Оралхан Курсовая

53
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын » 050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті Оқытудың түрі: сыртқы Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. 1

Upload: michael-briggs

Post on 06-Aug-2015

908 views

Category:

Documents


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: Оралхан Курсовая

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын »

050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті Оқытудың түрі: сыртқы

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.

Көкшетау – 2011

1

Page 2: Оралхан Курсовая

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ..............................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................42.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33

2

Page 3: Оралхан Курсовая

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ауқымда танылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соның нәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өз нысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудың жаңа белесіне көтерілді.

Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптың ауқымы тұрғысынан да кең қанат жайған қазақ прозасындағы әлеуметтік сарындардың көркемдік қызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады.

Осы орайда қазақтың өте дарынды біртуар жазушысы Оралхан Бөкей шығармашылығы көркем әдебиеттің өз алдына бір зерттеу нысаны бола алады. Оларды көркемдік тұрғыдан ұштастырып, түрлі ғылым салалары арасындағы диалектикалық бірлікті өз талап-талғамына жарату хас талантқа ғана тиесілі.

Қазақ әдебиетіндегі қазіргі заман прозасында «алыптар» санатындағы қаламгерлердің бірі Оралхан Бөкеев – өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Оралхан Бөкеев қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.

Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:

– Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;

– Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;– Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы

дәлелдеу;

   2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы

3

Page 4: Оралхан Курсовая

Бөкеев Оралхан (1943-1993 ж. ж.) 28 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.              1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.             Шынында да осы Оралхан Бөкеев деген кім? Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқанымыз өтірік емес. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші.             Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтің будақ - будақ бу атқылап жатқан иін -иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз. Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткен көңіліңіз сәл - пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақ тұманының арқасында Орекеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен бірге адасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау - салқын қандылықтың өзегі.             Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп... Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған....             Орекеңнің үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген

4

Page 5: Оралхан Курсовая

ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта - қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам - құр тұлып. Ал , Оралхандыкі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп - ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от - жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін ? Кез келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.             Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде "Сарыарқаның жаңбыры" атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыс та шығар. Дегенмен, мен айтар едім, "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта дауылдатып, селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасы ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқы шер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл - автор мен оның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.             Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас. Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі - ақ күнде көр -жерін буып - түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар, ол арса -арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы,

5

Page 6: Оралхан Курсовая

белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті ?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың - митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсіз болсам - ау дегенді ғана армандайды.             Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң.             Ақтанның бар ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.             Ақтан - Әділетсіздік пен Аярлықтың ордасы - күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар ғана мекендейтін түкпірінде табиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір аллаға ғана аян.             Беу - беу Оралхан - Ақтан - ай , қаншама көз көрмес, құлақ естімес меңіреуге лағып, маңып кеткенімен кесірлік пен кесапаттың күйік сасыған иісі іргесінен үріп жатқанын, ерте ме, кеш пе қолқасын қан түкірте қабарын болжамаған -ау ! Әттең, Оралхан - Ақтан - ай, әр пенде шыр етіп жарық дүниеге келген сәттен бастап - ақ оның тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да, соры да ең аяғы тірліктің мәресі - ажалы да соңынан таяқ тастам жерде еріп отырарың соның көбі екі аяқты адам бейнесінде тапырақтап сүмеңдейтінін ертерек ойламағанын қарашы ! Қайран, Оралхан - Ақтан - ай, адам жатырынан адам болып дүниеге келген екенсің, сол тобырдан қолыңды төбеңе қойып қаншама қашқаныңменен,

6

Page 7: Оралхан Курсовая

қаншама саяқтаңғаныңмен сол тобырсыз күнің жоқ екенін неге түсінбейді екенсің. Ажалдан қашқан Қорқыт бабаларың қайда ұзап кетіп еді ?             Адалдық пен Арамдық - егіз ұғым. Ақтан - адалдықтың бейнесін сомдаса, Кан - қулық, сұмдығына сырық байламайиын арамдықтың өкілі. Кан жетесіз емес. Ақтан секілді ауызынан әулиеліктің уызы аңқып тұрған он шақты аңқау да адал жандарды қанжығасына бөктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты. Повесть соңында Арамдықтан сілікпесі шыға орлық көрген Ақтан оның қыр соңына түседі. Арқасына таңып алған, ғұмыр бойы жақ ашпаған мылқау шешесі тұңғыш рет ұлына: - Құлыным - ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің ?- деп күрсінеді. Ақтан жетуін жетер, ал оны жеңу үшін өзі де арамдықпен тояттауы қажет -ау. Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер - өтірікші Асан шал. Бұл кейіпкер - Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі өтірікші, әрі шежіреші етіп алуы - саясат.             Қоғам кереқарлығын , өз ұлтыңның кеңкелес кезеңде іштегі запыранды шығару үшін әр түрлі әдеби тәсілдерге бару қажет болды. Міне, Асан сол олқылықты толтыруға келген өкіл." Мұзтау" повесінің көтерген ең ауыр жүгі - оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осы шығармасында Арамдық пен Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі тола еңірей отырып "Адам" болып қалуға шақырады. Жалпы "Мұзтау" повесі - Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруы мүмкін емес!... Ол - ерлік пен өрлікке толы хикаят. Оны оқып шыққан соң өзіңнің де бойыңа шым - шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, сергіп қалғаныңды сезесің. Күйкі тірлігіңе қынжыласың, аттандап Алтай мен Алатауға шығып, алапат ерлік жасағың келеді - ай! Әсілі, Бөкеевтің қара сөздің інжу - жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына сыймай асып - төгіліп жатқан асқақтық лебі өн - бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады -ай!             Пенде Оралханның кеудесінен шыбындай жаны ғана пыр етіп ұшып кетіпті. Жазушы Оралхан Бөкеев тірі екен. Шығармашылық өмірі тек ғана өнермен, соның інжу - маржанымен көмкерілген Оралхан кербез жымиып, әне арамызда жүр... Олар: Нұржан ("Қар қызы"), Таған ("Атау кере"), Аға ("Жылымық"), Қиялхан ("Жасын"), Аман ("Сайтан көпір"), Ақпан ("Мұзтау"), Жеңісхан ("Ұйқым келмейді"), қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларының өзінде Орекең тұр тәкаппар көз салып.             Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы еді. Оған..... оған, бәрі - бәрі жарасатын... Оны алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен де, шашын жұлғызып, жоқтатқызған да хас таланты болатын. Ал таланты үшін; ол Аллаға ғана қарыздар....

7

Page 8: Оралхан Курсовая

            Ел айтады: "Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол түз тағысына - Кербұғыға айналып, алтайдың құзар шыңдарын гуілге толтырып жүр екен"... О.Бөкеевтің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін.             О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.             Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.             Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант.             Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.             Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкен қамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәрі де майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма. Шығарманың негізгі қаһарманының бірі - Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да, еңбек армиясында болады. Белуардан батпақ кешіп, таң атқаннан күн батқанға дейін тыным көрмей жер қазатын. Тамағы да өте нашар еді. Қатықсыз қара көже ішіп, үсіген картоп жеген кісілер ауыруға шалдығады. Өлім -жітім де болады. Осының бәріне Ақан мойыған жоқ. Мұнда да ол соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ. Оны қиындықпен келген Ұлы жеңіске үлес қоспады деп ешкім айта алмайды.

8

Page 9: Оралхан Курсовая

Ендеше неге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді ? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырылмайды ? "Менің кінәм не сонда ? Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба ? Біле -берсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ ",-деп қиналады Ақан.             Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқа қатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп - ескеріле бермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан майдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнын толтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейлі ол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым. Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқан азаптары жігерлерін шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады.

Оралхан Бөкейұлы тілдік қоры бай, ойы терең, адамның жан-дүниесін көп жазып, табиғат пен адамның үйлесімділігіне, жұмыр басты пенденің тіршіліктегі тірлігіне көп бас қатырып, қалам тербеген жазушы. Оралхан әдебиеттегі бар жанрлардың барлығында бағын сынап, қалам тербеп, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қарымды қаламгер. Жазушының өзгелерде жоқ өзіндік жазу мәнерін, заманы мен айналасындағыларға жеткізу сонылығын біз роман, повесттерінен, әңгімелерінен анық байқаймыз, оларға тоқталмас бұрын жалпы әңгіме дегеніміз не? Әдебиет деген көркем сөз, көркем өнер, әсем мәдениетте әңгіменің алар орны қандай, заман шындығы мен кескін-келбетін оқырманға әңгіме жанры арқылы жеткізуге болады ма? Оның тілі, көлемі, стильі қандай болуы шарт? Осы сынды сұрақтарға жауап бере кетсем .

Сонымен әңгіме дегеніміз не? Бәріміз білетін бұл сұрақтың жауабы, әңгіме роман мен повестен

кішкентай, көп деген де он-он үш беттен аспайтын шағын оқиғаны қамтитын әдебиеттің бір жанры. Анығын айтқанда көбіміздің білетініміз осығана. Жалпы әңгіме деген не деген сұраққа кесіп-пішіп жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп айтуға келмейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен «Әңгіме, – дейді Сомерсет Моэм, – ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқылатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтындай етіп жеткізу керек» - деп сөз саптайды. [1, 250-б.]. Бұл арада Моэм әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылу керектігін, екіншіден, шебер жазылу қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.

9

Page 10: Оралхан Курсовая

Сөз жоқ, әңгіме – бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың үздік үлгісі – жеті-сегіз беттік әңгіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес. Моэм айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.

Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шын шебер жазушының ғана қолынан келетін шаруа. Бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдында қилы-қилы мінездің адамын әкеліп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік. Мұндай шеберлік мектебінің үлгісін, мәселен А.П. Чехов немесе Ғ.Мүсірепов, я болмаса Б. Майлин көрсеткені, ұлы суреткерлердің қолдарынан қандай ғажайып, сұлу, керемет, тамаша миниатюралар шыққаны әмбеге аян. Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге, қорқынышқа, сүйіспеншілікке салады, қалайша сізді баурап алады? Көз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов, Нағима ана, Айжан, Айгүл қойшы, Шұға, Әбдірахман. Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыныны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келсе, енді біреуіне көмек қолын созғыңыз келеді. Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен, іс-әрекетінен түңілесіз, біріне сүйсіне қарап, ғашық боласыз. Енді біреуінің кейбір кеспірсіз қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп. сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл – әңгіменің тәрбиелік күші.

Жалпы әңгіменің қандай жанр екендігі туралы көптеген энциклопедияларда қысқаша анықтама берілген. Енді сол анықтамалардың біреуіне көз жіберсек.

Әңгіме, әдебиетте – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиция, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйтқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, ұзақ баяндауға орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгіменің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Қ. Жұмаділов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әбдіков, т.б. жазушылардың әңгімелері – қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгімелердің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп

10

Page 11: Оралхан Курсовая

ауыз әдебиеті дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылған мұндай әңгімелерді халықтар фольклортануында меморат де те атайды. [2, 68-б.].

