uskz.orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · web viewҮш байланыс негізгі...

10
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ТОҚМҰХАМЕДОВ Қ.Қ АТЫНДАҒЫ №14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП Ашық сабақ Алкиндер Күні: 19.11.14 Пәні: химия Сыныбы : 11 «А» Пән мұғалімі Баймуратова Л

Upload: others

Post on 17-Aug-2020

7 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІТОҚМҰХАМЕДОВ Қ.Қ АТЫНДАҒЫ №14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП

Ашық сабақ

Алкиндер

Күні: 19.11.14 Пәні: химия Сыныбы : 11 «А» Пән мұғалімі Баймуратова Л

Байқоңыр қаласы

Page 2: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

19.11.14ж 11 «А» сыныбы 2-сабақ Ж-39Сабақтың тақырыбы: АлкиндерСабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың алкиндер туралы білімдерін қалыптастыру.б)дамытушылық: қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін, танымдық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.в)тәрбиелік: сабақ уақытын үнемді пайдалана білуге үйрету; бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу , мамандыққа баулуСабақтың типі: аралас сабақСабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: АКТ әдістері,тест, сұрақ-жауап, ішінара іздену,деңгейлік тапсырмалар Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,интербелсенді тақта, үлестірмелер, каучук пен резеңкеден жасалған бұйымдар,молекулалардың шар өзекті модельдеріПәнаралық байланыс: физика, математика, география,қазақ тілі Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі II.Үй тапсырмасын сұрауа) үлестірмелермен жұмысб) тақтаға жаттығуларды жазу,тексерув) шығармашылық жұмыстармен таныстыруг) егер мен...III. Үй тапсырмасын қорытындылау Сәйкестендіру тесті. IV.Мақсат қою кезеңіV. Жаңа сабақты түсіндіруVI. Бекітуа) оқулықпен жұмысб)топтық тапсырма VII. Сабақты қорытындылауХимиялық диктант VIII.Үйге тапсырма беру Оқушылардың білімін бағалау

Page 3: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

І.Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесіп, сыныпты түгендеп, оқушыларға бағалау парағы таратылады.

ІІ.Үй тапсырмасы: Каучук пен резеңке,7,9-жаттығу,топтық тапсырмалар. Үй тапсырмасын тексеру барысында №7,9 жаттығуларды оқушылар тақтаға орындайды; 4 оқушыға үлестірме беріледі; 4 топ өздеріне берілген шығармашылық тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын таныстырады (кітапша, хабаралама, модель құрастыру, сурет салу); егер мен айдары бойынша әр топтан бір оқушы шығып, электрик, сантехник, ақын, автокөлік слесарі мамандықтарын тақырыппен байланыстырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытылау кезінде сәйкестендіру тесті беріледі.

Каучук ВулканизацияЭбонит Бензинде ерімейдіДивинил (C5H8)n

Күкірт қосу ОқшаулағышРезеңке Н2C=CH–CH=CH2

ІV. Мақсат қою кезеңінде оқушыларға сабақ барысында қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейтіп, алкиндер, олардың гомологтық қатары, атаулары мен изомерлері, алынуы туралы жаңа білім қалыптастырантындығы айтылады.

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер-алкиндер. Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған

Page 4: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

көмірсутектер. Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екендігін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этинАлкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: СnН2n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан алкиндер ацетилен көмірсутектер деп аталады.Алкиндердің құрылысы. Алкиндердің құрылыстары мен бірінші мүшесі аце-тиленнің мысалында танысайық. Ацетилен молекуласының құрылысын тө-мендегі формулалар арқылы бейнелеуге болады: Н : С: : С:Н Н-С ≡ СН не НС ≡ СН деп жазуға болады.Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байла-нысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтелген орбитальдарының біреуі сутек атомының sp-гибридтенген орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен δ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180° бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбиталдары өзара перпендику-ляр жазықтықтарда орналасып (21-сурет), екінші көміртек атомының осын-дай орбиталдарымен арасында екі π-байланыс түзіледі. Яғни, ацетилен моле-куласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыс біреуі δ-, екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С≡С) ұзындығы 0,120 нм , бай-ланыс энергиясы 830кДж/моль. Ацетиленнің шар өзекті және масштабты пішіндеріне назар аударайық.

Page 5: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

Байланыс сипаттамасына тоқталсақГибридтену түрі – sp Валенттілік бұрышы – 180° Байланыс ұзындығы С = С – 0,120 нм Байланыс энергиясы – 962 кДж/моль Молекуласының кеңістіктегі пішіні ─ сызықтық Байланыс түрі – 3δ және 2πАлкиндердің атаулары мен изомерлері. Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса нөмірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады. Мысалы:

НС≡ С-СН2-СН3 СН3-С ≡ С-СН2-СН3 НС≡ С-СН2-С ═ СН2

Бутин-1 бутин-2 ׀ СН3

2-метилпентен-1-ин-4

Алкиндердің радикалдары басқа көмірсутектердің радикалдарына ұқсас

аталады: Н-С≡ С – этинил.

Алкиндердің изомерлері.

1.Еселі байланыс орнына сәйкес

СН ºС-СН2-СН3 СН3-СºС-СН3

бутин-1 бутин-2

2. Көміртек қаңқасына сәйкес

СН ºС-СН2-СН2-СН3 СН ºС-СН-СН3

½ пентин-1 СН3

3-метилбутин-1 3. Класаралық изомерлері НС = СНСН ºС–СН2–СН3 СН2=СН–СН=СН2 ½ ½ Н2С – СН2

бутин-1 бутадиен-1,3 циклобутен

Page 6: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

Алкиндердің алынуы.1. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен

сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияның жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:

2СН4 –> С2Н2 + 3Н2

2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:

С2Н6 –> С2Н2 + 2Н2

3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксты жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:

СаО + 3С –> СаС2 + СО

СаС2 + 2Н2О –> Са(ОН)2 + С2Н2

VІ. Бекіту кезінде оқулықтағы 6-жаттығу мен 13-есеп тақтаға орындалады.

Әр топқа тапсырмалар беріледі .

1 – топ. Ребус құрастыру.Тақырыпқа қатысты ребус құрастыру

2 – топ. Модель құрастыру.Ацетиленнің шар өзекті моделін құрастыру.

3– топ Сөз сыры.Сөздердің антонимін,синонимін табу керек

4 – топ. Сандар сөйлейді. Берілген сандарды тақырыппен байланыстыру.

Page 7: Uskz.Orguskz.org/_ld/14/1470_7wo.docx · Web viewҮш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс

VІІ. Сабақты қорытындылау. Химиялық диктант жазу.1. Алкиндердің құрамында ... байланыс болады.2. Алкиндердің жалпы формуласы ...3. Ацетилендегі байланыс ұзындығы ... 4. Ацетилендегі байланыс энергиясы ...5. Пентин – 2-нің изомері ...6. Пропиннің гомологы ...7. Ацетиленді лабораторияда және тұрмыста ... алады

VІІІ. Үйге тапсырма беру: § 4.5 Алкиндер,21-22 сурет № 3, 9 жаттығу.Алкиндер тақырыбына презентация жасау

Оқушылардың білімін бағалау.