66 (3123) 2014-06-17

12
ǸǶǵǷǹ ǷǺǼǧǴǯȆǹ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 66 ÒÆÊÒÆμ ÍÁÔÒÜÍ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÍ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +28°..+26° +18°.. +16° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ʥˤˬ ˘˳˵˘ˮ˘ˬ೪ ϭϲϱϬ ˙˘ˬ˘ ʤ೪˭˯ˬ˘ ˯˙ˬ˳ˮ೮ ʤ೪˪ˬ ˘˶˞˘ˮˮ˞˘ ˯˲ˮ˘ˬ˘˳೪˘ˮ ʤ˲˭˘ˮ ˳˱˯˲˵˵೪Ͳ ˳˘˶೪˵˲˶ ˬ˘˛˟˲˧ˮ˞˟ ˢ˘ˣ೦ ˞˟˭˘ˬͲ ˳˵˘˲ˮ ೪ˣ೪˵ ˵˪˧ˣ˟˞˧ ϵ ˭˘˶˳˭ ˪ˮ˧ ˢ˟˵˪˧ˮ˾˟˪˵˟˲˞˧೮ ˘ˬ೦˘˾೪ ˬ˟˛˧ˮ ೪˘˙ˬ˞˘˱ ˘ˬ೦˘ˮ ˬ˘Ͳ ˛˟˲ ˢ˘ˣ ˭˟ˣ˛˧ˬ˧ˮ˞˟ ϭϱ ˵˘˭ˣ೦˘ ˞˟˥˧ˮ ˢ˭˳ ˧˳˵˟˥˞˧ ʽ˳ ˘˲˘ˬ೪˵˘ ˙˟˳ ˘˶˳˭ ˥˭˞˘˳˵˲ˬ˘˞ ʽˮ೮ ˾˟˶˧ ˢ˟˵˧˭ ˘˵˘Ͳ ˘ˮ˘ ೪˘˭೪˯˲ˬ೦ˮ˳ˣ ೪˘ˬ೦˘ˮ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪ ˘ˣ ೪˘˭˵ˬ೦˘ˮ ˢഉˮ˟ ˪˱ ˙˘ˬ˘ˬ ˯˵Ͳ ˙˘˳ˮ˘ˮ ˾೪೪˘ˮ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲೦˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ʥ˧˲˧ˮ˾˧ ˘˶˳˭˞˘೦ ˞˟˭˘ˬ˳೪˘ ˙˧˲೮೦˘˥ ˯˳ ˵˯˱˵˘˲೦˘ ˢ˘˵˘˵ˮ ϯϬϬͲ˛˟ ˵˘˲˵˘ ˙˘ˬ˘ ˪˟ˬ˞˧ ʸ˘˛˟˲˞˧೮ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˘˾ˬ˶ˮ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ʥ˧ˬ˧˭ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ ˭˟ˮ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘೦ ˯˲˵˘ ˭˟˪˵˟˱˵˟˲˞˧೮ ˙˘˳˾Ͳ ˬ˘˲˭˟ˮ ˙˧˲˛˟ ˙˧ˣ ˞˟ ˵˘˭˘˾˘ˬ˘˱ ೪˘˥˵˵೪ «Арман» – бақыы балалық аралы ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ˞˘ ˀ ౭ˬ˵˵೪ ˳˱˯˲˵ ˵˲ˬ˟˲˧ ೪˘˶˭˞˘˳˵೦ ˭˟ˮ ˁ˱˯˲˵ ˢഉˮ˟ ˞˟ˮ˟ ˾ˮ೪˵˲˶ ˧˳˵˟˲˧ ˘˛˟ˮ˵˵˧˛˧ˮ˧೮ ˥˭˞˘˳˵˲˶˭˟ˮ ˵೮೦˾ ˲˟˵ ˘˶˞˘˲˳˱˘೪˵˘ˮ ʳ ˘˾೪ ʤˣˤ ˽˟˭˱ˤ˯ˮ˘˵ ˵˵˧ ɧʍɮɧʇʛʈʆɧɾ Ȯ ɧʍʛʁ ʅɹʛʃʛ ɯʂɯʈǯǯǯ Өткен жылы көкпардан тұңғыш ашық Азия чем- пионатын жоғары деңгейде өткізген Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биыл ұлттық ойынымыз – аударыспақты халықаралық дәрежеге көтерді. Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия сынды 10 мем- лекеттен спортшылар қатысып, өзара алтын белбеуге бақ сы- насты. Жалпы, ұлттық ойындары- мызға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік көрсетіп келеді. Аударыспақ жеңімпаздарына тігілген жүлде қоры да қомақты болды. Бірінші орынға 1 млн теңге бөлінсе, бас жүлдеге алтын белбеу мен автокөлік тігілді. (Жалғасы 3-бетте) «БРАЗУКА» БИЛЕГЕН ӘЛЕМ... ǸǶǵǷǹ БИЛЕГЕН Ә БИЛЕГЕН Ә ÷Çę·ÈĚ· ÷ÇęĞ·ÄÄÒě ÃĘěº°Â°Á ÃĞÇ·ÈÒ 6-7 12 4

Upload: -

Post on 30-Mar-2016

250 views

Category:

Documents


15 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №66 (3123) 17 маусым 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 66 (3123) 2014-06-17

66

+28°..+26°+18°.. +16°

«Арман» – бақыmmы балалық аралы

Өткен жылы көкпардан тұңғыш ашық Азия чем-пионатын жоғары деңгейде өткізген Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биыл ұлттық ойынымыз – аударыспақты х а л ы қ а р а л ы қ д ә р е ж е г е к ө т е р д і . Б ұ л б а й р а қ т ы бәсекеге Қазақстан, Қытай, Түркия, Венгрия, Ауғанстан,

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия сынды 10 мем-

лекеттен спортшылар қатысып, өзара алтын белбеуге бақ сы-насты.

Жалпы, ұлттық ойындары-мызға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік көрсетіп келеді. Аударыспақ жеңімпаздарына тігілген жүлде қоры да қомақты болды. Бірінші орынға 1 млн теңге бөлінсе, бас жүлдеге алтын белбеу мен автокөлік тігілді.

(Жалғасы 3-бетте)

«БРАЗУКА» БИЛЕГЕН ӘЛЕМ...БИЛЕГЕН ӘБИЛЕГЕН Ә

6-7

12

4

Page 2: 66 (3123) 2014-06-17

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астанада жыл соңына дейін 2008-2010 жыл-дардағы мемлекеттік бағдарлама бой ын ша 2510 пәтер тапсырылады.

Астаналық бүлдіршіндер М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрында Г.Андерсонның «Дюймовочка» ертегісін тамашалады.

Бейбітшілік және келісім сарайында ақындар айтысы өтеді.Басталуы: 17.00.

«Астана Арена» стадионында Қазақстан кубогының ширек финалы. «Астана» - «Тобыл» (Қостанай).

– Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас ассамблеясында көтерген болатын. Бұл – Қазақстан Президентінің халықаралық деңгейдегі тұңғыш бастамаларының бірі болды, – дейді Ержан Нығматуллаұлы.

Оның айтуынша, 1992 жылдан бастап 1999 жылға дейін болашақ ұйымның іргетасы қаланып, оған дайындық жұмыстары қызу жүргізілді. Осы кезең аралығында Азия кеңесінің қандай ұйым болатыны, қандай бағыт-бағдарды ұстанатыны, нен-

дей қағидаттарға сүйенетіні жан-жақты талқыланған.

1999 жылдан 2003 жылға дейінгі уақытта Азия кеңесінің ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Алғашқы ресми кезде-сулер өткізіліп, кеңеске мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан тұңғыш саммит ұйымдастырылған. Жиынның басты қағидаттары да осы кезеңде бекітіліпті. Ал 2003 жылдан бүгінге дейін Азия кеңесі өркендеу кезеңіне жетіп, саяси маңызды ірі ұйымға айналды.

Бұдан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Азиядағы өзара іс-қимыл

Бұл жеткіншектердің бәрі – болашақта дәрігер болғысы келетіндер. Сондықтан да ұйымдастырушылар оларға еліміздегі ірі нейро хирур-гиялық орталық ты танысты-руды жөн көріпті.

«Республикалық нейрохи-рургия ғылыми орталығы» – жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін еліміздегі бірден-бір мекеме. Елбасының қатысуымен 2008 жылдың шіл де айында ашылған орталықта жалпы нейрохи-рургия, қан-тамыр және функ-ционалды нейрохирургия,

жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы, балалар ней-рохирургиясы, нейрооңалту, шұғыл нейрохирургия сынды бас-аяғы 7 бөлімше жұмыс істейді.

Нейрохирургия орталығы арқылы ақхалаттылардың жұмысы оңай еместігін, ол үшін жан-жақты білімді, мамандығына адал болу керектігін түсінген жастар бұдан кейін емдеу мекемесінде көрсетілген қысқа метражды фильмді тамашалады.

Бота ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

Осындай игі бастамалар арқылы бүгінгі буынды белсенді қоғамдық өмірге тартуға бағытталған жарыстың ашылу салтанатында қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Шавкат Исмаилов, №1 мектеп-лицей директоры Айдарбек Меңдібаев, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының директоры Ибра-хим Йылдырым сөз сөйледі.

Әр түрлі ұлттың жеткіншектері асық ату, бес тас, шілдік ойындары арқылы бақтарын сынап, жүлдеге таласты. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломмен марапатталып, сый-сияпат алды.

Динара ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Көңілі жарым жеткіншектерге барын-ша көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыруға, интеллектуалдық дамуын жетілдіру, сана-сезімдерін жоғарылатуға бағытталған шара үдесінен шықты. Балалар алдымен сөйлейтін ағаш пен жыланның орталықты т а н ы с т ы р у -ын тамашалап, мұхитарал мен жунгли жайын-да мәлімет алды. Естелік үшін су-ретке түсіп, жаңа форматтағы 3D суретіне куә бол-д ы. Шараның басты жаңалығы да сол – Астанаға Го л л и в у д т е н әкелінген «Dance heads» деп аталатын екі құрылғының бірі осы орталықта орналасқан.

Ұйымдастырушылар кішкентай бүл діршіндерге олардың т үскен суреттерін жиектемеге салып, сыйлады. Тәтті балмұздақтан дәм татып, қызықты тренингтерге қатысқаннан кейін бала-лар балықтардың түр-түрін кезіктіруге болатын мұхитаралды қызықтады.

«Біз ертеден «жетім көрсең, жебей жүр» деген аталы сөзді бойға терең сіңіріп өскен халықпыз. Жетім балалар ата-ананың мейірімінен айырылып қана қоймай, өмірдің ауыр сынын бастан өткереді. Ондай жандарға

қол ұшын беру – біздің борышымыз. Сондықтан оларға қоғам назарынан тыс қалмағанын аңғартып, қоғамдық ортаға баулу үшін шара ұйымдастырып отырмыз» дейді «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының маманы Севара Сатыбалдина.