Расында да қазақ халқы – өзінің табиғатынан әңгімеші, естігені мен есіндегісін баяндауға шебер халық. Кешегі күнгі ауыздан-ауызға жетіп ел есінен өшпей, ескіріп, ұмытылмай бүгінгі таңға жеткен көптеген аңыз-әпсаналар, ғашықтық-дастандар, батырлар жыры, әңгімелер, осының айқын дәлелі. Бір ғана ертегілерін алып қаралықшы. Рас, бұл жанр өзіндік жазуы қалыптасқан ортада негізінен ауызша айтылып біреуден-біреуге жету арқылы таралғандықтан уақыт өтіп, айтушы өзгерген сайын оның мәтінінде де үлкенді-кішілі өзгерістер болуы әбден заңды. Бірақ ол ешқашан да өзінің көркемдік бояуын жоғалтпаған, ғибратты мәніне, идеялық діңгегіне дақ түсірмеген. Белгілі фольклортанушы ғалым С.Қасқабасов қазақтың халық прозасын аңыздық және ертегілік деп екі топқа бөліп, олардың әрқайсысына тән миф, хикая, аңыз-әфсана, әңгіме және әрқилы ертегілер тәрізді жанрлық түрлерді жіктеп көрсетеді. [3, 80-б.].

Қарап отырсақ көркем прозаның бастауы да ертегі жырлардан, аңыз-әфсаналардан басталыпты. Бұлардың қай-қайсысы болсада прозаның тамаша үлгілері екені анық. Сол себепті бастауын аңыз-әфсана, әңгіме – хикаяттардан алатын қазақ прозалық туындыларын бояуы өшкін, айтары жоқ шығармалар деп қабылдай алмасымыз анық. Прозалық туындылар соның ішінде әңгіме жанры қазақтың ежелден келе жатқан әңгімешілдік, ертегішілдік, баяндаушылық дәстүрінен нәр алып қаулай өсіп жауқазын іспеттес бүгінгі көнге жетіп, осы күннің елдік мәселелерін көтеріп жүргендігін аңдаймыз.

Міржақов Дулатовтың, Спандияр Көбеевтің, Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтың қаламынан туған әңгімелер де адамзаттың тіршілігі, қоғамдағы орыны, әлеуметтік мәселелері жайлы берері мол, тың туындылар екендігі анық. Әңгіме жанры арқылы да тіршілік үшін күрестегі қым-қиғаш, қым-қуыт өмір-дарияның кескін-келбетін көз алдымызға әкеліп, оқырман қауымның көкейіне жеткізе білуге болатындығын дәлелдейді. Осынау алтын көпірді жалғастырушылардың бірі әрі бірегейі, заманының саңлақ та жұмбақ суретшісі, қарымды қаламгер, әңгіме тілімен шығармаларынан бал тамыза білген жазушылармыздың бірі Оралхан Бөкейұлы да проза жанрында түйдек-түйдек дүниелер жазып, осы жанр арқылы соның ішінде әңгіме тілінде теңдесі жоқ шығармалар туғызды, сол шығармалары арқылы біздерге өз заманының сұлба суретін жеткізе білген бірден-бір суреткер. Жазушының осы әңгіме жанрында жазылған қай шығармасын алып қарасақ та бәрінің айтпақ ойы, жеткізбек идеясы өз замандастарының өскен ортасы, діни-жұмбақтың сыры екендігі анық. Философиялық – психологиялық тұрғыдан алып қарағанда Оралхан Бөкейдің шығармалары теңдессіз дүниелер, толғауы терең, мазмұнды екендігі даусыз. Оның қай әңгімесін оқысақта онда тек автордың өзі өмір сүрген ортасы, ондағы тіршілік иелерінің мұң-зары, қызық-

11

Page 12: Оралхан Курсовая

қуанышы, арман-қиялы көрінеді. Бөкей өз заманының әлеуметтік ортасын әдемі де әсерлі, ащы әрі ашық, жұмбақ та терең тілмен жазып жеткізе білді.

Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, ең басты көзге көрінетіні, көлемі шағын. Ол – жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемді өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін атаған сайын аңғартып, көз алдыңа жанды сурет келе бастауы керек. Ол жанды сурет, яғни адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруі тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі; сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам – соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білуімен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жете байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениеттілікті талап етеді. Мұның бәрі – күрделі, қиын жұмыс. Сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауымы әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.

Рас, әңгіме – шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы «мектептен» ұстартып шықты. М.Горький мен А.Серафимович, А.Толстой мен М.Шолохов. – бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.

Қазақ жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетіліп келеді.

Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, ықшамды, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ, ұзын сонар поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актілі драманың қасындағы бір актілі пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, тез тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, дала қосында қарауға, жайлауда жатып оқуға, қалтаға салып жолға алып шығуға болады. Әдебиетті сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сырмінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, қанат бітіріп, жанына жалын қосады. Бұл – әңгіменің эстетикалық күші. [1, 265-б.].

Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бір де біреуі оның ережесі бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы, күрделі. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз де әңгіме болады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны бәріміз білеміз; ал егер данышпан қазақтың Хакім Абайы атанған Абай Құнанбайұлының «Әзімнің әңгімесі» я болмаса, Джефри Чосердің «Кентербери әңгімелері» сияқты, өлеңмен

12

Page 13: Оралхан Курсовая

жазылса ше? Әңгіме кейіпкерлері – әрине, адам; ал егер ит немесе ат болса ше?. Міне осындай алдыңнан шығар сұрақтар, әңгіме жанрының сан алуандылығын, түр өзгешелігін айғақтап, оны роман, повестер сияқты көтерер жүгінің қаншалықты ауыр екендігін танытады.

Қысқасы, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айырықша асыл үлгісі; әңгіме, негізінен, қысқаша жазылады, ал «ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза» (Пушкин)

Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі – жинақылығы, ал «нағыз күшті, нағыз құдіретті проза – жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған. Жинақылық – мұқият мықтының ісі» (Паустовский) [4, 35].

Міне жалпы әңгіме жайлы әңгіме өрбіткенде тілге тиек болғаны осылар. Әңгіме жанры арқылы үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды беруге, замана шындығын суреттеуге болатындығын озық жазушы Оралхан Бөкейұлы да өз әңгімелері арқылы дәлелдей білген..

Ұлы драматург Бернард Шоу «Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары жайлы жазуы тиіс», деген екен [5, 50].

О.Бөкейұлы да қолына қалам ұстағанынан-ақ, өз замандастарының мұңы мен қуанышын, шынайы суреттеуге тер төккен қаламгер. Бұл ретте автордың өзі де «Әйтеуір, не жазсамда өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым» деген болатын. Айтқандай-ақ, оның кейіпкерлері, – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Көк тайыншадағы» кіші лейтинант В.В.Окинков, «Бес тиындағы» Зәкең – күнде көріп жүрген, етене араласатын өзіміз қатарлы замандастарымыз емес пе? [6, 4].

Расында да Оралхан өз шығармаларында тек қазақы менталитетті, замана зобалаңын, қазақ баласына төнер қауіпті, өтіп кетер өткінші өмірдің өзекті өкінішіне айналған адамдар мінезінің қарама-қайшылығын, ақ пен қараның бітпес күресін өз заман келбетін, бүгіні мен ертеңін, сол заманның кескін-келбетін әсем де әсерлі, қытымыр да қатыгез, мейірімді де мейірлі кейіпкерлері арқылы суреттеп жеткізе білген. Бұл оның жазушылық қуаттылығы.

Жалпы Оралхан Бөкейұлының әңгімелеріне тоқталмас бұрын жазушының повесть, әңгімелеріне аздап тоқтала кетсем. Себебі, бұл туындылар айтары көп, берері мол шоқтығы биік туындылар. Сөз басында тілге тиек еткен «Елең-алаңдағы» Зарлықтың ұшқыр ой-қиялы, «Өліарадағы» Қойшының суреткерлігі, дүние жүзі классиктерін оқуы, қайта өрлеу дәуіріндегі ірі суретшілердің шығармаларын сезініп-түсінуін беру арқылы Оралхан Бөкей біздерге қасымыздағы қарапайым адамдарға да бір сәт басқа көзбен қара деп тұрғандай емес пе? Қазіргі таңның өзінде, және сонау ықылым замана көшімен қалмай лесіп келе жатқан бойымыздан тастай алмай жүрген «өзгені» менсінбеу, төмен тұрғанды мінеп-сынап, қол астымыздағыларды елеп-ескермеу сынды жат қылық, жаман әдет, адами

13

Page 14: Оралхан Курсовая

тұрқымызға сай келмейтін іс – әлі күнге әрқайсымыздың бойымыздан табылып қалары, әсіресе жоғарыда отырған билік басындағылар да көп кездесетін осындай көз қарастардың түкке де керегі жоқтығын, қарапайым еңбек адамының өзі де санасуға тұрарлық пенде екендігін есімізге жоғарыдағы шығармалары арқылы түсіргісі келетіндей көрінері сөзсіз.

Белгілі сыншы, ғалым, Серік Қирабаев Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы былай деп жазады: «Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады. Таратып айтсақ Оралханның бүкіл шығармалары, өмір, адам, табиғат желісінен құрылып, олардың арасындағы қарым-қатынастар сипаты, көркем образдар мен өмірге, адамға, табиғатқа құштарлық пафосымен суреттеледі. Жазушы үшін бұл ұғымның концептуалдық мағынасы бар, шығармаларындағы көркемдік компаненттердің барлығы осы бір органикалық тұтастықты ашуға жұмсалады

Оралхан шығармаларына қарап, талдау жасағанда, оның шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі барын аңғарамыз. Ол адам мен табиғат, олардың әлмисақтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап басып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. [7, 56-б.].

Алмастың алты қырындай, сан қырлы талант иесі жанын жегідей жеген, халқының басынан өткен трагедияларды, кеңестік дәуірдің өзінде есебін тауып, орайын келтіріп, шым-шымдап айта білген. Түйсікті жанға жеткізе білді.

14

Page 15: Оралхан Курсовая

2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын

Нағыз жазушы әлеуметке ортақ өз кезінің таза моральдық атмосферасының рухани билеушісі болумен қатар, өмірдегі келеңсіздікті батыл айыптаушы, жалпы адамзатқа ортақ гуманистік-моральдық насихатшы, әрі оны берік қалыптастырушы қайраткер. Бөкей шығармаларын оқи отырып біз оның жазушы және жай азамат ретінде осы талаптардан көріне алғандығын байқаймыз.

Жазушының «Қайдасың, қасқа құлыным?» повесіндегі Таңатардың жұмбақ өлімі, Сарқынды шал трагедиясы көп жайды аңғартса керек.

Таудың қуысында ешкімге араласпай, жұмбақ өмір кешіп жатқан Сарқынды шал неге қобызын зарлатып, қайғылы күй тартады? Оған неге Алтай күрсінеді, Әулиекөл неге тебіренеді? Сарқынды шал неге сонша аза болып, базына күйге түседі? Неге, кімге кектенеді? Жаңа туған қара қасқа құлынды, қызғаныштан шыдай алмай: «Менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан да менің малым»,- деп [8, 145-б.]. сары мойын кездегімен алқымынан орып жібереді. Содан кейін боз бие қайтып құлындамай бедеу қалды. Неге? Бұл арқылы автор нені меңзеп, не жайлы толғанып отыр?

Сарқынды шал кектенбей қайтсін, кеңес өкіметі жер қайысқан қалың жылқысын тігерге тұяқ қалдырмай, зорлық пен тартып алса, ауып келген кер жақтар ата- бабасының қоныстарынан қуып шықса, өмірі өз кіндігі кесіліп, жетесіз ұрпақты желкесіне мінгізіп, санамен сарғайып, қайғы жұтып қартайса.

