Ар-намыс керек адамға

11
12.5.11 Ар-намыс керек адамға

Upload: -

Post on 23-Feb-2017

312 views

Category:

Education


7 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Ар-намыс керек адамға

Page 2: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Оқушылардың мінезі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Өз бойындағы жақсы қасиеттерді күн шуағындай дамыту.

Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Page 3: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты,

рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.

Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі

кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз,

жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған

халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі,

этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.

Page 4: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Ұят, ұяттық – арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп-дінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. “Надандық ұят, – деген ғұлама, – жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялу”.

Page 5: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Данышпан Абайдың уәжіне тереңірек ой жүгіртсек, шын ұят дегеніміз, саналы адамның өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне сыни қараудан туындайтын намысты сезім тебіренісі және соның әсерінен булыққан жан дүние, толғанысы. Анайылыққа қарсы серпін. Аламандықтан, көлгірсуден, дүниеқоңыздықтан безіну. Өз қылығының жосықсыздығынан, ерсілігінен жиіркену. Әбестілігін жазғырар халықтың налалы назарынан қаймығу. Ел, жұрт алдында азаматтық жауапкершілігін сезініп, жұғымсыз әрекеттерінен торығу, өзін-өзі айыптау. Надандық, ұят – жаны жалған жанның ұялғансып, қысылып, қымтырылған түр танытып, сызылып, тәлімсіп, қылымсуы. Беті бүлк етпей көз ойнату, сырт айнала беріп мысқылды кейіпте мырс-мырс күлу. Бұл жалған, надандық ұяттың жымысқыланып, ашықтан ашық ұятсыздануы.

Page 6: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Ұялту – ұлт қағидасын бұзған, әдептен аттаған, қоғамдық ортада тұрпайы мінез-құлық танытқан, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, жалған сөйлеп өсек таратқан, сыпайылық шеңбердің шегінен шыққан, соның бәрін жөн көріп, қатесін мойындамаған адамды жанашыр жолдастарының, ағайын-туыстарының сыпайы сөздермен сипай қамшылап, қылған қылығының өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, бір жағынан арын, намысын қыздырып, екінші жағынан мұқатпай, айыбын бетіне басып, тәубаға келтіріп ұялту. Кеңеске ұйып, ақылға көнген адам өкінеді, қапаланады, ұятсыздығын кешірудің амалын, ұятқа тасаланудың жолын іздейді.

Ұятсыздық адамға опа бермес жамандық. Тек ұятты кісі сиятты.

Page 7: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен араша. Жосықсыздыққа ай бар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер ал даспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну. Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге қарау қылықтарға кешірімсіздік.

Page 8: Ар-намыс керек адамға

Ұлағатты сөздерАдамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа

байланысты. Әл- Фараби

Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна И.Гете

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма –шуақ болады. Демокрит

Өзгермейтін түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

Б.М. Теплов

12.5.11

Page 9: Ар-намыс керек адамға

Назар аударыңыз• Кішкентайыңнан –ақ уәдеге, антқа берік болуды үйрен. Уәдеге берік

болу сенің жеке басынның абройын.• Кінәңді сезіну – тәрбиелі адамның инабатты сезімі. Ол –арыңның

ұяты, адамгершілік тазалықтың, көргенділіктің белгісі.• Жамандықты көргенде, оған қарсы күрессем бе немесе көзді жұмып

өте шықсам ба екен деп ойланып жатпа. Жүрегің мен арың қалай әмір етсе, солай қимылда. Игі сезімдер – ар-намыстың сенімді қорғаны.

• Кейбір азаматтардың жалқаулығы, салақтығы, ауырдың үстімен жүруге ұмтылатыны – жамандықтың ең зоры. Кішкентайыңнан қанағат қылып үйрен.

• Бәленің бірі – қызғаншақтық, жолдасынның қол жеткен табыстарын қызғанба, қайта қуан. Бірақ қуана отырып, одан озуға тырыс

12.5.11

Page 10: Ар-намыс керек адамға

12.5.11

Адамның санасы мен болмысына сіңген ғұмырлық құбылыс –көп қырлы мінездің тек төртеуіне: әдепті, ұятты, намысты, маңғазды мінезділікке әдейі тоқталдым. Өйткені, олар мінездің мәйегі, қасиеттілік тұғыры. Адам қай кезде, қай жаста, қандай қызмет атқарса да ұдайы жеке бастың, тұрмыстық әлеуметтік, жұмыс бабы жағдайына, қоғамдық орнына, замандастарымен қауымдастық деңгейіне тікелей қатысты және оң әсерлі, адамгершілікті куәландырар, ардақтар, дәріптер, мемлекеттік міндетті, азаматтық парызды мүлтіксіз атқаруда пәрменді рухани күш. Сондықтан қазіргі қауымдастар, Әсіресе, іс басындағылар мен жастар әдептілікке, ұяттылыққа, намыстылыққа, маңғаздылыққа баса назар аударар, ден қояр, ұстанымын кәдеге жаратар деп ойлаймын.

Page 11: Ар-намыс керек адамға

Жүректен-жүреккеСыйластық

Ш. Мұхамеджанов

Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,Мен сені көріп кеттім бір досымдай,Сыйладың сен де мені,Мен де сеніКеледі көңілдерге кі қосылмай. Екеуміз бірге тойлап ғұрпын жастық, Тамаша талай сырдың құлпын аштық, Жүздерден әр тайғанша, Қартайғанша, Қадірін, кетірмесін бұл сыйластық.

12.5.11