбектің кедергісін анықтауды талап етеді. (6) өрнекті шығару барысында R = nri тең болады. Табылған R-дің мәнін (5) өрнекке

қойып, табатынымыз Pn max = nε2 / 4r1.

Есептеулер жүргізе отырып табатынымыз

Pn max = 3,04

4,15 2

⋅⋅ = 8,16 Вт.

Жауабы: I1=2,66 A; I2=2 A; Pn max = 8,16 Вт. 2-есеп. R = 20 Ом болатын өткізгіштегі ток сызықты тәуелділік заңдылығы арқылы 2с

уақыт аралығында I0 = 0-ден I = 6 А артады. Өткізгіштегі бірінші секундтағы Q1 және екінші се-кундтағы Q2 жылу мөлшерлерін анықтаңдар және Q2 / Q1 қатынасын табыңдар.

Берілгені: R=20 Ом I0=0 А I=6 А ∆t=2 с ∆t1=∆t2=1 с

Шешуі. Өткізгіштегі бөлініп шығатын жылу мөлшері Джоуль-Ленц заңы бойынша анықталады

Q = I2 R t. (1) (1) өрнекте ол тұрақты ток жағдайында қолданылады (I = сonst ). Егер өткіз-гіштегі ток өзгеретін болса, онда заң шексіз аз уақыт аралығын анықтайды да, мына түрде жазылады:

dQ = I2 R dt. (2) Бұл жерде ток күші I уақыттың бір функциясы болып табылады. Біздің

жағдайымызда

Q1-? Q2-? Q2/Q1-?

I = k t , (3) мұндағы k – пропорционалдық коэффициент, сан жағынан токтың уақыт бойынша өзгерісіне тең, яғни

k=tI

∆∆ =

26 А/с.

(3) ескере отырып, (2) өрнекті былай жазамыз: dQ = k2 R t2 dt. (4)

∆t уақыт аралығындағы жылу мөлшерін анықтайтын болсақ, (4) өрнекті t1-ден t2 аралы-ғында интегралдаймыз:

Q = k2R ∫2

1

2

t

t

dtt = 31 k2 R ( t 3

2 - t 31 ).

Өлшем бірлігін тексереміз: [Q]=А2⋅с-2⋅Ом⋅с3=А2⋅Ом⋅с=Дж.

Бірінші секунд аралығындағы жылу мөлшерін анықтайтын болсақ, интегралдау аралығы t1=0, t2=1 с. Олай болса,

Q1=31 ⋅ ⋅

2

26 20 ⋅ (1-0) = 60 Дж.

Q2 анықтау үшін интегралдау аралығы t1=1c, t2=2 c болады, сонда

Q2=31 ⋅ ⋅

2

26 20⋅(8-1)=420 Дж.

1

2

QQ =

60420 =7,

яғни екінші секундтағы бөлінетін жылу бірінші секундтағы бөлінетін жылудан 7 есе көп.

Жауабы: Q1 = 60 Дж; Q2 = 420 Дж; Q2 / Q1 = 7. 3-есеп. Мыс өткізгіштегі токтың тығыздығы 3 А/мм2. Өткізгіштегі токтың электр өрісінің

кернеулігі Е мен өткізгіш арқылы ток жүрген кездегі бөлініп шығатын жылу қуатының көлемдік тығыздығын w анықтаңдар.

Page 17: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 17

Берілгені: j=3 А/мм2=3⋅106 А/м2

Шешуі. Ом заңының дифференциалдық түрі:

j = γ E = ρ1 E, (1) Е-? w-?

мұндағы γ - меншікті өткізгіштік; ρ - өткізгіштің меншікті кедергісі. (1) өрнектен алатынымыз:

Е = j ⋅ ρ . (2) ρ мәнін кестеден аламыз: ρ=1,7⋅10-8 Ом⋅м. Сан мәндерін қойып, Е анықтаймыз:

Е=3⋅106⋅1,7⋅10-8=5,1⋅10-2 В/м. Жылу қуатының көлемдік тығыздығын w Джоуль-Ленц заңының дифференциалдық өрнегі

арқылы анықтаймыз: w = γ Е2 = j E,

w = 3⋅106⋅5,1⋅10-2 = 15,3⋅104 Вт/м3 = 153 кВт/м3.

Жауабы: Е=5,1⋅10-2 В/м; w = 153 кВт/м3

4-есеп. Үдеткіш потенциалдар айырмасы U=400 B болатын электронның біртекті магнит өрісіндегі кернеулігі Н=103 А/м. Магнит өрісіндегі электрон траекториясының қисықтық радиу-сын анықтаңдар. Электронның жылдамдық векторы өрістің күш сызықтарына перпендикуляр.

Берілгені: U = 400 В Н = 103А/м

B⊥υ

Шешуі. Электронның траекториясының қисықтық радиусын анықтауды мына бір тұжырымдамадан бастауға болады: магнит өрісінде қозғалған электронға өріс тарапынан Лоренц лF

күші әсер етеді (ауырлық күшін ескермеуге

болады). Лоренц күші жылдамдық векторына перпендикуляр болғандықтан, электронға нормаль үдеу береді: R-?

nл maF = , немесе

,sin2

RтВе υαυ = (1)

мұндағы e – электрон заряды; υ – электрон жылдамдығы; В – магнит индукциясы; m – элек-трон массасы; R – траекторияның қисықтық радиусы; α – жылдамдық векторының бағыты мен вектор В

арасындағы бұрыш (берілген жағдайда B⊥υ

және α = 900, sin α = 1). (1) өр-нектен табатынымыз

eBmR υ

= . (2)

(2) өрнектегі импульс υт электронның кинетикалық энергиясы Wк арқылы анықталады.

.2 кmWm =υ (3) Үдеткіш потенциалдар айырмасы арқылы өткен электронның кинетикалық энергиясы

мына өрнек арқылы анықталады: Wк =еU . Бұл өрнекті (3) өрнекке қойып, алатынымыз meUm 2=υ . (4)

Магниттік индукцияны В вакуумдағы магнит өрісінің кернеулігі Н арқылы өрнектеуге болады

В=µ0Н, (5) мұндағы µ0 – магнит тұрақтысы.

(4), (5) өрнектерді (2) өрнекке қойып, R анықтаймыз:

eH

meUR0

= . (6)

Өрнектегі шамалардың өлшем бірлігін анықтаймыз:

[ ] ( ) ( ) .///

)(222

32

2/1

2

22/1

22/12/12/1

мсмкгс

мкгсКлВ

мс

мкгкг

АКлА

сВмДжкг

мАКлмГнВКлкгR =

⋅⋅⋅

=⋅⋅

=⋅⋅

⋅=

⋅⋅⋅⋅

=

Page 18: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

18

R, шынында, м-мен өрнектеледі, сондықтан R үшін алынған өрнек дұрыс. (6) өрнектегі барлық шаманы СИ жүйесінде жазамыз: m = 9,11⋅10-31кг, е = 1,6⋅10-19 Кл (1-кесте); U = 400 B; µ0 = 4π⋅10-7 Г/м; Н = 103 А/м. Бұл шамаларды (6) өрнекке қойып, есептеулер жүргіземіз:

3197

1931

10106,11014,34400106,11011,92

⋅⋅⋅⋅⋅⋅⋅⋅⋅⋅

= −−

−−

R м = 5,37⋅10-2 м = 5,37 см.

Жауабы: 5,37 см. 5-есеп. Біртекті магнит өрісінде (В=0,1 Тл) бірқалыпты айналған раманың жиілігі n=10 c-1,

бір-біріне тығыз орналасқан орам саны N=1000. Раманың ауданы S=150 см2. Раманың айналу бұрышы ϕ =300 болатын ЭҚК εi лездік мәнін анықтаңдар.

Берілгені: В=0,1 Тл n=10c-1 N=1000 S=150 см2 = 1,5⋅10-2м2 ϕ=300

Шешуі. ЭҚК εi лездік мәні электромагниттік индукцияның Фарадей-Ленц заңы арқылы анықталады:

ε i = – dψ / dt, (1) мұндағы ψ – жалпы ағын. Жалпы ағын ψ, магнит ағыны Ф және бір- біріне тығыз орналасқан орам саны N мынандай қатынаста болады:

ψ = NФ. (2) Алынған ψ өрнегін (1) өрнекке қойып алатынымыз εi-?

εi dtdФN−= . (3)

Рама айналған кездегі t уақыттағы раманы тесіп өтетін магнит ағыны мына қатынас арқылы анықталады:

tВSФ ωcos= , мұндағы В – магнит индукциясы; S – раманың ауданы; ω – циклдік жиілігі.

(3) өрнекке Ф мәнін қойып, алынған өрнекті уақыт бойынша дифференциалдап, ЭҚК лездік мәнін анықтаймыз:

εi =NBSω sinω t. (4) Циклдік жиілік ω пен айналу жиілігі n мынандай қатынаста болады: ω = 2πn. ω (4) өрнекке қойып, ωt-ні ϕ-ге ауыстырып, алатынымыз

εi =2π n N .B.S sinϕ. Ақырғы өрнектің өлшем бірлігін тексереміз:

[εi] = c-1⋅Тл⋅ м2 = c-1⋅ 2мсВ ⋅ ⋅ м2 = В.

Есептеулер жүргіземіз: εi = 2⋅3,14⋅10⋅103⋅0,1⋅1,5⋅10-2⋅0,5 В = 47,1 В.

Жауабы: 47,1 В.

☼МҰРА

ӘЛ-БИРУНИ, ӘБУ АР-РАЙХАН МУХАММЕД ИБН АХМЕД

(973 – 1048 жж.)

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Ортаазиялық ғалым, энциклопедист Әбу ар-Райхан Мухаммед Ибн Ахмед әл-Бируни

Хорезм астанасы (қазіргі Өзбекстан) Қият қаласында дүниеге келген. Бируни бала кезінен дүние, әлем туралы түсініктерге қызығушылық танытып, олар туралы

көп мәліметтер жинаған. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср

Мансур Ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит)

Page 19: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 19

тілдерін жақсы меңгерген. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғы-лымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан Ибн Хаммар, Ибн Мискуайх және т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыста-рын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Астрономиядан 39 еңбек, астрологиядан 23 еңбек жазған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.

Астрономия және астрология Бирунидің басты айналысқан ғылымы болды.

1036-1037 жж. ол өзінің басты астрологиялық еңбегі – «Масғуд каноны» кітабын аяқтады. Бұл кітапта ол тригонометриялық әдіспен географиялық қашықтықты өлшеуді көрсетті. Қозғалмайтын радиусы 7,5 метр болатын квадрат, яғни жұлдыздар мен планеталарды бақылау құралын ойластырды. Бұл құрал дүние жүзінде 400 жылдай қолданылды.

Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Оның картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбегін жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта

Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан» (1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны» және т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы т.б. тілдеріне аударылған.

Бируни эклиптиканың экваторға түсу бұрышын анықтап, оны ғасырлық өзгеріске әкелді. 1020 жылы оның қашықтықты өлшеу мәні 23°34'0-қа тең болды.

Индияға сапарында Бируни жердің радиусын есептеу әдісін анықтады, бұдан «жер домалақ пішінді» деген тұжырымға келді. Оның өлшеуімен Жердің радиусы 1081,66 фарс, яғни 6490 км болды.

Ғалым 150-ден астам еңбегін (бізге 1/5 бөлігі жетті) астрономия, астрология, геодезия, математика, география, минералогия, физика, фармакология, философия, тарих, этногра-фия және филология ғылымдарына арнаған. Бірінші болып жер глобусын құрастырды. Әл-Бируни косинустар теоремасын дәлелдеді.

Оның 21 бөлімнен тұратын «Бұрынғы ұрпақтар ескеркіші» атты еңбегі орта ғасырдағы ғылыми энциклопедия болып саналды.

Әбу Райхан әл-Бируни сондай-ақ түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін де зерттеген.

Әл-Бируни ақыр демі қалғанша ғылыммен айналысты. Ол 1048 жылы 9 желтоқсанда Ғазнада қайтыс болды.

Әл-Бирунидің ашқан т.б. жаңалықтары: • Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін

Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған. • Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка

материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.

әл-Бируни

Page 20: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

20

• Геометрияны ботаникада қолданды. • Айдың, Күннің және Жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген. • Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан. • Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген. • Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі болды. • Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді. • Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме-дәл келуде.

Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды. • Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы

тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.

ӘБУ ӘЛИ МОХАМЕД ИБН ӘЛ-ХАСАН ИБН ӘЛ-ХАЙСАМ

(965-1039 жж.) ӘЛ-ХАСАН (Ибн әл-Хайсам) – араб оқымыстысы, Басрада дүниеге келген, ұзақ уақыт

Каирда Гакема халифатында өмір сүрген. Әл-Хасанның еңбектері, негізінен, физика, астрономия, математика, медицина және

философия ғылымдарына арналған. Ол оптика саласында көптеген еңбектер жазды. «Жарық сәулесінің бастамасы көз емес,

жарқырайтын денелер», - деген ойын айтты. Дұрыс шешімді заңдарға сүйене келе, бір жазықтықта сәуле түсу бұрышына перпендикуляр екендігін түсіндірді. Әл-Хасан шыны сферикалық сегменттің үлкейту әсері жайында бірінші болып ескертті.

Әл-Хасан – атақты «Оптика асылдары» трактатының авторы, ол жеті кітаптан тұрады: 1. Көз және көру қабілеті. 2. Жарықтың таралуы. 3. Көздің көру қателіктері. 4. Айна бетінен шағылу. 5. Елестету. 6. Көздің көру қабілеттілігінің цилиндрлік айнадан шағылу қателігі. 7. Жарықтың сыну құбылысы. Бұл трактаттың үш кітабы көздің көру қабілеттілігіне

арналған. Оның еңбектерінің арасында «Ақыл – таразы»,

«Жарық және жарықтылық», «Птолемей әдісі негізін-дегі оптика», «Анализ және синтез» (математикалық трактат), «Геометриялық есептер жайындағы ой» (үшбұрыш және шеңбер теоремасы), «Тұтылу фор-малары», «Камера-обскура» теориясы жайындағы трактат) және т.б. бар. «Ақыл – таразы» кітабында алғаш рет ауа ауырлығына түсініктеме береді.

Өзінің «Ай бетіндегі дақтар» еңбегінде дақтардың орналасуы, формасы, өлшемі және жарқырауы жағы-нан ешқашан өзгермейтіндігін жазған. Ол бұл дақтар Ай бетіндегі таулар мен мұхиттар шағылысуынан пайда болады деген теорияға қарсы болған. Шағылу заңына сүйеніп ғалым: «Жер бетіне қатысты Айдың орналасуы шағылады, бірақ ештеңе байқалмайды», - деген. Ай сәулесін диффузиялық бейне құбылысы ретінде, яғни қисық бетте шағылуын, Айдың ешқандай басқа әдіспен жарық бере алмайтынын түсіндіреді.

Ай бетіндегі дақтар кей жерлерінде жер жыныс-тарымен жабдықталған, сондықтан ол жерлер оптика-лық күші жағынан төмен көрсеткіш көрсететіндігін айтқан.

Ай бетіндегі дақтар

Page 21: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 21

Біз білетіндей, «Ай теңіздері» қою түсті базальт тектес жыныстармен қапталған. Бұл жерде әл-Хасанның жорамалдары тура келеді.

Әл-Хасан камера-обскура құралымен әр нүктеден тараған сәуле еш өзгеріссіз бір-бірімен қиылысатындығын дәлелдеген. Ол тесігі бар қараңғы камера қабырғасына әртүрлі майшам орналастырған, барлық майшамнан тараған сәулелерді бақылауға алған.

Сондай-ақ Ибн әл-Хасан сәуленің сыну құбылысын да зерттеген. Сол зерттеулерінің нәтижесінде ол сәуленің сынуының екінші заңын ашты. Ол заң мынадай: «Сынық сәуле мен түсу нүктесінің арасында орналасқан жазықтыққа түскен сәулелер бір деңгейде түседі».

Ибн әл-Хасан сәуленің айнаға түсуі туралы да зерттеді. Күн мен Айдан, жұлдыздардан түсетін сәулелердің әуе қабаттарында сыну құбылысын түсіндіріп берді.

Иә, шын мәнінде де, әл-Хасан – ұлы ғұлама, күллі адамзаттың ғылыми жетістіктеріне сүбелі үлес қосқан біртуар даналардың бірі.

☼ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ КҮРДЕЛІ

КҮН ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Назарларыңызға төбемізде жарқырап

тұрған Күн туралы кейбір қызықты дерек-терді ұсынамыз:

1. Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі – ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізге Күннің түсі сары болып көрінеді.

2. Күн галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15 % жұлдыз күннен де жарық.

3. Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар Күнді айналып жүр, ал Күн бір орнында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Шындығында, Күннің өзі Құс жолы

галактикасының ортасын айналу үстінде. Толық айналым уақыты – 225-250 миллион жыл. 4. Күн жер бетіндегі атом реакторы іспетті. Оның энергиясы сутегі мен гелийдің термояд-

ролық синтезі әсерінен пайда болады. 5. Күннің сыртқы бетінің температурасы, Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус

болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К. 6. Күннен шығатын ультракүлгін сәулелері антисептик болып табылады, яғни бұл сәуле

түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді. 7. Біз қолданып жүрген 24 сағаттық уақыт режимі ежелгі мысырлықтардың тарихынан

алынған. Аңыз бойынша, Күн құдайы Ра тәуліктің 12 сағатын Жерде, 12 сағатын аспанда өткізетін болған.

8. Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін жоқ болады. Күн алдымен ұлғайып, қасындағы планеталардағы барлық тіршілік жойылады. Содан соң, бірте-бірте сөне бастайды-мыс.

Page 22: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

22

ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1. Суы бар стақан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стақаннан

қалай алуға болады? Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап, жабысып

қалады. (Кристалдану, балқу). 2. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде, теңгені ең шеті көрінетіндей етіп

қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен?

Жауабы: жарықтың екі ортада таралуы. 3. Балалардың үрленген шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне дейін көтеріп, жіберіп

қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? Жауабы: шар электрленеді. 4. Үрленіп, жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп-үйкеп бір-біріне жақындатамыз.

Олар бір-бірін тебеді, неліктен? Жауабы: аттас зарядтар тебіледі. 5. Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп, оларды бір-біріне жақында-

тайық. Олар бірін-бірі тебеді. Неліктен? Жауабы: әр аттас зарядтар бір-бірін тартады. 6. Стақан, су, қағаз. Стақандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды.

Неге? Жауабы: атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді. 7. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не

байқауға болады? Жауабы: жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін, шеге, ине

сияқты заттардың неліктен ұшы болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен, бүктел-меген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да, жерге бірінші жетеді.

8. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге

қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? Жауабы: молекулалардың өзара байланысы. 9. Пластмасса ыдысты баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де,

тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз, ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда, су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен?

Жауабы: сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады.

10. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? Жауабы: Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын.

Page 23: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 23

1. Сөзжұмбақ

Тігінен: 1. Ядролық реакция нәтижесінде пайда болған нейтрондар жиыны. 2. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын механизм. 3. Ауырлық центрі ығысып валды айналдырған кездегі жүретін процесс. 4. Гидравликалық көтергіш. 5. Жарықты спектрге жіктейтін спектроскоптың бөлігі. 6. Күштің рычаг иініне көбейтіндісіне тең шама. 7. Барлығы, Әлемдегі органикалық және органикалық емес тіршілік ететін ортаның

орысша атауы. 8. Атом ядросындағы бөлшек (жалпы). 9. Өсімдікте Күн энергиясын химиялық энергияға айналдыратын бөлшек. 10. Ядроның массалары ғана өзгеше болатын элементтер. 12. Бірлік уақыттағы айналым санының орысша атауы. 13. Сұйықтың барлық көлеміндегі будан пайда болған бу тамшыларының интенсивтілігі

кезінде жүретін процестің орысша атауы. 14. Рефлектор – телескоптың объективі болып табылатын бөлігіндегі заттың орысша

атауы не? 15. Электромагниттік толқындарды тіркеп отыратын Поповтың радиоқабылдағышының

бөлігі. 23. Хабар беру қызметін атқаратын мөлдір, майысқақ талшықтардың жиыны. 25. Заттың ең ұсақ бөлшегі. 27.Табиғаттағы болатын құбылыстардың орысша атауы. 28. Ток тербелісін дыбыс толқынына айналдыратын құрылғы. 31.Тербелмелі контурдың периодын анықтайтын өрнекті ашқан ғалым. 33. Тиіскен денелердің екі ортасындағы пайда болатын процестің орысша атауы. 34. Температураның өлшем бірлігі. 36. Сан мәнімен ғана емес, бағытымен де анықталатын шама. 42. Модульденгендерден төменгі жиілікті тербеліс алатын құрылғы. 43. Атомдары ретпен дұрыс орналасқан қатты дене. 44. Метрдің оннан бір бөлігі. 45. Адамның су астындағы дем алысын қамтамасыз ететін құрылғы. 50. Токты туралайтын жартылайөткізгіш құрылғы.

Page 24: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

24

51. Жер бетіндегі тасу мен қайту құбылыстарын тудыратын аспан денесі. 52. Электр тогын өткізбейтін ферромагнит зат. 54. Космос әлемін зерттейтін реактивті двигателі бар аппарат. 56. Бір моль заттағы молекула санын анықтауды тапқан ғалым. 57. Жылытылған заттан электрондардың шығуын сипаттайтын процесс. 58. Жарқыншақтардан пайда болған ядролардың массаның жетіспеушілігі. 59. Белгілі бір жиілікке бағыттайтын радиоқабылдағыштың бөлігі. 60. Тербеліс жасайтын дене. 62. Электрон ұшып кіретін атомның қабықшалар аймағы. 70. Төменгі және жоғарғы жиілікті тербелістерді қосу кезіндегі жүретін процесс. 72. Тікелей бақыланатын Күн сферасы. 74. Негізгі түске ерекше рең беретін қосымша түс. 75. Ядролық реакцияны басқаратын құрылғы. 77. Электромагниттік құбылыстар туралы ілімнің іргесін қалаушы. 78. Кері итеруші күштің өрнегін ашқан ғалым. 80. Ұзын толқынды жарықтың түсінің қандай екенінің орысша атауы. 81.Толқын ұзындығынан үлкен болатын саңылау арқылы өтетін толқын түрі. 82. 10000 м2 болатын ауданның өлшемі. 83. Генератордың қозғалмайтын өзегі. 84. Насосқа келетін суды ашып-жауып тұратын насостың бөлігі. 86. Газ арқылы өтетін токты сипаттайтын процесс. 87. Серпінді модулі 0,9 Гпа болатын материал. 88. Элементар токтары бірдей бағытталған дене. Көлденеңінен: 11. Табиғаттағы барлық заттардың бейнесін көрсететін физикалық нақтылық. 16. Бөлшек және толқын түрінде бір мезгілде болатын жарықтың қасиеті. 17. Сұйық молекулаларының қатты дене молекулаларына тартылу құбылысының орысша

атауы. 18. Дененің формасының өзгеруі. 19. Сұйықсыз барометр. 20. Массаның өлшем бірлігі. 21. Резервуардан су беретін механизм. 22. Термоядролық реакция кезіндегі пайдаланылатын зат. 24. Электр тізбегіне жалғанған денелердің жалпы орысша атауы. 26. Нақты көру сезімін оятатын нысанның қасиетінің орысша атауы. 29. Молекуланы құрайтын бөлік. 30. Отынның энергиясын механикалық энергияға айналдыратын жылу машинасы. 32. Кристалдың таңдап алынған бағытына тәуелсіз қасиет. 34. Негізгі бөлігі шаш болып табылатын дененің салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін

құрал. 35. Идеал газ күйінің теңдеуін тапқан ғалым. 37. Температура өлшейтін құрал. 38. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы. 39. Космосқа ұшатын адам. 40. Механикалық тұйықталу мен қосылуын іске асыратын электр тізбегінің бөлігі. 41. Үш электродты жартылай өткізгіштік немесе вакуумдық құрал. 45. Теріс зарядталған ион. 46. Меншікті жылу сыйымдылығы үлкен сұйықтың орысша атауы қандай? 47. Потенциалдар айырмасын орысша қалай атаймыз? 48. Эмиттерді коллектордан ажыратып тұратын транзистор электроды. 49. Газға, сұйыққа арналған ыдыс. 51. Индуцияланған сәулеленуді пайдалана отырып жарықты үдететін дененің орысша

атауы. 52. СИ жүйесіндегі сыйымдылықтың өлшем бірлігі. 53. Электр тогының өлшем бірлігі. 55. Жартылай ыдырау периоды 4,5 млрд жыл болатын радиоактивті зат. 58. Электр тогын өткізбейтін зат.