Бұдан артық қорлық бола ма? Боз биенің бедеу қалуы – қазақтың басынан бағының таюы емес пе! Осы Сарқынды шал өлер кезінде домбырасы мен сыбызғысын өзімен бірге көрге көмдіртеді. Бұл не? Бұл-кеңестік кезеңдегі тілімізден, ділімізден, дәстүр, салтымыздан айырған бейшара күйімізді меңзеу емес пе? Қазақтықтың өліп, өшіп баражатқандығының белгісінен хабар бергісі келген автордың жан айқайы емес пе екен!....

Ал «Қар қызы» повесінде де осындай халықтық трагедияны ишаралайтын жұмбақты кейіпкер бар. Ол – адам аяғы баспайтын биік таудың қуысында жападан-жалғыз ғұмыр кешіп жатқан Қоңқай шал. Ол да бір кезде өзін сыйдырмай, қудалаған мына заманға өлердей өш. Осы бір қу дүниеге сес көрсеткендей ерегісіп таудың қуысында бір өзі жатып алды. Неге?

Осы Сарқынды, Қоңқай сияқты елден қол үзіп, үйірінен адасқан қазақ жер әлемде толып жүрген жоқ па? Соры қайнаған қазақ бас сауғалап қайда бармады? Туған жеріне, ел-жұртына әлі орала алмай жүргендері қаншама? Мінекей, халқының басындағы замана салған зобалаңды осылай ишарамен, меңзеумен есті жұртқа жеткізем деп, елінің тағдырына жаны ауыратын қаламгердің – болашағын ойлайтын, туған өлкесінің салт-дәстүрін қастерлейтін ұрпақтарға өз ата-бабасының кешегісін осылай жеткізбек болғандығын аңғарамыз. Осыны біз түсіне білсек жарар еді....

Жазушының «Атау кере» повесіндегі өркениеттің, адамзаттың соның ішінде қазақтықтың тамырына балта сілтеп жатқан әсерін суреттеуі тіпті

15

Page 16: Оралхан Курсовая

ерекше кесек дүние! Жазушы тоқырау кезеңдегі қоғамның, заманның адамзаттың рухани, адамгершілік дамуына тигізген кері әсерін шынайы суреттермен оқырманға жеткізеді. «Атау кере» көркем шығарма. Шығарма болғанда қазақ халқы тұрғанда, сол халықтың тағдырын түсінгісі келетін ұрпақтары тұрғанда құнын жоғалтпайтын мәңгілік мұра. Жат елден әкелінген қауіпті будан ара кейпінде суреттеліп, одан сонаға айналып, ақыры оқиғаның басты кейіпкері Еріктің қайдағы бір өзі де дұрыс танымас «ашынасының» қамшысының астында езіліп өлді. Бұл дегеніміз қоғамда жүрген адам кейпіндегі «будан ұрпақтар» ел тамырына әкелер пайдасынан зияны көп екендігін түсінуге апаратын ой. Жат жерліктің аты жат жерлік, өркениетіміз қарыштап дамыған сайын соған құнығып, батысқа еліктіп-елегізіп жатқан бүгінгі заманымыздың бет пердесін аша түсетін шығарма. Суреткер О.Бөкей осындай қоғамның бет-бейнесін әшекерлей ашып көрсеткен, қайталанбас ірі таланттың бірі екені даусыз. Жоғарыда сөз қозғай кеткен біраз повест, романдары ел-жұрт күйін күйттеген саңлық жазушының мол мұрасының ішіндегі біразы ғана. Оралхан повестері мен романдарын оқып, зерттеп-зерделей берсек қоғам, бүгінгі мен ертеңін ашып көрсететін суреткер шығармалары толассыз. Менің ендігі айтпағым тақырыбыма оралып жазушының әңгімелеріне тоқталсам.

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуде, дамытуда белсене араласып қана қоймай, әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен, өз стильімен келген көркем сөздің зергері. Оның қаламынан шыққан көркем әңгіме-новеллалары да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз, көтерер жүгі ауыр шығармалар екендігі даусыз.

«Әңгіме-шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, Оралхан да қысқа әңгімелері арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің үлгісін көрсетіп, осы жанр арқылы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір, қым-қуыт, алыс-жұлыс, қулық-сұмдық, қысқасы адам өмірінде болып жатқан дүниелерді, сол дүние үшін талас-тартыстағы пенделердің мінез-құлықтарын, бет-пердесін оқырман қауымға жеткізе білген. Оның әңгімелері сонымен бірге замана көшін, әлеуметтік ортаның суретін көрсететін әсем пейзаж, толымды кесек дүние.

О.Бөкей повестеріне тереңнен көз сала қараған адам ондағы кейіпкерлердің бар бітім-болмысымен, қуаныш-қайғысымен, арман-үмітімен, қат-қабат күйінде берілетінін байқар еді. Әсіресе соңғы жылдары әдебиетте бүгінгі ауыл өмірі, малшы жағдайы туралы ұрандаған, әсіресе қызыл бояулар мен жалған романтикаға бой алдырған шығармалар көбейген тұстың өзінде жазушы сабырлылық танытып, шығарманың жаны шыншылдығында екенін ,малшы өмірінің социалистік қоғамда қор болғанын ашық көтереді. Оралханның қойшысы ақ таяғын салтанатпен ұрпағына тапсырып, тірліктің тәтті сәттеріне бой алдырған немесе табиғаттың әсемдігін, жыл мезгілдерінің қайталанбас сұлулығын (арайлап атқан таңын, көктемнің шуағын) қызықтап отырған романтикалық герой қалпында емес, әлі күнге бейнеті қалың, зейнеті аз тірлік кешіп, өмірдің өгей баласындай елден бөлек, бар ауыртпалықты

16

Page 17: Оралхан Курсовая

мойнымен көтерсе де, желге ұшқандай елеусіз жатқан еңбегін ешкімге бұлдамай-ақ, осы өміріне еріксіз көндіккен жанның бейнесі болып суреттеледі. Оның бейнелеуіндегі аң-құс, табиғат-ананың мінездері, сұлу табиғат суреттерінің бәрінің астарында жасырар ой, терең толғаным, замана шындығы бар.

«Кербұғы» әңгімесі негізінен түз тағысы бұғы жайлы жазылған болса да, көтерген жүгі, айтпақ ойы мүлдем басқа дүние. Күйек кезіндегі жасар өмірін жасап, талай сойқанды шайқас пен мамыражай маусының күндерін басынан кешірген ата бұғы Кербұғы мен жас бұғының жекпе-жегінің алдында мынандай сөздер бар: «Жекпе-жек! Кербұғы осы сұрапыл ерліктің үлгісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек бұғыларға ғана тән қасиет емес, аса ақылдымыз деп сезінетін адамдар арасында бағызыдан бақилыққа ұласар бітіспес тартыс барын түсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек бұғылардан гөрі әлдеқайда қанқұйлы жексұрын тәртіппен өтерін, бұғыларша жылына бір рет сынасып, сонан соң сыйласып тату-тәтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын және де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамның қу мүйізге құты қалғандай неге өшігетінін емес-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін....» деген жолдар бар. [8, 9-б.].

Түсіне білген адамға жазушы Кербұғының түйсігі, ойламы арқылы адамдар арасындағы бүгінгі таңның өзінде басылмай, керісінше өрттей лаулап тұрған жауласу, атыс-шабыс, қан төгу, дүниеге құмарлықты жеткізгісі келгендей ме? Дала хайуанынан бетер ақымақ бірін-бірі өлтіріп тынбайтын есссіздер екенін танытуға талпынады. «Аса ақылдымыз деп сезінетін....» деген жолдар арқылы, бір ауыз сөзбен адамзаттың ақылы кейде өзіне кесірін тигізетін айтқысы келгендей-ау?! Адам өздері ойлап тапқан тапанша, неше түрлі қару-жарақ, жарылғыш заттар сол адамзаттың өзін қырып жатқанын шынымен біз ойладық па? Міне, Оралхан түйсігі бізге осы жайттарды ойлауға жетелейді. «Адамның қу мүйізге құты қалғанша неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін...»,-деп келетін сөздер бар. Рас-ау, түз тағысы Кербұғы үшін қу мүйіз болып көрінетін, адам үшін қаншама ауруға шипа болар таптырмас дауа екенін ол қайдан білсін? Бірақ сол мүйізді алу арқылы, біз табиғат-анаға соның төлі бұғыларға қаншама зиян тигізіп жатқанымызды білеміз бе? Сол түз тағысының мүйізіндегі панкротин деген затты алу үшін еркін өсіп, қазақтың кең даласында ен жайлаған дала хайуанын еркіндіктерінен айырып шарбақтарға қамап, сол арқылы сескендіріп, секем, бойларына қорқыныш ұялатып өз жерлерінен безуге дейін әкелеміз. Осындай қылықтарымыздан хайуанның өзі жерініп, жерсінген ата қоныстарынан қалайша безінбесін? Сол бір заттың алуын алсақта бәрібір тағдырдың жазуына қарсы тұра алмасымызды, жазылмас дерт қандай шипа болмасын Алла солай басқа салса бәрібір де айықпасын сезбей, тағдырға қарсы қасқайып тұра ұмтыламыз да өзімізбен бірге айналамыздағыларға, бізді қоршаған заттарға да зиян

17

Page 18: Оралхан Курсовая

тигізерімізді, өлместің емін іздеп табиғат-анамызға есепсіз зиян әкелерімізді аңдамай жатымыз. Өзіміз еркіндікті, кең көсіліп жүруді қаласақ та, ондай бақты өзгелерден өз құлқынымызды ойлау арқылы олардың еркіндігін аяқ асты ететініміз қалай? Тағы сол «Кербұғы» әңгімесінде «Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың ара-жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дәл қазір өмірдегі жамандық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. Дәм татқызған – Адам...! Бақса пенде дегеннің қатыгез әрі ашқарақ, қанағатсыз екен-ау...» деген жолдар бар. [8, 14-б.].

Бұл жерде жоғарыдағы қу мүйізге қатыстты айтқанымды өрбітіп адамның дүниеге қанағатсыздығын, өзімшілдігін айғақтай түседі, тіпті жазушы сонау ақ патша кезіндегі отарлау саясаты бар жайылымды кесіп алып, қазақтың құдіретті пырағы, ер қанатына саналған, ата-бабамыздың мінсе-көлігі, ішіп-жесе сусыны мен тамағы болған жылқының өзін жайлымынан айырып, сол арқылы сол ер қанаты саналған тұлпардың, кешегі Ақан гөй-гөйлеп жоқтау арнаған Құлагердей қаншама жылқы баласының өзін жауға талау қылып, жердің тарылуынан осы сәйгүліктердің саны кеміп, азайып кетткендігін, айтқысы келгендей. «Иә, бұғыларды байырғы жұрт туған жерінен айырып, мынау аядай өңірге алып келген адамдар бұл елдің етене түлеігі-жылқылардың обалына қалған»,-деген жолдар жоғарыдағы ойымды дәлелдей түсері сөзсіз. Тағы бір тілге тиек етер жайт, жазушы жылқы туралы сөз қозғауының сыры, қазақ жылқы түлігінен айырылса қазақтығынан мақұрым қаларын жеткізгісі келгендей ме, қалай?

Қысқасы, философиялық ой-толғамға толы «Кербұғы» әңгімесі бұл өмірдің өткінші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік те, бойда күшің, қажыр-қайратың барда еленбес еркелік те, билік те, байлық та қолдың кірі екенін еске салатын санатты дүние. Түз тағысы ата бұғының ойламы арқылы қаншама іс-әрекеттің өмірдің заңдылығын, замана кескін-келбетін айшықты, ойыңа қозғау салатындай жазуы арқылы Оралхан өзінің қаламгерлік қарымының қаншалықты мықты екендігін танытқандай болады, қалай десек те бұл теңдессіз толғауы терең шығарма екені даусыз!