Айгүл ӨЗЕКОВА

және сенім шаралары кеңесінің Шан-хайда өткен төртінші саммитінің басты ерекшеліктеріне тоқталды.

«Биыл Саммитке 47 мемлекет пен халықаралық ұйым қатысқан. Оған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның алғаш рет арнайы ат басын бұруы да – жиынның маңызын арттыра түсті» дейді Ержан Ашықбаев. Форумға мүше ретінде Катар мен Бангладеш қабылдануы да – үлкен оқиғалардың бірі.

Сондай-ақ, жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңесті Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымы ретінде қайта құру жөніндегі ұсынысын жеткізді. «Кеңес төрағалығы Түркия елінен Қытай Халық Республикасына өтті. Жалпы бұл жолғы жиынды кеңестің жаңа өркендеу кезеңі деп атауға болады» дейді Ержан Ашықбаев.

АӨІСШК жағынан континеттің 90 пайызын қамтып отыр. Демек, бұл – дүниежүзінің жартысына жуық тұрғы-нын біріктірген ұйым болып тұр.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Page 3: 66 (3123) 2014-06-17

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛ

ИЕВ

. Дер

еккө

здер

і: w

ww.

akor

da.k

z, w

ww.

asta

na.k

z, w

ww.

info

rm.k

z.

– Жастардың жұмысқа деген ынтасы қалай?

– Әзірге жасақ құрамында үш жүзден аса студент бар. Оның екі жүздейін жұмыспен қамтып үлгердік. Қабылдау әлі де жалғасуда. Сөз орайында, он сегіз бен жиырма тоғыз жас аралығындағы замандастарым-ды біздің жасақтың құрамына шақырамын.

2005 жылдан бастап штаб арқылы 7000 мыңға жуық сту-дент пен жұмыссыз жастардың қолын шаруаға жалғаған едік.

Өткен жылдың өзінде екі мыңдай замандасымыз «екі қолға бір күрек» тапқан-ды. Бұл межені биыл үш мыңға жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Бұл – бүгінгі буынның жалқаулықтан ада екенін көрсетеді деп білемін.

– Қатарластарыңызды қай салалар бойынша жұмысқа жіберіп жатырсыздар?

– Көпшілігі елорданың талай ғимаратын тұрғызған «Базис-А» құрылыс компаниясында жұмыс істеуде. Осы тұста айта кетерлігі, жылда компанияға барған сту-

денттер әртүрлі жеңіл-желпі шаруалармен айналысатын және жалақылары да мардымсыз болатын. Ал биыл олар кәнігі мамандардың қасында жүріп үйреніп, тәлімін алып, өзі де ортаңқол маман ретінде солармен бірдей жалақы алады. Мәселен, электр дәнекерлеуші, сылақшы, кірпіш қалаушы... «Фасад-ЭКС-ПО» мекемесі де біршама жас-тарымызды қабылдады. «Аста-на орманы» шаруашылығына тартылған мүшелеріміз де бар. Барлығында да айлық жалақы

жетпіс мың теңгеден кем емес.– Жастарды қабылдауға ынта

танытып отырған мекемелер қатары осымен шектеледі ме?

– Ә р и н е , жо қ . Ж а с а қ мүшелерін қоғамдық тамақтану саласына орналастыру үшін кәсіпорындармен келісімдер жасалуда. Қыз балаларымызды «Арка» мейрамханалар желісіне жібермекпіз. Бұдан басқа, аула аумақтарын тазарту бойынша бірқатар акциялар өткізбекпіз.

Асхат РАЙҚҰЛ

(Басы 1-бетте)Палуандар 70, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары

салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. 70 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қазақстандық Ермек Жа-пишев алса, екінші орынды Ақат Қуаныш (ҚХР), үшінші орынды Қалыбек Бузурманкулуулы (Қырғызстан) иеленді. 90 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қазақстандық палуан Сырым Ізбасаров өңгеріп, екінші, үшінші орындарды моңғолиялық Нұрболат Ережеп пен қырғызстандық Кумушбек Қыдыралиев бөлісті. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде біріншіні Біржан Қосалиев (Қазақстан), екінші Нұрлан Молдақұлов (Қырғызстан), үшінші орынды Захид Бухабоев (Өзбекстан) алды.

Жарыс соңында жеңімпаздар абсолютті чемпион атағын сарапқа салып, өзге елден келген палуандар қазақстандық Біржан Қосалиевтің білек күшіне төтеп бере алмады. Сөйтіп, аударыспақтан абсолютті чемпион қазақстандық Біржан Қосалиев атанды.

Салмақ дәрежесі бойынша үш жүлдені және бас бәйгені иеленген палуандар қазақ жігіттерінің мықтылығын тағы да бір мәрте дәлелдеп, ұлттық рухымызды сілкіндіріп тастады.

Ендігі жерде ұлттық ойынымызды халықаралық деңгейге көтеру көзделуде. Мұндай ерекше ұлттық спорт түрін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде жоғары деңгейде көрсету маңызды болып отыр.

Жарыстың соңында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Аударыспақтан ІІ ашық Азия чемпионатының өткізу кезегін Қытай Халық Республикасы командасының жетекшісі Алмас Байдәулетке табыстады. Бұл ойын түрік халықтарына ортақ болғандықтан, қауымдастық өзге елдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ Ереже қабылдаған екен. Осы Ереже бойынша аударыспақ екі жылда бір рет Азия халықтары арасында ұйымдастырылатын болады. Дегенмен, бұл ойынның негізгі дамыған жері Қазақстан екенін өзге елдер де мойындап отырған көрінеді.

Аударыспақ тек қана қазақтікі деп айтуға болмай-ды. Бұл – бүкіл түркі, тіпті парсы жұртына ортақ ойын. Бірақ, осының айрықша дамыған жері – қазақ елі. Сондықтан осы туыстас елдермен бірігіп, біз ұлттық ойынымызды көтеруіміз керек. Аударыспақ соғысқа дайындықтың бір түрі болған. Қылыш сынып, найза май-ырылып, қалқан қақ айырылған кезде батырлар білегіне сеніп, аттың үстінде тақым тартысқан. Осы ерлердің мықтылығын көрсететін өнеріміз кезінде жиын, той-ларда ғана көрсетіліп, шектеліп қалған еді. Бүгінде бұл құндылығымызды қайта жандандырып, өскелең ұрпаққа көрсетуіміз – еліміздегі тыныштықтың, экономикалық-әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруының арқасы.

Футбол жарысы 2 топқа бөлініп өткізіледі. - орта топ (8 жастан – 13 жас аралығында);- ересек топ (14 жастан – 17 жас аралығында).Баскетбол жарысы 1 топта өткізіледі.- ересек топ (14 жастан – 17 жас аралығында).Өтінімдер тұрғын үйлердің ПИК-інде және Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Сарыарқа даңғылы, 13, 309-кабинет. Анықтама телефондары: 55-74-79, 55-64-95, 55-65-92. Факс: 55-72-83. Өтінімге қажетті құжаттар:- Туу туралы куәлік көшірмесі- Медициналық анықтама

Велосипедшілер «Атамекен» этнокешенінен «Қазақ елі» монументіне дейін 7 шақырым жол-ды жүріп өтті. Ішкі істер органының ардагерлері де бұл шарадан тыс қалмады. Жас әріптестерінен қалмай, қажырлылық танытқанның бірі – Ардагерлер кеңесінің төрағасы, 75 жастағы Есім Танабергенов. Шеруге қатысушылардың жол қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жол полициясы қызметкерлерінің экипажы мен мотоциклшілер эскорты жол сілтеп, алып жүрді.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 22 жыл бұрын 1992 жылдың 23 маусы-мында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары» туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Сол себепті, 23 маусым – Қазақстан полициясы күні болып белгіленді. Алдағы күндерде де Астанада По-лиция күніне орай осы саланың үздік мамандары марапатталып, түрлі шаралар өтеді.

Айжан ҚАСЫМОВА

Page 4: 66 (3123) 2014-06-17

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Лагерь Астанадан шамамен 100 шақырым қашықтықта, тамаша табиғат аясында орын тепкен. Жан-жағы қоршалып, абаттандырылған аумақта балалардың жақсы демалы-сы үшін барлық жағдай жасалған. Бір және қос қабатты корпустар, медициналық блок, ойын алаңдары мен мәдени шараларды өткізуге арналған сахна бар. Бес мезгіл тамақ беріледі.

Айта кетейік, 2003 жылы қала басшылығының бастамасымен қалпына келтірілген лагерь өз жұмысын ақтап келеді. Мәселен, 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша қосымша білім беретін ең үздік ұйым болып танылған оған қала әкімінің гранты берілді. Былтыр лагерьдің материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, жаңа жиһаздар, спорттық құралдар мен кеңсе тауар-лары сатып алынды. Осыған қарап лагерьді қаржыландыру жағы жаман емес деп айтуға болады. Әрине, ақылы ауысымдар да бар. Биылғы баға – 27800 теңге. Одан келіп түскен

Атақты генерал, Кеңес ода ғы -ның батыры атына елор да да

көше беруді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 18 сәуірде өткен Қазақстан халқы ассам блея-сының жиырма бірінші сес сия-сында тапсырған еді. Осы жөнінде айта келе, қалалық Тіл дерді да-мыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов бұл мәсе ленің ономастикалық комиссия оты-ры сында қарастырылып, қолдау тапқанын жеткізді. Халық қалау лы-лары да бұл ұсынысты бір ауыздан мақұлдағанымен, екінші мәселе бой-ынша келіспеушіліктер көп болды.

«2007-2012 жылдары зиялы қауым және жалпы жұртшылық өкіл де рінен, мектеп ұжымдарынан қалалық ономастика комитетіне елор да дағы бірнеше білім беру меке ме сіне атау беру туралы он алты ұсыныс хат келіп түскен. Олар ономастика лық комиссияның отырыстарында талқыланып, оң шешімін тапқан болатын. Бірақ жаңа заң талаптарына сәйкес, морато-рий жариялануына, Президенттің Жарлығына және Үкіметтің жұмыс тәртібін реттейтін қаулысына байланысты республикалық Тіл комитетінен осы ұсыныстарды

2014 жылмен өзгерту туралы хат келіп түсті. Соның негізінде атал-мыш комиссия қаладағы мектеп ұжымдарымен бірлесе жұмыс істеп, нәтижесінде бұрынғы құжаттар жаңартылып, жаңа ұсыныстар қабылданды» деген басқарма басшы-сы Астананың бірқатар мектептеріне Жұмабек Тәшенов, Ыбырай Ал-тынсарин, Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Қошке Кемеңгерұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы секілді қазақтың танымал тұлғаларының есімін беру мәселесін де алға тарт-ты. Бұл ретте қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

қаржы тек балалардың игілігіне жұмсалады.