Page 25: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 25

61. Молекулалық физикадағы зат мөлшерінің өлшем бірлігі. 63. Обертон арқылы берілген дыбыстың ерекшелігі. 64. Кристалл бетінің тегіс бөлігінің орысша атауы. 65. Дыбысты үдететін қуыс зат. 66. Иондалған сәуленің кез келген затқа әсерін орысша қалай атаймыз? 67. Бірлік уақыттағы өзгерген жылдамдыққа тең шаманың орысша атауы. 68. Дененің массасының көлемге қатынасына тең шаманың орысша атауы. 69. Қоспаның тұрақты температурасын ұстап тұратын құрал. 71. Жердін ауа қабаты. 73. Атом құрылысын зерттеу құрылғысы. 76. Толқындардың бөгетті орағытып өту құбылысы. 79. Элементар бөлшектердің көрінетін іздері. 81. Электр зарядтарының әсерлесуін сипаттайтын материя түрінің орысша атауы. 85. Кемтік санын көбейтетін жартылай өткізгіштегі қоспа. 89. Жылу берілу кезіндегі дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясының орысша

атауы. 90. Ежелгі жасанды жарық көзі. 91. Қатты әсерге қатысатын бөлшектердің жалпы атауы. 92. Тізбектегі токты реттейтін құрал. 93.Теріс зарядталған протон. 94. Удеу кезіндегі салмақтың артуының орысша мағынасы қандай? 95. Заттың химиялық құрамын анықтауда люминесценттік анализ тәсілін ойлап тапқан

ғалым. 96. Толқындық процесс кезіндегі тасымалданатын шама.

2. Сөзжұмбақ

Көлденеңінен: 1. Лазерді ойлап тапқан совет физигі. 2. Ток күші, кернеу, кедергіні байланыстыратын заңды шығарған неміс физигі 3. Газ молекуласының жылулық қозғалысының жылдамдығын эксперимент жүзінде ашқан

неміс физигі. 4. Тамшы камерасын ойлап тапқан американ физигі, 1952 ж. 5. Арнайы және жалпы салыстырмалы теорияның иесі. 6. Сыртқы фотоэффект заңын ашқан орыс физигі. 7. Термодинамика саласын ашқан неміс теоретик-физигі. 8. Радиоактивті ілімнің негізін қалаған француз физигі. 9. Электронның зарядын ашқан американ физигі. 10. Дененің серпімділік заңын ашқан ағылшын физигі 11. Қазіргі физиканың негізін қалаушы дат физик-теоретигі.

Page 26: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

26

12. Тұрақты электр тогының көзін ашқан итальян ғалымы. 13. Электронды ашқан ағылшын физигі. 14. Планеталардың қозғалысын ашқан ғалым. 15. Классикалық физиканың негізін қалаушы. 16. Электростатиканың негізін қалаған неміс физигі, математигі, 1832 ж. 17. Магнит ағынының өлшем бірлігі аталған американ физигі. 18. Жұмыстары радиоактивтілікке арналған ағылшын физигі, химигі. 19. Қарапайым механизмдерді зерттеген ежелгі грек ғалымы, инженері. 20. Денеге әсер ететін көлденең күштердің әсерін ашқан неміс физигі, химигі. 21. Алғаш Айға қонған американ астронавты. Тігінен: 1. Жарық жылдамдығын өлшеген және маятниктің көмегімен Жердің өз осінен айнала-

тынын дәлелдеген француз физигі. 2. Электронның спинін анықтаған физик-теоретик. 3. Телефонды жетілдірген, фонографты ойлап тапқан американ өнертапқышы. 4. Ток күшінің өлшем бірлігі аталған француз физигі. 5. Жұмыстары физикаға, химияға, астрономияға, тау-кен істеріне арналған орыс ғалымы. 6. Бу двигателінің иесі, шотланд өнертапқышы. 7. Сұйықтың тұтқырлық коэффициентін зерттеген ағылшын физигі. 8. Кванттық теорияның негізін қалаған неміс физигі. 9. Жасанды радиоактивтілікті ашқан итальян физигі. 10. Қатты дене физикасын зерттеген Совет физигі. 11.Тербеліс жиілігінің өлшемі берілген неміс физигі. 12. Уран ядросының бөлінуін зерттеген неміс физигі. 13. Жарықтың сыну заңының математикалық өрнегін қорытып шығарған француз физигі. 14. Зарядталған денелердің өзара әсер күшін қорытқан француз физигі. 15. Электрқозғалтқышын ойлап тапқан орыс физигі. 16. ЭҚК ережесін тағайындаған орыс физигі.

☼ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ БЕТІ

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Көрші бөлмеден шыққан айғай-шу келесі бөлмедегі сабақтың өтуіне кедергі келтіреді. Мұғалім көрші бөлмеге барып, басты айғайшыны құлағынан ұстап, өз бөлмесіне әкеліп қамап тастайды. Көрші бөлмеде әп-сәтте тыныштық орнайды. Біраз уақыттан кейін бөлменің есігін біреу қатты-қатты қағады. Есіктен көрші бөлмеден бір оқушы кіріп:

– Александр Иванович! Сіз біздің мұғалімімізді қайтарып бере аласыз ба? - дейді.

Оқушының күнделігіндегі сынып жетекшісінің ескертуі: «Сіздің балаңыз сөздің ақырғы

әріптерін жеп қояды». Ескертпенің астындағы ата-анасының жауабы: "Рахме, білемі ұрсамы".

Сыныптағы оқушылардан мұғалім былай деп сұрайды: - Балалар, қалай ойлайсыңдар, қайсысы жылдам, шапшаң қозғалады: қыран ба әлде

жылқы ма? Вовочка қолын көтеріп: – Егер аяқпен қозғалса, онда, әрине, жылқы, - деген екен.

1 курс. Математика сабағының бірінші пары. Оқытушы:

Page 27: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015 27

– Тақырыпты жазамыз: «Нақты айнымалының біріктірілген функциясы. Сюръективтік, инъективтік және биективтік бейнелену».

Арттан бір дауыс шығады: – Алло! Мен ойландым. Армияға алыңдаршы бір жылға, баратын болдым...

Ғалымдардың анықтамасы бойынша уақытты ұрлайтын 6 ұры бар: 1. Телефон. 2.

Интернет. 3. Әдептіліктен амалсыз сөйлесу. 4. Іске катыссыз бос ойлар 5. ТВ және пресса. 6. Ешкімге пайдасыз тізімдерді оқу.

– Менің жақсы көретін сиырым қайда? – Сен не, Михайло! 20 жыл өтіп кетті ғой. – Мен сұрап тұрмын, менің сиырым қайда? – Михайло, сиырлар 8 жыл ғана өмір сүреді ғой. – Сонда сиыр қайда? – Сен қандай ғылым саласында мықты едің? Зоологияда ма әлде механикада ма? – Механикада. – Сенің сиырың сынып қалған.

Матфакта зерттеу жүргізеді. Барлық курстың студенттеріне бірдей сұрақ қойылады: «2-ні

2-ге көбейткенде қанша болады?» 1-курс студенттері бірден жауап береді: «Төрт». 2-курс студенттері алдымен шпаргалкаларын ақтарып барып жауап береді: «Төрт». 3-курс студенттері калькуляторларын алып көбейтіп, содан кейін ғана жауап береді: «Төрт». 4-курс студенттері компьютерлік бөлмеге барып есептеуге арналған бағдарлама құру үшін уақыт берулерін сұрайды. 5-курстың студенттері реніштерін білдіріп, былай дейді: «Біз не барлық тұрақтыларды есте сақтауымыз керек пе?!!».

☼КОНКУРС

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

IІ тур

1. Вакуумда кальциймен қапталған екі электрод бар. Оған сыйымдылығы С болатын

конденсатор жалғанған. Катодты толқын ұзындығы 100 Нм болатын жарықпен сәулелендір-сек, онда басында пайда болған фототок тоқтайды да, конденсаторда q = 9,6∙10-10 Кл заряд пайда болады. Кальцийден электронның шығу жұмысы А=4,42∙10-19 Дж. Конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

2. Горизонталь жазықтықта жатқан бір-біріне параллель рельстер біртекті магнит өрісіне

орналастырылған.

Магнит индукциясы вертикаль төмен бағытталған (суреттің үстіңгі көрінісі). Рельстің

үстінде оның үстімен электр контактілеріне кедергі келтірмей сырғанай алатын перпендику-ляр екі бірдей өткізгіш жатыр. Сол жақтағы өткізгіш оңға қарай V жылдамдықпен қозғалады. Оң жақтағысы тыныштықта тұр. Оң жақтағы өткізгішті сол жақтағы өткізгішке әсер ететін Ампер күшін 3 есе кеміту үшін қандай жылдамдықпен қозғалтамыз? (Рельстердің кедергісін ескермеуге болады).

Page 28: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

28

3. Заряды 0,15 мкКл болатын шардың массасы 1 г. Шар заряды 0,3 мкКл болатын сфераға 1 м/с жылдамдықпен лақтырылады. Сфераның радиусы қандай минимал мәнде шар сфераның беткі қабатына жетеді?

4. Тізбектегі тура бағыттағы диодтардың кедергісі өте аз, ал кері бағытта – резис-

торлардың кедергісінен бірнеше есе көп. А нүктесіне батареяның ЭҚК 12 В болатын және ішкі кедергісінің қолданатын қуаты 7,2 Вт оң полюсті, ал В нүктесіне теріс полюсті жалғаймыз. Егер батареяны қосу полярлығын (полярность) өзгертетін болсақ, онда пайдаланылатын қуаттың мөлшері 14,4 Вт болады. Осы екі жағдайдағы резисторлар мен диодтар арқылы жүретін токтың шарты мен осы тізбектегі резисторлардың кедергісін анықтаңдар.

IІІ тур

1. Квадраттың төбелерінде бірдей +4⋅10-7Кл заряд орналасқан. Квадраттың центрінде

теріс заряд орналасқан. Барлық зарядтар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін осы зарядтың шамасы қандай болу керек?

2. Батарея бес тізбектей қосылған элементтен тұрады. Әр элементтің ЭҚК – 1,4 В,

әрқайсысының ішкі кедергісі – 0,3 Ом. Ток қандай болғанда пайдалы қуат 8 Вт болады? Батареяның ең үлкен пайдалы қуатын анықтаңдар.

3. Квадрат тәрізді қабырғалары а=10 см болатын иілген өткізгіш арқылы I =100 А болатын

ток өтеді. Квадраттың диагональдарының қиылысу нүктесіндегі магнит индукциясының векторын В

анықтаңдар.

4. Қабырғаларының ұзындығы а=10 см болатын квадрат түрінде жасалған контур бойы-

мен I=100 А ток жүреді. Контурды біртекті магнит өрісіне еркін орналастырамыз (В=1 Тл). Контурдың қарама-қарсы қабырғалары арқылы жүргізілген оське қатысты контурды ϕ=900 айналдырғанда атқарылатын жұмысты А анықтаңдар. Контурды айналдырғанда ондағы ток күші өзгермейді.

5. Екі бірдей конденсатор параллель жалғанған және 300 В кернеуге дейін зарядталған.

Конденсаторлардағы потенциалдар айырмасын анықтаңдар, егер оларды токтан суырып тастасақ, онда конденсаторлардың біреуінің пластиналарының арақашықтығы екі есе азаяды.

☼ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған интеллектуалды ойын тапсырмаларының жауаптары

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1. «Жылдамдық». Жауабы: 1. v=s/t. 2. ρ =m/V. 3. F=gm. 4. p=F/S 5. p=gρh. 6. FА=gρV. 7. A=Fs 8. N=A/t 2. «Ток» және «Жылу мөлшері». Жауабы: 1. Q=qm, Q=СmΔt, Q=mλ, Q =mr. 2. I =q/t. 3. U=A/q. 4. I=U/R. 5. R =ρ l/S. 6. P = A/t.

7. Q = I2Rt. 8. m=ρV.

3. «Оң және сол жақтар». Жауабы: оң жақта: фотон,изотоп, зеркало, индукция, конвекция, Аристотель;

сол жақта: фаза, искра, зиверт, инерция, кристалл, амперметр.

4. Сан-әріппен шешу. Жауабы: Эдисон, Ленц, схема, электрон, янтарь, заряд, спираль, источник, ампер,

реостат, вольтметр, ватт, Ом.

Page 29: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

29

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Қымбатты балалар! Қазіргі заманда адам өмірі спорттық көпсайысқа ұқсас.

Көпсайыс спортшысы жақсы жүгіруі, суда жүзуі, семсерлесуі, ата білуі, шабандоз және с.с. болуы қажет. Бұл дененің үйлесімді дамуынсыз мүмкін емес.

Интеллектінің де дамуы әртүрлі салалар бойынша білім болмаса мүмкін болмайды. Табиғаттың тұтастығын көре білу және оның құбылыстары мен адамның іс-әрекеті ара-сындағы байланысты таба білу – ақыл-ойдың үйлесімді дамуының негізі. Тапқырлық, қоршаған болмысқа бейімделе білу, оның көріністерін дұрыс түсіне, пайымдай білу – адамды бәсекеге қабілетті және табысты етеді.

Мектепте химия пәні не үшін қажет? Бұл сұрақты оқушылар сабақтарда, әсіресе жаңа оқу

жылының басында жиі қояды. Не деп жауап беруге болады: онымен әңгімелесу қызықты болуы үшін жан-жақты дамыған адам болуы, қазіргі заманда өзін батыл және қауіп-қатерсіз сезінуі, заттармен «сен» деспесе де, үстіртін болса да таныс болуы үшін қажет. Ал бұл білімді мектепте химия сабақтарында алуға болады және алу қажет.

Адам қышқылдың формуласын ұмытып қалуы мүмкін, бірақ онымен бүкіл өмір бойы абайлап жұмыс істейтін болады. «Оны қайдан білесіз?» - деп сұрасаңыз, иығын қағып: «Әйтеуір – білемін», - деп жауап береді.

Сол сияқты адам жанармай колонкасының қасында темекі тартпайды, ол бензиннің қалай жанып жатқандығын көргендіктен ғана емес, мектепте химия сабағында оған бензиннің буланып, ауамен жарылысқауіпті қоспа түзетінін және жанатын қасиеті бар екендігін түсіндіргеннен болар.

Химияны оқу жалпы ой-сананы көтеруге, ең бастысы өзіңді және қоршаған әлемді тануға көмектеседі. Адам неғұрлым көп білсе, ол соғұрлым ары қарай біле беруге талпынады, өзінің денсаулығына немесе қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіру қаупі де соншалықты аз болады.

Әрбір өркениетті адамға химияның негізін білу өте қажет. Біздің мекенжайымыз: 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев атындағы

ШҚМТУ, химия, металлургия және байыту кафедрасы, тел.: 8-7232-540-911, электронды мекен-жай: [email protected]

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ

Стандарттық емес химиялық есептерді шығару кезіндегі ғылыми ізденіс элементтері ..................................................................................... 30

МҰРА Химиядан Нобель сыйлығы – 2015 ......................................................................... 35

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Альфред Бернхард Нобельдің өмірінен қысқаша оқиғалар ................................... 43

ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР Антоцианмен жүргізілген тәжірибелер .................................................................... 44

АЛҒЫРЛАР ҮШІН «Газдар патшалығы» сөзжұмбағы ........................................................................... 45

КОНКУРС «Жас талап-KZ көшбасшысы» ................................................................................. 46

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған сөзжұмбақтың жауаптары........................................................................................ 46

Наталья Куленова,

техника ғылымдарының кандидаты, химия, металлургия және байыту

кафедрасының меңгерушісі

Page 30: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

30

¥ ОҚУ ҮРДІСІ

СТАНДАРТТЫҚ ЕМЕС ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент; Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту

кафедрасының аға оқытушысы

Қызметтердің кез келген жаңа саласын белсенді игерудің негізгі әдісі – машықтану. Химияда және басқа табиғи ғылымдарда машықтану, үйрену – есептер шығаруға әкеледі. Химиялық есептердің әртүрлілігі салыстырмалы түрде көп емес, әсіресе мектеп курсында. Олардың бәрі белгілі және мазмұндары мен шешу жолдарына байланысты нақты жіктелген. Сондықтан оқушыларға стандарттық есептерді шығаруды, соның ішінде химиялық реакциялар теңдеулері бойынша немесе элементтік құрамдары бойынша молекулалық формулаларын анықтау сияқты есептерді шығартып, үйрету үлкен қиындықтар туғызбайды.

Стандарттық емес есептер – басқаша қарастырылады. Үйрен-шікті жолдан аздап болса да ауытқу оқушыларды састырып, қобалжытады. Олар не істерлерін білмей қалады. Нәтижесінде – таза бет тапсырады. Бұл кезде қолайсыз жағдайлардан шығу үшін әлемді танудың ғылыми әдістері элементтерін қолдануға болады. Себебі, ғылым, анықтамасы бойынша, қолданымдағы әдістерден басқа жаңалықтар іздеу, ақпараттар жасау. Сондықтан есептерді шығарудың жаңа жолдарын табуға көмектеседі. Бейтаныс жағдайларда не істеу қажеттігін, шешімдерді іздестіру үшін қандай әдістерді қолдану қажет екендігі туралы түсініктері болуы оқушыларға зиянын тигізбейді.

Ғылыми жұмыс, іс-әрекет тәсілі ретінде, үздіксіз шығармашылық емес, ол күнделікті, кей кезде шаршатып, жалықтыратын жұмыс. Ғылым – бұл кәсіп, сондықтан ғылыми қызметкерлер де өздерінің мақсаттарына жету үшін қолданатын көптеген тәсілдері мен рецептері бар. Осы тәсілдердің кейбіреуімен бөліскіміз келеді, олар мектепте химия есептерін шығару кезінде пайдасын тигізеді. Әрине, бұл рецептер әмбебап емес: оларды бір есептерге қолдануға болса, әлі белгісіз жолдарды қолдануды талап ететін екіншілері үшін жарамсыз болып келеді. Сондықтан ғылымда әрқашанда шығармашылыққа орын болған және болады да.

1-рецепт. Байқап көріңіз

Дмитрий Иванович Менделеев, периодтық жүйені қалай ашқандығы туралы айта

отырып, «Бірдеңені іздегенде, тіпті болмағанда саңырауқұлақтарды немесе қандай да бір тәуелділікті іздегенде, қарап, байқап көрмей болмайды» деген. Байқап көру – бұл негізгі ғылыми рецепт. Бұл үшін кез келген шешу жолдарын (тіпті дұрыс болмаса да) ұсыну керек және не шығатынын қарап көру қажет. Есептің шартынан қай жерде ауытқулар туындайтындығын түсінуге тырысу керек және осы жерде шешу жолына түзету енгізу қажет. Осылайша байқап көру және қателіктер жіберу жолымен, біртіндеп дұрыс шешімге жақындау әдісімен есепті шешуге болады.

1-мысал. Құрамында

40 % салмағы бойынша көміртегісі бар органи-калық қосылыстың болуы мүмкін формула-сын анықтаңыз.

Шешуі. Көміртегінің салмақтық үлесі берілген, зат бойынша басқа ештеңе белгісіз. Енді әртүрлі нұсқаларды қарастырып көрейік: қосымша ақпаратты өзіміз «тағайындаймыз». Ең қарапайым органикалық заттар – CxHy көмірсутектері. Белгісіз заттың құрамында 40 % көміртегі және 60 % сутегі бар деп қабылдайық. Стандарттық әдіспен оның эмпирикалық формуласын табамыз:

( ) ( ) 18.:1160:12

40Н:С ==νν

Page 31: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

31

Бірақ CH18 көмірсутектері болмайды. Ары қарай қарастырып көрейік. Заттың формуласына

оттегінің символын қосамыз: CxHyOz. Стандарттық жолдың көмегімен бұл формуланы анықтай алмаймыз, себебі оттегі мен сутегінің салмақтық үлестері белгісіз. Көміртегінің атомдар санының мүмкіндігінше төмен мәнін қабылдап көреміз: x = 1. Сонда заттың молярлық салмағы келесі мәнді құрайды:

M(CHyOz) = 12/0,4 = 30 г/моль. 30 г-нан көміртегіне 12 г тиесілі, ал сутегі мен оттегіне 18 г тиесілі болады, бұл H2O сәйкес келеді. Демек, заттың эмпирикалық формуласы – CH2O. Бұл формулаға барлық көмірсутектер сәйкес келеді.

Жауабы: қосылыстың болуы мүмкін формуласы – CH2O.

2-мысал. – A және B көмірсутектерінің эле-менттік құрамы бірдей: әрқайсысында 92,3 %-дан салм. көміртегі бар. Көмірсутектің A үлгісі салмағы бойынша бір-дей көмірсутектің В үлгі-сіне қарағанда бромның 6 есе көп мөлшерін қоса алады. А және В затының мүмкін бола-тын құрылымдық фор-муласын анықтаңыз.

Шешуі. Элементтік құрамға сәйкес

( ) ( ) .1:117,7:

123,92: ==НС νν

Екі көмірсутектің де эмпирикалық формуласы – CH. Сонымен қатар оларда еселік байланыстар бар, себебі бромды қоса алады.

Осындай құрамды бірнеше қарапайым көмірсутектерді қарастырайық және әрбір көмірсутектің бірдей салмағына қосыла алатын бромның мөлшерін есептеп көрейік. Шектеу ретінде 104 г – қарастырылатын заттардың C8H8 ішіндегі ең ауырының 1 моль салмағын таңдаймыз.

Көмірсутектің формуласы

Құрылымы

1 моль көмірсутекке сіңірілген Br2 затының

мөлшері, моль

104 г көмірсутекке сіңірілген Br2 затының

мөлшері, моль

C2H2 (Mr = 26) СННС ≡ 2 2∙4 = 8

C4H4 (Mr = 52) 2СНСНСНС =−≡ 3 3∙2 = 6

C6H6 (Mr = 78) ( ) СНССНСНС ≡−−≡ 2 4 4∙4/3 = 16/3

C8H8 (Mr = 104) 256 СНСННС = 1 1

Кестеге сәйкес, есептің шартын винилацетилен (A) және стирол (B) қанағаттандырады.

Олардың салмақтарындағы айырмашылық 2 есеге, ал 1 моль көмірсутекке бром қосатын заттың мөлшері 3 есе, нәтижесінде салмақтары бірдей болғанда анықталып отырған коэффициентті аламыз, ол – 6.

Реакция теңдеуі:

.,3

2562256

22222

BrCHBrCHHCBrCHCHHCBrCHBrCHCBrCHBrBrСНСНСНС

→+=→+=−≡

Бұл есептің шексіз көп шешімдері бар және осымен де қиын болып келеді. Біз азғана

артық көлемде ең қарапайым шешімді келтірдік. Жауабы: Заттың болуы мүмкін құрылымдық формуласы: A) 2СНСНСНС =−≡ , B) 256 СНСННС = .