Жазушының тағы бір «Ардақ» атты әңгімесі де адамдар арасындағы алауыздықты, дүние құмарлықты, қанағатсыз, тойымсыз пенденің тіпті мал үшін де қырғи қабақтасып, ағайынынан безіп кетер ессіздігін суреттеу арқылы адамның әлуметтік ортадағы тағы бір бейнесін көз алдымызға әкелетін кесек дүние. Шығарма бас кейіпкерлерінің бірі Қожа шалдың өз пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында өсіп, өз малдарынан саны жағынан асып кеткенін көре алмаған жамағайындары Далабай мен Шалабайдың қызғанышына, күңкіл-күңкіл сөздеріне шыдай алмай шешесімен ен далаға елден безіп кетуі, сол иесіз меңіреуде ақтық демі таусылған шешесін жалғыз өзі жерлеп, тіпті орарға кебін табылмай қиналуына кім кінәлі? Қожа шалдың артық аша таяғын көре алмаған ағайындары ма, әлде бір ауыз ауыр сөзді көтере алмаған Қожа шал ма?

Иә, мұндай жайттар күндегі өмірімізде де аз кездеспейтіндігі рас. Дана қазақ «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші көріңе әкете алмас дүниеқоңыздарды,

18

Page 19: Оралхан Курсовая

саны жоқ санасыздарды сынаған еңбек бұл. Тағы сол халқымыз «ағайын өлім мен тойда бір» демеуші ме еді? Қанша жүз шайысып, жұдырық сермесең де сол ағайынға жетер жан бұл жалғанда тағы жоқ екенін автор ақтық демі жетіп, жан тәсілім берер сәттегі Қожа шалдың шешесінің сөзі арқылы былай жеткізеді:

– Есің барда еліңді тап, – біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа тепсе де жұртыңның қасында жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беруге жарар. Алғашқы ашумен аттанып кетсек те сол ел-жұртты сен де, менде көксемей жүргеніміз жоқ... Иті жесе де, қайтіп еліңе бар... Біле білсең сүйегімді орар кебін де жоқ-ау, бұл айдаладағы адасқан үйде. Қарызға ала қоятын қосыласың жоқ. Құдайдың тарттырған жазасы да... [8, 21-б.].

Міне, елінен кетуі кетсе де, өлер алдында өкінген, өкірген ана. Бірақ, өзекті өртеген өкініштен пайда жоқ. Адам өкінбейтіндей өмір сүруге тырысуы керектігін біз автордың ана сөзі арқылы жеткізген осынау сөздері арқылы аңғарамыз.

Кешегі бағы заманнан бүгінге жетіп, бойымызға бүйідей жабысып, ой-санамыздан, адами кескін-келбетімізден жұрдай қылып, адамгершілікті ұмыттыратын көрсеқызарлық, мінеп-сынаушылық, өшпенділіктің кесірінен Шалабай Қожа шалға өшігіп, мұқатудың айласын жар сала іздеп ақыр аяғы, бойжетіп отырған Ардақтың абыройын төккізуге байлам жасап, жылпос салықты жіберіп бейкүнә қыздың аяқ-қолын ауырлатқандығы адам дегеннің мынау жалған дүнияда қаншалықты қатыгез болатындығын айғақтайтын, жаныңды түршіктіретін көрініс. Осынау әңгіме «Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл «әкең менмін, әкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр....» [8, 28-б.]. деген сөздермен аяқталады. Неге? Бұл жерде автордың айтпағы қолыңмен жасағанды мойныңмен көтермейтін адамдар осынау төрт күл дүние де өріп жүргендігін аңғартқысы келгендей ме, қалай? Неге Марқакөл «әкең менмін дейді? Енді қайтсін, табиғат-ана бәріне көнбіс. Біз сол табиғат-анадай таза, ақиқатшыл бола да алмаймыз-ау! Тілі жоқ тілсіз табиғат-ана арқылы жазушы адамның осынау қылықтарын недеген көркем жеткізген десеңізші!? Жазушы бұл әңгімесіндегі бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы бізге үлкен өмірдің,толғауы тоқсан тірліктің тағы бір тосын тұсын әңгімелеп,жаңа сипатты кейіпкерлермен кезіктіреді.Өз дәуірінің өзекті мәселелерін батыл көтерген бұл әңгіменің түпкі мақсаты адамзаттық көрсеқызарлық пен көреалмаушылық дертінен сақтандыру. Туысқанына өкпелеп айдалада тентіреген Қожа шал мен туғанының байлығын көре алмаған Шалабайдың ақымақтығы бүгінгі замана суреті деуге боларлық жайттар. Суреткер идеясы шығармаға дендеп енген сайын шым-шымдап анықтала түседі.Әңгімедегі ширығып,шиелене түсетін драматизм мен кейіпкерлердің даралануы,олардың ішкі психологиялық иірімдерінің тереңдеуі,әрбірінің танымдық деңгейінің ашылуы,оқиғалар тізбегі арқылы жанды суретке айналады.

19

Page 20: Оралхан Курсовая

Оралхан Бөкейұлының «Кербұғы», «Ардақ» әңгімелерінен біз өмір өзендегі адамдардың қоршан ортада, тіршілік әлемінде қаншалықты қатыгез, қанішер, ессіз, ар-ұяттан безген, адами тұрғыдан түскен, кескін-келбетін көреміз. Шынымен, ойлана қарасақ әңгімеге арқау болған оқиғалар, көріністер, суреттелер кейіпкерлер барлығы күнделікті өзіміз көріп жүрген адамдар емес пе, солардың жасап жүрген істері еместігіне кім қарсы шығады? Басымызды төмен салып ұялғаннан өзге келер дәрмен жоқ.

Шын суреткер–бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз замандастарының ортақ ұлы ғана емес, ол – қайталанбас дарында да тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзқарысымен өзі жасаған сом суретте өз заманының, онда өмір сүріп жатқан адамдардың ішкі жан-сіздерімен, қоғамдағы орнын ашып, сол қоғамдағылардың қолтаңбасын қалдыра білетін адам. Осы тұрғыдан келгенде Оралхан бөкейдің «Жылымық» әңгіме-новелласы да адам баласының тұрмыс-тіршілігі, оның мәні мен мағынасын, сол тіршіліктегі «біздердің» жан сарайымызға үңіліп, сан сұраққа әкеліп тірер әр пенденің ішкі сезім бұлқыныстарын түсінуге талпынған философиялық терең ойлы шығарма. Оқиға былай басталады:

«Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін бұрынғыдан әлде-қайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкі, тоқтық дегеннің бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі тұманды сапарға аттанып керуді көксер едім. Қараған сайын жүрек соғысым бәсеңдеп, енді аз-маз сәттен кейін барлығымен – сені мен суреттен басқасының барлығымен қоштасып, әні-міне, арғы әлемге апарар арбаға мініп аттанып бара жатыр едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен булығып ағыл-тегіл жыладым да. Неге екенін білмеймін осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді жаһандағы жақсы атаулының бәрі-бәрінен жоғары қоятынмын. Есіңде болар, мен саған осы суретте не салынғанын әрі мазмұнын сан қайтала айтып, шаршатып та алушы едім. Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұмсақ алақаныңмен сыипалап ауыр күрсінер едің. Білем, айтпасаң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық әлемді көріп, жан тапсыруды армандағансың талай рет.

Мен осы суретті, алғаш көргенде сұлулық һәм тамаша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін. Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі, шуақты сүйетін қорыншақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе әсіре әсерден туған бірқатар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз, көдедей көп қайы бірі жадымызда тұра береді, осындай ілдесуде ғана жылдар бойы рухани досыңа айналады. Адам мен өнер арасындағы достықтың жібіне, күйкі тірліктің қарғалары қаз-қатар қонып алса, ол жіптің ұзамай үзілері хақ. Тым ертеректе жоғалатып алған табиғатқа, жалпы: ұшқан құс, жүгірген аңға деген іңкәрлігің іңгәләп қайта туса, қайта тірілсе, жастығыңның да қайта оралғаны емес пе. Атар таң, шығар күн, туар ай: бара-бара жер басып

20

Page 21: Оралхан Курсовая

жүргенде ғана керектігін біле тұра, мадақтаймыз. Айналадағыны көру, сезіну үшін жаралған пендеміз. Бірақ, бүгін, бар, ертең жоқ, тіпті көзіңді жұмсаң жоғалтып алар тамашаның қадірін ылғи кеш түсініп, кеш бағалар едік. Екеуіміз қол ұстасып келе жатқанда, әлгі айтқан әлемді мен көретінмін де, сен сезінетінсің. Күні бүгінге дейін көру мен сезудің айырмасын, артықтығын таба алмай сандалудамын. Кейде жаныңда келе жатып, көзімді тас қып жұмар едім де, қап-қараңғы дүиеде өз-өзімді жоғалтып алғандай аса қорқынышпен жанарымды жарқ еткізіп ашып жіберер едім. Ал көзімді жұмған сәтімде сенің қолыңнан мықтап ұстап адасып кетпекке бекінетінмін. Көзімді ашсам да, жұмсам да саған еріп, сенің ізіңді басып жүргенімді енді білдім. Иә, қасымда болғаныңда бәрі басқашы еді... басқаша». [9, 171-б.].

Бірден оқыған адамға алғашында түсініксіздеу, әңгіменің не жайында өрбіп жатқандығын білу қиынға түсері анық. Терең өмірлік толғаным, философиялық астар жатыр. Өмір туралы түйдек-түйдек мағынасы арғы жаққа кететін шығарма бұл.

Әңгіменің арқауы болып отырған автордың сөзімен айтсам «Менің айтып отырғаным В. Васильевтің «Жылымық» атты суреті есіңе түскен шығар. Өйткені біз дәл осы мезгілде танысып едік қой. Бұл сурет жайлы өз ғұмырымда әңгімелеп те, жазып та тауыса алмас едім. Оның кереметтігі, тіпті, суретшінің асқан талантынан көрі біздерді таныстырған дәнекерлі қуатында шығар...» иә, иә, жай ғана бір суретшінің қолынан туған сурет. Ақырған аяздың дәурені өтіп, көктемнің, тіршіліктің хабарын беретін пейзаж, яғни суретші салған портрет. Жылымық! Табиғат-ананың көктем кезіндегі бір мінезі. Суретшіге арқау болған пейзаж, ал Оралхан ойын, айтпақ сөзін, адам мінезімен астастыра, қиюластырып шебер үйлесімділілікпен үлкен бір еңбек туғызған, сол еңбегіне арқау болған – деталь. Таланатты суретші табиғаттың бір сәттік мінезінен бүтін бір адамзаттың басында болатын мейірімділік, сүю, сүйіспеншілік, мұң, шер-қайғыны осы шығарманың басты кейіпкері көзі көруден қалған жаны мақтадай таза жанар арқылы оқырман қауымға жеткізе білген. Жарық дүиеден мезі болған, парықсыз, менменшіл, даңғаза адамдардан жеркенген жеркеніш сезімі мен мүгедектігіне қарамай аппақ дүиені жанындай жақсы көре білген сәби көңілін жазушы шеберлікпен үйлестіре білген.