Л а ге рд і ң с а лта н ат т ы а ш ы -лу рәсімінде Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбаса-ры Қасымхан Сенғазыев: «Балалар, осы он күндік демалыстарыңызды ойда қаларлықтай етіп өткізулеріңе тілектеспін. Осы жерде жаңа дос-

тар тауып, мектепке оралғанда да достықтары жараса берсін» деді. Ән мен биге кезек берілгенде, №1 музыка мектебінің өнерлі өрендері аянбады. Әсіресе, «Нұртуғанның термесін» құйқылжытқан Елнұр Қыдырбек пен «Жамайкалатқан» Садық Қанат болашақтан үлкен үміт күттіретіндіктерін көрсетіп,

жиналғандарға «паһ, шіркін!» дегізді.

Лагерьдің бір ерекшелігі – әр ауысымдағы балалардың мәнді де-малысына елорданың бір мектебі жауапты. Сонымен бірге музыка мектептері мен гуманитарлық кол-ледж студенттеріне де түрлі қызықты бағдарламаларды ұйымдастыру

жүктелген. Бірінші ауысымда балалардың көңілдерін №52 мектеп-гимназияның мұғалімдері аулау-да. Солардың бірі – тарих пәнінің мұғалімі Сағат Рысбековті әңгімеге тарттық. «Қызықтың бәрі алда. Біз түрлі жарыстарды ұйымдастырамыз. Әзірге футбол ойнатып, эстафеталық ойындар мен «Біз таланттарды іздейміз» байқауын өткіздік. Осы істе бізге гуманитарлық колледждің студенттері жақсы көмекші болып келеді. Себебі, жас ерекшеліктері бойынша олар мектеп оқушыларына жақын. Асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарды да ойнату жоспарымызда бар» деді ол.

Демалуға келген балалардың көбісі би билегенді ұнатады екен. «Кешке би ұйымдастырылады» дегенде олардың жан-жақтан жамырай шу ете қалғанынан соны аңғардық. Мәдина Му тамиш есімді №52 мектеп-гимназиясының оқушысы да осы өнер түрін жанындай жақсы көретін болып шықты. Бізбен лагерьдегі қызықты күндері жайлы бөліскен ол: «Арманға» демалуға бірінші рет келіп тұрмын. Ұнады. Ойындар ойнап, түрлі байқауларға қатыстық. Өзім «Біз таланттарды іздейміз», «Ең үздік шаш қою үлгісі» байқауларына қатыстым» деп тіл қатты.

Лагерьде балалардың сергуіне жағымды атмосфера жасалғанына жеткіншектің осы айтқан сөздерін оқып, сене беріңіздер. Әрине, қа л аның даң-дабыра шу ында жүргенше, баланың осындай тұмса табиғат аясында демалғаны мың есе артық. Қазіргі балалар күн ұзақ компьютердің алдынан шықпайды. Монитор арқылы бала жат тәрбие жетегінде кететіні өз алдына, одан келетін денсаулыққа зиянды айтсаңыздаршы. Ал, тәрбиешілердің айтуынша, «Армандағы» балалар он күндік демалыс мерзімінде ком-пьютер атаулыны көрмейді. Олай болса, жаз жайнатып, күн күлдірген мезгілде әр баланың демалысы осы-лай мәнді де, мағыналы өтсін деп тілейік.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Абай Байгенжин Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында оқу ордалары-на осы мектептерде білім алған Ұлы Отан соғысы батырларының есімі лайық екенін ескертсе, мәслихат хат-шысы Сансызбай Есілов бір адамның есімімен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі көшелерге ат берудің дұрыс еместігін, тіпті, заңға қарама-қайшылығын жеткізді. Депутаттар осы мәселеге байланысты алдағы уақытта қоғамдық тыңдау өткізіп, сонда талқылауды ұсынды.

Әрине, Отанымыз бен қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосқан, лайықты еңбек етіп, адал өмір сүрген,

аты аңызға айналған ержүрек ба-тырлар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушыларымыздың есімі елеусіз, ескерусіз қалмауы үшін олардың атына көше берген жөн. Өйткені, елге танымал тұлғалардың есімдерін ардақтау – парыз. Де-генмен, көше атын кім болса, сол иеленбеуі тиіс. Осыған орай, халық қалаулылары көшеге ат беру кезінде жекелеген азаматтардың пікірімен келісе салмай, қоғамдық бірлестіктерден, депутаттардан, қандай да бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын құрылымдардан түскен ұсыныстар ғана талқылануы керек деген ортақ пікірге тоқтады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

(Басы 1-бетте)

Page 5: 66 (3123) 2014-06-17

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Халықтық және заманауи хорео-гра фияның классикалық дәстүр-лері мен ең соңғы үрдіс терін ше-бер біріктіре білген «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы 2012 жылдың күз айларында құрылды. Театр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсы ны -сымен ашылды. Атқару шы директор Валерий Күзембаевтың айтуынша, бүгінде ұжым өзінің қайталанбас сипатта дамуына мүмкіндік ашу үшін өз қолтаң басын іздеуде. «Бір жылдан аса тынымсыз еңбегіміз, Қазақ стан мен шетелдегі көрермен алдындағы өнеріміз ұжымның бір тұтас, бір актілі балетті сах на лауға дайын екенін көр-сетті. Біздің идеяларымызды жүзеге асырып, бидегі өз мәне рін енгізе алатын хореогра фты іздеу ұзаққа созылды. Көр кемдік басшылықтың таңдауы, біздің пайымдауымызша, қазір гі заманғы ең тартымды ба лет мей-с тер лердің бірі, мәскеулік хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Бізге даму, жаңа ағымдар мен бағыт тар ды байқап көру, көрер менге ұғы нық ты,

қазақ халқы ның өзін дік ерекшелігін айқын дайтын зама науи би тілі мен тілдесу маңыз ды» деп түсін ді реді жаңа қойы лым ның негізгі мақсатын В.Күзембаев.

Қойыл ымға дайынд ық қ ызу қарқынмен жүруде, Н.Дмит риев-ский «Astana Ballet» әртіс терінің кәсіби дайындығын тәуір бағалады.

«Бұл ұжыммен жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе. Барлық бале-риналар тартымды және іске ынта-шынтасымен кіріседі, материалды үйреніп алмайынша кейін шегінбейді. Маған бұл жұмыста ұсынған мате-риалымды әртістер қалай қабылдай алғандығы, көркемдік басшы лық қандай пікірде екен дігі маңызды.

Көптеп-көлем деп істейтін ұжымдық жұмыс болған дықтан, біздер бір-бірі міз дің пікірімізге құлақ асамыз» деп ағынан жарылды ресейлік балет-мейстер.

Никита Дмитриевскийдің соны хо-реографиясы өзекті әлемдік үрдістер мен қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің нәзік, сезімтал синтезіне айналды. Мультимедия саласындағы Ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын да Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жасапты. Әуенін арнайы жазған – этнокомпозитор Болат Ғафаров, либреттоны Қазақстанның белгілі ақыны, сценарийші Бақыт Қайырбеков жазды.

Театр ұжымы 3D-мэппинг пен бейнеинсталляция мамандарын да арнайы шақырып отыр. «Әлем» деп айдар таққан туынды біздің дәуірімізге дейінгі заманнан бастап бүгінге дейінгі ғасырлар көрінісін көрермен алдына әкелмек.

Биыл қорытынды концертке Нұржамал Үсенбаева, Қайрат Нұртас, «Кешью» тобы, Маржан Арапбаева, Айқын және Әлішер Кәрімов сынды өнер саңлақтары қатыспақ. «Ән жүрегім, Астана!» байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылады. Фестивальда жұлдызы жанған жаңа әншілер Қазақстан халқына кеңінен танылды. Мысалы, өткен жылғы жеңімпаз Еркін Мәулен шараға қонақ ретінде шақырылып отыр.

Байқауға 18-30 жас аралығындағы Қазақ-стан азаматтары қатыса алады. Жыл сайын нақ осы игі шара барысында жаңа әншілердің есімі белгілі болып, елорда туралы жаңа әндер орындалады.

Гала-концерт 5 шілде күні сағат 19.00-де «Конгресс-холл» сарайында өтеді.

Астанада 2420 орындық 11 балабақша мен 9500 орындық 8 мектептің кірпіші қаланды. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Бүгінде №41 және Мирзоян көшелерінің қиылысында 1200 орындық мек-теп салынып бітті. Елордалық Құрылыс басқармасының ха-барлауынша, 3200 орынға есеп-телген үш мектеп 2015 жылы тапсырылады. Сонымен қатар, биыл бірқатар денсаулық нысан-дары да пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Ильинка тұрғын алабындағы 150 адамға арнал-ған алғашқы медициналық-сани тария лық көмек орталығы, Есілдің сол жағалауындағы амбу-ла то риялық-емханалық кешен

(ересектерге арналған емхана бір ауысымда 350 адамды, ба-лалар емханасы бір ауысым-да 150 адамды қабылдайды), Ж.Досмұхамедұлы көшесіндегі 150 емделушіге шақталған алғаш-қы медициналық-санита рия лық көмек орталығы.

Айта кеткен жөн, Астана қаласы әкімдігінің сайтында 1-20 маусым ара лы ғында ашық халықтық дауыс беру өтуде. Ж а л п ы қ а л а л ы қ « А с та на таңдауы-2014» байқауы жеңім-паз дарының аты жалпақ жұртқа жайылып, материалдық сый лық-тар алады. Сонымен қатар, әрбір жеңімпаз туралы шағын фильм түсіріліп, республикалық теле-арналардан көрсетіледі.

Анна Нетребко – Ресейдің Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ку-бань қаласының Еңбек Ері. Опера әншісі Краснодарда дүниеге келген, петерборлық консерваторияны вокал класы бойынша тәмамдаған. Белгілі дирижерлер – Валерий Гергиев, Джеймс Ливайн, Сейджи Озава, Николаус Арнонкур, Зубин Мета, Колин

Дэвис, Клаудио Аббадомен өнер көрсеткен.Концерт Ресейдің Еңбек сіңірген

әртісі, Мария театрының солисі Ахмет Ағадидің, сонымен қатар «Астана Опе-ра» симфониялық оркестрі мен хорының қатысуымен өтеді. Дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Бетт

і дай

ында

ған:

Асх

ат Р

АЙҚҰ

Л

Page 6: 66 (3123) 2014-06-17

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Шараға жиналғандар «Ғұламасы қазақтың – әз Марғұлан» атты кітап көрмесіне қойылған ғалымның «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясын-да жарық көрген 14 томдығы мен төл еңбектері енген «Қазақ этнографиясы кітапханасының» 8 томымен танысты.