Page 32: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

32

2-рецепт. Айнымалыларды дұрыс таңдау

Көптеген есептерді дұрыс шығару, айнымалыларды – зерделенетін нысандардың ең маңызды қасиеттерін сипаттайтын мәндерді дұрыс таңдау арқылы жеңілдетіледі. Бұл жағдайда айнымалылардың ең аз санымен шығаруға тырысу қажет.

3-мысал. Қай оксид-

те оттегінің салмақтық үлесі ең жоғары мәнде болады?

Шешуі. Құрамында оттегісі бар бинарлық қосылыстардың жалпы формуласы – RxOy. Егер валенттіліктері тұрақты эле-менттердің оксидтерімен шектелсек, онда белгісіз айнымалылар санын қысқартуға болады – R2On, мұндағы n R элементінің тотығу дәрежесі (n – 1-ден 8-ге дейін өзгереді).

Есепте екі айнымалы – R элементінің атомдық салмағы (оны X арқылы белгілейміз) және тотығу дәрежесі n қалды. Оттегінің салмақтық үлесі үшін келесі теңдеуді жазамыз:

( ) .162

16nX

nO+

Оның ең үлкен мәнін табу қажет. Екі айнымалымен анықтау өте қиын, бірақ бұл жағдайда оларды бір мәнге біріктіруге болады. Бөлшектің алымы мен бөлімін 16n мәніне бөлеміз:

( ) .1

8

1

+=

nXOω

Алынатын мән үлкен болуы үшін алымы аз мәнге тең болуы қажет. Яғни атомдық салмағының тотығу дәрежесіне (бұл мәнді кейде эквивалент деп атайды) қатынасы ең кіші мәнге ие болатын элементті табамыз: X/n = min. Әрине, бұл – сутегі: X = 1, n = 1. Сонда анықтап отырған оксидіміз – су екен.

Жауабы: H2O -да оттегінің салмақтық үлесі ең үлкен мәнге тең.

4-мысал. 1000 г зат-та 0,3227 г электрондар бар. Заттың формула-сын анықтаңыз (элек-тронның салмағы 1/1823 а.е.м. тең).

Шешуі. Есептің берілгені бойынша заттағы электрондардың санын бірден табуға болады:

( ) моль. 3,5881823

1:3227,0 =

=eν

Заттың өзінің салмағы белгісіз, себебі біз оның молярлық салмағын білмейміз. Оны M арқылы белгілейік, бұл біз енгізетін бірінші айнымалы. Енді заттың мөлшерін анықтаймыз:

.1000)( мольМ

вав =−ν

Көрсетілген екі мән бір-бірімен қалай байланысқан? Бұл сұраққа жауап беру үшін тағы бір айнымалыны – n енгізу қажет болады: n – бір молекуладағы электрондар саны. Сонда электрондардың моль саны заттың моль санынан тура n есе артық болады:

⋅=10003,588

Бұдан M = 1,7n г/моль. Молярлық салмақ бүтін санмен көрсетіледі деп қабылдасақ,

онда n есе – 10-ға тең болады. n = 10 болған кезде, M = 17 г/моль тең болады. Бұл молярлық салмаққа аммиак сәйкес келеді, оның молекуласында осы 10 электрон бар.

Жауабы: заттың формуласы – NH3.

Page 33: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

33

3-рецепт. Ақылға қонымды жорамалмен үлгілер құру

Көптеген химиялық нысандарды – молекулалар, коллоидтық түйіршіктер, кристалдар, ерітінділер және с.с. – үлгілер құру арқылы зерттейді. Үлгі – бұл нысанның идеалды түрдегі көрінісі, ол оның кейбір маңызды қасиеттерін көрсетеді және барлық басқа қасиеттерін есепке алмайды. Жақсы үлгіде параметрлердің тек аз ғана саны болады. Үлгілердің дұрыстығы тәжірибелік мәліметтермен расталады.

Ғылыми қызметкердің өнері – үлгідегі ең бастысын таңдай білу және қалғандарын есепке алмау .

5-мысал. Алтын на-

нобөлшегінің радиусы 1,5 нм тең, ал атомның радиусы – 0,15 нм. Нанобөлшектің құрамы-на қанша атом кіретінді-гін және олардың қан-дай үлесі бетінде жат-қандығын бағалаңыз.

Шешуі. Есептің шарты бойынша пайымдасақ, нанобөлшек кішкене шарлармен – алтын атомдарымен толтырылған үлкен шар сияқты болуы тиіс. Нанобөлшектер мен атомның шар түріндегі формада болуы – қабылданатын бірінші жорамал. Мәнінің реті бойынша атомдар санын анықтау ұсынылады, яғни дәлдігі төмен жауап аламыз. Мұндай жақындатылған шамада нанобөлшектердегі атомдар арасындағы бос көлемдерді есепке алмауға болады және барлық кеңістікті шарлар толтырып тұр деп есептейміз. Бұл шамамен 20 % қателік береді. Атомдардың жалпы саны нанобөлшек көлемінің атомның көлеміне қатына-сына тең:

.100015,05,1

3/43/4

V

33

ат

нч3

ат

3нч

ат

нч =

=

===

rr

rrVNππ

Гетерогендік катализаторлар жағдайында реакция бөлшектердің бетінде жүреді. Сондықтан нанобөлшектердің каталиттік мүмкіндіктерін бағалау үшін, беттегі атомдардың үлесін білу қажет. Бұл үшін беттік қабаттың көлемін Vбет анықтаймыз және оны нанобөлшектердің көлеміне Vнб бөлеміз. Беттік қабаттың көлемі нанобөлшектің өзінің көлемі мен радиусы нанобөлшек радиусынан атомның диаметріне кіші «ішкі» шар көлемінің айырмасына тең (сурет).

Беттегі атомдардың үлесі:

%.4949,05,115,0211

2113/4

)2(3/43/4

3

3

нч

ат3

нч

3атнч

3нчпов

==

⋅−−=

=

−−=

−−=

rr

rrrr

VV

нч ππ

Жауабы: нанобөлшек құрамындағы алтын атомдарының саны – 1000;

беттегі олардың үлесі – 49 %.

Page 34: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

34

4-рецепт. Ненің дұрыс екендігін анықтау және дәлелдеу

Көптеген есептердің – негізіне белгісіз заттары бар өзгерулер тізбегі жасырылған-дарының – жауаптарын оймен шешуге болады. Бірақ оның есептің шартына сәйкес келетіндігін дәлелдеу қажет.

6-мысал. А және Б

газдарының қоспасы арқылы электр разря-дын өткізген соң, реак-ция жүреді және моляр-лық салмақтары бас-тапқы газдардың молярлық салмақ-тарына тең В және Г газдары түзіледі. Бас-тапқы А және Б затта-рының формулаларын анықтаңыз.

Шешуі. Шешу кілті – өнімдер мен реагенттердің молярлық салмақтарының теңдігі. Молярлық салмақтары 28 г/моль тең бірнеше газдар белгілі. Бұлар CO, C2H4, N2, B2H6. Басқа кеңінен таралған молярлық салмақ – 44 г/моль. Оларға CO2, N2O, C3H8, CH3CHO жатады. 44 және 28 сандарының айырмасы – 16, бұл – оттегінің салыстырмалы атомдық салмағы. Сондықтан A және Б газдарының арасындағы реакция оттегінің бір заттан екінші затқа өтуіне әкелуі мүмкін. Көрсетілген заттардың арасында мұндай заттар бар: N2O (тотықтырғыш) және CO (тотықсыздандырғыш).

Реакция теңдеуі:

44282844.222

MrCONCOON +=+

Жауабы: бастапқы заттардың формулалары – N2O және CO.

Біз ғылыми есептерді шешудің көптеген рецептерінің ішінде кейбіреулерін ғана қарастырдық. Бұл – «ғылым технологиясының» өте шағын бөлігі.

Шындығында, ғылымда ең қиыны – есептерді шешу емес, оларды ойлап табу. Өйткені дұрыс қойылған сұрақта жауаптың басым бөлігі болады. Ең үздік ғалымдарға қандай-да бір мәселелерді шешкендерді емес, сол мәселелерді қойғандарды жатқызады. Ең үлкен жаңалықтарды ашу – міндеттерді дұрыс қоя білуден басталады. Міндеттерді шешу – көп жағдайда техниканың ісі, ал мәселелерді дұрыс тұжырымдай білу, құбылыстардың жасырын мәнін терең түсінуді талап етеді. Қорытындылай келе, есептерді шешу үшін жоғарыда келтірілген рецептерді пайдалануға болатын бірнеше есептерді ұсынамыз.

Өздігінен шешуге арналған есептер

1. 5 г оптикалық белсенді А затын қышқыл ортада калий перманганатымен мөлшерлік

тотықтырған кезде, 5 г Б заты алынады, ол А затымен C15H14O2 құрамдағы В сұйықтығын түзеді. А-В заттарының құрылымдарын анықтаңыз. (Жауабы: A – C6H5CH(OH)CH3, Б – C6H5COОH, В – А және Б заттарымен түзілген күрделі эфир).

2. Салмағы 10,16 г бейметалл оксидін 124 г натрий гидроксидінің 10%-дық ерітіндісіне қосады және құрамындағы тұздың салмақтық үлесі 11,27 % тең ерітінді алады. Оксид пен тұздың формулаларын анықтаңыз. (Жауабы: SeO3, Na2SeO4).

3. A = Б бір заттарын изомерлеу тұрақтысы 0,8-ге тең. 5 г А затын және 10 г оның Б изо-мерін араластырады және қоспаны тепе-теңдік орнағанша ұстайды. Алынған қоспадағы Б изомерінің салмақтық үлесін есептеп табыңыз. Нәтижесі бастапқы қоспадағы изомерлер мөлшеріне тәуелді ме? (Жауабы: 0,44; тәуелді емес).

4. Гетерогендік катализаторлар жағдайында реакция бөлшектердің бетінде жүреді. Бөлшек радиусы r металл атомы болсын. Катализатордың бетіндегі атомдардың үлесін анықтаңыз, егер олардың бөлшектері келесі формада болса: а) радиусы R шар; б) жақтары L куб. Куб пен шардың көлемдері бірдей болса, қай жағдайда – шар немесе куб болғанда – беттегі атомдар үлесі үлкен болады? (Жауабы: а) 6 r/R; б) 12 r/L. Куб болған жағдайда атомдар үлесі үлкен болады).

5. Екі атомды молекулалардан тұратын газ тәрізді екі қарапайым затты 1 : 9 тең көлемдік қатынаста, жабық реакциялық ыдыста 20° С температурада және жоғары қысымда араластырады. Ыдысты 215 °С дейін қыздырады; бұл кезде мөлшерлік шығыммен газ тәрізді күрделі зат түзіледі, ал қысым реакция аяқталған соң, бастапқы мәнге тең болады. Реакция өнімінің формуласын анықтаңыз. (Жауабы: ClF5).

6. 7,4 г екі күрделі эфир қоспасының толық гидролизі үшін 70 г, 8%-дық калий гидроксиді қажет болады. Қоспаның осындай мөлшеріне күміс оксидінің аммиактық ерітіндісін артық

Page 35: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

35

мөлшермен қосқанда, 6,48 г тұнба бөлінеді. Күрделі эфирлердің құрылымын және бастапқы қоспадағы олардың мөлшерін (мольдік %) анықтаңыз. (Жауабы: 30 % HCOOC2H5, 70 % CH3COOCH3).

7. Қалыпты жағдайда қатты күйде болатын, 1:41 мольдік қатынасында алынған қоспаны 170°С дейін қыздырғанда 40:41 мольдік қатынастағы қатты зат пен газ тәрізді заттар алынады. Барлық заттарды анықтаңыз. (Жауабы: C40H82, S, C, H2S).

¥ МҰРА

ХИМИЯДАН НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ – 2015

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

7 қазанда химия бойынша 2015 жылдың Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды. Олар: шыққан тегі швед, британдық Томас Линдаль (Tomas Lindahl), америкалық Пол Модрич (Paul L. Modrich) және тегі түрік, америкалық Азиз Санджар (Aziz Sancar). Нобель комитеті бұл ғалымдардың жасушада ДНК-ның қалыпты репликациясы кезінде немесе физикалық, немесе химиялық агенттердің әсері нәтижесінде туындайтын көптеген зақым-дануларды түзету және оларды іздеуге бағытталған маңызды, жасушаішілік жүйенің – ДНК-нің қалпына келу (репарация) механизмін зерттеуге қосқан үлестерін атап өтті. Бұл жүйе жұмысының бұзылуы бірқатар ауыр, тұқым қуалайтын аурулармен байланысты және онсыз өмірдің күрделі формаларының өмір сүре алуы да екіталай.

Бәрі неден басталды

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде, әртүрлі кәсіптегі адамдар оның қорытын-

дысын да әртүрлі шығарды. Саясатшылар әлемдік картаны қайта пішті, генералдар жаңа қару-жарақ түрлерімен тактика, стратегияларын қайта құрды... Дәрігерлердің де өзіндік қорытындылары болды. Соғыс жаңа түрдегі дәрілердің – антибиотиктердің таңғажайып күшін көрсетті, олар 1944 жылдан бастап ондаған мың адамдардың өмірлерін сақтап қалды. Сондықтан соғыс аяқталған соң көп ұзамай, әлі молекулярлық биологияның Меккесі бола қоймаған Колд-Спринг-Харбор зертханасында жұмыс істеген жас микробиолог Альберт Кельнер сол кезде мода болған және табысты болған жағдайда үлкен коммерциялық табысқа жетуге дәмелендірген тақырып – жаңа антибиотиктер немесе ол кезде белгілі болған антибиотиктердің үлкен мөлшерін өндіре алатын бактериялар мен микроскоптық

Page 36: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

36

саңырауқұлақтардың мутанттық формаларын іздеумен шұғылдана бастады. Кельнер стрептомицеттер дақылдарын мутация тудыру қасиеті сол кезде белгілі болған

ультракүлгін сәулесімен шағылыстырып көруді шешеді. Бірақ ол ісі басынан бастап дұрыс жүрмейді: тәжірибелердің қайталанып, жаңғыртылуы

нашар болады. Сәулелендірілген бір дақылдар жақсы өссе, басқалары нашар өседі және мұнда ешқандай заңдылық байқала қоймайды.

Егер Альберт Кельнер сондай ұқыпты ғалым болмаса және өз тәжірибесінің бүге-шігесіне дейін жазып жүрмеген болса, ол бұл жобасын жалғастырмай, тастап кетуі мүмкін еді және химия бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығы мүлдем басқа жұмыстар үшін берілуші еді. Бірақ тәжірибелерінің дұрыс жүрмеуінің барлық себептерін мұқият талдаған Кельнер дұрыс қорытынды жасайды. Ол бактериялар дақылдарын сәулелендірген соң, шыны су моншасына батырылған шыны құтыларда өсіреді. Терезеге қараған құтыларда бактериялар ультракүлгінмен сәулелендірілген соң, жақсы өсе бастайды, ал қараңғы жақтағы құтыларда нашар өседі.

Кельнер күн сәулесінің бактерияларда ультракүлгін келтірген зақымдануларды түзетуге көмектесетін қандайда бір үрдістің басталуына мүмкіндік тудыратынын аңғарады. Көп ұзамай бұл құбылысты фотореактивация деп атайды және ол биологтарға белгілі болған ДНК репарациясының бірінші түрі болады. Осы лауреаттардың бірі, Азиз Санджар, өзінің аспиранттық жылдарында фотореактивациялар жүйесінің толық күшін көрсететін өте тиімді тәжірибе жасайды, ол бактерияларды Петри табақшаларында ультракүлгіннің жойқын мөлшерімен 10 миллион жасушалардың ішінен бір ғана жасуша тірі қалатындай сәуле-лендіреді, соңынан оларды фотожарқылмен жарықтандырады. Ұзақтығы 1 миллисекунд жарық тірі қалған бактериялар санының жүз есе өсуіне жеткілікті болады!

Бірақ өкініштісі Альберт Кельнер біздің кезге дейін өмір сүре алмады және тіпті еңбек сіңірген танымалдылықты да ала алған жоқ, қазіргі кезде Википедияда ол туралы мақаланың болмауы туралы айтсақ та жеткілікті. Кельнерге тәуелсіз және бірнеше апта кейін фотореактивацияны Ренатто Дульбекко – ол атақты итальяндық-америкалық вирусолог та аңғарады, кейіннен репарацияны ашқаны үшін емес, обыр вирустарымен жұмысы үшін Нобель сыйлығын алған. Бір қызығы, Кельнер Дульбеккоға өзі ашқан жаңалық туралы хат жазады, бірақ Дульбекко ол хатты ультракүлгінмен сәулелендірілген бактериофагтардың тірі қалуы бойынша тәжірибелерін аяқтап жатқан кезінде алған екен. Кельнер мен Дульбекконың алған нәтижелері мен қорытындылары бірдей болады.

Сондықтан биылғы сыйлықтың тұжырымдамасы – «ДНК репарациясын ашқаны үшін» емес, «ДНК репарациясы механизмдерін зерттегені үшін». Алғашқы ашқан адамдар өмірден өтіп кеткен, және олар бұл саланың негізін қалады, - деп айтарлықтай ешкім болмаған. 2015 жылдың лауреаттары ДНК репарациясын зерделеуде орасан зор үлес қосқан, бірақ олармен қатар басқа, олардан кем емес ұлы ғалымдар да жұмыстар жүргізген. ДНК репарациясымен шұғылданатын зерттеушілер ортасында ол үшін Нобель сыйлығын бер-мейді деген пікірлер болған, себебі көптеген лайықты ғалымдардың ішінен лауреаттарды таңдап алу соншалықты қиын еді.

Бірақ Томас Линдаль, Пол Модрич және Азиз Санджардың зерттеулері туралы айтудан бұрын, жалпы ДНК репарациясы туралы бірер сөз айтқан жөн. Шындығында, бұл тіпті бір ғана емес, кем дегенде алты әртүрлі механизм, ал репарация ретінде нені қабылдау қажеттілігіне байланысты сегіз механизмге дейін жетуге болады.

Темекі тарту зиян, тыныс алу зиян,

өмір сүру зиян

«Әрбір минут өлімге жақындатады», - деп айтады. Биохимиктің көзқарасы бойынша бұл жай бос сөз емес. Барлық тірі ағзалардың ДНК-сына зақымдайтын факторлар үнемі әсер етеді. Олардың кейбіреуі сырттан келеді – сол ультракүлгін, радиация, біздің тағамымыздағы мыңдаған химиялық белсенді заттар.

Бірақ біз бөгет жасай алмайтын ішкі факторлар анағұрлым маңызды болып табылады. Мұндай негізгі факторлар үшеу. Біріншіден, біздің зат алмасуымыз толық оттекті тыныс алуға негізделген. Митохондрий – оттегі оларда біздің жасушаларымыздың «энергетикалық валютасы» АТФ өндіруге пайдаланылатын жасушалық органеллалар абсолютті тиімділікпен жұмыс істемейді және оттегінің аралық белсенді формалары олардан шығып кетіп, ДНК-ны зақымдай алады. Екіншіден, біз, орташа алғанда, 60 % судан тұратынымыз белгілі, ол да

Page 37: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

37

белсенді қосылыс және үнемі ДНК-ны гидролиздейді. ДНК-ны зақымдау көздерінің тағы біріне олар көшірмесін жасайтын – ДНК-полимераз ферменттердің қатесі жатады; қате енгізілген нуклеотидтердің саны әрбір жасушалық бөлінуге шамамен 300 000 құрайды.

Проблеманың масштабын көрнекі түрде көрсетуге қарапайым есептеу мүмкіндік береді. Егер адамның бір жасушасының ДНК-сын Транссібір магистралі түрінде елестетсек және зақымданулардың барлық белгілі түрлері үшін бағалау мәндерін бірге біріктірсек, онда әр күні адамның әрбір жасушасының ДНК-да туындайтын зақымданулар саны Транссібірдің әрбір 100 метріне бір бұзылудан келеді. Мұндай жүктемені кез келген ағза көтере бермейді.

Біздің әлі күнге тірі жүргеніміз ДНК репарациясының еңбегі. Бұрын айтылғандай, оның негізгі алты механизмі бар және олардың алтауына биылғы лауреаттардың тікелей қатысы бар.

Репарация. Ең қарапайым әдіс

Алдымен фотореактивтацияға қайта оралайық. Бұл – ДНК-ның зақымданған звеносы

қандай да бір аралық қадамдарсыз қалыпты күйге келетін реактивация механизмінің жеке немесе тікелей қалпына келу мысалдарының бірі. Фотореактивация жағдайында: ультракүлгін сәуленің әсерімен ДНК-дағы тиминнің көршілес негіздері бір-бірімен және араласа алады және ДНК-ның құрылысын қатты өзгертеді және ДНК-полимераздарға зақымдалған учаскелердің көшірмесін жасауға мүмкіндік бермейді. Бактериялардың құрамында фотолиаза ферменттері болады, олар көрінетін сәуленің энергиясын димердегі негіздердің арасындағы байланысты бұзуға және оны қайтадан екі тиминге (1-сурет) айналдыруға пайдаланады.

1-сурет – Фотолиаза катализдейтін реакция

Азиз Санджардың карьерасы фотолиазаны зерттеуден басталған. Жоқ, ол оны ашқан

жоқ, оны 1950-ші жылдардың соңында Стэн Руперт (Claud S. (Stan) Rupert) ашқан болатын, оның зертханасына он бес жылдан кейін Стамбул университетінің жас маманы келеді. Санжар фотолиазаны бірінші рет клондайды, яғни оны кодтайтын генді бөліп алады, ал соңынан гендік-инженерлік ақуызды жасап шығарады. Бактерияларда табиғи фотолиазалар өте аз болады, сондықтан бұл жұмыс фотореактивацияны зерттеу үшін үлкен өзгеріс әкелген жұмыс болады, яғни ақуызды көп мөлшерде шығаруға және оны жан-жақты зерде-леуге мүмкіндік туады, Санжар осымен ұзақ уақыт және белсенді түрде шұғылданады. Химия саласындағы сыйлықтарды биологтарға берген кезде, химиктер жиі наразылық білдіреді. Бірақ фотолиазаның фотокатализі: ақуыз құрамындағы хромофор – 5,10-метенилтетрагидроптероилполиглутаматтпен сіңірілген фотонмен әкелінген энергия жолы – жүзеге асыратын күрделі химиялық жүйенің тамаша мысалы, қазір екінші хромофор (флавинадениндинуклеотид) арқылы циклобутанды пиримидинді димерге квантты механикалық сипаттамаға дейін зерттелген.

Кесіп тастау және ауыстыру

Нобель сыйлығын алу үшін осы жеткілікті ме? Кім біледі? Бірақ Азиз Санджар

фотолиазамен шектелген жоқ және сол кездегі «түсініксіз репарация» деп аталған құбылыспен шұғылданған. Шын мәнінде ультракүлгінмен сәулелендірілген бактериялар енгізілген зақымдарды түзетуге жарықта ғана қабілетті емес, тек бұл үшін анағұрлым көп уақыт қажет. Фотолиазаның мұнда қатысы жоқ, басқа ферменттер жұмыс істейді.

Page 38: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

38

Сол уақытқа қарай тимин димерлерінің қараңғыда ДНК-дан біртіндеп жоғалатындығы белгілі болған (бұл жаңалықты 1960-шы жылдардың басында Ричард Сетлоу (Richard B. Setlow ашқан, ол сол жылдың сәуірінде қайтыс болмаса, сыйлықтан үміткер болатын еді) және ультракүлгінмен сәулелендіруден кейін, жасушаларда ДНК-ның синтезі басталады (бұл жаңалықтың авторы Филип Ханаволт (Philip Hanawalt) әлі тірі және өзінің 84 жасында белсенді жұмыс істейді, бірақ сыйлық оны айналып өткен). Үш ген белгілі болған, олар түсініксіз (темновая) репарация үшін жауап берген, оларды uvrA, uvrB және uvrC (uvr — ағылшынның «UV-resistant» сөзінен, ультракүлгінге тұрақты) деп атаған, бірақ осының бәрі жасушада қалай жүретіндігі мүлдем түсініксіз болып қалған. Тағы да негізгі проблемалар – жасушадағы бұл ақуыздардың өте аз болатындығы және осыған байланысты оларды зерттеу өте қиын екендігінде.

