the ethnolinguistic decription of national lexicon in kazakh language related to female needlework

48
ӘӨЖ 811.512.122’373:74 Қолжазба құқығында ӘЛІМЖАНОВА АЙША АНЫҚБАЙҚЫЗЫ Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты 10.02.02 – қазақ тілі Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы 1

Upload: takappar

Post on 27-Jul-2015

677 views

Category:

Documents


2 download

DESCRIPTION

Synopsis of a thesis (Abstract of Dissertation)Linguistic aspects of Qazaq language researched by Qazaq scientist. Written in Qazaq, Russian, English

TRANSCRIPT

Page 1: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

ӘӨЖ 811.512.122’373:74 Қолжазба құқығында

ӘЛІМЖАНОВА АЙША АНЫҚБАЙҚЫЗЫ

Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланыстыхалықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан РеспубликасыАлматы, 2008

1

Page 2: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, академик Ә. Қайдар

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторыМ. Малбақов

филология ғылымдарының кандидатыӘ. Алмауытова

Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Диссертация 2008 жылы «7» қарашада сағат 14.00-де ҚР БжҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

Автореферат 2008 жылы «7» қазанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева

2

Page 3: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде этномәдени тіл бірліктерін белгілі бір тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып, оларды түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап – жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Тілдің осындай қызметінің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осымен байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау – қазіргі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты бағыттарының негізі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, ретінде әйел қолөнерінің туындылары практикалық та, эстетикалық та қызметті қатар атқарған.

Бұл ретте әр алуан лексикалық бірліктердің «екінші деңгейдегі мағыналарын – этнолингвистикалық мағыналарын» тіл білімі тұрғысынан басқа ғылым салалары деректірімен ұштастыра отырып зерттеу, көпшіліктің жадынан шыға бастаған әйел қолөнеріне байланысты атауларды жаңа сапада қайта жаңғыртудың, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, оның оралымдылығын арттыра түсудің мәні ерекше. Бұл мәселенің өзі осы жұмыстың өзектілігін белгілейді.

Қолөнерінің қазақ мәдениетін қалыптастырудағы қызметі мен оның әлеуметтік-гендерлік табиғатын анықтау («еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп бөлінетінін және соған қатысты атаулардың құрамын анықтау), сол арқылы қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен рөлін айқындау бүгінгі күндері арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі болып отыр.

Әйел қолөнері бұйымдарының ономасиологиялық тұрғыдан уәжділік қасиеттерін анықтауды тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) мәнділіктермен байланыстыра қарастыру және «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сай этнолингвистикалық бағытта кешенді зерттеу жүргізу де тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.

Ұлттық мәдениетімізді зерттеп білуге зор мән беріліп отырған бүгінгі күнде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтындығы күмән тудырмаса керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты – материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығын бейнелейтін әйел қолөнеріне байланысты атаулардың, оларға қатысты ұғым-түсініктердің этнолингвистикалық табиғатын, олардың тілдік жүйедегі орнын, әйел қолөнерінің болмыс-бітімін ономасиологиялық жүйе негізінде анықтау. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

3

Page 4: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

- әйел қолөнеріне қатысы атауларды халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі сөздіктер мен түрлі саладағы зерттеу еңбектерінен жинақтау, жүйелеу;

- қазақ тіл біліміндегі жалпы қолөнер лексикасының зерттелу тарихы мен қазіргі бағыт-бағдарына шолу жасау;

- әйел қолөнеріне байланысты атаулардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарын айқындау;

- әйел қолөнерінің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы алатын орнын қолөнер мен рухани мәдениеттің қарым-қатынасына қатысты жинақталған материалдарды кешенді зерттеу арқылы анықтау;

- этномәдени мәнді атаулар мен этнофразеологизмдердің мағына астарындағ,ы этюдтерді ашу;

- ономасиологияның теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этномәдени уәждерін, уәждік жүйесін этнографизмдер негізінде айқындау;

- әйел қолөнеріне қатысты қалыптасқан атаулардың табиғатын тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) факторлар арқылы анықтай отырып, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастыру.

Зерттеудің нысаны. Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты мен ономасиологиялық негіздері.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысы мен дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, атаулардың мағыналық өрісін анықтауда лексика-семантикалық талдау, диахронды-синхронды сипаттама, семасиологиялық, ономасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақтың ұлттық қолөнерінің табиғаты көптен бері этнографтар мен өнертанушылар, тілші ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылып келеді. Қазақ тіл білімінде қолөнерінің нақты бір түрі ретінде зергерлік өнерінің лексикасына, киіз үйге, ою-өрнекке, музыка аспаптарына, киім атауларына байланысты зерттеу жұмыстары жазылғанмен, әйел қолөнерінің лексикасы арнайы қарастырылған емес. Жұмыстың жаңалығы әйел қолөнеріне байланысты қалыптасқан этнографизмдердің алғаш рет этнолингвистикалық, ономасиологиялық тұрғыдан қарастырылуы болып табылады. Атап айтқанда, тіл мен мәдениеттің, материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығы, әйел қолөнерінің салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері, уәжді белгілері айқындалады.

Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық табиғатын ашу мен ономасиологиялық негіздерін айқындау барысында 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінің, 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» жарық көрген үш томының, «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің», «Қазақ совет энциклопедиясы» мен «Қазақ ұлттық энциклопедиясының», І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық

4

Page 5: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

сөздігі» мен А.Құралұлының «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінің», т.б. сөздік және халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалар материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ әйелі қолөнері жөніндегі азды-көпті деректер ұшырасатын С.Қасиманов, Ә.Тәжімұратов, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, С.Мұқанов, М.Мұқанов, Ә.Ысқаққызы, т.б. этнографтар мен өнертанушы ғалымдардың еңбектерінен қажетті мәліметтер мен деректер алынды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен дүниетаным, тіл мен ойлау сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика, ономасиология салаларының теориялық негіздерін белгілі дәрежеде толықтыра түсіп, қазіргі «дүниенің тілдік бейнесі» бағытындағы зерттеулерге өзіндік үлес қосуға талпыныс жасалды. Диссертациялық жұмыстың негізгі теориялық және практикалық мәні – осы зерттеудің теориялық тұжырымдары мен нәтижелері негізінде қазақ қолөнеріне байланысты атауларды әлі де зерттей отырып, бір жағынан, қазақ қоғамындағы әйелдердің орны мен рөлін, екінші жағынан, әйел қолөнерін адам мен табиғат, тіл мен мәдениет, заттық мәдениет пен рухани мәдениет сабақтастығы арқылы этнос болмысын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуде.

Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Этнолингвистика», «Қазақ тілінің ономасиологиясы», «Лингвомәдениеттану» атты пәндерден дәріс оқу барысында, семинар сабақтары мен арнайы курстар өткізуде, сондай-ақ әртүрлі сөздіктер мен сөздік мақалалар дайындау барысында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:- қазақ әйелдерінің қолөнеріне байланысты этнографизмдер мен

этнофразеологизмдер – этностың өткен өміріндегі тұрмыс-тіршілігінің айнасы, ғасырлар бойғы мәдениетінің тұнып тұрған мұражайы;

- әйел қолөнеріне байланысты атаулар ұлттық сөздік қордың ауқымды қабатын құрайтын күрделі таңбалар жүйесі болып табылады;

- әйел қолымен өңдеп дайындалған бұйымдар (көбінесе жүннен) – шектес ғылым салалары деректерін пайдалана отырып кешенді зерттеу арқылы анықталатын материалдық және рухани мәдениеттің тоғысуын бейнелейтін этномәдени туынды;

- әйел қолөнеріне қатысты атаулардың ономасиологиялық жүйесін анықтау қазақ әйелі болмысын этномәдениетпен тұтастықта сипаттайды;

- әйел қолөнеріне байланысты атаулардың уәждік жүйесі (жасалатын шикізаты, дайындау технологиясы, атқаратын қызметі мен қолданылатын орны, түр-түсі, т.б.) ұлттық таным мен талғамның, тәжірибелік білімнің гендерлік деңгейін сипаттайды;

- әйел қолөнеріне байланысты этнографизмдер мен фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді айқындайды;

5

Page 6: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

- әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнос мәдениетіндегі орны «мәдени реконструкция» арқылы, ал олардың тіл жүйесіндегі орны «тілдік реконструкция», этнолингвистикалық, семасиологиялық, ономасиологиялық сабақтастықтағы талдаулар арқылы анықталады.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижелері Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-нің ғылыми конференциясында және еңбектер жинағында (Алматы 2003), «Жоғары оқу орнында сапа мен менеджменті жүйесін енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005), «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005), «Қазақстанда ой-сананың дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2006), «Бизнес, Ғылым, Білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып, талқыланды. Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация тақырыбына қатысты 7 мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Диссертацияның кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңызы сипатталып, пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы туралы мәлімет беріледі.

«Қазақ мәдениетіндегі әйел қолөнерінің лингвомәдни сипаты» деп аталатын бірінші тарау әйел қолөнеріне байланысты атауларды зерттеудің теориялық мәселелерін шолуға, атаулардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарының этномәдени мазмұнын ашып, этнолингвистикалық талдау жасауға арналады.

1.1 Әйел қолөнеріне байланысты атауларды зерттеудің лингвомәдени аспектісі. Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Қандай да болсын белгілі бір зат пен құбылысты тану, оның сыртқы бейнесі мен адамға тигізетін пайдазиянын ажырата білу, оның түрлі әсерін бақылап, түйсіну, күнделікті тәжірибеде қолданудың нәтижесінде жүзеге асады. Танылған заттар мен құбылыстар айрықша қасиеттеріне, өзіндік ерекшелігі мен пішініне, адам санасында қалдырған әсеріне қарай белгілі бір атауға ие болады. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз – этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, «этнографизмдер дегеніміз –

6

Page 7: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [1, 18 б.]. Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Этнолингвистиканың негізгі мақсаты – қазақ тілінің қазіргі қалпындағы ерекшеліктерді емес, өткен тұрмыстағы халық тәжірибесінен туған ұлттық болмысымызды, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан этномәдени ұғымдарды зерттеу. Олай болса көне этнографизмдерді жинақтап толықтыруда, ұлттық сөздік қорымызды, байырғы төл сөздерімізді жаңғыртуда тіл біліміндегі осы саланың маңызы зор екендігі айқындала түспек.

Осы бағыттағы зерттеулер қазақ ұлттық болмысының бүгіні мен өткенінің ілектес екенін жаңа қырынан танытуда (Ә. Қайдар, М. М. Копыленко, Е. Жанпейісов, т.б.).

Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.