Әлкей Хақанұлының ұлт руханиятына қосқан сүбелі үлесі жайында жан-жақты толғады. Қазақ тарих ғылымының баста-уында тұрған қара шалдың қалдырған қазынасы хақындағы толғамды пікірлерді оқырман назарына ұсынамыз.

ОНЫМЕН СӨЙЛЕСІП ЖҮРІП, СОКРАТТЫ ЕЛЕСТЕТЕТІНМІН

– Біздің тарихшыларымыздың көбісі ХІХ ғасырдың екінші жартысын, әрі кетсе ХІХ ғасырдың басын зерттеуден аспады. Қазақтың нағыз тарихымен үлкен дәрежеде шұғылданғандар жоқтың қасы. Кеңес өкіметі билеген заманда бүгінгіні тарих деп санайтын. Мағжан Жұмабаевтарды пантюркист дегеннен кейін көне тарих тіпті ешкімге керек жоқ сияқты болатын. Ал, қазаққа ең керек ұлы тарихымызды іргелі түрде, жан-жақты көтерген ұлы ғалым – Әлкей

Хақанұлы Марғұлан. Бұл кісінің орны мәдениетіміз бен ғылымымызда ерекше. Ол – қазақтың ұлы данасы еді. Онымен сөйлесіп жүріп, Сократты елестететінмін. Сократ – гректің ұлы ғұламасы, қазіргі мәдениеттердің негізін салған кісі. Әлкей Марғұлан да сондай жан-жақты адам болатын. Әлкей Хақанұлының білмейтіні жоқ еді. Әсіресе, бүкіл архивті ақтарып, қай жерде қазақ туралы не бар – соның бәрін білетін. Әлкей Марғұланның қазақ ғылымына сіңірген еңбегі зор. Мысалы, қазір кімде-кім тарихқа үңілетін болса, Шоқан Уәлихановтың, Мұхтар Әуезовтің, Әлкей Марғұланның және Кемел Ақышевтың еңбектерін оқиды.

Біз – қазақтың тарихын оқымаған ұрпақпыз. Ал, ол кісі ежелгі, ұмытылып бара жатқан, сонау тәңіршілдік заманнан бастау алатын тарихымызды сол замандағы ұғым-түсініктермен бірге алдымызға жайып салды. Беғазы – Дәндібай мәдениетін ашып, қазақ халқы мыс қорыту өнерін ежелден меңгергендігін дәлелдеді. Сол үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Мен оның жанында жүргенде аузынан қазақ халқы – көшпенді халық деген сөзді ешқашан естіген емеспін. Ол кісі қазақты жартылай көшпенді деп санайтын. Карл Байпақов сынды басқа ғалымдар да бұл пікірге тоқтайды. Әлкей Марғұлан: «Қазақтың жерінде 400 қала болды. Ал, енді осыншама қаласы бар халықты қалай көшпенді халық - номадтар деп атаймыз?» деп айтатын. Номадтар дегенде бүкіл жердің жүзінде сығандар сияқты немесе бәдуилер секілді қаңғып жүрген халықты көз алдына әкеледі. Ал, қазақтың ішінде көшіп жүрген кейбір тайпалар кездеседі. Қазақтың қыстауы, жайлауы, бірнеше құдықтар болғанын білесіздер. Бір құдықтан екінші құдыққа көшкен уақытта қазақ тек малының жағдайын ойлаған.

ҚАЗАҚ ТЕК КӨШІП ЖҮРГЕН ХАЛЫҚ ЕМЕС ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ

– Өзі халқын алабөтен жақсы көретін әкем бірде: «Әлемде мәдениетті тамаша түсінетін екі халық бар. Оның біріншісі – француз-дар, екіншісі – қазақтар» деген еді. Біз бұл сөзін мәжнүндікке баладық. Кейіннен кітаптарымен жұмыс істегенімде сөзінің шындығына көз жеткіздім. Әкем – қазақ халқының мәдениетін ежелгі заманнан ба-стап, орта ғасырға дейін жан-жақты зерттеген ғалым. Отыз жыл бойы басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен кең-байтақ қазақ даласын батыс шекарасынан бастап (Сарайшық қаласын зерттеген), солтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан шека-расына дейін мыңдаған шақырымды кесіп өтті. Орталық Қазақстанда отандық ғылым үшін маңызды көне мәдениет пен өркениет ошағын ашты. «Қазақстан жері ежелден көшпенділердің көш жолдары кесіп өткен, тіршіліксіз жатқан құба жон» деген бұрынғы зерттеушілердің пікірлері теріс екендігін көрсетіп, жерімізде көне замандарда мәдениет болғанын дәлелдеді. Көнедегі Жезқазған, Шақпақтас, Саяқ, т.б. кеніш орындарын, металлургия орталықтарын ашты. Әкем – Жезқазған-Ұлытау аумағында орналасқан Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл секілді күмбездерді және Таңбалытас ескерткіштерін алғаш зерттеген ғалым.

Page 7: 66 (3123) 2014-06-17

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

ДАЛА ДАНЫШПАНЫ

МӘҢГІЛІК ІЗ

АТАМЫЗ БЕС ЖАСЫНДА АРАБША ХАТ ТАНЫҒАН

– Мен Әлкей Марғұланды «ата» деп атаймын. Әкем Адаштың айтуы бойынша, атам бес жасында толығымен арабша хат таныпты. 7-8 жасында «Мұңлық-Зарлық», «Қобыланды», «Алпамыс» қиссаларын жатқа айтып отырғанында ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп жатса, мына жақта тыңдап отырған әйелдер жылап отыратын көрінеді.

1973 жылы атам бабамыз Марғұланның басын көтеруге ауылға келді. Бүкіл аудан, ауыл болып, туған-туысқандар барлығы тайлы-таяғына дейін атамды қошеметпен қарсы алды. Содан көп ақсақалдары жиналып, арасында әкем Адаш, немере інісі Мейрам Мұсабеков, шөбере інісі Жаңбырбай Жақыпбекұлы, құдамыз Қабен Құлатайұлы зират басына келіп, дұға оқып, одан тау басына шығып барлығы әңгімеге көшіпті. Бір кезде атам жан-жағына көз жіберіп: «О, шіркін, қайран туған жер!» деп, маңайдағы тау атауларын термелей жөнеліпті...

ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУ КЕРЕК– Менің ойымша, Әлекеңді тұлға есебінде қарастырып, ол жайлы терең тарихи зерттеу-

лер жүргізу керек. Мысалы, ең біріншіден туған, өскен ортасы – Баянауыл жерін алайық. Ол өлкеде Сәтбаевтар, Шормановтар секілді текті әулеттер болды. Әлекеңнің ғалым,

азамат ретінде қалыптасуына осы екі әулет үлкен әсерін тигізді. Осыны мәселені есте ұстауымыз керек. Ұлытауға, тау-кен өнеріне қатысты еңбектері айтылып жатыр ғой. Оның бастауында Қаныш Сәтбаев тұр негізінен. Қаныш Сәтбаев 1941 жылы «Ұлытау өңірінің тарихи ескерткіштері» деген үлкен мақала жазған. Сонда қазақ жерінде миллиондаған тонна мыс, қалайы, басқа да түсті металдар өндірілгенін айта келе, Алаша хан, Жошы хан, Таңбалытас туралы деректерді көрсетеді. Осыдан Әлекеңе бағыт-бағдар берген Сәтбаев екенін көруге болады.

Екіншіден, Әлкей Марғұланға әсер еткен үлкен мектеп Бөкейханов бастаған Алаш арыстары секілді. Әлекеңе Беғазы - Дәндібайды өсиет қылып айтып кеткен осы Әлихан Бөкейханов сияқты көрінеді

маған. «Осы жерді зертте, сол жақтан бірдеңе шығады» деп. Мәскеуде Әлкей Хақанұлы Бөкейхановтың үйінде тұрған ғой...

– Әлкей Марғұланның ғылымға келу уақыты – қазақ ұлтының руха-нияты тарихындағы алтын белесті

және қормалды кезең болып табылады. Егер Әлекең дүниеге келмесе, әр ғылым салаларынан еңбектерді жазбаса, тарихымыз, этногра-фиямыз, әдебиетіміз, мұрағаттану, архео-логия ғылымдары осы күндерге дейін ойсырап тұрар еді деп ойлай-

мын. Әлекең – дала данышпаны.Мен өмірінің кейінгі жеті-сегіз

жылында оған айына екі реттен барып, жиырма бірден астам мақаласын жариялаған екенмін. Сол кезде адамгершілік қасиеттеріне, қарапайымдылығына, ойлау жүйесінің өзгешелігіне таң қалған едім.

Барғанымда, қолыма қалам, дәптер алсам үндемеуші еді. Бұл өзінің за-манынан үріккен әдет болуы керек. Өйткені, Әлекеңнің өміріндегі, өзінің айтуынша, ең қиын кезең – 1930-1934 жылдардың аралығы. Соның ішінде 1932 жылы өзінің отаны – Шідертінің бойына келіп, қолжазбаларын іздеген. Қолжазбаларын сондағы Қандыадыр деген жерге тыққан екен, бірақ сол бойы таба алмады-ау деймін.

Дәнел апайды қолқалай отырып, ол кісінің үйіндегі кітапханасын « О т ы р а р к і т а п х а н а с ы » ғылыми орталығына алдырдым. Қолжазбаларын, өзінің ең бір қимас заттарын Дәнел апай берді. Қазір бес томдық эпистолярлық мұраларын дайындап жатырмыз. Екі томы дайын тұр. Бұл – Әлекеңнің жан дүниесін көрсететін өте жақсы басылым болады деп ойлаймын.

– Әлкей Марғұлан ғылымның көп саласын меңгергендігі кездейсоқ емес. Халықтың рухани мұрасын зерттеу үшін тек қана әдебиетші немесе лингвист болу аз еді. Сондықтан да ол археология мен этнографияға да жүгінді. Бұлардың барлығын обьективті түрде зерттеу үшін ғылымның басқа салаларының мәліметтерін көп пай-

далану керек болды да, Әлекең көне металлургия мәселесіне ойысты. Көрінген нәрсеге әуестігінен емес, тереңдегі та-рихты кең, жан-жақты зерт-теп, дұрыс мағлұматтарды алып, жазу үшін осындайға барды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін – қазақ ғылымы жаңа қалыптасып, мамандар аз болған кезеңде ол барлық

салаларда көшбасшыға айналды. Ғылымның классикалық үлгілерін жасап, ғұламалық дәрежеге жеткені осыдан болар.