Санджар осы мәселемен шұғылданып, алғашында басқа жасушалық ақуыздармен аз мөлшерде ластанатын қажетті өнімнің көп артық мөлшерін алуға мүмкіндік беретін бактериялық «макси-жасушаның» нағыз фантастикалық әдісін жасаған. 1970-80-ші жылдар-дың шегінде ондаған зертханалар оларды әртүрлі ақуыздарды сәйкестендіру үшін пайдаланған, ал өнертапқыштың өзі оның көмегімен uvrA, uvrB және uvrC гендерінің белоктық өнімдеріне жылдам сипаттама берген және олардың эксцинуклеаза (Excinuclease) деп аталған комплекс түзетіндігін көрсеткен, ол тиминдік димердің айналасында өлшемі 13 жұп нуклеотидтік ДНК кесегін кесіп алуға қабілетті болған. Осыдан механизм тұтас нуклео-тидтердің эксцизиялық репарациясы деген ат алған (2-сурет). Ары қарайғы зерттеулер зақымданған жерлері бар фрагменттерді кесіп алған соң, ДНК-полимераза ДНК тізбегінің қалыпты учаскесін синтездейді және репарация үрдісі ДНК негізінің тұтастығын қалпына келтіретін ДНК-лигаза ферментімен аяқталады.

2-сурет – Нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясы

Соңынан анықталғандай, нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясы өмір үшін,

негізінен, фотореактивацияға қарағанда анағұрлым маңызды болып шыққан. Мысалы, адамда фотолиаза жоқ – сүт қоректілердің ішінде оны тек қалталылар ғана сақтап қалған, ал басқаларында тәуліктік ритмге жауап беретін (мұны да Санджар ашқан) фотолиаза гомологтары, криптохромалар сақталған. Сондықтан біздегі ультракүлгін жарықпен туды-рылған зақымданулардың репарациясы толығымен тек нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясына сүйенеді. Бұл жүйенің ақуыздары біздегі бактериялыққа мүлдем ұқсамайды, бірақ жұмыс істеу принципі сол сияқты – ДНК бөлігін кесіп алады және оны жаңасына ауыс-тырады. Нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясының ақаулары тұқым қуалайтын ауыр ауру – пигменттік ксеродерманы туғызады, мұнда күнде аз уақыт қана болудың өзі күюге

Page 39: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

39

әкеледі және бірнеше жыл ішінде тері обыры дамиды. Тері ғана емес, пигменттік ксеродерма үшін тіл ұшының обыры өте тән – адам жарық жерде кеберсіген ернін жалайды және ДНК-да репарация болмаған жағдайда, мутация және обыр тудыратын осынша зақымдар туындауы үшін бірнеше секунд жеткілікті болады. Фотореактивация – тиминдік димерлер үшін ғана тән үрдіс, басқа зақымдарды ол түзетпейді, ал нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясы әмбебап және ДНК-ның өте көп әртүрлі зақымдануларымен күресуге көмектеседі, мысалы темекі түтініндегі канцерогендер тудыратын зақымданулар.

Нуклеотидтердің эксцизиялық репарациясының осындай артықшылығын айта келіп, оның біздің ДНК-да туындайтын барлық зақымданудың көп дегенде 10 % ғана түзететіндігін атап өту керек. Қалғандары басқа екі лауреат ашқан жүйелердің қарамағында болады. Олардың әрекет ету принципі де ДНК-ның зақымданған бөлігін жоюға және оны қайталап синтездеуге негізделген, бірақ механизмдеріндегі айырмашылық өте үлкен.

Сәйкес келмесе не істеу қажет Алдымен мисматч-репарация туралы айтайық. Оның жолы болмады, тіпті аты да

біртүрлі: бұл саладағы терминология Ресейде ғылым саласында барлығы да дұрыс болмай тұрған 1980 жылдардың соңында қалыптасқан, сондықтан жалпы қабылданған термині жоқ – кейбіреулер жай ғана ағылшынның mismatch repair сөзін, ал кейбіреуі «гетеродуплекстерді репарациялау», «негіздердің ережелік емес жұптарының репарациясы» аттарын пайда-ланады. Қандай жағдай болса да, бұл жүйе егер ДНК-полимераз синтез кезінде ДНК-ға қажеттілерін емес, басқа нуклеотидтерді қосатын болса, A:T және G:C жұптарын емес, басқа нәрсе, мысалы G:Т, түзетін болса, қателерді түзетеді. Мұндай жағдай сирек болады, бірақ болып тұрады, себебі ешқандай фермент жүз пайыздық дәлдікпен жұмыс істемейді.

ДНК-полимераздың мұндай қателерін түзету кезіндегі негізгі проблема – дұрыс қосылмаған нуклеотидтерді қайтып әкету емес, оның дұрыс қосылмағандығын қалай білуге болатындығы. Шындығында, біз осыған дейін ДНК тізбектеріндегі зақымдар туралы айттық, – олардың құрылысы дұрыс түрдегіден айрықша болады және оларды қандай да бір жолмен тануға болады. Ал екі нуклеотид те дұрыс болса, бірақ бір-біріне сәйкес болмаса не істеу керек? Олардың қайсысы бастапқы ДНК-да, аналық тізбекте болды, ал қайсысы оның еншілес тізбегіне қате қосылған?

Көптеген бактериялар тізбектілікте-GATC- болатын аденин негізіне арнайы фермент, (ДНК-метилаза Dam) енгізетін метильдік топтың көмегімен аналық тізбекті таңбалай отырып, осы проблеманы шешеді. Осылайша, бұл тізбектілік ДНК синтезінен кейін бірден бірнеше минут барысында полиметильдік түрде қалады, яғни аналық тізбегінде метильдік тобы болады және қайтадан синтезделген еншілес тізбегінде олар болмайды. Мисматч-репара-ция жүйесі іске қосылуы үшін осы уақыт жеткілікті. Адамда аналық және еншілес тізбектерді айыратын механизм басқаша және күрделірек, репликация кезінде кейбір ақуыздарды асимметриялық байланыстыруға негізделген, бірақ ол бәрібір болады, мисматч-репарация мұндай механизмсіз жұмыс істей алмайды.

Тізбектерді метильдік топтармен таңбалаған соң жүретін барлық уақиғалар қалай дамиды? Міне, Модричтің ДНК репарациясын зерттеуге қосқан негізгі үлесі – осы. Модрич осы салада жұмыс істей бастаған уақытқа дейінгі жағдай Санджар тап болған жағдайды еске түсіреді: репарацияға қажетті (mutH, mutL и mutS) гендер белгілі болған, бірақ бұл жолда әрбір ақуыз не істейді және қалай әрекет ететіндігі туралы ешкім білмеген. Модрич бір нуклеотидке айырмашылығы бар бактериофагтар ДНК тізбектерінің арасындағы дуплекс-тердің түзілуіне негізделген элегантты жүйені ойлап тапқан, бұл оған нуклеотидтердің дұрыс емес жұптарының тағдырын нақтылап – репарация жүйесіндегі оқшауланған ақуыздары барларымен және бактериялар жасушаларымен біргелерін қадағалауға мүмкіндік берді. Үрдіс жартылай метилденген GATC-тізбектіліктерімен репликациядан соң бірден басталады, MutH белогы байланыстырылады. Нуклеотидтердің дұрыс емес жұптарымен бірге бір уақытта MutS ақуызының екі молекуласы байланысады. Ғалымдар 2000 жылы MutS құрылымын анықтағанда, ақуыздың екі молекуласы – арасына ДНК қысылған дұға жасау кезінде қосылған алақандарға өте ұқсас болып шыққан. MutН және MutS димерінің арасындағы арақашықтық оларға өзара әрекеттесуге мүмкіндік жасаған кезде, MutН ақуызы GATC-тізбектілігіндегі метилденбеген тізбекті бөлшектейтін – эндонуклеазаға айналады.

Page 40: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

40

Осы үзілгеннен бастап ДНК-ның еншілес тізбегі байланысқан MutS ақуызы бағытында алшақтайды. Негіздердің дұрыс емес жұбына жеткен кезде, ДНК-ның бұзылуы тоқтайды, содан соң ДНК-ның жетіспейтін учаскесі қайтадан синтезделеді.

3-сурет – Мисматч-репарация Пол Модрич зертханасында бактериялардағы және адамдағы мисматч-репарацияның

негізгі принциптері ашылды. Біздегі мисматч-репарация жүйесі бактериялыққа өте ұқсас, тек аналық және еншілес тізбектерді ашу принциптері өзгеше. Мисматч-репарацияға жауапты гендердегі мутация - ішектердің тұқым қуалайтын обыр ауруына әкеледі және осы аурудың ең кеңінен таралу себебі болып табылады.

Ең маңызды жүйе

Ақыр аяғында репарацияның үшінші негізгі жүйесі – негіздердің эксцизиялық репарация-

сына көңіл аударайық. Негізі, тіпті болмаған жағдайда мәні бойынша, оны бірінші деп атаған дұрыс болар еді, себебі ол барлық зақымданулардың басым бөлігін жояды. Оларға ДНК-да су мен оттегінің әсерінен міндетті түрде пайда болатын зақымданулар жатады, бірақ ол көптеген басқа зақымдануларды да түзетеді. Репарацияның басқа жүйелеріндегі бұзылулар ауыр аурулар туғызса, адамда негіздердің эксцизиялық репарациясының жарамсыздығы, сирек жағдайларда болмаса, ауру түрінде байқалмайды – мұндай балалар туылмайды, эмбриондар ең алғашқы кезеңдерде өліп қалады.

Негіздердің эксцизиялық репарациясындағы ең қызықтысы, оның «қаламсап ұшында» деп аталатындай ашылуы шығар. Бір кездерде француз астрономы Урбен Леверье Уран орбитасындағы ауытқулар туралы ойланып, нәтижесінде Нептунды ашады, ал 1970-ші жылдарда Томас Линдаль ДНК-ның химиялық реактивтілігі туралы ойланып жүріп,

Page 41: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

41

нәтижесінде оның репарациясының жаңа механизмін ашқан екен. Линдальдің өзі оны «Ақ кітап» - ағылшын тіліне аударылған, әлемнің биохимиялық зертханаларында қолдан түспейтін кітапқа айналған академик Н.К. Кочетковтың авторлармен бірлесіп жазған «Нуклейн қышқылдарының органикалық химиясы» монографиясы шабыттандырғанын айтқан. Оны оқып, биолог Линдаль ДНК туралы - ультракүлгін, радиация немесе химиялық мутация тудырушылардың әсерімен тек сирек жағдайда зақымданатын химиялық тұрақты молекула ретіндегі түсініктерінің түбегейлі дұрыс еместігін түсінеді – ДНК сулы ортада үнемі зақымданады. Екі қарапайым және жеңіл жүретін екі реакцияны – цитозиннің урацилге айналуы (қалыпты жағдайда РНК-да кездеседі, ДНК-да кездеспейді) және апуринизацияны (ДНК-дан аденин немесе гуаниннің ұсақтап жарылуы) таңдап, Линдаль олардың оқшау-ланған ДНК-да және тірі жасушада жүретіндігін жылдам көрсетеді. Сонымен қоса цитозиннің бір бөлігі урацилмен ауыстырылған ДНК-ны алып, ол урацилді бос негіз түрінде аластаған ферментті – урацил-ДНК-гликозилазаны аңғарған және осылайша репарацияның жаңа түрі ашылады.

4-сурет – Негіздердің эксцизиялық репарациясы Негіздердің эксцизиялық репарациясы жолымен негіздердің және апуринизирленген

нуклеотидтердің шағын зақымдануларының репарациялары жүреді, олар ДНК құрылысына айтарлықтай өзгерістер енгізбейді және сондықтан нуклеотидтердің эксцизиялық репарация жүйесі аңғармайды. Алдымен негіздердің зақымдануларын ДНК-гликозилаз класына жататын ферменттердің бірі аңғарады және олар оны ДНК-дан жұлып тастайды. ДНК-гликозилаздардың топтық айрықшалану қабілеті бар – олардың кейбіреуі ДНК-дан тек тотыққан пуриндік негіздерді аластатса, кейбіреуі – тотыққан пиримидиндерді, үшіншілері – алкилденген негіздерді, төртіншілері – урацилді және с.с. аластатады. Содан соң фермент АП-эндонуклеаза ДНК-ны зақымдалған жердің жанынан үзеді, ДНК-полимераз бір немесе бірнеше нуклеотидтерді түзеді және репараця ДНК-лигазамен аяқталады. Негіздердің

Page 42: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

42

эксцизиялық репарациясы үрдісіне тағы да бірнеше ақуыздар қатысады, бірақ олар қосымша роль атқарады.

Соңғы жылдары дайын шешімдерді пайдалануды жақсы көретін табиғат, негіздердің эксцизиялық репарациясын ДНК-ны жөндеуге ғана емес, сонымен қатар мүлдем бөтен нәрселерді жөндеуге де бейімдегендігі анықталды. Мысалы, адам жасушасының урацил-ДНК-гликозилазасын вирустармен күресу үшін пайдаланады, жеке алғанда ВИЧ-пен. Арнайы APOBEC ферменті бар, ол вирусты ДНК-дағы цитозинді тұтас урацилге айнал-дырады, ал урацил-ДНК-гликозилаза соңынан мұндай ДНК-ны жұлып алып жояды. Иммундық жауап урацил-ДНК-гликозилазаның қатысқанын талап етеді, ол бұл жағдайда әртүрлі антиденелердің туындауына жауап береді. Негіздердің эксцизиялық репарациясы эпигенетикалық үрдістердің – гендердің белсенділігін реттейтін ДНК-ны бағытталған модификациялаудың негізіне алынған. Обыр жасушаларында репарацияның кейбір жолдары ажыратылған – және қалған жолдардың ингибиторлары, негізінен негіздердің эксцизиялық репарациясы, қазір онкологияда жаңа, көп үміт күттіретін дәрі ретінде қарастырылады.

Өзінің көптеген жаңартпашылықтарымен қатар, Томас Линдаль ғылымға көптеген оқушылар тәрбиелеуімен де қызмет еткен. Оның лондондық Клэр-Холл зертханасы арқылы ДНК репарациясы саласындағы заманауи көшбасшылардың жартысына жуығы өтті десе де болады.

Сыйлықтан тыс

ДНК репарациясы – ресейлік ғалымдар қазір де әлемдік классикамен лайықты дауласа

алатын бағыттардың бірі екендігі жөнінде айтпағанымыз дұрыс болмас. Мұндағы «дауласса» сөзі қазір орынсыз: репарацияның – қатты бәсекелестік болмайтын сала екендігі тарихи қалыптасқан, керісінше, жетекші зертханалар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ресейде ДНК репарациясының негізгі зерттеулері Новосибирскідегі РҒА СБ химиялық биология және іргелі медицина институтының бірнеше зертханаларында жүргізіледі, бұл бағытта жұмыс істейтін бірнеше топтар: ММУ, РҒА Молекулярлық генетика институты, Санкт-Петербургтегі РҒА Цитология институтында, Петербург ядролық физика институ-тында бар.

ДНК репарациясы жоғарыда сипатталған жолдармен шектеліп қалмайды. Сонымен қатар рекомбинациялық репарация да бар, мұнда ДНК-ның дұрыс тізбектелуін қалпына келтіру үшін, оның басқа хромосомадағы көшірмесі пайдаланылады және ДНК-ның бір бөлігі жоғалып кеткенде, негомологиялық ұштарын жалғау жүргізіледі, бірақ бұл көбіне маңызды емес, себебі ол кодталмайтын облыстарға сәйкес келеді. Репарацияның осы екі түрі де ДНК-ның екі тізбектік үзілуін жөндеу қажет болғанда пайдаланылады. Зақымдануларға толерантты жүйелер де бар, мұнда жасуша оның геномында бәрі дұрыс емес болса да қызмет ете береді және тіпті бөліне де алады. Зақымдануларға жауаптың жасушалық жүйесі де бар, олар егер ДНК-сы бүлінсе, жасуша не істеу керек – бөлінуі, бөлінуді тоқтатуы және зақымдануларды репарациялауға талпынуы, өлуі тиіс пе екендігін анықтайды. Айтпақшы, соңғы жүйені зерттегендері үшін биылғы жылы американдықтар Стефан Эллидж (Stephen Elledge) және Эвелин Виткин (Evelyn M. Witkin) Ласкер сыйлығын алды, бұл –биомедицинада беделі жағынан екінші тұрған сыйлық, көбінесе Нобель сыйлығының жаршысы ретінде болады. Бірақ ДНК-ның бұзылуларына үйлестірілген жасушалық жауап жүйесін – SOS жауапты – бірінші болып ашқан 94 жастағы Эвелин Виткиннің армандаған медаліне жетуі екіталай. Нобель сыйлықты үш адамнан артыққа бөлуге бекер тиым салған, себебі лайықты кандидаттар әлдеқайда көп.

Page 43: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

43

¥ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

АЛЬФРЕД БЕРНХАРД НОБЕЛЬДІҢ ӨМІРІНЕН ҚЫСҚАША ОҚИҒАЛАР

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Нобель мырзаның шектен шығуы

Өзінің атын динамитті ойлап табуы және Нобель сыйлығын тағайындауы арқылы әлемге танытқан шведтік инженер-химик Альфред Бернхард Нобель (1833-1896 жж.) елден өзгеше және қарама-қайшылыққа толы тұлға болған. Нобель өзі туралы, - былай деп жазады: «Негізгі жақсы жағы: тырнақтарын әрқашанда таза ұстайды және ешкімге ешқашан ауыртпашылық түсірмеген. Негізгі кемшіліктері: отбасы жоқ, мінезі жаман, денсаулығы және ас қорытуы нашар». Нобель өз өмірінде негізінен жарылғыш заттар, оқ-дәрілер және детонаторлар ойлап табудағы өнертабыс-тарына шамамен 350 патент алған. Нобельдің ешқандай арнайы білімі болмағанымен, ол өзінің ерекше қабілетінің арқасында

химия, физика, бірқатар техникалық ғылымдарды жеңіл үйренген; сонымен қатар медицина, тарих, философия мен әдебиетпен де таныс болған; Еуропаның алты тілін жетік білген. Нобель 93 зауыттың иесі (бірге иемденушісі) болған. Оның бойында былай қарағанда бір-бірімен үйлеспейтін мінез ерекшеліктері: пайда табуға деген құмарлық, атақ-даңққа нем-құрайлылық, коммерциялық табыстар мен тұрмыстағы дәрменсіздік, пацифистік пен бет қайтпастық, жиі жабығулар мен ғылыми зерттеулермен қатты құштарлықпен айналысуы – үйлесіп жататын. Ол тұйық, көп сөйлемейтін адам болған, бірақ кей-кезде сондай тілі ащы-лығын көрсететін. Нобель әсіресе өмірінің соңғы жылдарында өте ашуланшақ және тұйық болып кетеді. Бірде, одан баспасөз үшін өзі туралы айтып беруді өтінеді, сонда Нобель: «Альфред Нобель – бұл шала-жансар, жұпыны адам, бірақ шын мәнінде адамсүйгіш, мейірімді дәрігер ол өмірге айқаймен кірген кезде оны тұншықтырып тастауы керек еді», - деп бастайды.

Нобель 1896 ж. өзінің Сан-Ремодағы зертханасында қайтыс болады және өзінің бар байлығын ғылымның игілігіне жұмсауды өсиет етіп кеткен.

Нобель, математика және әйелдер

Нобель өзінің өсиетінде физика, химия, физиология және медицина салаларындағы ашылған үздік жаңалықтар үшін, сондай-ақ идеалистік бағыттағы әдебиеттік туындылар жасағаны және бейбітшілікті нығайтудағы қосқан үлесі үшін халықаралық сыйақы тағайын-далуы туралы хабарлағаны бәріне мәлім. Келтірілген тізімнен білімнің көптеген салалары-ның Нобель сыйлығын ізденушілер тізбесіне кірмей қалғаны көрініп тұр. Бұл ғылымдардың өкілдері «динамит әкесінің» бұл шешіміне жайбарақат қараған. Тек қана математиктер «ғылымдар патшайымының» лауреаттар тізімінде болмауына сене алмаған. Олар математиктердің Нобельдің өсиетінде болмауын түсіндіру үшін қандай түрлі болжамдар айтпады дейсің. Ең кеңінен таралғандарының мағынасы: Нобель математиканы лауреаттар тізімінен сызып тастағаны – бұл сыйлыққа ең бірінші талапкер швед математигі М.Г. Миттаг-Лефлер (1846-1927 жж.) болған. Бірақ Нобель оны өте жек көрген, себебі математик оның әйелін алып кеткен-мыс. Сондықтан Миттаг-Лефлер сыйлықты алмауы үшін, Нобель математиканы өз тізімінен сызып тастаған. Бірақ, біріншіден, Нобель ешқашан үйленбеген. Екіншіден, Миттаг-Лефлер 1882 жылдың өзінде Сигне Ю.Э. Линфорсқа үйленген және оны-мен өмірінің соңына дейін тұрған. Үшіншіден, Нобельдің он бес жылдай бірге тұрған және өсиетті жазатын жылы шынымен де күйеуге шығып кеткен соңғы махаббаты математикті бақытты етпеген, ол кавалериялық офицерге күйеуге шыққан.

Айта кетсек, өсиетін жазар жылы Нобель 62 жаста болған және оның бозбалаша

Page 44: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

44

құмарлығы асып тұрды деп айтуға болмайтын шығар. Үнемі түнерген және тұйық, дөрекі болғандықтан, ол кей кезде әйелдер туралы жағымсыз сөйлейтін. Мысалы, Нобель өзінің хаттарының бірінде былай деп жазады: «Маған Париж әйелдерінің әңгімелері мен білетін-дердің ішіндегі ең қызықсызы болып көрінеді, бірақ ақылды және толық эмансипациялы емес орыс әйелін кездестіру жанға өте жайлы екенін білемін. Тек, бір өкініштісі, олар сабынды пайдалануға құлықсыз, бірақ олардан өте көп нәрсе күтуге де болмайды ғой».

Осындай жолдардың авторының бір әйелге бола тұтас бір ғылымды өкпелетуі мүмкін емес қой.

¥ ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

АНТОЦИАНМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент; Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Р. Киплинг «Көк раушангүлдер» өлеңінде: Сүйіктіме бірде сыйладым, Құшақ толы раушангүл Ол алмады – жылады: Көк раушангүл тап, – дейді Әлемді бекер шарладым, Күн астында көк раушангүл Өспейтінін білмедім, – деп жазады. Ақын көк раушангүлін таппады. Оның химик – досы

болмағаны өкінішті-ақ. Ол ерке қыздың тілегін орындауға көмектесер еді. Тәжірибені келесідегідей жүргізеді: Петри табақшасына мүсәтір спиртін құяды. Жанына құты қойып, оған қызыл раушангүл қояды. Үстінен барлығын шыны қалпақпен

жабады. Біраз уақыт өткен соң, раушангүл көк түске боялады. Мәселе мынада: гүлдің жапырақтарындағы бояғыш антоциан сілтілік ортада көк түске ие болады. (Егер орта әлсіз сілтілік болса, раушангүл күлгін түске ие болады).

Көп жағдайда органның түсі жасуша сөлінің қышқылдылығына байланысты болатынды-ғына келесі қарапайым және қызықты тәжірибемен көз жеткізуге болады.

Тәжірибе үшін: гүл тәждерінің түсі әртүрлі өсімдіктердің 3-4 түрі, 2 шыны қалпақ, 2 қалпақ астына қоятын түпқойма, аммиактың сулы ерітіндісі, концентрленген «түтіндеп тұрған» тұз қышқылы қажет.