«Мынау әлемді көріп, тану үшін екі көздің жеткіліксіздігі, әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағандаймын», - дейді автор. Астарлап, жұмбақтау арқылы осынау дүнияны сезініп, білу үшін екі көзден артық адам жүрегінің, жанының да жарық, жақсылыққа құмар болы керектігін меңзейді. Сонда ғана тіршілік-жұмбақтың сырын түсінуімізге болатындығын жеткізгісі келгендей.

«Тамаққа да, кешкілікті киноға, немесе сейілге сені ертіп барып жүрдім. Көптеген көздер екуіміздің әр адымымызды аңдып, ішіп-жеп қарағанын әлбетте сен білмедің ғой. Солардың ішінде: қасқыр көздің, түлкі көздің, үкі көздің, қоян көздің, мысық, тышқан, жылан: қара, көк, ала көздің барын қайдан сезуші едің. Сенің соны көрмегеніңе, көріп жас жүрегіңді

21

Page 22: Оралхан Курсовая

жараламағаныңа қуанып едім» [9, 181-б.]. –деп келетін автор сөздері қоғамдағы адамдардың әр қимыл-қозғалысын, жарасымын тапқан жандарға қаншамасы әртүрлі бірі қызғанып, бірі сүйсініп, енді бірі жоқ жерден пәле іздеуге, түзу жерден құлатуға дайын тұратын неше түрлі мінезін көз алдымызға елестеткендей емес пе? Осы әңгімедегі қос жанарынан айырылған Жанар көптің ішінде билеп жүргенде де ішін қызғаныштың қызыл шоғы басқан қыз-келіншектер:

Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді,– деп оны сөз қылуларының өзі адам баласының бойындағы қызғаныштың қаншалықты қатал да сорақы болатындығын аңғартқандай!

Жазушы осынау әңгіме-новелласы арқылы айналамыздағы мүгедек адамдарға да бір сәт басқа көзбен қарауымызды санамызға сіңіргісі келгендей болып көрінеді. Біз күнделікті тірлігімізде сонау Жаратушы иеміздің бұйрығымен бе, әлде тағдырдың тәлкегіне ұшырап жазым боп, мүгедек болып қалған адамдарға аяныш сезімімен мүсіркей қарайтынымыз, ал олардың жан-дүниесіне аса көп мән беріп, үңіліп жатпайтынымызды көбіміз біле бермейміз. Ал шындығына келгенде ол пенделердің бізден де ақылды, өмір туралы ой-толғанымдары біздерден де терең екендігін аңғара бермейтініміз рас.

«Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қарайтындығы, басынғысы – бас салғысы келіп тұратындығы олар бізді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тән мүгедектігінен жан мүгедектігі әлде қайда сорлы екенін ұқсашы шіркіндер. Біз үшін тек бір-ақ түс – қара түс бар деп ойлайды. Рас, көз алдымызда мәгі түнек, шыңырау зындан, көр секілді қараңғы қапас. Осылардың ар жағынан жарық әлемде жанарына сеніп жарқылдап жүрген көзі барларды көреміз. Біз әлемді, шынымды айтсам, олардан әлде-қайда жақсы көреміз» -деп келетін жолдар арқылы автор бізді «осы адамдарға» шынымен басқаша қырынан қарауға еріксіз көндіреді. Бұлда болса жазушының теңдессіз таланты болар. [9, 190-б.].

Қысқасы, Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгіме-новелласы өмір-дариядағы күнделікті адамдардың, солардың ішіндегі «мүгедек, зағип» жандардың көзімен қарап, сол арқылы қым-қуыт тіршіліктің біз біле бермейтін басқа қырын, сол тіршіліктегі адамзаттың тағы сол баяғы дүние үшін күресіндегі, қызғанышын, талас-тартысын, ақылсыздығын, санасыздығын көрсетуге, бір уақыт сүріп жатқан заманымыздың суретін өзгеше бір әуенмен, аянышты, мұңды жырмен жүрегімізге жеткізіп, жанымызды тебірентпей қоймайтын кесек дүние. Мынау дүниені алла жаратқан екі көзімізбен ғана көру жеткіліксіз, өмірдің шын болмыс, кескін-келбетін тану үшін әр пенде де жүрегінің, ішкі сезім-толғанысының көзі болу керектігін астарлайды. Жалған өмірдің жалғандығын, я болмаса әсемдігі мен әдемілігін түсіну үшін кейде шынымен-ақ адамға ішкі түйісіктері жетіспей жататыны рас. Оны түсініп білу үшін әр адам өзінің ішкі психологиясына үңілуі қажет. Жалпы әдебиетте әр автор өз кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімдерін, қоғамдағы орнын әр түрлі талдап психологиясын оқырман

22

Page 23: Оралхан Курсовая

қауымға жеткізуге талпынып жататындығы шындық. Ал осы писхологиялық талдау дегеніміздің өзі не?

«Психологиялық талдау дегеніміз өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайлардың көркем шындыққа айналуына байланысты׃адамның көңіл-күйіндегі күйініш пен сүйінішті,жан әлеміндегі буырқанған бұрқанысты,жүрек түкпіріндегі толқу мен тебіренуді, яғни болуы мүмкін шымыр да шынайы сезімдік құбылыстарды әрі жинақтап, әрі даралап, суреттеп отырып, мінез-құлқын,рухани болмысын,қысқасы,психологиялық ішкі портретін жазушының көз алдымызға елестету шеберлігі» [10, 45-б.]. Психологиялық талдау әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементтерінің бірі. Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің даму жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі-“адам жанының диялектикасын” ашу, дәл айтқанда кейіпкердің ішкі рухани әлеміне терең үңілу,жан сарайына психологиялық талдау жасау мен зерттеудің формаларын игеру бағытындағы тегерінді еңбек етіп,тер төгетін ізденіс мәселесі. Адам-қоғамдық құбылыс.Өйткені қоғамдық дамудың қозғаушы күші де,оны өзгертуші де адам. Демек,адам жансыз робот емес ,ол-ой-сезімінің иесі, ол қуанады, ренжиді, ойлайды, тағы басқа қасиеттердің бәрі оған жат емес. Ендеше, адам қоғамдық қана емес, рухани-психологиялық та құбылыс, ал, әдебиеттің бірінші обьектісі адам болғандықтан, оны қоғамдық әрі психологиялық құбылыс ретінде бір-бірімен байланыста зерттеп қарастырған дұрыс. Сондай-ақ қоғамдық қатынастар дамып, күрделенген сайын, адамның жан дүниесінің де өзгеріп күрделене беретінін естен шығаруға болмайды.Сондықтан әр дәуірдің, әр кезеңнің жаңа сипатты өз адамының әдебиетте жан-жақты бейнеленгені жөн. Сонымен “психологияны беруге шеберлік дегеніміз адамның жұлыны мен жұйкесін ұстап іске қосып тұрған рухани құдіреттің сырларын ашу; бойдағы болмашы діріл мен жүректің нәзік лүпілін тап басу;жанардағы нұр мен мұңның құбылып құлпыруын қалт жібермеу;жүздегі әр түрлі сезімнің себезгілеген сәулелерін дәл бейнелеу;қас пен қабақтың арасына ұялған күйініш пен сүйініштің табын айнытпай тап басу” деп түсіну керек. Және де ішкі жан дүниесін көрсет дегенге кез келген кездейсоқ біреудің жанын,жүрегін,ойларын тізіп жаза бер деген сөз емес. Дәуірдің типтік образы деуге тұратын, өзіндік мінезімен,іс-әрекетімен көңіл аудартатын кейіпкердің ішкі болмысын ашқан дұрыс. [10, 50-б.]. Психологизм мәселесін қозғап отырған соң сөз ыңғайына қарай қарекеттер келбеті мен қарекетіне илантудың негізгі фактор психологиялық мотивировка жайына тоқтала кеткен жөн. Өйткені, жалпы көркем шығармадағы оқиға нанымдылығы мен кейіпкер мінезінің, әрекетінің шыншылдығы деген ұғымдар осыған тікелей байланысты. Байланысты ғана емес, шығарманың ”жаны мен жаратылысы“ өміршеңдендіретін сол көркем шындықтың рухына мойынсұндыра-тын обьективтік фактор дер едік. Өмірде әрбір адам маңызды бір шешімге,мақсатты әрекетке бару үшін кем дегенде он ойланып,сан толғанады,іштей таразылап алады. Кейіпкер ол да,ең алдымен, адам, кейіпкер деген өмірдегі адамның шығармадағы бүркеншік

23

Page 24: Оралхан Курсовая

аты. Ендеше, оны ет пен сүйектен жаралған әрі жоғары ақыл-ойдың иесі ретінде адамға тән табиғи да нанымды әрекеттерімен мүсіндегенде ғана шыншылдық қуаты арта түседі.Әдеттегі образ логикасына, характер табиғатына сай көркемдік шешімдер табу керек деген ұғымның өзі де осыдан туындайды. Сонымен кейіпкердің қарекетіне сендіретін сырдың екінші ұшығы оқушының көз алдына оның психологиялық жан-жақты дайындықтан өтуіне байланысты деп білеміз. Яғни сол шешімге,әрекетке баруының салдары емес,себептері бірінші кезекте көрсетілуі тиіс. Сонда ғана әрекеттің нәтижесі–оқиғаның,образдың психологиялық мотивировкасы табылатын сияқты. Демек ”психологиялық мотивировка дегеніміз кейіпкер іс-әрекетінің өмір шындығына үйлесімділігі. Былайша айтқанда,сол әрекеттің уақытқа,жағдайға сәйкестігі,өзінің характер болмысына лайықты,адамның ой-өріс ерекшелігіне орай бойына шақ табылған көркемдік шешімдердің логикалық қисындылығы”. [10, 52-б.].

Осындай жағдайда ғана кейіпкер әрекетінің шындығына көз жеткізіп, күдіксіз көңілмен қабылдайсың, көкейге қонымдылығына шүбәсіз сенесің. ”Кез келген жазушы психолог бола білу керек.Ол кейіпкерлердің типтік қарекетін суреттеп қана қоймай,сол қарекеттердің бұлтартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн.“ [10, 52-б.]. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1, 14-б.]. Адам жанындағы тұңғиық та тылсым сырлардың қайнар көзі- жүрек қазынасының әдебиетте рухани зерттеліп бітуі мүмкін емес. Ең алдымен жазушы талантына деген халық құрметі болса,сонымен бірге қаламгердің де сол халық Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе,бірде асқақтыққа,өршілдікке тартып,толғау-толғаныстары кең тынысты,өзгеше үнді болып шығатындығы түсінікті.

Проза тек әсемдікті ғана емес, шын мәнінднгі суреткерлік сұлулық-байлығымен де, елдік ірі ұғымдарды, философиялық ой-толғам тереңдігі де

24

Page 25: Оралхан Курсовая

мейлінше салмақты, толымды, салиқалы түрде елдің, сол дәуірдің бет-бейнесін суреттеуі керек. Осы тұрғыдан келсек, Оралханнның «Айпара ана» әңгімесі аталған талаптарға сай жазылған айтары мол, артқан жүгі ауыр туынды.

Ақ сәукелелі әйел – Айпара ана жұмбақ, айтар сөзі шешен, ділмар, діндар, бір ауыл-аймақты аузына қарата білетін аузы дуалы кейіпкер. Оның әр сөзінде терең философиялық сарын, ой-толғам, тұңғиық жатыр.