Әлекеңді археолог ретінде қарастыратын болсақ, осы салада жасаған бірнеше ерлігін топтап айтуға болады. Еуроцентристік ғылымда да, Ресей ғылымында да Еуразия да-ласында өмір сүрген халықтарға бір жақты баға берілді. Сондықтан қазақтың көшпенді халық емес екенін, оның шаруашылық мәдениеті көп салалы екенін дәлелдеу үшін ең алдымен отырықшылық белгілерін көрсету керек болды да, Әлкей Марғұлан көне металлургияға кірісті. Көшіп жүріп, кен орындарын қазу мүмкін емес. Кен қазушы

белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік отырықшы топ болуға тиісті. Осы ойын Әлекең дәлелдеп шықты. Одан бері 40-50 жыл өтсе де, Қазақстан даласындағы көне кен орында-ры мен көне металлургия орталықтарына дүние жүзінің өндіріс процесін зерттейтін ғалымдары қазір ғана көңіл аудара бастады. Әлкей Марғұланның данышпандығының, көрегендігінің бір белгісі осы. Мәселен, Еуропаның Бохум деген қаласында бүкіл әлемдегі жалғыз үлкен тау-кен мұражайы бар. Соның ғалымдары бізге келіп, тау-кен ісін зерттеді. Соның нәтижесінде, олар Қалба, Алтай, Нарын, Орталық Қазақстан кен орындарынан шыққан қола мен қалайы өнімдері осы жерден бастап қазіргі Иракқа дейін тасымалданғанын дәлелдеді. Бұл да көшпенді халық болмағанымызды көрсетеді.

Осыны дәлелдей отырып, Орталық Қазақстандағы Беғазы - Дәндібай мәдениетін ашып, тайға таңба басқандай етіп, бүкіл әлемге көрсетіп берді. Сөйтсек, Еуразия кеңістігінде қазақша аталатын, бүкіл әлем мойындағын жалғыз мәдениет – осы Беғазы - Дәндібай екен. Қазір бұл мәдениет Орталық Қазақстанға ғана емес, Оңтүстік Сібірге де, Қытайдың ба-тыс бөлігі – Шыңжан провинциясына да жетті. Беғазы - Дәндібай мәдениеті – қазақ даласындағы төл мәдениет екенін орыс ғалымдары да мойындады. Бұл мәдениет Әлкей Марғұланның ешқашан да жойылмай-тын жер бетінде қалдырған ізі.

Бір естелік: 1932-34 жылдары бұл кісі Орталық комитетке хат жа-зады. Қырғыздарда Қазақбаев деген Орталық комитеттің хатшысы болған. Алматыда ұстап алады деп, сол Қазақбаевқа жазған ғой хат-ты. «Елде ашаршылық, қазақтар Бішкекке келіп жатыр, соларға көмек көрсетіңіздер» деп. Қазір Бішкекте «Қазақ ауылы» деген бар. Тобықты ауылы десек те болады. Онда Абайдың, Оразбайдың, Абай ауданы адамдарының ұрпақтары тұрады. Олардың, көп болса, бес-алты үйі ғана қайтып оралды. Мен қырғыздарға қалжыңдаймын: «Егер сендерден Абай сияқты ұлы ақын шығатын болса, таң қалып, қырғыз екен деп қалмаңдар, өйткені, ол бәрібір Тобықты болып шығады» деп. Өйткені, сол жердегі тобықтылардың үш-төртеуі ғылым академиясында істейді.

1934 жылы Ленинградта Киров өлгеннен кейін Сталинге қарсы с т у д е н т т е р д і ң н а р а з ы л ы ғ ы болған. Әлекең де ұсталған. Ғылым

академиясының президенті Камалов дейтін болған. Сол кісі Әлекеңе: «Сен Қазақстанға қайтпа, Мәскеудегі аспирантураға түс, біз Мәскеуге келді, сосын Ленинградқа кетті деп айтамыз, сонда сенің қайда екеніңді КГБ білмей қалады. Осы-лай жасырына тұра тұр» депті. «Содан кейін мен 1938 жылға дейін қайтқан жоқпын» деп айтқан еді маған әңгімесінде Әлекең. Ал, енді тергеушілердің «Мағжан Жұмабаевтың тыңшыларының бірі – Әлкей Марғұлан, аспирант. Біз іздестірдік, бірақ қазір өлген екен» деп ақпар бергені бар. Осы «өлген» деген сөз тергеушілердің Әлекеңнің соңына мықтап түсуіне бөгет болған сияқты. Осы жәйт қазақ халқының бақыты үшін Әлекеңді аман қалдырды деп ойлаймын.

М ұ х т а р Ә у е з о в Л е н и н д і к сыйлықты алғаннан кейін Қаныш Сәтбаев Әлкей Марғұлан екеуін шақырып алыпты. «Ғылым академи-ясы, тарих, әдебиет институттары бар болса да, қазақтың тарихы, оның

ішінде Абылай мен Кенесары қалып бара жатыр ғой. 1949-54 жылдары арасындағы дауыл басылды, Мұхтар, сен Лениндік сыйлықты алдың, Әлкей, сен – академиксің. Осыған дайындалыңдар» депті. Әуезов осыған: «Иә, хан Кенені баяғыда мен алғанмын, Абылайды Жүсіпбек Аймауытов алып, материал жия бастап еді...» деп жауап беріпті. Содан Мұхтар Әуезов қайтадан хан Кенені, ал Әлекең Абылайды алған ғой тақырып қылып. Сол Абылайға байланысты жинап, машинкаға бастырған еңбектері, шамамен 80-90 беттей, қазір Мемлекеттік мұрағатта. Сол материалды жиса, 2-3 томдық болады деп ойлаймын.

Қызыласовтың «Әлкей Марғұлан – ғылымдағы ақын. Соның ішінде археология сияқты таза заттық ғылымның өзін ақындық эпос секілді берді» деген сөзі бар. Жазғандары, шындығында, да көркем эпос сияқты оқылады.

Жазып алған: Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 8: 66 (3123) 2014-06-17

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Сонау бір жылдарда Сәкен серінің дәуірлеп тұрған тұсында «Қазақ әдебиеті»

газетінде тілдей хабар жарияланды. Онда Көкшетау облысының әкімшілігі белгілі жазушы Сәкен Жүнісовті жергілікті халықтың ұйғарымы бой-ынша «Сәкен сері» деп атауды лайық көріпті. Шамасы, Көкше өңірі сол жылдарда – 150 жыл бұрын өмірге келіп, дүниеден дүркіреп өте шыққан Ақан серісін сағынған болса керек!

Сері туралы романды жазу үшін сол адамның өзі сері болуы керек. Серіліктен құралақан адам серінің тұлғасын қалай сомдайды?! Ал, айдай әлемге әйгілі «Ақан сері» романын оқыған адам оның авторы Сәкенді сері демеуге хақысы қалмайды...

Осы орайда, атақты ақын Мағжан Жұмабайұлының «Ақан сері» жазбасының серіні сипаттаған жері еріксіз еске түседі.

«Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей, он бес, жиырма жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа мініп, ақ киген, біресе қара киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында – домбы-ра, аузында – ән. Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әншіл. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан ән шырқаса, кемпір өрмегін, сұлу кестесін қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қалың көздері: «Ақанның әні-ай!» деп күрсінеді».

Осы мақаланы оқи отырып ойға батасың. Егер Ақан серінің заманы болса, Сәкен сері де тура осылай болар еді-ау, осылай сән-салтанат құрып, Арқа даласында арқа-жарқа жүрер еді-ау. Әттең, Сәкен серінің заманы бөлек, заманының амалы бөлек.

Ақан секілді Сәкеннің де соңынан 15-20 жігіт жүрер еді, келмеске кеткен Кеңес өкіметінің келеңсіз саясаты оған ерік бермеді. «Топ жинап, топар сайлап, топтанып жүрген бұл неғылған тобыр!» деп, соңына үш әріптің (КГБ) адамы түсіп, әлек-шәлегін шығарар еді. Осыны түсінген Сәкен Кеңес өкіметінің саясатына онша мойын ұсынған жоқ. Коммунистік партияға мүше боп кіргісі де келмеді. Ал, өзінің әкесі мен шешесінің партия қатарында болғанын, сол жолда аян-бай тер төккенін өмір бойы мақтаныш етіп өтті. Өйткені, олар өкімет пен партияға, Ленинге, Сталинге қатты с е н г е н е д і . Әттең, үміттері ақталмады!..

Ал, Сәкен бол-са, бұл мәселеге б а с қ а ш а л а у келіп, сын көзбен қарады. Отыз екінің де, отыз жетінің де ортасында болмаған ол өзінің туған жері тың тақсіретін тарта бастағанда ол жиырмаға кел-ген соқталдай жігіт еді. Сәкен туған Көкшетаудың Қызыл ту ауданы – Ресейдің Омбысымен шекаралас ел. Сол кездегі саясат екпінінің тың тепкінін алдымен осы ауылдар бастан кешірді. Көрер көзге қазақ мектептері жабылып, мал бағып, отын жағып отырған қазақ ауылдары амалсыз-дан жан-жаққа бытырап көше бас-тады. «Қағынан жерінген құландай»

ерте көктемде үдере көшкен қазақ ауылдарының қам-харакеті болашақ жазушының қабырғасын қайыстырып, мұңын үдетті, жанын жүдетті. Осының бәрі Хрущевтің қияс саясатынан ту-ындап отырған жай екенін сол кездің өзінде-ақ айқын сезіпті.

Содан сол кезде тың туралы үсті-үстіне қаулап шығып жатқан қаулылардың бірін халық алдында оқып беруді партия хатшысы жас мұғалім Сәкен Жүнісовке тапсырады. Сонда, болашақ жазушы Сәкен сері сол жерде не істеген дейсіз ғой?

Шағын кітапша болып шыққан қаулыны қалың жұрттың көз алдында белінен бір-ақ жыртыпты да:

– Мен Хрущевтің саясатына қарсымын! - деп трибунадан түсіп, алды-артына қарамай тартып отырған. Сол сәттен бастап Қызыл ту ауданында алашапқыншылық басталады. «Ой-бай, Сәкен Жүнісов деген жас жігіт «халық жауы» болып шығыпты!»

1937 жылдан бері болмаған осынау «тосын жаңалықты» мектеп дирек-торы дереу аупарткомға хабарлаған, аупартком жерден жеті қоян тапқандай о б к о м ғ а жеткізген. Обком

жедел «комис-с и я » қ ұ р ы п , Қ ы з ы л т у ғ а аттандырады. Ішінде «қызыл жағалылары» да бар дейді. «Са-

яси қылмыскер» болған соң, әрине, қауіпсіздік комитетінің мүшелері де кең қамтылыпты...

«Мұздай қаруланған» жедел топ келе жатыр!» деген хабар Сәкенге де жетеді. Содан, әлдекімдер «қаш» деп үгіт айтып, ақыры, Алматыға аттанды-рып жібереді.

«Қызыл туға» келген «комиссия» Сәкеннің орнын сипап қалады.