Гүл тәждерінің түсі әртүрлі: қызыл, көгілдір, күлгін, ақ түсті гүлдерден 3 бірдей гүлшоқ-тарын дайындаңыз. Әсіресе раушангүлдермен нәтижесі әдемі шығады. Бірінші гүл шоғын (тексеру үшін) су құйылған стақанда қалдырыңыз. Екіншісін аммиак буына орналастырыңыз. Ол үшін шыны түпқоймаға суы жоқ стақандағы гүл шоғын қойыңыз. Жанына кішкене стақанда немесе шынышақта аммиактың сулы ерітіндісін қойыңыз. Жылдам шыны қалпақпен жабыңыз. Үшінші гүлшоғын ішіне концентрлі тұз қышқылы құйылған стақанның жанына қойыңыз. Қалпақпен жабыңыз. Есіңізде болсын, қышқыл гүлге ғана емес, үстел бетіне де шөгеді. Сондықтан түпқойғыш қажет. 15-30 минут бойы, жасушаларға аммиак немесе қышқыл буларының өтуі барысында антоциандар комплексінің түсі және олардың бірге жүретін сары пигменттермен түстік үйлесімдігі біртіндеп өзгере бастайды. Гүл тәждерінің гүл жапырақтары қышқыл буларының әсерінде тұрған нұсқада көк түсті жапырақтарда ашық қызыл және қызыл түстер пайда бола бастайды.

Гүл тәждерінің гүл жапырақтары аммиак буларының әсерінде тұрған нұсқада түстердің өзгеруі сан алуан болады. Бұның себебі – жасуша сөлінің қышқылдылығы қышқылдан сілтілікке қарай өзгере бастағанда, түстері қызылдан көк-күлгін реңк арқылы жасыл және сары түстерге дейін өзгереді. Тәжірибеге дейін гүл тәждері қызыл, ашық қызыл реңде болғандар ерекше түске ие болады. Қою қызыл түсті раушангүлдер гүл жапырақтарының түсі аммиак атмосферасында алғашында жасыл түстің әртүрлі реңдеріне дейін өзгереді, соңынан қоңыр түске өтеді. Түсінің мұндай өзгеруі раушангүл жапырақтарында бір уақытта жапырақтарға қызыл түс беретін антоциандармен бірге сары пигменттер – флавонолдардың да болуына байланысты. Аммиактың әсерімен флавонолдардың түсі де өзгереді: ашық сары бояу сары-тоқсары, қоңыр түске өтеді.

Page 45: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

45

¥ АЛҒЫРЛАР ҮШІН

«ГАЗДАР ПАТШАЛЫҒЫ» СӨЗЖҰМБАҒЫ

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент; Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Сөзжұмбақта 1-ден 7-ге дейінгі нөмірлермен бөлінген әріптерден құралуы тиіс кілт сөз –

XVII ғасырдың басында ғылымда «газ» атауын пайдалануды алғаш ұсынған голландық табиғи ғылымдарды сынаушының тегі.

Көлденеңнен: 3. Қара металдарды пісіріп, дәнекерлеу үшін оттегімен бірге пайдала-нылатын газ. 5. Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында түзілетін және тірі организм-дерді Күннің ультракүлгін сәулеленулерінің зиянды әсерінен қорғайтын газ. 7. Грекшеден аударған кезде «газ» термині қай сөзден шыққан? 19. Хладондар (фреондар) тобының өкілі болып табылатын газ.

Тігінен: 1. Газдарды сақтау және тасымалдауға арналған сыйымды ыдыс. 2. Эколо-

гиялық таза отын ретінде пайдаланылатын ең жеңіл газ. 4. Ашты миндаль иісі бар улы газ. 6. Фотосинтез үрдісінде түзілетін және тыныс алу, жану және шіру үрдістерін қамтамасыз ететін газ. 8. Түссіз және иіссіз газ, шектік көмірсутек, автомобильдер үшін түтінсіз мотор отыны ретінде пайдаланылады. 9. Ауаның негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын газ. 10. Грек тілінен аудармасы «бөтен» деп аталатын бағалы газ. 11. Грек тілінен аудармасы «жасырын» деп аталатын бағалы газ. 12. Грек тілінен аудармасы «күн» деп аталатын бағалы газ. 13. Сулы ерітіндісі мүсәтір спирті деп аталатын, өткір тұншықтырғыш иісі бар түссіз газ. 14. Қызып кеткен сабан немесе шіріген жемістердің иісі бар улы газ. 15. Шіріген балықтың өткір иісі бар улы, түссіз газ. 16. Грек тілінен аудармасы «әрекетсіз» деп аталатын бағалы газ. 17. Грек тілінен аудармасы «жаңа» деп аталатын бағалы газ. 18. Көкөністер мен жемістердің пісіп, жетілуін жылдамдататын газ. 20. Суды ыдырататындықтан сулы ерітінді түзбейтін, өткір тітіркендіретін иісі бар, әлсіз-жасыл түсті улы газ. 21. Өткір, тұншықтырғыш иісі бар, сары-жасыл түсті улы газ, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде химиялық қару ретінде пайдаланылған. 22. Жер қыртысының жарылған жерлерінен бөлінетін, ғимараттардың жертөлелерінде және бірінші қабаттарында жиналатын радиоактивті бағалы газ. 23. Иіссіз, түссіз газ, шектік көмірсутек, сұйытылған тұрмыстық отын ретінде пайдаланылады. 24. Батпақтық (кеніштік) газ, табиғи газдың негізгі құрауышы болып табылады.

Page 46: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №4(27), желтоқсан 2015

46

☼КОНКУРС

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент; Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

ІІ тур

1. Көлемі 3,36 л (қалыпты жағдайда) бутанды крекингілеу кезінде этан және этилен түзіледі. Крекинг өнімдерін түссіздендіруді қамтамасыз ете алатын бром суының (Br2 сал-мақтық үлесі – 1,6 %), салмағын есептеңіздер.

2. Салмағы 5 г техникалық карбитті судың артық мөлшерімен өңдейді және ацетилен

алады, ол күміс оксидінің аммиактық ерітіндісінің артық мөлшерінде салмағы 15,6 г күміс ацетиленидін түзеді. Техникалық карбиттегі СаС2 салмақтық үлесін анықтаңыз.

3. Картоптағы крахмалдың салмақтық үлесі 20 % тең. Салмағы 891 кг картоптан алуға

болатын глюкозаның салмағын есептеңіз. Өнімнің шығымы 50 %. 4. Салмағы 4,12 г амин қышқылын қыздырған кезде көлемі 896 мл (қалыпты жағдай-

да) газ бөлінеді. Амин қышқылының формуласын анықтаңыз, ол шектік болып табылады және екінші көміртектік атомында амин тобы бар.

5. Кен орындарының біріндегі табиғи газдың құрамында метан (көлемдік үлесі – 92 %),

этан (3 %), пропан (1,6 %), бутан (0,4 %), азот (2 %), көміртегі оксиді (IV), су буы және басқа жанбайтын газдар (1 %) бар. Көлемі 5 м3 (қалыпты жағдайда) газды жағу үшін қажетті ауаның көлемін есептеу қажет. Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % құрайды. Ауаның көлемін қалыпты жағдайға есептеңіз.

ІІІ тур

1. Салмағы 29 г темірдің бір оксидін тотықсыздандыру кезінде салмағы 21 г темір алынды. Темірдің қандай оксидін тотықсыздандырған?

2. Калий иодиді ерітіндісін күкірт қышқылының қатысуымен тотықтыру үшін салмағы 200 г

(ерітіндідегі K2Cr2O7 салмақтық үлесі 8,82 % тең) калий дихроматы ерітіндісі жұмсалған. Түзілген йодидтің салмағын есептеңіз.

3. Салмағы 28 г темірдің хлормен әрекеттесуі кезінде салмағы 77,7 г темір (II) және (III)

хлоридтерінің қоспасы түзілді. Алынған қоспадағы темір (III) хлоридінің салмағын есептеңіз. 4. Марганецті электролизбен марганец (II) сульфатының сулы ерітіндісінен инерттті

электродтарды пайдалану арқылы алады. Егер анодта көлемі 56 л (қалыпты жағдайда) оттегі бөлінетін болса, алынатын марганецтің салмағын анықтаңыз. Оттегі шығымының салмақтық үлесі – 100 %, ал металдікі – 80 % болатындығын есепке алыңыз.

5. Кермек суда кальций гидрокарбонаты (салмақтық үлесі – 0,015 %) және магний гидро-карбонаты (салмақтық үлесі – 0,005 %) бар. Кермектігін жою үшін көлемі 20 л суға қосу қажет болатын сөндірілген әктің салмағын есептеңіз. Судың тығыздығын 1 кг/л деп қабылдаймыз.

¥ ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №3(26) санында жарияланған сөзжұмбақтың жауаптары

«Сиқырлы сан “7”» сөзжұмбағы

1. Изопрен. 2. Радикал. 3. Парафин. 4. Крекинг. 5. Полимер. 6. Пиролиз. 7. Кучеров.

8. Бутнол. 9. Семенов. 10. Треонин. 11. Галоген. 12. Глюкоза. 13. Эйкозин. 14. Дивинил. 15. Водород. 16. Тетрозы. 17. Терпены. 18. Пептиды. 19. Сульфид.

Page 47: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 47

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті балалар!

Қазіргі заманда көптеген қызықты жайлар

болып жатыр, әсіресе белсенді жастар арасында.

Журнал беттерінде біздің үздік ұстаздарымызға

қандай мүмкіндіктер ашылғанын көрсеткіміз келеді.

Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді

автоматтандыру кафедрасының доценті Алонцева

Дарья Львовна өзінің халықаралық ынтымақтастық

тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ бұл нөмірде сіздерге ұнайтын тақы-

рыптар да бар. «Жауаптар мен шешімдер» айда-

рында профессор Василий Львович Никифоров олим-

пиадалық есептердің шешімдеріне талдау жасайды.

Бізге өз шешімдерін жіберген оқушылар әзірленген

алгоритмдер мен бағдарламаның жүзеге асыру

кодын салыстыра алады, сонымен қатар ұсынылған

есептердің күрделілігін бағалау және есептердің

шешімін өздігінен табуға дайындалу пайдалы

болады.

Біздің мекенжайымыз:

070010, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19,

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ,

ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасы,

тел.: 8 (7232) 54-03-56,

электронды мекенжай: [email protected]

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ КӘСІП ВИЗИТКАСЫ

Ақпараттық жүйелер .....................................................................................48 ДӘСТҮРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ

ШҚМТУ оқытушысы Д. Алонцева – TechWomen 2015 бағдарламасының қатысушысы: Сан-Франциско (Калифорния) және Вашингтон қалаларындағы (АҚШ) Силикон алқабындағы бес күндік тәжірибе аптасы ....................................50

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Олимпиадалық есептердің шешімдері .........................................................52

Наталья Денисова,

физика-математика

ғылымдарының кандидаты

ақпараттық жүйелер және

компьютерлік үлгілеу

кафедрасының меңгерушісі

Page 48: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 48

@КӘСІП ВИЗИТКАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Материалды дайындағандар: Наталья Денисова,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, ақпараттық жүйелер

және компьютерлік үлгілеу кафедрасының меңгерушісі;

Диана Назбиева, ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының инженері

Құрметті түлектер, біз сіздерге біздің кафедраның мамандықтары жайлы айтқымыз келе-

ді. Осы нөмірде сіздердің назарларыңызға «Ақпараттық жүйелер» мамандығын ұсынамыз.

АТ маманы – бұл ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, ендіру және сүйемелдеу

саласындағы маман. Мамандығы: 5В070300 «Ақпараттық жүйелер».

ПСИХОГРАММА Ойлау тәсілі: АТ маманы техникалық және жүйелік ойлауға, кеңістіктік түрде елестетуге,

зейін қою және ойын анық жеткізе білуге, жақсы оперативті жадыға, сонымен қатар ұзақ уақыт жадысында сақтай білуге қабілетті болуы тиіс.

Жеке тұлға типі: реалистік Қабілеттіліктері: үлестірілімді ақпараттық жүйелер теориясы, инжинирингтің қазіргі

заманғы әдістері, ақпараттық үдерістер мен жүйелерді модельдеу технологиялары мен оларды сипаттау модельдері, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың методологиялық негізі облыстарындағы білімдер. Ақпараттық жүйелерді жобалау, сүйемелдеу, конфигура-циялау, олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бағалау және әкімшілік ету үшін жеткілікті тәжі-рибелік дағдылары мен ептіліктері болуы. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және функциялау тиімділіктерін талдау және бағалау әдістерін білу. Ақпараттық жүйелердің аппараттық құрал-дарын кешендеу және олардың архитектураларын таңдау дағдыларына ие болу. АТ-жоба-ларын басқару әдістері, корпоративті ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу үдеріс-терінің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы түсініктерінің болуы.

Жеке қасиеттері, қызығушылығы, икемділігі: тәртіпті, жауапты, зейінді, өз ойын

жинақтай алатын, тез тіл табыса алатын, байсалды болуы. Базалық білімдер: алгоритмдеу және мәліметтер құрылымы; үлестірілімді ақпараттық

жүйелер теориясы; инжинирингтің қазіргі заманғы әдістері; ақпараттық үдерістер мен жүйелерді модельдеу технологиялары; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негіздері; ақпараттық жүйелерді әзірлеу және функциялау тиімділігін талдау және бағалау әдістері.

Жұмысшыға қойылатын кәсіби маңызды талаптар: жоғарғы техникалық білім, нақты

ғылымдар білімі, техникалық ойлау, аналитикалық қабілеттілік.

Page 49: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 49

Кәсіби АТ маманы келесілерді жасай білуі тиіс:

салалық және халықаралық стандарттарға сәйкес әртүрлі қолданыстардағы ақпарат-тық жүйелерді және олардың элементтерін жобалау;

ақпараттық жүйе компоненттерін инсталляциялау, баптау және ретке келтіруді жүзеге асыру, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және әкімшілік ету;

ақпараттық жүйелердің аппараттық құралдарын кешендеу және олардың архитектура-ларын таңдау;

ақпараттық жүйе сенімділігі мен қауіпсіздігін бағалау;

АТ-жобаларын басқару әдістерін қолдану;

компьютерлік жабдықтарды орналастыруды ұйымдастыру;

корпоративті ақпараттық жүйелердің жұыс істеуіне жұмсалған өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

кәсіби зерттеулер нәтижелерін талдау және синтездеу, өңдеудің математикалық әдістерін қолдану.

Кәсіби маңызды қасиеттер: жауапты, аналитикалық қабілетті, техникалық ойлау, өз

бетінше және командамен жұмыс істей алу.

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ. МӘНСАП Қызмет түрлері: ақпараттық жүйелер инжинирингісі мен реинжинирингісі үшін, әртүрлі

қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жобалау, жобалау-құрастыру және жобалау-технологиялық қызметтерінің басқа да түрлері үшін мамандар дайындау.

Кәсіби білімді қолдану облыстары: АТ маманы ақпараттық жүйелер мен мәліметтер

базасының заманауи АТ және инжиниринг/реинжиниринг әдістерін енгізе отырып, өндірістің келешегі бар салаларының инновациялық дамуын және жаңғыруын қамтамасыз етеді.

Кәсіби қызмет нысандары: департаменттер және кез келген мемлекеттік кәсіпорындар

мен жеке компаниялардың ақпараттық технологиялар бөлімдері. АТ-компаниялар, банктер. Мансаптық өсу келешегі: 1 категориялы инженер-бағдарламашы, 2 категориялы

инженер-бағдарламашы, инженер-бағдарламашы позициясынан АТ бөлімінің басшысына дейінгі мансаптық өсу мүмкіндігі бар. АТ маманы сондай-ақ ғылымға бет бұра алады: ауқымды ғылыми мәселелерді шешумен айналысады.

Жалақы: АТ маманы жұмыс орнына және жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне байланысты

айына 600-1000 $ жалақы алу мүмкіндігіне ие. Медициналық қарсы көрсетімдер: Бұл жұмыстар келесі аурумен ауыратын тұлғаларға

ұсынылмайды: жүйке-психикалық; көру талдағыштарын; сөйлеу (дауыс) аппараттарын тағатындар.

Тектес мамандықтар: Аталмыш мамандық бакалаврлары Қазақстан Республикасы

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылдың 21 мамырындағы №201-п-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметкерлердің лауазымдық біліктілік анықтамалығының талаптарына сәйкес қызметтің әртүрлі салалардағы мемлекеттік мекемелерде және коммерциялық құрылымдарда маман, инженер, инженер-бағдарламашы, жүйелік әкімші, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі әкімші лауазымдарында жұмыс істей алады.

Компаниялар: «КАЗЦИНК-АВТОМАТИКА» өнеркәсіптік кешенінің «КАЗЦИНК» ЖШС,

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы, «1С Рейтинг» ЖШС, «Rating» ЖШС, «Сигма» ЖШС, «КС» ЖШС, «УК ТМК» АҚ, «КЭМОНТ» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС.

Page 50: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 50

@ДӘСТҮРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ

ШҚМТУ ОҚЫТУШЫСЫ Д. АЛОНЦЕВА – TECHWOMEN 2015 БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

САН-ФРАНЦИСКО (КАЛИФОРНИЯ) ЖӘНЕ ВАШИНГТОН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ (АҚШ) СИЛИКОН АЛҚАБЫНДАҒЫ

БЕС КҮНДІК ТӘЖІРИБЕ АПТАСЫ

Материалды дайындағандар: Дарья Алонцева, аспаптар жасау және

технологиялық үдерістерді автоматтандыру кафедрасының доценті;

Диана Назбиева, ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының инженері

TechWomen бағдарламасы деген не? TechWomen – бұл 2010 жылы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің, атап айтқанда Білім және мәдениет жөніндегі мемлекеттік бюро мен Халықаралық білім институтының бастамасымен жасалған алмасу және кәсіби тәлімгерлік бағдарламасы. Биыл аталмыш бағдарлама кеңейтіліп, оған Орта Азиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Түрікменстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан әйелдер енгізілді. Ақпаратқа, оқуға, лауазымдық өсуді, арманға жетуді қамтамасыз ету үшін, оларды TechWomen саласында өз елдерінің қыздары мен әйелдеріне үлгі ету үшін TechWomen Африканың, Орталық Азияның, Таяу Шығыстың ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы көшбасшы әйелдердің жаңа ұрпағын біріктіріп, көмек көрсетеді.

Элизабет Холмспен Theranos семинарында

2015 жылы TechWomen кәсіби, мәдени тәлімгерлік және өз елдерінде өмірді жақсартуға

бағытталған әлеуметтік жобалар жасау үшін 19 елдің 99 қатысушысын біріктірді (Қазақстаннан 4 адам болды, қатысушыларға қойылатын талап пен конкурстық таңдау туралы мынадан оқыңыз: https://www.techwomen.org). Бағдарламаға қатысушыларға Силикон алқабындағы жетекші компанияларда (Сан-Франциско, Калифорния), атап айтқанда Google, Yahoo, Twitter, LinkedIn, Instagram, Mozilla, Juniper Networks, Tesla Motors және т.б. дағдыланудан өтуге мүмкіндік жасады, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту,

Page 51: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 51

СтартАптарды және т.б. жасау жөнінде семинарлар мен тренингтер өткізді, атақты бизнес-лидерлермен (мысалы Элизабет Холмс, Theranos) және АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің, Вашингтондағы Халықаралық білім беру министрлігінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырды. Сондай-ақ барлық қатысушылар өз елдерінде жүзеге асыратын (Қазақстанда жетім балаларға жоғары білім алуға көмектесу жобасы) өз командалық әлеуметтік жобаларын жасады.

Алынған тәжірибе өте маңызды болғаны сонша, оны қысқаша жеткізу оңай емес, сондықтан мұнда бағдарламаның бір бөлігінің ғана – кәсіби уағыздаушы кейбір аспектілері көрсетілген.

Көпұлтты командада жұмысты қалай ұйымдастыру керек, Құрама Штаттарда патентті қалай алу керек, басқа зерттеу топтарының ғылыми әзірлемелері туралы ағымдағы ақпараттарды алу, ғылыми қоғамды менің зерттеу командамның дамуы туралы құлақтандыру, компаниялардан инвестиция тарту, оларды ғылыми зерттеулерді қолдауға қызықтыру туралы болды.

Rami Rahim стажерлерімен Juniper Networks бас директорымен

Мен ойлағаннан әлдеқайда көп нәрсені алғанымды айта кеткім келеді. Мен маған арнайы

әзірленген кестеге сәйкес жұмыс істедім. Соның көмегімен кәсіби тәлімгерім, бизнес-жоспарлау және инновация бөлімінің бастығы Сара Наим барлық тілектерімді ескерді. Менің ісіме зертханаларда жұмыс істеу және компаниялар мен бөлім отырыстарына қатысу, «Патенттер», «Лицензиялар», «Juniper патенттік процесі», «Бизнес-жоспарлау», «Сайттар мен ақпараттық платформалар құру» (GoDaddy) семинарларын оқитын менің бөлімімнің жетекші сарапшыларымен 1:1 кеңестері мен көпшілік алдында сөйлеу (шешендік) дағдысын дамытатын арнайы тренингтер, сондай-ақ Беркли ұлттық зертханасындағы оқытатын және таныстыратын семинар кіреді. Біздің (Juniper Networks тәжірибеден 6 қатысушы өтті) жолымыз болды, себебі біздің компания жыл сайын өтетін Grace Hopper Celebration (http://anitaborg.org/event/grace-hopper-celebration-of-women-in-computing-2015/) конференция-сына Хьюстонға (Техас) жіберді. Бұл – 12 мың адам қатысатын, Силикон даласының жетекші компанияларының көрмесі ұйымдастырылған, жұмысқа қабылдану үшін резюме жинап, интервью алатын бірегей конференция. Баяндама жасаушылар ішінде Челси Клинтон, Cьюзен Войжитски (You Tube басшысы) және басқа да көрнекті көшбасшылар болды, олар біздің сауалдарға жауап берді! Және ең соңғысы, бірақ ең маңыздысы: Juniper Networks (https://www.juniper.net/us/en/company/leadership/) компаниясының жоғарғы басшылығының

Page 52: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 52

барлық мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда өзіміз туралы айттық, ынтымақтастық келешегін талқыладық, сұрақ қойып, оған жауап алдық. Әртүрлілік (шешімдер мен тәсілдердің, жас ерекшелігінің, мінез-құлықтың әртүрлілігі) компания жұмысы үшін негізгі болып табылатыны және икемді, жоғарғы технологиялық өндірісті ұйымдастыру мен көшбасшылардың демократиялығы өте әсерлендіреді.

Сонымен, мен мақсатыма жеттім. Менің кәсіби жобамның мәнін бір сөйлеммен сипаттауға болады: «Ақпаратты қорғаудағы, жобаларды, зерттеулер мен әзірлемелерді басқарудағы жаңа технологиялар, сондай-ақ әйелдерді технологиялық компанияларға өнімділігін артты-рудың және қоғамдық әл-ауқатты жақсартудың факторы ретінде жұмысқа тарту».

Тағылымдамада көріп-білгенімнің барлығын кәсіби өсу үшін және елімнің игілігіне жұмсаймын. Ең алдымен жаңа технологиялар көмегімен жобаларды басқаруды жақсарта-мын. Ағылшын тілін білуім анағұрлым тереңдеді, кәсіби байланыстар аясы кеңейді. Енді профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін семинар өткізіп, біздің әлеуметтік жобаны іске асырамын.

Мен TechWomen жобасына, мұндай тамаша тәжірибе алуға жағдай жасаған халықаралық бөлім мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың әкімшілігіне, сондай-ақ университетімізде ағылшын тілін меңгеруді дамыту жөніндегі бастамасы мен батыл шешімдері үшін Д. Серік-баев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймардановқа зор алғыс айтамын. Бұл бастаманың маңызы өте зор, оның ішінде TechWomen бағдарламасының жаңа қатысушыларын әзірлеу үшін де.