Атап өтерлік жайт: қазіргі уақыттағы тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз болған және әлі де жалғасын тауып келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі күні ара жігін ажырата қоймаған осы екі ғылым саласының көп жағдайда ортақ, ұқсас жақтары болғанмен, өзіндік ерекшеліктері айқындалу үстінде. Оны В. Телияның, В. А. Маслованың, А. Сейсенованың, А. Сейілханның т.б. зерттеушілердің ой-пікірлерінен байқауға болады.

Зерттеуші А. Исламның пікірінше, қазіргі лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз жүйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида негізінде – сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның (тілдің) функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық үрдіспен байланыстыра зерттеулердің нәтижесі болып табылар соңғы он жыл көлемінде тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін лингвомдениеттану ғылымы пайда болды [2, 5 б.].

Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай келгенде, лингвомәдениеттану – этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын, жұрт мәдениетін өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын, этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл

7

Page 8: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән [3, 24 б.]. Ал, этнолингвистика жоғарыда аталып өткендей, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының бүгінгі қалпын емес, өткен өміріндегі ұлттық болмысты, мәдени ұғымдарды зерттейді. Бұдан, әрине, этнолингвистиканың синхронды сипаты мүлде болмайды деген ұғым тумауы керек. Қысқасы, этнолингвистика – тіл ғылымының басқа салаларынан өзіндік ерекшелігі бар, проф. Е. Жанпейісов көрсеткендей, «этносқа қатысты мәдениеттанымдық, этнологиялық, мифологиялық, лингвистикалық және фольклористикалық зерттеулердің синтезі ретінде көрінетін тоғыспалы ғылым» [4].

Сайып келгенде, этнографизмдердің де, лингвокультуремалардың да (мәдени мәнді атаулар), көздейтін мақсаты – адамның дүниетанымындағы ақиқат дүниенің бейнесінің қалай қалыптасқанын, заттар мен құбылыстардың күнделікті өмір тәжірибесінде қолданылуының, мәдени тұрақтылыққа ие болуының, қандай да бір құндылығымен ерекшеленуінің және оларды қолданудың салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналуының себеп-негіздерін анықтау.

Қазақ халқының қолөнері, оның ішінде әйелдерге тән салалары, оған байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-жоралғылар, мифологиялық түсініктері тілімізде сақталған. Оларды бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, тұтас құрылым жүйесінде алып қарастырып, «ұлт мәдениетінің бейнесі» деп сипаттауға болады. Осымен байланысты тіл байлығының этнотанымдық мәнін анықтау арқасында ұлтымыздың материалдық мәдениетімен бірге рухани, мәдени болмысын да саралап тани түсеміз.

1.2 Әйел қолөнерінің қазақтың дәстүрлі мәдениетімен сабақтастығының тілдік дәйектері (тері, жүн, шиден жасалған бұйымдар). Әйел қолынан тері, жүн, мата сияқты материалдардан жасалатын тұрмыстық яки сәндік бұйым түрлері сан алуан. Теріден жасалатын бұйым атаулары: тулақ, кебежеқап, тізеқап, т.б.

Күнделікті тіршілікте жиі қолданылған тұрмыстық бұйымдардың бірі – тулақ. Тулақ деп кей жерде көбінесе тайдың терісін шикідей керіп кептірген төсенішті айтады. Сондықтан оны тайтері деп те атай береді. Терінің майын алған соң, оны тегіс жерге, тақтайға керіп, шегелеп тастайды. Көлеңкеде кептіріп алған соң оның үстіне бөстек, көрпе, жержастық аталатын бұйымдарды салып, төсеніш ретінде пайдаланады.

Тулаққа байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, оны босағаға тулақ төсеп отырғызады екен. Күйеу жігіттің қайынатасының төріне шығып отыруына қақысы болмаған, яғни, бұл күйеу жігітке қойылатын тыйымның бірі. Ел іші болған соң түрлі оқиғалар болып тұрады. Сондай оқиғалардың біріне қатысты «...атаңның төрі тұрмақ көріне кірерсің» деген сөз қалған. Осыған байланысты ел ішінде сақталған мынадай бір аңыз әңгіме бар. Ертеде бір жас жігіт қайынатасының үйіне келгенде, жеңгелері күйеудің астына тулақ төсеп отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен, бөтен адамды көріп қалып, арс етіп үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрден бір-ақ шығыпты. Жеңгелері

8

Page 9: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

бетін шымшып: «Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетті ғой», – дегенде, ол есік жақтағы төбетті қолымен нұсқап: «Апандай бәлекет арс етіп ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің», – деген екен.

Теріден жасалған бұйым түрлері көп болған, соған орай қалыптасқан атаулар да мол: тайжақы, тон, ішік, тізеқап, шалбар, желетке, кеудеше, жеңсе, алшалғы, тымақ, құлақшын, бөрік, алдаспан бауы, айыл, ноқта, жүген, адырна, бау, баулық, белдік, божы, желдік, желкелік, тебінгі, т.б.

Тоқыма бұйым атаулары. Тоқымашылық о бастан-ақ әйелдерге тән кәсіп, өнер түрі болып қалыптасқан. Ол алғаш әйелдердің өсімдіктер мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталған.

Күні бүгінге дейін тұрмыста алаша, құр, шекпен, кілем тәрізді тоқыма бұйымның көптеген үлгілері кездеседі.

Мақтадан тоқылған маталар бөз, боз, тор, шыт деп аталған. Мал жүнінен де иіріп, жүн маталар тоқылған. Ал жібек маталар Қытай мен Самарқаннан, Ферғанадан тарады.

Алаша деп әртүрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып жолақтап тоқылған, көбінесе жерге төсейтін тақыр кілем, төсеніш түрін айтады. Оның түрлері: әрекет // жүн алаша – жүннен тоқылған алаша, кілем шалша – ою-өрнек салып тоқылған алаша, қарала – алашаның жергілікті атауы, терме алаша // терулі алаша – әшекейлеп, өрнек салып тоқыған алаша, мақта алаша – мақта жібінен тоқылған алаша, т.б.

Киіз үй бөлшектерін байлап бекіту үшін және сәндік мақсатпен өрмекпен тоқылған енсіз, ұзын тоқымаларды құр деп айтады. Оның бір тұрі – басқұр – уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тартатын әрі сән беріп тұратын, өрнекті, жалпақтау құр. Дөдеге құр – дөдегенің сыртынан оралатын құр түрі, құрбау – киіз есіктің екі иін бауы, аяққұр – туырлықтың етегін бастырып тартатын құр, тең құр – тең бууға арналған құр, т.б. Бұлардан өзге құрдан жасалған заттар құр белбеу, құр дорба, құр басжіп, құр аяққап, құр қоржын, құр алаша, т.б. деп аталады.

Шекпен тоқу әр аймақта да кездесіп отырған. Шекпеннің қазақ арасындағы атаулары: түйе жүн шекпен, биязы шекпен, таңдай шекпен, қой жүні шекпен, шидем шекпен, су шекпен, бояулы шекпен, шым шекпен, түбіт шекпен, ала шекпен, ақ шекпен, әр шекпен, т.б.

Ерте заманнан бері қазақ тұрмысында мықтап орын алған, бүгінгі күнде де маңызын жоймаған, өте тығыз тоқылатын, өте төзімді, ұзақ уақыт сақталатын бағалы үй бұйымдарының бірі – кілем деп аталатыны белгілі. Ертеде кілемді жерге төсеумен бірге туырлық пен үзіктің орнына да жапқан, әрі сән үшін, әрі жылылық үшін керегенің ішінен де тұтылған. Халық арасындағы «Үй жасауы – кілем» деген сөздің өзі-ақ оның қазақ тұрмысында қаншалықты орын алғанын көрсетеді. Кілемді алтын, күміс бұйымдармен бірге байлықтың, баршылықтың белгісі деп санаған. Кілем қыз жасауының елеулі құрамына кірген; сыйлы қонақтарға арнап кілем төсеу, кілем төсеп қарсы алу, көшіп-қонғанда салтанаттыққа түйеге кілем жабу сияқты дәстүрлермен бірге оны құн төлеуге, сый-сияпат жасауға да пайдаланған. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен

9

Page 10: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Оларды кілемші деп арнайы бөліп атайды [5, 54 б.].

Қазақ арасына кілем тоқудың кең тарағанын және әр жерде әртүрлі мәнермен тоқылатынын төмендегі атаулардан байқау қиын емес. Масаты кілем, тақыр кілем, арабы кілем, алаша кілем, тұс кілем, хан кілемі, шешенгүл кілем, шатыргүл кілем, самаурынгүл кілем, т.б.

Қазақ жерінің түрлі аймағында түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес ши деп аталатын өсімдіктен тоқылған бұйым да ши деп айтылады. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға, түрікмендерге, қарақалпақтарға, т.б. халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына, киізді ылғалдан сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған. Шидің түрлеріне байланысты мынадай атаулар кездеседі: ақ ши – қабығынан аршылған ақ шидің жүн оралмай, ою-өрнексіз тоқылған түрі, шым ши шидің түрлі түсті жүн орау арқылы өрнектеп тоқылған түрі (жергілікті тілде шымырау ши), орама ши // ораулы ши – өнебойына тұтастай емес, әр жерінен аралатып жүн оралған ши, шидек – құрт жаятын кішкене ши, терме ши – шым ши, өреше – киіз үйдегі ас-су тұратын жерді қоршап қойған ши, дүзтеру ши – қошқар мүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши, т.б.

1.3 «Әйел қолөнерінде байланысты атаулардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарының этномәдени мазмұны» атты үшінші тараушада әйел қолөнерінде әлеуметтік және гендерлік сипатына, салт-дәстүрге, наным-сенімге, шығу тегіне байланысты қалыптасқан атауларына жеке-жеке этнолингвистикалық сипаттама беріледі.

1.3.1 Әлеуметтік және гендерлік сипатына байланысты қалыптасқан атаулар. Әлеуметтік-экономикалық жағдай адамдардың киген киімінен, тұрмыстық бұйымдарынан, тұратын үй-жайынан байқалады. Зат, бұйымдардың атқаратын қызметі ортақ болғанмен, олар әрбір адамның тұрмыс дәрежесіне, қоғамдағы орнына қарай сапасы, жасалу технологиясы, көркемдігі жағынан әртүрлі болып жасалады. Яғни бай мен кедейдің, хан мен қарашаның, т.б. әлеуметтік топтардың ерекшеліктері олардың пайдаланатын заттарынан көрініп тұрады.