- Олжай-ерім айтып отырушы еді: жер өртенсе сумен сөндірер едің, егер су жанса, немен сөндірер едің, егер жер мен ел өртенсе немен сөндірер едің», - дген сөздері осы сөзімнің дәлелі емес пе? Осынау жолдарды оқи отырып ойланып қаларыңыз шындық емес пе? Тағы бір ретте Айпара ана:

- Олжай-ерім айтып отырушы еді: «тілге шебер, іске олақ елміз ғой. Түбі бізге сүйексіз тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау. Қымыз ішіп қыз аңдығаннан миды шаршатар ой қуған жөн еді»,-дейді. [8, 43-б.].Осынау жолдар арқылы Оралхан қазақ еліне, қазақ жұртына ең бастысы не керектігін айтып жеткізгендей. Елдің елдігімен, татулығын, шаңырағының шайқайлмай, қазақтың әр киіз үйінің түтіні түзу ұшуы үшін қайғы жұтып, есіміне қайғы деген сөзді даланың өзі қосып берген боз даланың сақшысы, қазақ жұртының ақылгөйі бола білген Асан қайғы абыз ойымен Оралханның айтпағында бір үйлесімділік бар. Олай дейтінім кезінде қайғы жұтып, елі мен жерінің бүтіндігі мен халқының бірлігі үшін қабырғасын қайыстырып, хан екеш ханның өзіне дат айтқан.

Көркем әңгіменің мәресі – бір айналым кеңістік. Оқиғаны, адам тағдырын ежіктеп суреттеп жеткізгеннен гөрі, кейде сәтті табылған бір – екі мінездеме жетіп жатыр. Роман, повестер сияқты өрісі кең кесек туындылардан басты айырмашылығы да – аз айта отырып, оқиға астарымен-ақ көңіліңе қонатын мол мүмкіндігінде. Осы тұрғыдан алып қараған да Оралханның жоғарыдағы қазақ халқына мінездеме берген кезіндегі «тілге шебер, іске олақ» елміз деген жалғыз ауыз сөзі бүкіл бір қауымның, халықтың бойынан табылар жаман, жат қылықты суреттеп, айшықты беріп тұр. Бұл да болса Оралханның әңгіме жанрының да белді қаламгері екендігін тағы бір танытады.

Жазушының «Бура» атты келесі бір әңгімесі де замана келбетін айшықтап көрсететін туынды. Қазанқап ауылынан қашып шыққан қара бура атамекен, құт қонысынан безінген жоқ. Өзі өскен ескі жұрттың бәріне кездіріп, омырауын тосқан, көзіне жас алдырып, ыстық алапты түгел шарлатып, беталды тентіреткен бір шер, бір аза болды. Оның мұңы, оның сағынышы – өз енесін, өз ұяластарын, өз ортасын іздеп шарқ ұрған жоқтауға айналып кетіп еді.

Тас шоқының асуы, бұлақ басын бауырлай өскен балдыр мен ескі жұрттағы сабан сояуы оның бір кездегі баз кешкен бұла, бейқам тіршілігінің куәсі.

Қазақ сахарасының ғасырлар бойғы бар тауқыметін қайыспай көтерген қара нары екінші рет көз жасын тентіреп жүріп жұтады. Бұл бір кездегі бота

25

Page 26: Оралхан Курсовая

шағындағы түйеші Әбіштің ауылындағы ыстық алақанға құйылған бақытты жас емес. Бұл – енді, ата – жұртта ақырғы тіреу болып жападан-жалғыз қалған, құйрық жалы күзелген жануардың жоқтау жасы.

Түйенің тұқымын селдіреткен шаруашылықтағы шолақ белсенділікті де айыптайтын бір астар осы жерде көрініс береді. Алтай алабындағы темір жол жұмысының қыруар салмағын өз жотасымен көтеріп, қылша мойнын төсеген қара бура енді ашынып, өн бойындағы бар құдіретін бұрқап төгіп, ақыры паравозға тапталып өледі. Неге?

Әбіштің ызасы – осы қара бураның азасынан шығып жатыр. Қаңтарда қалшылдағын ақпастай ала құйын, тарпаң емес, маңдайына жазған ащы сорақылықтың бәрін ыңыранбай, іштей түлеп жұтатын алып еңсе ақырғы дәмін ұзын жолдың бойында татты. Іздегенін таба алмай жарты жолда мерт болды. Аянышты – өлім! Нені іздеді? Заман зобалаңымен, солақай саясаттың, шолақ белсенділер көзін жойған, даңғаза ұрандатып шенді-шепкенділер көзін жойған енесін, өз ұяластарын, мамыражай, «маң-маң басқан, маң басқан шудаларын шаң басқан, екі өркешін тең басқан», [13, 14-б.].ата-бабамызға ерке түлік болып, әніне қосып, жырын арнаған асыл түйелерді іздеді. Оларды құртқан кеңестік саясат. Бірақ іздегенін таба алмады, оған кінәлі тағы сол Адамдар!

Оралханның бұл еңбегі де үздік үлгісі бар берері мол, заман суретін, замана жан айқайын кең де дәл, ашық ашып, айтып жаза білген дүние екендігі шындық. Жазушы сол кездегі саясаттың қазақ елінің қаншама асыл тұяқты төрт түлігін құртқандығын ашына көрсетеді.

Оралхан әңгімелерінің қай-қайсысы да салиқалы ойға құрылған, басқаға ұқсамайтын айтары бар, бас-аяғы жұмыр дүниелер. Көбісі көпшіліктің көкейінде жүрген өмірлік қас шындықты тап басып тұрғандығымен есіңде қалады. Онда жеке адамдардың басындағы мұңнан тартып, жалпы халыққа ортақ әлеуметтік мәселелер қамтылады. Осы айтылғандарыма дәлел ретінде жазушының «Қасқыр ұлыған түнде...» атты әңгімесін тілге тиек ете алам. Сонау бір кезеңдегі қайта құру, өркениет деген желеумен қаншама ауылдар бой көтеріп, қаншамасы қаңырап бос қалғандығын баршамыз білеміз. Бір ауылдарда жолға асфальт төселіп, зәулім үйлер бой түзеп жатқанда, енді біреулері өркениеттің басты белгісі «жарықсыз» отырғандығы рас. Бұл әңгімеде негізінен осындай жайттар сөз болады және де Алтай өңірінің ұзақ та қатал қысы, ауыл мен қаланың үш қайнаған сорпасы қосылмайтын тірлігі. Тау етегін мекен етіп, үкімет үшін мехнатты күн кешіп «су-су болып бықсып жанған ағаштың алауына телміріп» ойға толы сүресіз күн кешіп жатқан малшы өмірінің шын суреті көз алдымызға келеді. Жоспарды артығымен орындайтын еңбекші ауылының ауыр да трагедияға толы өмірінен сыр шертеді. Әңгіменің бас кейіпкері Арайдың айтатын мынандай сөздері бар:

–Әкемдер ендігі шайын ішіп болып, ертең ерте тұрамыз деп жату қамына кіріскен шығар. Білесіз бе, аға, біздің «Өркен» ауылында әлі электр жарығы орнаған жоқ. Бұқтырма ГЭС-ін «Новостройка» жаққа тура тарқан.

26

Page 27: Оралхан Курсовая

«Жиырма шақты үйі бар ауылға әуреленіп, бұрып жүрмейміз, кейін асықпай тартамыз» деседі. Білесіз бе, аға, біздің ауылда клуб та, киноқондырғы мен кітапхана да жоқ, бар болғаны: ыдыс-аяқ, мата, қант-кәмпиті араласқан жалғыз дүкен, ол да сатаушының екі үйінің бірінде үйіріліп жатыр. Қызығы, «Өркен» биргадасы совхоз бойынша жоспарды үнемі артығымен орындайды, ал мәдени-тұрмыстық ахуалымыз осындай... Бірақ сіздер мұндай жетім ауылды менсінбей, тура түзу де жайлы тас жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай тамашаны ғана көріп, жазасыздар? [8, 122-б.].

Міне осынау жолдардан өз кезінде орын алған олқылықтарды, саясаттың кемшілігі мен адамадардың ба, әлде басшылардың ба қателіктерін аңғарамыз. Шынымен де жоспарда әр кез артығымен орындайтын ауылдар ғана ескерусіз қалмай жатпайды. Шындығына келгенде өмірде әрбір ақ, адал істердің, жақсы адамдардың, еңбегіне адал, ісіне шебер жандардың елеп-ескерілмей жататындығы рас. Міне, жазушы жоғарыдағы ойы арқылы өмірдегі осы келеңсіздіктердің де бетін аша түскісі келетіндей.

Жазушының осынау шығармасында суреттелетін қыстың ақырған ақ түтегіне қарыс шығып, жан бағып отырған малшы өмірінің ауыртпалығы мен жарығы жоқ, қатынас көлігі де жоқ «Өркен» сынды ауылдардың, сол ауылдағы аудамдардың басына түскен ауыртпалық Оралхан заманының, сол заман адамдарының арқасына батқан қиншылықтағы өмірі, қолдан жасалған ауыртпалық, барлыға да сол дәуірдің шынайы шындығы, елден жырақ кетіп үкімет малы үшін жан аямай еңбектеніп жүрген еңбек адамдарының ащы да аянышты өмірі бейнесі екендігі рас.

Сонымен қатар бұл шығармадан жазушының өмір, тіршілік-әлем, бес күндік жалған жайлы толғанған ғибыраты мол, терең толғанымды ой-сарасын аңғарамыз. Шығармада:

«Мен ойладым: «Өмір деген – ғажап дейді, түк те ғажап емес, әншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялдамада түсіп қалу, біреудің тойып, біреудің тоңып секіруі. Әлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой ғажап ұйықтамайды; әлдекімдер ішегіне тас бүркеніп, уайымсыз тоқ ұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз – өзгенің бақытына қызығып өту ғана... Ал мынау жанымдағы тойған қозыдай томпиып отырған қыз ше?... Оны ертең не күтіп тұр? Бақытты ма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба ала ма? Не ойлады? Жігіті, ұнатқан біреуі бар ма? Тіпті мен туралы қандай сезімде келеді? Адамдарға сене ме?...»

«Мен ойладым: «Өмір деген ғажап-ау, кеше ғана мынау жалпақ жаһанда Арай есімді қыз барын білмеп едім, енді міне... демінің қалай шыққанына дейін сезіп, әп-әдемі дидарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін әрең іздеп табады, сонсоң іп-ілезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін...»

«Мен ойладым: «Өмір деген тіпті де ғажап емес, Алтайдың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге ыстық. Дегенмен өмірді лағнеттеп, өкінуге болмайды-ау» [8, 128-б.].

Қандай терең философиялық толғаным десеңізші!

27

Page 28: Оралхан Курсовая

Шынымен-ақ өмір дегеніміз бірде ғажап, бірде қара түндей түнек емес пе? Қаншама ақын-жазушылар, жыраулар өтіп, өмір жайлы толғанса да солардың ешбіреуі өмірге нақты нүкте қойып бере алмаған. Өмір сонысымен, яғни бірде балдай тәтілігімен, бірде тұздай аштылығымен қызықты. Жазушы да осы идеяны алға тартып, қалай жегенде де өмір-дарияны сүю керектігімізді, тіпті сүймесек те, қарғап-сілемей мойымай тірлік етуіміз керектігін меңзейді.

Сонымен, ойымды қорытындыласам Оралхан әңгімелері сан алуан тақырыптарды қамтитын дүиелер. Мұнда ауыл өмірі де, замана келбеті де, адамдардың қилы да қызықты тағдыры да, бір-біріне деген қайыр-шапағаты да, жақсылық та, жамандық та бәрі-бәрі кестеленген бедерлі дүниелер.