Сәкен Алматыға келген соң да «үш әріптің» адамдары соңына түсіп, ұзақ әурелепті. Белгілі жазушы Мұқан Иманжановтың қарамағына

кіріп, «Қазақстан пионерінде» істеп жүрген Сәкен осы тұста өндірте жазып, алғашында балалар жазу-шысы болып қалыптасады. Жазған шығармалары – Мұхаң, Ғабең, Сәбеңдердің көзіне түсіп, көңіліне ұнай бастады. Ұстазы Зейнолла Қабдолов, бірге қызмет істейтін досы Тұманбай Молдағалиевпен жұп жазбай арала-сады. ҚазМУ-дың тіл-әдебиетін үздік бітірген Сәкен сол түста ғалымдыққа бой ұрып, атақты Мұхтар Әуезовтің алғашқы аспиранттарының бірі бо-лады.

...Сонау бір жылдары Сәкен ағамыз Арқалыққа келді. Мен осы күнгі «Жас алаштың» Торғай облысындағы меншікті тілшісі едім. Торғай театры Сәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» деген спектаклін өте тартымды қойды. Халық жақсы қабылдады. Артынан болса болмаса, банкет дегендей... Сәкен ағаң аңыратып ән салады, оны тыңдап отырған айналасындағылар аузын ашып, көзін жұмып тамсанады. Сөйлеп кетсе көлдей толқып, желдей шалқып шыға келеді. Ән де, әңгіме де сонда, өнердің қай қырына салсаң да әмбебап, алмастың жүзіндей жарқылдап, қырандай саңқылдап, аузынан от шашырап, асау тұлпардай ойнақтап шыға келеді. Қырықты қусырып, елудің еңсесіне енді іліге бастаған кезі болса керек. Әсіресе, ән салғанда жайшылықтағы қатулы қабағы тез жазылып, жаздың гүліндей жадырап, жайнап сала береді екен. Арамызда театр артистері, тағы да облыстың толып жатқан өнерпаздары – өрімдей, өрен жастары бар. Ондай жерлер-ден облыс басшылары, партия-совет қызметкерлері қалған ба, қаздай тізіліп, қатарласып төрде отыр. Ән салынады, әңгіме айтылады, бірақ Сәкеннен өнер асырып отырған адам жоқ.

Осындай бір сәтте ортамызда отырған облыс басшыларының бірі Сәкенге бір сұрақты дүңк еткізіп тастай салды.

– Сен осы баяғыда комсомол сый лы-

қамшысын осып-осып жіберді......Елдегі қариялардың айтуына

қарағанда, Сәкен өз әкесі Нұрмақтан гөрі, арғы атасы Жүніске көбірек ұқсайтын көрінеді. Жүніс ұзын бойлы, атжақты, қыр мұрынды, қыран қабақты, екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей кісі болып-ты. Сонысына қарамай жылдам, ыңғайлы болған деседі. Ел ішінде оқыс оқиғалар болмай тұрмайды. Біреу суға кетіп бара жатса, енді біреуі өрт ішінде қалса – алды-ар-тына қарамай қойып кетіп, ақыры құтқарып алып шығатын жарықтық Жүкең екен. Сәкеңнің, әсіресе, мінез жағы осы атасына тартыпты. Өзі әкесі Нұрмақ бүкіл ғұмырын ағартушылық жолында сарп еткен, оқымысты һәм қайырымды кісі бо-лыпты. Анасы Мағрипа да ұстаздық еткен, көзі ашық кісі болатын. Бертініректе дүние салды.

Сәкеңнің өзі ертеректе жиі айтып жүретін:

– Мен Сәкен Сейфуллин қырық жасқа келгенде туған екенмін. Көзі ашық әкем Сәкендей болсын деп мені Сәкен қойыпты. Шамасы, әкем менің жазушы болғанымды қаласа керек. Мен әкемнің ол үмітін ақтаған секілдімін. Ал, мен қырыққа келгенде туған балам ер бала болуға тиісті!..

Айтқандай-ақ, Сәкеңнің қырық жасында ер баласы дүниеге келді. Есімін өзінің «Ақан сері» романы-ның басты кейіпкері, кезінде бүкіл Көкшетау дуанына белгілі де беделді болған адам – Жанбота деп қойды, Жанбота бұл күнде заңгер, Қапшағай қаласында тұрады. Осы-нысына қарап, Сәкеңді сәуегей ме деп қаласың!

Мұхтар Әуезов Сәкеңе алғашқы аспиранттарының бірі ретінде үлкен үміт артса, Ғабит Мүсірепов сырлас, сыйлас іні-дос болып ба-уырына тартты. Ғабең, әсіресе, өмірінің соңғы ж ыл дарында Сәкенмен үй-іші, отбасы болып ете-не араласты. Көбінесе, Көкшетауда – Бурабайда бірге демалатын.

... Кейін Ғабең Сәкеңнің қазақ драматургиясында Ленин образын тұңғыш сомдаған «Өліара» пьеса-сы туралы сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінде пайымды пікір айтты.

Сә ке ң о с ы д р а м а с ы ү ш і н Қазақстан Мемлекеттік сыйлы ғы-ның лауреаты атанды.

Осындай белгілі адамдармен араластығының нәтижесі кейін Сәкеңе «Кемеңгер мен көлеңкелер» деген драма жазуына мүмкіндік берді. Мұнда Мұхаң, Сәбең, Ғабең образдары терең сомдалған. Бұл спектакль біраз уақыт М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында табысты өтіп жат-ты. Бұған дейін Сәкеңнің «Ажар мен ажал», «Өліара», «Жара-лы гүлдер», «Қос анар», «Әр үйдің еркесі», «Қысылғаннан қыз болдық» сияқты пьесалары респуб-лика театрларының репертуарынан тұрақты орын алып, бірнеше сах-наларда сан мәрте қойылып келді.

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, «Қазақ әдебиеті», 1994 жыл

ғын қалай ала алмай қалдың, «Жапан-дағы жалғыз үй» жақсы роман еді ғой?

– Жақсы болса, неге бермедіңдер сыйлықты? «Ертең газетке шығады» деп алдын ала құттықтап, суретке де түсіріп әкеткен... Себебін өздеріңіз білетін шығарсыздар. Мен қайдан білейін!

– Мен білсем, - деді әлгі кісі сөзін одан әрі жалғап, - романдағы басты геройың – Қарасайдың партиялық бейнесі толық бедерленбепті дегендей бірдеңе естігем...

Сәкен Жүнісов орнынан атып тұрды. Қабағы қырыстанып, маңдай терісі білеуленіп кеткен. Жұдырығын түйіп, жүтынып шыға келді.

– Не дейсің?! - деді әлгі басшы адамға сес көрсетіп.

Содан соң жауабын күтпестен қарлығыңқы дауыспен, қолын қайта-қайта сермеп, жұлқына сөйлеп кетті:

– Партиялық образ дейсің. Сен өзің қай партияны айтып тұрсың?! Он жетінші жылы ойындағысын істеп, жиырма жетінші жылы «бай» деп қыстап, ауқаттылардың бәрін атқанын атып, атпағанын итжеккенге айдаған, сөйтіп, асыл азаматтарымның ба-сын түрмеде шіріткен партияны айтасың ба? Отыз екінші жылы аштыққа ұрынған, отыз жетінші жылы қастықпен қырылған кімнің халқы? Оны басқарған кімнің парти-ясы? Ол тап осы күнгі сенің партияң! Кешегі Қазақстан съезінде сенің осы партияңның бүгінгі басшысы Қонаев менің үш миллион халқымды өз қолымен қырған Голощекинді респуб-лика көсемдерінің қатарында атап өтті. Біздің қолымыз жетпейді. Сен-дер Қонаевтың қасында жүрсіңдер ғой. Осыны неге айтпайсыңдар? Жоқ! Мен ондай партияны жырлай ал-маймын. Ондай партияның образын шығара алмаймын. Кешегі қан май-данда халқымды жаудың алғы шебіне салып, Мәскеудің түбінде қырған партияны мен қалай мадақтаймын! «Тың» деген сөзді желеу етіп жерімді таптаған, жан-жақтан қара құрымдай қаптаған халықтың партиясын нағыз қазақ жазушысы бола тұрып дәріптеуге қалай дәтің шыдайды. Сен-дер осыны неге ойламайсыңдар?! - деп айтып кеп берсін.

Манадан күліп-ойнап, желпініп отырған жұрт су сепкендей басылып, сілтідей тына қалыпты. Жаңағыдай сөзді айтқан адам ол кезде атылып кетпесе де, түрмеге түсіп азап тартары анық. Осыны білген жаңағы отырған бір топ партия қызметкерлері, бір қарасақ, «мына бәлеге куә болмайық» дегендей жым-жылас, тайып кетіпті...

Міне, Сәкеннің мінезі. Көңілді кезінде күндей күліп, айдай нұрланып отырған адам, ашуланған сәтте ашық аспан астында найзағайдың от

Page 9: 66 (3123) 2014-06-17

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Бейбіт Түсіпұлы, бүгінгі таңда Астанада туберкулезге шалдыққан адамдар саны қанша?

– Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде қазіргі кезде осы сырқатқа шалдыққан бір мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Бұдан бір жыл бұрын ауру көрсеткіштері бойынша елорда Қызылорда және Қостанай облысынан кейінгі үшінші орын-да болса, үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысы бойынша бас қала туберкулезге шалдыққандар саны жөнінен республикамыздағы 16 өңірдің арасында 14-орында.

Ж а л п ы , т у б е р к у л е з ә л і д е қоғамымыздың күрделі әлеуметтік мәселелерінің бірі болып отыр. Адам-дар өздігінен медициналық тексе-руден өтпейді. Аурудың өршуіне осы салғырттық та себеп болуда. Науқастардың басым бөлігі дәрігерге көрінуге дерті дендеп кеткен кезде, кешігіп келіп жатады. Дегенмен, біз бұл кеселді әрі қарай ауыздықтап, ауру көрсеткішін төмендетуге барынша күш салып келеміз.

– А у р у к ө р с е т к і ш т е р і н і ң төмендеуіне заманауи технология-лар мен саладағы соны жаңалықтар сеп болды ма?

– Әлбетте. Бүгінгі күннің негізгі мақсаты туберкулезбен ауыратын науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету – оларды дер кезінде анықтап, ұсынықты ем-дом шара-ларын қолдану екені белгілі. Ал, аурухананың заманауи аппараттармен жарақтандырылуы ауру нышандарын жедел анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда емдеу мекемесі « B A C T E C » , « Х а й н - т е с т » , «G-XPERT» сынды жаңа аппарат-тармен жұмыс істейді. Олар науқасқа дұрыс диагноз қоюды жылдамда-тады. Мәселен, ескі әдіс бойынша т у б е р к у л е з «таяқшаларын» зерттеуге үш ай уақыт жұмсалса, жаңа тәсіл арқылы екі-үш аптада, яғни, бірнеше күн ішінде, санаулы сағатта-ақ аурудың белгілерін анықтауға қол жеткізіп отырмыз.