Қазақтың бұрынғы тұрмысында әрбір әлеуметтік топтың киім үлгілері болған. Әлеуметтік уәжділік адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне байланысты киіну салтынан да байқалады. Мысалы, сал-серілердің киімдері былайғы жұрттың киімінен ерекше болып көрінген. Олардың шапандары жібек, парша сияқты маталардан зер салып, жағасыз, түймесіз, астарсыз, кең етіп тігілген. Кейбіреулерінің шапандарының оң жақ жеңінің астынан үлкен жырық не дөңгелек тесік қалдырып, бір жеңі екінші жеңінен ұзын болып тігілген. Киім жеңінің екі түрлі болып тігілуі домбыра тартуға ыңғайлы болу мақсатынан туған. Демек, ақын, әнші, жыршы сияқты өнер иелерінен олардың өзгешелігі – олардың киім киісі. Сал-серілердің белбеуі де ерекше болған. Ондай белбеуді кей жерде берен белбеу деп атаған: – «Көк мәуіті

10

Page 11: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

берен белбеулері аттарының тірсегіне шұбатылады» (К.Әзірбаев. Аңыздар сыры. 1969, 102 б.).

Женде – бақсылар мен серілердің түрлі түсті кездемеден құрап тігілген сырт киімі. Жазушы Б.Қыдырбекұлы «Түгел сөздің түбі бір» атты кітабында бақсылардың, серілердің, диуана мен әулиенің, хан мен уәзірдің киімдеріне байланысты көптеген деректер келтіреді.

Әлеуметтік-гендерлік уәжіне байланысты қалыптасқан атауларға кемпір көйлек, ер көйлек, ақ жаулық, бала көйлек, жаулық, орамал, кәжекей, сәукеле, қасаба (бас киім), т.б. атауларды жатқызуға болады.

1.3.2 Салт-дәстүрге, наным-сенімге байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолөнерінің ішінде қандай да бір заттың сан алуан түрлері болған. Олардың түрлік атауларының қалыптасуына әсер еткен факторлар да әр басқа. Солардың кейбіреулері атқаратын қызметіне, қолданатын уақытына, белгілі бір мақсат, ниетке, наным-сенімге, ырымға байланысты болып, тұрақты сипат алып, тұтыну салтына айналаған. Тілімізге салт-дәстүрмен байланысты әйел қолөнері бұйымдарының атаулары да ұшырасады. Ақсақал шапан – ауылдың ең үлкен ақсақалына құдалары жағынан кигізетін сый шапан. Жауырынша – жаңа түскен келіншектердің қайнысына тігіп беретін алғашқы кестелі көйлегі.

Бұлардан басқа қазақтың салтынан мәдени ақпарат беретін атауларға иткөйлек, тонның бас тон, ілім тон, қызыл тон, т.б. көптеген атауларды келтіруге болады. Мұндағы бас тон мен ілім тон – сый-сыяпатқа, киітке берілетін тон түрлері болса, қызыл тон – жаға-жеңі құндызбен жиектелген, екі өңірі мен етегі зермен көмкерілген, қыз жасауына берілетін, ұзатылған қызға кигізіп жіберетін тон.

Қорыта айтқанда күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра заттар мен нәрселер атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге, эстетикалық талғамға, т.б. байланысты болып, атаулардың этномәдени уәжділігін айқындайды.

1.3.3 Халық, ру, тайпаға, жер-су аттарына байланысты қалыптасқан атаулар. Мұндай атаулар әрбір халықтың, ру-тайпаның, қолөнер бұйымдарындағы өзіндік ерекшелігін, ұлттық ерекшелікті, заттардың қайдан шыққанын яки әкелгенін білдіреді. Киім атаулары: ноғай бөрік, арғын тымағы, алты сай тобықты тымағы, сегіз сай уақ тымағы, т.б.

Кілем атаулары: арабы кілем (түйе жүнінен тоқылған түксіз кілем), бұхары кілем (түкті кілем), керей үлгі (керей тайпасының кілемі), торғай түр кілем (Торғай өңірінің кілемі), т.б.

1.3.4 Адам мен жан-жануардың дене мүшелеріне байланысты қалыптасқан атаулар. Анатомиялық атаулар әйел қолөнері лексикасында жиі ұшырасады. Атап айтқанда, ондай атаулар мыналар: бой, бас, бел, бақай, шынашақ, аяқ, қол, бауыр, қас, шаш, ерін, тырнақ, желке, жүрек, иін, көз, қолқа, ауыз, маңдай, омырау, өңеш, тамақ, таңдай, т.б. Мысалы: аяқ текемет – аяқ астына төсейтін кішкентай текемет; баскиім – басқа киетін киім түрлерінің жалпы аты; бас алма – ұршықтың басын (қаңғалағын) суырып алып толтыру; бой мата – басқа нәрсеге емес, киім тігуге арналған

11

Page 12: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

мата, бой жіп – кілем өрмегіндегі жоғарыдан төмен қарай үш кейде төрт қатар болып тізілген жіп.

«Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері» деп аталатын екінші тарауда тіл біліміндегі заттар мен құбылыстарға ат қою мәселелері, әйел қолөнері материалдары негізінде анықталған уәжділік түрлері баяндалады.

Ономасиология мәселелері қолөнерінің жекелеген салаларын қазақ тіл білімінде лингвистикалық тұрғыдан қарастырған зертеушілер – Р.Н.Шойбеков, М.Ш.Өмірбекова, Ә.Б.Алмауытова, А. Оқа, Т.Б.Жаубасованың, т.б. еңбектерінде тиісінше сөз болады.

Әйел қолөнеріне байланысты атаулар аса күрделі тілдік таңба болғандықтан, оларды лингвистикалық тұрғыдан ғана қарастыру жеткіліксіз; өйткені қолөнер лексикасының мазмұны сан алуан сыртқы факторлармен байланысты болып келеді де, адам санасында халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі, шаруашылық түрлері, материалдық және рухани мәдениеті жөнінде ақпараттар жинақталған тілдік және экстралингвистикалық білімдер жүйесін құрайды. Олай болса, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық жүйесін, уәжді белгілерін айқындаудың мәні ерекше.

Уәждеметану саласындағы атауға негіз болатын өзекті ұғым-түсініктің бірі – уәж (мотив) термині. Уәж (мотив) адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру үшін, іс-әрекетке негізделген саналық тұрғыдан саралау, анықтау. Уәж себептің негізінде пайда болып, оның тепе-тең бейнесін белгілейді.

Зерттеуші Н.Уәлиұлы мотивті «уәж», мотивированность дегенді «уәжділік» деп қолданады [6]. Басқаша айтқанда, уәжділік – заттың белгісінің оның атауынан, яғни тілде көрініс табуы. Уәждеме – тектес уәждер тобын білдіретін термин.

Әйел қолөнеріне байланысты атаулар өзара сабақтасып жатқан «таңбалаушы – таңбаланушы – таңба» үштігінің нәтижесінде пайда болған. Тілдік ұжым өзінің танымы тұрғысынан таңбаланушы нысанның өзіндік белгі-қасиетіне, ерекшелігіне сай атау береді. Номинациялық акт барысында пайда болған атаудың өзі оны қойған қоғамдық ортаның, тілдік ұжымның өмір тәжірибесінен алынады. Олай болса тілдік таңбалар тілдік ортаның дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігінің тілдегі бейнесі болып табылады. Таңбаны бергенде адамдар таңбаланушыны, яғни нысанды басқа нысаннан ажыратып тұратын белгісін (уәжін) негізге алып таңбалайды. Мұндай белгілер түрліше болуы мүмкін: түсі, көлемі, формасы, қызметі, материалы, екінші бір нысанға қатысы, т.б. Тіл білімінде бұл белгілер, ерекшеліктер уәждер деп аталады. Таңба мен таңбаланушы арасындағы осы уәждердің төркіні тілдік емес, басқаша айтқанда, экстралингвистикалық негіздерге барып саяды. Кез келген атау ерекше мәнге ие, ол белгілі бір уәжге негізделген. Осы уәждер атау беруші адамдардың тұрмыс-тіршілігінің, қоғамдық-әлеуметтік өмірінің көрінісі деп танылады.

12

Page 13: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

Әйел қолөнері материалдары негізінде біздің зерттеуімізде мынадай уәжділік түрлері анықталып отыр: материал, пішін, көлем, түр-түс, қызметі (қолданылуы), жасалу технологиясы т.б.

2.1. Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолынан шыққан әрбір бұйым белгілі бір мақсатпен жасалып, күнделікті тұрмыста бір немесе бірнеше қызмет атқарады. Айталық, киіз аталатын бұйым киіз үйдің төбесін жабуға, жерге төсеуге, киім тігуге, қабырғаға ілуге, кейбір салт-дәстүрді атқаруға қолданылады. Сол сияқты жүннен есіп жасаған жуанды-жіңішкелі жіп, арқандар киіз үй жабынын бекітуге, көші-қон кезінде заттарды буып-түюге, мал байлауға немесе оны жетекке алып жүруге, ат, түйе жабдықтарын (шылбыр, бұйда, тұсау, өре, т.б.) жасауға т.б. пайдаланады. Сондықтан затты белгілі бір мақсатпен дайындау және ол бұйымның қолданылу ерекшеліктері сол заттың тұрмыстағы ролін, атқаратын қызметін анықтайды. Мұндай экстралингвистикалық (тілден тыс) факторлар тілде өз ізін қалдырады. Басқаша айтқанда, заттардың қолданылу орны мен ерекшелігінен мәлімет беретін мұндай атаулар уәжі қызметіне байланысты этнографизмдерге жатады.

Киіз үйдің сүйегін (ағаш бөлшектерін – кереге, уық, шаңырақ) жасау ер азаматтардың міндеті болса, оның жүннен, теріден жасалған жабдықтарын дайындау әйелдердің міндеті болған. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.

Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз.

Қазақтың жерлеу салтында мәйітті үйден арулап орап алып шығуға арналған киізді иман киіз деп атайды. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар» дейтін халқымыз «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар арасында иман киізін арнайы жасатып, теңінде сақтайтын әдет болған.

Жай күндері шиыршықтап орап, алып қоятын, сыйлы қонақтар келгенде, солардың астына төселетін, арнайы жасалған сәнді сырмақ – төр сырмақ деп аталады. Төр сырмақ төрге төселетін болғандықтан өте әсем етіп жасалады, қонақ көрпенің астынан салынады. Ескерте кететін бір жайт: жоғарыда келтірілген от киіз бен төр сырмақ этнографизмдерінің қалыптасуына олардың қолданылатын орны, яғни уәжі кеңістікке байланысты екендігі де дау туғызбайды. Жалпы, атаудың қойылуына негіз болған белгілер бір емес, бірнешеу бола беруі де мүмкін. Ол жөнінде ғылыми еңбектерде айтылып та

13

Page 14: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

жүр. Дегенмен, біз бұл бұйымдардың тұрмыста атқаратын қызметін басым санап, «қызметіне байланысты атаулар» тобына енгізіп отырмыз. Қысқасы, бұларды екі уәжді (екі белгісі бар) атаулар деп санаймыз; нақты айтсақ: оның біріншісі – атауға негіз болған себеп – оның қолданылатын орны, екіншісі – атқаратын қызметі, қолданылу себебі.