Жазушының шығармаларының бірде біреуінде «табиғатты қорғайық, аялайық, келешекке жеткізіп, аманаттайық» - деген бір ауыз сөз жоқ. Оның есесіне, елжіреп, перзенттік махабатпен ағыл-тегіл сезіммен түсінудіру, жеткізу, оқырман санасына ой салар әсем де әсерлі сурет, көркем де жұмбақ тіл бар.

Оралхан Бөкейдің жоғарыда атап, біраз талдау жасап шолып өткен «Кербұғы», «Ардақ», «Айпара-ана», «Бура», «Жылымық», «Қасқыр ұлыған түнде...» әңгімелерін оқыған сәтте күнделікті тіршілік күйбеңімен жүріп табиғат пен адамды бөле жаруға болмайтындығын, бірлік-тұтастығын, шын сұлулық сырын, немесе сол табиғат-ана басына төнген қауіпті, ондағы түз тағыларының мүшкіл халін, санының азайып кеткендігін, я болмаса дүние – дүние болып жаратылғалы күн мен түннің алмасқаны сияқты бір-бірімен тоқтаусыз шарпысып, белдесумен келе жатқан бір-бірін жеңер-жеңбесін мүлдем белгісіз жақсылық пен жамандықтың, дархандық пен ішмерез көреалмаушылықтың, қанағатшылдық пен өмірі тоймас көрсеқызарлықтың айқасы таусылып бітпес,жеңімпазы анықталмайтын – тіршілік атты мәңгілік майдандағы адамдардың жан таласын, мінез-қылықтарын, атыс-шабыстарын, қара басының қамын күйттеген базынасын көресің. Осынау шығармаларды оқи отырып, бір сәт болса да қоғам, ондағы адамдар қоршаған ортаң жайлы ойланып, ой тұңғиығына кетпеуің әсте, мүмкін емес.

Жазушының өзге де «Арысын тосып әлі отыр», «Жесірлер» топтама әңгімелері де ерек туындылар. Олай дейтінім, кешегі соғыс жылдарында ауылдарда ауыр бейнет кешкен әйелдер тағдырын жазуға араласпаған бірде-бір қаламгер жоқ. Солардың бәріне ұқсамай, ойы шалқар, қиялы-ұшқыр, тілі шебер жазушы-аяулы ана, соғыс жесірі Мағрипа есімді келіншектің боздағы – Бозтайлағын сағына тосқан сәттерін жан тебірентерлік сөздер тауып суреттей білген. Қарапайым қазақтың әйелінің қасиетін ашатын айшықты, шынайы шығармадағы күйеуінің суретін серік етіп жүріп, шашы ағарған, санасы сарғайған Мағрипаны көрсетуі арқылы оқырман көз алдына қазақ әйелінің, анасының еш қиындыққа мойымайтын қайсар да мейірлі, мейірімді суретін әкеледі. Сонау зұлмат замандағы қиыншылықтарға қасқайып қарсы тұрған ер-ананың бет-бейнесін көреміз.

28

Page 29: Оралхан Курсовая

Ана демекші, Оралхан «Апамның астауы» әңгімесін өз апасы туралы жаза отырып, тағы да сол күллі қазақ апасының аялы алақанды, іске шебер суретін толғайды.

Менің көз алдымда қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанынын ағызып тұрған; немесе тері илеп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған, апам... ертеректе қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерген Апам,- дей келе автор көз алдымызға нендей істің басын қайыратын, алтын қолды қазақ әйелінің бейнесін бейнелейді. [14, 26-б.].

Жалған, опасыз дүниенің дананың да, баланың да, ананың да басында мәңгі тұрмас өткінші екендігін: «Білем, жер-көкті шарлаған Асан қайғы да ажалдан қашып құтыла алмаған; білем, мың жасаған Лұқпан Хакім де өлмеудің, өлтірмеудің амалын таба алмаған; адамзат – өлу үшін туарын... бәр-бәрін білем»- деген сөздері арқылы біздерге мынау дүни-жалғанның жалғандығын тағы бір есімізге салғандай болады.

«...апам сынды адамдарды жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық. Хан көтеріп пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп өлтіріп алдық; егер олар ортамызда жүрген шағында ардақтап әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек – өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде – ақ өлтіріп аламыз... Қазір апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жыртық астау да қалды әне... қаңсып итаяқ болып қалды әне... Апам ала кеткен жоқ»-, неткен жаныңды жылатарлық, ой-санаңды езіп, қателігіңді еске түсірер ой жатыр осы бір сөздерде. Әрине, түсіне білсек....! [14, 32-б.].

Жазушы ой-астары жақсымызды өлгеннен соң ғана мадақтап, еске алып ұлар шу боларымызды, шам алып қуған қу дүниенің өзіңмен бірге көрге кірмесін меңзеп, жеткізбекке бекінген.

Мынау бірде күн нұрындай жылы да мейірімді, мерейлі, кейде тас түнек қараңғылықтай көр соқыр қорқынышты тіршіліктің шамы бір күндері өшерін, өзге қаламгерлердей емес санаңа сіңдіріп, сұрақ қоя суреттеп жеткізу Оралханның ғана қолынан келер шеберлік екенін осы сәтте тағы бір бағамдаймыз.

«...апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау»,-дейді тағы бірде. Шынымен, бұл айтылғанның бәрі осы тіршілік базарының тарқарын, қызыл көзді дүниенің артта қаларын, мәңгілік тек уақыт пен Жаратқан иеміз екндігін айғақтайды. Мейлі шіреніп, адам танымаған бастық бол, мейлі бар өміріңді еңбекке арнап адал наныңның соңыңда жүріп өл, әйтеуір, қу дүниеннің бес тиындық екенін зерделеп, ұғына түсінеміз; айтылғандардың барлығы шындық екендігін мойындамасқа, автормен келіскеннен басқа лажың жоқ. Бұл Оралханның жазу мәнерінің құдіреттілігі деп түсінеміз!

Жазушының жоғарыдағы аталған әңгімелерінен басқа, айтары тіптен ерекше, тілі қарапайм да қарама-қайшылыққа толы «Ауыл хикаялары»

29

Page 30: Оралхан Курсовая

топтамасы – оқиғаларының қызықтығы өз алдында, адамның кескін-келбетін, мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттейтін тамаша танымдық қасиетімен дараланатын әңгімелер. Сол әңгімелерінде суреттелетін тұлғалары ерек, бейнелері бөлекше ауыл адамдарының басынан кешкендерін оқыған кезде қазақ ауылы, өзімізге етене таныс бейнелерді көреміз. Бұл әңгіме, хикаяттардан кең тыныс, еркін көсілісті сезесің. Жазушы кейіпкерлерінің қазақ қалпын, мінезін баса көрсету арқылы көкейімізге қонымды, жанымызға жақын адамдармен қауыштырады.

Сонымен қатар шағын әңгіме-хикаяттары арқылы, ондағы кейіпкерлері арқасында заман көрісін, әлеуметтік шындықты көрсете жазады.

«Көк тайынша» әңгімесіндегі «көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін сөз арасында айтыпты,- деген жолдар бар. [14, 3-б.].

Бұдан нені түсінеміз? болжап қарасақ, билік басындағылардың ауыз жаластығын, төбе жағыңда қолдаушың мықты болса қандай істі болсаңда аман қалатыныңды, әрқашан төмендегілер, момындар жеңілетін өмір заңын, заманның кері кеткен суретін астарлайтын сарын жатыр. Ал «Бес тиындағы» ісіне адал, ешбір жанның ала жібін аттап көрмеген, өз жөнін, өз жолын ғана білетін, ешкімде жұмысы жоқ Зәкеңнің ауыл адамдарына жақпауы не себепті? Өмірдегі тепе-теңдікті тіпті шахмат ойынында да қалайтын, адал да әділ, сәби көңілді Зәкеңе дүйім жұрт неге қарсы? Оның адалдығымен қанағатшылдығына басқа көзбен қарауы қалай? Екі ай бұрын еденнің тақтайына түсіп кетіп, ұмытылып алынбай қалған бес тиынды облыстан келген тексеру бастығының «іздеме» дегеніне қарамай жаны шыға іздеуі, сонан соң сол бес тиынды тауып алғанда балаша қуанған пошта бастығы Зәкеңді ауылдастары неге мұз үстіне отырғызуға әлек. Облыс тексерісінен аман өткен оны ауылдастары «Болмады», - деген есік-терезеден сығалаған адамдар, – араға ай салып барып, арызды қайта жазу керек... Әттең, осы қызыл көз пәледен құтылса, соңғы бес-алты жылда безеріп тұратын аспаннан ағыл-тегіл жаңбыр жауатын секілді... Құрғақшылықтан құтылып, айран-асыр байлыққа кенелетін секілді. Қырсыққанда Зәкең күн өткен сайын мығым әрі сақ; ал Алтайдың аспаны болса, жарықтық суалып-ақ тұр. Ауданнан, сонау облыстан тексеру келген сайын, ауылда сыпсың-сыпсың өсек тарайды. «Дәл осы жолы сайтан болып кетсе де мұрттай ұшар» деген желекті үміттің жетегінде желдей есер еді. Амал не, ертеңінде де бір дорба кілтін сылдырлатып, почтаға қарай асықпай аяңдап бара жатқан Зәкеңді тағы көріп, маңдайлары тасқа соғылар еді. Елуге келген жасына дейінгі тірі жанның ала жібін аттамаса да көзге шыққан сүйелдей бүкіл ауыл адамдарының өлердей өштесетіні мүлдем түсініксіз. Бәлкім, адал болған соң суқандары сүймес, әлде мінезінен бе екен....» [14, 17-б.].

Сөйтсек, бұл арқылы Алтай Мұзбалағы адамдарарасындағы көрсеқызарлықты, я жақсылық не жамандықтың жақпайтын түсініксіз мінезін көрсеткісі келген ғой. Жазушының арманы:

30

Page 31: Оралхан Курсовая

«Жұмыр жердің бетін төрт миллиардтан астам адамның аяғы таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Егер Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз жым-жырт өтуді тірілерге үйретер ме еді...

Бір-біріне қатты сөз айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер әруақтар зәуде қайтып оралса... (шіркін-ай, қайтіп оралса). Дүниедегі сансыз сұмдықтардың бет пердесі ашылып, біздер ұяттың отына өртеніп кетер едік ау... . [15, 186-б.].

Міне осы жолдар арқылы Оралханның жер бетіндегі адамдардан ең бастысы бірін-бірі сыйлар татулық пен береке-бірлікті аңсайтындығын аңғарамыз. Бей-берекетсіз, жөнді-жөнсіз аузымызға келгенді былшылдатып, кінәсізді жамандап, сыртынан ғайбаттап нағыз қаскүнем, қарақшыны мақтап, өзіңінен жоғарырақта отырғанға қалай жағам деп маңайыңдағылармен алысып-жұлысып өткінші өмірдің алдамшы қызығымен әуреге түсіп, досыңмен жаға жыртысып, кеңіректесіп жататындығымыз рас. Автор жоғарыды «Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса... бір-біріне қатты сөз айтпай... бейбіт берекелі өмір орнатар ма еді...? деп қоғамдағы татулықпен сыйластықтың қаншалықты қымбат екендігін аңғартқысы келеді. «Бес тиын» әңгімесіндегі кейіпкерлердің өмірі шындап келген де осы күнгі қоғамның бет пердесі еместігіне кім қарсы шыға алады?