К ө р с е т і л е т і н м е д и ц и н а л ы қ көмектің сапасын жақсарту үшін біздің диспансерде қосымша 14

фтизиопедиатрлық және фтизиатрлық учаске ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 25 фтизиатрлық учаске тұрғындарға кәсіптік медициналық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, біздің диспансер-де туберкулезді емдеудің жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін плазмо-ферез емінің процедурасы енгізілді, бұл өте ауыр формамен ауырған аурудың жазылуын екі есе тездетеді. Науқастарға хирургиялық көмек көрсету барысында эндобронхылы блокаторлар жақсы қолданылуда, бұл хирургиялық емдеудің тиімділігін жоғарылатады.

Біздегі лабораториялық құрал-жабдықтар мен медициналық аппараттардың барлығы озық үлгіде болғандықтан, ауруды анықтаудың мүмкіндігі жоғары.

Негізі, туберкулез иммунитеті әлсіз, салауатты өмір салтын сақтамайтын адамдарға өш екенін ескере оты-рып, әр адамның қарапайым с а н и т а р и я л ы қ - г и г и е н а л ы қ ережелерді ұстанып, міндетті түрде жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтіп, зиянды әдеттерден аулақ жүруіне жете мән береміз. Аурудан айыққаннан кейін адам құнарсыз тамақтар ішіп, жиі-жиі салқын тигізіп алса, қатты шаршаса, маскүнемдікке, нашақорлыққа са-лынса, туберкулездің қайтадан қозуы мүмкін. Сондықтан, тазалық сақтап, дер кезінде дәрігерге көрініп тұрған абзал. Ал ауру нышандары анықталып жатса, уақыт создырмай міндетті түрде емделу керек. Негізі, ауруды емдегеннен гөрі, оны болдырмауға тырысқан тиімдірек.

– Бізге берген бір сұхбатыңызда қаладан сыртқары жерде туберку-лезге қарсы жаңа диспансер салы-нып жатқанын айтып едіңіз. Бүгінгі таңда ондағы жұмыстар аяқталуға жақын ба?

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, елор-дамыз көз ілеспес шапшаңдықпен

дамып келеді. Осыған байланысты туберкулезге қарсы диспансердің қазіргі ғимараты шаһардың орта-сында қалып қойды. Сондықтан, қаладан сыртқары, Қырқыншы стан-сада жаңадан салынған туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы ке-стеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Ол әлемдік стандарттарға жауап беретін жаңа ғимарат болады. Онда аурухана қызметкерлерінің жұмыс істеуіне және науқастардың емделуіне барлық жағдай жасалған. Блоктар ауру түріне қарай жеке-жеке бөлінген. Палаталар өте жайлы, бір және екі орынды. Қырық орындық остеохирургиялық бөлімшесі бар бұл аурухананың жарақтандырылуы қазіргі заман та-лаптарына сай. Онда компьютерлік

томография да бар. Қысқасы, сырқаттың сауығуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Бүгінде жерде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Озық үлгідегі жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Ғимарат келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілмекші.

– Туберкулезбен ауыратын-дардың басым бөлігі – әдетте еш жерде жұмыс істемейтіндер мен қаңғыбастар екені белгілі. О л а р д ы ң е ш қ а й с ы қ ұ л а н -таза айығып кетуді ойламай-ды. Ал, туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқас бір мезгілде кемі 15 адамға ауру жұқтыратынын ескерсек, сон-да мұндай науқастармен қалай күресуге болады?

– Қалалық туберкулезге қарсы диспансер елордадағы туберку-лез ауруын анықтаумен айналыса-тын медициналық мекемелердің

жұмысын үйлестіріп отырады. Бұл ретте біз ауруды уақтылы анықтау үшін Астана тұрғындарының алдын ала флюорографиялық тексеруден өтуге насихаттаумен бірге, халық көп шоғырланған аумақтарда, атап айтсақ, базарлар мен сапаржайлар-да, қаладан сыртқары орналасқан е л д і м е к е н д е р д е а д а м д а р д ы флюорографиялық тексеруден үнемі өткізіп тұрамыз. Сонымен бірге, Бейімдеу орталығына келіп түсетін нақты тұрақты мекені жоқ азаматтар да жіті тексеріледі. Ауру анықталған жағдайда олар тез арада қалалық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылып, қажетті емін алады.

– Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің, о р т а ң қ о л м е д и ц и н а л ы қ персоналдың жетіспей жатқаны анық. Сіздерде маман тапшылығы байқала ма?

– 2013-2014 жылдары қалалық туберкулезге қарсы диспансерге фтизиатр, остеохирург, торакальды хирург болуды ниет еткен тоғыз жас маман-дәрігер жұмысқа алынды. Жалпы, маман даярлау және бар мамандардың эндоскопист, уролог секілді т.б. екінші мамандықты меңгеруі бағытында диспансерде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Орта деңгейдегі медициналық қызметкерлер қатары, лаборато-рия және рентген қызметкерлерінің қатары үнемі толықтырылып отырады.

Сұхбаттасқан Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

нды жаңа аппаратйді. Олар науқасқа оюды жылдамда-кі

ақытіл арқылы и, бірнеше күн ағатта-ақ аурудың ауға қол жеткізіп

н м е д и ц и н а л ы қ н жақсарту үшін

14

-

--

Page 10: 66 (3123) 2014-06-17

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

16.06.2014

«...Қызым цереберальды сал ауруына шалдыққан, яғни, астатикалық формадағы атоника, психикалық-сөйлеу қабілетінің жетілуінде кешігушілік бар. Әрине, ол емделеді, бірақ ұзақ уақыт пен қыруар қаржыны қажет етеді екен. Балапаным дәрісіз отыра алмайды, үнемі ем-домға ақша керек, бала өскен сайын оның да бағасы біртіндеп ұлғайып келеді. Қызым көңілді, зерек, балалармен ойнағанды жақсы көреді. Алайда, қозғалыс жағынан мүмкіндігі шектеулі, орнынан таянып тұрғанымын, аяғын тең басып жүре ал-майды. Сонымен қатар, тілі күрмеліп, сөйлеуге қиналады. Дәрігерлердің байқауынша, балаға қазіргі жағдайында тұрақты әрі ұзақ мерзімді ем-шара жүргізсе, өзін-өзі алып жүретіндей, тілі шығатындай халге келуі мүмкін. Бірақ, емдеу кешіккен сайын, денсаулығын қалпына келтіру де күрделене беретіні анық.

Мен бұрын мемлекеттік қызметте болғанмын, ол жерде уақытыңмен санаспайды, тәулік бойы жұмыстан босамай қалатын кездер жиілеп кетті. Басымдағы қиындыққа қарамай, «ешқандай сырқатыңа, отбасылық жағдайыңа байланысты сұрану болмасын немесе жұмыстан кетіңіз» деген қатаң талап қойғаннан кейін жұмыстан шығуға тура келді. Ең алдымен – анамын ғой, баламның денсаулығын бірінші кезекке қойдым.

Жұбайыммен ажырасқанымызға төрт жылдай өтті, ауру баламызбен екеуміз жалдамалы пәтерде өлместің күйін кешудеміз. Әкесі айына 9000 теңге көлемінде али-мент төлейді, оған қоса мемлекеттен 42000 мың теңге жәрдемақы аламын. Бас-аяғы 51000 теңге айлық табы-сымыз қайдан жетсін, 25000 теңгесін пәтер иесіне санап береміз. Бірнеше мәрте жұмысқа тұрмақшы боп талапта-нып көрдім, бірақ ала қояйын деген ешкім болмады.

Жан бағу үшін ерлі-зайыпты болған кезде алған зат-тарымызды, тіпті, баланың ойыншығына дейін сатып бітірдім. Бірнеше мәрте республикалық ауруханаларда ем алдық, дегенмен нәтижесі көңіл көншітпейді. Тағы бірнеше клиника өз қызметтерін ұсынуда. Әттең, қызымды алып, құстай ұшып баруға тағы да қаржының қаттығы қолбайлау боп тұр.

Балам өмір-бақи мүгедек боп қалуы мүмкін екенін ой-ласам, тамағыма өксік тығылады. Бар үмітім сіздерде, пейілі кең, жүрегі жұмсақ жандар! Қолдарыңыздан келген-ше көмек көрсетулеріңізді сұраймын. «Тамшыдан теңіз құралады» дейді ғой, біріксек, періштедей қыздың басқа салған ауыртпалықтан айырылып, пәкизат күлкісін, ша-дыман шаттығын көруге жазар еді. Бір-бірімізге бауырмал, жалғызын мұңайтпаған, жарлысын жанына алған халық едік қой. Мені басымдағы қайғыға жұтқызбай, жұрт болып жұмылуларыңызды қалаймын!»

Анар МОЛДАХМЕТОВА Ұялы тел: 8-701-933-55-59

Үй тел: 8 (7172)-38-59-74

Page 11: 66 (3123) 2014-06-17

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 331-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.

Заңның аталған нормасын орындау, соны-мен қатар азаматтарға еңбек заңнамасының қолданылуы бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 10 маусымында «Аста-на қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (Қабанбай батыр даңғылы, 33, 4 қабат, мәжіліс залы) Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша ашық есік күнін өткізді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін еңбекақы бойынша берешек, өтемақы төлеу, заңсыз жұмыстан босату, үстеме сағаттарды төлемеу, демалыс беру, жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру, шетелдік жұмыс күшін тарту, мүгедектердің еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талап-тарын бұзу және тағы да басқа мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлығы 30-дан аса азаматқа кеңес берілді.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуды бол-дырмау үшін жұмыс берушілер мен жұмысшыларға олардың құқытары мен міндеттерін түсіндіру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 «Қазақстан Респу-бликасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта биз-нес субъектілерін тексеруді тоқтатуға қаулы етілді.

Сәйкес шаралар қолданылмаған жағдайда, жұмысшылардың еңбек құқығының бұзылуы шағын және орта бизнесте тексеріс өткізуге мора-торий аяқталғанға дейін жаппай және бақылаусыз сипатқа ие болады.

Осыған байланысты Басқарма алдын алу және түсіндіру жұмыстарына аз көңіл аударылып отырған жоқ.

Өндірістік жарақатты азайту мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары қала прокура-турасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар ұйымы төрағасымен бірлесіп құрылыс алаңдарына барып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатымен еңбек ұжымдарымен 110 кездесу өткізді.

Кездесулер барысында жұмыс берушілер мен жұмысшыларға «Еңбекті қорғау бойынша негізгі ережелер» және «Жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын сақтау бойынша әдістемелік нұсқамалар» жадынамалары таратылды.