Қазақ сырмақтары көлемі жағынан негізінен 4 түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең үлкені – көш сырмақ, екіншісі – төсеніш сырмақ, үшіншісі – төр сырмақ, төртінші түрі төсек сырмақ деп аталады. Көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін жабылатын сырмақты көш сырмақ дейді. Көш сырмақтар көлемі 3-4 метрдей көлемде көштің сәнін арттыру мақсатымен арнайы жасалып, әдемілігі жағынан кілемнен кем түспеген. Оны күнделікті төсеніш ретінде пайдаланбаған, тек қажетті жағдайда ғана төрге «бір салар» бұйым ретінде қолданған.

Төсек сырмақ. Сәнді етіп жасалған бұл сырмақ төсек үстіне салынады. Кей жерлерде бұл төсек алды сырмағы аталады деп көрсетіледі [7, 58 б.]. Бірақ этнографиялық, мәдениеттану саласындағы еңбектерге зер салып қарасақ, екеуінің қызметі екі басқа екендігі байқалады. Дәлірек айтқанда, төсек сырмақ адамның жататын, тынығатын төсекағаштың (кереует) үстіне салынса, төсек алды сырмақ жертөсектің орнына (жерге салатын төсектің орны) немесе төсекағаштың алдына төселеді.

Жасау сырмақ. Қазақ дәстүрінде ұзатылатын қызға жасау дайындағанда, қыз жасауына енетін дүние-мүліктерді жұптап емес, тақ сандарды білдіретін өлшемдермен жасаған. Мысалы, әрбір жасау түрін 3, 5, 7, 9, 15 тіпті 41-ге дейін жасағандығы туралы деректерді оқимыз [8, 132 б.]. Әдетте, ауқатты отбасылар жасау түрін жетіден жоғары етіп жасаған. Яғни, жасауға дайындалған көрпелер жетеу болса, сырмақ та, жағалы киім де жетіден болған. «Қызға алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деп санаған халқымыз жасау сырмақты ерте бастан дайындап, теңге буып сақтаған. Мұндай жасау сырмақтарының құрамына келін болып түскен елдегі үлкен шаңырақтың отына салуға, абысын-ажын, қайын-қайнағалардың сыйлыларына арналған киіт сырмақ, отау үйіне арналған отау сырмақтар енеді. Бұрынғы қазақ тұрмысында мал шаруашылығындағы жұмыстарға, көшіп-қонуға ең қажетті бұйымдардың бірі арқан-жіп болған. Күнделікті тұрмыста арқан-жіпті киіз басуға, киіз үйді бекітуге, т.б. жиі қолданған. Арқан деп көбінесе шетпұшпақ өлі жүндер мен жабағы жүн, түйе жүні, ешкі жүні, жылқы қылынан есіп жасалатын ұзын, жуан, ең мықты жіпті айтады. Әйел қолөнерінің арқасында дайындалып, түрлі қызмет атқаратын арқан, желі, ноқта, т.б. және әртүрлі баулар мен жіптер есіп жасалатын жіп түріне, ал басқұр, жел бау, нар ноқта, тең таңғыш, құр жіп, т.б. аталатын заттар тоқып және өріп жасалатын жіп тобына жатады. Арқандар сонымен бірге қайыс таспалардан өріліп те жасалатын болған. Арқанның шаруашылықта, күнделікті тұрмыста атқаратын сан түрлі қызметіне орай қалыптасқан бірсыпыра атаулар бар. Ол атаулардың бойында дәстүрлі қазақ мәдениетін танытатын ақпарат сақталған. Қосақ арқан. Ертеректе қазақ аулы қойды қосақтап сауатын болған, сондықтан ол арқанның ішіндегі ең

14

Page 15: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

ұзыны болып табылады. Тілімізде қосақ арқан аталатын бұйым қосақ тұлғасында да қолданыла береді. Соған орай бұл заттың түрлері қой қосақ, салма қосақ, шалма қосақ, керме қосақ, т.б. деп жіктеледі.

Керме арқан – той-томалақ, мереке, ас беру сияқты ұлы жиындарда ауыл сыртына жуан, мықты аштардан баған орнатып, сол ағаштың екі ортасына қатты тартылып керілген ұзын да мықты арқан.

Бұрынғы уақытта керме арқан көбінесе кісі үзілмейтін ауыл ағасы, билер мен байлардың үйлерінің маңына тартылған. Бұл да қазақ мәдениетінің өзіндік бір көрінісі ретінде көңіл аударады. Өйткені керме арқанның гигиеналық, экологиялық, этикеттік мәні болған. Бұрынғы дәстүрде үйдің есігіне яки түбіне дейін ат үстінде келу әдепсіздік саналған, кім болса да өте бір асығыс, қиын жағдай болмаса, ауылға жақындап келгенде, үйден аулағырақ жерде атынан түсіп, үйге жаяулатып келген. Оның үстіне аулағырақ жердегі керме арқанға аттарды байлап қою ауыл-үй тазалығын қамтамасыз еткен. Керме арқанды қашаған жылқының алдынан керіп ұстауға да пайдаланатын. Осы бұйымның этномәдени семантикасынан оның ұзын арқан екендігі байқалады. Керу деген сөздің өзі де «кең жазу, созу» деген ұғымды білдіреді, олай болса, керу үшін арқанның неғұрлым ұзын болуы керектігі өзінен-өзі түсінікті болып шығады. Сонымен бірге, керме арқанның киелілік қасиеті бар деп саналған. Сондықтан байырғы қазақ қауымында ит-құстан сақтану үшін қора маңынан керме арқан керетін ырым орын алған.

Желі арқан – мал сауу үшін отбасы малдарының төлдері мен енелері байланатын, арнайы керілген арқан. Желі арқан мықтылық үшін, негізінен, арқанға қыл қосылып есіледі. Халық тілінде бұл арқан түрі желі, желібау деп те қолданыла береді. Желі арқанның, яғни желінің бұзау желісі, құлын желісі, бота желісі сияқты түрлері болады.

Киіз үйге байланысты қолданылатын бірсыпыра арқан атаулары да олардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқандығы төмендегі этномәдени деректерден байқалады. Бұл ретте белдеу арқан, жел арқан, басқұр арқан, салма арқан, т.б. түрлерін атап көрсетуге болады.

Жел арқан жел соғатын жаққа қағылған, кей жерде күйеу қазық деп аталатын қазыққа мықтап байланады. Өйткені бұрынғы салт бойынша ұрын келетін күйеу жел көп соғатын ауылдың сырт жағымен келетін болған.

Күнделікті қажеттілікке арнап қазақ әйелдері неше түрлі жіптер мен баулар жасаған. Бау мен жіптер бір нәрсені бекіту, байлау үшін қолданылғанмен, екеуінің өзіндік айырмашылықтары бар. Жіп дегеніміз жүннен есілген кішігірім арқанша. Жіп әр уақытта да қандай шаруаға болса да жұмсала береді және ешбір затқа ұзақ уақытқа тұрақты байланып бекіп қалмайды. Ондай жіп түрлеріне мынадай бұйымдарды жатқызуға болады: бас жіп – мал байлауға арналған жіп, өре жіп – аттың аяғына өре салатын жіп, тең жіп – теңді буып қоятын жіп, тұсау жіп – аттың екі аяғынан байлап, тұсап қоятын жіп, тіз жіп – түйені тіздейтін (тізерлеп байлайтын) жіп (тізде, тізе сөздерінің түбірі – тіз), үзеңгі жіп – түйеге ерсіз мінгенде аяқты салып отыратып, үзеңгі орнына қолданатын жіп, күрде жіп – бие сауғанда бір

15

Page 16: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

аяғын мойнына аса байлап қоятын жіп, яғни биені күрделеуге арналған жіп, бұғалық жіп – жылқыны бұғалықтауға арналған жіп, т.б.

Бұлардан басқа эстетикалық қызмет атқаратын бау-шу, басқұрлардың түрлері болған. Мәселен, аяқ бау, қызыл басқұр, ақ басқұр, үзік бау, т.б.

2.2 Әйел қолөнерінде қолданылатын материал атаулары. Әйел қолөнерінде дайындалатын дәстүрлі бұйымдардың (киіз, киім, кілем, алаша, сырмақ, арқан-жіп, бау-шу, ши) ерекшелігіне қарай ерте замандардан бері қолданған шикізаттары төрт түлік малдың жүні мен терісі, аң терілері мен құстың мамығы және өсімдіктер болды.

Қолда бағылатын төрт түлік малдың және жабайы аң-құстардың денесінің үстіндегі түгі, қылшығы жүн деп аталатындығы белгілі. Қазақ халқының ғасырлар бойғы негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан отыратын баспана – киізі үйдің жабыны да, күнделікті киім де, төсеніш пен жамылатын көрпе де, малға және көші-қонға қажетті арқан-жіптер мен киіз үйге қажетті бау-шулар да осы жүннен жасалды.

Қой жүні жабағы, күзем жүн, тоқты жүні, қозы жүні, өлі жүн, шет-пұшпақ деп ажыратылады. Жабағы деп қой мен түйенің жазғытұрымғы ұйысқан қысқы жүнін айтады. Күзем жүнге қарағанда қылшығы аз, түбіті көп болғандықтан көбіне тоқымашылық кәсібінде молырақ пайдаланылады. Жүннің осы қасиетіне орай оны ұрғашы жүн деп те атаған.

Қойдың күзде қырқылған жүні күзем жүн деп аталады. Күзем жүннің түбіті жабағыға қарағанда аз, жүн талшықтары қысқалау әрі қылшығы молырақ болып келеді. Сондықтан ел арасында бұл жүн еркек жүн деп те аталған. Күздігүні мал жүнін қырқып алуды күзем алу дейді. Сонымен бірге шілдеде, тамыз айының басында қозылардың жүні де қырқылады. Оны қозы күзем дейді.

Көктемде малдан түлеп түскен жүнді, сол сияқты мал терісінен жұлып яки жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында білтеленіп жүрген жүндері өлі жүн деп атайды. Қойдың өлі жүні мамыр айында қырқылады. Шет-пұшпақ жүн деп қотан арасында түсіп қалған, бұта басына жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді айтады. Мұндай жүндер көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалған.