Әңгіме соңында: «Өйтпесек, қазақ боламыз ба?... Зәкең айтты: «Маған қателесуге болмайды, өйткені он бір балам бар», - деп аяқтауының өзі-ақ адал болсаңда пендеге ешқашан жақпайтын өмір шындығымен, балалары үшін біреудің бір тиынын жемеген әкенің, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен жауыздықтың мәңгі күресінен сыр шертіп тұр емес пе?

Оралхан Бөкейдің осынау әңгіме-хикаятарындағы қарапайым кейіпкерлері, қарапайым адамдары адамзаттық күрделі мәселелерін, дүниеауи тақырыптарды қозғайды. Ауыл адамдарының ауыр тірлігінің дара сипатты көріністеріне тұнып тұрған шығармалар. «Көк тайынша», «200 грамм энергия», «Тоқадан қалған тұяқ», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты», «Бес тиын», «Күлпаштың ұршығы», «Құлашаның шоты еді», «Тортай мінген ақ боз ат» өзге де ауыл әңгімелері қазақ тірлігінің қайталанбас суретін, тіршілігінен мағұлмат беретін , қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін бедерлеп қағаз бетіне түсірген мәні жоғалмас, мазмұны ұмытылмас, уақыт өткен сайын оқырман жанына ыстық тартар, шағын қорғасындай шымыр құймалар. Әрі соның бәрінде Оралханның өз қолтаңбасы айна қатесіз атойлап тұрады. «Дегенмен, деп ойлаймын мен, Құмар суға кетерде неге қолын бұлғады екен?!» -дейді. [8, 96-б.].

Жазушы өзінің «Құмар қол бұлғапты» хикаятының соңында. Қаламгер жұмбағы...! Осы жұмбақ Оралхан әңгімелерін оқып болған соң әрқайсымыздың санамызда қалып қояры шындық. Неге? Себебі, бұлда болса жазушының өз қолтаңбасын екендігін айғақтайды.

31

Page 32: Оралхан Курсовая

ҚОРЫТЫНДЫ

«Сөз өнері – дертпен тең» деген ұғымға ден қойсақ, сол қиындықты өнер адамының қайсысы болса, бастан кешіруге даяр тұруы шарт. Әрине, тума талант болмаса, құр азаптану ештеңе бермес. Өйткені оны шегіне жеткізу үшін, талай тезден өткізу қажет. Мұның төркіні – нағыз шебердің өз ісіне деген жауапкершілігі. Шығармасын ұқсату, шын көркемдік дәрежеге көтеруге ұмтылу – Оралхан Бөкей жауапкершілігінің бір жағы болса, екінші жағы әдебиетке, көркемөнерге жанашырлықпен қарау еді. Мүмкіндігінше оған үлес қосу, молайту, байыту болатын.

Қорыта келгенде, автор әңгімелері – қазақ әдебиетін байытқан, үлкен белеңге көтерген жанр екенін тағы бір мәрте айтуымыз қажет.

Курстық жұмыста:– жазушы көзқарасы мен қолтаңбасы, ізденіс мұраттары, сөз

саптаудағы өзіндік өзгешеліктер, ой-сөз жүйесі зерделенді;– Әңгімелердегі авторлық қолданыс біршама талданды;– ұлттық прозадағы дәстүр мен сабақтастық мәселесі, жанрлық-

идеялық ізденістер, көркемдік-эстетикалық құндылықтар, қаламгерлік ерекшелік пен шеберлік сырлары жан-жақты ашылды;

Заман сырын айнадай анық түсінген қаламгер шығармалары ел жайлы, ауыл жайлы терең толғанады, оның қарапайым кейіпкерлері, қарапайым ауыл адамдары адамзаттық күрделі тынысы кең мәселелерді қозғайтындығы шындық. Жазушы әңгіме жанры арқылы қара сөзден түйдек-түйдек поэзия жасап, ел келбетін, ауыл бейнесін, заман суретін тең келмес хас шеберлікпен суреттей білді. Теңіз суының дәмі тамшысынан білінеді дегендей, аз сөзбен мол мағына, терең толғаным бере алатын «әңгімелерін» оқу арқылы Оралхан тек қана үлкен парасатпен айтатын сирек суреткер екенін ұғынамыз. Көрнекті суреткер шығармаларының жаратылысы мен сымбаты мейлінше бөлек, ұлттық ой-сезімі, рухы мейлінше шынайы, мейлінше кесек. Қысқасы, бір сөзбен түйіп айтқанда Оралхан Бөкей өлмейтін ой, сөнбейтін сезім, тәңірлік тылсым тіл дарыған, тағдыры тұңғиық, терең тамырлы сөз иесі!

32

Page 33: Оралхан Курсовая

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Аламаты: Санат, 2003. – 528 б.2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна.

2005 – 576 б.3. Қасқабасов. С. Қазақ халқының прозасы. – Алматы:Ғылым, 1984 – 272 –

б.4. Әңгіме жанры туралы. – Алматы: Санат, 1999. – 63-б.5. Әлем философиясы. – Алматы: Жазушы, 2001. – 170-б.6. Бөкей. О. Екі томдық шығармалар. 1 том. Повестер. – Алматы: Жазушы,

1994. – 496-б.7. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы: Жазушы, 1976. –152 б 8. Бөкей Оралхан. Кербұғы. Әңгімелер мен повесть. – Алматы: Атамұра,

2003. – 204-б.9. Б. Оралхан. Мұзтау. Повесть, эссе, новеллалар. – Алматы: Жалын, 1975. –

256 б10. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. –90 б11. Піралиева. Г. Қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. Автореферат.

– Алматы, 2004. – 13-б.12. Мағауин. М. Байділдаев. М. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы,

1989. – 384-б.13. Ысмайлов Е. Сын және шығарма,– Алматы; жазушы, 1977.– 191-б. 14. О. Бөкей. Тоқандан қалған тұяқ. – Астана: Таным,2003. – 80-б.15. Бөкей. О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2 том. Алматы: Жазушы,

1996 – 496-б.16. Кенжебаев. Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. – Алматы: Жазушы, 2004

– 344-б.17. З. Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Жазушы, 2000. –

45-б.18. Жұмалиев. Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы, 1966. – 250-б.19. Көзбеков Өскенбай. О. Бөкей прозасының поэтикасы. – Алматы, 1999. –

61-б.20. Халикова. Н. Автореферат. – Алматы, 2000 – 16-б.21. Жақсылықбаева. Р. Оралхан шығармаларының көркемдік деңгейі. –

Алматы, – 2003. – 45-б.22. Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер. –Астана: Елорда, 2002 – 808-б.23. Мәмесейіт. Т. Дидар. Әдеби сын. – Астана: Елорда, 2005 – 344-б.24. Жұмалиев Қ. Әдебиет теорясы. – Алматы: Мектеп, 1969. –107 б.25. Нұрғалиев Р. Телағыс, әдеби дәстүр мен әдеби даму монография/

жазушы, 1986. – Алматы – 87-б.26. Кәкішев Т. Сын сарап. – Алматы: Жазушы, 1974. – 128-б. 27. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы, 2003. – 117-б.28. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы: қазақ университеті, 2001. – 201 б.

33

Page 34: Оралхан Курсовая

29. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы мен көркемдік шешім. – Алматы: ғылым, 1991. –183-б.

30. Ө. Әбдиманұлы. XX-ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: қаз университеті, 2002. –230-б.

31. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. /әдеби сын мақалалар/. – Алматы: Жазушы, 1989. –118-б.

32. Қ Әбдезұлы. Тарихи тұлға және қазақ әдебиеті. – Алматы: Қаз университеті, 2002. –241-б.

33. Нұрпейсова А. Қазақ прозасындағы дәстүрлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі. Фил.ғыл.кан. дис. – Алматы, 2006. – 148-б.

34. Халикова Н. Қазақ прозасындағы кейіпкер даралығы және көркемдік шешім. Фил.ғыл. кан. Дис. – Алматы, 2006. –109-б.

35. Жанұзақова Қ. Оралхан прозасындағы романтизм. Фил. ғыл. кан. Дис. – Алматы, 1999. –86-б

36. Жақсылықбаева Р. Оралхан Бөкей шығармашылығының көркемдік деңгейі. Жақсылықбаева публистикалық шығармашылық шеберханасы: – Алматы, 2009. – 231-б.

37. Соғыспайқызы А. Оралхан әңгімелеріндегі мәтін түзім сипаттары.– Алматы: ҚазҰУ хабаршы. 2006. – 147-б.

38. Байтілеуова Г. А. О. Бөкейдің романдары туралы. – Алматы: ҚазҰУ хабаршы. 2006. – 123-б.

39. Бердібаев Р. Замана сазы. (зерттеу мен мақалалар). –А лматы: Жазушы, 1985.– 46-б.

40. Байқонақтегі Р. Оралхан сүйген табиғат // Экологиялық жаршы. 2003 – қазан - №10, 5 – 6 бет.

41. Ахметжан Т. Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну //Қазақ әдебиеті. 1997. – 20 мамыр.- 4 бет

42. Жәлелова Т. Табиғат пен адамды үндестіру // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996 №11 – 12.-85-89 бет

43. Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда //Қазақ әдебиеті. 2004.-14 қыркүйек.-96 бет

44. Сматаев С.Таңдайынан еліне бал тамызып // Жас алаш – 2003.-7 қазан.-32 бет.

45. Нысаналин А. Оралханның оралуы //Қазақстан. - 2003. №9-10.-13,14 бет.46. Ахметбекұлы К. Алтайдан айналып ұшқан ақиық //Жас алаш. 2003.-2

қазан.3-бет47. Жақсыбаев А. Оралханды ойласам //Ұлан. - 2003.-30 қыркүйек48. Кемелбаева А. Оралхан Бөкей әңгіме жанрында //Қазақ әдебиеті. - 2003 -

15 тамыз49. Берікболова М. Оралхан мектебі төбесінен су ағып тұр //Айқын. - 2009 –

19 мамыр.50. Мұқанжанова Ғ. О.Бөкей рухына арнау «Аттай» //Қазақ әдебиеті орыс

мектебінде. - 2002.№4 – 73 – 74 бет51. Ерман Ж. О.Бөкей және опасыз жалған //Жас қазақ. - 2008.-29 ақпан

34

Page 35: Оралхан Курсовая

52. Омарова Д. Халықтық тіл мен әдеби байланысы //Қазақ әдебиеті орыс мектептерінде. - 2009 -№12, 18-25 бет

53. Майбас Т. Айбөкен (О.Бөкей рухына) //Түркістан. - 2010. 11 қараша54. Егеубай А. Мұзбалақ //Жұлдыз. 2003 – жетоқсан №12, 106 – 112 бет55. Елубай О. Мұзтаудың Мұзбалағы : Оралхан Бөкейдің 60 жылдық

мерейтойы туған елінде дүркіреп өтті //Егемен Қазақстан.-2003.-11 қазан56. Құрманғали Қ. Жадымдасың жан досым: Оралхан Бөкей туралы//Ана

тілі.-2003.-9-қазан. 8 бет.57. М.Әуезов Шығармалары, Алматы 1969 XII-том58. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.–78 б.59. Мұқанов С. Халық мұрасы, –Алматы: жазушы, 2005. –132 б.60. Мәмесейіт Т. Дидар. Әдеби сын. Астана: Елорда, 2005. – 344 б.

35