Келешек түлектерге айтарым: «Біздің ЖОО сіздерге ең жақсы мүмкіндіктер ашады».

@ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ

Материалды дайындағандар: Василий Никифоров,

ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры;

Сәуле Белгінова, ақпараттық жүйелер және

компьютерлік үлгілеу кафедрасының аға оқытушысы Кез келген есепті шешу – барлық білімді шоғырландыруды қажет ететін шығармашылық

жұмыс. «Физикалық» есептерді шешу физикалық заңдылықтарды білуді талап етеді. «Эконо-микалық» есептерді шешу үшін экономикалық заңдылықтарды білу керек. «Математикалық» есептерде, мысалға тригонометриялық есептерде, тригонометрия теоремаларын білу қажет.

Мысал ретінде төмендегі есепті қарастырайық. Үш құрбы (А, В және С) «естелікке» фотоға түспекші болды делік. Фотосуретке түсу барысында құрбылардың орындарын ауыс-тырып тұруының неше жағдайы бар екендігін анықтау керек. Олардың орналасу жағдайлары-ның алты нұсқасы бар: ABC, ACB, BAC, BCA, CAB, CBA.

Алайда, егер фотоға түсушілердің саны 4 немесе 5 болса, онда мұндай іріктеу тәсілін қолданған қиынырақ болар еді. Осындай есептерде бізге «Комбинаторика» ғылымындағы факториалды есептеу ережесі көмекке келеді: N! = 1 ∙ 2 ∙ 3 ∙ … ∙ N, мұндағы N – орын ауысты-руға қатысатындардың саны. Үш адам үшін орын ауыстыру нұсқалары 3! = 1 ∙ 2 ∙ 3 = 6. Бес адам үшін түрлі орын ауыстырулардың нұсқалары 5! = 1 ∙ 2 ∙ 3 ∙ 4 ∙ 5 = 120.

Программалық түрде факториалды есептеуді төмендегідей келтіруге болады: fak=1; for( i=1;i<=N;i++)

fak=fak*i; Тағы бір мысалды қарастырайық. Каникулдан кейін оқушылар (10 адам) мектеп алдында

кездесіп, қол алысып амандасты. Барлығын қосқанда неше рет амандасты? Есепті «іріктеу» әдісімен шешейік. Бірінші оқушы 9 жолдасымен қол алысты, екінші – 8,

үшінші – 7, т.с.с., тоғызыншы – 1 жолдасымен. Сонда жалпы қол алысып амандасу саны 9+8+7+6+5+4+3+2+1 = 45. Бұл есептің программалық іске асырылуы үшін бір ғана for циклі жеткілікті:

ruk=0; for( i=9;i>0;i--)

Page 53: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 53

ruk=ruk+i; «Комбинаторика» ғылымында түрлі үйлестіктер (қол алысулар) n-нің ішінде m-нен (10-ның

ішінде 2-ден) мына формуламен анықталады:

Сонымен, түрлі қол алысып амандасулардың барлық саны 45 болады. Программалауды үйренгің келсе, мына кітаптармен танысуға кеңес береміз: 7 томнан

тұратын Дональ Кнуттың «Искусство программирования для ЭВМ» кітабы. Бұл кітаптардың басылып шыққанына көп уақыт болса да, баспадан бірнеше рет қайтара басылып шығып, мазмұны жағынан әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ (ол соңғы рет 2010 жылы басылып шықты). Бұл кітаптарда суреттер болмаса да, ұсақ шрифтімен жазылса да, оны оқи алған адам программалау тәсілдерін игере алады.

Ал ойлау қабілетің жоғары, бірақ білімің әлі жеткіліксіз болған жағдайда не істеу керек? Мұндай жағдайда «Алгоритмдеу теориясынан» кез келген есептің шығару әдістемесін игеріп, шығару кезеңдерін анықтауды үйренген дұрыс.

Кез келген есепті шығарудың бірінші кезеңінде есептің мағынасын түсініп, негізгі талаптарын анықтау қажет. Толық жасалған сараптамадан кейін ғана алгоритм құрылады, яғни есептің шешімін табуға байланысты нақты қадамдар тізбегі жасалады.

Алгоритмді әзірлеу кезеңінде нақты алгоритм анықталмаса, есепті бірнеше өзара байланысқан бөлек есептер немесе бөлек блоктар түрінде қарастыру әдісін қолданған дұрыс. Блоктар бірнеше фрагменттерге, ал фрагменттердің өздері ары қарай бөлшектеніп қарастырыла алады. Есептің осындай жолмен бөлшектенуі нақты алгоритм анықталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Соңында жеке фрагменттердің алгоритмдері бүкіл есепті шешетін бір алгоритмге біріктіріледі.

Алгоритмді әзірлеу кезеңі маңызды кезеңдердің бірі болып есептеледі, өйткені бұл кезеңде есепті шешудің түрлі нұсқалары қарастырылады. Әсіресе алгоритмді дұрыс құру үлкен көлемді және күрделі логикалық есептерді шешуде өте қажет.

Қарапайым есептерді шешу кезінде есепті шешу алгоритмі интуитивті түрде анықталып қалуы да мүмкін.

Алгоритмді іске асыру кезеңіне қандай да бір программалау тілінде программалық кодты жазу және сол программаны тестілеу кіреді. Программаны тестілеу дегеніміз - программаны компьютерде іске қосу және оның жұмысының нәтижелерін қандай да бір нақты бақылау нүктелері арқылы тексеру.

Есепті шешу кезеңдерін анықтағаннан кейін ғана есепті шешуге кірісуге болады. Қарастырылып отырған презентацияны даярлау кезінде түрлі шешімдер нұсқаларын

«іріктеу» алгоритмдеріне байланысты олимпиадалық есептерді беру ұсынылды. Мұндай алгоритмдерді программистер, әдетте, басқа алгоритмдерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда жиі қолданады.

Презентацияға қойылған екінші талап – ол программалық кодының көлемі кішігірім болатын есептерді қарастыру. Осы талаптарды қанағаттандыратын есепті қарастырайық. Бұл есепті шешудің программалық кодтары C++ және Pascal тілдерінде жазылған.

(Inf_203) Есеп «Метро»

Кіру файлының аты Inf_203.in

Шығу файлының аты Inf_203.out

Максимал баға 6

Үлкен транспорттық проблемалары бар мегополисте жеңіл метро салынды. Ол қала орталығынан жан-жаққа тарайтын 6 радиалды жол тораптарынан және дұрыс алты бұрыш формасындағы k айналмалы жол тораптарынан тұрады. Метроның станциялары айналмалы және радиалдық жолдардың қиылыстарында орналасқан. Олардың әрқайсысында айналмалы жолдан радиалды жолға және керісінше ауысып отыруға болады.

Радиалдық жолдар сағат тілінің бойымен 1-ден 6-ға дейінгі ретпен нөмірленген. Айнал-малы жолдар қаланың орталығынан бастап нөмірленген (орталық – бір станциядан тұратын, нөлмен нөмірленген айналмалы жол). Бір радиалдық жолдың екі көршілес станцияларының арасындағы арақашықтық 1 км і-ші нөмірлі айналмалы жолдағы көршілес станциялардың арасындағы арақашықтық i км. Кез келген станция сандар жұбымен белгіленеді – ол станция орналасқан қиылыстағы радиалдық жолдың нөмірі r (1<=r<=6) және айналмалы жолдың

Page 54: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 54

нөмірі k (0<=k<=32000). Станциялар арасындағы ең қысқа жолды анықтайтын программа жазу керек. Кіру деректерінің форматы. Кіру файлында төрт сан бар – r1, k1, r2, k2 – бастапқы және

соңғы станциялардың координаталары. Шығу деректерінің форматы. Шығу файлында жолаушы бастапқы станциядан соңғы

станцияға жету үшін жүріп өтетін жолының ұзындығы (км).

Мысал

Inf_203.in 2 0 6 3

Inf_203.out 3

Есепті шешудің бірінші кезеңінде есептің мазмұнын және шешімге қойылатын талаптар толық анықталуы керек. Ол үшін кейде есептің берілген шартын сурет түрінде бейнелеген дұрыс (сурет).

Суретті талдағаннан кейін, есепті шешу алгоритмін бірнеше блоктарға бөлуге болады: - екі станция да бір радиалдық жолда орналасқан; - станциялар қарама-қарсы радиалдық жолдарда орналасқан (станцияның радиалдық

жолдарының арасындағы арақашықтық 3-ке тең), мысалы, r1 және r4, r2 және r5 немесе r3 және r6;

- станциялар арақашықтықтары 1 немесе 5 болатын радиалдық жолдарда орналасқан, мысалы, r1 және r2, немесе r1 және r6;

- станциялар арақашықтықтары 2 немесе 4 болатын радиалдық жолдарда орналасқан, мысалы, r1 және r3, немесе r1 және r5.

«Метро» есебіндегі мегаполистің қарапайым метросының сызбасы (Inf_203)

Есептің шартына сәйкес, метроның радиалдық жол тораптары r және r+1 айналмалы жол

тораптарымен тең қабырғалы үшбұрыштар түзеді. Сондықтан станциялар арасындағы ең қысқа жолды табу үшін:

- алғашында радиалдық жолдармен айналмалы жолдар сәйкес болғанша қозғалу керек; - айналмалы жолмен қозғалу. Бұл кезеңде қозғалыстың ең минимал жолын таңдау –

айналмалы жолда «сағат тілінің бойымен» немесе «сағат тіліне қарсы» қозғалу керек. Көрсетілген шарттарды ескере отырып, программалық кодты төмендегідей жазамыз: #include "stdafx.h" #include "stdlib.h" #include "iostream" #include "fstream"

Page 55: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 55

using namespace std; int main() { setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы ifstream vodf; ofstream zapf; int r1,r2,k1,k2,put,n,k; vodf.open("Inf_203.IN",ios::in); zapf.open("Inf_203.OUT",ios::out); vodf>>r1>>k1>>r2>>k2; put=0; if(r1==r2) put = abs(k2-k1); if(abs(r1-r2)==3) put = k1+k2; if(abs(r1-r2)==1 || abs(r1-r2)==5) { n = abs(k1-k2); if ( k1>k2 ) k = k2; else k=k1; put = n+k; } if(abs(r1-r2)==2 || abs(r1-r2)==4) { n = abs(k1-k2); if ( k1>k2 ) k = k2; else k=k1; put = n + 2*k; } cout<<"put = "<<put<<endl;

zapf<<put; vodf.close(); zapf.close(); system("PAUSE"); return 0; } Работа программы: put = 3 Для продолжения нажмите любую клавишу . . . Код на программы на языке Pascal: Program metro; Var r1,r2,k1,k2,put,n,k:integer; Begin Assign(Input,'Inf_203.in'); Reset(Input); Assign(Output,'Inf_203.out'); Rewrite(Output); Read(r1,k1,r2,k2); put:=0; If r1=r2 then put:= abs(k2-k1); If abs(r1-r2)=3 then put:=k1+k2; If (abs(r1-r2)=1) or (abs(r1-r2)=5) then begin n:=abs(k1-k2);if k1>k2 then k:=k2 else k:=k1; put:=n+k; end; If (abs(r1-r2)=2) or (abs(r1-r2)=4) then begin n:=abs(k1-k2);if k1>k2 then k:=k2 else k:=k1; put:=n+2*k; end; Write(put); Close(Input); Close(Output); End.

Page 56: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 56

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті достар!

География дүниетанымдық ғылым ретінде филосо-

фиямен, географиялық жер қыртысындағы табиғат

байлықтарын зерттеу барысында физикамен, геоло-

гиямен, биологиямен, ал қоғамды аймақтық ұйым-

дастырудың тиімді факторларын негіздеу барысында

экономикамен, социологиямен, демографиямен және басқа

да ғылымдармен тығыз байланысты.

Географияда тарихи, жүйелік, математикалық,

кибернетикалық және басқа әдістер ұтымды пайдала-

нылады. География өзінің теориясы және әдістемелерімен

қолданбалы ғылымды байытады, осыған байланысты

ғылымның аймақтық экономика, геодемография, аймақ-

тық жоспарлау секілді және басқа да бағыттары жыл-

дам қарқынмен дамиды. Қазіргі заманғы географияның

зерттеудің планетарлық әдістерін пайдаланбай дамуы

мүмкін емес. Географияның ерекше функциясына біздің

планета мен оның табиғи-тарихи дамуы, мемлекеттер

туралы, ондағы жерлер мен тұратын халықтар туралы

білімді жинақтау және тарату жатады.

География, басқа ғылымдармен қатар, патриотизмге

және интернационализмге негізделген дүниетану және гуманитарлық ғылым. География-

лық білім «картаны оқу» дәстүрі бойынша мәдениет пен дүниеге ғылыми көзқарастың

маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан географияны оқу дүниедегі

көптеген елдердің мектептерінің, орташа арнайы және жоғары оқу орындарының оқу

бағдарламаларына енгізіледі.

Біздің журналдан сіздер көптеген танымдық және қызықты материалдарды таба

аласыздар. Бұл материалдардың сіздердің географияға деген қызығушылықтарыңызды

арттыратындығына және сіздердің қазіргі заман адамына сай білім алуларыңызға

мүмкіндік беретіндігіне біз сенімдіміз.

Сіздерге жемісті еңбек және табыс тілейміз!

Өздеріңіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі мекенжайға жіберулеріңізге

болады.

070010, Өскемен қаласы,

Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, Г-1-136,

8(7232) 540-206, электрондық мекенжай: ALoginovskaja@bk/ru

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНДЕ

ОҚУ ҮРДІСІ Топографиялық шартты белгілермен қалай жұмыс істеу керек .................. 57 ҰБТ-ға дайындық .......................................................................................... 61

ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ .................................................................................. 63 Қазіргі әлемдегі жаңа индустриалды ел....................................................... 64

МҰРА Орталық Азия аспаны астында ашылған тарихи-географиялық ескерткіш .................................................................. 65

КОНКУРС «Жас талап-KZ көшбасшысы»...................................................................... 66

Виктор Краузе,

теориялық және қолданбалы

экономика кафедрасының доценті

Page 57: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 57

ОҚУ ҮРДІСІ

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК

Материалды дайындағандар: Алена Логиновская, геодезия, картография және кадастр

кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

Карта география тілі екендігі белгілі. Сондықтан картамен жұмыс істеуді: карта бойынша географиялық координаталарды табуды, масштаб және градустық белдемдер бойынша картадағы арақашықтықтарды өлшеуді және рельефті тани білу керек. Олар тек оқу бағдарламасы мен ғылыми қызметте ғана емес, тұрмыстық жағдайда да қажет болады (автокөлік жолдарының карталарын, туристік карта-сызбаларын қолдану және т.б.).

Карталарды оқып білу үшін оның әліпбиін – шартты белгілерін білу қажет, оларды білмей картаны оқу түгілі, түсіну де мүмкін емес. Ең алдымен картаның классификациялық шартты белгілерін білу қажет.

Топографиялық (картографиялық) шартты белгілері – топографиялық карталарда жергілікті нысандарды белгілеуге арналған символикалық штрихты және фондық шартты белгілер. Топографиялық шартты белгілер: масштабтық (аудандық), масштабтан тыс, сызықтық және түсіндірмелі болып бөлінеді.

Масштабтық немесе аудандық шартты белгілер белгілі бір аумақты қамтитын және өлшемі масштабта белгіленген топографиялық объектілерді бейнелеу үшін қызмет етеді. Аудандық шартты белгі нысанның шекара белгісі және оның ішіндегі белгілер немесе шартты бояулардан тұрады. Нысан контуры нүктелі сызықпен (орман, шалғын, батпақты жерлер контуры), тұтас сызықпен (суат, тұрғын аймақ контуры) немесе шекара шартты белгісіне сәйкес (арықтар, шеткі аймақ) көрсетіледі. Контур ішіндегі белгілер белгілі бір тәртіп бойынша орналасады (кездейсоқ, шахматты, көлденең және тік қатар бойынша). Аудандық шартты белгілер нысанның орналасуын тауып қана қоймай, оның сызықтық өлшемдерін, ауданын және бейнесін бағалауға мүмкіндік береді.

Масштабтан тыс шартты белгілер картаның масштабында көрсетілмеген нысандарды белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгілер жергілікті заттардың өлшемдері туралы мәлімет бермейді. Жергілікті заттың орналасуына қарай оған белгілі бір нүкте белгісі сәйкестен-діріледі.

Мысалы, дұрыс формадағы белгі үшін (айталық үшбұрыш – геодезиялық желі пункті, шеңбер – цистерна, ұңғыма) – фигураның ортасы; нысанның болашақтағы суреті түріндегі белгі үшін (фабрикалық құбыр, монумент) – фигура негізінің ортасы; тік бұрышты негізді белгі үшін (жел қозғалтқышы, бензин колонкасы) – осы бұрыштың төбесі; бірнеше фигурадан тұратын (радиомачта, мұнай мұнарасы) – олардың ең төменгісінің ортасы. Мұнда ескере кететін жағдай, карта мен пландағы біркелкі жергілікті заттар ірі масштабта аудандық (масштабты) шартты белгілерімен, ал ұсақ масштабты картада – масштабтан тыс шартты белгілерімен көрсетілуі мүмкін.

Сызықтық шартты белгілер жергілікті жердегі созылған, ұзын нысандарды бейнелеуге арналған, мысалы: теміржол және автокөлік жолдарын, орман жолдарын, электр желілерін, бұлақтарды, шекараларды және т.б. Олар масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілері арасындағы аралықты алып жатады. Картада мұндай нысандардың ұзындығы карта масштабында, ал ені – масштабтан тыс көрсетіледі. Әдетте, ол бейнеленген жергілікті нысан енінен үлкенірек болып шығады, ал оның орналасу қалпына шартты белгінің бойлық осі сәйкес келеді. Сонымен қатар сызықтық топографиялық шартты белгілерімен көлденең сызықтары да бейнеленеді.

Түсіндірмелі шартты белгілер картада жергілікті заттарға қосымша сипаттама беру мақсатында қолданылады, мысалы: көпірдің ұзындығы, ені және жүк көтергіштігі; жол төсемінің ені мен сипаты, орман ағаштарының орташа жуандығы және биіктігі; өткел тереңдігі мен топырағының сипаты және т.б. Картадағы әртүрлі жазбалар мен нысандардың жеке атаулары да түсіндірмелі сипатқа ие; олардың әрқайсысы бекітілген шрифтімен және белгіленген өлшемдегі әріптермен орындалады.

Page 58: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 58

Құрылыстар және ғимараттар

Масштабты құрылыстар

Қолданыстағы шахталар

Масштабқа кірмейтін құрылыстар

Қолданылмайтын шахталар

Зауыт құбырлары

Құбырсыз зауыт пен фабрикалар

Электр станциялары

Бензин колонкалары, жанармай станциялары

Ағаш бағаналардағы электр беріліс желісі

Темірбетонды бағаналардағы электр беріліс желісі (биіктігі метрмен)

Жел қозғалтқышы

Жел диірмендері

Су диірмені және ағаш кесетін жер

Метеорологиялық станция

Омарта

Ескерткіштер мен монументтер

Құдық

Жел құдығы

Тырналы құдық

Бастау

Тасты кірпіш қабырға және металды қоршаулар

Қосжолды теміржол

Геодезиялық пункт

Орманшының үйі

Көпірі бар тас жолдар

Аэродромдар

Дала және орман жолдары

Қара және соқпақ жолдар

Топографиялық шартты белгілердің түстері барлық масштабты карталарда біркелкі.

Жайылымдар мен олардың контурларын және құрылыстарды, ғимараттарды, жергілікті құралдарды, тірек пункттерін, шекараларды көрсету үшін штрихты белгілер қолданылады. Олар қара түспен басылып шығады. Рельеф элементтері – қоңыр түспен; су қоймалары, суағарлар, батпақ жерлер, мұздықтар – көк түспен (су беті – көкшіл түсті); ағаш-бұталы өсімдіктер алқабы – жасыл түспен (аласа ормандар, жайылма өсімдіктер, бұталы ағаштар, жүзімдіктер – ашық жасыл түспен); өртке төзімді құрылыстар мен тас жол кварталдары – қызғылт сары түспен; өрт қауіпті кварталдар мен жақсартылған қара жолдар – сары түспен көрсетіледі.

Шартты белгілермен қатар топографиялық карталар үшін саяси-әкімшілік бірліктердің және түсіндірмелі терминдердің жекеменшік атауларының шартты қысқартулары бекітілген (мысалы, электрстанция – эл.-ст., болото-бол., оңтүстік батыс – ОБ).

Карта немесе план масштабына байланысты жергілікті құралдар әртүрлі сипатта көрсетіледі. Мысалы, егер елді мекен пункті 1: 2000 масштабты планда белгіленген болса, онда тек жеке үйлер ғана емес, сонымен қатар олардың формалары да көрсетілсе, ал

Page 59: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 59

1: 50 000 масштабты картада тек кварталдар, 1: 1 000 000 масштабты картада бүтін бір қала кішкене дөңгелекпен ғана белгіленеді. Осылайша үлкенірек масштабтардан кішірек масштаб-тарға ауыстыру барысында жағдай мен рельеф элементтерін жалпылау картаның генерали-зациясы (картаны жалпыландыру) деп аталады.

Төменде әртүрлі масштабтағы топографиялық карталарда қолданылатын негізгі шартты белгілер көрсетілген.

Өсімдік жамылғысы

Ормандарды сипаттау белгілері. Алымы – ағаштың биіктігі, бөлімі – дің диаметрі, оң жақтағы сан – метрмен алғандағы ағаш арасындағы арақашықтық

Жапырақты орман (бұл жағдайда қайың және үйеңкі)

Аралас орман (бұл жағдайда шырша және қайың)

Қылқан жапырақты орман

Жеке тұрған ағаш: 1-қылқан жапырақты, 2-жапырақты

Кесілген орман

Сирек орман

Бұталар

1 м-ден төмен шабындық

Жас өскін және көшеттер

Биік шөп

Қына өсімдіктер

Боранға қарсы бөгет

Қамыс және самырсын өскіндері

Өртенген және қурап қалған орман

Жеміс бақтары

Өтпелі батпақ – шөпті жамылғы

Өте алмайтын батпақ – қамысты жамылғы

Өтпелі батпақ – қамысты жамылғы

Өте алмайтын батпақ – көк шалғынды жамылғы

Қына жамылғылы өтпелі батпақ, 1,4 – тереңдігі метрмен

Өте алмайтын батпақ – қыналы жамылғы

Өтпелі сор жер

Өтуге келмейтін сор жер

Page 60: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 60

Рельеф

Абсолютті биіктік

Биіктіктің бағдарда белгіленуі

Оба, тӛбелер: 1 – масштабта (метрмен), 2 – масштабта емес

Шұңқырлар: 1 – масштабта (метрмен) 2 – масштабта емес

Жартастар және жарлы жартастар

Кертпеш және жарлар (биіктігі метрмен)

Кӛшкіндер

Топырақты және құмды сусыма

Горизонтальдар биіктігін метрмен белгілеу

Жыралар, мұндағы а – ені 1 мм-ден астам масштабта, б – 1 мм-ден кішірек, 8 – шеттерінің арасындағы ені, 4 – тереңдігі

Гидрография және су нысандары

Жарлы жағалар: 1 – жағажайсыз, 2 - жағажайымен (биіктігі метрмен)

Ӛзендер мен жылғалар

Кеме жүзетін ӛзендер мен каналдар, атаулары үлкен әріппен жазылады

Кемелер жүзбейтін ӛзендер мен каналдар, атаулары кіші әріппен жазылады

Бӛгет және жасанды белдер. Биіктігі метрмен кӛрсетіледі

Кӛлдер: 1 – тұщы, 2 - тұзды, 3 – ащы-тұзды

114,3 – су кемерінің белгісі. Стрелка ағу бағытын, жылдамдығын кӛрсетеді (0,2 м/сек) Ӛзен және каналдардың сипаттамасы: 170 - ені (м), 1,7 - тереңдігі (м). Топырақ түрі (П – песчаный Т – твердый, В - вязкий, К - каменистый)

Ӛткелдер/броды: 1,2 - тереңдігі, 180 – ұзындығы метрмен, Т – топырақ түрі, 0,5 – ағын жылдамдығы (м/сек). Ӛткел. Паром: 195 – ӛзеннің ені (м), 4х3 – паром ӛлшемдері (м), 8 – жүк кӛтергіштігі (т)

Металл кӛпір Темірбетон кӛпір Аспалы арқан кӛпір немесе шынжырлы кӛпір

Ажыратылмалы металл кӛпір Ажыратылмалы темірбетон кӛпір

Page 61: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 61

ҰБТ-ға ДАЙЫНДЫҚ

Материалды дайындағандар: Юлия Гусаренко,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының аға оқытушысы;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

«ГЕОГРАФИЯ» КУРСЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР 1. Жердің шар пішінді екенін бірінші болып дәлелдеген ғалым кім? А) Платон; В) Бехайм; С) Колумб;

D) Эратосфен; Е) Магеллан.