Ешкі жүнін түріне қарай түбіт, қылшық деп атайды. Түбіт – қылшық жүннің астындағы үлпілдек, биязы жүн, ал қылшық – жүннің ірі әрі қатқыл талшығы.

Жылқының жал-құйрығы қыл деп аталады. Жал-құйрықтан көбінесе арқан-жіп есіліп, сүзгі тоқылған, тұзақ есілген. Сонымен бірге жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға қолданған.

Жылқы қылынан есілген, жылқы терінің иісі сіңген арқанды жолаушылар өздерімен бірге алып жүрген. Өйткені ұзақ жолда бір жерге жатып, айдалада түнеуге тура келгенде, қыл арқанды шеңбер сияқты етіп тастап, адам соның ортасына жатып алаңсыз ұйықтай берген, өйткені мұндай арқан жатқан жерге жылан, жәндіктер жоламайды екен.

Зерттеушілердің пікірінше, жан-жануарлар терісінде өсетін жүннің, қылшықтың қандайын болмасын жинақтап, бір сөзбен түк деп атайды. Көне

16

Page 17: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

түркі тілінде тү – «денедегі қылшық», «шаш», «жүн», «қауырсын», ал түк «шаш» және «жүн» деген ұғымда қолданылған [ДТС, 594-595 бб.]. Көне түркі тіліндегі тү түбірі тіліміздегі түбіт, түле, түк (тү-к), түт (жүнді түту дегендегі) сөздерінің құрамында ұшырасады. Бұл жерде түк атауы жалпылық ұғымда қолданылып тұр. Төрт түліктің түгі құрамы мен сапасына қарай жүн, қыл, түк деп бөлінеді. Жүн түбіт пен қылшықтан тұрады және ол қой мен ешкінің, сиыр мен түйенің терісінде өседі. Ал жылқының құйрық-жалына шыққан ұзын қылшық – қыл, ал оның терісіне тұтасып шыққан қысқа әрі майда қылпық түк деп аталады. Бұл арада түк сөзі тар ұғымда, даралық мағынада жұмсалып тұр. Жүн мен қылдың көшпелі қоғамда әрқайсысының орны бөлек болған. Бұлардың тіліміздегі сан-салалы қызметін жете анықтау үшін әр түліктің жүніне, түгіне қысқаша жеке-жеке тоқтала кеткен жөн [9, 156 б.].

Қой жүндері құрамына қарай қылшық және түбіт деп ажыратылады. Қылшық деп қой жүніндегі жуандау талшықтар аталып, оның өзі аралық қылшық, жай қылшық, құрғақ қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық деп жіктеледі. Қой жүнінің құрамына қарай аталатын екінші түрі түбіт – қой терісінің түбіндегі ең жұмсақ жүн ұлпасы. Ол басқа жүн талшықтарына қарағанда бір-бірімен тығыз өсіп, жақсы кіріккен. Оның осы қасиетіне сай тілімізде түбіттей ұйысқан дейтін теңеу бар. Жүннің құрамында түбіт неғұрлым көп болса, соғұрлым жүн сапасы жоғары болады. Түбіт әртүрлі қымбат бұйым, мата тоқылған өндірісте кеңінен пайдаланылады [10, 129-130 бб.]. Сапасына қарай қой жүні биязы жүн (түбіттен басқа қылшық кездеспейтін мапа жүн), қылшықты жүн (жүн құрамында түбітке қарағанда қылшығы басымырақ болатын жүн), ұяң жүн (қылшықты жүнге қарағанда түбіті мол, биязыға қарағанда түбіті аз жүн) деп жіктелетіні белгілі. Қой жүні түсіне қарай ақ жүн, ала жүн, көк ала жүн, кер қызыл жүн (қоңыр қызыл жүн), қара жүн (бірыңғай қара), қоңыр жүн деп аталады.

Қорыта айтқанда, әйел қолөнерінде қолданылатын материал атауларынан қазақ халқының табиғатпен тығыз қарым-қатынасы, Қазақстан фаунасы мен флорасы туралы тәжірибелік білімі, табиғат байлықтарын игеру және оларды күтіп-сақтау тәжірибесі, эстетикалық талғамы нақты көрініс табады.

2.2.1 Жасалу материалына байланысты қалыптасқан атаулар. Материалына байланысты қалыптасқан атаулар заттардың өсімдіктерден, теріден, жүннен, түбіттен, матадан жасалуына сәйкес пайда болған аталымдар болып келеді.

Жез жіп – кесте тігуде пайдаланатын, құрамында жезі бар, түрлі түсті жіңішке жіп. Жез ши – ерте кезде ауқатты адамдардың жез оратып, әшекейлі етіп тоқытқан шиі.

Уәжі тері және оның өңделген түрлері мен бөлшектері болған атаулар тілімізде мол сақталған. Мал мен аң терілерінен тігілуі негізінде көптеген киім атаулары пайда болған. Мысалы: сеңсең ішік, бөрі ішік, бұлғын ішік, пұшпақ тұмақ (пұшпақ – аңның, малдың сирақ терісі), барыс ішік (барыстың терісінен тігілген ішік), бота ішік (ботаның терісінен тігілген).

17

Page 18: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

Бірсыпыра заттар киізден жасалуына қарай аталады: киіз көпшік – киіз жастықша, киіз кілем – киізден жасалған кілем, киіз қап – киізден жасалған қап, киіз байпақ – байтаба, қолдан жасалған пима, киіз етік, киіз кебіс, киіз ұйық, киіз есік, т.б.

Бұйым дайындау үшін оны жасауға қажетті материал таңдап алынады. Таңдау адамның әл-ауқатына, тұрмыс күйіне, әлеуметтік орнына, т.б. тығыз байланысты болып келеді. Демек, материалдар – әлеуметтік жағдайы білдірудің заттық көрсеткіші. Мысалы, тонның қамқа тон деп аталатын түрін бұрын хан мен сұлтан, би, бай, ханша сияқты белгілі, текті адамдар киген. Деректер бойынша Абылай ханның ұрпақтары XIX ғ. басында аққу терісінен қамқа тон тіккізген. Уәли хан өлгенде оның қамқа тонын Айғаным ханша ханның сыйлас замандасы Байдалы биге кигізген екен.

2.2.2 Материал өңдеуге, бұйымды көркемдеуге байланысты атаулар. Жүн өңдеуге байланысты атаулар. Ең алдымен жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түсті түрлері бөлек-бөлек жиналады, салалы, қылшықты, қысқа, бауыр жүндер бөліп алынады. Одан әрі жүннің іртігін жазу, қайызғағынан арылту, шөп-шаламын тазалау, құмалағын түсіру, үлпілдетіп алу жұмыстары жалғасады. Бұл жүн дайындау шаралары жүн сабау деп аталатын тәсілмен орындалады. Жүн сабау киіз басу дайындығының үшінші басқышына жатады. Жинақтай айтқанда, киіз басуға жүн дайындау тоғыту (1-басқыш), қырқым (2-басқыш), жүн сабау (3-басқыш) деп аталатын үш басқыштан тұрады [7, 38 б.].

Іртігі жазылмайтын өте түйдектелген жерге қос қолдап сабау әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша екі қолдың кезектесіп істейтін ырғағы бір қолдың қимылына ауысып, екі қолдағы сабау бір мезгілде тулаққа тең соғылып, тең серпіліп, жүнді көпіртіп, жүн бірдей қалыпта суырылып, бірдей артқа көтеріліп отырады. Қос қолдап сабауды да сабаушылар бір ырғақпен тең орындайды. Қолөнерінде есіп сабау, көсіп сабау, көпіртіп сабау, т.б. секілді атаулар қолданылады.

Киіз бұйымдар дайындау технологиясына байланысты атаулар. Өңделген жүннен түрлі тәсілдерді қолдана отырып киіз жасап шығару ісін киіз басу деп атайды. Киіз басу үшін алдымен сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, шыбықтап жаймалайды, яғни киіздің ішкі бетіне арналған жүн шабақталады. Жүнді шыбықпен жаймалау шабақтау деп аталады. Екі адам атқаратын бұл жұмысты кей жерде жабдықтау дейді.

Осыдан кейін шабақталған жүннің үстіне бет тартылады, яғни киіздің өң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Бет тартуды бұрыннан машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған әйел ғана орындайды.

Киіз тебу – арасына жүн салынып оралған әрі сыртынан байланған шиді әлсін-әлсін ыстық су құя отырып, бір топ адамның домалатып тебуі. Бұларға қарама-қарсы бір немесе екі адам екі ұшы тұйықталған арқанмен шиді алға тартып, өзіне қарай домалата сүйрейді. Киізді тебушілерге қарама-қарсы тұрған адамды қой бастар дейді. Киіз әбден қатайғанша оны киіз басылып

18

Page 19: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

жатқан үйдің маңында домалатып, бір топ адам екі аяқпен кезек-кезек теуіп отырады. Мұндағы басты нәрсе: киіздің бойында тепкі тимеген жер қалып қоймауы керек. Олай етпеген жағдайда киіздің бір жері кірігіп, бір жері кірікпей босап, жүн сол қалпында да қалып қоюы мүмкін. Ондай жер кейін тесік болып қалады.

Қазақ тұрмысында киіз тебу бір ауылға ортақ іс болып саналған, өйткені бұл жұмысты бір-екі адамның атқаруы қиын. Киіз тебушілер домалатып тепкен киіздерін қадірлес отаулардың сыртына апарып, «қой басты, қой басты» деп әзілдейді. Ал ол үйдің иесі реті келсе қой сойып, болмаса қымызбен яки құрт-май алып шығып, киіз тебушілерді қонақ ету салтын жасайды [11, 51 б.].

Булау – киіздің тебуі жеткенде киіз оралған шиді шешіп, шиыршықталған киізді жазып, асты-үстін ауыстыра отырып 3-4 рет шиыршықтап бүктеп, екі басын түйістіріп көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдағаннан кейін үстін тонмен, күпімен жылылап жауып тастау. Бұл әдіс кірлеу деп те аталады, өйткені киізді булағанда кір су ағады.

Білектеу – булаудан шыққан киізді әрлі-берлі домалата отырып білекпен басу.

Түр салу – шүйкеленген жүннен немесе арнайы дайындалған талдырмадан киіздің бетіне ою, өрнек басу. Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты. Киізге түр салып басуды текемет басу дейді. Текеметке салынатын түр яғни ою-өрнек екі түрлі жолмен салынады: 1) түр ойыстырып салу; 2) шүйкелеп түр салу. Түр ойыстырып салу – талдырмадан қиып алған оюды шабақталған жүннің немесе талдырманың үстіне салып, ыстық су шашып, әрі қарай киізше басу. Шүйкелеп түр салу – киіз бетіне ою-өрнек ретінде салынатын боялған немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ (талдырма жасамай) сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту.

Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалған сәнді бұйым сырмақ деп аталады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» сыру сөзіне «арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі», ал сыры атауына «жиі етіп бастырып тігу» деген анықтама беріледі (8-том, 1985. 507 б.). Демек, сырмақ атауының өзі оны дайындау технологиясынан алынған.

Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.

Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу

19

Page 20: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылып, сондай-ақ сол кездегі таңба – белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Мәселен, ашамай +, х белгі, күн бейнесі, т.б. айналдыра сыру тәсілі қолданылды. Бірте-бірте қабатталған киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан төртбұрыш шығарылған. Одан кейін сырмақ шеттерін нығайтып бекіту үшін жіп есіп алып, сырмақтың шетін жию пайда болды. Кейінірек ақ, қара түсті жүндерді пайдаланып, қарама-қарсы түстерді шабыстырып қолдану тәсілімен сырмақтың шетін жиектеу келіп шықты. Оның ішкі жағына да сәйкес жиек басып, су тарту арқылы сырмақтың бетіне төртбұрыштар түсіріліп, жиектердің ара-арасы сырылып отырды (шабыстырып қолдану – қарама-қарсы түстерді қиыстырып келтіру, жиектеу – түсті жіппен тігіп жиек салу, көмкеру, су тарту – оюды қатарлап орналастыру үшін яки алма-кезек түсіру үшін бүкіл ою тұлғасының желісін үзілдірмей, ұластырып салу. Су – бүкіл ою тұлғасының сабағы, желісі, өзегі. Сырмаққа қатысты желі атауы жиірек қолданылады. Ал кесте өнерінде мұндай желіні су деп айтады. Қазақ сырмақтарының ою-өрнегі осы желі, яғни суы арқылы жасалады).

Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.

Қолөнер бұйымдарындағы қол тігісінің атаулары. Қазіргідей тігін машиналары жоқ кезде қазақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан, т.б. тұрмыстық бұйымдарды қолмен тіккен. Қолмен тігудің кейбіреуі эстетикалық қызмет (мысалы, кесте және зерлеп тігу) атқарса, бірсыпырасының таза практикалық қызметі басым болған. Қол тігісінің эстетикалық қызмет атқарған түріне қарапайып ине-жіппен кесте тігу, кестелеу жатады. Қазақ тілінде кесте сөзі «мата бетіне түсті жіптен тоқылған, тігілген әшекейлі өрнек» деген ұғымда, ал кестелеу «мата бетіне түрлі түсті жіппен әшекейлі өрнек тоқу» ұғымында қолданылады.

Қазақ халқына тән кестенің байырғы түрлеріне шым кесте, біз кесте, әредік кесте, деген түрлері жатады. Біз кесте – кестенің дөңгелек яки төртбұрышты кергішке керілген матаның бетіне түсірілген өрнек нобайы бойынша қармақ бізбен өткермелеп шалу арқылы жасалған кесте. Шым кесте – кестенің мата бетінде ашық жер қалдырмай яки өте аз қалдырып, тұтас кестелеген түрі. Әредік кесте – матаның әр жеріне бөлек-бөлек салынған кесте. Тігіс түрлеріне байланысты атаулар олардың орындалу тәсілдеріне қарай қалыптасқан: шынжыр тігу – кесте тігуде қолданылатын, инені кері шаншып, екі қатар жіптің ортасынан алып тігу; жұлдызша тігу –

20

Page 21: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

жұлдыз пішінін кестелеп түсіру; иректеп тігу – мата бетіне ирек жол бейнесін салып тігу; санамалап тігу – дастарқан, сүлгі шетіне х әрпінің бейнесін салып тігу, т.б. [8, 64 б.].

Жалпы жұқа маталарды, кесте тігуге қажетті жіңішке жіптерді матадан суыртпақтай отырып, соның өзінен дайындап алады. Ол үшін шебер өзіне қандай түсті жіп керек болса, соған ұқас матаның шетінен жалпақтығы 3-4, ұзындығы 30-40 см жыртып алады. Жіп суыруға арналған бір бөлек мата жыртындысын шеберлер суыртпақ деп атайды. Осындай мата кесіндісінен біртіндеп жіңішке жіптерді суырып алуды суыртақтау дейді.

Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып тігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б.

Тері өңдеуге байланысты атаулар. Тері өңдеудің алуан түрі мен атауы бар: илеу, и жағу, ыстау, құрымдау, жидіту, талқыға салу, т.б. И жағу – тері бетіне ұн, тұз араластырған іркіт жағу (іркіт – сүттің пісіп майын алғаннан кейінгі сары суы), иі қану – терінің иде жатып дайын болу мерзімі, идің әбден сіңу мерзімі, иі болу мерзімі – иі қану уақыты (қозы, лақ, аң терілері жылдам иі болса, құлын, жабағы, тай терілерінің иі қану уақыты ұзақтау болады), иі сіңу – орта есеппен 3-5 күн ішінде идің теріге сіңіп үлгеруі. И – мал терісін өңдеу үшін ашыған іркіттен, айранның сары суынан ұн, кебек, тұз араластырып дайындалған малма. И мен малма атаулары бір ұғымды білдіреді. «Біреу малма сапсиды салып иін» (Абай). Жидіту – жас теріні бүктеп жылы жерге екі-үш күн қою арқылы жүнін түсіру. Кермекке салу – иден шыққан теріні арнайы жасалған тұнбаға салу, сол арқылы оған қызғылт өң беру. Кермек аталатын тұнбаны емен не талдың қабығын, қарағанның түбін кептіріп, ұнтақтап түйіп, қазанға тұзын татыта су құйып, қабық ұнтақты салып қайнатып әзірлейді, кейде оған жусанның, ерменнің бүрін қосады. Ыстау – жүні қырқылған теріні ағаштың түтініне ұстау, ыс сіңіру (тері ыстау үшін тек қайың мен тобылғы пайдаланылады, өйткені май қарағай, қи, тезек секілді отындардың майы сіңген сабаның қымызынан жағымсыз, қышқыл дәм шығып тұрады; сондықтан илеу мен ыстауға айрықша мән беріледі). Шелдеу – терінің майын, шелін алып тазарту, жұмсарту – талқыға салып, қолмен уқалап теріні жұмсақ күйге келтіру, құрымдау – пештің ысын жинап алып, суға араластырып, теріні біраз уақыт соған салып қойып қарайту. Бұл – теріге қара түс берудің тәсілі. Құрымға

21

Page 22: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

салынған сабаны қара саба дейді. Құрым дегеніміз суға шыланған пештің күйесі, ысы.

2.3 Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан атаулар. Бұл тараушада қарастырылатын мәселе – технологиялық атаулардың өзі емес, атаулардың жасалу технологиясына байланысты уәжділігі.

Жасалу технологиясына байланысты қалыптасқан кілем, киіз, төсек-орын жабдықтарына, тігіс түрлеріне, ыдыс-аяққа, т.б. байланысты атаулар аз емес, Мысалы: таз кілем (тықыр кілем), түкті кілем, терме кілем, бөртпе кілем, тақыр кілем (түксіз кілем), оюлы текемет, алма құрақ (тырнақ қатар құрақтың қатарларын қолмен орналастырып, үстінен бастырып тіккен түрі), бүрме көнек (бие көнектің бір түрі), гүл құрақ (құрақтың көздігі мен жиегіне түрлі түсті барқыт орнатқан түрі; бірақ ол гүлге ұқсамайды, түрлі түстілігіне қарай «гүл құрақ» аталған), дүзтеру ши (қошқармүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши), т.б.

Қысқасы, жасалу технологиясына байланысты атаулар заттың қандай материалдан қандай тәсілмен жасалғанын, оның сапалық белгісін білдіре отырып, эстетикалық, әлеуметтік ерекшеліктерді көрсетеді.

2.3.1 Әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-сайман атаулары. Қазақ әйелдері тігу, тоқу, жүн дайындау, сырмақ сыру, киіз басу, т.б. жұмыстарды атқару үшін алдын ала сол іске қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеп алады. Оларды атқаратын қызметіне, пайдаланатын ретіне қарай топтап көрсетуге болады.

Жүн сабауға тулақ және сабау қолданылған. Тулақ деп жылқы, сиыр, серке терілерінен жасалатын, жүн сабағанда оның астына төсейтін төсенішті айтады. Шебер әйелдер қолданған сабаудың екі түрі болған: тулақ сабау және шабақ сабау. Сабаудың тулақ сабау аталатын түрін жүннің іртігін тез жазуға пайдаланады, сондықтан ол сомдау әрі қарымды келеді. Ал жүнді шабақтауға арналған сабауды шабақ сабау деп атайды. Жалпы, сабаудың міндеті – сабалатын жүнді жерге төселген шидің үстіне көпіртіп тегіс жаю.

Жіп иіру құралы ұршық деп аталады. Ертеректе әрбір қазақ отбасында міндетті түрде бір-екі ұршықтан болған. Ұршық үш бөлшектен тұрады: ұршық басы, ұршық сабы, мұрындық. Ұршық басы – қатты ағаштан, ағаш безінен, түйенің ортан жілігінің айдар басынан, тастан қашап, кейде оған қорғасын құйып, ортасын жуандығы саусақтай ағашқа кигізуге болатын етіп тесіп жасаған, бөлшек. Ұршықтың әсем түрлерін қазақ әйелдері зергерлерге жасатып алған. Өткен тұрмыста ұршықтың күміс ұршық, қас тасы ұршығы, тас ұршық, құйма ұршық сияқты түрлері мен атаулары болған. Мұндай қымбат бағалы ұршықтар анасынан қызына, келініне мұра ретінде ауысып отырған.

Иірілген жіптерден кілем, алаша, қоржын, қап, т.б. тоқитын тоқу жабдығын өрмек деп атайды. Халық арасында қолданылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады. Өрмектің екінші түрі жай өрмек деп аталады. Жай өрмек арқылы шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз бұйымдар тоқылады [11, 62 б.]. Тілімізде

22

Page 23: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

сақталған өрмек бөлшектерінің мынадай атаулары бар: қазық (өрмек өрісінің қазықтары, қазық ағаш), арқау шөлмегі // жүгіртпе (екі басының кішірек ашасы бар, ұзындығы 20-30 сантиметрдей түзу таяқша), күзу шыбығы (қабатталған шиден, түзу тобылғыдан, сымнан жасалған шыбық (күзу – өрмектің үстіңгі жіптерін тізіп шалып қоятын ширақ пісірілген, ыспаланған жіп), адарғы (өрмектің астыңғы жібі мен үстіңгі жібін бөліп тұратын, жіптерді аударып түсіріп отыратын тақтай, аспап), арқалық (ұзындығы бір метрдей болатын, диаметрі үш сантиметр шамасындағы өрмек тоқуда қолданылатын таяқ), есептаяқ (адарғының алдында тұратын, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқ, ол ел ішінде серу ағаш, серу жіп, кергіш сабау деп түрлі-түрлі атала береді), қылыш (жүзі қылыш сияқты жұқартып жонылған, ортасы дөңестеу келген, өрмектің арқауын соғып, тығыздап отыру үшін қолданылатын, ені 12-15 сантиметрдей көлемдегі ағаш құрал), көтерме // мосы (үш ағаштың басын біріктіріп жасаған өрмек бөлшегі), белағаш (керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш), т.б.

