Соғыс мен үшін ол … = Война для меня это

Post on 14-Jul-2015

1.036 Views

Category:

Education

6 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

Сыздықова Дамира 9-сынып оқушысы

Казиева Альмира 9-сынып оқушысы

Кеңес орта мектебі

Дамира

Бізде Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем

бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың

9-мамырына қайта оралтады. Неге жарты ғасырдан асса да

сол сұрапыл соғыс тақырыбында кітаптар мен фильмдер,

өлеңдер мен әндер жалғасын табуда?!

Альмира

Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына

келтірілді. Бірақ соғыс салған жара адамынан айрылған жанұя

жоқ шығар, сірә! Сол бір қаралы жылдар 20 миллионнан астам

Кеңес адамы құрбан болғаны әркімге де аян.

Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын

бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне,

68 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат

жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз

төрешісі бар.От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар

барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен

тылдың аты аңызға айналған ерлері барған

сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік

ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста

әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен

Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін,

дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін

бұл туралы ұмытуға болмайды.

Сыздықова Дамира

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп,

ай алмасып,зыимырап жылдар өтеді.

Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі

көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт,

қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады.

Сондықтан халыққа соғыс әкелген

қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның

өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған,

адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды

талқандаған қантөгіс,

сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

« Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт

жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің

ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін,

оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің

өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ.

Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...

Казиева Альмира

Ерлікке тағзым(1 минут үнсіздік)

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Жыл сайын 9-мамыр күні

барша ауылдың

тұрғындары ескерткіш

алдында келіп,

бабаларымыздың рухына

дұға бағыштап еске аламыз.

1941 жылы 22 маусым

күні таң шапағы жаңа

ғана арайлап келе

жатқан кезде фашистік

Германия елімізге

опасыздықпен басып

кірді.

Ұлы Отан соғысы

осылай басталды.

Отанымыздың

ауыр күндері туды.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Соғыс - мен үшін ызғарлы

әрі суық естілетін сөз.

Қызыл Армия кескілескен ауыр соғыса отыра шегінді.Соғыстың алғашқы үш

жұмасы ішінде айырылды:

850 мың адамнан

3,5 мың ұшағынан

Танктердің 50 пайызынан

Шілденің ортасында қарсыластар 300—600 км ішке енді. Олар 100 мың әскерінен

айырылды.

Соғыстың басы

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Соғыс - мен үшін қайғы- қасірет.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Ел ұлдары мың солдат,

Белуардан қан кешіп,

Сынға түсті бекініп,

Отқа түсіп, су кешіп,

Жүзден аса соғыста,

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда халық үшін,

Намыс туын көтерді

Қан майданға шығарып сап ардағын,

Қыз – келіншек түсірмепті салмағын.

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқанда

Сай – сүйекті сырқыратқан зардабын.

Соғыс тың зардабын көрмеген бір де бір халық, бірде бір жанұя жоқ.

Оның аты келмеске кетсін.

ДАҢҚ МЕМОРИАЛЫ

Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір ғалам,

Анау жаудың танклері лаулаған.

Жеріміз кең, артымызда Москва

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам

Қаншама миллиондаған Кеңес азаматы жеңіс үшін

күні-түні еңбек етті. Еңбектеген баладан бастап ,

еңкейген қарттарға дейін қырман басында, станоктарда,

домна пештерінің жанында тынбай еңбек етіп, қан майданға

Керекті азық-түлік, киім -кешек, қару –жарақпен қамтамасыз етті.

Мылтықтан атылған он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасыны нан

жасалған.

Бейбіт елдің ұрпағымыз

68 жыл сұм соғыс біткеніне,

Ұйқысыз сан мың түннің өткеніне.

Ұрпағына тыныш өмір сыйлау үшін,

Аталардың қасық қанын төккеніне.

Бізді ойлап ештеңеден тайынбады,

Жаудың оғы тиеді деп аянбады.

Ақырында фашистерді жеңгендерін

Қуанышпен барша жұртқа баяндады.

Енді міне, бейбіт елдің ұрпағымыз,

Білімдісі, жеткіншек,балғынымыз.

Бабалардың атақ- даңқ, абыройын,

Жадына мәңгі ұстасын ұл-қызымыз.

Отанның тыныштығын сақтайық,

Ата- ананың үміттерін ақтайық.

Аталардың ерліктерін ұмытпай,

Есімдерін әрбіріміз жаттайық.

Кеңес мектебінің

2011 жыл түлегі

“Жас қалам”

Байжан Мейіржан

Зымырап жылдар өтеді,

Жанымыз жауға қара күн.

Соғыста өлген атаны

Бөбегім сен де ұмытпа.

Тыл еңбеккерлері“Жеңіс күні” мерекесінде ескерткіш

алдындағы митинг

68 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

68 жыл шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері 68 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9- мамыры

әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады.

Тыныштық тулары,

Биікке самғасын.

Тыныштық ұраны,

Қиырда шарласын

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп отбасы қалмасын.

Жол берме соғысқа, адамзат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

top related