2. Солтүстік бағыт пен жер бетіндегі қандай да бір заттың арасындағы бұрыш қалай аталады? А) надир; В) буссоль; С) зенит;

D) азимут; Е) нивелир.

3. Тау жыныстарының сыртқы күш әсерінен ӛзгеру үрдісі қалай аталады? А) мелиорация; В) түрлену; С) метаморфизм;

D) аккумуляция; Е) желге ұшу.

4. Оңтүстік Американың солтүстігіндегі теңіз: А) Баффин; В) Эгей; С) Бофорт;

D) Кариб; Е) Арафур.

5. Тынық мұхит теңізіне жататындар: А) Балтық, Ақ теңіз; В) Кариб, Жерорта теңізі; С) Карск, Баренцев;

D) Жапон теңізі, Беринг; Е) Қара теңіз, Азов.

6. 1997 жылдан бастап Қазақстан территориясында ... облыс бар: А) 14; В) 12; С) 19;

D) 16; Е) 11.

7. Қазақстан Республикасының маңызды кӛмір-металлургиялық орталығы болып табылады: А) Оңтүстік Қазақстан; В) Солтүстік Қазақстан; С) Шығыс Қазақстан;

D) Орталық Қазақстан; Е) Батыс Қазақстан.

8. Солтүстік Қазақстан экспортқа шығарады: А) жүгері; В) бидай; С) тары;

D) зығыр; Е) қарақұмық.

9. Ауданы бойынша Жердегі ең ірі ел болып табылады: А) Канада; В) Россия; С) Кытай;

D) Индия; Е) Аргентина.

10. Ӛсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің географиялық таралу заңды-лығы туралы ғылым: А) биогеография; В) демография; С) география;

D) геология; Е) геодезия.

Page 62: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 62

11. Географиялық қабаттағы ритмдік құбылыс – бұл: А) уақытқа байланысты бірдей құбылыстардың кезеңдері және қайталануы; В) адамзаттың шаруашылық әрекеттері; С) табиғат компоненттерінің ӛзара байланысы мен ӛзара тәуелділігі; D) табиғаттың барлық компоненттерінің және табиғат кешендерінің экватордан полюске қарай ӛзгерісі; Е) табиғат кешенінің қалыптасу тарихы. 12. Үлкен Боқтыбай – Мұғалжар тауының ең биік нүктесі қандай биіктікке ие? А) 1650 м; В) 250 м; С) 2010 м;

D) 657 м; Е) 3565 м.

13. Балқаш-Алакӛл бассейнінің ӛзендері: А) Қаратал, Лепсі; В) Есіл, Тобыл; С) Сағыз, Ембі (Жем);

D) Ертіс, Іле; Е) Шу, Сырдария.

14. Арал теңізінің аралында орналасқан қорық: А) Марқакӛл; В) Ақсу-Жабағылы; С) Наурызым;

D) Барсакелмес; Е) Үстірт.

15. Шағын тұрпатты қозғалтқыш ӛндіретін зауыт Қазақстанның қайсы қаласында орналасқан? А) Семейде; В) Ақтӛбеде; С) Оралда;

D) Қостанайда; Е) Петропавлда.

16. Қазақстанның ауылшаруашылық жерлерінің құрылымында басты орынға ие: А) егіндік жерлер; В) кендер; С) бау-бақша;

D) шабындық; Е) жайылым.

17. Оңтүстік Еуропа аймағына жатады: А) Швеция, Дания; В) Греция, Италия; С) Австрия, Германия;

D) Исландия, Ирландия; Е) Польша, Словакия.

18. АҚШ автомобиль ӛндірісінің басты орталығы: А) Нью-Йорк; В) Лос-Анджелес; С) Сан-Франциско;

D) Детройт; Е) Чикаго.

19. Австралияның қарқынды дамыған аймағы шоғырланған: А) солтүстігінде; В) орталық бӛлігінде; С) оңтүстік-шығыс бӛлігінде;

D) Йорк жарты аралында; Е) оңтүстік-батысында.

20. Экватордағы жауын-шашынның кӛп мӛлшерін немен түсіндіруге болады? А) ауа массасының жылдам ӛзгергіштігімен; В) ауа ағысының жоғарылығымен; С) үнемі батыстан ығысатын желмен; D) тропикалық ауа массасымен; Е) ауа ағысының тӛмендігімен. Жауаптар: 1 – D, 2 – D, 3 – Е, 4 – D, 5 – D, 6 – А, 7 – D, 8 – В, 9 – В, 10 – А, 11 – А, 12 – D, 13 – А, 14 – D, 15 – Е, 16 – Е, 17 – В, 18 – D, 19 – С, 20 – В.

Page 63: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 63

ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛ

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,

теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті Жаңа индустриалды ел (ЖИЕ) – соңғы онжылдықта әлеуметтік-экономикалық кӛрсеткіш-

терінде сапалы ӛсу болған, даму үстіндегі мемлекеттер тобы. Бұл елдердің экономикасы даму үстіндегі елдер үшін тұрақты болып келетін артта қалған мешеу жағдайдан қысқа мерзімде жоғары дамыған елдер қатарына ӛтті.

ЖИЕ экономикалық деңгейінің сипаттамалары:

экономиканың ӛндірістік секторын қалыптастыру кезеңіндегі экономикадағы шетелдік инвестицияның айтарлықтай үлкен үлесі;

жалпы ішкі ӛнімнің (ЖІӚ) абсолютті шартты ұлғаюы, оның ішінде халықтың жан басына шаққандағы ЖИЕ экономикасының қарқынды ӛсуі;

ішкі экономикалық, шикізаттық, ғылыми және адамдық басымдықтың сыртқы инвес-тициямен ӛзара тиімді әрекеті есебінен қарқынды дамуы;

ірі экономикалық аймақтарды қамтитын және ӛзінің нақты экономикалық негізіне ие дамыған елдермен белсенді интеграциясы;

экономиканың тұтастай дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау;

еркін нарықтың және жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру;

нарықтық қатынасқа мемлекеттің тікелей және жанамалай араласуын тиімді пайдалану. Әлемдік экономикада жаңа индустриалды елдер тӛмендегідей болып бӛлінеді: 1) ЖИЕ-нің «бірінші толқыны»: Корей Республикасы, Гонконг (Сянган), Тайвань, Сингапур

(сонымен қатар оларды «Азия жолбарыстары» немесе «Азия айдаһарлары» деп те атайды), Аргентина, Мексика, Бразилия, Уругвай;

2) ЖИЕ-нің «екінші толқыны»: Малайзия, Таиланд, Индия, Кипр, Украина, Турция, Индо-незия;

3) ЖИЕ-нің «үшінші толқыны»: Филиппин, Қазақстан, Қытай. Жаңа индустриалды елдердің соңғы онжылдықтағы экономикалық ӛсу кӛрсеткіштеріне

жасалған талдау олар жүргізген экономикалық саясаттың ӛте нәтижелі болғандығын дәлелдейді. Осыдан халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі ӛнімі (ЖІӚ), экспорт кӛлемі бойынша «бірінші толқындағы» ЖИЕ кейбір постиндустриялық дамыған елдерді басып озды. «Екінші толқындағы» ЖИЕ саясаты кӛбінесе қуып жету сипатында болып келеді, дегенмен, ӛнеркәсібі дамыған кейбір мемлекеттерге жақындау тенденциясы байқалады. ЖИЕ экономикасы үшін оразан зор валюталық қордың болуы тән. Ғылымды қажетсінетін тауарлар ӛндірісі (мысалы микрочиптер) және жалпы тұтыну тауарларын ӛндіру бойынша ЖИЕ әлемдегі алдыңғы қатарға шықты. ЖИЕ үшін кірістің негізгі тенденциясы ӛңдеуші ӛнеркәсіп болды. ЖИЕ-нің дамыған елдермен сыртқы сауда байланысының динамикалық дамуы ЖИЕ-нің әлемдік экономикаға әсерінің артуына әкелді, бүгінде дамыған елдерден тасылатын барлық ӛнімнің ½ шамасы оның үлесіне тиесілі. ЖИЕ-нің дамыған елдермен бәсекелестіктегі табысы, ең алдымен, ӛндірістің ӛзіндік шығынының ӛте аз мӛлшерімен байланысты. ЖИЕ мемлекеттерінде банктік капиталдардың дамуымен қоса жүретін ӛндірісті шоғырландыру үрдісі белсенді жүруде.

ЖИЕ моделі аясында әлемдік тауар нарығы мен қызмет кӛрсетуде үнемі ӛзара бәсекелесетін экономикалық дамудың екі моделі: «азиялық» және «латын америкалық» нұсқалары қалыптасты. «Азиялық» модель ЖИЕ импорттың орнын басу және экспортқа бейімделу бағытын тең ұстау саясатын ұсынады, алайда кейбір мемлекеттер үшін экономиканың дамуында сыртқы нарыққа кӛбірек бейімделу тән. «Латын америкалық» моделіне шетел компаниялары тарапынан бәсекелестіктің болмауы, арзан кредит, протекционизм саясаты тән.

ЖИЕ модельдерінің салыстырмалы талдауы, негізінен, ішкі ӛзіндік даму кӛздеріне

Page 64: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 64

бейімделген латын америкалық ЖИЕ-ге қарағанда азиялық ЖИЕ сыртқы даму кӛздеріне бейімделген және әлемдік бірлестікке едәуір ашық екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұдан аталған топтағы елдерге тән табиғи ресурстармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі кӛрінеді. Азиялық және латын америкалық ЖИЕ дамудың әртүрлі модельдерін пайдала отырып, әртүрлі жолдармен дамығанмен, олардың ортақ сипаты да бар: екі ЖИЕ де қорланудың жоғарғы нормасы, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану және жоғары еңбек ӛнімділігі есебінен жоғары қарқынмен ӛсу деңгейіне жетті.

МҰРА

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АСПАНЫ АСТЫНДА АШЫЛҒАН ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШ

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,

теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті Ұлы Жібек жолы – әлемдік ӛркениет тарихындағы ең елеулі жетістіктердің бірі. Керуен

жолдарының тарамдалған жүйелері Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп ӛтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде, сауда байланыстары ғана емес, шығыс пен батыс арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды байланыстыра-тын мәдени-экономикалық кӛпір ретінде қызмет атқарды.

Жібек жолы ӛзінің басып ӛткен елдерінде саяси, экономикалық, мәдени құрылымының қалыптасуына оразан зор ықпал етті. Оның барлық басып ӛтетін бағыттары бойында үлкенді-кішілі сауда-саттық қалалары мен елді мекендер пайда болды. Әсіресе керуен жолының кӛп шиырлаған бӛлігі Орталық Азия болды. Оның қалалары: Мерв, Самарқант, Бұхара, Термез, Хиуа, Отырар, Түркістан, Тараз, Испиджаб, Суяб, Баласағұн, Ош, Үзген және т.б., олар тек сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениет орталығы да болды. Отырар – тарихқа әл-Фараби атымен енген орта ғасырдағы ұлы ғалым әрі философ Әбу Насыр ибн Мухаммедтің отаны.

XVI ғ. бастап Жібек жолы Орта Азия мен Қытай арасындағы сауда-дипломатиялық байланыстардың біршама әлсірей бастауынан ӛзінің әрекетін тоқтатты. Мұның себебі: теңіз жолдарының ашылуы, шонжарлар, ақсүйектер арасындағы соғыстың ұлғаюы, Орта Азиядағы Шейбанид және Ирандағы Сефевид мемлекеттері арасындағы саяси байланыстың шиеленісуі, сондай-ақ Жетісудағы ӛзара алауыздық пен тартыс. Орта ғасырлық қалалардың барлығы дерліктей қирады.

Бүкіл дүниежүзіндегі елдер экономикасын мемлекеттегі әлеуеттік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ӛздерінің тарихи-мәдени мұралары негізінде қалыптастырады. Біздің еліміз де бүгінгі нақты ӛмірді тарихи жағдайлармен байланыстырып, халықтың тарихи ерекшеліктерін қолдану қажеттілігі мен мүмкіндіктерін зерделей отырып, осы бағыт бойынша жүруге тырысуда. Бұл экономикалық қатынаста да, елдің мәдени дамуын сақтау мүддесінде де ұтымды екенін айта кеткен жӛн.

Қазақстан үшін кӛне қалаларды (Отырар, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Тараз) қайта дамыту мүмкіндіктерін зерттеудің басымдылығы зор. Болжалды бағыттар: бірінші кезекте қала тарихының барлығына қолжетімді жазбаларындағы қаланың бейнесін (тарихи материалдарды ешқандай жалғансыз нақты масштабта пайдаланып), қираған уақытын және қазіргі кездегі қайта жаңару уақытын кӛрсетіп салу керек. Сонымен бірге саяхатшыларды ӛз кезінде болған сауда-саттық масштабымен (мысалы, барлығын бір сауда орталығынан кезіктіре алмайтын тауар түрлерімен) қызықтыру, халық ӛнерінің әртүрлі іс-шараларын Орталық Азиядағы барлық шеберлерді (мүмкіндік болғанда орталықтан басқасын да) жұмылдырып ӛткізу, сондай-ақ барлық археологиялық қазбаларды мұражай ретінде ашық аспан астында кӛрсету қажет.

Page 65: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 65

МҰРА

«ЖАС ТАЛАП-KZ КӨШБАСШЫСЫ»

ІІ тур

1-тапсырма. Атаулы масштабқа ауыстырыңыз: 1) 1: 2 500 000; 2) 1: 2000; 3) 1: 40 000 000.

(5 балл) 2-тапсырма. Жергілікті уақытты белдеулік уақытқа ауыстырыңыз: 1) Каир үшін (30° с.е., 31,2° ш.б.), солтүстік ендік, шығыстық бойлық 2) Канберра (35,3° о.е., 149,1° ш.б.), 3) Лос-Анджелес (34° с.е., 118° б.б.), егер онда жергілікті уақыт 12 сағ 25 мин болса.

(5 балл) 3-тапсырма. Үйден мектепке дейін масштабы 1: 2500 маршрут тұрғызу керек, егер жолдың ӛтетін жерлері келесідегідей белгілі болса: кесіп ӛтетін жер бойынша үйден ені 2,5 м және ұзындығы 12 м ағаш кӛпірге дейін, азимуты 30°, аралығы 100 м; кӛпір солтүстік бағытта орна-ласқан және Лена ӛзенінің үстінен ӛтеді.

(5 балл) 4-тапсырма. Масштабы 1: 70 000, 1: 3 500 000 карта бар: 1) жер бетіндегі қанша сантиметр картадағы 1 см-ге сәйкес келеді? 2) жер бетіндегі қанша метр картадағы 1 м-ге сәйкес келеді?

(5 балл) 5-тапсырма. Тестілік сұрақтар: 1) саяси картада Жер бедері картографиялаудың қандай тәсілімен кескінделеді? А) белгімен; В) ареалмен; С) су бояумен;

D) гипсометриямен; Е) кескінделмейді.

2) Бірдей биіктіктердің жатық қисық сызықтары қалай аталады? А) изогипс; В) изобата; С) изокола;

D) изотерма; Е) изобара.

3) Егер сандық масштаб 1:1 000 000 болса, атаулы масштабты кӛрсетіңіз: А) 1 см-де 10 м; В) 1 см-де 100 м; С) 1 см-де 1 км;

D) 1 см-де 10 км; Е) 1 см-де 100 км.

4) Еуразияның шеткі құрлықтық нүктесін атаңыз: A) Дежнев мүйісі, Пиай мүйісі, Рока мүйісі, Челюскин мүйісі; B) Дежнев мүйісі, Пиай мүйісі, Марокки мүйісі, Челюскин мүйісі; C) Дежнев мүйісі, Камау мүйісі, Марокки мүйісі, Челюскин мүйісі; D) Дежнев мүйісі, Камау мүйісі, Нордкин мүйісі, Челюскин мүйісі; E) Дежнев мүйісі, Баба мүйісі, Рока мүйісі, Челюскин мүйісі.

5) Тынық мұхит бассейнінің ӛзендері: A) Колыма, Амур, Меконг, Янцзы; B) Янцзы, Хуанхе, Меконг, Амур; C) Амур, Салуин, Анадырь, Хуанхе;

D) Анадырь, Лена, Индигирка, Амур; E) Колыма, Лена, Сицзян, Ганг.

6) Еуразиядағы ең биік тау шыңы қалай аталады? A) Монблан; B) Эверест; C) Дхаулагири;

D) Чогори; E) Эльбрус.

Page 66: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 66

7) Пасха аралы орналасқан: A) Кариб теңізінде; B) Тынық мұхитта; C) Үнді мұхитында;

D) Атлант мұхитында; E) Солтүстік мұзды мұхитта.

8) Австралияның максимал биіктік белгісі: A) Косцюшко қ.; B) Ането қ.; C) Аконкагуа қ.;

D) Бандейра қ.; E) Льюльяльяко қ.

9) Африкадағы ең терең кӛл: A) Чад; B) Ньяса; C) Танганьика;

D) Абая; E) Рудольф.

10) Африка құрлығының шеткі солтүстік нүктесі: А) Эль-Абьяд мүйісі; В) Хафун мүйісі; С) Альмади мүйісі;

D) Гвардафуй мүйісі; E) Сент-Мари мүйісі.

(10 балл)

ІІІ тур

1-тапсырма. Табиғат аймағы – бұл табиғи кешен екендігін дәлелдеңіз. (25 балл)

2-тапсырма. Барикалық максимумдардың – арктикалық немесе азиялық – қайсысы біздің еліміздің климатының қалыптасуына үлкен ықпал етеді, неліктен?

(15 балл) 3-тапсырма. Бір ғана дұрысын таңдаңыз: а) Қазақстан уақыттың ӛзгеру сызығын кесіп ӛтеді; б) Қазақстан үш жартышарда орналасқан; в) Қазақстан он екі сағаттық белдеуде орналасқан; г) Қазақстан жарықтың бір белдеуінде орналасқан; д) Қазақстан астанасында наурыздан бастап қыркүйекті қоса есептегенде күн түннен әрқашанда ұзақ.

(20 балл) 4-тапсырма. Тізімнен Қазақстанға қатысты топонимдерді таңдаңыз: а) Саланов шыңы; б) Есіл ӛзені в) Ырғыз ӛзені г) Зайсан кӛлі; д) Құлынды кӛлі;

е) Сетте-Дабан жотасы; ж) Телецк кӛлі з) Барсакелмес аралы; и) Астрахань қаласы.

(15 балл) 5-тапсырма. Бұл ең терең континенттік су айдыны жер шарындағы тұщы сулар қорының (мұздықтарды есептемегенде) бестен бір бӛлігін құрайды. Кӛлге 300-ден астам ӛзендер құяды, ал оның біреуі ғана ағып шығады. Оның бастауында ауыл орналасқан, онда 1920 жылдары кӛлді зерттеу бойынша стационар ашылған. Кӛлдің жағасын бойлай бірнеше қорықтар орналасқан. Олардың бірі кӛлдің шығыс жағалауындағы жоталы үстіртті аймақты мекендейтін құнды аңды қорғау мақсатында 1916 жылы құрылған. Жота және жануардың түрі кӛлге құятын ӛзеннің атын алған. Сонымен бірге солтүстік шығыс желі де ӛзеннің атымен аталады. Барлық таулы жағалау қылқан жапырақты орманмен кӛмкерілген. Кӛл белсенді техтоникалық қозғалыс аймағында орналасқан, кӛптеген жер сілкіністер соның дәлелі. Осы жер сілкіністерінің бірінің нәтижесінде кӛлге құятын ірі ӛзеннің сағасына жақын құрлықтың үлкен бір бӛлігі 1862 жылы су астына шӛгіп кеткен. Сұрақтар: а) қандай кӛл екендігін анықтаңыз; б) одан ағып шығатын ӛзенді атаңыз; в) «кӛлтану» синонимінің ғылыми терминін атаңыз. (25 балл)

Page 67: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 67

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сәлеметсіздер ме, қымбатты жоғарғы сынып

оқушылары!!!

Cәулет өнері біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады және

көптеген қызметтер көрсетеді. Журналды бір сәтке қоя тұрып,

айналаңызға көз жүгіртіңізші. Сіз қай жердесіз? Бұл сіздің үйіңіз

немесе мектеп, бәлкім, кафе, кинотеатр немесе басқа бір қоғам-

дық ғимарат шығар. Кез келген жағдайда да сіз ғимарат ішінде

боласыз, себебі бұл нөмір жарыққа шыққан кезде далада қыс бола-

ды. Сонымен, сәулет өнерінің бастапқы атқаратын қызметі –

адамды қоршаған ортадан: жауын-шашын, жел, суық немесе ыс-

тықтан қорғау. Жан-жануарлардың өздеріне ұя салғаны сияқты

ежелгі адамдар да үңгірлерді паналап, немесе қарапайым күрке-

лерде күнелткен. Олар паналаудағы бастапқы қажеттіліктің

қанағаттандырылуына байланысты «өз үйіне» эстетикалық мән

бере бастаған.

Өз дәуірінің эстетикалық идеалдарымен бірге, сәулет өнері

құрылыс техникасының деңгейін, кластық құрамын, қоғамдық

құндылықтарды және басқаларды қамтып көрсетеді. Ғимарат-

тың теңіз ортасында, солтүстікте, шөл далада, қайда салына-

тыны өте маңызды. Орналасқан жеріне құрылыс материалы да,

ғимарат жоспары да, конструкциясы да тәуелді. Көптеген фак-

торларды көрсете отырып, сәулет өнерінің өзі де адамға әсер

етеді. Ол қысым көрсетіп, патриоттық сезімді оятып, позитивті

немесе депрессивті көңіл-күйді тудыра алады. Айналамызда көретін ғимараттар мен үймереттер,

өзіңіз отырған бөлме – тек айсбергтің бір төбесі ғана. Олардың әрбіреуінің артында әлеуметтік-

экономикалық, саяси, табиғи-климаттық және басқа да факторлар тұр.

Осы бір күрделі байланыстар «Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтарына оқу барысында

меңгеріледі. Бізге оқуға түсу үшін тек жақсы сурет сала алу жеткілікті деген пікір жаңсақ. Ол үшін

гуманитарий, математик болу керек, шет тілдерін білу керек, ой-өрісі кең болуы керек. Өзіңіздің

мықты қасиеттеріңізбен сәулетші немесе дизайнер мамандықтарынан өз орныңызды таба аласыз. Ең

бастысы – сәулет өнерінің ұлы ақиқаттарын бағындыруға қызығушылық таныту қажет. Оқуда

мықты стимул жасаушы тәсіл ретінде республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық

конкурстарға қатысу болып табылады. «Оқу үрдісі» айдарында ҚазБСҚА-дағы (Алматы) олимпиада

жайлы және біздің студенттердің жетістіктері жайлы оқи аласыздар.