Бұдан басқа, сәуір айында Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының тапсырмасы-мен қала кәсіпорындарында жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жоспардан тыс түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол-дауын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қолдау іс-шараларының бекітілген жоспарының шеңберінде еңбек инспекторлармен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.

Осы кездесулер барысында Қазақстан Респу-бликасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі тапсырмалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мұқтаж азаматтарды, яғни мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау сұрағына ерекше көңіл бөлінді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру бөлігі бойын-ша Қазақстан Ресупбликасы Еңбек кодексінің норма-ларын бұлжытпай орындау қажеттілігі басшылық мен ұжымның назарына жеткізілді.

Басқармада Интернет қоры толық көлемде жұмыс атқаруда (www.uit.astana.kz). Азаматтарға еңбек заңнамасының сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында «Жұмыс берушілер мен жұмысшыларға көмек көрсету» бөлімі қосылған.

Сонымен қатар, Басқарманың сайтында «Сұрақ-жауап» бөлімі бар. Бұл айдар интерактивті түрде жұмыс істейді. Мұнда мемлекеттік мекеме басшысы-на қойылған сайтқа кірушілердің хаттарына жауаптар орналастырылады.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Page 12: 66 (3123) 2014-06-17

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

БИЛЕГЕН ӘЛЕМ...«БРАЗУКА»

«А» тобындағы екінші кездесу Мексика мен Камерун арасында өтті. Алғашқылары ойынды басынан аяғына дейін басқарып, қара құрлықтан келген футболшылардың адымын аштырмады. Бірінші таймның өзінде Джованни Дос

Сантос екі гол соқса да, бас төреші оны есепке алмай тастады. Камерун құрамасы әлсін-әлсін тәртіп бұзып, ойынның мәнін кетірумен болды. Дегенмен кездесудің 61-минутында Перальта соққан жалғыз доп Мексика құрамасына үш ұпай әкелді. Енді олар келесі турда турнир қожайындарына қарсы ойнаса, ұпайсыз Камерун және Хорватия өзара күш сынасады.

«В» тобындағы тартыс әлем чемпиондарының тас-талқан болу-ымен басталды. ОАР-да өткен әлем біріншілігінде соңғы рет Голландия-мен ойнаған Испания құрамасының Б р а з и л и я д а ғ ы а л ғ а ш қ ы қарсыласы да «қызғалдақтар елі» болды. Бірақ бұл жолы Луи Ван Галдың футболшыла-ры жеңімпаз атанды.

Ойынның 27-минутында Шаби Алонсо пенальтиден гол соғып, испандарды алға шығарған. Бірінші таймның соңына қарай Роби ван Перси Касильястың қателігін пай-даланып, есепті теңестіріп кетті. Артынша Роббен мен Де Врей 53, 65 минуттарда бір-бірден гол соғып, Испанияның

жағдайын мүлде қиындатып жіберді. Висенте Дель Боске алаңға жаңа ой-ыншыларын жіберсе де, олар ойын ырғағын еш өзгерте алған жоқ. Кейін Роби ван Перси мен Арьен Роббен екінші рет қанжығаларын майлап

үлгерді. Қысқасы, Испания құрамасы 1-5 есебімен тас-талқан ұтылып, өз тарихына дақ қалдырды. Бұған команда капитаны Икер Касильястың салақ ойыны кесір болды де-сек, қателеспеген болар едік.

Осы топтың алғашқы турындағы екінші кездесу Чили мен Австралия ара-сында өтті. Азия және Мұхит аймағынан келген құрама ойынның алғашқы бөлігінде қарсыластары соққан екі голға бір доппен жауап беріп, екінші таймда орасан күшпен алға ұмтылды. Кездесудің негізгі уақыты аяқталып, қосымша минуттар сырғып жатқанда оңтүстікамерикалықтар қарсыластар қақпасына тағы бір гол соғып, Австралияның

бір ұпай жолындағы үмітін үзіп тастады. Бұл ойында Чили сапынан Санчес, Вальдивия, Босежур деген жігіттер көзге түссе, оларға Кэхилл ғана жауап бере алды.

«С» тобының алғашқы матчын-да Колумбия футболшылары Гре-кия құрамасын 3-0 есебімен жеңіп, Фалькаосыз да доп тебе алатындарын дәлелдеді. Бірақ ойын барысына қарап отырып гректердің жай ғана жолы болмағанын аңғаруға болады. Бесінші минутта соғылған Армероның голын 58-минутта Гутьеррес еселеді. Ал кездесудің 93-минутында Джеймс Ро-

дригес Колумбия-Грекия арасындағы матчқа нүкте қойды.

Осы топтағы екінші кезде -су Кот Д’Ивуар және Жапония құрамаларының арасында өтті. Негізі, осы бір топтағы төрт құраманың

дәрежелері тең саналған. Грекияның сәтсіз ойынын есепке алмағанда африкалықтар мен азиялықтардың кездесуі көпшілік күткендей тартысқа толы болды. Бірінші таймның 17-ми-нутында Жапония сапынан Кейсукэ Хонда гол соғып, қара жігіттердің сағын сындырғандай болды. Бірақ ойынның екінші бөлігінде небары екі минут ішінде Бони мен Жервиньо бір-бірден жапондар қақпасын дәл көздеп, таразы басын өздеріне аударды. Кезек-кезек шабуылдармен жалғасқан кездесуде осыдан кейін ешқандай голға куә болмадық.

«D» тобының алғашқы кездесуінде сенсация тіркелді. «Өлім тобына» түсіп, «өмір сүруден қалды» деген Ко-

ста-Рика әлемнің екі дүркін чемпиондары саналатын Уругвай құрамасын 3-1 есебімен тізе бүктірді.

Кездесудің 24-минутында Эдинсон Кавани он метрлік айып добынан мүлт кетпей, өз құрамасын алға шығарған. Бірақ қарсыластар да қарап қалмай, Фернандо Муслера қорғаған қақпаның маңын торуылдаудан еш танған емес. Екінші таймда Кэмп-белл есепті теңестірді. Арада үш минут өткен соң, яғни,

57-минутта Дуарте костарикалықтарды алға шығарды. Ойын соңындағы алма-кезек шабуылдардың бірінде алаңға жаңа шыққан Уренья үшінші гол-ды соғып, уругвайлықтардың үмітін біржола үгітіп тастады. Осылайша

өткен біріншіліктің жартылай финалы-на дейін жеткен оңтүстікамерикалық футболшылардың топтан шыға ал-май қалу қаупі арта түсті. Сонымен қатар, бұл ойында биылғы біріншіліктің алғашқы қызыл қағазы көрсетілді. Оның иесі – Макси Перейра.

Ал, Англия-Италия арасында өткен кездесуді көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бұлай деудің өз себебі бар. Қос құрама да күллі әлемге еуропалық ойын мәнерін паш етті. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың» да озық үлгісін көрсетті бұлар. Қорғаныс, алаң ортасы, шабуыл деп бөліп-жармай,

барлығы бірдей ұйымдаса тер төкті.Бір-бірінен еш кем түспейтін

командалардың тең дәрежедегі ойынына қарап сүйсіндік. Таңдай қақтық. Егде тартқанына қарамастан Пирлоның жас жігітше қимылдауы, әлі толысып болмаса да Стерлингтің тәжірибелі ойыншылардай ойқастауы – бәрі-бәрі жанкүйерлерге керемет күй сыйлады.

35-минут. Кандрева бұрыштан жеткен допты кідіртпестен Андреа Пирлоға асырды. Ал «Ювентустың» жартылай қорғаушысы пасты өзі қабылдамай, өзінің екі аяғының ара-сынан Маркизиоға өткізе салды. Бұл 2002 жылғы Бразилия мен Германия арасындағы финалдық ойынды еске салды. Он төрт жыл бұрын Ривалдо да өзіне жеткен допты дәл осылай өткізіп жіберіп, нәтижесінде, әйгілі Роналдо Кан қорғаған қақпаны дәл көздеген болатын. Бұл жолы Клаудио Маркизио да Джо Харттан айласын асырып кетті. Бірақ, көп ұзамай, екі минуттан соң ағылшындардың сол жақ қапталдан басталған шабуылы Рунидің Старриджге әдемі пас беруімен және

шабуылшының мүлт кетпеуімен жалғасты. Осылайша тең есеп-пен, құрамалар үзіліске шықты.

Ал ойынның екінші жартысында Кандрева тағы да Англияның айып алаңында жүрген Балотеллиге әуелете пас беріп, «супер Марионың» гол соғуына жағдай жасады. Бұл 50 минут еді. Кейін қос құрама қолдарынан кел-ген бар мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысқанымен, есеп өзгермеді.

Сондай-ақ, «Е» тобындағы Швей-цария-Эквадор және Франция-Гон-дурас кездесулері өтті. Қос ойында да еуропалықтардың мерейі үстем болғанын айта кету керек. Швейцария 0:1 есебімен ұтылып жатып, бапкердің көрегендігі арқасында жеңісті жұлып әкетті. Оттмар Хитцфельдтің екінші таймда алаңға жіберген екі футболшы-сы бір-бірден гол соғып, үш ұпайға қол жеткізген. Ал Франция Гондураспен тартысқа түсіп, қарсыластарын 3:0 есебімен тас-талқан етті. Ойынның бірінші бөлігінде-ақ Гондурас құрамасының қақпасына пенальти белгіленіп, екінші сары қағаз алған футболшысы алаңнан қуылды. Кәрім Бензема 11 метрлік айып соққысын дәл орындағаннан кейін 48-минутта осы әлем біріншілігіндегі екінші автогол соғылды. Оның авторы – Гондурас қақпашысы Вальядарес. 72-минутта Бензема тағы бір гол соғып, осы турнирдегі дубль жасаған үштіктің соңына ілесті.

«F» тобындағы Аргентина мен Босния-Герцеговина арасындағы матч та ойналды. Бұл ойында әлем чемпионатының дебютанты са-налатын еуропалық команданың футболшылары екі гол соғып, оңтүстікамерикалықтар бір ғана доппен көзге түсті. Бірақ жеңіс Марадонаның ізбасарларында кетті. Колашинац кездесу басталмай жа-тып өз қақпасына абайсызда гол ұрып алған соң, 65-минутта Лео Мес-си Аргентинаны 2:0 есебімен алға шығарған. Ойын соңында Ибишевич бір гол соғып, өз құрамасына үміт сыйлағандай болды. Алайда, есеп өзгермеді.

Осы топтың екінші ойыны өткен түнде Иран-Нигерия арасында өтті. Сонымен қатар, «G» тобындағы Германия-Португалия, Гана-АҚШ жұптары да алғашқы кездесулерін өткізді. Олар туралы газетіміздің келесі нөмірінде жарияламақпыз.

Бетті дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