2.4 Өлшемдік ұғымға байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолөнері лексикасының материалдары ішінен кейбір зат-бұйымдардың өлшемдік қызмет атқарғанын, соның негізінде біраз атаулардың қалыптасқанын кездестіреміз. Мысалы: көйлектік мата, туырлықтық киіз, бір дағар жүн (дағар – қап), бір шүйке жүн, бір шумақ жіп, т.б.

Ерте замандарда адам баласы заттардың ұзын-қысқалығын, биіктігі меналасалығын, алыс-жақындығын, қалың яки жұқалығын, жуан-жіңішкелігін,кеңдігі мен тарлығын анықтау үшін қазіргідей өлшеуіш құралдарын(техникалық құралдар) пайдаланған жоқ. Айналадағы нысандар мен олардың ара қашықтығын өздерінің дене мүшелері арқылы, көру, есту, сезіну қасиеттері арқылы және түрлі бұйымдармен, құрал-саймандармен салыстырмалы түрде кең түрде қолданып, өлшем межесін анықтай алған.

Әйел қолөнерінде өлшемдік ұғымдарға қатысты қалыптаскан мына сияқты атаулар да қолданылады. Есеп таяқ – өрмек адарғысының алдында тұратын, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқ. Жалпы, бой жіптерді санап, байлап қоятын таяқты есепші, есептаяқ, кергіш сабау, серу ағаш, серу жіп деп әртүрлі атайды. Алқым – өрмек тоқуға арнал иірген төрт ұршықтай жіп мөлшері. Төрт ұршық бір алқым, ал төрт алқым жіп бір бас, бір домалақ деп аталады. Алақұр – ұзындық өлшейтін құр (арқан бойы, желі бойы дегендермен байланысты). Доғалақ – бір сабақ жіп; тігін машинасының жібі. Келеп – иірілген жіпті бояу үшін әр жерінен байлап жасаған шумақ. Келеп жіп – оралған өрмек жібі (кілем не алаша тоқуға арнап иірген жіптерді бір метрдей ұзындыкта орау).

Қорыта айтқанда, қазақтың байырғы өлшемдерінің атаулары –халқымыздың когнитивтік санасындағы ерекше мәдени ақпараттық мазмұны бар тілдік таңбалар жүйесі. Халықтық өлшемдер – этностың өзіне тән ментальдық ойлау жүйесі мен танымының айнасы.

23

Page 24: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

2.5 Дыбыселіктеуіштік, дыбысбейнелеуіштік уәжіне байланысты қалыптасқан атаулар. Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздерге, фонетикалық уәжділікке байланысты Ш.Ш.Сарыбаевтың, Ә.Т.Қайдардың, К.Ш.Хұсайыновтың, С.А.Өткелбаеваның, т.б. зерттеушілердің еңбектерін басшылыққа ала отырып, әйел қолөнеріне қатысты атаулардың қалыптасу, шығу негізі дыбыселіктеуіш, дыбысбейнелеуіш сөздерге барып саятын сөздерге мыналарды жатқызуға болады: Дорба (салыстыр. дорбию, дорбақ ауыз) – тоқыма ыдыс яки киіз ыдыс (қалта). Жалбағай – күн өтпеу үшін яки масадан қорғану үшін тігілген бас киім, күләпара, далбай (Жалбағай < жалб//жалп-а-ғай). Күмпей – жүн салып тіккен шапан, күпі. Кей жерде бұл күмпі аталады (күмпей < күмп+ей «күмпию», күмбілез «дөңес»). Көпшік – 1. кіші көлемдегі көрпе; 2. жастық (көпшік < көп-шік; салыстыр. көпір – «көтерілу», «көпіру», «ісіну»; көпене «шөмеле», көбік «көпіршік»). Ұршық – шүйкеленген жүннен жіп иіретін құрал (ұршық < ұр-шық; салыстыр. үйіру, иірім «судың дөңгелене, иіріліп аққан терең жері»).

2.6 Формасына (пішініне) байланысты қалыптасқан атаулар. Бір топ киім атауларының қалыптасуына заттың формасы уәж болған. Мысалы: күмпей шапан – түйе жүнінен сырып тігілген, сыру аралықтары күмпиіп көрінетін шапан. Нар өркеш бөрік – төбесін нардың өркеші сияқты, ал алды-артын тікшелеу етіп тіккен бөрік. Киім жағасының формасына қарай айтылуы – жүрек жаға, домалақ жаға, құлақ жаға. Бас киімнің құмыра бөрік, сәукеле қалпақ деп аталатын түрлері бар.

Формасына байланысты атаулар киіз үйдің жасау-жабдықтарына байланысты қолданылады. Мәселен, жерге төсейтін көрпешенің құрақтары алма құрақ, жұлдыз құрақ, кекілікқас құрақ, т.б. деп аталады.

Қазмойын – мойны ұзын келген торсық, шатыргүл кілем, пәтінісгүл кілем, самаурынгүл кілем, шатыргүл, шаршы кілем, шигүл кілем, т.б. Алдаспан – өрмектің асты мен үстін ажырата қағып отыратын ағаш құрал аты. Оны кей жерде қылыш деп атайды. Уәжі формаға қатысты атауларға мына сияқты сөздерді де жатқызуға болады: бескүл (ою), дөңгелекгүл, күнкөзі, күнсәулесі аталатын оюлар.

2.7 Түр-түске байланысты қалыптасқан атаулар. Заттың түсіне байланысты қалыптасқан атаулар әйел қолөнерінде киіз үй жабдықтары, киім, шаруашылық бұйымдарынан байқалады. Ақ киіз – ақ жүннен басылған киіз. Ала басқұр – басқұрдың ала жолақты түрі. Алағұрт – теңбіл-теңбіл болып көрінетін кілем өрнегі. Қызыл басқұр – безендіру үшін уық пен кергенің түйіскен жерінен жоғары, бір босағадан екінші босағаға дейін тұтылған, өрнекті, 51 жіптен тоқылған, ені 30-40 см шамасындағы қызыл түсті басқұр. Тілімізде қырмызы көйлек, қырмызы шапан, т.б. атаулар да кездеседі. Сары түске байланысты кейбір ою-өрнек атаулары пайда болған: сарыала құрт, сарыгүл. Сары қас – киіздің төрт бұрышына сары жүннен салынған ою.

24

Page 25: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

ҚОРЫТЫНДЫТілдік жүйедегі әйел қолөнеріне байланысты атауларды олардың

экстралингвистикалық мәнділіктерімен тығыз байланыстыра отырып этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу белгілі бір тақырыптық топтарға жататын атаулар жүйесінің құрылымын, олардың қалыптасу заңдылықтарын айқындауға өзіндік үлес қосады. Олай болса, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың таңбалануы ақиқат өмірмен байланысты ономасиологиялық зерттеуді қажет етсе, ол атаулардың рухани мәдениетпен астасып жатуы этнолингвистикалық зерттеуді қажет етеді. Сондықтан әйел қолөнеріне байланысты атаулардың идиоэтикалық мазмұнын (ұлтқа, этносқа тән өзіндік ерекшелігін), этномәдени мәнін (этнос мәдениетіне қатысты сырларын) ашуда этнолингвистикалық зерттеу мен ономасиологиялық талдауды ұштастыра жүргізудің маңызы ерекше болмақ.

Ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі әйел қолөнерінің тілдік сипатын анықтауға қажетті міндеттің бірі болып саналады. Тіл мен мәдениет негізінде қалыптасқан әйел қолөнеріне байланысты атаулардың уәждік белгілерін айқындау, жылжымалы баспана – киіз үйдің жабдықтарын, тұрмыста және шаруашылықта қолданылатын заттарды сипаттап, этнография деректерін келтіре отырып талдау ономасиологиялық тұрғыдан сипаттаудың қырын көрсетеді.

Әйел қолөнеріне байланысты атаулар қазақ әйелдерінің саналы шығармашылық еңбегінің, эстетикалық талғамының деңгейін және табиғатты игеру тәжірибесінің, рухани танымының жетістігін көрсетеді.

Әйел қолөнеріне қатысты бұйымдардың құрылымы мен олардың бөлшектерінің этнолингвистикалық тұрғыдан талданып, қазіргі әдеби тіліміздегі және аймақтық лексикадағы нұсқаларының ономасиологиялық тұрғыдан қарастырылуы қазақ әйелінің қазақ тұрмысындағы рухани, мәдени, әлеуметтік ролін айқындап, оларды ұлт мәдениетінің қалыптасқан тұтас бір бөлшегі ретінде санауға негіз болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985. №10. 18-22-бб.2 Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Фил.

ғыл. докт. ... дисс. –Алматы, 2004. – 129 б.3 Сейілхан А.Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің

лингвомәдениеттанымдық мәні («Қыз Жібек» және «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырлары бойынша). Филол. ғыл. канд... дисс. авторефераты. – Алматы, 2001. – 24 б.

4 Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. 1994. 23 мамыр.5 Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. –Алматы: Қазақстан, 1997. –96 б.6 Уәлиұлы Н. Фразиология және тілдік норма. – Алматы: Республикалық

баспа кабинеті, 1998. – 128 б.7 Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007. –232 б.

25

Page 26: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

8 Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. –Алматы: Мектеп, 1975. – 184 б.

9 Өмірзақов Т. Мал түгіне қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тілі тарих лексикологиясының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1988. – 154-181 бб.

10 Медеубеков К.У., Сарбасов Т.И. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру. –Алматы, 1980. – 340 б.

11 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1969. – 248 б.

Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары төмендегі басылымдарда жарияланған:

1 Күй шығарған халықпыз ине жіптен // Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 1995. №2. –104-106 бб.

2 Ине-жіптен өрбіген өнер // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1996. №1(95). –61-63 бб.

3 Өнегелі өнер – ортақ қазына // Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 1997. №1-2. –82-85 бб.