Сәулет өнері – өнердің басқа түрлерімен, мысалы сурет өнерімен, тығыз байланысты. Көптеген

сәулетшілер өздерінің болашақ ғимараттарына акварельмен суреттер салады, ал суретшілер өз

суреттері стилінде сәулеттік көлемдер ұсынады. Өнер әлемінде жаңа философия тауып, жарқын із

қалдырғандардың бірі – К. Малевич. К. Малевич шығармашылығымен «Мұра» айдарында толығырақ

танысыңыздар. «Шығармашылық емтихандарға дайындаламыз» бөлімінде сурет бойынша емтихан-

дарға өз бетінше дайындық үшін кезекті әдістемелік нұсқаулар берілген.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыздар:

070010, Өскемен қ., Серікбаев к., 19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, сәулет өнері және дизайн

кафедрасы, ауд. Г-2-205, e-mail: [email protected]

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНДЕ

ОҚУ ҮРДІСІ Конкурстар – жақсыны таңдау ......................................................................68

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ Гипс бас элементтерінің суреті. ІІ бөлім – мұрын суреті .............................70

МҰРА Казимир Малевич. Кубизмнен супрематизмге .............................................73

Полина Михнова,

сәулет өнері кандидаты,

сәулет және дизайн

кафедрасының аға оқытушысы

Page 68: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 68

ОҚУ ҮРДІСІ

КОНКУРСТАР – ЖАҚСЫНЫ ТАҢДАУ

Материалды дайындағандар: Зинаида Попова,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының доценті;

Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы

Сәулет өнері – адам әрекетінің алуан түрлі шығармашылық сферасының бірі, қандай да бір объектіні жобалау қажет болған жағдайда, қажетті шешімді таңдаудың тиімді тәсілі – конкурс. Конкурс көптеген сәулет өнері мектептерінің мүмкіндіктерін бағалауға, олардың потенциалы мен деңгейін көруге мүмкіндік береді, әртүрлі шешімдер ұсынады, мәселеге әртүрлі тұрғыдан қарау мүмкіндігін береді. Сондықтан сәулеттік конкурстар – ерте кезден кеңінен қолданылатын, бүгінгі таңда баламасы ойлап табылмаған тәсіл.

Тарихқа үңілетін болсақ, тек сәулет өнері емес, бүкіл цивилизацияның – Ренессанс ұлы кезеңінің басталуы есептелетін ресми күнді – 1401 жылы Флорентиялық баптистерияның (шоқыну орны) солтүстік есіктерінің барельефіне конкурс өткізу күнін еске түсіру жеткілікті. Бұл конкурста, кейіннен осы баптистерияның Микеланджело «жұмақ қақпасы» деп атаған шығыс есігін де орындаған – Лоренцо Гиберти толығымен жеңіске жетті.

Сәулет өнері мамандықтарының студенттері 1-курстан бастап, әрқайсысы өз біліміне, жобалаудың әр кезеңін қажетті сапада, белгіленген мерзімде орындай алу шеберлігіне сай, бірдей тақырыптағы тапсырмаларды – курстық жобаларды орындау арқылы шығармашы-лық сайыстарға қатысуға үйренеді.

Болашақ сәулетшілерге өз потенциалдық мүмкіндіктерін көрсететін арнайы пәндер көптеп саналады, олар: композиция, графика, макеттеу, сурет және әр курс сайын күрделе-ніп отыратын – сәулеттік жобалау. Дипломдық жобалау – бакалаврдың қорытынды аттес-тациясы, мұнда барлық оқу барысында алынған білімдерінің кешені көрсетіледі. Бұл да кон-курс – бір университеттің, бір лек студенттер арасындағы жарыс, кейіннен сәулеттік мек-тептер арасындағы жарыс – түрлі сәулеттік ЖОО-ның үздік дипломдық жобалары сайысқа түседі.

Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында оқу барысында да өз мүмкіндіктерін ашуға, әріптестерінен көп нәрсені үйренуге, олардан баға жетпес тәжірибе алуға, жаңа білімдер жинақтауға жол ашатын республикалық және халықаралық конкурстар өткізіледі.

2015 жылдың көктемінде Бас Сәулеттік-Құрылыс Академиясы (ҚазБСҚА, Алматы) әр-түрлі мамандықтар бойынша, соның ішінде сәулет өнері және дизайн мамандығының 3-4 курс студенттері арасында республикалық олимпиада өтетіні жайлы хабарлады. Олим-пиадаға ШҚМТУ-дың сәулет-құрылыс факультетінен «Сәулет өнері» және «Дизайн» маман-дықтары бойынша жеті студент – 6 сәулетші және 1 дизайнер барды.

ШҚМТУ студенттері өз жұмыстары аясында

Page 69: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 69

Конкурс шарттарына сай студенттерге бағдарлама көлеміндегі оқылған курстық жобалар бойынша таныс тақырыптар ұсынылған. Мысалы, 4-курс сәулетшілеріне көп деңгейлі паркингтің, автомобильдер тұрағының эскизді жобасын жасау ұсынылды. Оқыту бағдар-ламасы бойынша мұндай жобаны студенттер 3-курстың 2-ші семестрінде орындайды. Нәтижесінде біздің үш 4-курстық студентіміз – Анастасия Скрипка (11-АР-1), Ксения Муренкова (11-АР-1) және Алина И-Хи-Де (12-АРТ-1) III дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыстар қолмен, клаузура

* техникасында орындалды.

500 машинаға арналған паркингтің эскиздік жобасы. Авторы – А. Скрипка, 11-АР-1

3-курс студенттеріне арналған тапсырма тақырыбы «Энерготиімді аз қабатты тұрғын үйді

жобалау» болды. 12-АРк-1 тобының студенті Өжет Аршын өзінің эскиздік ұсынысы үшін «Алматыгипрогор» мақтау грамотасымен марапатталды.

Жұмыстарды ҚазБСҚА оқытушылары, сонымен қатар Алматы жобалық ұйымдарының өкілдері мүше болған комиссия бағалады.

Энерготиімді аз қабатты тұрғын үйдің эскизді жобасы. Авторы – Өжет Аршын, 12-АРк-1

* Клаузура жайлы «Ел ертеңі-KZ» журналының 2014 жылғы №3(39) санынан оқыңыз

Page 70: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 70

Конкурстарға, олимпиадаларға, басқа да шығармашылық жарыстарға бару біздің студенттер үшін өте пайдалы, себебі Интернеттегі кез келген тақырыптағы бай ақпаратқа қарамастан, сәулетшіге – болашақ және тәжірибелі сәулетшіге – кеңістікті, ғимаратты, материалды көзбен көріп, сезіну өмірлік маңызды, ол осы кеңістікте, басқа қала кеңістігінде, тарихи немесе заманауи үймеретте физикалық тұрғыда болуы қажет. Бұл оның осы нақты орындағы оның ролін, маңызын түсіну үшін қажет. Бұл «орын рухын» сол орында табылу арқылы ғана сезінуге болады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА

ДАЙЫНДАЛАМЫЗ

ГИПС БАС ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СУРЕТІ.

ІІ БӨЛІМ – МҰРЫН СУРЕТІ

Материалды дайындағандар: Елена Феоктистова, сәулет өнері кандидаты,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы

Гипс бас элементтері суретін салуды үйренуді (2015 ж. №3(26), І бөлімді қара)

жалғастырамыз және мұрын суретін салуды талдаймыз. Алдымен адам басының осы бөлігінің пластикалық анатомиясын қарастырамыз.

1-сурет – Мұрынның көрінетін бөлігінің құрылымы

Мұрын – бұл тыныс алу және иіс сезіну мүшесі, бастың бет бөлігінде орналасқан.

Мұрынның көрінетін бөлігі сыртқы мұрын деп аталады және кеңсірік үстінен, кеңсіріктен, шеткі және төменгі бөліктерден, қанаттардан және мұрын ұшынан тұрады (1-сурет). Сыртқы мұрынның конструктивті негізін мұрын сүйектері – жоғарғы жақтың шеке өсімшесі, лате-ралды шеміршек және бұлшық еттермен көмкерілген, үлкен қанат тәрізді мұрын шеміршегі құрайды (2-сурет).

Кеңсірік мұрын сүйегінен, жоғарғы жақтан және латералды шеміршектен тұрады. Мұрын сүйегі қас үсті сүйегімен мұрын тамырынан жоғары орналасқан шеке сүйегіндегі жазық шығыңқы бөлік-глабелла аумағында қосылады.

Мұрын ұшы (мұрын қанатының үлкен шеміршегі) араларында латералды шеміршек шығып тұратын, екі жартының туындысы болып табылады. Бұл мұрынның төменгі бөлігінің ең үлкен домалақ аумағы, ол сопақша пішінді, үшбұрышты немесе бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш пішінді болуы мүмкін.

Page 71: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 71

2-сурет – Адам мұрнының конструкциясы Мұрын қанаттары – мұрынның екі жұмсақ дөңгеленген бөлігі, олар мұрын ұшының екі

жағында орналасқан. Қанаттарды шет жақтарында мұрын тесіктері – танаулар шектейді. Бұл элементтердің барлығында мұрын кескінін салғанда оның пішінін анықтап, жалпы-

лауға көмектесетін, «анатомиялық шамшырақ» тәрізді – өздеріне тән шығыңқы жерлері бар. Бастың элементі ретінде мұрын суреті оның негізгі параметрлерін және беттің басқа

бөліктерімен байланыста орналасуын анықтаудан басталады. Ол үшін ұзын өсті (мұрынның симметрия өсі) және түрлі ракурстар үшін перспективалық қысқартуларды ескере отырып, мұрынның көлденең өстерін саламыз, пропорцияны: кескінделетін объектінің ені мен биіктігін анықтаймыз. Мұрынның жалпы пішінін призманың оңайластырылған пішіні түрінде жіңішке сызықтармен саламыз (3, б-сурет), ол бес негізгі жазықтықтан: кеңсірік үсті, мұрын арқасы, екі шеткі және төменгі беттерден тұрады. Мұрынның ең жіңішке бөлігі – кеңсірік, трапеция пішіндес, қас үсті доғаларымен кеңсірік үсті арқылы қосылатынына назар салыңыз.

а) б) в)

3-сурет – Адам мұрнының сызықтық-конструктивтік суретінің кезеңдері

Ары қарай салынатын объектінің анатомиялық ерекшеліктеріне сай, барлық бөліктердің

орналасуын белгілеп, оларды нақтылаймыз. Мұрын арқасын екі тең бөлікке: өркеш және аздаған кеңейтуі бар, миндаль тәрізді бөлікке бөлу керектігін ескерген жөн. Мұрын табаны

Page 72: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 72

жоғарғы жақтың сүйек планындағы таға тәріздес бөлігінде орналасады, сондықтан мұрын қанаттары орталық бөліктен артқа шегінуі керек. Мұрын ұшын жіңішке сызықтармен салу керек, себебі ол мұрынның төменгі бетін, онда орналасқан танаулармен бірге мұрын арқасымен жалғастырады (3, в-сурет).

Мұрын көлемін штрихтауда мейлінше дәл әрі дұрыс беру үшін, барлық беттердің құрылысын мұқият талдау қажет.

Мұрынның жарық-реңдік суретіне көше отырып, жеңіл сызықтармен өз көлеңкелерін және құлайтын көлеңкелердің шекарасын белгілеп қою керек, содан соң көлеңке беттердің барлығын штрих қабатымен бастыру қажет. Ары қарай бет пішініне сай штрихтарды сала отырып, мұрын көлемін модельдейміз (4-сурет). Егер мұрыннан көлеңке түсетін болса, онда төменгі бетте рефлекс құралатынын ескеру қажет. Мұндай заңдылық түсетін көлеңке беретін басқа беттерге де тән.

4-сурет – Адам мұрны формасын жарық-реңдік модельдеу

Жоғарыда келтірілген материалды меңгеру мақсатында төмендегі жаттығуларды орын-дау ұсынылады:

1. А3 форматының бетінде 4-сурет көшірмесін жарық-реңдік толықтырулармен жасаңыз-дар.

2. А4 форматының бетінде адам мұрнының төмендегі ракурстарда шағын кескіндерін орындаңыз: анфас, профиль, төрттен үші.

3. А4 форматының бетінде Давид көзінің суретін 1, б-суретіндегі кескінді пайдалана оты-рып орындаңыз.

_________________________ Ескерту: мақаланы әзірлеу барысында төмендегі ақпарат көздері қолданылды: 1. http://www.hudoshnik.in.ua/postroenie-nosa сайтының материалдары 2. http://paintmaster.ru сайтының материалдары 3. Ломов С.П. Искусство: Изобразительное искусство / С.П. Ломов, С.Е. Игнатьев,

М.В. Карамзина. – М.: Дрофа, 2-13. – 124 б.

Page 73: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 73

МҰРА

КАЗИМИР МАЛЕВИЧ.

КУБИЗМНЕН СУПРЕМАТИЗМГЕ

Материалды дайындағандар: Анна Буханцева,

дизайн магистрі, сәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпыинженерлік дайындық кафедрасының оқытушысы

Казимир Малевичтің супрематизмі дегеніміз не? Оның шығармашылығының мәні неде, автор өзінің абстрактілі картиналарын жасай отырып, қандай мақсаттарды ұстанған? Осы сұрақтар 2015 жылы оның әйгілі «Қара шаршы» картинасының жүзжылдығында жаңа күш ала бастады. Казимир Малевичтің шығармашылығы бүкіл әлемге кеңінен танымал, бұл тақырыпта көптеген басылымдар және ғылыми жұмыстар жасалған. Осыған қарамастан, Малевич мұрасына және авангардтық өнерге деген қызығушылық бүгінгі таңға дейін азайған емес. Казимир Малевич XX ғасырдың басындағы орыс авангард суретшілерінің саңлақтар тобын басқарды. Онымен бірге Василий Кандинский, Владимир Татлин, Эль Лисицкий және тағы басқалар алғашқылардың бірі болып өнердің жаңа идеалдарын құрды.

XX ғасырдың басында авангардтық өнердің орнауы сурет өнеріндегі импрессионизм мен постимпрессионизмнің, жаңа техникалық өнертабыстардың (Марконидің сымсыз телегра-фы, Бенцтің бензинді автомобилі, кинематограф және т.б.), әлеуметтік және саяси толқулар ықпалында болды. XX ғасырдың басы техника гегемониясымен, бірінші дүниежүзілік соғыс хаосымен және Ресей мен Германиядағы төңкерістермен ерекшеленген. Авангардты өнер дәуірдің туы және айғайшысы (рупоры) болды. Ол жайлы алғашқы еске түсіру испаниялық суретші-кубист Пабло Пикассо картиналарымен байланыстырылады. «Авиньондық қыздар» (1-сурет) атты оның жұмысы сурет өнері картиналарының тәсілдері жайлы түсініктерді өз-гертті. Нақты көлем мен жарық көлеңкеге жазықтықтық бұрмаланған әйел денесінің кескін-дері келе бастады. Авангардтық өнер бұдан ары дұрыс пішіндер мен композициялар төңіре-гінде өмір сүре алмады. Европа елдерінде өнерде жаңа ағымдар пайда болды: кубизм, футуризм, абстракционизм. Олар Советтік Ресейде 1917 жылдан кейін өздерін жарқын көрсетті.

1-сурет – Пикассо «Авиньондық қыздар» 2-сурет – К. Малевич «Қара бидай жинау»

Казимир Малевич суретші және өнер теоретигі болды, көркемсуреттер, көлемдік компози-

циялар жасады. Ол авангардтық идеяларға арналған көптеген теориялық еңбектерді жарыққа шығарды, мысалы «Кубизм мен футуризмнен супрематизмге». Малевич арнайы білім алмаған, орасан зор шығармашылық потенциалы мен энергиясын жетекшілікке ала отырып, өнердегі өз идеясын қорғап қалды. Әр жылдарда, мекенжайын ауыстыра отырып, ол көркем топтар жасаған

Page 74: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 74

(УНОВИС және басқалар), көркем училищеде оқытушы және шеберханада жетекші болды. Суретшінің жұмыстары Еуропа елдерінде өз дәрежесінде бағаланды, бірақ Советтік Ресейде танылмады. Оның шығармашылығы советтік идеологияға тән емес деп саналған.

Казимир Малевич шығармашылық жолының басында импрессионизм, кубизм (2-сурет), футуризм және басқа да бағыттарда жұмыс істеді. Түрлі стилистикалық талғамдарды байқап көріп, өзінің басты жаңалығына – супрематизмге келді.

Супрематизм поляк тілінен аударғанда – басымдылық (3-сурет). Автордың объективті зат кескінінің субъективті көріну басымдылығы. Таза түстің пішіндерден басымдығы. Автордың пікірі бойынша, қандай да бір нақты кескін жоқ, тек пішіндер мен заттарды эмоционалды сезіну басымдығы ғана бар. Малевич супрематизмі – бұл қарапайым геометриялық пішіндердің (шаршы, үшбұрыш, шеңбер және т.б.) жергілікті жарқын түстермен (қызыл, сары, көк) үйлесуі. Автор көрерменге бейнеленген суретке өзі мағына беруін ұсынады. Оның шығармалары – қандай да бір символдар және ребустар, дәуірдің кодталған «мәтіндері». Шаршы, үшбұрыш немесе шеңберлер басымдылық ететін суреттер космос шексіздігін бейнелейді, ал жергілікті жарқын түстер түрлі эмоционалдық әсер туғызады. Шындығында, тек табиғат пейзажы ғана күшті әсер туғызбайды, сонымен қатар қарапайым геометриялық пішіндер де көп нәрсені білдіреді. Тек осы тілді ұғына білуге, авангард өнердің құпия сырларын аңғара білуге үйрену керек. Бұл жерде көп даярлық, шын жүректен атқарылған жұмыс, білім және қиял көбірек талап етіледі.

Малевич және оның жақтастары мәдениет әлемін кескінге әркім өзінің авторлық ойына жеке түсінік енгізу еркі бар, қарапайым және дәстүрлі өнер догмаларынан таза жаңа өнерді түсінуге әкелді. Өнерге дәстүрлі көзқараспен қарай отырып, суретші түбегейлі жаңа, супре-матикалық немесе затсыз сурет өнерін ұсынады. Супрематизмнің заттық өнерге әсері өте зор. Ол заттық әлемде: ыдыс-аяқта (6-сурет), плакаттарда, маталарда көрініс тапты, дизайнның дамуына мүмкіндік туғызды.

Авангард өнердің басты шығармасы және манифесті «Қара шаршы» (4-сурет) суреті болды. Cурет бастапқыда «Ақ фондағы төртбұрыш» деп аталған, кейіннен оған бүгінгі атауы бекітілді. Қара шаршының қабырғалары өзара параллель емес еді, ол жақтары қисайған тіктөртбұрыш еді.

3-сурет – К. Малевич. Супрематизм № 56 4-сурет – К. Малевич. Қара шаршы

Бұл шығарма өзінің геометриялық қарапайымдылығымен қызықтыратын, ол бізге: «Бұл

шек, өнердің соңғы нүктесі. Бұл сурет еш мағынасыз, бұл – ешнәрсе емес. Бұл көп жоспарлы бөлшекті және пішінді көркем композициясының соңы, бірақ бұл жаңа өнердің басталуы» деп тұрғандай. Қара шаршының басты стилистикалық рөлі – осыда. Бөлшектер мен декордан айырылған таза геометриялық пішіндер рационал өнер мен сәулет өнерінің дамуына серпін берді. Малевич сурет өнерімен қатар көлемді пішіндер – архитектондармен

Page 75: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№4(27), желтоқсан 2015 75

(5-сурет) жұмыс істеген. Сонымен қатар ол тұрғын үйлердің графикалық сызбаларымен – планиттермен айналысты. Оның жазықтықтық супрематикалық композициялары көлемге ие, материалдық болды. Малевич сәулетшілермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді және оның архитектондары сол кезеңдегі көптеген сәулеттік ғимараттардың прототиптері болды.

5-сурет – К. Малевич. Архитектон

Казимир Малевич шығармашылығының мәнін асыра бағалау мүмкін емес. Оның абстрак-тілі композициялары және қара шаршысы уақыттың символы болды, өнер мен сәулет өнерінің ары қарай стильдік дамуын анықтады. Малевич өнері, басқа суретшілердің өнерімен қатар, ХХ жүзжылдықтың 20-шы жылдарында сәулет өнері стилінің, айқын геометриялық пішіндер, ой және логика стилінің құрылуында анықтаушы рөл атқарды.

6-сурет – Н. Суетин. Шыныаяқ Суретшінің шығармашылық болмысының батылдығы, оның бірбеткейлігі, шығармашы-

лық алдын ала көрудегі теңдессіз қабілеті өзінің қайталанбас супрематикалық әлемін, жұмбақ сырлы және тартымды әлемін жасауға көмектесті. Оның абстрактілі композициясы тек қағазға тиесілі емес, олар қолданбалы пайдаланысқа ие және жаңа өнердің стильдік құрылымының негізі болды.

Page 76: «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!27).pdf · Өзара кері функциялардың графиктері бір сызық болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 76

«ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» журналының редакция алқасы

Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы, ШҚМТУ ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, журналдың бас редакторы, редакция алқасының төрағасы

Қылышқанов Манарбек Қалымұлы, ШҚМТУ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректордың м.у.а., физика-математика ғылымдарының докторы

Садықова Айжан Ерханқызы, Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқарма-сының жетекшісі

Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы, ШҚ «Дарын» ӨҒПО директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тыныбекова Сәуле Жүнісқызы, ШҚМТУ жоғары математика кафедрасының меңгерушісі, профессор, педагогика ғылым-дарының докторы

Плотников Сергей Викторович, ШҚМТУ энергетика және техникалық физика кафедра-сының меңгерушісі, физика-математика ғылым-дарының докторы

Денисова Наталья Федоровна, ШҚМТУ ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Куленова Наталья Анатольевна, ШҚМТУ химия, металлургия және байыту кафедрасының меңгерушісі, техника ғылым-дарының кандидаты

Краузе Виктор Эвальдович, ШҚМТУ теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті

Наумова Вера Ивановна, ШҚМТУ сәулет және дизайн кафедрасының меңгерушісі, профессор, сәулет өнерінің кандидаты

Әділхан Әсет Бердіғалиұлы, ШҚМТУ Жоғары оқу орнына дейінгі дайындау, университетке қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі басшысының орынбасары

Жоғары сынып оқушыларына арналған «ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» ғылыми-көпшілік журналы

№1(1), шілде 2008

Жылына төрт рет шығады Құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс

Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті»

шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық

мемлекеттік кәсіпорны.

Басып шығаруға жауапты: Әсет Әділхан

Редакциялық-баспа орталығының жетекшісі: Оксана Николаенко Редактор-корректор: Гүлбаршын Жантасова Дизайн және беттеген: Сәуле Мамыраздықова Нөмірдегі фотосуреттер: Александр Проскуряков

Редакцияның мекенжайы: 070004, ШҚО, Өскемен қ.,

ШҚМТУ, Протозанов к., 69, 110-бөлме

Телефон: 24-54-29

Тел/факс: 8 (7232) 26-74-09

Журналда жарияланған мақалалардағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді. Редакция оқырмандарға жауап бермейді және кері қайтармайды. Жарнамалық материал-

дардың мазмұнына жарнама беруші жауапты. Редакцияның жазбаша келісімі болған жағдайда ғана материалдарды қайта басуға болады.

Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

тіркелген.

Тіркеу куәлігі № 10051-Ж

2 наурыз 2009 жыл.

Басуға 28.12.2015 ж. қол қойылды.

Пішімі 70х108/16. Офсеттік қағаз.

Шартты баспа табағы 6,81 Есептік баспа табағы 8,21.

Тапсырыс № 1195-15. Таралымы 500 дана.

Бағасы келісімді.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан

мемлекеттік техникалық университеті