4 Қыз еркем – кестесімен көркем // Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-нің ғылыми еңбектер жинағы. Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-нің ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары. –Алматы, 2003. –98-105 бб.

5 Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді // Жоғары оқу орнында сапа мен менеджменті жүйесін енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2005, 28-29 сәуір. –Алматы: Экономика, 2005. –206-212 бб.

6 Ою-өрнек – дәуірдің қолтаңбасы // Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. VIII бөлімі, 2005, 18-20 мамыр. –Алматы: Экономика, 2005. –111-117 бб.

7 Іскерлікке қатысты лексиканың сипаты // «Қазақстанда ой-сананың дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1-бөлім. –Алматы: Экономика, 2006. –221-225 бб.

8 Әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-саймандардың атаулары // А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институнының «Тілтаным» журналы. 2008. №2(30). –64-67 бб.

9 Әйел қолөнерінде қолданылатын материал атаулары. ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2008. №3(169). –77-81 бб.

10 Қазақ атауларына байланысты зерттеулер сыры // Қазақ тілі мен әдебиеті. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 2008. №10. –27-30 бб.

11 Әр түрлі атаулар мен уәжділік //Ұлағат. Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы. 2008. №5 –140-143 бб.12 Бабалар мұрасы // «Бизнес, Ғылым, Білім» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІІ, Рысқұлов оқулары. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. V-бөлім. –Алматы: Экономика, 2008. –386-390 бб.

26

Page 27: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

Резюме

Алимжанова Айша Аныкбайкызы

Этнолингвистическое описание народной лексики в казахском языке связанные с женским рукоделием

Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наукСпециальность: 10.02.02. – казахский язык

Актуальность исследования. В последнее время наблюдается тенденция исследования этнокультурных единиц языка – наименований связанных с материальной и духовной культурой казахского народа – с позиции антропоцентрической парадигмы. С этой точки зрения, произведения женского рукоделия, выполнявшие практическую и эстетическую функции каждодневного быта – являются ярким выражением материальной и духовной культуры предков. В связи с этим, являются актуальным и вопросы исследования богатства языка путем реконструкции и интерпретации почти забытых наименований, связанных с женским рукоделием.

Актуальность темы также заключается в выявлении социально-гендерного аспекта рукоделия и сущности его функции в развитии казахской культуры, который соответствует решению государственной программы «Культурное наследие» и охватывает большую группу единиц языка, a также ярко выражают роль и место казахских женщин в обществе.

Объект исследования. Ономасиологические основы и этнолингвистическое описание наименований, связанные с женским рукоделием.

Цель и задачи исследования. Цель работы исследования – выявление этнолингвистического происхождения наименований и понятий представляющие взаимосвязь материальной и духовной культуры, природу женского рукоделия на основе ономасиологической системы.

Для достижения целей были поставлены следующие задачи:- систематизировать наименования, связанные с женским рукоделием, на

основе различных материалов словарей и исследовательских работ;- выявить лексико-семантические, тематические группы наименований,

связанных с женским рукоделием; - определить место женского рукоделия в становлении казахской культуры

при помощи комплексного исследования материалов во взаимосвязи рукоделия и духовной культуры;

- раскрыть этнографические этюды значения этнофразеологизмов и этнокультурных наименований;

- выявить систему мотивов наименований, относящихся к женскому рукоделию, опираясь на ономасиологические концепции;

- определить природу происхождения названий, связанных с женским рукоделием, при помощи языковых и не языковых (экстралингвистических)

27

Page 28: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

факторов, дать их гендерное описание, интерпретировать этнокультурное содержание.

Методы исследования. В связи с целями и тематикой науной работы использованы лексико-семантический анализ, диахронно-синхронное описание, семасиологический, ономасиологический и этнолингвистический анализы.

Основные источники и материалы научной работы. В целях исследования ономасиологической основы и этнолингвистического происхождения наименований, использованы литература посвященная проблемам этнолингвистики и лексики в казахском языке, связанных с женским рукоделием, научные работы ученых этнографов и искусствоведов, материалы художественных произведений и устной народной литературы, энциклопедии и различные словари казахского языка.

Научная новизна исследования. Новизна работы состоит в том, что она является первым комплексным исследованием, непосредственно посвященным ранее не исследованным в казахском языке этнографизмов, относящиеся к женскому рукоделию с позиции ономасиологии и этнолингвистики. В работе рассматриваются взаимосвязь языка и культуры, материальной и духовной культуры, выражение женского рукоделия в традициях и мировоззрении с помощью этнолингвистического анализа, а также определены на ономасиологической основе наименования и их мотивные признаки.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Результаты и заключения исследовательской работы будут в наибольшей степени полезны как дополнения к теоретическим основам в сферах ономасиологии, этнолингвистики, рассматривающие взаимосвязь языка и культуры, языка и нации, языка и мировоззрения, а также для дальнейших исследовательских работ по изучению современного «языковой картины мира».

Объекты исследования внесут дополнительные возможности при составлении этимологических словарей, толковых словарей. Основные концепции, полученные в ходе научной работы, также могут быть использованы при проведении специальных курсов и семинаров.

Полученные данные и результаты исследования можно использовать для чтений лекций на филологическом факультете высших учебных заведений по предметам «Ономасиология казахского языка», «Лингвокультурология», «Этнолингвистика», «Лексикология современного казахского языка».

Основные принципы, выносимые на защиту:- этнографизмы и этнофразеологизмы, связанные с рукоделием казахских

женщин – зеркало быта и яркое выражение многовековой культуры этноса;- наименования, связанные с женским рукоделием являются сложной

системой символов, составляют значимую часть национального словарного запаса;

- давая этнолингвистическое описание народной лексике женского рукоделия, основываясь на национальной культуре, можно определить быт и гендерное описание, богатство языка, традиции, и мировоззрение народа;

28

Page 29: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

- изделия, переработанные из меха и кожи – этнокультурные произведения, описывающие слияние материальной и духовной культуры, определяемые с помощью исследования и использования данных соответствующих отраслей наук;

- определение ономасиологической системы наименований, связанных с женским рукоделием изображает их натуру в целостности с этнокультурой;

- система мотивов наименований, связанных с женским рукоделием, описывает уровень практических знаний, национального мировоззрения;

- этнолингвистическое описание этнографизмов и фразеологизмов, связанных с женским рукоделием, определяет национальные и региональные особенности.

29

Page 30: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

ResumeOf the thesis submitted for the scientific degree of candidate of philological

sciences on specialty 10.02.02. – Kazakh language

Alimzhanova Aysha Anikbayevna

The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

The urgency of the research. Recently the tendency of consideration of ethnocultural units of language – names connected with material both spiritual culture and outlook of the Kazakh people – from a position anthropocentric paradigm in spheres of ethnolinguistics and linguoculturology linguistics is observed. From this point of view, the products of female needlework which were carrying out practical and aesthetic functions of an everyday life – are bright expression of material and spiritual culture of ancestors. In this connection, for the purpose of preservation of riches of language it is very important to revive almost forgotten names connected with female needlework.

The theme urgency consists in revealing social origin of needlework and its functions in development of the Kazakh culture. According to the government program «Cultural heritage, it comprises greater group of units of language, as well as shows a role of Kazakh women in the society.

The object of research. The onomasiological basics and the ethnolinguistic description of the names, connected with female needlework.

The aim and objectives of the research. The aim of the research – revealing of an ethnolinguistic origin of names and the concepts, connected with the female needlework, representing interrelation of material and spiritual culture, the nature of female needlework on a basis onomasiological systems.

To achieve the purpose the following objectives there were set up:- To systematize the names connected with female needlework by using

various dictionaries and research data;- to reveal lexico-semantic, the lexical sets of names connected with female

needlework;- to define the role of female needlework in formation of the Kazakh culture by

using various research materials on interrelation of needlework and spiritual culture;

- to recognize ethnographic etudes of meaning of ethnophraseological units and ethnocultural semantic names;

- to reveal system of motives and names concerning female needlework, using onomasiological concepts;

- to define gender description and origins of names, connected with female needlework through language and non language (extralinguistic) factors; to interpret ethnocultural content.

30

Page 31: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

The research methods. According to the peculiarities of the aim and theme, in the course of the research there were used methods of the lexico-semantic analysis, semasiological, onomasiological and ethnolinguistic analyses, the diachronno-synchronous description.

Materials and sources of the research work: For the research purposes of the onomasiological basis and ethnolinguistic origin of names there were used literature on ethnolinguistics and lexicon in Kazakh language connected to female needlework, various dictiоnаries and encyclopedias.The main materials of research are brief etymological dictionary of Kazakh language (Almaty, 1966), dialectical dictionary of Kazakh language (Almaty, 1969), Regional dictionary of Kazakh language (Almaty, 2005) and different kinds of facts and scientific reseraches on female needlework, works of ethnographs, and materials of the oral national literature.

Scientific newness of the research. The newness of work consists that this is the first research directly devoted to ethnographisms in Kazakh from a position of onomasiology and ethnolinguistics, concerning female needlework that were not investigated earlier. The research examines interrelation of language and culture, material and spiritual culture, expression of female needlework in traditions and outlook through ethnolinguistic analysis. Also, it examines onomasiological basics of names and their motives.

The theoretical and practical importance of research. Consepts and conclusions and results obtained during the research the have its own contribution to the theoretical basics of onomosiology and ethnolinguistics fields that consider interrelation of language and culture, language and the nation, language and outlook, and to the further research on studying a modern “language picture of the world”.

Results and facts obtained during the research can be used in lectures at philological faculty of higher educational institutions on cources, such as «Onomosiology of Kazakh language», «Linguoculturology», «Ethnolinguistics», «Lexicology of modern Kazakh language». Also, the results will be usefull in composing different types of dictionaries, as well as in developing in special courses and seminars.

In the dissertation the following positions will be shown: - The ethnographisms and ethnophraseological units connected with

needlework of the Kazakh women – a mirror of a life and bright expression of centuries-old culture of ethnos;

- the names, connected with the female needlework, are complex system of the symbols, making a significant part of a national lexicon;

- through the ethnolinguistical description of national lexicon of female needlework, based on national culture, it is possible to define a life and the gender description, riches of language, tradition, and outlook of our people;

- the products advanced from fur and a leather – the ethnocultural products describing merge of material and spiritual culture, defined by means of research and use of data of other branches of sciences;

31

Page 32: The ethnolinguistic decription of national lexicon in Kazakh language related to female needlework

- definition of the onomosiological system of the names connected with female needlework represents their nature in integrity with ethnoculture;

- the system of motives of the names, connected with female needlework, describes a level of practical knowledge, national worldview;- the ethnolinguistic description of the ethnographisms and the phraseological units, connected with female needlework, defines national and regional features.

32